Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын 3 страница



 

Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.).

Мемлекеттің құрылуы

Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Бұл оқиғалар ертедегі түріктердің Терхин жазбаларында: «Ит жылы үш-қарлұқ опасыздық жасап, қашып кетті. Олар батыстағы он оқ халқының еліне келді»,—деп көрсетілген. Түргештердің әулеттік руларынын саяси билігінің әлсіреуін Шығыс Түркістандағы қытай өкілдері пайдалана қойды. Тань әскерлері Суябты басып алды, Шашқа (Ташкентке) дейін жетті, бірақ мұнда көк тіреген Қытайдың мүдделері батыстан өздерінің ықпал ерісін кеңейту мақсатымен ілгерілеп келе жатқан арабтардың мүдделерімен қиғаш келді. Қайшылықтың шиеленіскен түйіні 751 жылы екі империялық күш арасындағы шешуші шайқас барысында шешілді, оның нәтижесінде тань әскерлері зор шығынға ұшырады. Араб тарихшысы Ибн әл-Асирдің мәліметтеріне қарағанда, Атлах қаласынын түбінде 50 мың қытай өлтіріліп, 20 мындайы тұтқынға алынған. Тұтқындар арасында қөлөнершілер кеп болған. Талас өзеніндегі шайқастың Жетісу және Мауараннахр халықтарының тағдырларында зор тарихи манызы болды. Қытай әскерлері Жетісу шегінен ғана емес, ұйғырлар мен тибеттіктердің қысымымен Шығыс Түркістаннан да кетті. Талас аңғарында арабтар да тұрақтап қала алмай, Шашқа шегінді. Соның нәтижесінде қарлұқтар өз жағдайын нығайтып алды. 766 жылы Түргештердің екі қағанының ордалары—Тараз және Суябпен қоса бүкіл Жетісу қарлұқтар жабғуының қолына көшті. Сол арқылы саяси және әлеуметтік биліктердің қарлұқ көсемдерінің қолына көшуі Жетісуда Қарлұк мемлекетінің біржола қалыптасуына жеткізді. Қарлұктар өздеріне бағынышты жерлердіц шекарасын одан әрі кеңейте берді. 766—775 жылдары қарлұқтардың бір тармағы Қашғарияны басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың басқа бір тобы Ферғанаға өз ықпалын таратты. Бұл оқиғаларды бейнелей келіп, әл-Марвази бьшай деп жазады: қарлұктар «бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды»



20. Қарахан қағанатының билеушілері. Қарахан Әулетінің шығу тегі жөнінде зерттеушілердің пікірі әр түрлі. Олардың біреуі ұйғырлардан, екіншісі яғмалардан, үшіншісі қарлұқтардан, төртіншісі жікілдерден шыққан дегенге саяды. Қытай ғалымы Гың Шымин бұл әулет «ислам тарихы материалдарында» Афрасияб (Алып Ер Тоңға) есімімен сәйкестендірілетіндігін де атап көрсетеді. Батыс зерттеушілері Қарахан Әулетінің тегі – қарлұқтардың билік жүргізуші тобы» деп қарайды. Қарахан Әулетінің негізін қалаушы – Сатұқ Бұғра Қарахан (Әулие Ата). Ол өлген соң билік Мұсаға (Мұса ибн Абд әл-Кәрім) тиді. 998 ж. оның ұлы Әбілхасан Әли ибн Мұса таққа отырды. 1041 жылы Қарахан қағанаты Батыс және Шығыс Қарахан қағанаты болып екіге бөлінді. Батыс Қарахан қағанатында Әли ибн Мұса ұрпақтары, Шығыс Қарахан қағанатында Хасан Боғра хан ұрпақтары билік жүргізді. Олардың билігі 13 ғасырдың бірінші ширегіне дейін жалғасты. Мемлекет құрылуыҚарахан мемлекеті негізін салған Сатұқ Боғра хан (915—955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ конфедерациясының тайпалары атқарды.

Қарақытайлар мемлекеті (1128-1213). Қарақытайлар. Олардың құрылуы Орталық Азияның қидан тайпаларымен тығыз байланысты. Қидандар (цидань, кита, хита) б.з. 4 ғ. жазба деректерде монғол тілді тайпалар ретінде аталады. Олар Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури өлкесінің территориясын мекендеген. 924 ж. Алтайдан бастап, Тынық мұхитқа дейінгі жер Қидан мемлекетінің (Ляо империясы) қоластына өтеді.1125 ж. Сунь Қытайы мен Чжурцжень мемлекетінің біріккен күші Ляо империясын құлатады. Қидандардың бір бөлегі чжурчжендерге бағынады, ал қалғандары Елюй-Даши басқаруымен батысқа қарай Шығыс Түркістан мен Жетісуға таман - жылжиды. Олар енисей қырғыздарының жерін басып өтіп, Еміл өзенінің бойына жетеді. Сол жерге аттас қала салады. Қидандардың батыс бөлігі Жетісудың бір бөлігіне қарап, жергілікті түркі тілдес халықпен араласып кетуі нәтижесінде, келімсектер қара қытай аталып кетеді.

