Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын 4 страница



25. Ежелгі түріктердің діни сенімдері әртүрлі болды. Көкке-тәңірге табыну,жерге- жер-суға табыну, балалардың және отбасының қамқоршысы ұмай анаға табыну, Отқа табыну, тотемге табыну.Оғыздарда қойға табыну болған. Будда дінің таратудағы негізгі міндетті соғдылар атқарған. Түріктерде буддизмнің таралуы олардың отырықшылыққа көшуімен байланысты.

7-8 ғғ Испиджаб маңында жер асты монастры салынған. Бұл монастрлар будда дінің тарататын аудандарда жие кездеседі.

Ислам діні Орта азия мен Қазақстанда арабтардың жаулап ауылумен байланысты ене бастады. Ислам діні қазақ жеріне VIII ғасырдан бастап ене бастады. Ислам, алдымен, Оңтүсті Қазақстан мен Жетісу жеріне таралды. X ғасырда ислам діні Қарахандар мемлекетінің ресми дініне айналды. Оңтүстікте жақсы дамыған қала мәдениеті мұсылманшылықтың орнығуына оңды ықпал етті. Ислам діні — өте икемшіл дін. Ол құранда жазылған уағыздар,шариғатта көрсетілген талаптарды халық бойына сіңіре отырып, сол халықтардың жергілікті әдет-ғұрыптарына икемделе де білген, олармен санасқан. Мұсылмандық: ''суннит', шийттік болып екіге бөлінеді. Қазақтар оның сунниттік бағытына

жатады. Діни нанымдар.

VI–XII ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы халықтардың арасында алуан түрлі діндер, нанымдар мен сенімдер орын алып отырды. Түркілердің зираттарынан табылған заттар олардың ата – бабалардың әруағына табыну о дүниелік өмірге сену көрсетеді. Олардағы басты бір наным – отқа табыну. Оны археологиялық зерттеулерден жерленген адамдардың заттарымен, мініс аттарымен бірге өртеліп қойылатын әдет – ғұрыптары да анықталған. Ол адам денесін отпен аластау болса керек. Түркілер табиғатқа да табынған. Олар өлген адамның денесін жер ананың қойынына өртеп, күл мен көмірін ғана жерлеген. Егер адам көктемде немесе жазда өлсе, ол адамның туған – туыстары бір төбеге жиналып киіз үй тігіп, алып барған малдарын құрбандыққа шалып, одан кейін өлген адамның мәйітін, атын, заттарын өртеп, уақытша сақтап, күзде шөп сарғайғанда ғана жерлейтін болған. Ал егер адам күзде не қыста қайтыс болса, ол адамды жоғарыдағы әдет –ғұрыптарын жасап, көктемде жер көгеріп, шөп шығып, жапырақтар жайқалабастаған кезде жерлейтін. Бұл әдет наным – сенімнен табиғаттыңтөрт кезеңіне толық табынуды байқатады.



Түркілердің көкке немесе аспан әлеміне сиынушыларын күлтегін жазуындағы мына шумақтан анық байқалады:

- Көкке түркі тәңірісі,

- Тәңірі қуат берген соң,

- Тәңірі жарылқағандықтан.

Мұндай әдет, наным – сенімдер қазақтарда бүгінгікүнге дейін орыналыпжүр. Түркілерде адам баласының тірегі тіршіліктің тұтқасы, отбасы, ошақ қасы болып табылатын анаға «Умай ана» деген ат беріп, оған табынған. Жетісу қазақтардың «Умай анаға» табынатын Ш. Уәлиханов та жазған болатын. Кейбір жазба деректерге қарағанда, қимақтар мен қыпшақтар күнге, жұлдыздарға табынған.

Археологиялық зерттеулерге қарағанда, түркілерде христиан, манихей, будда діндері болған.

Түркі тайпалары ІХ ғ. бастап жаппай мұсылман дініне ене бастайды. Ал мұсылман дінінің мемлекеттік дін есебінде алғашқы болып қабылдаған Қарахан мемлекеті. Сатұқ Бограханның баласы Муса ханның билік құрған жылдары (960 ж.).

Сөйтіп, Х ғ. бастап Оңтүстік Шығыс Қазақстан жерлерінде мұсылман діні кең түрде етек жая бастайды.

 

26.. Орта ғасырдағы қалалық мәдениет. Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. "Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,- Түркістан шекарасындағы Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар".

Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан II-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды. ХІ ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы – Тараз және Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70 -жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен.Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент,Сығанақ, Жент, Барлышкент және т.б. қалалар орналасқан. Орталық және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Нұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз қаланың орны табылды. Нұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейлінше ірі қала болған, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен Ұлыбағыр, Торғайдың төменгі сағасында – Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айша–бибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет ғана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі болған.

27. VІ-ХII ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі Исфиджаб қазіргі Сайрам болды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. Исфиджао ірі қала, деп жазды сицоның раоады (қүзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қақпасында Пуджакент қақпасы, Фархан қақпасы, Щахраны қакпасы Бухара қакпасы, әр какпаның жанында пабады бар". Исфиджабта шығысқа қарай т.б.

