Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жеткіншектер бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуы мен жүргізілетін психологиялық түзету-дамыту жұмыстары

Читайте также:
  1. Q12.0 Туа пайда болған катаракта
  2. RAD принципін пайдаланатын бағдарламаны жасау ортасына жатпайтынын көрсетіңіз
  3. VI. ИКҚК пайда болған жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
  4. Дәріс. Құралда ағын болуы мен оның процес барысына әсері. Болу уақытының таралу статистикасы.
  5. Желге мүжіліп бұзылған әртүрлі тау жыныстарының тасымалдану жағдайында пайда болған өнімдерді
  6. Жоғары температуралар мен қысымдар нәтижесінде пайда болған

Балалар бойында кездесетін агрессивтілік әрекеттің пайда болуыкөп теген факторламен байланысты. Бала агрессиясын түсіндіру бағыты психоаналитикалық бағытының маңзыдылығы тұралы жоғарыда айтып кеттік.

Агрессияның ушығуы бұл баланың «меніне» тікелей қауіптің пайда болуы. Баланың агрессивті құлшынысы осылай объектідегі қауіптің қатынасына қарай мінез-құлқын бекітеді. Сонымен қатар, баланың агрессивтілігі оның темпераментіне де байланысты болады, сол үшін темперамент мәселесіне көңіл аударғанымыз дұрыс болар.

Темперамент - жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейді. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.

Темперамент - адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да өзгеріске түспей, өзара бай-ланыста темперамент кейпін өрнектейді.

Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп атаған.

Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде ж.т.б. байқалады.

Дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:

Сезімталдық (сензитивность) - адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің (реакция) пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекеттің туындау шапшаңдығы.

Жауап-әрекетке келу (реактивность) - бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.

Белсенділік (активность) - мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет-қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау ж.т.б.).

Жауап-әркетке келу мен белсенділік қатынасы - адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қанша- лықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл-күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам ж.т.басқалардан.

Икемділік (пластичность) - адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт (инертно), тіпті жат қылық көрсетуі.

Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.

Экстраверсия, интраверсия - адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар - нақты мезеттегі сыртқы сезімдер (экстраверт) немесе өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар (интроверт).

Сезімдік қызбалық (эмоциональная возбудимость) - эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.

Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман пси-хологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылдаған төрт типінің сипаттамасы төмендегіше:

Сангвиник. Жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепетең. Назарын тартқанның бә-ріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Мұндай адам көтеріңкі белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт тауып - шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған объектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақылы-ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен тіл табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт.

Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық экстраверт.

Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен байсал­ды­лығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, се­зім­ге берілмейді. Әдетте, жаңа адамдармен араласып ке­те бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде - интраверт.

Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпе-легіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп - толық интраверт.

Бала ұзақ уақыт біреуге тәуелділігіне күйзіледі, ол өзіне тіптен көмексіз болған кезде күн көруі үшін ата-анаға жүгінуі қажет. Баланың жетілмегендігі, өзіне сенімсіздігі және өз бетінше алып кете алмауы, отбасында қоршаған күшті адамдарға бағынышты болуы қатты қайғыруға әкеліп соқтырады. Бұл кем бағалы сезімді тудырады, қоршаған ортада жетістікке жетіге бағытталған ұзақ күрестің бастамасы.

Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында, қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысына ықпал етуі табиғи құбылыс. Дегенмен, темперамент айырмашылықтарындағы басты қасиет - олардың психикалық мүмкіндіктер деңгейінде емес, өзіндік іске асу көріністерінде.

Егер іс-әрекет қалыпты жағдайда жүріп жатса, соңғы нәтиже мен темперамент арасында ешқандай тәуелді байланыс болмайды.

Темпераментіне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдауымен ажыралады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет (реакция), бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан - оқу тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді.

Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденбейді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркімде тартуы мүмкін, ал шебер күші болу - кемде-кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман дайындау үшін кәсіби таңдаумен бір кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерекшеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған адамдар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.

Оқу мен тәрбиені оңтайластыру мен олардың тиімділігін көтеру жолында әрбір педагог өз шәкіртінің темперамент типін мүмкіндігінше нақты анықтап алған жөн. Осы тұрғыдан мұғалімдерге кеңес: холериктің оқу істерін мейлінше жиі бақылауға алған дұрыс. Бұл типті оқушы­мен қатты сөзбен, жекіріп қатынас жасауға тіпті болмайды - қатынасқа сай келеңсіз жауап әрекет болуы сөзсіз. Сонымен бірге оның қай қылығы болмасын орынды талап­пен, әділ бағалануы тиіс. Сангвиниктерді үздіксіз жаңа, қыз­ғылықты, зейін тоқтатып, белгілі күш жұмсауды талап еткен істерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсенді іс-әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткізіп тұру қа­жет.

