Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Араб халифатының саяси басқару жүйесі

Читайте также:
  1. Дәріс. Циклдар - басқару операторлар
  2. Диффренциалдық теңдеулер жүйесін шешу. Рунге-Кутта әдісі.
  3. Жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік диктатураның орнауы.
  4. Мемлекеттердегі қазіргі сайлау жүйесі
  5. Модуль 1. Б. Тірек-қимыл жүйесі
  6. Модуль 2. А. Тыныс алу жүйесі

Барлық жаулап алынған жер мемлекеттік меншікке айналдырылды. 661-750 жылдары билік басына Омейя әулеті келді. Омейя халифатының жері бес жергілікті басқару аймағына бөлінді. Бірінші аймағына - Иран, Ирак, Шығыс Арабия, Хорасан және Орта Азия жері; екінші аймағына - Хиджаз, Йемен, Орталық Арабия; үшінші аймағына - Армения мен Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігі; төртінші аймағына - Египет, Ливия, Триполи; бесінші аймағына Батыс Африка және Испания кірді. Әрбір аймақты басқаруға халифтың үкімімен әмір тағайындалды. Әрбір әмірдің екі орынбасары болды. Бірінші орынбасары әмірлікте салық және қаржы мәселесімен, екіншісі дін ісімен айналысты. Халифатқа қарамағындағы аймақты басқарып тұру үшін өте көп әскер керек болды. Бүкіл халифаттағы әскердің басшысы халифтың өзі болып, бас қолбасшы рөлін атқарды. Әрбір әмірлікте жергілікті әскери басқару жүйесі жүргізілді. Әскер бастығы дәрежесі жағынан аймақтағы екінші адам болып саналды. Омейя әулетінің негізгі әлеуметтік тірегі арабтың феодалданған ақсүйектері болды.

Омейя әулеті билік құрған Араб халифатында қоғамдық мекемелер мен мешіттер салуға көп көңіл бөлінді. Сауда және қолөнер айтарлықтай дамыды. Сауда айналымына алтын динар мен күміс дирхем енгізілді.

Омейя әулеті басқарған Араб халифаты орта ғасырлардағы ең ірі мемлекеттердің бірі болды. Бірақ ұзақ жылға созылған ішкі бақталастық Араб халифатын әлсіретті. 750 жылы Әбу Мүслім бастаған көтерілістің нәтижесінде Омейя әулеті билік басынан қуылып, оның орнына Аббас әулеті келді. Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Аббастан тарадық дейтін араб халифтары әулеті үстемдік құрған алғашқы жүз жылда халифаттағы феодалдық қатынас күшейіп, сауда өрістеді. Аббасилік халифат әсіресе һарун ар-Рашид (768-809) пен Мамун (813-833) тұсында кемеліне келді. Халифат Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды. Бұл құрлықтардағы халықтардың өздеріне тән тарихи, мәдени, діни ерекшеліктері болды. Олар әр түрлі тілде сөйлеп, өз салт-дәстүрлерін ұстанды. Бұл сияқты ала-құлалық түбінде әлемдік державаның күйреуіне әкеліп соғатын. Мұндай тағдырдан Халифат та қашып құтыла алмады. VIII-X ғасырларда Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Олардың ішіндегі ірілері Бағдад халифаты (750-1258), Фатимилер халифаты (909-1071), Кордова халифаты (756-1031), Саманилер мемлекеті (875-999) т. б. болды.

1258 ж. Шыңғысханның немересі Хулагу хан басқарған монғол әскері Бағдадты басып алды. Аббас әулетінің соңғы халифі Мустасим өлтірілді де, Араб халифаты мемлекет ретінде жойылды.

Араб халифаты — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды. 632 - 56 жылдардағы халифаттың астанасы -Медине қаласы Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран түгел дерлік, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия, Палестина, Египет кірді, ал екінші кезеңінде оған Солт. Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 — 1031), Аббас әулеті халифаты (750), Фатима әулеті халифаты (909 — 1171), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Тахир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемл-тер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 ж. Хулагу хан бастаған монғол әскерлері Бағдадты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін А. х. мемл. ретінде жойылды. Халифат – халифтар басқарған, құқықтық жүйесі исламның сүнниттік тармағына негізделген мемлекеттердің жалпы атауы. Алғаш Батыс Арабияда 632 – 56 жылы Мұхаммед Пайғамбардың басшылығымен құрылған. Қазақстаннан халифат құрамына кейбір оңтүстік аймақтар (Фараб, Испиджаб, Яссы, — халифалар басқарған ортағасырлық араб мемлекеттері. Мұсылман теократиясына негізделді. Халифаттың түпкі негізі 7 ғасырларда Батыс Арабияда Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) құрған мұсылман қауымы — умма болды. Арабтардың жаулап алулары нәтижесінде халифат Арабия түбегін, Иран, Иракты, Орталық Азия мен Кавказдың көпшілік бөлігін,Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің басым бөлігін, Синдті қамтыған орасан зор мемлекетке айналды (қ. Араб халифаты Арабтардың Орталық Азияға жорықтары). Омейя әулеті (661 — 750) мен Аббас әулеті (750 — 1258) кезінде халифат құл иеленушілік және патриархалдық тәртіптер сақталған, феодалдық қатынастар басым дамыған мемлекет болды. 7 — 10 ғасырларда халифатта дүниежүзілік мәдениеттің дамуында маңызы зор болған жарқын да сан алуан мәдениет қалыптасты (қ.Араб мәдениеті). 9 ғасырда құрамына кірген мемлекеттердің экономикасының дамуының әркелкілігі, аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың әлсіздігі, жер-жердегі халифатқа қарсы көтерілістер, билеушілердің өзара тақ таласы мемлекеттің ыдырауын және іс жүзінде дербес ұлттардың құрылуын тездетті. 10 ғасырдың 1-жартысынан бастап Фатима әулетінің (909 — 1171), Испанияда Омейялар (929 — 1031) мен Аббастардың Халифаттары өмір сүрді. Фатима әулеті халифтері өз қолдарына діни, зайырлы биліктерді қатар шоғырландырды. Аббас әулеті халифтары 945 жылы Бағдадты Буилер жаулап алғаннан кейін зайырлық биліктен айрылды. 1055 жылы Бағдадтағы Буилер билігін салжұқтар алмастырды. Салжұқтардың біртұтас мемлекеті ыдырағаннан кейін (1118) Аббас әулеті Тигр мен Евфрат алабында жаңа Халифат құрды. 1258 жылы Бағдадты моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда Египетті 1517 жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып, өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Египетті жаулап алғаннан кейін Аббас әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді. Түрік Халифатын 1924 жылы наурызда республикаТүркия жойды.

Әдебиеттер:

1. История средних веков. Т,1.М., 1997.

2. История средних веков. Т,1.М., 2000.

3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.

4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1615 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЕРЕСЬ (гр. “айрықша ілім”)-ресми ілімнен ауытқыған ағым,күпірлік | Лекция. Кіріспе. Ерте орта ғасырлар. Феодалдық қатынастардың тууы. | Лекция. Қытай | Сун мемлекеті | ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы | Скери реформалар, аграрлық жүйе. Дайвьеттің сыртқы саясаты. | Иранды моңғолдардың жаулауы | Манихей діні. | Лы Моғол империясының ішкі құрылымы | Түркия. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Маздакит қозғалысы.| Кутб-уддин Айбек

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)