Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын 5 страница



1380 жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын орыс князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті.

XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп екі рет күйрете соққы берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды.

Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.

32. Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы дербес ұлыс, сосын тәуелсіз ел.14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак,Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ

Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кездеМаңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.



33. Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркіше, парсыша атауы болып табылады.14—15 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Оған кіретін тайпалар: дұғлаттар, қаңлылар, керейттер, арғындар, барластар кірді. Орталығы — Алмалық қаласы.Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты.Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді.1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады.1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады.Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. 14 ғ. ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігі – Оңтүстік шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағында Моғолстан мемлекеті құрылады. Ал ұлыстың келесі бөлігі – Мауараннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылған. Моғолстан аталу себебі, Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әрпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасып кеткен.Мемлекетті кезінде Шағатай ханға адал қызмет еткен дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған. Әмір Поладшы бастаған дулат ақсүйектері Поладшының хан болуға құқы болмағандықтан, өздерін тыңдайтын, Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі, он алты жасар Тоғылық-Темірді 1348 жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды. Ал негізгі саяси билік осы Әмір Поладшының қолында болған. Әмір Поладшы Моғолстанды Мауараннахрдан біржола бөліп алып, тәуелсіз, жеке хандық құруға бар күшін салды. Дулат тайпасы шонжарларының жаңа құрылған бұл өкіметте беделдері бұрынғыдан да күшейген. Жалпы, дулаттардың беделі Шағатай ханның кезінен белгілі. Атақшы тарихшы Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Шағатай хан өз мемлекетін үлестерге бөлгенде, өзіне адал қызмет еткен дулат әмірі Поладшыға Маңлай-Сүбе жерін берген. Маңлай-Сүбе Шығыс Түркістаннан Ферғанаға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқан. Осы аумақта Шағатай кезінен бері өз биліктерін жүргізіп келген дулат тайпасының өкілдері Моғолстан хандығының құрылуына да белсене араласқан.«Тарих-и Рашиди» еңбегінде былай деп көрсетілген: «… қазіргі Моғолстан деп аталатын аумақтың ұзындығы мен көлденеңі 7-8 айшылық жол. Шығыс шеті (Моғолстанның) қалмақтардың жерімен шектеседі және Барыскөл, Емел және Ертісті өзіне қосады. Солтүстігінде оның шекарасы Көкшетеңіз (Балқаш), Түркістанмен және Ташкентпен шектеседі, оңтүстігінде Ферғана уәлаятымен, Қашғар, Ақсу, Шалыш және Тұрфанмен шектеседі». Моғол мемлекетіне қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймақтары жа кірген.

34. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.

35. Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр-әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3—4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Тіпті түркі тайпаларының өзі Орталық Азия, Еділ бойы халықтарына, қала берді сонау солтүстік-шығыстағы Колымадан оңтүстік-батыстағы Балқан түбегіне дейін шашырап жатқан түркі жұрттарының шығу тегіне қатысы болғандығын есте сақтау керек.Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік-генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.

Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар. Олар:

1. халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы;

2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы;

3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;

4. халықтың тілінің қалыптасуы;

5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы;

6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.

Осы аталған халықтық белгілер, әсіресе этностық, нәсілдік-генетикалық, мәдени, тілдік қасиеттер ұзақ тарихи дамудың нәтижесі. Ал этностық аумақ, этностық сана, халықтық этноним этногенездің соңғы кезеңіне қарай қалыптасты. Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты.Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.

36. Қазақ ұлысының этногенезін зерттеушілер екі аспект арқылы қарастырады: лингвистикалық және антропологиялық, себебі қазақ тілі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан және қазақтарды басқа ұлыстардан қандай белгілерімен айырмашылығы болған. Бұл процестер бір бірімен тығыз байланыста жүруде. Қазақ ұлысы әлемнің басқа да ұлыстары сияқты, сондай заңдылықтар негізінде қалыптасқан. Этногенез процес кейбір жағдайларда бір уақыттарға тоқтап қалып тұрды, сосын баяу қайтадан жалғасты, бірақ жаңа тарихи жағдайда. Әр халықтарда этногенетикалық процестің өз ерекшеліктері болды. Бұл ерекшеліктер қазақ ұлысына да тән. Қазақстан аумағында адамзат қоғамының дамуының әр түрлі сатысын көруге болады: көне түрінен бастап. Бастапқы кезеңде бұл процестер автохтондық халыққа байланысты болды. Бірақ кейіннен даму кезеңінде олар Орта Азия кеңістігіндегі этникалық процесстерден ғана тәуелді болды. Қазақстан аумағында этникалық тарихтың дамуы, ірі этникалық қауымдастықтардың қазақ халқының негізін құруы алғышарт болды. Себебі көшпелі малшылар мен тұрақты егін шаруашылығы, қала мәдениеті, қоғамдық қатынастардағы прогрестік өзгерістердің өзара байланысы мен эволюция негізін құрады. Көбінесе этникалық процесстер күрделі саяси оқиғалармен, қазақстан мен Орта Азия аумағы мен одан сырт елдерде өтіп жатқан анықталады. Этногенетикалық процесстердің Қазақстан аумағында дамуының бірнеше кезеңдері бар. Антропологиялық деректер бойынша этникалық дамуда көптеген жылдар бойы еуропалық халық түрі сақталған. Олар кейіннен монғолоид сипатқа ұшыраған. Тілдік, Орта да өзгеріссіз қалмады, ирантілдес көне тайпалар біртіндеп бұл аумақты мекендегендердің тілі түркі тіліне орын берді, себебі этногенетикалық процестер тамыры қазақ даласының кең байтақ жерінде қола дәуіріне кетеді. Ол кездерді сол уақытта андронов тайпалары мекендеген. Олар европеоид нәсілді болғагү археологиялық деректер бойынша Қазақстан аумағында, қола дәуірінде айтулы мәдени ерекшеліктер орын алған. Соған қарамастан Қазақстан және Орта Азия аумақтарындағы қоғамдық мәдени процестерде ұқсастықтар өте көп. Темір дәуірінде Андронов өз ұрпақтарына жаңа өмір салтын – номадизмді қалыптастырды.

37. "Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.

Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.

"Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр.

X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады.

X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар.

1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.

"Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.

38. Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген». XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>