Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономиканы мемлекеттік реттеудің директивтік формасы.

Читайте также:
  1. Аржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің жєне қадағалаудың негізгі принциптері
  2. Лттық экономиканы реттеудің кейнстік моделі.
  3. Мемлекеттік басқару мен реттеудің бірлігі мен айырмашылықтары.
  4. Мемлекеттік стипендияны тағайындау және төлеу

 

Директивтік жоспарлау дегеніміз бұрыңғы КСРО және басқа да социалистік елдерде ұзақ уақыт бойы қолданылып келген экономиканы реттеу формасы. Директивтік жоспарлау кезінде елдің экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспары заң ретінде қабылданып халық шаруашылығының барлық буындары үшін атқарылуы міндетті болады. Бұл уақытта мемлекеттің қызметі негізінен материалдық ағындар мен пропорцияларды жоспарлауға, материалдық ресурстарды бөлуге, өндіріс пен тұтынуды әкімшілік басқаруға бейімделеді. Директивтік жоспарда анықтаушы рөлді өзара байланыстырылған директивтік тапсырмаларды кәсіпорындар арасында бөлу (әдетте бес жылдық), оларды материалдық, еңбек және қаржы ресурстарымен жабдықтау және өткізу шаралары атқарады. «Мемлекеттік тапсырыс» өткен ғасырдың 20-шы жылдары шетелдерде және кеңестік экономикада қолданылған болатын. Бұл ұғымның отандық практикада қайта жаңғыруы 1989-1990 ж.ж. тұстас келді. Мемлекеттік тапсырыстарды қалыптастыру тәртібі ережелерінде ол қоғамның бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кәсіпорындар жоспарына енгізілуі тиіс деп көрсетілді. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік тапсырыстың мейлінше дамыған елі болып АҚШ есептеледі. Шаруашылық жүргізудің осы формасы арқылы АҚШ-та өнеркәсіптің электрондық, аэрокосмостық, атомдық және т.б. салалары пайда болып, дами бастады. Мемлекеттік тапсырыс-рыноктық экономиканы реттеудің маңызды құралдарының бірі. Мұнда мемлекет өнімдерге, жұмыстарға және қызмет көрсетулерге тікелей тапсырыс беруші ретінде көрінеді.Мемлекеттік тапсырыстың отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ «өсу нүктелерін» қолдаудағы рөлі өте маңызды.Мемлекеттік тапсырыстың негізгі мақсаттары: -Мемлекеттік материалдық ресурстар резервін жасау және ұстап тұру; -Елдің қорғаныс қабілеттілігі қауіпсіздігін қажетті деңгейде ұстау; -Елдің халықаралық экономикалық міндеттемелерін орындау үшін экспорттық өнімдер жеткізуді қамтамасыз ету; -Мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру. -Мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында тауар жеткізілімдерін ұйымдастыру үшін Қазақстан үкіметі мемлекеттік тапсырыс берушілер тізімін бекітеді.Мемлекеттік тапсырыс берушінің негізгі функцияларының бірі өнім жеткізушілерді таңдау, яғни мемлекеттік тапсырысты жеткізушілер арасында орналастыру болып табылады. Ережелерге сәйкес мемлекеттік тапсырыс бәсекелік негізінде жүзеге асырылады. Ашық бәсекеде жеңіске жеткен өнімді (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізушімен (атқарушымен) тапсырыс беруші мемлекеттік келісім-шарт жасайды. Мемлекеттік келісім-шарт мемлекеттің қажеттіліктері үшін өнім жеткізуші мен мемлекеттік тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Мемлекеттік келісім-шартта мыналар көрсетіледі: -Өнім жеткізу көлемі, тізбесі және үлес салмағы; -Өнім сапасына қойылатын талаптар; -Өнімді жеткізу мерзімі; -Тауар бағалары және оларды өзгерту шарттары; -Жеткізушіге берілетін мемлекеттік келісім-шартты атқару үшін қажетті қаржылық ресурстардың көлемі.

 

16.Экономиканы мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік тапсырыстардың мақсаты.

