Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лттық экономиканы реттеудің кейнстік моделі.

Читайте также:
  1. Аржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің жєне қадағалаудың негізгі принциптері
  2. ЖЕБЕ: Балабақша мен мектеп тәрбиесінің ұлттық өнегедегі үлесі қандай бүгінде?
  3. Лттық және халықаралық стандарттардың айырмашылықтарын ашып көрсетіңіз
  4. Мемлекеттік басқару мен реттеудің бірлігі мен айырмашылықтары.
  5. Облыспен ұлттық саябақ сәйкестігін табыңыз
  6. Экономиканы мемлекеттік реттеудің директивтік формасы.

Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасының маркстік моделі.

Мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарының марксистік моделінде мемлекеттің экономикалық қызметі өндіріс пен тұтынуды қоғамдық ұйымдастырудың тарихи формасының мазмұны ретінде қарастырылады және қоғамдық меншік экономикалық жүйедегі бірден-бір үстем сектор болып танылады. Бұл жүйенің негізі болып табылатын өндірістің құрал-жабдықтарына мемлекеттік меншік экономикалық процестерді бір орталықтан реттеу қажеттілігін ұйғарады. Аталған жүйенің артықшылығына, теория жүзінде болса да, ресурстарды тұрақты түрде бақылау және басқару арқылы толық жұмыспен қамтуға қол жеткізу жатады. Маркстік моделдің басты белгілері: -өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық (мемлекеттік) меншік; -өндіріс және тұтыну арасындағы экономикалық байланыстар, салалар, өңірлер арасындағы пропорциялардың жоспарлы болуы. Қоғамдық болмыс сфераларының барлығы жоспарға бағынады; -өндірілген өнім бағалары бір орталықтан, қатаң түрде белгіленеді, сондықтан сұраныс пен ұсыныс жағдайлары есепке алынбайды; -бәсеке экономикалық күрестің антогонистік формасы ретінде социалистік жарыспен алмастырылады, ал ол болса ешқандай материалдық ынталандыру көздері қарастырылмағандықтан формальді әрекет ретінде қала береді. Мұндай жағдайларда мемлекет «түгел қамтитын» рөл атқарады. Ол, жоспар арқылы бүкіл экономикалық (және экономикалық емес те) үдерістерді реттеп отырады да рынокты жаншып, оның құралдарына тек қана формалды, тіпті жағымсыз сипат беруге ұмтылады. Ал, жоспар болса саяси мақсаттарға қызмет етуі тиіс. Сондықтан субъектілердің экономикалық талғауын реттеудің саяси механизмдері шаруашылық бастамашылдығын жасанды түрде алмастырады. Өмірдің өзі көрсеткеніндей мемлекет пен экономиканың өзара қатынастарын реттеудің марксистік моделі қолда бар шектеулі ресурстарды тиімді бөлу және пайдалану ісінде толық қабілетсіздігін танытты.

 

лттық экономиканы реттеудің кейнстік моделі.

 

Практиканың талаптарына жауап ретінде ағылшын экономисі және қоғам қайраткері Дж.М.Кейнс мемлекеттің рыноктық экономикаға араласуының объективті қажеттілігі туралы жан-жақты негізделген теорияны талдап жасады. Дж. Кейнс негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы өзара байланыс бар екендігін дәлелдеп, оларды мемлекеттік шешімдер арқылы жүзеге асыру жөнінде практикалық шараларды қолға алды. Осылайша Дж. Кейнс макроэкономикалық немесе ұлттық шаруашылықтың, мемлекеттік қызмет өрісінің теориялық негіздерін қалады. Дж. Кейнс теориясының негізгі нәтижесі капитализм өзін-өзі реттейтін жүйе емес, онда тепе-теңдіктің ішкі механизмдері жоқ деген тұжырым, сондықтан да Дж. Кейнс капиталистік экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Оның теориясы және экономиканы мемлекеттік-монополистік реттеу бағдарламасы өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамту пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936ж) еңбегінде баяндалған. Өзінің зерттеулерінде Дж. Кейнс жинақталған көрсеткіштерді пайдаланады.: жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық инвестициялар т.с.с. Оның пайымдауларындағы бастапқы нүкте жиынтық сұраныс болып табылады. Дж. Кейнстің пікірінше мемлекеттің рынокқа әсері сұранысты ұлғайту мақсатындағы бюджеттік-қаржылық, кредиттік-ақшалай реттегіштерді қолдана отырып экономикалық конъюнктураны, циклдық тербеліс-ауытқуларды, экономиканың жоғары өсу қарқынын және жұмыспен қамту деңгейін қолдауды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.Тұтынушылық талғауды сипаттау үшін Дж. Кейнс «тұтынуға шекті бейімділік» түсінігін енгізді. Инвестицияның өсімі және шығарылым (табыс) арасындағы тәуелділікті түсіндіру үшін ол мультипликатор (табыстың өсімімен осы өсімді мүмкін еткен инвестициялық сұраныстың арақатысы) түсінігін пайдаланды. Кейнстік теория құралдарын пайдалану соғыстан кейінгі кезеңде дамыған елдерде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етті.Дегенмен, өткен ғасырдың 70-жылдары ұдайы өндіріс жағдайы күрт нашарлап кетті. Стагфляция (күйзеліс жұмыссыздық және инфляцияның өсуімен бір уақытта орын алады) жағдайындағы ағылшын экономисі Филлипс ашқан тәуелділік бойынша жұмыссыздық және инфляция бір уақытта өсе алмайды (Филлипс қисығы). Дағдарыстан шығудың Кейнстік жолдары «инфляциялық серіппені (спиральді) одан әрі ширықтыра түседі». Аталған дағдарыстың әсерінен мемлекеттік реттеуде түбегейлі қайта құру орын алды да реттеудің жаңа моделі қалыптасты.Қазіргі кейнсиандық бір емес, бірнеше макроэкономикалық теориялардан құралып, макроэкономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдарын таңдау мүмкіндіктері бар екендігін айғақтайды.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)