|
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.
Тәрбиеші:Имангалиева Р
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Түстер әлемі
Мақсаты: Бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру, қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға, бояуды дұрыс пайдалану дағдыландыруға баулу; сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.
Қостілділік құрам:
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту |
Шаттық шеңбері: «Көбелек» мен тимеймін, жасқанба, Дос болайық, көбелек. Жайнап тұрған бақшамда, гүлдерімді көре кет. Тұтқиылда састыра, Жаңбыр жауса себелеп, Тақиямның астына, Тығыла ғой көбелек.
| Шеңберге тұрып өлең сөздерін бірігіп айтып қимыл- қозғалысқа келеді. Көңіл- күйлерін көтереді.
|
Ұйымдас тыру – іздену |
«Сиқырлы бояулар әлемі»
Д/О: «Суреттші суретті неліктен салады?»
Тәжірибе жасау.Акварель бояу, карандаш, гуашь,
Саусақ жаттығулары: «Жаңбыр» Бұлт қабағын түйіп ап, Бүркеп алды аспанды. Тырс, тырс, тырс, тырс, тырсылдап, Жаңбыр жауа бастады.
«Шеберханада»
“Біз шеберміз” түрлі сызықтар мен фигураларды акварель бояу, карандаш, гуашь тар мен салып көрсету.
«Көрме» |
Ерте кездегі бояулардың болмағандығы, бояу ретінде сазбалшықты қолданып, шөптердің бояуы шығатынын байқап шөптерді пайдаланып саусақпен, құстың қауырсынымен сурет салғанын, түрлі-түсті карандаштар, акварель бояулардың шыққанын бояудың қалай шықққанын естиді, біледі. Суретші өмірдегі сұлулықты бізге сыйлайтыны туралы түсініп заттардаңы әр түрлі өрнектерді танып әңгімелейді.
Акварель бояу, карандаш, гуашь, қасиеттерін ақ қағазға анықтайды. Акварель бояу ағады, тез ериді мөлдір, гуашь; қалың жағылады, қою; түрлі- түсті карандаштар жұмсақ, ашық түсті, сызық түрінде түседі- деп тәжірибе жасайды.
Саусақтарымен бұлт жасап, сұқ саусағымен партаның бетін тырсылдатып, жауған жаңбырдың дыбысын келтіреді.
Акварель бояу, карандаш, гуашь пен үлгіге қарап сурет салады.
Көрмеге өздері салған суреттерін қояды. Бір-бірінің салған суреттеріне баға береді
|
Рефлек сивті –түзету | Тынығу жаттығуы; | Жәй әуенмен көздерін жұмып тәрбиеші дауысын ести отыра көз алдарына кемпірқосақ түстерін елестетіп тынығады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру_
Қандай түсініктерді игереді: сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға, бояуды дұрыс пайдалану дағдыландыруға баулу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.
Тәрбиеші:
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Кемпірқосақтың суретін саламыз.
Мақсаты:Балаларды кемпірқосақтың жеті түсін ажырата білу, кемпірқосақтың түстерінің орналасу ретімен таныстыру; акварель бояуларымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру; компазиция құра білуге үйрету.
Қостілділік құрам:
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту | Шаттық шеңбері: Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек? Көңілді боп жүрейік! | Өлең жолдарын бірге қайталап, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды. |
Ұйымдас тыру – іздену | «Кемпірқосақ» Б.Серікбаев. Жеті түсті карандаш, тату- тәтті карындаш. Күні бойы болдырап, Ұзақ- ұзақ жол жүріп, Көлге бірге барыпты, Қол ұстасп алыпты. Күн еді бір жауынды, Артқа тастап ауылды, Екеуінің жолымен, Мен де жүріп көріп ем, Байқадым бір қызықты, Кемпірқосақ сызыпты. Д/О: «Көгалда әдемі гүлдер гүл ашты»
«Біз шеберміз» Алдымен жәй карандашпен көкжиек сызығын – алаңқайды сызып аламыз. Қағаздың жоғары бетіне күн мен бұлтты саламыз.Кемпірқосақтың т.стерін бірден қылқаламмен акварель бояумен доға түрінде салып шығамыз. Кемпірқосақтың жеті түсін ажыратып, кемпірқосақтың түстерінің орналасу ретімен салып көрсету. Кемпірқосақтың түстері; қызыл, қызыл сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін. Саусақ жаттығулары: «Жаңбыр» Бұлт қабағын түйіп ап, Бүркеп алды аспанды. Тырс, тырс, тырс, тырс, тырсылдап, Жаңбыр жауа бастады.
