Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бақылау сұрақтары

Читайте также:
  1. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  2. Бақылау сұрақтары
  3. Бақылау сұрақтары
  4. Бақылау сұрақтары
  5. Бақылау сұрақтары
  6. Бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау

1.Қауіпті факторларға анықтамалар беріңіз.

2.Өрттің екінші қайтара факторлары дегеніміз не және осы факторлардың қандай салдарлары болуы мүмкін?

3.Өрттің пайда болу, мүмкіндігі неге байланысты?

4. Өрттің өлшемдері қандай негізгі факторларға байланысты?

5.Өртке қарсы қорғаныс немен қамтамасыз етіледі?

6.Өрт күші қандай факторларға байланысты?

3-дәрістің тақырыбы: Заттар мен материалдарының өрт қауіптілігі.

Материалдар мен заттардың жарылыс өрт қауіптілік қасиеттерін зерттеу, өрт жүйесінен жанғыш ортаны шығаруға бағытталған өрт профилактикасының негізгі шарттарының біреуі болып табылады.

Заттар мен материалдардың агрегаттардың жағдайы бойынша келесілерге бөлінеді: газдар-заттардың + 250С температура мен 101,3 кПА қысымдағы, қаныққан буларының қысымы, 101,3 кПА-дан асып кетеді; сұйықтар да сол сияқты, бірақ қысым 101,3 кПА-дан аз. Сұйықтарға сол сияқты қатты балқытылған заттар жатады (парафин), балқу температурасы мен тамшыға айналуы -500С аз, қатты материалдар мен олардың қоспалары, балқу температурасы мен тамшыға айналуы 500 С көп (мысалы, вазелин -540С), сонымен бірге балқу температурасы жоқ (ағаш, мата және тағы басқа); шаңдар, диспергирленген (аэрозольды) қатты заттар мен материалдар, бөліктерінің өлшемі 850 мкм-нан аз (0,85мм).

Егер өрт адам қатысынсыз жанса, шығынға әкеледі, ал егер адам қатысуымен жанса өрт болмайды, ол шығынға әкелмейді.Барлық жанғыш заттарды (жанатын) жану реакцияларына қатысатын негізгі газауалық қоспаның компененттері болатын, сутегі меноттегі бар.

Терминдер мен анықтамалар

Жану – бұл тұрмыста және өндірістеадамның әртүрлі қажеттігін қамтамасыз ету үшін, бағытталған жарық пен жылу бөлінумен, жанғыш заттардың химиялыө тотығу үдірісінің жылжам жүруі немесе ұйымдастырылған үдіріс. Егер өрт, арнайы ошақтан тыс бақылауынсыз жанса, онда жанудың өзі арнайы ошақта басқарылады (газ плитасы, домна пеші және жылу станциялары).

Жану үш жағдайда болуы мүмкін: жанғыш зат (қатты сұйық және газдар) тотықтырғыштың жеткілікті көлемі (оттегі, хлор, фтор, бром, иод) белгілі температурасымен, тұтану көзінің белгілі қуаты (жалын, ұшқын).

Өрттің негізгі себептері болып: оттың және дәнекерлеу жұмыстарын дұрыс жүргізбеу; отқа назар аудармау; жылыту пештері мен қондырғыларын пайдалану ережесін бұзу, тұрақты электр найзағай разряды, шаңды газды ауалық қоспалар мен булар жарылысы; үйкеліс кезіндегіқызу мен ұшқындану; электр жабдықтары, кабелдік тораптар және электр қондырғыларының ақауы; жанғыш заттардың өздігінен жануы; технологиялық режимді бұзу; аттыру жұмыстары; трактілер.

Жоғарыда аталған себептерді экзогенді өрттерге жатқызуға болады.

Эндогенді өрттердің себептері болып: тотықтыруға қабілетті материалдардың болуы (ұсақталған көмірдің, торфтың, сланцтың, руданың жиналуы); жанған бөліктердің бетіне тотықтырғыш оттегінің жиналуы; өздігінен жану ошағындағы жылудың қайтуы қиындығы; жану фазасына өту үдірісі мен материалдардың орташа және төмен температурада тотығуын жүргізу үшін, жоғарыда ұсынылған үш жағдайды белгілі уақыт аралығында сақтау.

Жанғыш қоспаның қасиетіне байланысты жану – гемогенді болады (грекше homogenes – құрамы бойынша бірдей) және гетерогенді (грекше gter – күрделі). Гемогенді жану кезінде алғашқы заттардың агрегатты жағдайы бірдей, мысалы газдардың жануы. Қатты және сұйық заттардың жануы гетерогенді болады.

Жануды келесі түрлерге бөлуге болады: тұтану, жалындау, өздігінен тұтану, жану және жарылыс. Тұтану жанғыш қоспалардың сығылған газсыз, тұтану көзімен жағу кезіндегі жылдам жану.

