Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

зара әрекет ету формасы

Читайте также:
  1. Жеткіншектер бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы мен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары
  2. Имараттар мен үймереттердің деформациялық қаттылығы мен формасы бойынща түрлері.
  3. Экономикалық іс-әрекеттерді натуралдың шаруашылық пен товарлық өндірісте үйлестіру әдістері.
  4. Экономиканы мемлекеттік реттеудің директивтік формасы.

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың интербелсенді

Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың бірлескен өзара тығыз байланыста болуы маңызды шарттардың бірі. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналардың ынтымақтастығын арттыру мақсатында интербелсенді жұмыс формаларын қолдануды ұсынады.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың бірлестігін нығайту негізінде интербелсенді жұмыс формаларының маңызын Т.Н.Доронова,Т.А. Маркова,Е.П.Арнаутова, Н.Ф. Виноградова,Г.Н. Година,Л. В.Загик атты орыс ғалымдары зерттеген. Мысалы, Е.П.Арнаутова мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың арасында интербелсенді жұмыс формаларын ұсына отырып, оның мазмұнына ерекше көңіл бөлген:

- Балаларды тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана жұмысының бірлестігі;

- Педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың өзара сенімділі;

- Мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың бірлескен әрекетінде әр түрлі жұмыс формаларын қолдану;

- Ата-аналармен жекелей және топтық жұмыс формаларын жүзеге асыру.

Е.П.Арнаутова интербелсенді жұмыс формасының мазмұнын талдай отырып, мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың ынтымақтастығын арттыру жолында сабақтастық, өзара бірлестік, кері байланыс, әр отбасымен жекелей тіл табысу принциптері қалыптасады деген ойға келеді. Сол себепті ата-аналармен дәстүрлі жұмыс формаларынан басқа интербелсенді жаңа жұмыс формаларын жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.

Жалпы, «интерактив» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «inter»- өзара, «act» -әрекет ету деген мағынаны білдіреді.

Интербелсенді яғни өзара әрекет ету немесе әңгіме барысында болу,белгілі адам немесе затпен (компьютер) диалог орнату қабілеті.

Интербелсенді өзара әрекет ету формасы - бұл, өзара әрекет тудырушы диалог.

«Интербелсенді» негізгі сипаттамалары:

- жетістігін, интеллектуалды жағдайын сезінуге, өзара әрекеттің нақты шартына негізделген арнайы ұйымдастырудың формасы;

- өзара әрекетті ұйымдастырудың процесі

- диалогтық қарым-қатынас өзара әрекет етуге, өзара түсіністікке нақты міндеттерді шешугебағытталады;

- кері байланыс орнату, өзінің жекелей көзқарасын айту, өзара білімдерімен алмасу,ұжымның пікірін тыңдау;

- сыни ойлауды,талқылауды,қарама-қайшы мәселені шешуді тыңдалған ақпаратпен қалыптастыру шеберлігі;

- өзгенің пікіріне сыпайылық таныту, тыңдау арқылы нақты қорытынды шығару;

- ұжымның нақты дәлелденген мағлұматтары арқылы өзінің көзқарасынан бас тарту немесе өзгерту;

- дискуссияларға қатысу,өзінің ойын дұрыс жеткізе білу,кәсіби қарым-қатынас орната білу.

Интербелсенді өзара әрекет етудің мақсаты әр түрлі болуы мүмкін:

- тәжірибе алмасу:

- жалпы ой-пікірлерді өңдеу;

- білік пен дағдыны қалыптастыру;

- диологка арнайы шарт құру;

- топтарды нығайту;

- психологиялық атмосфераны өзгерту;

Интербелсенді жұмыс формасының жалпы міндеті -ақпарат алмасу процесіне бағыттау және көмек беру:

-теория мен тәжірибенің бірігуі;

-қатысушылардың белсенділігін қолдау;

-көзқарастың жүйелілігін анықтау;

-қатысушының жекелей тәжірибесіне қарым-қатынасы;

-қатысушының өзара түсінігін,қабылдауын жеңілдету;

-қатысушының шығармашылығын мадақтау;

Жоғарыда көрсетілгендер интербелсенді өзара әрекет ету жұмыс формаларының тұжырымдамалық ұстанымдарын анықтайды:

· Ақпарат күрделі жағдайды және интербелсенді кезеңдң қолдану негізінде пассивті емес, активті тәртіпте меңгерілу қажет.

· Ақыл-ойдың дамуына интербелсенді қарым-қатынастың ықпал етуі.

· Кері байланыс барысында ақпаратты жіберуші және қабылдаушы коммуникативті рөлдерімен алмасады.

· Кері байланыс ақпаратты тиімді алмастыруға мүмкіндік береді.

· Алынған білімді тәжірибеде қолдану.

Интербелсенді жұмыс формалары диагностикалық қызмет атқарады. Ата-аналардың қорқынышы, мазасыздық,үрейді анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі қоғамда дәстүрлі емес мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана арасында дәстүрлі емес жұмыс формалары кеңінен қолданылады.Интербелсенді өзара әрекет ету жұмыс формасында мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың ынтымақтастығы үшін серіктестік,диалогты принциптер орын алады.

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-ананың интербелсенді жұмыс формалары:

- педагогикалық консилиумдар

- оn-line бақылау;

- тренингтер;

- ата-аналар конференциялары

- клубтар ұйымдастыру;

-дискуссия (дөңгелек үстел, симпозиум,дебат)

- консультациялық пункттер;

- әңгімелесу мен консультациялар;

- ауызша журналдар;

- сауалнама жүргізу;

- ашық есіктер күні;

-біріккен бос уақыттар;

- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.