«Шеберханада»
«Көрме»
| Өлеңді тыңдап, бірге қайталап айтып мәнін түсінеді.
Гүлдерді сигнал бойынша жинап, түстерін ажыратады.
Тыңдайды, түсінеді, еске сақтайды. Кемпірқосақ түстерін атап қайталап айтады.
Саусақтарымен бұлт жасап, сұқ саусағымен партаның бетін тырсылдатып, жауған жаңбырдың дыбысын келтіреді.
Үлгіге қарап сурет салады.
Көрмеге өздері салған суреттерін қояды. Бір-бірінің салған суреттеріне баға береді |
Рефлек сивті –түзету | Тынығу жаттығуы; | Жәй әуенмен көздерін жұмып тәрбиеші дауысын ести отыра көз алдарына кемпірқосақ түстерін елестетіп тынығады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру_
Қандай түсініктерді игереді: сурет салуға құштарлықтарын арттыру; сызықтар, сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға, бояуды дұрыс пайдалану дағдыландыруға баулу
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.
Тәрбиеші:
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Жұлдызгүл
Мақсаты:Балаларды негізгі түстермен таныстыру; негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру; шығармашылық қабілеттерін, ой- қиялын дамыту.
Қостілділік құрам:
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту | Шаттық шеңбері: «Тілек гүлі» | Шеңберге тұрып қолдарындағы гүлдерін бір-біріне тілек айтып сыйлайды. |
Ұйымдас тыру – іздену | Гүл. Өлең.
«Гүлдер әлемі» сурет бойынша әңгіме.
Д/О; «Түстер еліне саяхат»
«Біз шеберміз» Суретті салу, қажетті түсті шығарып алу тәсілімен таныстыру. Гүлдің сабағын саламыз. Сабақтың үстінен ортасын сары түспен белгілейміз. Гүл күлтелерінің орнын крест түрінде белгілеп, таңдап алған реңктерін пайдаланып, гүлдің суретін салмыз.Содан соң толықтырып бояп шығамыз.
Саусақ жаттығуы: Жиырылып, созылып, Жиырылып созылып, Гүлге келген жұлдызқұрт Қалды біраз тосылып. Шықты сосын өрмелеп, Дәмін татып көрем деп. Жетті әзер дегенде, Күн төбеге келгенде. Тәтті тамақ іздеді, Күлтелерін тістеді. Сөйтіп біздің жұлдызқұрт Біраз жұмыс істеді. Қайтуға ол жиналды, Төмен қарап қиналды, Амалдарын түсудің Біраз жатып ойланды. Тапты ақыры саспады, Жібін жерге тастады. Сосын, жаймен ақырын, Төмен сырғи бастады.
«Шеберханада»
«Көрме» |
Гүлдердің түрлеріме танысады. Олардың түстеріне көңіл бөледі.
Өздеріне ұнаған түстерін таңдап алады.
Тыңдайды, түсінеді, сурет салу жоларын еске сақтайды.
Бір қолмен гүлді, екінші қолмен жұлдызқұртты келтіреді. Бір қолының саусағын екінші қолына өрмелетеді. Бір қолының саусағымен екінші қолының саусағын алма кезек қысып жұлдызқұрттың тамақ іздегенін келтіреді.Саусақтарын түйістіріп төмен түсіп келе жатқан жұлдызқұртты салады. Алақандарын ашып жұмып жұлдызқұрттың жүрісін салады.
Үлгіге қарап сурет салады.
Көрмеге өздері салған суреттерін қояды. Бір-бірінің салған суреттеріне баға береді
|
Рефлек сивті –түзету |
«Жұлдызгүл» Қиылған жұлдызқұрттарды беріп балалардың таза, жақсы, ұқыпты салған суреттерін атап өту.
| Қиылған жұлдызгүлдің суретін алып риза болады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Бояулармен, оларға тән қасиеттермен таныстыру. Балаларды негізгі түстермен танып білуге үйрету
Қандай түсініктерді игереді: негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді қалай шығаруға болатынын түсіндіру, игерту.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: қылқаламмен дұрыс жұмыс жасауға, бояуды дұрыс пайдалану дағдыландыруға баулу,шығармашылық қабілеттерін, ой- қиялын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.