Жанғыш қоспа- жанғыш газдар мен булардың ауамен қоспасы.

Тұтану температурасы сұйықтар мен материалдардың жануына потенциалды дайындығымен сипатталынады. Жанғыш сұйықтар өрт қауіпсіздігі дәрежесі бойынша, келесі класстарға бөлінеді: 1- тұтану температурасы 280С –ға дейінгі жеңіл тұтанатын сұйықтар (ЖТС),

(ацетон, бензин, метил спирті); 2- ЖТС, тұтану температурасы 28-450С (лигроин, жеңіл мұнай, керосин); 3- тұтану температурасы 46-1200С (матор және трансформатор майы, солярка); 4- тұтану температурасы 1200С-дан көп (мазут, солидол, машина майы, асфальт). 3 және 4 кластар жанғыш сұйықтарға жатады (ЖС).

Тұтану – алаудың пайда болуымен, жағу көзінің әсерімен болатын жану.

Өздігінен тұтану – бұл ашық оттың қатынасынсыз, ішкі қыздырылған жылу көзінің тұтану үдірісі (жану). Оның мысалы ретінде майланып кеткен ескі торфты алуға болады.

Өздігінен жану – сырттағы жылу ағынының қатысынсыз, оттегінің ауамен тотығу нәтижесінде жанғыш материалдың жануы (көмірдің, сланецтың, темір сульфидінің жануы).

Жану – тұтандыру көзінің әсерінен болған жану.

Жарылыс – көп мөлшерде энергия бөлінетін және көбейту есебінде жұмыс жүргізуге қабілетті, сығылған газдар түзілетін, заттардың жылдам жүретін физико- химиялық жарылысы.

Жарылыс мысалына, іштен жанатын двигательдердің жұмысын жатқызуға болады. Жарылыс кезіндегі газдың қоспасының қысымы 1 мПа, А +1500-20000С – ға жетеді.

Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігін бағалау кезінде, олардың агрегатты жағдайын ескеру керек. Жану үдірісі газдық ортада жүретін болғандықтан, өрт қауіптілігі көрсеткішінің сапасына, шарттарын ескеру қажет. Өрт қауіптілігінің негізгі көрсеткіштеріне, өздігінен тұтану температурасы мен тұтанудың консентрациялы шегі жатады. Жануға және алауды таратуға қабілетті ауадағы жанғыш газдар мен булардың минимальды консентрациясы, тұтанудың төменгі консентрациялы шегі деп аталады.

Бірнеше газдар мен сұйықтардың төменгі өздігінен тұтану шегі 1- кестеде келтірілген. 1-кесте

Заттар мен материалдардың атаулары Өздігінен тұтану температурасы˚С Заттар мен материалдардың атаулары Өздігінен тұтану температурасы, ˚С
Ацетон   Метан  
Ацетилен   Метил спирті  
Амил спирті   Метилацетат  
Аммиак   Нитробензол  
Бензин   Көмір тотығы  
Бензол   Пропан  
Қағаз   Пропил спирті  
Бутан   Күкіртті көміртек  
Бутил спирті   Күкірт  
Жасанжы жібек   Күкіртті сутек  
Сутегі   Скипидар  
Глицерин   Соляр майы  
Екі этилді спирті   Толуол  
Отын   Уксус қышқылы  
Тас көмір   Целлюлоза  
Керосин   Мақта майы  
Кастор майы   Этил спирті  
Зығыр майы   Этилацетат  
Мазут   Этан  

Төмен бір қатар сұйықтардың тұтану шегі 2- кестеде келтірілген. 2 -кесте

Сұйықтар Тұтану температурасы, ˚С Сұйықтар мен газдар Тұтану температурасы, ˚С
Ацетон   Скипидар  
Амил спирті   Керосин  
Бензол   Глицерин  
Бутил спирті   Уксус қышқылы  
Бензин   Этил спирті  
Метил спирті   Метан  
Соляр майы   Толуол  
Авиабензині   Екіхлорэтан  
Мұнай      

Ескеру керек, ұшқынның температурасынан жоғары температурағы дейін, жанғыш сұйықтарды қыздырумен байланысты, технологиялық үдірістер- жарылыс қауіпті ұшқын болады. Температурасы жеткілікті болған кезде, ауамен жеті қос сұйықтар ғана жанады, ал сұйықтардың өзі жанбайды, жану жылдамдығы сұйықтардың булану жылдамдығынан жоғары. Сондықтан, сұйықтардың бір қалыпты жануы үшін, ұшқын температурасынан жоғары қыздыру керек, сұйықтың булану жылдамдығы, қоспаның жану жылдамдығын қуып жету үшін. Сұйықтар мен газдардың негізгі жарылыс қауіпті көрсеткіштеріне 3- кестеде келтірілген көлемі бойынша

(ТЖШЗР, ЖЖШЗР), %- төменгі және жоғарғы жарылғыштық шегі жатады.

