Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәрістің тақырыбы: Ғимараттар мен үймереттің өрт тұрақтылығын арттыру.

Читайте также:
  1. Дәріс 10. Ғимараттардың тіліктерінің сызбалары.
  2. Дәріс тақырыбы 10: Найзағайдың әсерінен болатын өрт жарылыс қауіпсіздігі.
  3. Дәрістің тақырыбы: Өндіріс технологиясындағы өртке қарсы шаралар.
  4. Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттар мен үймереттерді топтау.
  5. Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі негіздері.
  6. Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері.

Ғимаратты әрлеу үшін кең қолданылатын: ағаш, клейленген ағаш конструкциялары, ағаш ұнтақтары мен ағаш талшықты плиталар полимерлі және басқа да материалдар. Осы материалдардың басты жетіспеушілігі – олардың жоғары өрт қауіптілігі. 280-300 0С температурада ағаш тұтанып қарқынды жана бастайды. Ұзақ уақыт қыздыру кезінде 130 0С –да тұтануы мүмкін. Тұтанудың төменгі температурасы, ағаш конструкцияларының алыстағы жануы мүмкін екендігін көрсетеді. Ағаш конструкцияларды қолданған ғимараттардағы өрт күші 150 кг/м2 және одан да көпке жетуі мүмкін және өрт сөндіруді қиындатады. Осында ағаш конструкциясы бойынша өрттің таралу жылдамдығы 0, 8 м/мин асып кетуі мүмкін.

Өрт конструкцияларында өрт қауіптілігін төмендету мақсатында олар өртке қарсы өңдеу мен терең сіңдіру керек.

Өрт қорғанысты сіңдіру құрамдары. Сіңдіру әдісімен өрт қорғанысы, ол материалға антипирена деп аталатын арнайы химиялық заттарды енгізу. Оларға жататындары диамонды фосфат, аммоний сульфаты, бура, бор қышқылы.

Ағашты сіңдіргеннен кейін, жанғыш газдардың жануы кезінде және қиын жанатын көшірудің көптеп түсуі кезінде аз бөлінудің есебінде оттың жоғарғы кедергісінде төзу қабілетілігіне ие болады.

Антипирендердің қорғаныстық қасиетінің әректінің ұзақтылығы сіңіру сапасына, сонымен бірге өңделген конструкцияның жағдайына байланысты. Антипирендердің қорғаныстық қасиетіне жағымсыз әсерлер көрсететін, ауалық ортаның ылғалдылығының тербелісі; егер өңделген ағаш ылғалды ортада болса, онда сіңдірілген құрамы (тұздар) материалдың ішінде ылғалмен ортадағы ағашты табу кезінде сіңдірілген ұздың біраз бөлігін қоса ағаштың сыртқы қабатына жақын орналасады. Бірнеше ұқсас циклдерден кейін қорғаныстың сіңдірме өзінің өрт қорғаныстық қасиетін төмендетеді. Өрт қорғаныстың сіңдірме құрамдарды қолданған кезде, ағаштың тез жалындауы мен тұтануына жол бермейді, ал сонымен бірге қорғаныстық конструкция бойынша өрттің таралу жылдамдығын азайтады.

Антипиренелар улы булар мен газдарды шаңды шығармауы керек, ол ағаштың қаттылығын төмендетеді, оның ылғал тартқыштығы мен электр өткізгіштігін арттырады, металлдың бөлігін тоттандырады, сіңдіру, кептіру, престеу кезінде ағаш пен одан жасалған өнімдер температуралық әсерге тұрақты болу керек.

Өрт қорғанысты сіңдіру құрамдары ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75 %-тен көп, ғимараттарда пайдаланатын, ағашпен жасалған құрылыстық элементтерді өңдеу үшін қолданылады.

Антипиреналармен ағашты қорғаудың белгілі үш әдісі бар:

1. м3 ағашқа 66 кг –нан з емес өлшенетін құрғақ тұз бен қысымда өрт қорғанысты ерітіндіні сіңіру. Сондай әдіспен сіңдірілген әртүрлі ағаш конструкцияларының бөліктері қиын жанатын болады. Осындай әдістермен гараждардың конструкциялары, электростанциялары, ангарлар және жалпы ғимараттарды сіңдіреді.

2. 1 м3 ағашқа 50 кг –нан аз емес өлшенетін құрғақ тұзбен, ыстық суық ванна әдісімен өрт қорғанысты тұз ерітіндісімен сіңіру, оны өрт қорғанысты атмосфераға тұрақты бояумен бояйды. Сондай әдіспен өңделген конструкция да қиын жанатын болып табылады.

3. 1 м2 ағаштың өңделген бетіне 100 г-нан аз емес құрғақ тұздың шығынымен үстіңгі өрт қорғанысты сіңдіру. Көрсетілген қорғанысқа дайын ағаш конструкциялары жатады: шатыр, фермалар, аркалар, өткелдер және өндірістік, жалпы, тұрғын үйлерде қолданылатын басқада конструкциялар. Сіңдірілген ағаш, жылуы аз жағу көздерінің (шырпы алауынан, темекі қалдығынан, қысқаша тұйықталу ұшқынынан және электр дәнекерлеуден) әсерінен жанбайды.

Қысымда ағашты сіңдіру. Ағашты қысыммен терең сіңдіру, бұл жетілдірілген және тиімді қорғаныс әдісі болады.

Қазіргі уақытта ағашты кептірумен қысымда антипирендердің тұздарының сулы ерітіндісін толық жұтқызу жолымен сіңдірілген кейін жүргізіледі. Өңдеуге келіп түскен ағаштың партиясының ылғалдылығы мен сапасы міндетті түрде бақыланады. Ағаштың ылғалдылығы 15 %-тен аспауы керек.

Барлық өндірістік учаскелер мен бөлімдер, ішкі полиматериалдар қоймсынан басқа, сонымен бірге тұрмыстық ғимараттар, бір ғимараттарда орналасады. Полиматериалдарды антисептикалық сіңдіру үшін технологиялық кешендерде бұрынғы аппаратуралар қолданылады.

Сіңдірудің режимін сіңдіретін түрлерінің өлшемдері мен жынысына байланысты бекітіледі. Мұнда 1 м3 ағашқа сіңдірілген антипирена тұздарының көлемі 66 кг –нан аз болмауы керек.

Жеңіл жұтатын ағаш түрлеріне ольха, қайың, бук, осина.

Қылқан жапырақтылардың ішінде шел қабықты қарағай. Қиын сіңдіретін ағаш түрлеріне қарағайдың ядролы бөлігі, кедр, бал қрағай, емен,, шетен және басқалары. әртүрлі ағаштарда жеке- жеке сіңдіру керек.

Контейнерлерде 2,5 м –ден көп және ені 80 мм-ден көп әртүрлі ағаштарда астарлар төсеп барып салу керек.