Тәрбиеші:Иманғалиева Р
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Ағаштардың суретін саламыз
Мақсаты:Балаларды ағашты акварель бояумен салуға үйрету; жіңішке қылқаламмен сурет салуға тәсілін меңгерту; саусақ икемділіктерін арттыру; табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту; қамқорлық көрсетуге баулу.
Қостілділік құрам: Ағаш-Дерево.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту | Шаттық шеңбері: Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді. Қайрлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! | Шеңберге тұрып өлең сөздерін бірігіп айтып қимыл- қозғалысқа келеді. Көңіл- күйлерін көтереді.
|
Ұйымдас тыру – іздену |
«Күзгі жапырақтар» Қ. Шаңғытбаев.
«Ағаштар» Әңгіме. Сурет бойынша. (Емен, үйеңкі, аққайың т.б)
Д/О: «Жапырағынан таны»
«Ағаштың суретін саламыз» Ағаштың діңінің пішінін келтіре отырып, жеңішке қылқаламмен белгілеу. Ағаштың бұтағының ирімдерін келтіре отырып, жеңішке қылқаламмен салып шығамыз.
Күзгі жапырақтардың түсін таңдап алып, оларды ұшар басына қарай бөлек- бөлек жағындылар түрінде бірден бояумен салу.
Сергіту сәті: Ал, санайық санамақ, Мынау- мынау қарап -ақ, Барлығы содан басталмақ. Бас бармағым- біреу, балаң үйрек-екеу Ортаң терек- үшеу, Шылдыр шүмек- төртеу. Кішкене бөбек- бесеу. Оң қолымда саусақ нешеу?
Сурет саламыз.
«Көрме»
|
Өлеңді тыңдап, бірге қайталап айтып мәнін түсінеді.
Суретке қарап күзгі табиғаттың әдемілігі және өздеріне таныс көріп жүрген ағаш атауларын атап, олардың жапырақтарының, дінінің, пішінінің әртүрліліне назар аударады.
Шашылған жапырақтарды тез жинап, қай ағаштың жапырағы екенін табады, ағаш бұтағына жапсырады.
Тыңдайды, түсінеді, сурет салу жоларын еске сақтайды.
Жаттығу жасап сергиді
Бесеу.
Өз беттерімен үлгіге қарап, сурет салады. Көрмеге өздері салған суреттерін қояды. Бір-бірінің салған суреттеріне баға береді |
Рефлек сивті –түзету | «Күзгі бақта»
| Жәй әуенмен көздерін жұмып тәрбиеші дауысын ести отыра көз алдарына күзгі бақтағы табиғат әсемдігін елестетіп тынығады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балаларды ағашты акварель бояумен салуға үйрету;
Қандай түсініктерді игереді: жіңішке қылқаламмен сурет салуға тәсілін меңгерту
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: саусақ икемділіктерін арттыру; табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту; қамқорлық көрсетуге баулу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта.
Тәрбиеші:Ниязова Б
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет
Тақырыбы: Күз
Мақсаты: Балалардың күзгі баққа саяхатқа барғанда табиғаттан алған әсерлерін, көрген көріністерін суретте көрсете білу дағдыларын қалыптастыру; суретке мазмұн бере отырып, композиция құрастыра білуге баулу; жұмыс үстінде өзін дұрыс ұстай білуге, тиянақтылық, тазалық сақтауға дағдыландыру; қылқаламмен дұрыс жасау тәсілдерін меңгерту.
Қостілділік құрам:Күз-Осень
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту |
Шаттық шеңбері.Армысың алтын күн, Армысың асыл жер. Армысың көк аспан, Армысың жан досым. Жылуыма жылу қос, Міне, менің қолы | Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдас тыру – іздену |
бұлттар төніп, Ызғар сеуіп, дымқыл тұман басады. Өңі тайып, Дала сұрғылт тартады. Бой жаза алмай, Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады. Бөбектерім, Айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?
Д/О: «күзгі бақта» сурет бойынша әңгіме.
Қайың,терек басынан, Сарғыш тартып жапырақ. Жерге түсіп шомылған, жел үрлесе қалтырап. Д/О: «Ненің жапырағы?»