28. Шыңғыс хан империясы – Шыңғыс хан құрған мемлекет. 1189 – 1206 ж. аралығында болған қиян-кескі соғыстардан кейін Шыңғыс хан Алтайдан Қытай қорғанына дейінгі аймақта тіртұтас мемлекет құрды және ол өз мемлекетін әрі қарай кеңейте бастады.XII ғасырдың аяғы — XIII ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан далаларындағы саяси жағдай күшті көшпелі тайпалар одағы билеушілерінің арасында басқа тайпаларға өз үстемдігін орнату жолындағы күрестің күшеюімен сипатталады. Осы күрестің барысында монғол тайпасының өкілі Темучин (Шыңғысхан) Орталық Азия тайпаларың біріктірді, сөйтіп ол Орталық Азия даласындағы ең құдіретгі жаулап алушыға айналды. Керейіт- тер ханының наймандармен, монғол тілдес татар және меркіт тайпаларымен соғыстарында Темучиннің атағы шыға бастады, ол соғыстарға Ван-ханның вассалы ретінде болашақ Шыңғысхан белсене қатысты. 1207 ж. ол Сібірдегі орман жұртын бағындырғаннан кейін, 1207 – 09 ж. Таңғұт (Си Ся) мемлекетіне үш дүркін шабуыл жасап, жаулап алды. Шығыс Түркістандағы ұйғырлар мен қарлұқтар Шыңғыс ханға қарсылықсыз бағынды. 1211 ж. өзінің ежелгі ата жауы Алтын (Цзин) еліне қарсы аттанып, бес жылдың ішінде бұл елдің басты бекіністерін басып алып, мол олжаға батты. Алайда бұл жорық соңына дейін жеткізілмеді. Жалайыр Мұқылай ноян бастаған 60 мыңдық әскерді Қытайға қалдырып, Шыңғыс ханның өзі 1216 ж. Қарақорымға қайтып оралды. Көп ұзамай батысқа қарай жорықтар ұйымдастырылды. Жебе ноян бастаған әскер найман ханы Күшлікті өлтіріп, Іле, Жетісуаймағын билеп тұрған Қарақытайлар мемлекетін бағындырды. 1211 жылы Жетісуға монғолдардың алғашқы келуі сол оқиғалардың салдарынан болған еді. Бірақ олар ұзақ уақыт болған жоқ, ейткені Шыңғысхан оларды солтүстік Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысуға кері шақырып алды. 1216 жылы бұл науқан ойдағыдай аяқталғаннан кейін монғолдар Батысқа қарай жылжуын қайтадан бастады.Шыңғысхан өзінің үлкен ұлы Жошыға қыпшақтарға қашып барған меркіттерді қыруға, ал сенімді қолбасшыларының бірі Жебе-ноянға Күшлік-ханды жазалауға бүйырды. 1218 жылы Күшлік-хан талқандалды да, монғолдар оның Жетісудағы иеліктеріне кірді, оларды христиан наймандар мен буддистердің қысымынан қатты зардап шеккен жергілікті мұсылман тұрғындары қуана қарсы алды. Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргеннен кейін монғол қолбасшысы Жебе-ноян жаршылар арқылы хабарлатып әскерлерге бейбіт тұрғындардың мүлкіне тиісуіне тыйым салынсын, ал мүсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету құқығы қайтарылсын деп бұйрықберді. Қашып кеткен Күшлікті монғолдар Бадах- шанда қуып жетіп, басы алынды. Сөйтіп, Шыңғыс иеліктері Хорезмшах мемлекетіне таяп келді. Жошы-хан Қазақстанның Торғай далаларында меркіттермен шайқасып, оларға күйрете соққы бере ыдыратып жіберді. Бірақ келесі күні оған Хорезм шахы Мұхаммедтің 60 мындық әскері шабуыл жасады, ол Сырдарияның төменгі ағысындағы Женттен қазіргі қазақ далаларында мекендеген көшпелі қыпшақтарға жорыққа шыққан әскер болатын. Бұл шайқаста ешқайсысы жеңіске жеткен жоқ. Бірақ жалпы алғанда бұл кездейсоқ қақтығыс хорезмшахқа қатты әсер етті, В. В. Бартольдтің пікірінше, Шыңғысхан 1219-1221 жылдары хорезмшахтардың мемлекетін шапқан кезде оның монғолдармен ашық шайқаска неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған. Ал бұдан әрі монғол-хорезм қатынастары барған сайын шиеленісе берді де, соғысқа әкеп соқты.Шыңғысханның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Хорезмшах Монғолияға бірінен соң бірін - екі елшілік аттандырды. Өз тарапынанШыңғысхан да елшілік жіберді. 1218 жылдын көктемінде хорезмшах Мұхаммед осы елшілікті қабылдады.