Ата-аналармен жұмыста педагогикалық консилиумдарды қолдану керек. Консилиум құрамына меңгеруші, негізгі қызмет бойынша меңгерішінің орынбасары, тәрбиеші, педагог-психолог, мұғалім-логопед, бас медбике, ата-аналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, оның материалдық жағдайы және отбасындағы бала статусы талқыланады. Консилиум жұмысының қорытындысы бала тәрбиесінде ата-аналарға көмек мөлшерін анықтау, ата-аналар әрекетінің жеке коррекциясына қарай бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін.

Балабақшада бейне бақылаулар жүйесін орнату ақпараттық технологиялардың жаңа формасы. Балабақшада Оn-line бақылаудың қажеттілігі – қазіргі уақыттың шындығы. Баспа жолдарында балалармен өрескел қарым-қатынастар, қызметкерлердің жағымсыз қылықтары жиі жарық көреді және олардың қылмыс әрекеттері сот залына дейін жетіп жүргені шындық...

Мұндай жағдайда ата-аналар балаларын толық күнге педагогтарға қалдыруға сенімсіздік танытады. Қазақстандабалабақшаларға бейне бақылау камераларын орнатудың инициаторлары білім беру басқармалары болып табылады. Балабақшада бейне бақылау камераларын орнатудың көмегімен үш негізгі мәселе шешіледі:

• Бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету – балабақшаның ішкі және сыртқы территорияларын бақылауға болады.

• Педагогтармен даулы жағдайларды шешу. Камерада сақталған жазбалар даулы сәттерде ата-анаға бала немесе педагог жағына шығуға мүмкіндік береді.

• Білім беру шарттарын ұсынудың сапасын бақылау. Бұл балабақшалардың көпшілігі ақылы негізде болғандықтан бүгінгі күні өзекті. Ата-аналар не үшін ақы төлейтіндігін білуге тиіс!

Интербелсенді жұмыс формасына отбасылық клубтар жатады. Ата-ана қызығушылығын арттыру мақсатында жүргізіледі. Бұл клуб ортақ мәселенің шешімін табуға бағытталады.

Дискуссия коммуникативті мәдениетті қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы. Ата-анаға өзінің көзқарасын еркін жеткізуге мүмкіндік беріледі.

Дискуссияның түрлері:

· дөңгелек үстел - ата-ана өздерінің ақпараттарын алмастыруға бағытталатын белгілі жұмыс формасының түрі.

· симпозиум – қандай да бір мәселені талқыға салып, ата-ана өздерінің дайындаған баяндамаларын оқып, берілген сұрақтарға жауап беру.

· дебат -талқылау, пікірталасу, жарыссөз, айтыс түрінде өтеді.Мектепке дейінгі ұйым мен ата-ана арасындағы пікіралмасудың ресми қалыптасқан тәртібі

Ата-аналармен жұмыстың бір формасы - тренингтер. Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге, жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі – ата-аналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда ата-аналармен бірге қоғамдастық та қатысады. Конференцияға педагогтар, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-психолог және т.б. қатыса алады.

Ата-аналармен дифференциалдық жұмыстың бір формасы консультациялар болып табылады. Консультациялар сұхбатқа ұқсайды. Айырмашылығы, әңгімелесу – бұл тәрбиеші мен ата-ана диалогы, ал консультация жүргізе және ата-ана сұрағына жауап бере отырып, педагог кәсіптік көмек беруге тырысады.

Ата-анамен жұмыста жеке блокноттарды да қолдануға болады. Мұнда тәрбиеші қызметтің әр түрінен баланың табыстарын жазып отырады, ата-аналар блокнотқа бала тәрбиесіндегі қызықтырған сәттерін белгілейді.

Бүгінгі күні зерттеу – жобалық, рөлдік, имитациялық және іскер ойындар сияқты ата-аналармен жұмыс формаларына көп мән берілуде. Бұл ойындар үрдісінде белгілі бір білімді меңгеріп қана қоймайды, әрекеттің, қатынастың жаңа моделдерін құрастырады. Талқылау үрдісінде ойынға қатысушылар мамандардың көмегімен жағдайларды бар жағынан сараптауға және тиімді шешім қабылдауға тырысады.

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін интербелсенді жұмыс формасының тиімділігі төмендегілер куәлік етеді:

- біріншіден, мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы;

- екіншіден, ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған пікірталастар;

- үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары;

- төртіншіден, ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту;

- бесіншіден, ересектердің тәрбиешімен жеке қарым-қатынасқа ұмтылуы, тәрбиенің сол және өзге әдістерін қолданудың дұрыстығы туралы ата-аналардың ойлануы;

- алтыншыдан, педагогикалық жағдайларды сараптау кезінде олардың белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу.

Жанұя... Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет.

 

Пайдаланған әдебиет:

1. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 20.08.2015 ж

2. Агавелян М.Г., Данилова Е.Ю., Чечулина О.Г. МДҰ педагогтардың ата-аналармен өзара қарым - қатынасы - М.: ТЦ Сфера, 2009.

3. Арнаутова, Е.П. Планируем работу с семьёй. [Текст]/ Е. П. Арнаутова. // Управление ДОУ. — 2006.- №4. – С. 66 – 70

4.Антипина, Г. А. Новые формы работы с родителями в современном ДОУ [Текст] / Г. А. Антипова // Воспитатель ДОУ. — 2011. — №12. – С.88 – 94.

5.Тонкова, Ю.М. Современные формы взаимодействия ДОУ и семьи. [Текст] / Ю.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)