Флегматик қызғылықты, белсенді әрекетке келіп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Оны бір істен екіншісіне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тіпті жай дауыс көтеру, әзіл-оспақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате-кемшіліктері жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп, әрқандай іс-әрекетте көрсеткен белсенділік ұшқыны үшін де мезетінде мақтап, қоше-меттеп бару керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкіндігінше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - өте сезімтал, өкпешіл тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре, қатынасу керек.

Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс-әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалылығын айқындап береді.

Бала агрессиясына, қорқыныш та жатады, бала агрессиясының жиі кездесетін екі себебін көрсетуге болады: біріншіден, жығылып қалудан, өкпелуден, үлкендердің басқындығынан қорқынышы; екіншіден, көңілі қалу болмаса өткенге қапалық, өзі шабуылдауы. Нақтылап бала агрессиясын айта кетсек, бұл кезде санасыз агрессия импульстері тікелей емес, жанама түрде: қиялында, ойын үстінде таратылады.

Адам бойындағы қастандық бұл өмірінің бастапқы жылдарында әлемге, өмірге деген сенімділік жүйеленіп орнықтағандығы.

Баланың адамдарға, өмірге деген сенімі мен сезімі оның анасының берген қамқорлығының құндылығына байланысты.

Қазіргі кездегі бала агрессиясыбіздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай мүмкіндіктері мол, бала кезіндегі агрессия біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем әлеуметтік немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін. 8 жасар балалардың өзгешілігі агрессиялы әрекеттердің жоғары деңгейде болуы және әлеуметтік байланыстан қашқақтауы, ары қарай оқу іс-әрекетінде қиыншылықтарға кездеседі, мектепте үлгерімі төмен, интелектуалды дамуы төмен деңгейде, бейімделуі нашар болуы мүмкін [48]. Бала жастағы агрессивтілік оның өзін қоршаған шындықпен қатынасынан емес, оның бүкіл жан-жақты тұлғалық дамуын анықтайды. Бала агрессиясын зерттеуге арналған, алғашқы зерттеу біздің елімізде 20-30 жылдары өткізілді, бұл проблема сол күйі бүтіндей ашылмай, бала дамуы педагогикалық зерттеу негізінде өткізіледі. Осы кездерде бала психологиясы өзінің алдына қойған міндеті: бала психикасына әсер ететін әдістер өңдеу, балаға тәрбие және тәрбиенің артықтығы жайында. Бала тәрбиесі мен дамуына жағымды тәсілдер ізденуге, жеке тұлғаның қасиеттеріне диагностика жасауына, интеллектің даму деңгейіне көбірек көңіл бөлінді, сондай-ақ тұлға дамуында ауытқу қиындықтары, агрессивтілікпен ішкі қаупін зерттеу мүмкіндіктеріне де көңіл бөлінді.

Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері:балалар үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ендеше балалардың агрессивті мінез-құлық себептерін олардың құрбылары мен тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар ол үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік нормалар типтерінен іздеу керек.

Бала кездегі мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялықтың негізгі себептері, психикалық зақымданулар, отбасы тәрбиесіндегі кемшіліктер, мінездің акцентуациясы, әр түрлі конфликтілермен байланысты болады. Балалардағы жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, ересектермен, құрбы-құрдастарымен қатынастарын күрделендіреді. Балалық шақтың ішкі қарама-қайшық аумағы және оның үлкендерге қарсы сипаттары, өзара әрекеттері балаларға қатты әсер етеді. Бала үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу, өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп жүрген көп бөлігінде, мінез-құлықтың екі түрі қалыптасады:

1. Бірінші типтегі балада өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған ортамен өзара әрекетін (қалыптастыруға) өзгертуге тырысады. Мысалы: олардағы негативизмді, карсылық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады.

2. Екінші типтегі бала микроортаның кері әсерімен ерекшеленеді, себебі қоршаған ортамен мінез-құлықтың қатынас эталоны, әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлық бағдардың қалыптасуынан балалар өзінің дамуын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Балалардың бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтерімен байланысы, қоғамдық жағымды мақсаттары мен баланың әлеуметтік мәнді мінез-құлықтың идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеліп соғады. Бала кезде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, сауатты басқару үшін әр баланың тәрбиесін және жеке тұлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағыттылығын ескеру керек.

