Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Бірөлшемді массивтер. Екіөлшемді массивтер

Читайте также:
  1. Дәріс. Массивтер және көрсеткіштер
  2. Дәріс. Массивтер. Бірөлшемді және екіөлшемді массивтерді өңдеуге арналған программаларды құру
  3. Дәріс. Массивтерді іздеу мен сұрыптаудың әдістері мен алгоритмдері
  4. Дәрістің тақырыбы: Ғимараттар мен үймереттің өрт тұрақтылығын арттыру.
  5. Дәрістің тақырыбы: Өндіріс технологиясындағы өртке қарсы шаралар.
  6. Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттар мен үймереттерді топтау.
  7. Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі негіздері.

3–лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Бір өлшемді массивтерді өңдеу есебін шешу алгоритмінің блок-схемасын және программасын құру. Берілген есептерді программалау кезінде әртүрлі циклдік операторларды қолдану ұсынылады.

Екі өлшемді массив қолданылатын есептерді шешудің алгоритмінің блок-схемасын және программасын құру. Берілген есептерді программалау кезінде әртүрлі циклдік операторларды қолдану ұсынылады.

Есептің варианттары:

1. А(10) массиві берілген. Бірінші нөл элементіне дейінгі оң элементтердің қосындысы мен санын табу;

2. А(20) массиві берілген. Массивтің ең үлкен және ең кіші элементін және олардың реттік нөмірін табу;

3. А(15) массиві берілген. Массивтің тақ позициясында орналасқан ең кіші элементті тауып, сонымен қатар ең кіші элементтен кейінгі, нөлге тең емес элеметтердің көбейтіндісін және санын табу;

4. А(30) массиві берілген. Массивтің ең үлкен және ең кіші элементі арасында тұрған оң элементтердің қосындысы мен санын табу;

5. Егер А(30) массивінде В-ға тең элемент болса, онда Х айнымалысына бірінші кездескен осы элементке дейінгі барлық жұп оң сандардың қосындысын меншіктеу, әйтпесе Х айнымалысына 0 меншіктеу;

6. Егер А(20) массивінде соңғы элементтің квадратына тең элемент бар болса, онда осы элементтен кейінгі элементтерді квадраттау, кері жағдайда массивті өзгеріссіз шығару;

7. Егер В(40) массивінің элементтері өсу ретімен болса, Х айнымалысына 1 меншіктеу, қарсы жағдайда 0 мәнін меншіктеу;

8. А(10) массиві берілген. Массивтің ең үлкен элементін тауып, одан кейінгі элементтерді кему ретімен реттеу;

9. Берілген екі массив элементтерінен үшінші массив құрылады: басында бірінші массив элементтері, ал соңында екінші массив элменттері;

10. Берілген екі массивтің сәйкес элементтерінің ең үлкенінен тұратын үшінші массив құру;

11. В(20) және С(30) массивтерінің элементтерінен А (50) реттелген массивін құру. В(20) және С(30) массивтері алдын-ала өсу ретімен реттелген;

12. А (40) массиві берілген. Массивтің элементтерін кему ретімен реттеу;

13. А (50) массиві берілген. Жұп позицияда тұрған теріс элементтердің санын және тақ позицияда тұрған оң элементтердің қосындысын табу;

14. А (50) массиві берілген. Әр бесінші элементін бесінші дәрежесімен ауыстыру;

15. А (20) массиві берілген. Массивтің ең үлкен элементін тауып, сол элементке дейін тұрған элементтерді кему ретімен орналастыру;

16. А (30) массиві берілген. Егер массив элементтерінің ішінде белгілі бір М санына тең элемент болса, онда осы санға дейін орналасқан нөл емес элементтердің көбейтіндісін тауып, Х айнымалысына меншіктеу, ал егер ондай сан болмаса Х айнымалысына 0 меншіктеу;

17. Бірінші нөл элементіне дейінгі элементтердің қосындысы мен санын табу;

18. А (50) массиві берілген. Бірінші нөлге тең элементке дейінгі оң және тақ элементтердің қосындысы мен санын табу;

19. А (50) массиві берілген. Ең көп қатар тұрған оң тақ элементтердің санын табу.

20. А (50) массиві берілген. Элементтерінің орташа мәнің табу керек.