Газдар мен сұйықтардың жарылғыштық шегі, көлемі бойынша, %

Газ, сұйық ТЖШзр, % ЖЖШзр, % Газ, сұйық ТЖШзр, % ЖЖШзр, %
Ацетилен 2,5 80,0 Керосин 1,4 7,5
Аммиак 15,0 28,0 Күкірт сутегі 4,3 45,5
Бензин 0,8 5,1 Көміртегі тотығы 12,5 74,0
Сутегі 4,0 74,0 Этан 3,2 12,45
Метан 5,0 15,0 Этилен 2,75 28,0
Метил спирті 6,72 36,5  

Газдар мен сұйықтар ғана жарылмайды, сонымен бірге шаңда жарылады. Ішкі шаңның (аэрозоль) жарылыс қауіптілігі келесідей сипатталады: тұтанудың төменгі консентрациялы шегі (жарылғыштығы) г/м3; өздігінен тұтану температурасы; тұтанудың минимальды энергиясы, тұтану қауіптілігін жою үшін қабылданатын жанбайтын шаңдардың минимальды консентрациясы.

Аэрозольдың жарылғыштығының төменгі шегі тұрақты емес және дисперстілігі мен ылғалдылығына (бөліктерінің өлшемі) байланысты.

Өлшенген шаң, егер ТЖШ ЗР 60г/м3 –нан аспаса, жарылыс қауіпті деп есептелінеді. Әсіресе жарылыс қауіпті, ТЖЖ ЗР 15г/м3- нан аз болмаса.

Төменде ТЖШ зр –дің бір қатар шаңдары келтірілген г/м3:

- отын шаңы – 25,2;

- торф шаңы – 10,1;

- көмір шаңы – 12,4;

- күкірт (фракция 250 мк) – 23,0;

- қант (фракция 850 мк) – 15,0;

- темір – 100.

Жарылғыштық қасиеттері бар сланецты, колчеданды кен орындарындағы зиянды күкіртті жатқызуға болады.

Әдебиеттер: нег. 1(4-28); қос. 2(174-176).

Бақылау сұрақтары:

1.Жану мен өрт түсінігінде нені жобалауға болады?

2.Жанудың қандай түрлері бар және олардың анықтамалары?

3.Тұтанудың жоғарғы және төменгі консентрациялы шегі деп нені айтады?

4.Газдар, сұйықтар және шаңдардың жарылыс қауіптілігі көрсеткіштеріне не жатады?

 

4-дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимарат пен үймереттерді категорияға бөлу.

Өндірістің категориялары РНТП 01-94 «Ғимараттарды, үйлерді және үймереттерді жарылыс өрт қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша категоияларын анықтау» ғимаратта жарылыс қауіпті қоспа түзуі мүмкін жанғыш заттардың санын есептеп және қасиетіне сәйкес жүргізіледі.

Нормалармен ғимараттың келесі категориялары бекітілген: А (жарылыс өрт қауіпті); Б (жарылыс өрт қауіпті); В14 (өрт қауіпті) бұлар суық қалпында жанбайтын материалдарды өңдеу және жанғыш материалдардың бар болуына сәйкес сипатталады. Егер жарылыс қауіпті қоспаның есептік көлемі ғимараттың бос көлемінен 5%-ке асып кетсе, онда ғимарат А және Б категориясына жатады. Егер жарылыс қауіпті қоспаның көлемі 5% -ке тең болса немесе аз болса, онда жарылыс қауіпті деп саналмайды. Г және Д (өрт қауіпті) категориясы.

Жарылыс қауіпті А категориясы – жарылысқа және өртке қабілетті заттарды қабылдаумен байланысты, сумен, ауадағы оттегімен немесе бір – бірімен әрекеті кезіндегі өндіріс. Төменгі тұтану шегі 10 % -ке тең немесе ауа көлемі қатнасы бойынша аз жанғыш газдар; ғимараттың көлемінен 5 % -ке асатын көлемдегі жарылыс қауіпті қоспа түзуі мүмкін, берілген газдар мен сұйықтардың шартымен булардың ұшқынының температурасы 28 0С –қа дейінгі сұйықтар.

Осы категориядағы өндіріске жататындар, мысалы күкірт көміртекті эфирлі, ацетонды өндірістер.

Жарылыс өрт қауіпті Б категориясы – жанғыш газдарды қолданумен байланысты өндіріс, төменгі тұтану шегінің ауа көлеміне қатнасы бойынша 10% -ке көп, буларының ұшқын температурасы 28 0С –дан 61 0С-қа дейінгі сұйықтарды қоса алғанда; ұшқын температурасына дейін және одан жоғары өндіріс жағдайындағы қыздырылған сұйықтар, жанғыш шаңдар мен талшықтар, төменгі тұтану шегі 65г/м3 –ке тең немесе аз, осы газдар, сұйықтар және шаңдар ғимарат көлемінен 5 %-ке асатын көлемдегі жарылыс қауіпті қоспалар түзуі мүмкін.