Сіңдіруге арналған ағаш, тиегеннен кейін, оның сіңдіру цилиндрі өлшенеді. Барлық тиелген бөлшектердің партиясы сіңдірілгенге дейін және кейін, өлшеу мүмкіндігі жоғалады, сіңдіруге дейін барлық партияның ылғалдылығын анықтайтын, сіңдірілген партиядан 10-15 бақылау бөлшектерін өлшеуге және таңға жіберіледі; сіңдірілгеннен кейін кейін, олардан үлгілер қиып алады, соңғы өрттік сынақтан өткізу үшін. Бақыланатын бөлшектер міндетті түрде белгіленеді.

Вагонеткаға қойылған қосымша дайындалған полиматериалдар сіңдіргіш цилиндрге тиеледі, герметизациядан кейін вакуум сорғышты қосады және цилиндрде 600-650 мм рт.ст кесуді бастайды. Вакуумның әсерімен ауаны сорады, ол сіңіргіш ерітіндінің ағашқа енуін қамтамасыз етеді. Тез сіңіретін ағаш түрлері үшін вакуумды 30 минут аралығында ұстап тұрады, ал қиын сіңірітілетіндер үшін, 1 сағат.

Ауаны айдағаннан кейін, шығын багінен цилиндр антипирин ерітіндісімен түгелдей толтырылады, біруақытта цилиндрдегі қысымды атмосфералық қысымға дейін тегістейді, содан кейін айдағыш насоспен 1 сағат ішінде оны 12 атм дейін жеткізеді.

Ағашқа ерітінді енгеннен кейін, цилиндрде қысым біртіндеп түседі.

Осы жағдайда айдағыш насоспен, қысым 12 атм-ға дейін қайтадан көтеріледі және цилиндрдегі қысым тұрақты болғанша, тепе-тең жағдай болғанға дейін сол қалпын ұстап тұрады.

Сіңдіру үдірісінде ерітіндінің температурасын 60-70 0С деңгейіне дейін ұстап тұрады. Қысыммен әртүрлі ағаштарды сіңдірудің технологиялық режимі мен сіңдірудің технологиялық режимінің ұқсас операциялық картасы 8және 9-шы кестеде ұсынылған.

Цилиндрде ағашты ұстап тұру аяқталғаннан кейін, қысым атмосфералыққа дейін төмендейді, содан кейін ағашты цилиндерде ерітінді ағуы үшін 15-20 минуттай қалдырады.

Ағаш түріне байланысты өңдеудің технологиялық режимі 8 – кесте

Ағаш Үдірістің ұзақтығы, сағат Қысым, атм
Ольха, бук, қайың, осина 2-6 8-10
Қарғай, кедр 8-12 10-12
Шетен 10-12 12-15
Емен 15-20 75-16

Ерітінді ағып болғаннан кейін, сіңдіру аяқталды деп саналады, цилиндр ашылады, ағаш тиеліп, 70 0С көп емес температурадағы жүргізілетін кептірулерге бағытталады.

Құрғақ тұздардың салмағы 66 кг/м3-тен аз болмауы керек, ол тұздың ерітіндісін 400 кг/м3 жуық жұтуды қамтамасыз етеді.

Құрғақ тұздардың есептеу келесі формуламен жүргізіледі:

А= КС/100 (кг/м3),

Мұндағы А –құрғақ тұздар саны кг/м: ағаштар;

К –сіңдіру ерітіндісімен жұтылған ағаштың саны, кг/м3;

С- сіңдіру ерітіндісіндегі антипиренаның концентрациясы, салмақта. %.

Қысымды сіңдірудің технологиялық режимі 9 –кесте

Операция Операцияның ұзақтылығы
Автоклавтың қақпағын ашу: Кесілген материалдармен арбаны тиеу ждәне түсіру, автоклавтың қақпағын жабу…………….. Вакуумды құру, 600 мм рт. cm ……………….. Ұстап тұру «600»………………………. Цилиндрді антипирен ерітіндісімен толтыру..…. Гидравликалық қысымға жету, 12 кГ/см2 Қысымды ұстап тұру, 12 кГ/см ………………….. Қысымды атмосфераға дейін төмендету………… Сіңдіру цилиндрінен ерітіндіні алу…..................... Кесілген материалдарды цилиндрде ерітінді ағу үшін ұстап тұру ………………………………… Цилиндрлік ыдыстың үстіне антипиренді түсіру...  

Сіңдірілген ағаштардың өрт қорғаныстығы МЕСТ –ке сәйкес күйдіру арқылы, өрттік сынақ жүргізіліп бақыланады. Сынақтың нәтижесі сіңдірілген ағаштың партиясына сәйкес құжатқа негізіледі.

Өрт қорғанысты ағашты жабық құрғақ ғимараттарда сақтау керек, ал тасмалдау кезінде атмосфералық жауын шашын әсерінен қорғау керек.

Ағаштарды ыстық – суық ваннада сіңдіру. «Ыстық суық ванна бойынша ағашты антипиреналармен сіңдіру» 3 –суретте келтірілген екі ваннада жүргізіледі.

Pиc.3. Ағашты ыстық –суық ванна әдісімен, өрт қорғанысты сіңдіру үшін, ваннаның схемасы

Бұл әдіс технологиялық жағынан қиын емес, тиімді және жұмыс күшіне көп шығынды талап етпейді.

Ыстық антипиренаның ерітіндісіндегі ағаштағы тесіктерді (ауаға) мен су булары ауаға кетеді. Ағашты тесіктерде суыту кезінде сұйылады, ол оған көп мөлшердегі ерітіндіні енгізуге мүмкіндік береді.

Сіңдіру кезінде ағашты ыстық ерітіндісімен суық ваннаға салады: кейбір жағдайларда, ағашы бар ыстық ваннаның температурасын, қоршаған орта температурасына дейін өзгертеді.

Антипирен ерітіндісі құрамына диаммоний фосфаты және 30:70 қатнастағы аммоний сульфаты кіреді.

Ұсынылған ерітіндіде 1,5 % фторлы натрий бар. Дайын ерітіндінің меншікті салмағы 1,1820 0С температурада.

Ваннада сіңдіру келесідей кезекпен орындалады. Сіңдірілетін ағаш бөлшектер, пакеттерге, жеке қатармен астарларға қойылады (астарлардың қалыңдығы10-16 мм, сіңдірілетін материалдың ұзындығы 1,5 м болғанда), материалдың ұзындығы аз болса, арнайы жәшіктер мен контейнерлерге салады.