«Біз шеберміз» Көкжиек сызығын жәй карандашпен белгілеу. Ағаштарды салу. Ағаштың діңін төменгі жағынан, жоғарыға қарай салу керек. Төменгі бөлігі жуандау, ал жоғарлаған сайын ақырындап жеңішкере береді. Жапырақтармен шөпті «күзгі түтермен»- сары, қызыл, қызыл сары, қоңыр бояулармен бояу.
Сергіту жаттығуы. «Күзгі жапырақтар»
«Шеберханада»
«Көрме» |
Күз. Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтады.
Суретке қарап күзгі бақ ерекшеліктерін атайды. Жапырақтың түстеріне түстеріне мән береді.
Жинаған жапырақтарын ажыратады. Түсін, пішінін атайды.
Тыңдайды, түсінеді.
Өлеңді айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді.
Өз беттерімен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын көрмеге қойып бағалайды.
|
Рефлек сивті –түзету | Д/О: «Жеміс жинау» Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді. | Қарама- қарсы тұрған үстел үстіне жүгіріп келіп бір- бірден жемісті алып келесі үстелге тасйды. Кім аз жеміс жинайды сол айыбын өлең немесе жұмбақ айтып өтейді. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалардың күзгі баққа саяхатқа барғанда табиғаттан алған әсерлерін, көрген көріністерін суретте көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Қандай түсініктерді игереді: суретке мазмұн бере отырып, композиция құрастыра білуге түсініктерін игерту.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: жұмыс үстінде өзін дұрыс ұстай білуге, тиянақтылық, тазалық сақтауға дағдыландыру; қылқаламмен дұрыс жасау тәсілдерін меңгерту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта
Тәрбиеші:
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: Себеттегі алма
Мақсаты: балаларды бір – бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге үйрету, суреттің композициясын құра білуге үйрету; шығармашылық ойлау қабілеттері мен бейнелей білу мүмкіндіктерін дамыту; балалардың сурет салуға деген қызығушылығын аттыру.
Қостілділік құрам:Алма-Яблоко
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту |
Шаттық шеңбері: Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе? Міне, мен! Доспын енді сенімен
| Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдас тыру – іздену | «Жемістер»Сұрақ-жауап, әңгімелесу. Жемістер организіміне өте пайдалы. Витаминге өте бай. Дәмдері тәтті, қышқыл, ащы болып келеді.Әр қайсысына сипаттама бер. Мысалы: Алма-тәтті. Бұл тәтті алма. Ол хош иісті. Жеміс жидектердің дәмі, пішіні, көлемі және иісі әр түрлі болады. Олар адамдардың организіміне өте пайдалы. Дәруменге өте бай. Дәмдері тәтті, қышқыл, ащы болып келеді. «Алма жинау» ойын. Алмас бар себетті үстел үстіне қойып бірнеше алманы себеттен шығарып қояды. 3.Сергіту сәті: Алма баққа барайық, Алма жинап алайық. Ең үлкенін дәмдісін, Әжемізге сыйлайық
«Біз шеберміз!» Жәй карандашпен себетті белгілеу. Көрінбей тұрған алмаларды есепке ала отырып, бір- бірін қалқалап тұрған себеттен жартылай көрініп тұрған алмаларды белгілеп алу. Суретті түрлі- түсті карандаштармен бояу.
«Шеберханада»
«Көрме»
|
Балалар әңгіме тыңдап қойылған сұрақтарға жауап береді.
Балалар себетте, жерде алма қалай тұр еске сақтап дәл солай етіп қояды.
Өлеңді айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді.
Тыңдайды, түсінеді.
Өз беттерімен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын көрмеге қойып бағалайды.
|
Рефлек сивті –түзету | “Ненің дәмі” | Ортаға шыққан бала көзін жұмып аузына салынған жемістің қандай жеміс екенін ажыратады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:_Б алаларды бір – бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге үйрету,
Қандай түсініктерді игереді: суреттің композициясын құра білуге үйрету; шығармашылық ойлау қабілеттері мен бейнелей білу мүмкіндіктерін игерту
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын аттыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта
28.09.2015ж.