Осы категорияның өндірісіне мысалы, компрессорлы, ұсақтағыш диірменді жатқызуға болады.

Жарылыс қауіпті В категориясы – булардың ұшқынының температурасы 61 0С –дан жоғары сұйықтарды қабылдаумен байланысты өндірістер; жанғыш сұйықтар мен талшықтарның төменгі тұтану шегінің температурасы 65г/м3- тан көп; сумен, ауадағы оттегінің немесе бір – бірімен арақатнасы кезіндегі жануға қабілетті заттар, қатты жанғыш заттар мен материалдар.

Ондай өндірістерге майлағыш майларды регенерациялау цехтары, будың ұшқын температурасы 120 0С –дан жоғары сұйықтарды айдайтын енгізу станциялары жатады.

Өрт қауіпті Г категориясы – өңдеу үдірісінде сәулелі жылу, ұшқын немесе жалын бөлінумен жүретін, балқытылған немесе қатайған ыстық қалпындағы жанбайтын заттар мен материалдарды қабылдаумен байланысты, өндіріс; қатты, сұйық және агз тәрізді заттарды сығып немесе отын ретінде пайдаланады. Г категориясына котелдік, құймалық және мартендік цехтарын жатқызуға болады.

Өрт қауіпті Д категориясы – жанбайтын заттар мен материалдарды салқын қалпында қоданумен байланысты, өндірістер.

Осы категорияларға көбінесе құрылыстық индустриялы мекемелер жатады.

Өндірістің категориясымен өртке қарсы қорғаныстың техникалық құралдарын жобалау бойынша шараларды анықтайды.

Өндірісті өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша категорияға бөлу келесідей кезекпен есептелінеді:

1. Жарылыс қауіпті қоспаның көлемі

(9)

V – сұйығы бар ыдыстың көлемі;

G – жанғыш сұйықтардың жалпы саны;

γ еріткіштің тығыздығы (г/м3);

С ж.т.ш. – сұйықтың жарылғыштығының төменгі консентрациялы шегі.

Апат кезіндегі аппаратттарын немесе құбыр өткізгіштен, ыдыстан барлық жанғыш сұйықтар ағып кетеді деп саны.

Жанғыш сұйықтардың жалпы саны:

G = GАП + GТР + Gемк - GK, (10)

мұндағы GАП, GТР, Gемк и GK каналдық құймаға жіберілетін ыдыстағы, құбыр өткізгіштегі, аппараттағы сұйықтың сәйкес салмағы (грамм).

Егер жарылыс қауіпті қоспаның көлемі көлемі (9) формула бойынша анықталған, ғимараттың (Vвс0,05VПОМ) бос көлемнен 5 %-ке көп болса, онда өндріс жарылыс қауіпті категорияларға жатады, (А, Б). Егер (V вс < 0,05 V ПОМ) болса, онда өндіріс жарылыс қауіпті емес.

2. Ғимарат көлемінен 5 % көлемде бу ауалық жарылыс қауіпті қоспаның түзу уақыты

,

мұндағы 0,18 – шамалардың өлшемдігі мен қорын ескеретін коэффициент; VПОМ ғимараттың көлемі, м2;

К – жанғыш сұйықтардың температурасын, ғимараттағы ауа температурасын, ауа қозғаласының жылдамдығын ескеретін коэффициенті;

РН қанныққан будың қысымы, мм рт. ст.;

F – сұйықтың булану бетінің ауданы (м2), жанғыш сұйықтарды буланған кезде қабылданады, 1 м2 аудан бетімен 1 л сұйық ағып өтеді (бензин, спирт, керосин):

М – сұйық тың молекулярлы салмағы, г.

Егер жарылыс қауіпті бу ауалық қоспаның түзілу уақыты τ 5% 1сағ, болса, онда өндіріс жарылысқа қауіпті емес (В, Г, Д категориясы), егер τ 5% < 1сағ, онда өндіріс жарылыс қауіпті (А, Б).

А және Б ғимараттарының категорияларын анықтау ешқандай есептеусіз жүргізіледі.

1.Технологиялық үдірісте қолданылатын заттар мен материалдарының қасиеті мен санына байланысты жеке ғимараттар, үймереттер, үйлер, жарылыс өрт қауіпсіздігінің ешқандай арнайы есептеуінсіз бұрынғы және осы категорияларға жатқызуға болады.