Ағаштың ылғалдылығы бірдей және біртекті болуы керек. Әртүрлі қалыңдықтағы детальдарды ағаш күлімен немесе қабығының қалдықтарымен тиеуге рұқсат етілмейді. Бөлшектер салынған контейнерлер мен пакеттер биіктігі 1/3 –тен көп емес, температурасы 90 0С ыстық антипирен ерітіндісімен толтырылған ваннаға түсіріледі, содан кейін ағаштарды ерітінді жауып тұру үшін 10-15 см – ден аз емес қалқуға қарсы қондырғылармен бекітіледі.

Ваннадағы ерітіндінің температурасы булық жылан түтік көмегімен ұсталылып тұрады. Антипиренаның концентрациясы мен температурасы 2-3 рет бақыланады.

Сіңдірілетін материалдар 24 сағатқа ваннаға түсіріледі, содан кейін тура солндай уақытта, дәл сондай құрамдағы антипиренамен концентарция суық ваннаға салынады, ерітіндінің температурасы 18 0С.

Бөлшектерді ұстап тұру уақытын контейнермен пакеттен түсіргеннен кейін ваннада антипирен ерітіндісінің берілген температурасын бекіткеннен бастап санайды. Ваннадағы жұмысшы ерітіндіні қыздыру уақыты, берілген температураға дейін ескерілмейді. Ванннаны бөгде қоспалардан және тұнбалардан тазалайды (опилка, қабық, жоңқа) және ыстық сумен жуады. Әртүрлі құрамды антипирен ерітінділерін ауыстыру кезінде ваннаны шайқау қажет.

Кесілген материалдардың сіңдірілген партиясы журналда тіркеледі, мұнда ерітіндінің нақты тығыздығы, оның температурасы мен сіңдіру ұзақтығы жазылады.

Сіңдірілген өнімдерден құрылысқа қолданардың алдында, жанғыштық тобын анықтауға, оларды сынау үшін үлгілер алу қажет, содан кейін сіңдірілген материалдар партиясы белгіленеді. Бұл әдістің жетіспеушілігі сол, қосымша өңдеудің қажеттігі, себебі ағаштың қажетті бетін өңдеу үшін өртке қарсы бояуларды, мысалы ПХВО –ны қолдану керек.

Ағаштың үстіңгі бетімен сіңдіру. Үстіңгі бетімен аралас әсердегі сіңдірме алу үшін (өрт қорғанысты және шіруге қарсы) әрбір 97 кг- ға дайын өнімге 3 кг фторлы натраны қосады.

60 0С-ға дейінгі қыздырылған дайындалған ерітіндіні ағаш конструкцияларға бояғыш пультпен немесе 12 сағаттан аз емес уақытта екі реттік аралық кептірмесімен бояу жаққышпен енгізеді.

Өңделген конструкцияға байланысты сіңдірілген құрамның шығыны 600 до 900 г/м2-шегінде болуы керек. Конструкцияны сіңдіргеннен кейін, механикалық өңдеуге жіберуге, қозғауға болмайды, ол өртке қарсы қабатын алып тастайды. Егер, өңделген конструкцияны сіңдіргіш ерітіндімен қайтадан өңдеу керек.

Сіңдірудің сапасы өрттен қорғалған ағаштардың жеке орындарында үстіңгі қабатынан қабығын (1мм- ден көп емес қалыңдықта) алу арқылы тексеріледі: қабықты тұтатқан кезде ол жанбауы және бықсымауы керек.

Ағашты үстінен сіңдіру кезінде, оған жуық шамамен 25 кг/ м3-қа дейінгі құрғақ антипиренді енгізуге болады.

Ағаш жоңқалы плиталарды өрттен қорғау. Құрылыста ғимаратты бөлу мен мебель өндірісінде ағаш жоңқалы плитасы кең қолданыс тапты, механикалық өңдеуден өткізілген ағаш қалдықтары өнімдері: олар тиімді, декоративті және дыбыс жұтқыштық қасиеті бар, бұл материалдарды қаптамалар ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Бірақта ағаш жоңқалы (материалдарды) плиталарды, сәйкес өрт қорғаныссыз жалпы ғимараттарды бөлуге, олар жанғыш материал болғандықтан, қолдану түгелдей шектелген және түгелдей алып тасталынған. Ағаш жоңқалы плитаны өртпен қорғау, ағаш жоңқалы құрамға әртүрлі антипирлегіш қоспаларды енгізу жолымен жүзеге асырылады.

Материалды жабумен өрттен қорғау. Өндірістік мәдени – тұрмыстық және тұрғын үйлерде өрт қорғанысы бойынша жалпы шаралар кешенінде бөлшекті материалдарды арнайы өңдеуге аз көңіл бөлінбеген. Ғимараттың ішінде өрт пайда болған кезде, бірінші кезекте, өрт тиген бөлшекті құрылыс конструкциялары жанады, өйткені олар жанғыш материалдардан жасалады. Өрттің дамуын төмендету үшін, ғимараттың ішкі жанатын бетінің өртке қарсы кедергісін көтеру керек, бояу, қаптау, тегістеу көмегімен. Осы кезекте өртке қарсы бояулар, вермукулиттерге және перлитті қаптамаларға үлкен қызығушылық болады.

Перлитпен өрттен қорғау. Көптеген өндірістік және құрылыста қолданылған тау жыныстарының арасында соңғы жылдары перлит кең қолданыс табуда.

Перлит – вулкандық әйнек тәрізді, құрамында суы бар жыныс, салмағы өте жеңіл. Жыныстың әр түрлерінде судың көлемі 1-ден 5 %-ке дейінгі шекте болады.

Перлит концентрлік жарықта болады, желдету кезінде маржан сияқты мөлдір жылтыр шариктерге ыдырайды. Тура осындай қасиеттері бар, перлиттің басқада тектес жыныстары: пехштейн, витрофирлер, мареканит.

Перлитті жыныстардың ерекшелігі, олардың көлемін бірнеше рет арттыру мен көлем бірлігінің салмағын бірден төмендетумен, жылулық әсерінде кептіру (ісіту) қабілеттілігі.

Перлитті жыныстар жеңіл бетонды және жылу оқшаулағыш материалдардың негізгі құрамына қызмет ететін жеңіл түйіршікті толтырғыштар алу үшін қолданылады.

Кептіру материалын алу үшін қажетті құрылымына 1-1,5% су құрамы жеткілікті. Кептіру үдірісінде судың мөлшері аз болған кезде жынысты өңдеудің арнайы режимі енгізіледі. Мұнда сонымен бірге жыныстың құрамында калий мен натрийдің тотықтарының болуы өте маңызды.