Тәрбиеші:
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: Менің доптарым
Мақсаты: Гуашпен сурет салу дағдыларын қалыптастыру; дөңгелек затты – доптың суретін салуды үйрету; шығармашылық қабілеттерін, ой- қиялдарын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл- қозғалыс үйлесілімділігін қалыптастыру; шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту |
Шаттық шеңбері: Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе? Міне, мен! Доспын енді сенімен
| Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдас тыру – іздену | Д/О: «Ойыншықтар» Д/О: «Түрлі- түрлі доптар»
«Менің ойыншықтарым» Б. Жақып. Сылдыр- сылдыр, сылдырмақ, Шақырады сылдырлап. Қарайды қуыршақ, Қарайды құлыншақ.
Үйдің ішін аралап, Добым кетті домалап. Қарайды қуыршақ, Қарайды ботақан.
«Біз шеберміз» Қағаз бетіне доптың контурын бірден қылқаламмен дөңгелете жүргіземіз. Контурдың ішін бояймыз. Әртүрлі өлшемдегі доптардың суретін салып, әртүрлі түспен бояймыз. Сергіту сәті: «Ойыншықтар»
«Шеберханада»
Көрме: «Әр түлі- түсті доптар» | Ойыншықтар туралы айтады. Оларға сипаттама береді.
Доптардың түсін, көлемдерін ажыратып айтады.
Балалар өлеңді бірге қайталап айтып, қойылған сұрақтарға жауап береді.
Тыңдайды, түсінеді.
Өлеңді айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді.
Өз беттерімен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын көрмеге қойып бағалайды. |
Рефлек сивті –түзету | «Доп» Дөп- дөңгелек ала доп, Қызыл- жасыл және көк. Ала шықтым аулаға, Ойнайтұғын бала көп. | Өлеңді қайталап айтып жаттап алады. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек:_ Гуашпен сурет салу дағдыларын қалыптастыру; дөңгелек затты – доптың суретін салуды үйрету.
Қандай түсініктерді игереді: шығармашылық қабілеттерін, ой- қиялдарын дамыту, байқағыштығы мен көз мөлшерін, қолдың қимыл- қозғалыс үйлесілімділігін қалыптастыру
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Шыдамдылыққа, төзімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын аттыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта
Тәрбиеші:
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Құстар
Мақсаты: балаларға құстарды бинелеп, салуды, жануарлардың бірнешеуін қатар салып, сюжетті компазиция құрастыра білуді үйрету; байқағыштығын, қиялын дамыту, шығармашылық қабілеттерін ояту.
Қостілділік құрам: Құстар- Птицы
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту |
Шаттық шеңбері: Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе? Міне, мен! Доспын енді сенімен
| Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдас тыру – іздену | «Ойлан тап» барлық жемін бітеуден асайды, Әйтсе де ұзақ жасайды. «Құстардың айтысы» ертегі оқу. Сұрақ-жауап,
«Не артық?» ойын.
3.Сергіту сәті: Торғай, торғай, торғайсың, Жақын келіп келіп қонғайсың, Жем шашайын тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың.
«Біз шеберміз!» Жй карандашпен сопақша денесін саламыз. Сопақшаның бір жағына дөңгелек басын, екінші жағын үшбұрыштың құйрықтың нобайын саламыз. Қанатын сопақша пішінде келтіреміз. Аяғы, тұмсығы, көзін саламыз. Құстың суретін бояймыз.
«Шеберханада»
«Көрме»
|
Құстар
Балалар ертегіні тыңдап қойылған сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді.
Балалар сурет салу жолын еске сақтап дәл солай етіп салады.
Тыңдайды, түсінеді.
Өз беттерімен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын көрмеге қойып бағалайды.
|
Рефлек сивті –түзету | “Ұшты, ұшты” | Құстардың ұшатынын, ұшпайтынын ажыратады. |
Күтілетін нәтиже: Қ ұстарды бинелеп, сурет сала білуге үйрету.
Білу керек:_ балаларға құстарды бинелеп, салуды, жануарлардың бірнешеуін қатар салып, сюжетті компазиция құрастыра білуді үйрету;
Қандай түсініктерді игереді: суреттің композициясын құра білуге үйрету; шығармашылық ойлау қабілеттері мен бейнелей білу мүмкіндіктерін игерту
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын аттыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта
Тәрбиеші:
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Жаттығу жасайық
Мақсаты: балаларға қарапайым мазмұнды қимыл- қозғалыс пен бейнелеуді және және кейіпкерлердің өзара әрекеттерін бере білуге үйрету; балалардың бойында бейнені қимыл- қозғалыс үстінде беруді жетілдіру, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру.
