Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бақылау сұрақтары. 1. Жазба дегеніміз не?

Читайте также:
  1. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  2. Бақылау сұрақтары
  3. Бақылау сұрақтары
  4. Бақылау сұрақтары
  5. Бақылау сұрақтары
  6. Бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау

1. Жазба дегеніміз не?

2. WITH операторын қандай жағдайда пайдаланады?

3. Бірінің ішіне бірі енген жазбалар қандай жағдайда пайдаланылады?

4. Жазбаның компоненттері қалай өңделеді?

5. Массив және жазбаның айырмашылығы қандай?

 

10– дәріс. Файлдар. Типтелген файлдар.

ДК-дің сыртқы жадысының (қатты дискінің, иілгіш дискетаның, электронды «виртуалды дискінің») аты бар облысын немесе логикалық құрылғы – потенциалды негізді немесе ақпаратты қабылдаушыны файл деп атайды.

Кез келген файлдың үш өзіне тән ерекшеліктері бар: 1) Файлдың аты программаға бірнеше файлдармен бір мезетте жұмыс жасауға мүмкіндік береді; 2) Файл біртипті компоненттерден тұрады. Файлдардан басқа, Турбо Паскальдың кез келген типі компоненттер типі бола алады. 3) Жаңа құрылған файлдың ұзындығы оны жариялауда көрсетілмейді және сыртқы жады құрылғыларының сыйымдылығымен ғана шектеледі.

FILE типін сипаттаудың жалпы түрі:

TYPE NTYPE = FILE OF TC;

мұндағы NTYPE – файлдық типтің идентификаторы.

Файлдық типті немесе файлдық типтің айнымалысын келесі үш тәсілдің біреуімен беруге болады:

NTYPE = FILE OF TC;

NTYPE = TEXT;

NTYPE = FILE;

мұндағы TEXT – мәтіндік файлдардың стандартты типінің аты.

Жариялау тәсіліне байланысты файлдардың үш түрін анықтауға болады:

а) типтелген файлдар (FILE OF … сөзімен беріледі);

ә) мәтіндік файлдар (TEXT типімен анықталады);

б) типтелмеген файлдар (FILE типімен анықталады).

Мысалы:

type

stud = RECORD

FIO: STRING;

ADR: STRING;

GOD: INTEGER;

END;

 

text80 = file of string [80];

VAR

f1: file of char;

f2: text; {f1, f4, f5 – типтелген файлдар,

f3: file; f2 – мәтіндік файл,

f4: text80; f3 – типтелмеген файл}

f5: file of stud;

Жалпы айтқанда, файлдың аты ақпараттарды файлда сақтау тәсілін анықтайды.

Логикалық құрылғылар.

ДК-дің стандартты аппараттық құралдары, яғни пернетақта, дисплей экраны, басып шығарушы құрылғы (принтер) және енгізу-шығарудың коммуникациялық каналдары Турбо Паскальда логикалық құрылғылар деп аталатын арнайы атаулармен анықталады. Олардың барлығы Турбо Паскальда потенциалды негіздері немесе мәтіндік ақпараттарды қабылдауыштар ретінде қарастырылады.

CON – консоль-клавиатураны немесе дисплей экранын анықтайтын логикалық атау.

PRN – принтердің логикалық атауы. Егер ДК-ге бірнеше принтер қосылса, оларға қатынау LPT1, LPT2 және LPT3 логикалық атаулары бойынша жүзеге асырылады.

AUX – ДК-ді басқа машиналармен байланыстыру үшін қолданылатын коммуникациялық каналдың логикалық атауы. Коммуникациялық канал мәліметтерді беруді және қабылдауды жүзеге асыра алады. ДК құрамында COM1 және COM2 логикалық құрылғылардың атаулары берілетін екі коммуникациялық канал бар.