Перлиттің өрт қорғаныстық, акустикалық және жылу оқшаулағыштың сапасы, сонымен бірге біздің еліміздегі қорының көптігі, перлитті құрылыс материалдары өндірісінде кең қолдануға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта перлитті кептіру негізінде материалдың жылу дыбыс оқшаулағыштың, өрт қорғаныстығын алу мүмкіндігін зерттеу бойынша үлкен жұмыстар жүргізіледі, перлитті жыныстардың кебу режимі зерттеледі, перлитті құмды алу технологиясы жасалды, материалдың тәжірибелік партиясы дайындалды және жылу дыбыс оқшаулау конструкцияларының әртүрлі құрамы мен тегістейтін ерітінділер тексеріледі; кептірілген перлитті құмды алу үшін қозғалмалы және тұрақты өндірістік қондырғылардың типтік жобасы жасалынады.

Оларға қарамастан, келесідей жұмыс кешендері мен тегістеу және сылайтын ерітінділерін дайындау үшін, кептірілген және уылдырылған перлитті құмның құрғақ қоспаларының рецептуралары жасалған, бұл қабырға сылақтары құрылыста, әлі кең қолданыс тапқан жоқ. Перлитті қолдану өте тиімді, мысалы өнімдер мен конструкцияның беттерін сылақпен сылаған кезде өртке қарсы кедергісі жоғары болады.

Перлитті құмды сылақ үшін қолдану. Перлитті құмды перлитті ұнтақты, ұсақтап кептіру нәтижесінде алынады. Кептірілген перлитті құм, жылу дыбыс оқшаулау конструкцияларын, сылау және басқада мақсаттарда дайындау кезінде, толтырғыш ретінде қолданылады.

Кептірілген перлитті құм өндірісі үшін, қосымша кептірілгендігіне тексерілген 70-50 % кремнеземі, 10-15 % глинозем. 1,2-2,5 % темір тотығы, 0,5-4 % кальций мен магния тотығы, 4,8-9% сілтілері бар вулкандық әйнек қолданылады.

Перлитті құм өндірісі үдірісі келесіде технологиялық тізбектілікпен орындалады: жыныс дайындық бөліміне жеткізіледі, ал содан кейін фракциялар бойында сүрлемеленеді (сортталады):

Ұсақталған жыныс күйдіруге пешке жіберілместен бұрын, фракциясына байланысты дозаланады; күйдіргеннен кейін, кептірілген материалды таңдайды және орайды.

Судың көлемін негізінен күйдіру режимі анықтайды. Сілтінің көп құрамы күйдіру температурасының төмендеуіне мүмкіндік береді, ол кептіру коэффицинетін арттырады. Құмды алу үшін, кептіру коэффициенті 6- дан төмен коэффициентті жыныстарды қабылдау.

Жынысты жақтаулы, балғалы, валикті немесе аралас ұсақтайды. Електен өткізу кептірілген құмның берілген гранулометриялық құрамына сәйкес, ойық өлшемдерімен, дірілді елеуіштермен жүргізіледі.

Жеке күйдіру үші, өлшемдері: 0,25 мм-ден, 0,25 –ке дейін 0,5 мм, 0,5ден 1 мм-ге дейін, 1-ден 2 мм-ге дейін, 2-ден 3 мм-ге дейінгі ұсақталған жыныстар қолданылады. 3 мм-ден көп өлшемдегі түйіндер, кептірілген перлитті түйіршік тас алу үшін қосымша ұсақталуға жіберіледі.

Ұсақталған перлитті кептіру орнатылатын әртүрлі жыныстар үшін температуралы режим бойынша тік айналатын және көлбеу шахталы пештермен жүзеге асырылады.

Көлденең айналатын пеште күйдіру кезінде, ұсақталған перлитті түсіру, түсіргіш бункер арқылы жүргізіледі. Содан кейін ұсақ ұнтақ тәрізді ұнтақ перлит бағытталған ауа ағынымен пешке үрленеді, соның арқасында кептіру үдірісі өлшенген қалпында жүреді. Жыныстың ірі бөлшектері пештің футеровкасына тұнып қалады және айналу шамасына қарай ыстық зонаға жылжиды. Қыздыру кезінде олар ірі түйіршікті құм мен түйіршік тас түзіп кептіріледі. Кептірілген құм жанғыш газдармен циклонға шығарылады, ол жерден тиеу бункеріне шығарылады. Бункерде суыған материал қағаз қаптарына тиелінеді.

Перлитті тегістегіш қоспа. Арнайы және құрылыс конструкцияларында жылу оқшаулағыш, акустикалық және өрт қорғанысты тегістеу үшін, гипсоперлитті тегістегіш ерітіндінің қоспасын қоладанады.

Тегістегіштер екі құрамда жасалады:

I құрам –1м3 –қа, кептірілген перлит және 500 кг құрылыстық гипс, 540 л су.

II құрам –1м3 –қа, кептірілген перлит және 375кг құрылыстық гипс, 415 л су.

Әрбір құрам әктасты – кілейлік баяулатқышқа енгізіледі, гипстың салмағынан 1 %.

Кептірілген перлитті құмның сусымалы көлемдік салмағы, гипсолитті тегістегіш үшін қабылданған, 250 кг/м3 –тан көп болмауы керек. Гипс МЕСТ-қа сәйкес болуы қажет. 0,3 мм-ден аз перлиттің құрамындағы бөлігінің диаметрі 5 % тен аспауы керек.

Декорациялық материалдарды өрттен қорғау.

Театарларда, мәдениет сарайларында, клубтарда тез жанатын элементтері үшін қолданылады.

Декорацияны әр түрлі материалдардан дайындайды: табиғи төлден, жібектен, дәкеден, атластан, мақта –мата зығыр маталардан, төлден, плюштен және басқа маталардан, қамыстан, сырғалақтан, ағаштан.

Осы материалдардың барлығы өрт қауіпті, сондықтан олар өртке қарсы заттармен арнайы өңдеуді талап етеді. Декорация үшін, антипирен ретінде, өте тиімді, улылығы аз, диаммоний фосфаты және аммоний сульфаты (МҚ), дициндиамида және фосфор қышқылы (ФД мен ОП құрамы), қоспаларының жауын – шашын әсеріне тұрақсыз. МС –тің құрамының су жинағыштығы, ауа ылғалдылығы жағдайында 80 %-тен жоғарыға көтеріледі. МС пен ФД құрамдары мен материалдарды өңдегеннен кейін, соңғысы өзінің қаттылығын 10 %-ке дейін жоғалтады, ал ОП құрамы мен сіңдірілгеннен кейін 20 %-дейін жоғалтады.

Бұл тұздарды қолданғанда, сіңдірудің бекітілген режимін қатал сақтау керек екендігі талап етіледі: тіпті кішкене технологиялық режимнен ауытқығын кезде өрт қорғанысты материалдардың нәтижесі, бірден төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар ережеге сай сіңдіру үшін, әртүрлі қоспалардың көлемімен техникалық тұздар қолданылады, сондықтан сіңдіретін ерітіндіні қолданар алдында тұндырып қою керек. Жаңадан дайындалған ерітіндіден (тұнбасыз) материалға ерімеген қоспалар түсуі мүмкін, олар маталарда іздер қалдырады, сонымен бірге мата ауырлайды және тез сынады; сіңдіруші материалдардың өрт қорғанысты сапасы төмендейді. Ерітіндіні алдын – ала дайындау керек (ең алдымен концентрленген ерітінді дайындаған дұрыс), ал сіңдірер алдында оларды қажетті концентрацияға дейін жеткізу керек.