«Қиын» балаларда жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады. Бала-бұл сананың өзіне бағытталу кезеңі, өзін тану психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасайды.

Бала кезде тұлғаның қарқынды мінез-құлықтық санасының қалыптасуы, моральдық-этикалық мінез-құлық нормаларын игеру,өзінің мінез құлқында пайда болған бағалық пайымдау жүйесіне жетекшілік ете бастайды. Міне, сондықтанда мінез-құлықтың қалыптасу процесінде пайда болған өзіндік бағалау жағдайлары баланың тұлғалық құрылымына тәуелді болады. Бала кезде өзіндік сананың ерекшеліктері, яғни тұлғаның өзіндік бағалауды басқарудың негізгі жетекшісі компоненттері, өзбеттілік дәрежесі, әртүрлі және қоғамдағы күрделі өзара байланыстар жүйесіндегі адамдармен қарым-қатынастағы тұлғаның тәуелсіздігін анықтайды.

Балаларда агрессия проблемасының орнауында «агрессия» және «агрессивтілік» түсінігін айырып, ажырата білу қажет: бірінші түсінік биологиялық заңдылық рамкасында тереңдетіле калдырылады, осыған орай бір топ адамның болмаса бір адамның агрессивтілік әрекетінің әлеуметтік көпшілік тарихи жағдайы анықталады.

Балалардың агрессивті мінез-құлқы мен өзіндік бағалауының өзара байланысы:Балалардың агрессивті мінез-құлқымен өзіндік бағалауының арасында туындайтын өзара байланысты зерттеу өте маңызды. Өзіндік бағалау процесі субьектінің агрессивтілігін шешу детерминантына ие болады. Өзіндік бағалау деңгейі ішкі нормативті стандартты реттеп отырады. Егер әділетсіз шабуыл жасасаса, яғни субъектінің ар-намысына тисе, онда агрессия балалардың өзінің ар-намысын қорғауға бағытталады. Кейбір зерттеулер бойынша агрессияның төмендеуі өзіндік бағалау процесімен жанама түрде байланысты болған. Агрессия сферасын анықтаушы нормативті стандарттар, балалардың агрессивтілік әрекетін дағдыланған түрде реттеп отырмайды. Балалардың мінезіндегі стандартты өзіндік бағалау әрекеттері болу үшін, субъектінің зейіні соларға бағытталуы қажет. Яғни «объективті өзін тану» жағдайы болады. Тұлға дамудағы бала жасының дағдарысы балалық пен есеюдің арасындағы шекара ретінде күрделі өтеді. Баланың өзін «нәтиже» деп трансцендентті ұғынуы, мәні бойынша, балалықтан шығарылған, жеке даралығын іздеген қажеттілікке жауап ретінде индивидуалды тәжірибесі арқылы туындайтын «Меннің» тұрақты және дифференциалданған бейнесін көрсетеді. Сондықтанда балалар өз мүмкіндіктерін бір жағынан балалық әуестенулер мен олардың объективті салдары негізінде ұғынады. «Мен-бейнесі» адамның әлемдік бейнесін жасайтын болмыстық форма мен сфера ретінді туынды сипатқа ие болады.

Балалардың «Мен бейнесі» өзіндік ерекшелікке ал өзіндік сана сезімдері символикалық сипатқа ие. Идеалды нақтыланған «Мен-бейнесі» бір мифологиялык табиғатқа ие болады. Миф ұғымы «Мен-бейнесімен» мен тұлғаның өмірлік стратегияларын, оның өзіндік детерминациясын біріктіруге мүмкін береді. Баланың өз менің жайлы индивидуалды мифті құруы, өзіндік сана сезімдермен «Мен-бейнесінің» бір-бірінен ерекше айырмашылығы болатын көрсетеді және экзистенциалды өзіндік бағалауға басқаша қарау қажет екенін болжайды. Мұнда балалардағы дағдарыс дербес сипат алады, екі әлемнің арасындағы басқарылмайтын шекара ретінде жалғастырмайды. Өзіндік бағалау кәмелетке жетпегендер үшін олардың агрессивті мінез-құлықтарының көптеген формаларына: ойлары, қауіптеріне, физикалық және психологиялық жәбірленуіне, конфликтілеріне, төбелестеріне, фантазияларына және басқада әлеуметтік қолдау алмайтын мінез-құлық формаларына мәнді әсер етеді.