2. А және Б категориялы жарылыс өрт қауіпті ғимараттың көлемі ұшқын температурасынан жоғары қыздырылған жанғыш газдармен тез тұтанатын, жанғыш сұйықтардың айналуымен байланысты технологиялық қондырғылары жатуы мүмкін, ал сонымен бірге сумен, ауадағы оттегімен немесе бір – бірімен әрекеті кезіндегі жарылуға және жануға қабілетті заттардың айналуымен байланысты ғимараттар, олардың саны 100м3 өндірістік ғимараттан 0,2 кг-ға көп болады (сілтілі металлдар, ЖЗ- дан басқа).

3. Ғимараттағы шөгіп қалған шаңның санын, іс- жүзінде анықтау мүмкін болмаса, технологиялық үдірісте жанғыш шаңның бөлінуімен байланысты, ғимараттың категориясын жанғыш шаңның төменгі тұтану шегінің мәні бойынша анықтау керек.

4. Егер ғимаратта тұтанудың төменгі консентрациялы шегі 65 г/м3 –қа тең немесе аз болса шаң түзілсе, онда берілген ғимаратты Б категориясына жатқызу қажет.

5. Ғимараттағы шаңның тұтануының төменгі концентрациялы шегі 65г/м3 немесе аз болып, Б категориясына келесі шарттар орындалса жатпайды:

а) егер ауадағы өлшенген шаңның максимальды мүмкін саны мен ғимараттағы шөгіп қалған шаң тұтану кезінде ғимаратта жарылыстың асқын есептік қысымы 5 кПа –дан асып кететін жарылыс қауіпті шаң ауалық қоспа түзу үшін жеткіліксіз болып, есептеуге негізделген болса;

б) қатты сусымалы материалдарды (реактивтерді өлшеу, азық- түлік өнімдерін орау және тағы да басқа) ғимаратта қолмен эпизодикалық операция жүргізілсе;

в) ыдыста сусымалы заттарды ғимараттарда сақтау кезінде, егер механикалық тасмаладау мен штабельдеу құралдары қолданбаса.

В ғимаратының категорияларының анықтамалары.

1. Технологиялық үдірістердің жартысынан көбі өндірістік ғимараттардың жарты ауданы қатты жанғыш заттар мен материалдарды қабылдаумен байланысты ғимарат, жанғыш сұйықтардың буының ұшқын температурасы 61°С, жанғыш шаңдардың төменгі концентрациялы тұтану шегі 65 г/м3 көп, ал сонымен бірге сумен ауадағы отттегімен немесе бір - бірімен әрекеттесуі кезіндегі жануға қабілетті заттарды міндетті түрде В категориясына жатқызу керек.

2. В категориясы материалдар мен жанғыш заттардың кішкене мөлшерін салыстымалы өндірістік ғимараттарда қолдану кезіндегі 10 м2 өндірістік ғимаратқа келетін жану күші бойынша анықталады.

3. Егер ғимаратта төмендегі аталған заттар мен материалдардың қандай да біреуі ғимаратта қолданылса, онда В категориясында, жану күші келесі шамалардан асып кететін ғимараттарды жатқызу қажет (орташа 10 м3 ғимаратта):

а) ағаш, қағаз үшін 32кг

б) резеңке, каучук үшін 11 кг

в) пластмасса үшін 11 кг

г) жанғыш сұйықтар үшін 13 кг

4. Егер ғимаратта әртүрлі жанғыш материалдар қолданылса, онда В ғимаратының категориясын анықтау, ғимараттың 10 м2 учаскесінде жану кезінде болған жылулық кернеуі бойынша жүргізіледі. Егер жылу кернеуі 5·108 Дж шамасынан асып кетсе, онда ғимарат өрт қауіпсіздігі бойынша В категориясына жатады.

Есептеу кезінде формуланы қолданады:

Qt = ∑ηi QH qi

мұндағы Qt ғимараттағы заттардың жану кезінде, пайда болған қосынды жылу кернеуі Дж/10 м3;

ηi жанбай қалу коэффициенті, қатты жанғыш материалдар үшін0,95 –ке тең деп, жанғыш сұйықтар үшін 0,75 деп қабылданады;

QH жанғыш заттардың жануының төменгі жылуы, Дж/кг; олардың шамасы анықтамалар мәліметтерімен немесе экспериментальды жолмен анықталынады;

qi 10 м2 ғимаратқа келетін, әрбір заттың жану күші, кг.

5. Егер 10 м2 ауданда алынған қосынды жылу кернеуі 5·108 Дж аспаса, онда ғимарат өрт қауіпсіздігі бойынша Д категориясына жатады.

6. Жеке жағдайларда заттар мен материалдарды өндірістік және қоймалық ғимараттарға орналастырғанда, жергілікті сипаты белгілі және жанғыш сұйықтардың учаскенің шегінен ары қарай ағуға қарсы шаралар қолданған, жану күші, осы заттармен орын алған ауданда ғана анықталады. Жану күші артқан кезде осы учаскелерді В категориясына жатқызу керек және өрт дабылымен жабдықтау керек.