МС құрамымен матаны сіңдіру. МС құрамы, диаммоний фосфат пен күкірт қышқылды күкірті қышқылды аммоний тұздары негізінде дайындалады, бұл құрам маталарды сіңдіруде кең қолданылады.

Cіңдіруші МС құрамы, ол техникалық күкірт қышқылды аммоний, диаммоний фосфат және керосинді байланыстағы сулы ерітінді. Ерітінді грунттік және грунттік емес маталар үшін, ал сол сияқты дайын декорациялар үшін.

Матаның сорты мен белгіленуіне байланысты оларды сіңдіру әртүрлі концентрациямен жүргізіледі: 20, 15, 10 мен 8 %-тік ерітінділермен.

20 0С – температурада ерітіндінің меншікті салмағы -1,09. Ерітінді үшін қолданылатын күкірт қышқылды аммоний мен диаммонийфосфат техникалық өнімдерге қойылатын талаптарға жауап беру керек.

Матаны сіңдіру алдында дайын болу керек: жуылмаған матаны 1%-тік сода ерітіндісінде қайнату қажет, содан кейін жуып, кептіріп, үдектеу керек. Матаны кептіргеннен кейін іліп қояды, содан кейін оны 20 минут оралған күйінде 20-25 0С температурадағы сіңдіру ерітіндісіне ваннаға салып қояды (1 салмаққа 10 ерітіндінің бөлігін алады). 60 0С жоғары температурада ерітіндіні қыздырса, матаның қаттылығын төмендетеді. Сіңдіргеннен кейін матаны сығады. Сіңдіру әдісіне байланысты, сіңдірілген матада (шылаумен, пульверизатормен бүрку) әртүрлі өрт қорғанысты қасиеттері болады. Матаны сіңдіру кезінде міндетті шарты сығудың қажетті дәрежесін алу керек. Сығу келесідей есептеулермен жүргізіледі, барлық сығылған мата, құрғақ матаның салмағынан 2 есе көп болуы керек. Сонымен матаға 17-19 % енгізумен, грунтталатын және грунтталмайтын маталар үшін 13-14 % қамтамасыз етіледі. Сіңдірілген мата 50 0С жоғарғы температурада кептіріледі.

Қажет болаған жағдайда 100 0С-дан аспайтын температурада үдікпен тез үдіктеу керек, ұзақ уақыт үдікпен жоғары температурада үдіктеу. Матаның қаттылығын және сіңдіру сапасын төмендетеді. Сіңдірілген матаны сықпай кептіруге болмайды. Өңделген ерітіндіні жинайды, мата арқылы сүзеді және тұндырады. Еріндіні келесі сіңдірмелерде қоданады, қосымша оны ареометр бойынша антипиреннің концентрациясына тексереді. Егер ерітіндінің меншікті салмағы өзгерсе, оны қажетті концентрацияға дейін жеткізу қажет.

Маталарды сіңдіруді кез-келген бояғыш шеберхана немесе механикаландырылған кір жуатын жерлерде мамандар ғана жүргізіледі, ол үшін келесі жабдықтар қажет: төрт ыдыс (біреуі материалдарды дайындау үшін, екеуі сіңдіру үшін және біреуі қорда тұрады), сіңдірілетін маталарды сіңдіру үшін центрифуга немесе қосқыш кептіргіш барабан немесе ауада кептірілген қалпында маталарды кептіру үшін керекті бөлмелер, бірнеше цинктелген шелектер; боялмаған аппретирленген (синтетикалық смола, маталарды өңдеу стадиясы) маталарды содалы ерітіндіде қайнатуға болатын бак.

Жанғыштығы төмендеген өңделетін акустикалық және жылу оқшаулағыш материалдар.

Қазіргі уақытта өндірісте жанбайтын, қиын жанатын және жанғыштығы төмен, өңделетін, акустикалық және жылу оқшаулағыш материалдарды шығарады.

Жоғары эстетикалық немесе дыбыс жұтқыштық сапасы, ал сонымен қатар жанғыштығы төмен дайын материаладарды, төбені, қабырғаны және ғимаратты өңдеудің басқа элементтері үшін мәдени – тұрмыстық және жалпы, өндірістік ғимараттарда кең қолдануға мүмкіндік береді.

Жанбайтын материалдарға жататындар:

1. Акустикалық гипсті перфорирленген плиталар, олар ғимараттың төбесін және қабырғасының ішін дыбыс жұтқыш қаптамалар ретінде қолданылады. Олар параллельді және шахматты орналасқан ойықтардың тұрақты адымымен, концентрлік дөңгелек орналасқан ойықтардың тұрақты адымымен, бөзден жасалған дыбыс жұтқыш қабатын төсеумен дайындалады. Пефорация коэффициенті әдетте 16 %-ті құрайды.

Перфорирленген беттер дыбыс жұтқыш материалмен бірге қолданылады; мақта – қағазды матамен және минералды мақталы және әйнек талшықты плиталы және маттардан жасалған толтырғыштармен.

2. Минералды мақталы акустикалық плиталар –жоғары декоративті қасиеті бар, тиімді дыбыс жұтатын материал, оларды өндірістік құрылыс пен тұмыстық- мәдени құрылыста қаптағыш ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Минералды мақталы плитаны, минералды мақта талшығынан, минералды мақталы кілемді термо өңдеу мен престеумен байланысты ерітіндіні вакууммен құю әдісімен дайындалады (поливиналацетатты эмульция – 73, фенолспирті – 27 %). Алынған өнімдерді механикалық өңдейді, содан кейін декоративті жауып тұратын қабатты енгізеді.

3. Карбалитті байланыстағы жартылай қатты минералды мақталы плиталар
өндірістік және тұрмыстық құрылыстар үшін тиімді жылытқыш. Бұл плиталар минералды талшықтан, карболитті смоланың ыдыраған ерітіндісін енгізу жолымен, пресстеумен және минералды мақталы клемді термиялық өңдеумен дайындалады. Қазіргі уақытта тұрғын және өндірістік құрылыс үшін және өндірістік жылу оқшаулау үшін тиімді болатын, фенолдық байланыстағы минералды мақталы плитаны дайындау технологиясы жасалған.

4. Фенолды байланыстағы жартылай қатты минералды мақталы плиталар – фенол спиртінің ыдыраған ерітіндісін енгізу жолымен, пресстеумен және термиялық өңдеумен, минералды мақталы талшықтан дайындалады (байланыстың 4-6 % құрамы).