 

Мемлекеттік тапсырыстың отандық тауар өндірушілерді, сондай-ақ «өсу нүктелерін» қолдаудағы рөлі өте маңызды. Мемлекеттік тапсырыстың негізгі мақсаттары: -Мемлекеттік материалдық ресурстар резервін жасау және ұстап тұру; -Елдің қорғаныс қабілеттілігі қауіпсіздігін қажетті деңгейде ұстау; -Елдің халықаралық экономикалық міндеттемелерін орындау үшін экспорттық өнімдер жеткізуді қамтамасыз ету; -Мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру. Мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету мақсатында тауар жеткізілімдерін ұйымдастыру үшін Қазақстан үкіметі мемлекеттік тапсырыс берушілер тізімін бекітеді. Мемлекеттік тапсырыс берушінің негізгі функцияларының бірі өнім жеткізушілерді таңдау, яғни мемлекеттік тапсырысты жеткізушілер арасында орналастыру болып табылады. Ережелерге сәйкес мемлекеттік тапсырыс бәсекелік негізінде жүзеге асырылады. Ашық бәсекеде жеңіске жеткен өнімді (жұмысты, қызмет көрсетуді) жеткізушімен (атқарушымен) тапсырыс беруші мемлекеттік келісім-шарт жасайды. Мемлекеттік келісім-шарт мемлекеттің қажеттіліктері үшін өнім жеткізуші мен мемлекеттік тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады. Мемлекеттік келісім-шартта мыналар көрсетіледі: -Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізу көлемі, тізбесі және үлес салмағы; -Өнім (жұмыс, қызмет көрсету) сапасына қойылатын талаптар; -Өнімді жеткізу мерзімі; -Тауар бағалары және оларды өзгерту шарттары; -Жеткізушіге берілетін мемлекеттік келісім-шартты атқару үшін қажетті қаржылық ресурстардың көлемі.

 

17.Индикативтік жоспарлаудың мәні және ерекшеліктері.

 

Индикативтік жоспарлау – экономиканы басқарудың мемлекеттік және мемлекеттік емес шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүдделері мен іс-әрекетін үйлестіруші механизм болып табылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің аталмыш формасы әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштер (индикаторлар) жүйесін талдап жасауға негізделіп, мемлекеттік реттеуді рыноктың өзін-өзі реттеу қызметімен ұштастырып, байланыстырады. Индикативтік жоспарлауда жалпыұлттық басымдықтар жүйесі анықталып, зерделенеді. Индикативтік жоспарлаудың ерекшелігі жекеменшік сектор өніміне сұранысты ынталандыру немесе шектеу негізінде ықпал ету арқылы реттеуде көрінеді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың индикаторы ретінде экономиканың динамикасы, құрылымы және тиімділігі, қаржы, ақша айналымы, бағалы қағаздар мен тауар рыногы, бағалар қозғалысы, жұмыспен қамту, халықтың өмір сүру деңгейі т.с.с. көрсеткіштер пайдаланылады. Стратегиялық жоспарлаудың мемлекеттік реттеу формасы ретіндегі мәні ұлттық экономика дамуының басты басымдықтарын сараптау негізінде таңдау болып табылады. Таңдалған басымдықтарды жүзеге асыру жөніндегі жетекші рөлді мемлекеттің өзі атқарады. Стратегиялық жоспарлаудың көмегімен қоғамның алдағы даму бағыттары айқындалады.

 

18.ҚР стратегиялық дамуының басымдықтары.

 

Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуын анықтайтын ең маңызды басымдықтардың қатарына мыналар жатады: Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның нығаюы; Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтар жоғары деңгейлі ашық рыноктық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының жоғары әлеуметтік деңгейін (денсаулық, білім беру және әл-ауқаттылық) қамтамасыз ету; Энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету деңгейін жоғарылату; Инфрақұрылымды, әсіресе көлік пен байланысты дамыту; Мемлекеттік органдар қызметінің кәсібилігін арттыру. Бағдарламада елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатқа сай кешенді бағдар-бағыттары көрсетіледі. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді перспективасы келесі көрсеткіштерді қамтуы тиіс: Қазақстанның өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыларын сараптау; Қазақстанның орта мерзімді перспективада әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасының концепциясы; Макроэкономикалық саясат; Институционалдық жаңғыртулар; Инвестициялық және құрылымдық саясат; Аграрлық саясат; Экологиялық саясат; Әлеуметтік саясат; Өңірлік саясат; Сыртқы экономикалық саясат; Орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік мақсатты бағдарламалар тізбесі, атқаруға қабылданған мақсатты бағдарламалардың негізгі міндеттері, атқарылу мерзімдері, бекітілген уақыты және мемлекеттік тапсырыс берушілер. "Қазақстан-2030" стратегиясында жеті ұзақ мерзімді басымдық айқындалған: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы; шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу; Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; энергетика ресурстары; инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс; кәсіби мемлекет. Осы басымдықтар елді одан әрі дамыту жөніндегі нақты іс-қимылдар әзірлеудің негізіне айналды. Қазақстан Республикасының Президенті 2001 жылғы желтоқсанда бекіткен Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары (бұдан әрі — Стратегиялық жоспар-2010) "Қазақстан-2030" стратегиясын іске асырудың алғашқы онжылдық кезеңі болып табылады.