NUL – «бос» құрылғының логикалық атауы. Бұл құрылғы барлығынан бұрын жөндеу режимінде қолданылады және шексіз сыйымдылықтағы ақпараттарды қабылдаушы-құрылғы ретінде айтылады. NUL-ге қатынаған кезде ақпарат көзі ретінде файлдың соңы EOF белгісі беріледі. Логикалық құрылғыны файлдық айнымалымен байланыстыру ASSIGN процедурасымен жүзеге асырылады. Файлдық айнымалы файлдың атымен ASSIGN стандартты процедурасына келесі түрде қатынаудың нәтижесінде байланысады:

ASSIGN (<ф.айн.>, <файлдың аты немесе логикалық құрылғы>),

мұндағы <ф.айн.> - файлдық айнымалы (программада файлдық типтің айнымалысы ретінде жарияланатын дұрыс идентификатор);

<файлдың аты немесе логикалық құрылғы> - файлдың атынан немесе логикалық құрылғыдан тұратын мәтіндік өрнек.

Файл атының алдына фалға жол көрсетілуі мүмкін: дискінің аты және/немесе ағымдағы каталог аты және жоғарғы деңгейдегі каталогтардың аттары.

Файлдың инициациясы

Турбо Паскальда файлдан ақпаратты оқуға, файлға ақпаратты жазуға және ақпаратты бір уақытта оқып-жазу үшін файлды ашуға болады.

Файлдан ақпаратты оқу үшін RESET стандартты процедурасының көмегімен инициалданады:

RESET (<ф.айн.>);

мұндағы <ф.айн.> - логикалық құрылғы немесе файлмен ASSIGN процедурасы арқылы байланысқан файлдық айнымалы.

Осы процедураны орындау барысында дискілік файл немесе логикалық құрылғы ақпаратты оқуға дайындалады. Нәтижесінде осы файлмен байланысқан арнайы айнымалы-көрсеткіш файлдың басына, яғни реттік нөмірі 0 болатын компонентті көрсетеді.

REWRITE (<ф.айн.>) стандартты процедурасы алдын-ала файлдық айнымалымен (<ф.айн.>) байланысқан логикалық құрылғыға немесе файлға ақпаратты жазу үшін файлды инициалдайды.

REWRITE процедурасы арқылы бұрын ұйымдастырылған дискілік файлға ақпарат жазуды инициалдауға болмайды: бұл процедура орындалғанда ескі файл жойылады (бұл туралы ешқандай хабарлама болмайды). Ал жаңа файл ақпарат қабылдауға дайындалады және оның көрсеткіші 0-ге тең мәнді қабылдайды.

APPEND (<ф.айн.>) стандартты процедурасы бұрын болған мәтіндік файлды кеңбұрын болған мәтіндік файлды кеңейту үшін оған ақпаратты жазуға файлды инициалдайды, бұл кезде файлдың көрсеткіші файлдың соңына көрсетеді.

CLOSE (<ф.айн.>) – файлды жабу үшін қолданылады (ASSIGN процедурасы арқылы файлдық айнымалы және файлдың атымен орнатылған байланыс сақталады).

Файлды инициалдау дегеніміз осы файл үшін мәліметтерді беру бағытын көрсетуді білдіреді.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 485 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәннің қысқаша мазмұнында | Дәріс. Паскаль тілі туралы негізгі мағлұматтар. Меншіктеу операторы. Шартты оператор. | Дәріс. Қайталану операторлары. | Бүтiн типтегi мәлiметтермен келесi амалдар орындалады | Дәріс. GRAPH стандартты модулін қойлдану | Модульдердi баяндау | Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар | Дәріс. Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар. Стандартты процедуралар және функциялармен жұмыс істеу. | Тақырыбы: Арифметикалық операциялар. IF шартты операторы | Тақырыбы: Формулалар бойынша есептеулер. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. Процедуралар мен функциялар. Қосалқы программаның сипаттамасы. Параметрсіз процедура. Параметрлі процедура| Бақылау сұрақтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)