Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дамушы математикалық ойлаудың жалпы сипаттамасы

Читайте также:
  1. азақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы даму бағытының сипаттамасы
  2. Дәріс. Математикалық өрнектеу құрылымы. Математикалық моделдің иерархиялық құрылымы.
  3. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер

2.1. Ойлау деген не?

Дүниені тану ойлау арқылы жүзеге асады – бұл таза интеллектуалдық ойша көру процесі емес.

Ойлау – адамның практикалық қызметіне тікелей байланысты пайда болып отырады. Адам ойының көмегімен табиғат құбылыстры мен объектілерін (практикалық не материалды емес) ойша өзгертіп түрлендіреді.

Ойдың күшімен практикалық жолмен әсер ете алмаған нәрсеге әсер етеді. Көңіл жүйрік пе, көк дөненім жүйрік пе? Адамның ой қызметінің қабілеттену салдарынан оның практикалық қызметі дамиды (осы күнге дейін 3-тен артық санай алмайтын тайпа).

«Адам ойы-нақты құбылысты таңданудағы құбылыспен «кездесу», құбылыс әсеріне адамның қайтарған жауабы» - деді. И.М. Сеченов.

Осы заманғы психология ойлауды: «Құбылыстың санамызда жанама және жалпыланған түрде бейнеленіп анализ, синтез жасалуы» деп түсіндіреді.

Ойлау практикалық қызметтің негізінде сезімдік таным арқылы пайда болады. Ойлауды зерттеуші психологтар детерминизм деп аталатын принципті басшылыққа алады: сыртқы себептер ішкі шарттар арқылы әсер етеді. Адам ойы жасырын.... Ойлаудың ішкі шарттары қабылдаудағы анализ, синтез және жалпылау сияқты ойлау процестерінің өзара әсерінің дәрежесімен белсенді деңгейіне байланысты анықталады. Ойлау процесі адам мен танылатын заттың өзара әсері, яғни субъект пен объектің әсері ретінде жүзеге асады.

Математикалық ойлау – табиғи-ғылыми ойлауға жатады.

1) Табиғи-ғылыми информация және білім алады. (факты, арнайы терминдер, заңдар мен ережелерді пайдалана алу, форманы анықтау, структура...).

2) Табиғи-ғылыми білімді практикаға қолдану, гипотеза, эксперимент,... қорытынды жасау....

Табиғи-ғылыми ойлау жалпы ойлаудың бөлінбес саласы бола отырып, негізінен былайша анықталады.

1) Проблеманы түсіндіру.

2) Дәл анықтамасы және оның басқа проблемадан айырмашылығы...

3) Проблемаға байланысты барлық жағдайлады үйрену.

4) Проблеманың ең тиімді шешімін табу, жоспарлау.

5) Барынша мүмкін гипотезаны таңдау.

6) Гипотезаны тексеру бойынша экспериментті жоспарлау.

7) Гипотезаны тексеру үшін эксперимент жүргізу.

8) Бақылаушы эксперимент жүргізу.

9) Қорытынды шығару және оны негіздеу.

10) Жаңа жағдайларға байланысты қорытындыны кеңейту.

2.2. Математикалық ойлаудың структурасы туралы.

Математикалық ойлау – табиғи ғылыми ойлаудың барлық қасиеттеріне ие бола отырып, белгілі дәрежеде өзіндік ерекшеліктері бар. Біздің көзқарасымызша математикалық ойлауды төмендегі аспектіде қарастырған орынды:

а) мазмұны (математикалық ойлаудың негізгі түрлері);

б) математикалық қызмет;

в) форма (ойлау сапасы, ойлау стилін анықтау).

г) математикамен шұылданған адамның мінезінің субъективтік қасиеті (жоғарыдағы айтылғандарға сүйеніп, математикалық ойлаудың компоненттеріне төмендегідей сипаттама береміз).

 

Мазмұны (ойлаудың түрлері) Қызметі (математиканы зерттеу методтары) Формасы (ойлау стилі) Мінездің объективтік қасиеттері
Нақыт ойлау абстрактілі ойлау (қарапайым логикалық, схемалы-кеңестік интуициялық ойлау) Бақылау және тәжірибе, индуктивтік, дедуктивтік (аксиоматикалық репрадуктивтік (аналогияны қолдану) модельдеу абстрактілі математикалық модельді пайдалану) Орамдылық белсенділік мақсатқа сай. Есте сақтаудың дайындығы, тереңдігі сыншылдық өзара сын. Зерттеу мәнері қабілеттілікті шоғырыландыру, табандылық творчествоға бейімділік

 

Тапсырма №3 (ойлау).


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 207 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)