5. Акустикалық минералды мақталы сына, дыбыс жұту коэфициенті 0,75-0,8 минералды мақтадан дайындалған. Сынаның жоғары декоративті қасиеті бар, бір жағынан әйнек маталы, ылғалдылығы 80 %-ке дейін жоғары, ылғалдылықты ғимараттарда өңдеу жұмыстары үшін қолданылады.

6. Асбестоцементті перфорирленген плита – өңдеу жұмыстары үшін кең таралған материал, акустикалық қасиеті жаман емес, дыбыс жұту коэффициенті 0,6-0,9, жақсы жуылады, әртүрлі дыбыс жұтатын материалдармен экран ретінде қолданылады, әртүрлі түске бояуға болады.

7. Акустикалық экран, құрғақ тегістеуден дайындалады және екі жағынан антипирен сіңдірілген арнайы жұқа картонмен тегістеледі. Экранның жоғары декоративті қасиеті бар, құрғақ ғимараттар үшін, қабырғаның жоғарғы бөлігіне және төбені өңдеу үшін қолданылады.

8. "Силакпор" бетоны – жаңа жанбайтын акустикалық өңделетін силикат материал. Силикатордың плиталары жеңіл салмақты ұялы бетоннан, жоғары декоративті қасиетімен дайындалады, дыбыс жұту коэффицинеті 0,3-0,8. Материал ылғалға тұрақты және жанбайтын. Белгілі дыбыс жұтқыш материалдардан ерекшелігі, оның өндірістерде дефицит шикізат қажет емес; ол құмнан, әктастан және аллюминий опасынан жасалынады; өндірістік және жалпы ғимараттарда (кафеде, есептеу орталығында, телефондық станцияларда, жиналыс залында) төбесін және қабырғасын өңдеу үшін қолданылады.

9. Перлитті дыбыс жұтатын плита жоғары декооративті қасиеті бар, жұту коэффициенті 0,5-0,7. Плитаның құрылымы түйіршікті, жеткілікті төзімді; әртүрлі өңдеу жұмыстары үшін қолданылады.

10. Жанбайтын вермикулитті плиталар жоғары өрт қорғанысты қасиеті бар және шуды жұту үшін тиімді құрал болады, сына ретінде қолданылады, материал қатты емес, оған қосымша өңдеу мен экран қажет.

11. Отқа төзімді әйнек күйдірілген әйнек негізінде жасалған жанбайтын материал, қатты тесікті құрылымды, әртүрлі гамма түстерге боялуы мүмкін, ғимаратты акустикалық және декоративті өңдеу үшін және жылу оқшаулағыш материал ретінде қолданылады.

Қиын жанатын материалдарға жататындар:

1. "Акмигран" акустикалық плитасы, крахмалды байланыста, минералды мақтадан дайындалады; материалдың жоғары декоративті және дыбыс жұтатын қасиеті бар (дыбыс жұту коэффицинеті 0,4-0,8), бояуды шашырату әдісімен болуы мүмкін, өңдеу жұмыстарында кең қолданылады.

2. Акминит жаңа акустикалық материал, түйіршіктелген минералды мақта мен крахмалды байланысқан қоспалармен композициясы негізінде дайындалған; ауа температурасы 15-тен 250С-ға дейінгі температурадағы, салыстырмалы ылғалдылығы
75 % тен көп емес, пайдаланылатын басқару ғимараттары мен жалпы ғимараттың қабырғасының жоғарғы жағын және төбесін дыбыс жұтқыштармен өңдеу үшін қажет.

"Акминит" плитасының бет жағы (боялған) бағытталған жарықтар түріндегі (каверн) фактурасы бар, ұқсас фактурада беті ұшып кеткен әктас түрінде болады (травертина).

3. Ағаш жоңқалы антипирирленген жанғыштығы төмен плиталар - олар ағаш жоңқаларын ыстық престеуден алынған, карбалитті смоламен клейленген үш қабатты материалдары. Сыртқы қабаты антипириендермен өңделгеннен (диаммонийфосфаты мен аммоний фосфаты тұздары), ол ішкі конструкциялар үшін және әртүрлі ғимараттарды өңдеу үшін қолданылады.

4. Қиын жанатын жалюзипті рейкалар, өңдеу материалы ретінде қолданылады. Қатты поливинилхлорид негізінде кең гаммалы түстерді экструзия әдісімен дайындалады, көлемдік салмағы 1,3 г/см3, жылу тұрақтылығы 70-90 0С.

5. Жанбайтын асболитті плиталар асбест және әктасты – кремнеземді байланысқан негіздегі минералды талшықты материалдардан дайындалады; тұрғын және қызметті ғимараттарды декоративті өңдеу үшін; қалқа мен есік қондырғылары үшін қолданылады.

6. Жылу дыбыс оқшаулағыш АТМ-1 материалы – фенол пішінде альдегидті байланыстағы, бір жағынан аллюминий фолгамен жабыстырылған әйнек талшықты плита, дыбыс және жылу оқшаулау үшін қолданылады.

7. Авиациялы маркаллы ПА павиналы- антипирирленген поливинилхлоридті массалы біржақты қаптамамен әйнек матадан дайындалады. Бұл аз уақытқа тұрақты және қиын жанатын материал, қызметтік ғимараттар мен жалпы ғимараттардың қабырғаларының ішін өңдеу үшін қолданылады.

Өндірістер әртүрлі жанатын қабықтар мен синтетикалық түс қағаздарды шығарады. Осы қабықтар мен түсқағаздар, жанбайтын негізге жабыстырылған, жанудың барлық беті бойынша таратпайды. Оларға жататындар ПХВ, синтетикалық түс қағаздар және басқада қаптамалар, олардың қалыңдығы 0,1 мм-ден көп болмауы керек.

Әдебиеттер: нег. 1 (65-78); (7-21); қос.9 (84-95).

Бақылау сұрақтары:

1.Өрт қауіпсіздігін төмендететін антипирендарға не жатады?

2.Қысыммен ағашты сіңдіру қалай жүргізіледі?

3.Қысыммен ағашты өңдеу кезінде қандай көрсеткіштерді сақатау керек?

4.Ыстық – суық ваннада ағашты сіңдіру қалай жүргізіледі?

5.Металлдық қаптамалардың өрт қорғанысы неге байланысты?

7-дәрістің тақырыбы: Өрттің таралуына құрылыстық конструкцияларды сынау әдісі.

Құрылыс конструкциялары мен олардың элементтерін жалынның таралуына сынау әдісін ҚР СНмЕ және МЕСТ 30444 2.2-05-2002-ке сәйкес орындау керек.

Толығымен жанбайтын материалдан жасалған конструкция бойынша, өрттің таралу шегін, сынақсыз 0- ге тең деп қабылдау керек.