7. Қоймалық ғимараттарда жанғыш заттар мен материалдарды сақтау кезінде 1м2 ғимаратта жану күшінен тәуелсіз, В категориясына жатқызылады.

8. В категориясына жанбайтын материалдар мен заттар (аспаптар, жабдықтар), жанбайтын жұмсақ немесе қатты ыдыста сақталынатын қоймалар мен ғимараттар жатқызылады, ал сонымен бірге орамды аммортизациялық және конверциялық материалдарды қолданумен.

9.Лабораториялық бөлмелер В категориясына жатады, келесідей жағдайларда:

а) лабораторияда аз мөлшерде авария кезінде төгілуі немесе булану жарылыс қысымын 5 кПа көп түзетін ЖТЗ мен ЖЗ жұмыстарын жабық шкафта жүргізу;

б) лабораторияда органикалық заттармен әрекеттесуі кезінде, оларды жағуға қабілетті химреактивтерді қолдану.

10. В категориясына коммуникациялық каналдарды, кабельдік туннельдерді жатқызу және оларға жанғыш оқшаулағыш 12 –ден көп бақылау кабельдері мен күштік астарларын жатқызу қажет.

11. В категориясына трансформаторлы май мен басқа жанғыш толтырғыштардың (трансформаторлар, ауыстырып қосқыштар) бар болуымен электротехникалық жабдықтарды орналастыру үшін, негізделген ғимараттар жатады.

12. 2,3,4,5 пункттерінің талаптарынан 1 және 2 ғимараттағы өрт тұрақтылық дәрежесінде ғана В және Д ғимаратының категорияларын анықтау үшін басқару керек.

Сонымен бірге, өрт жарылыс қаіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша категорияларын анықтау кезінде, келесі ерекшеліктерін ескеру қажет.

Ғимарат А категориясына жатады, егер А категориялы ғимараттың қосынды ауданы барлық ғимараттың ауданынан 5 %- ке артық болса немесе 200 м2 көп болса. А категориясына жатпайтын ғимаратқа рұқсат етеді, егер А категориясының ғимаратының қосынды ауданы, ғимараттағы барлық орналасқан қосынды алаңдардан 25 %-ке аспаса (бірақ, 1000 м2-тан көп емес) және осы ғимараттар автоматты өрт сөндіргіш қондырғыларымен жабдықталса.

Егер бір уақытта екі шарт орындалса, ғимарат Б категориясына жатады:

а) ғимарат А категориясына жатпаса;

б) А және Б категориясының ғимараттарының қосынды ауданы, барлық ғимараттың ауданынан 5 % -ке немесе 200 м2 асса.

Б категориясына жатқызбауға рұқсат етіледі, егер А және Б категориялы ғимараттардың қосынды ауданы ондағы барлық ғимараттардың қосынды ауданынан 25 % -ке аспаса (1000 м 2 –тан көп емес) және автоматты өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталса.

Ғимарат В категориясына жатқызылады, егер бір уақытта екі шарт орындалса:

а) ғимарат А және Б категориясына жатпаса;

б) А, Б және В категориялы ғимараттың қосынды ауданы, барлық ғимараттың (10 %, егер, А және Б категориялы ғимарат жоқ болса) қосынды ауданынан 5 % -ке асады.

Ғимаратты В категориясына жатқызуға рұқсат етіледі, егер, А, Б және В категориялы ғимараттың қосынды ауданы, ғимараттағы барлық орналасқан қосынды аудандардан 25 % -ке аспаса (бірақ, 3500 м2 көп емес) және осы ғимараттар автоматты өрт сөндіргіштермен жабдықталса.

Ғ имарат Г категориясына жатады, егер бір уақытта екі шарт орындалса:

а) ғимарат А, Б немесе В категориясына жатпайды;

б) А, Б, В және Г категориялы ғимараттың қосынды ауданы, барлық ғимараттың қосынды ауданынан 5 % -ке артады.

Г категориясына ғимаратты жатқызбауға рұқсат етіледі егер А, Б,В және Г категориялы ғимараттардың қосынды ауданы, осындағы барлық аудандардың қосынды аудандарынан 25% -ке аспаса (бірақ, 5000 м2 аспаса) және А, Б, В категориялы ғимараттар өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталса.

Ғимарат Д категориясына жатады, егер А, Б, В немесе Г категорияларына жатпаса.

