Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Скери реформалар, аграрлық жүйе. Дайвьеттің сыртқы саясаты.

Читайте также:
  1. Күн тәртібі: Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты. Тіл саясатының негізгі принциптері

1. Б.з.б Вьетнам жерінде темір дәуіріне өту кезеңі аяқталды. Вьетнамдықтардың Лаквьеттер деген атпен белгілі арғы тектерінің қалыптасуы туралы мәселе б.з.б 1-мыңжылдықта Янцзы өзенінің төменгі алабын жайлап, кейіннен оңтүстікке ығыса келіп, мұнда индонезиялық түпкі және азиялық бергі тайпалармен араласып, сіңісіп кеткен вьет этникалық тобының тарихымен байланысты болды.

Солтүстік Вьетнам жерінде 3-4ғ феодалдық қатынастар орнады. Осы кезде лаквьеттерден Вьетнам халқы қалыптаса бастады. Ерте феодалдық тәуелсіз Вансуан мемлекеті 6ғ ортасында құрылды. 10ғ басына қарай феодалдық өндірістік қатынастар үстемдік алды. Әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан Вьетнам қоғамы Қиыр Шығыстағы өркендеген елдердің (Қытай, Жапония, Корея) дәрежесіне жетті. 10ғ басында Вьетнам мемлекетінің Қытайдан тәуелсіздігі қалпына келтірілді. Осы ғасырдың 2-жартысында куандардың (феодалдардың) үстемдігі әлсіреп, ел билеуде вуаның (патшаның) әмірі күшейді, елдің жаңа ресми аты- Дайковьет деп аталды. 11ғ 1-жартысында бір орталыққа бағынатын феодалдық мемлекет қалыптаса бастады. Нығайған Вьетнам мемлекеті (1069ж Дайвьет- Ұлы Вьет атанды) өзінің жерін ұлғайту үшін дамылсыз күресті, 12 ғ. басы – 13ғ. басы ол Камбоджамен ұзақ соғыс жүргізді. 1257-1588ж монғол әскерлерінің үш дүркін шабуылын тойтарып, өзінің тәуелсіздігін қорғап қалды. 2.13ғ аяғында Дайвьет Лаостың Лансанг мемлекетімен соғысты. Ұзақ соғыстардың ауыртпалығы шаруалардың наразылығын туғызды, 14ғ 2-жартысында шаруа көтерілістері болды. 1407ж елге басып кірген Қытай агрессорлары 1427ж қуылды.

15ғ мемлекет жер меншігі белең алып, қалалар тез өсті. Ирригациялық жүйе кеңейді, сыртқы және ішкі сауда дамыды. Армия мен мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы белгілі бір жүйеге келтірілді. 16ғ басында шаруалар бірнеше рет көтеріліске шықты. 16ғ 2-жартысында Вьетнам шетел миссионерлері мен көпестері (португалдар, испандар, ағылшындар, француздар) келе бастады, жергілікті феодалдардың өзара қырқысуы олардың емін-еркін әрекет жасауына жағдай туғызды. 17ғ басында Дайвьет мемлекеті іс жүзінде екіге: Солтүстігінде- Чиндердің, Оңтүстігінде- Нгуендердің мемлекетіне бөлінді, олардың арасында өзара қырқысқан соғыс ұдайы болып жатты. Өндіргіш күштердің өркендеуі 17ғ ортасынан бастап қауымдық қатынастарды одан әрі ыдырата түсті. 18ғ қолөнершілер, көпестер, тау-кен кәсіпкерлері үлкен роль атқарды. 18ғ аяғына таман шаруалар көтерілісі қайта тұтанды. Шаруа қозғалысының орталығы Нгуендер мемлекетінің солтүстік аудандары болды. Мұнда феодалдық Вьетнам тарихындағы ең ірі шаруалар көтерілісі 1771ж басталды.

3. 19ғ басында Вьетнамда абсолюттік монархия орнады. Ол күшті армияға сүйенді. 1804ж Зя Лонгтың монархиясы Вьетнам атанып, астанасы Хюэ қаласы болды. Тау-кен өнеркәсібі тез дамыды, ішкі рынок қалыптасты, товар-ақша қатынастары өркендеді.

19ғ ортасында Вьетнам дамыған жартылай феодалдық мемлекетке айналды. Бірақ Вьетнам қоғамының дербес дамуын капиталистік елдердің басқыншылық саясаты бұзып кетті. 1858-1862ж Франция Вьетнамға қарсы 1-отарлау соғысын жүргізіп, оңтүстіктегі 3 провинцияны басып алды. 1883-1884ж соғыста ол Солтүстік және Орталық Вьетнамды бағындырды.

Вьетнамда француз отаршыларының жаулап алуы салдарынан елдің тарихи қалыптасқан біртұтас территоиясы: Оңтүстік Вьетнам, Солтүстік Вьетнам және Орталық Вьетнам болып үшке бөлшектенді. Камбоджаны басып алғаннан кейін Франция бұлардың бәрін Үндіқытай Одағына біріктірді. 1893ж оған Лаосты қосты. Отарлық өкімет орындары қол астындағы жерді негізінен француз концессионерлеріне үлестіріп ішінара Вьетнам помещиктеріне берді. Қазба байлықтарына өз монополиясына алды.

Әдебиеттер:

1. История средних веков. Т,1.М., 1997.

2. История средних веков. Т,1.М., 2000.

3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.

4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 331 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ЕРЕСЬ (гр. “айрықша ілім”)-ресми ілімнен ауытқыған ағым,күпірлік | Лекция. Кіріспе. Ерте орта ғасырлар. Феодалдық қатынастардың тууы. | Лекция. Қытай | Сун мемлекеті | Манихей діні. | Маздакит қозғалысы. | Араб халифатының саяси басқару жүйесі | Кутб-уддин Айбек | Лы Моғол империясының ішкі құрылымы | Түркия. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы| Иранды моңғолдардың жаулауы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)