Өрттің таралуына сынақ жүргізу үшін, құрылыстық конструкцияның үлгілер қондырғысының схемасы 4-7 суреттерде келтірілген.

1. Әдістің мәні.

Өрттің таралуына сынақ жүргізу бақылау аймағында, қыздыру аймағы шегінде, оның жануындағы конструкцияның зақымдалу өлшемін анықтаумен қортындыланады. Конструкция бойынша өрттің таралуы, арнайы өрттік пештерде, үлгіні сынау негізінде анықталады.

Сынау үшін үлгілер келесі талаптарға жауап беру керек:

1.Сынау үшін конструкциялар үлгісі жұмыс сызбасы мен техникалық шарттармен, оларды дайындауға сәйкес орындалуы керек.

2. Қорғаныстық конструкциялардың үлгілерінің өлшемі 2x2 м-ден аз болмауы керек. Стерженді конструкциялардың үлгілерінің ұзындығы 6 мен 7 схемасымен сәйкес, оларды бекіту мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.

3. Материал үлгісінің ылғалдылығы қоршаған ортаның ылғалдылығымен динамикалық теңестірілген болуы керек, салыстырмалы ылғалдылығы 60±15 % -тен және температурасы 20 ± 10 0С.

4. Қабырғасы және шығыңқы жері бар үлгілерді пешке орналастыру керек, олар бақылау аймағында өрттің таралуына кедергі жасамау үшін.

Сынақты жүргізу келесідей кезекпен жүргізіледі:

1. Конструкция үлгілерін өрттің таралуына сынау, режим бойынша өрттің локальды әсерінде жүргізіледі.

2. Тасушы конструкциялар бойынша өрттің таралуы (қорғаныстар, жапқыштар, бағанамен және тағы басқа) қосымша күші жоқ үлгілерді сынау кезінде анықталады.

3. Сынау, егер конструкцияны пайдалану шарты келесі сынау шарттарын талап етпесе, алғашқы температура 20 ± 10 0С және ауа қозғалысының ағыны 0,5 м/с-1 –ден көп болмаса, жүргізіледі. Бөлмедегі пештегі сыналатын үлгідегі температура, сынақ басталғанға дейін 2 сағатта тұрақтандырылуы керек.

4.Плитаның жапсары және қоршағыш конструкцияның панелі, оларды бақылау аймағына жалғастырумен, қыздыру аймағында болуы керек.

5. Өрт пешінде үлгіні орнату және термобуларды орналастыру 4-5 суретте келтірілген схемаға сәйкес жүзеге асырылады. Қыздырылатын үлгінің беті мен пештің сыртқы бетінің арасындағы тесік 5 ± 0,5 см болуы керек.

6. Үлгіге жылулық әсердің ұзақтығы 15 мин ± 30 с құрайды. Белгіленген уақыт өткеннен кейін, пештегі жалын өшеді, содан кейін 2 минуттан кешіктірмей пештен үлгіні алу керек немесе үлгі мен өрттік камера арасындағы тесікті, жылу оқшаулағыш экранға енгізу керек.

7. Үлгінің жағдайын тексеру және бақылау аймағында жану салдарынан оның зақымдалуын өлшеу, ол толығымен суығаннан кейін жүргізіледі.

8. Қоршағыш конструкциялар үлгілері, баспалдақты алаңдар және адымдар, оларды сынау үдірісінде бір жағынан өрттік әсерге душар еткізу қажет.

Симметриясыз қимасымен сыртқы және ішкі қабырғаларды (сонымен бірге қоршаулар) жеке әр жағынан сынау қажет.

Плиталарды және қаптамалар төсеуішін және қоршауларды, ал сонымен бірге аспалы төбелерді төменнен өрттік әсерде сынау керек.

Баспалдақты алаңдар мен адымдарды, төменнен өрттік әсерде әр жағынан жеке горизонтальды қалпында сынау қажет.

Сыртқы және ішкі қабырғалардың үлгілерін (сонымен бірге қоршауларда) сонымен қатар баспалдақты алаңдар мен адымдарды, белгілі өрттің таралуының үлкен шегімен бір жағынан ғана сынауға рұқсат етіледі.

9.Стерженді конструкциялардың үлгілері пайдалану шартына байланысты, үш немесе төрт жағынан өрттік әсерге ұшырату керек. Баспалдақты үлгілерін сынау үшін, адымда жиналуы қажет.

10. Бақылау аймағының өлшемі 0,75 м-ден көп болмауы керек.

11.Сынау кезінде бақылау керек:

- пештің температурасы;

- пайда болу уақытын және үлгіде жарықтың, ойықтың, ауытқудың даму сипаты;

- плитаның жапсарларын ашу орны мен уақыты, панель мен басқа элементтер конструкциясын;

- түтін мен жалынның пайда болуы, түсі мен материал қалпының өзгеруі немесе конструкцияның басқада өзгеру ерекшелігі.

4-сурет.Көлбеу қоршағыш конструкциямен үлгіні өрттік пешке орналастыру схемасы: 1-өрттік пеш; 2 -үлгі; 3-өрттік пештің тесігі; 4 –минералды матамен тығыздау; 5,6 - тер­мобулар(6 термобуды жанбайтын материалдан жасалған қабаттан, өрттік пешке жақын шекарада орналастыру керек); 7 –бақылау аймағы; 8 –бақылау аймағының шекарасы.

Сынақтың нәтижесін бағалау, құжаттық нәтижесінен, өрттің таралу шегінде үлгінің зақымдалу аймағының өлшемі қабылданады. Конструкция бетінде зақымдалу нүктесінен алынған ға дейінгі нүктеде, қыздыру аймағы шекарасынан оған перпендикулярлы (вертикальды констркуциялар үшін жоғары, горизонтальды конструкциялар үшін әр жағынан) жүргізіледі. Өлшемдер нәтижесі үлкен жағына 1см-ге дейін дөңгелектенеді. Конструкция бойынша 0-ге тең, өрттің таралу шегін қабылдау, егер бақылау аймағында үлгінің зақымдалған өлшемі 5см –ден аспаса, вертикальды үшін және горизонтальды конструкция үшін 3 деп алуға рұқсат етіледі.

Өрт қауітілігі бойынша құрылыстық конструкцияға сәйкес тексеру талаптары салыстыру әдісімен жүзеге асады. Конструкцияның қажетті өрт тұрақтылық шегі мен нақты мәні салыстырылады, сонымен бірге нақты немесе конструкция бойынша өрттің рұқсат етілген таралу шегі. Егер Пф = Птр, қауіпсіздік шарты сақталса, онда құрылыстық конструкция өрт қауіпсіздігі талаптарын қанағаттандырады.