Өрт қауіпті В категориясына технологиялық үдірісте болатын немесе жанғыш материалдар айналатын ғимараттарды жатқызу керек, осыдан өрт қауіпсіздігінің деңгейі өрт күші сияқты критериилерді енгізумен ескеріледі және меншікті уақытша өрт күшінен (технологияда) тәуелді В категориялы ғимаратты 4 категорияға бөлумен (В1, В2, В3, В4) сәйкес дифференциалды топтамамен бекітіледі. Д категориясына (өртке қауіпсіз) жанығш материалдарды қолданбайтын ғимараттар жатады (құрылыстық концентрацияның есебінсіз).

Демек, B1, B2 және В3 категориялары өртке қарсы қорғаныс талаптары бойынша, негізделген қазіргі уақытта нақты құрылыстық нормалармен В категориясының ережесіне сәйкес, ол В4 категориялы іс – жүзінде анологиялық Д категориясында бар (көп емес өрт күшімен).

Ғимараттарды категорияларға бөлудің өзінің концепциясының өзгеруімен (В және Д) және 105 ӨҚН жаңа нормасын енгізуді ескере отырып, қазіргі СНмЕ – ге өзгерістер енгізіп және жасап, сонымен бірге «Өрт жарылыс қауіптілігі мен өрт қауіптілігі бойынша ғимараттар категориясы» 4-бөліміне қосымша жұмыстар жасау. Ресейдің Құрылыс Министрлігі Ресейдің ІІМ МҚӨҚБ мен бірігіп, жобалау кезіндегі ӨҚН ұсынған сұрақтарды қабылдауды қарастырады және өндірістік ғимараттарды, қоймаларды және ауыл шаруашылық ғимараттарын, үйлерін жобалау кезінде құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес өзгерістер енгізудің алдында, ұсынылған нормалардағы өртке қарсы шараларды белгілеу кезіндегі келесі жағдайлармен басқару керек:

- В1, В2, В3 категориялы ғимаратына В категориясы үшін, бекітілген СНмЕ талаптарын қабылдау керек. Демек В1 категориялы ғимараты үшін оқшаулау жолының нормаланған көрсеткіштері мен осындай ғимараттардың аудандары (егер бұл аудан нормамен бекітілген болса) бойынша өте қатаң талаптар қою керек (20 %-ке). В3 категориялы ғимараттар үшін, негізделген жағдайда В категориясының талаптарын салыстыру бойынша осы талаптарды қатаңырақ қабылдауға рұқсат етіледі (20 %-ке);

- В4 категориялы ғимаратқа, Д категориясы үшін, қазіргі СНмЕ қойған талаптармен қабылдау керек;

- ӨҚН бекіткен өртке қауіпсіз Д категориясына сәйкес ғимараттарда (мұнда технологияда тек жанбайтын заттар мен материалдарды қолданады), олардың ауданы мен оқшаулау жолының көрсеткіштері нормаланбайды;

- B1, B2, В3 категориялы ғимараттардың категориясын анықтау кезінде (ӨҚН 105-95 бөліміне сәйкес) В категориялы ғимараттың қосынды ауданы, ал В4 категориялы ғимараттың – Д категориялы ғимараттың ауданы ескеріледі;

- В категориялы ғимаратта В1 категориялы ғимарат бар болса, оның рұқсат етілген қабаттылығы мен өрт қимасының ауданын 25 %-ке азайту қажет.

ҚР 2.02-05-2002 СНмЕ сәйкес құрылыс материалдары жанбайтын (Ж) және жанатын (ЖН) болып бөлінеді.

Жанғыш материалдары 4 топқа бөлінеді:

- Ж1 (әлсіз жанатын);

- Ж2 (қатты жанатын);

- Ж3 (қалыпты жанатын);

- Ж4 (өте қатты жанатын).

Жанғыштығын және жанғыштығы бойынша құрылыстық материалдардың топтарын МЕСТ 30244 бойынша бекітіледі.

Жанбайтын құрылыстық материалдарының басқа өрт қауіптіліік көрсеткіштері анықталмайды және нормаланбайды.

Жанғыш құрылыстық материалдарның тұтанғыштығы бойынша үш топқа бөлінеді:

- Т1 (қиын тұтаннатын);

- Т2 (өте қатты тұтанатын);

- Т3 (жеңіл тұтанатын).

Құрылыс материалдарының топтарының тұтанғыштығы бойынша МЕСТ 30402 бекітеді.

Жанғыш құрылыс материалдарының беті бойынша жалынның таралуы бойынша төрт топқа бөлінеді:

- ЖТ1 (таралмайтын);

- ЖТ2 (әлсіз таралатын);

- ЖТ3 (тез таралатын);

- ЖТ4 (өте тез таралатын).

Құрылыс материалдарының топтарының таралуы бойынша, төбе мен еденнің қабаттарының беттері үшін, сонымен бірге көлемдік қаптамалар үшін МЕСТ 30444 бойынша бекітеді. Басқа құрылыс материалдарының топтары үшін, беті бойынша анықталмайды және нормаланбайды.

