Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан республикасындағы тұрғын үй нарығы даму бағытының сипаттамасы

Читайте также:
  1. Ақпараттық жүйелер мамандығына арналған Физикадан тест сұрақтары
  2. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  3. Азақстан 2020 жылы 1 страница
  4. Азақстан 2020 жылы 2 страница
  5. Азақстан 2020 жылы 3 страница
  6. Азақстан 2020 жылы 4 страница
  7. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
Периодтар Ерекшеліктері Мәселелері Мемлекеттік шаралар
Бірінші кезең (1991-1995ж.) қалыптасқан тұрғын үй шаруашылық байланыстарының бұзылуы, тұрғын үй саясатының өзгерісі болып, мемлекеттік тұрғын үй қоры жекешелендірілді, нарықты қаржыландыру бағыттары мен тұрғын үй шаруашылықтары қызметі нарықтық бағытта қалыптасып, дами бастады; ұлғаймалы инфляция болып, сала қызметтерінің жағдайы нашарлады, сала толық қаржыландырылмай, апаттық жағдайлар көптеп кездесіп, тұрғын үй қызметі бағаларының жалпы шамасы республика бойынша бірнеше есе өсті; 1992ж. ҚР тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы, 1992ж. Қазақстан Республикасының Тұрғын Үй Кодексі, Жаңа тұрғын үй саясаты, 1994ж. Тұрғын үй несиелері туралы заңдар шығарылып, 1995ж. Тұрғын Үй Құрылысы Жинақ Банкі қалыптасты;
Екінші кезең (1996-1999ж.) экономика аса жоғары емес, бірақ тұрақты түрдегі көрсеткіштерге ие болды, тұрғын үй құрылысының жандануы басталып, салада инвестициялау қарқыны жоғарлады; аймақтарда жекешелендіру процессі аяқталды; тұрғындар барлық қызмет көрсету шығындарын өздері төлеуге бет бұрды, мемлекеттік құрылыс ұйымдары қысқаруға ұшырап, жекеменшік кәсіпорындар құрылды; тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын реформалау жүргізілді, 1996ж. Тұрғын үй құрылысы Заңы қарастырылды;  
Үшінші кезең (2000-2005ж.) Мемлекеттік бағдарламалар қабылданды, тұрғын үй қорын сақтап қалу, үйлердің апаттық жағдайдан қирауының алдын-алу, қаржы нарығына өзгерістер енгізілді, халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін арттыру көзделді, бастапқы, екінші нарықтағы тұрғын үйлерді несиеге сатудың тұрақты нарығы қалыптасты, элитті, бизнес сыныбындағы пәтерлер құрылысы жүрді; тұрғын үй мәселесі ең маңызды мәселелердің бірі болды, бағаның өсу қарқыны өте жоғарлап, баспана жетіспеушілігі, екінші нарықтағы бағаның бірінші нарықтағы бағадан жоғарлауы болды, әлеуметтік жағдайларды қалыпқа келтіру, тұрғын үй құрылысына несиелік қаржыландыру қажет етілді, тұрғын үй саласын одан әрі дамыту мемлекет үшін аса маңызды болды; 2000 ж. ҚР Бағдарламалар дайындау Ережелері, АҚ Қазақстан Ипотекалық Компаниясы, 2003ж. Қазақстанда ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры қалыптасып, 2004 ж. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы қарастырылды, 2005-2007 жылдарға Мемлекеттік бағдарламалар қабылданды;
Төртінші кезең (2006-2009ж.) бағаның өсу қарқыны бастапқы, екінші нарықта әртүрлі болды; әлемдік қаржы дағдарысына байланысты тұрғын үй нарығында да құлдырау байқалды, мемлекет саясаты банк механизміне бағытталды; 2007ж. баға өте жоғарлады, 2008ж. жылжымайтын мүлік белсенділігі, 2009ж. республика бойынша тұрғын үйлерді алып-сату көлемі төмендеді, нарықтың бәсеңсуі 70% болды; 2007 ж. Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы Заңы; ҚР тұрғын үй нарығын, құрылысын одан әрі дамыту көзделді, екінші кезектік мемлекеттік бағдарламалар қарастырылды;
         

Ипотекалық несие мәселесін шешу жолдары:

 

Жалпы республикадағы орташа жалақымен салыстырғанда облыста жалақы деңгейі елеулі жоғары болды. Тұрғындар табысының өсімі, ел ішіндегі тұрақты саяси жағдай мен экономика, ақшаның тұрақтылығы табыс шамасының өсуіне әкелді. Субъектілер табысының өсуінен нарықта жылжымайтын мүлікке қызығушылық пайда болды. Нәтижесінде сол кезеңдерде тұрғын үй бағасы мен операциялары қарқынды өсіп, тұрғын үй нарығы дамыды, бірақ қазіргі таңда бұл жағдай біраз бәсеңсіген.

Ипотекалық несиелеу кәсіпорындардың, фирмалардың және құрылыстың қажеттіліктерін мемлекеттік қаржы көздерінің орнын басуында үлкен рөлін атқарады. Ипотекалық несиелеудің дамуы инфляцияның жоғары қарқынды жағдайында және ұзақ мерзімдік несие ресурстарының тапшылығы жағдайында шаруашылық жүргізетін субъектердің инвестициялық белсенділігін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үйге ипотекалық несиелеу қайталама нарығының жұмыс істеуі ипотекалық банктердің капиталдарының ликвидтілігін қамтамасыз етеді, айналымдағы ақша массасын байланыстырады, елдің аймауқтарына және экономикалық сфераларға капиталды қайта бөлуге көмектеседі, несиенің пайыздық ставкаларды тұрақтандырады.

Ипотекалық банктердің ірі облигациялық тұрмыстық заемдарды шығару ипотекалық несиелеу үшін ресурстарды тарту проблемасының шешімі болды.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 383 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)