Өрт қауіпсіздік талаптарына құрылыстық конструкцияның сәйкенстік әдісі келесідей қортындыланады:

 

 

5-сурет.Горизонтальды қоршағыш конструкциямен үлгіні өрттік пешке орналастыру: 1-өрттік пеш; 2-үлгі; 3-өрттік пештің тесігі; 4-минералды мақтамен тығыздау; 5, 6-термобулар (6 термобуды жанбайтын материалдан жасалған қабаттан, өрттік пешке жақын шекарада орналастыру керек); 7 –бақылау аймағы; 8 –бақылау аймағының шекарасы; 6- сурет. Вертикальды стержендік онструкциядан үлгіні өрттік пешке орналастыру: 1- өрттік пеш; 2- үлгі; 3- өрттік пештің тесігі; 4- термобулар; 5- бақылау аймағы; 6- бақылау аймағының шекарасы.

7-сурет. Горизонтальды стерженді конструкциялардан үлгіні өрттік пешке орналастыру схемасы: 1- өрттік пеш; 2 -үлгі; 3 -өрттік пештің тесігі; 4 - минералды мақтамен тығыздау; 5 - тер­мобулар; 6- бақылау аймағы; 7- бақылау аймағының шекарасы.

Сипаттамаларын олардың өрт тұрақтылық дәрежесіне байланысты конструкциялау 10 кестеде1 келтірілген.

1) жарылыс қауіпсіздігі мен басқа да факторлар бойынша категориясы, ғимараттың қабаттылығ, алаңы, белгіленуіне байланысты, ғимараттың қажетті өрт тұрақтылық дәрежесін, басқару немесе салалық нормалар бойынша бекітіледі.

2) ҚР 2.02-05-2002 СНмЕ. Бойынша ғимараттың қажетті өрт тұрақтылық дәрежесі негізінде, басты құрылыстық конструкция мен өрттің қажетті таралу шегінің қажетті өрт тұрақтылық шегін, осы конструкциялар бойынша анықталынады.

3) Ғимараттың конструктивті сипатының нәтижесіне (қалыңдығы, кесе көлденең қиманың өлшемі, бетонның қорғаныстық қабатының қалыңдығы) сәйкес "Конструкцияның өрт тұрақтылық шегін анықтау бойынша концентрация мен материалдардың жанғыштық тобы бойынша өрттің таралу шегіне жәрдем" конструкцияның нақты өрт тұрақтылық шегі және концентрациясы бойынша нақты өрттің таралу шегін табады.

4) Өрт тұрақтылықтың нақты шегі қажеттісімен салыстырылады, ол конструкция бойынша өрт таралуының нақты шегі, рұқсат етілген өрттің таралу шегімен салыстырылады, содан кейін құрылыстық конструкцияға сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарына қортынды жасалынады.

10-кесте

Өрт тұрақтылық дәре жесі Конструктивті сипаты Өрт тұрақ тылық дәре жесі Конструктивті сипаты
  II     III     III a   III б Беттік және плиталы жанбайтын материалдарды қолданумен темір бетонды немесе бетонды, жасанды тас материалдан немесе табиғи материалдан жасалған қоршағыш және тасушы конструкциялар ғимараты   Сол сияқты. Ғимаратты жуу үшін қорғалмаған болат конструкцияларды қолдануға рұқсат етіледі   Темір бетоннан және бетоннан, табиғи және жасанды материалдардан жасалған қоршағыш және тасушы конструкциялы ғимараттар. Қоршау үшін жанбайтын материалдармен немесе қорғалағн тегістеумен,, сонымен бірге плиталы материалдармен, ағаш конструкцияларды қолдануға рұқсат етіледі. Қоршау элементтеріне өрт тұрақтылығы мен өрттің таралу шегі бойынша талаптар қойылмайды, сонымен бірге шатырлы қаптаманың ағаштан жасалған элементтері өрт қорғаныстық өңдеуден өту керек   Каркасты конструктивті схемамен ерекше ғимарат. Каркастың элементтері қорғалмаған болат конструкциялардан жасалған.   Полировкадан өткен болат беттері немесе басқа жанбайтын беттік материалдардан жасалған – қоршағыш конструкция. Ғимараттың артықшылығы бір қабатты каркасты конструктивті схемамен. Каркастың элементтері – толық немесе жапсарланған ағаштар, ол өрттің таралу шегінің талаптарын қамтамасыз етеді және ағаштан немесе сол негізде жасалған материалды қолданумен, орындалған элементті жинау бойынша – қоршағыш конструкциялар.     IV   IVa     V   Қоршағыш материалдардың ағашымен басқада жанғыш материалдары өрт қорғанысты өңдеуден өту керек немесе өрт пен жоғары температураның әсерінен қорғалуы керек, олар өрттің таралуын қамтамасыз ету керек.     Плиталы материалдармен және жанбайтын беттермен немесе жонағы температуралы тегістеумен және өрттің әсетінен қорғалған басқа жанбайтын материалдардан және жапсарланған тлоық ағаштан жасалған қоршағыш және тасушы конструкциялармен ғимарат. Қаптау элементтеріне өрттің таралу шегімен, өрттің тұрақтылық шегібойынша талаптар қойылмайды, сонымен қатар ағаштан жасалған шатырлы қаптамалар элеметтері өрт қорғаныстыөңдеуден өту керек.   Каркасты конструктивті схемамен ерекше, бір қабатты ғимарат. Каркастың элементтері қорғалмаған болат конструкциялардан жасалған. Қоршағыш конструкциялар, жанғыш жылытқыштармен, болат филировкадан өткен беттер мен басқада жанбайтын материалдар.     Тасушы және қоршағыш конструкциялы ғимараттар, оларға өрт тұрақтылық және өрттің таралу шегі бойынша талаптар қойылмайды.

Әдебиеттер: нег. 3 (55-60); қос. 1 (38-39).

Бақылау сұрақтары:

1.Құрылыстық конструкцияға өрттің таралуына сынау әдісінің мәні неде?

2.Өрттің таралуына үлгіні сынаққа ұстап тұрудың қандай көрсеткіштері болу керек?

3.Стерженді конструкцияларды өрттік әсерге қалай ұшыратады?

4.Конструкцияны сынау кезінде нені міндетті түрде бақылау керек?


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1399 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті | ПӘННІҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМААСЫ - Syllabus | Осымша әдебиеттер | Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі негіздері. | Рт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық шаралар | Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері. | Бақылау сұрақтары | Дәрістің тақырыбы: Электр қауіпсіздігі. | Дәріс тақырыбы 10: Найзағайдың әсерінен болатын өрт жарылыс қауіпсіздігі. | Дәрістің тақырыбы: Өрт кезіндегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттар мен үймереттерді топтау.| Дәрістің тақырыбы: Өндіріс технологиясындағы өртке қарсы шаралар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.056 сек.)