29. XIII ғасырда Шыңғыс хан империясының құрылуына байланысты Қазақстандағы этностық жағдай елеулі өзгерістерге ұшырады. Шыңғыс хан жаулап алған кез, әсіресе алғашқы онжылдықтар жерді, елді, қала мәдениетін қатты күйзеліске ұшыратты.Қазақстан жерін мекендеген түркі тектес тайпалардың біртұтас халық болып бірігуі монғол шапқыншылығына дейін аяқталуға жақын еді. Бұл үдерісті монғол шапқыншылығы бірнеше ғасырға баяулатып, шегеріп тастады.Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстанның және көрші аймақтардың этностық құрамына едәуір өзгерістер енгізді, этностық шекараларды өзгертті.Шыңғыс хан жорығына дейінгі кезеңде Қазақстан жеріне найман, керей, меркіт, жалайыр тайпалары шығыстан келіп қоныстанса, монғолдарды жаулап алған кезеңде мұнда маңғыт, қиат, барлас, қоңырат, татар, т.б. тайпалар қоныс аударды.Қазақстан жеріне басып кірген Шыңғыс хан әскерінің құрамында болған монғолдардың саны туралы нақты мәлімет жоқ. Шыңғыс хан жорығына, оған сол кезде бағынышты болған ұйғырлардың, қарлұқтардың әскерін қосқанда, Орталық Азияға басып кірген әскердің жалпы саны 150 мыңдай адам болған. Жаулап алу барысында бұл әскер монғолдардың өз есебінен және де Оңтүстік Сібірдің, Алтайдың, Батыс Монғолияның түркі тілдес тайпаларының есебінен толығып отырды. Алтай мен Ертіс өңірінен ауған талас, төлеңгіт, барын, т.б. түркі тайпалары Жетісуға қоныстанды. Жаулап алу барысында монғол жауынгерлерінің, монғол әскері құрамындағы түркі тілдес жауынгерлердің бір бөлігі жергілікті жерлерді басқару, күзет қызметі үшін қалдырылып отырды. Бірақ олар жергілікті халықтан қыз алып, бірте-бірте тұрғылықты елмен сіңісіп кетті.Монғолдардың батысқа қарай жорығы, ең алдымен, Қазақстан жерінен басталды. Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы бүкіл әлемде бұдан жақсы жер, бұл ауадан таза ауа, бұл судан тәтті су, бұл көкмайса мен жайылымдардан кең жайылым жоқ деп білді.1237 жылы Шыңғыс ханның немересі Батый ханның бастауымен Шығыс Еуропаға аттанған монғол әскерінің құрамында көшпелі қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өкілдері едәуір көп болды. Осы жорықтың нәтижесінде, 1242 жылы Алтын Орда құрылды. Монғол әскері Жайықтан әрі өткен кезде оның қатарына оңтүстік орыс жерін мекендеген половецтер мен саксиндер де қосылған еді.Монғол шапқыншылығы әсіресе Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этностық құрылымын қатты өзгертті, бұрынғы этностық байланыстарды әлсіретті.Монғолдардың жаулап алуы кезеңінде Сыр өңіріндегі қала, дала халқының саны күрт азайып кетті. Әсіресе Отырар, Сығанақ және Ашнас калаларының халқы монғолдарға қатты қарсыласқаны үшін аяусыз қырылған.1245—1247 жылдары Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінен жүріп өткен Плано Карпини былай деп жазады:"Біз кангиттер (қаңлылар) жеріне кірдік... Осы жерден, сондай-ақ Каманиядан (қыпшақ жері — Ә.Т.) біз өлген адамдардың шашылып жатқан бастары мен сүйектерін көрдік..."Моңғол шапқыншылығы бұл өңірде бұрын қалыптасып қалған шаруашылық-экономикалық, мәдени-этностық дамуды бұзды. Сонымен қатар монғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этностық құрылымына едәуір өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан Қазақстан жеріне сырттан келген монғол, түркі тектес тайпалар қоныстанса, екінші жағынан жергілікті халықтың біраз бөлігі Шыңғыс ұрпақтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға қуды. Соның нәтижесінде, жергілікті түркі тектес рулар, тайпалар бір-бірінен ажырап қалды, бұрыңғы тұтастығынан айырылып, майдаланып кетті. Бұл үлкен ру, тайпалардың халық болып бірігуін қатты тежеді. Монғолдар шапқыншылығынан аяқталуға жақын қалған тайпалардың, тайпалық одақтардың халық болып бірігуі бірнеше ғасырға шегерілді.Монғолдардың келуімен тайпалардың басқару жүйесінде, шаруашылық қарекетінде, тұрмыс – тіршілігін де, салт-санасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік қатты күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды. Дегенмен де қалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоқыраған жоқ. Олар түркілердің тілін, әдет-ғұрпын, дінін қабылдады. Бұл жөнінде XIV ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Омари өте бейнелі жазған:"Ертеде бұл мемлекет (Алтын Орда — Ә.Т.) қыпшақтардың елі болған, бірақ өздерін татарлар жаулап алған кезде қыпшақтар солардың бодандарына айналған. Сонан соң бұлар олармен араласып, туыстасып кеткен де, қыпшақтардың табиғи және нәсілдік қасиеттері үстем болып шығып, олардың бәрі нақ қыпшақтар сияқты болып кеткен..." — дейді

30. 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.

Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты.

Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

31. Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді.

«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.

Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады.

Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.)

Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.

Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді.

Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды.

Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 58 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>