 

19.Экономиканы мемлекеттік реттеудің әкімшілік әдістері және олардың мәні.

 

Экономиканы мемлекеттік реттеу барысында жалпы, жекеленген және арнайы әдістер қолданылады.Жалпы әдістер қатарына, мұны реттеу методологиясы деуге де болады, таным әдістері, жүйелілік әдісі, қоғамдық ұдайы өндіріс теориясы т.б. кіреді.Макроэк/қ процестерді зерттеу методологиясы, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардағы қайсыбір оқиғалардың дамуын болжау сандық және сапалық сараптау әдістеріне, сондай-ақ жүйеленген кешенді тәсілдерге негізделеді. Методологияны қолдану арқылы туындайтын қорытындылардың ғылыми негізділігінің қажетті алғышарты объективті экономикалық заңдарды және олардың әрекет ету механизмін терең түсінуде ғана емес, сонымен бірге олардың шынайылығын практика жүзінде тексеру болса керек. Экономиканы мемлекеттік реттеудің жекелеген әдістеріне статистикалық, экономикалық-математикалық т.б. әдістер жатады. Көптүрлі статистикалық әдістердің ішінде реттеу ісіне қолдануға қолайлы келесі әдістерді атап көрсетуге болады. Олар: Экстраполяция әдісі; Экономикалық топтастыру әдісі; Индекстік әдіс; Бюджеттік әдіс. Экстраполяция әдісі негізінен бастапқы болжамдарды, бағдарламаларды басты бағыттар жобасын талдап жасау кезінде қолдануға қолайлы. Бұл әдістің дәлдігі қолдану кезеңі кеміген сайын арта түседі.Эr/қ топтастыру әдісі мемk/к реттеуде кеңінен пайдаланылады. Топтастыру әдісін қолдану нәтижесінде өзінің құрамы бойынша күрделі жиынтықтарды қайсыбір біртекті белгісі бойынша топтарға бөліп қарастыруға мүмкіндіктер туғызады. Сараптау, ең алдымен ортақ белгі бойынша топтастырылған құрылымдық, динамикалық және құрылымдық-динамикалық топтастыру көмегімен жүзеге асырылады. Айталық, халықтың өмір сүру деңгейін сипаттау үшін жан басына шаққандағы ақшалай табысы, жан басына шаққандағы күнкөріс минимумы, бір мың адамға шаққандағы аурухана төсектері т.б. алынады. Бюджеттік әдіс мемлекеттік статистикалық органдар жүргізетін халықтың өмір сүру деңгейін статистикалық бақылау әдісі болып табылады. Зерттеу материалдары тұрғындарды материалдық әл-ауқаттылығы, тұтынуы, ақшалай шығындары бойынша негіздік рөлін атқарады. Олар әртүрлі құрамдағы отбасылардың тұтыну шығындары құрылымын сипаттау үшін маңызды ақпарат көзі бола отырып, тұрғындарды қолда бар ресурстарының деңгейі бойынша жіктеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ үй шаруашылығындағы тұтынушылық сұраныс динамикасы өзгерістерін анықтауға көмектеседі. Үй шаруашылығы бюджеттерін зерттеу материалдары тұтынушылық бағалар индексін, ұлттық табысты, халықтың нақты табыстарын есептеуде кеңінен қолданылады. Экономиканы мемлекеттік реттеудің барлық формаларында ерекше рөл атқаратын арнайы әдістерге баланстық, мақсатты-бағдарламалы және нормативтік әдістер жатады.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 191 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)