Қостілділік құрам:
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту |
Шаттық шеңбері: Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе? Міне, мен! Доспын енді сенімен
| Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдас тыру – іздену | «Жаттығу не үшін керек?»
3.Сергіту сәті:
«Біз шеберміз!» Жй карандашпен сопақша денесін саламыз. Сопақшаның бір жағына дөңгелек басын, екінші жағын үшбұрыштың құйрықтың нобайын саламыз. Қанатын сопақша пішінде келтіреміз. Аяғы, тұмсығы, көзін саламыз. Құстың суретін бояймыз.
«Шеберханада»
«Көрме»
| Жаттығудың денсаулыққа пайдасын біліп түсінеді. Өз ойларын айтады.
Өлеңді айта отырып қимыл- қозғалысқа келеді.
Балалар сурет салу жолын еске сақтап дәл солай етіп салады.
Тыңдайды, түсінеді.
Өз беттерімен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын көрмеге қойып бағалайды.
|
Рефлек сивті –түзету | “Ұшты, ұшты” | Құстардың ұшатынын, ұшпайтынын ажыратады. |
Күтілетін нәтиже: Қ ұстарды бинелеп, сурет сала білуге үйрету.
Білу керек:_ балаларға құстарды бинелеп, салуды, жануарлардың бірнешеуін қатар салып, сюжетті компазиция құрастыра білуді үйрету;
Қандай түсініктерді игереді: суреттің композициясын құра білуге үйрету; шығармашылық ойлау қабілеттері мен бейнелей білу мүмкіндіктерін игерту
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын аттыру.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша технологиялық карта
Тәрбиеші:
Білім саласы: Шығармашылық
Бөлімі: сурет салу
Тақырыбы: Тау
Мақсаты: Сурет салуды дәстүрден тыс жолдармен орындауды үйрету: картон жолақшаларымен таудың бейнелерін салу.Гуашпен жұмыс жасағанда ұқыпты, тиянақты болуға дағдыландыру; бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізуге баулу.
Қостілділік құрам: Тау-Гора
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Дәлел деу – ояту |
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз, Қайырлы таң балалар.
| Шеңберге тұрып,өлең жолдарын айта отырып көңіл- күйлерін көтереді.Бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдас тыру – іздену | «Қазақстан таулары» Әңгіме. Сурет бойынша.
1 Жұмбақ шешу: Көрсең оның ағысын, Таңғалтар таулың тағысын. Бұрқап жатқан көк тасқын, Үстінен ырғыр жартастың. Ырық бермес үйірген Толқыны аса шүілген.
Қия шыңнан құлайды, Тасты бұзып арыны. Ақ жалданып тулайды, Құлақ жарар сарыны.
«Біз шеберміз!» Сурет салу жолдарын түсіндіру. Биік- аласа етіп таудың басына ақ қар салып карпон арқылы гуашты жағамыз
Саусақ жаттығулары: «Жаңбыр» Бұлт қабағын түйіп ап, Бүркеп алды аспанды. Тырс, тырс, тырс, тырс, тырсылдап, Жаңбыр жауа бастады.
«Шеберханада»
«Көрме»
| Тыңдайды, түсінеді. Суретке қарап әңгіме құрастырады. Алатау туралы әңгімелейді.
Балалар жұмбақтарды шешеді (тау өзені, сарқырама)
Тыңдайды, түсінеді. Тыңдайды, түсінеді.
Саусақ жаттығуын орындайды.
Өз беттерімен жұмыс жасайды.
Өз жұмыстарын көрмеге қойып бағалайды.
|
Рефлек сивті –түзету | Д/О: "Өлі және тірі табиғат" | Өлі тірі табиғатты ажыратады. |
Күтілетін нәтиже: Тауды бинелеп, сурет сала білуге үйрету.
Білу керек:_ Сурет салуды дәстүрден тыс жолдармен орындауды үйрету:
Қандай түсініктерді игереді: картон жолақшаларымен таудың бейнелерін салу түсініктерін игерту.
Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: Гуашпен жұмыс жасағанда ұқыпты, тиянақты болуға дағдыландыру; бастаған жұмысты аяғына дейін жеткізуге баулу. Балалардың сурет салуға деген қызығушылығын аттыру.
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 6565 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
Відкрита база тестів до ПМК | | | Теория и практика делового общения |