Өзіндік бағалау агрессиялық мінез-құлыққа белгілі-бір өзгешеліктер әкеледі және көп жағдайда тұлға аралық өзара әрекеті, ішкі әсерленулер мен эмоциялық реакцияларды, әрекет пен іс-әрекет мотивациясын анықтайды, өзін және басқаларға деген не оң не теріс қатынасты жасайды. Соңғы кездері жеткіншек кезеңді екі түрлі ықпалмен түсіндіреді. Психоаналитикалық және әлеуметтік-психологиялық. 1-шісі индивидтің психо-сексуалдық дамуына және отбасындағы эмоциялық өзара қатынасқа екпін қойса, 2-шісі индивидтің әлеуметтік тіршілігімен, рольмен, статуспен рөльдік конфликтпен, рөльдік анықталмағандықпен және әлеуметтік күту сияқты факторларға назар аударады.

Психоаналитикалық ықпалда бала жасында туындайтын жалғыздық және өзін жоғалтуды бастан кешіру жағдайы эмоциялық ашықты тудырады. Эмоциялық ашығуқұрбыларының арасында қанығады, мұнда ол белгілі бір эмоциялық тәжірибе алады, яғни адамзатқа тән мадақтау, эмпатия қосылу, рөльдік мінез-құлық идентификация, мазасыздану мен кінә сезіміне бөлену сияқты тұлға аралық қатынастардың сипатына қосылады.

Өзіндік бағалау процесі субьективті агрессивті мінез-құлықтың шешуші дитерминанты не қарсыласатын, не оны жандандыратын ішкі міндетті нормативті стандарттарды реттейді. Агрессия сферасын анықтайтын нормативті стандарттарды адам дағдыланған әрекеттермен реттемейді. Балалар қоғамда өтіп жатқан процестерді өзіне лайықты болатындай қабылдап, оған тез бейімделіп, соған сәйкес мінез-кұлықтың стериотиптерін қалыптастырады. Өзіндік сана тұрғысында бала өзін қоғам мүшесі ретінде ұғынады және қоғамдық мәнді позицияларда нақтыланады. Балалардың конфликтілігі «Мені» бір жағынан болмыста энергетикалық қуатты өзіндік көрінуге ұмтылуынан тұрса, басқа жағынан белгілі бір тандау мен іс амалдарға жете қоймаған «балалардың бетпақдаласынан» тұрады.

Бала жасында өзіндік бағалаудың негізгі функциясы:іс-әрекет пен мінез-құлықты реттеу болып табылады. Мысал. «Мен қандай ақылдымын» деп ойласа қоршаған ортаға сенбеген қатынаспен қарағандай болады. Адекватты емес күмәндануларда бала өзінің адамгершілік қасиеттерін өзі айтып, басқа адамдарды менсінбесе қоршаған орта да оған негативті тұрғыда қарайды.

Жоғары өзіндік бағалау болған кезде балалардың мынадай мінездік қырын көруге болады, шеттен тыс регокігіштік. Реніш-сезім, яғни бұл қоршаған орта оған әділетсіз түрде қараған кезде көрінеді. Шын мәнінде, бұдан да басқа көріністер көрініп жатады.

Ал өзіндік бағалауы төмен балалар қарым-қатынаста қандай қиыншылықтармен қақтығысады? - Өзі туралы көзқарасы өзгереді, мен бақытсызбын, әдемі емеспін, жолым болмайды деп санайды, мұндай жағдайларға көбінесе мінез акцентуациясының педанттық типі жатады және мазасызданудың деңгейі жоғары болатын балаларға тән құбылыс. Олар сонымен қатар көңіл күйдің төменгі күйін қалыптастырады. «Толық сезінбеу комплексін» бекітеді.

Өзіндік бағалау шектен тыс төмен болған жағдайда жеткіншектерде тәуелділік, өз бетінше шешім қабылдай алмау, тұйықттық, ұлшақтық, жасқаншақтылық сияқты қасиеттер басым болады. Балаларда өзіндік ойлау өзіндік бағалау қалыптасу үшін көптеген факторлар әсер етеді: ата-анасының қатынасы, құрбы-құрдастарының арасында алатын орны, педагогтардың қатынасы. Бала қоршаған ортада өзі туралы қалыптасқан көзқарастарды салыстыра отырып өзіндік бағалауын дамытады. Осыған орай біз арнайы бағдарлама ұсынамыз (кесте 1).


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 591 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)