21. A [5,5] массиві берілген. Массивтің тақ жолында орналасқан элементтердің арасындағы ең кіші элементті табу;

22. A [6,6] массиві берілген. Егер массив элементтерінің ішінде белгілі бір В санына тең элемент болса, онда осы санның сол жағында орналасқан оң элементтердің қосындысын тауып, Х айнымалысына меншіктеу, ал егер ондай сан болмаса Х айнымалысына 0 меншікте;

23. A [5,5] массиві берілген. Келесі ережемен В(5) массивін тұрғызу: А массивінің J бағанындағы кіші элементті B(J) –ға меншікте;

24. A [7,7] массиві берілген. Бас диагональдің үстінде жатқан жұп оң элементтердің көбейтіндісі мен қосындысын табу;

25. A [6,6] массиві берілген. Жолдың оң элементтерінің қосындысын тауып, қосымша диагональдің сәйкес элементтеріне меншіктеу;

26. A [5,5] массиві берілген. Келесі ережемен В(5) массивін тұрғызу: егер I жолында ең болмағанда бір теріс элемент болса, онда B(I)-ға 1 санын меншіктеу, кері жағдайда B(I)-ға 0 меншіктеу;

27. A [6,6] массиві берілген. Келесі ережемен В(6) массивін тұрғызу: егер А массивінің I жолындағы нөл емес элементтердің саны нөл элементтерінің санынан көп болса, онда B(I)-ға 1 санын меншіктеу, кері жағдайда B(I)-ға 0 меншіктеу;

28. A [8,8] массиві берілген. Қосымша диагонаольдің үстінде жатқан элементтердің ең үлкенін табу. Қиылысында ең үлкен элемент тұрған жол және баған элементтерінің орнын ауыстыру;

29. A [7,7] массиві берілген. Келесі ережемен В(7) массивін тұрғызу: егер А массивінің I жолындағы элементтер өсу ретімен орналасса, онда B(I)-ға 1 санын меншіктеу, кері жағдайда B(I)-ға 0 меншіктеу;

30. A [6,6] массиві берілген. Келесі ережемен В(6) массивін тұрғызу: В(1) –ге бас диагональдің нөл элементтерінің санын меншіктеу, В(2)-ге бас диаганальдің үстіндегі параллель диагональдің нөл элементтерінің санын меншіктеу және сол сияқты;

31. A [5,5] массиві берілген. Қосымша диагональға параллель диагональдардың оң сандарының кіші қосындысын табу;

32. A [6,6] массиві берілген. Әр жолдың ең үлкен элементін және әр бағанның ең кіші элементін табу. Табылған элементтердің сәйкес жолдары мен бағандарының орнын ауыстыру;

33. A [7,7] массиві берілген. Массив элементтерін жол бойынша реттеу;

34. A [6,6] массиві берілген. Бір реттен көп қайталанатын элементтердің ішінен ең үлкен элементін табу;

35. A [8,8] массиві берілген. Массивтің локальді максимумдарының санын табу;

36. A [7,7] массиві берілген. Сәйкес элементтері бар бағандардың санын табу;

37. A [8,8] массиві берілген. Өсу бойынша немесе кему бойынша орналасқан жол элементтерінің ішінен ең үлкен элементті табу;

38. A [7,7] массиві берілген. Массивтің жолындағы үлкен элементтен бастап, кему ретімен орналастырып шығару;

39. A [8,8] массиві берілген. Бас диагональге параллель диагональдің нөл емес элементтерінің көбейтіндісін табу;

40. A [7,7] массиві берілген. Бас және қосымша диагональда орналасқан элементтердің ең үлкенін тауып, оны осы диагональдің қиылысындағы элементпен алмастыру.

Негізгі әдебиет: 3 [123-135]. 4 [92-105]

Қосымша әдебиет: 5 [12-14].

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай жағдайларда міндетті түрде TYPE бөлімінде мәліметтерді баяндау қажет етіледі?

2. Бірөлшемді массивтерді іріктеу әдістерін атаңыз.

3. Бірөлшемді массивтерді іріктеуде қанша циклдық операторларды пайдалануға болады?

4. Екіөлшемді массивтерді бағаналары бойынша іріктеуде қанша циклдық операторларды пайдалануға болады?

5. Екі матрицаны бр-біріне көбейту үшін бірінің ішіне бірі салынған циклдық операторларды ұйымдастырыңыз.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1035 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Дәріс. Қайталану операторлары. | Бүтiн типтегi мәлiметтермен келесi амалдар орындалады | Дәріс. Процедуралар мен функциялар. Қосалқы программаның сипаттамасы. Параметрсіз процедура. Параметрлі процедура | Бақылау сұрақтары | Бақылау сұрақтары | Дәріс. GRAPH стандартты модулін қойлдану | Модульдердi баяндау | Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар | Дәріс. Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар. Стандартты процедуралар және функциялармен жұмыс істеу. | Тақырыбы: Арифметикалық операциялар. IF шартты операторы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырыбы: Формулалар бойынша есептеулер.| Лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)