Жанғыш құрылыс материалдары түтіндегіштік қабілеті бойынша үш топқа бөлінеді:

- Т1 (түтіндегіштік қасиеті аз);

- Т2 (түтіндегіштік қасиеті жоғары);

- Т3 (түтіндегіштік қасиеті өте жоғары).

Жанғыш құрылыс материалдары өнімдері жанғандағы улылығы бойынша төрт топқа бөлінеді:

- У1 (қауіптілігі аз);

- У2 (қауіпті);

- У3 (өте қауіпті);

- У4 (төтенше қауіпті).

Өрт тұрақтылығының минимальды шегі мен өртке қарсы шектеудің типтері немесе олардың элементтерін 4 –кесте бойынша қабылдау керек.

4-кесте

Өртке қарсы шектеулер Өртке қарсы шектеулердің типтері мен олардың элементтері Өртке қарсы шектеулердің минимальды өрт тұрақтылық шегі немесе олардың элементтері, сағ
Өртке қарсы қабырғалар   2,5 0,75
Өртке қарсы дуалдар   0,75 0,25
Өртке қарсы қорғандар   2,5 0,75
Өртке қарсы есіктер мен терезелер   1,2 0,6 0,25
Өртке қарсы қақапалар, люктер, клапандар   1,2 0,6
Тамбурлар-шлюздер тамбурлар-шлюздер элементтері: өртке қарсы қоршаулар өртке қарсы қорғандар өртке қарсы есіктер         0,75 0,75 0,6
Өртке қарсы аймақтар Өртке қарсы аймақтардың элементтері: Аймақтың ішіндегі өртке қарсы қоршаулардың өрт қималарының ғимаратындағы алшақтағы аймақтағы өртке қарсы қабырғалар Бағаналар өртке қарсы қоршаулар қоршау элементтері сыртқы қабырғалар   - - -   - 0,75 0,25 2,5 0,75 0,75 0,75

Құрылыс материалдарының топтарының өнімдерінің жану улылығы бойынша МЕСТ 2.1.044 бойынша бекітеді.

Құрылыстық конструкциялар өрт тұрақтылығы мен өрт қауіптілігі бойынша сипатталады.

Өрт тұрақтылық көрсеткіштеріне өрт тұрақтылық шегі жатады, конструкцияның өрт қауіпсіздік классы сипаттайды.

Құрылыстық конструкциялародың өрт тұрақтылық шегі бір немесе тізбектей бірнеше, берілген конструкция үшін нормаланатын уақыт бойынша (сағатта) шекті қалпының белгілері:

- өзінің қабілеттілігін жоғалту;

- бүтіндігін жоғалту;

- жылу оқшаулағыштың қабылетін жоғалту.

Құрылыстық конструкциялардың өрт тұрақтылық шегі және олардың шартты белгісі МЕСТ 30247 бойынша бекітіледі. Демек терезенің өрт тұрақтылық шегі бүтіндігін жоғалту уақыты бойынша ғана бекітіледі.

Құрылыстық конструкцияларды өрттің таралуына сынау әдісі ҚР 2.02-05-2002 СНмЕ сәйкес орындалуы керек.

Өрт қауіпсіздігі бойынша құрылыстық конструкциялары төрт класқа бөлінеді:

- КО (өртке қауіпсіз);

- К1 (аз қауіпті);

- К2 (қауіпті);

- К3 (өртке қауіпті).

Әдебиеттер: нег. 1 (31-36); қос. 3 (7-10).

Бақылау сұрақтары:

1.Ғимараттарды категорияға бөлу қалай жүргізіледі?

2.Қандай ғимараттар категориясы бекітілген?

3.Б мен Д категориясынан А мен Б класстарының ғимараттарының категориясының қандай айырмашылығы бар?

4.Өрт қауіпсіздігі бойынша құрылыс материалдары қандай топтарға бөлінеді?

5.Жалын таралуы, түтін түзу қабілеттілігі және өнімдерінің жану улылығы бойынша құрылыс материалдары қандай топтарға бөлінеді?

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 533 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті | ПӘННІҢ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМААСЫ - Syllabus | Осымша әдебиеттер | Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі негіздері. | Рт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық шаралар | Дәрістің тақырыбы: Ғимараттар мен үймереттің өрт тұрақтылығын арттыру. | Дәрістің тақырыбы: Өндіріс технологиясындағы өртке қарсы шаралар. | Дәрістің тақырыбы: Электр қауіпсіздігі. | Дәріс тақырыбы 10: Найзағайдың әсерінен болатын өрт жарылыс қауіпсіздігі. | Дәрістің тақырыбы: Өрт кезіндегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігін сипаттайтын көрсеткіштері.| Дәрістің тақырыбы: Өрт қауіпсіздігі бойынша ғимараттар мен үймереттерді топтау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.051 сек.)