1128 ж. Қарахандар әулетінен шыққан Баласағұнды иемденуші өздеріне қысым жасаушы қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы шығады. Қарақытайлар көсемі Елу Дашы Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Жетісу, оңтүстік Қазақстан, Мәуереннахр мен Шығыс Түркістан қарақытай мемлекетінің құрамына кіреді. Қарахандар әулетін қарақытайлар өз вассалына айналдырады. Қарақытай мемлекетінің басшысы Гүрхан деп аталады. Оның ордасы - Шу озенінің алқабында болатын. Баласағұн орталық болып қала берді. Әскерде тәртіп қатал болған. Ел ішінде аула басынан салық жинай жүйесі енгізіледі - әр үйден бір динардан салық алып отырады. Гүрхан жақындарына жер-суды тарту етпейді, олар бәсекеші болып кетеді деп қауіптенді. Қарақытайлар Жетісудың оңтүстік бөлігін, Исфиджабтың солтүстік-шығыс аймағын, Құлжа өлкесін басқарады.Бірінші гүрхан Елюй-Даши 1143 ж. қайтыс болды. 1169 ж. оның баласы - Елюй-Чжилугу - таққа отырады. Өзі христиан болғандықтан, мұсылман дініне қарсы шығады. Оның Жетісудағы мұсылман халқын бағындыру саясаты қарсылыққа толы болды. 1208 ж. бастап Жетісуға қоңыс аударған найман тайпалары да осы ішкі саясатты бұзбайды. Жетісу аймағы өзара қырқыстар, мұсылмандық қозғалыстар орталыпына айналады. Жетісудағы осы жағдай 1218 ж. дейін, яғни Шыңғыс-ханның әскері келгенше созылды.

21.Қимақ қағанаты (9-11 ғ.б.) - көне қазақ мемлекеті.

Кимақтар 7 ғ. қытай деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп қарайды.

840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан:еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады.

Қимақ мемлекеті

10 ғ. ортасынан бастап, кимек қағанаты 4 болысқа бөлінетін болады. Кимек тайпаларының одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.

Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.

11 ғ. басында Кимақ қағанаты күйреді. Оның құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуі

Қыпшақ хандығы (1030-1219 ж.) - ежелгі қазақ мемлекеті. Қыпшақ" атауы 760 ж. ежелгі түркінің руна ескерткіштерінде аталады. Араб географы Ибн хордадбехтың (9 ғ.) түркі тайпаларының тізімінде көрсетілген.

656 ж. Батыс түркі қағандығы құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талаптары сәтсіз болып, 9-10 ғғ. Қимақтар тарихымен бірге болды. Қыпшақтар қимақ қағанатына саяси тәуелді болды.

11 ғ. басында қимақ қағанаты тарағаннан кейін, кимак, қыпшақ және куман тайпаларының бұрын жайлаған жерлерінде әскери-саяси жетекшілік қыпшақ хандарының қолына көшеді. Олар Сырдың орта және төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірі далаларынан оғыз жабғыларын ығыстырады. Енді "Оғыздар даласы" (Мафазат әл-гуз) орнына Дешт Қыпшақ (Қыпшақ даласы) атауы пайда болады. 11 ғ. ортасында қыпшақтар Еділ бойымен, батысқа қарай жылжиды. Ертістен Днестрге дейінгі бүкіл аридтік зонаны алып жатқан Дешті Қыпшақтың тарихи-географиялық облысын шартты түрде Еділ бойы арқылы екі үлкен этникалық -территориялық бірлікке бөлуге болар еді: басында Тоқсоба рулық әулеті тұрған Батыс қыпшақ бірлестігі және Ел-бөрілі руының хан әулеті тұрған Шығыс Қыпшақ қағанаты.

22. Оғыздар – (ежелгі түрікше – оғуз; қазақша – оғыз) – орта ғасырларда Орталық Азияда өмір сүрген түрік тілдес тайпалар. Оғыздар атауын бірқатар зерттеушілер алғашқыда «тайпалар», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деп есептеді. Оғыздар жайлы деректер түрлі жазба ескерткіштерде, шежіреде, жыр, аңыз әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаулармен ертеде орта ғасырлардан басталғаны белгілі. Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуы түркі халықтарына ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен тікелей байланысты. Жырда ол барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған. 7 ғасырдың басында Түрік қағандығы құрамында тоғыз-оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыздар тайпалары Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. Н.Я. Бичурин өзінің «Ерте кездері Орта Азияны қоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер» жинағында «Шығыс Түрік қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түрік» атымен (қайта аталып) оғыз-түрік тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады. Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шенінде Жетісудан Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі ағысы алқаптарына жылжи бастаған. Қырғыздар шабуылынан 840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырап, оған тәуелді түрік-оғыздар қарлұқтармен болған қақтығыс нәтижесінде 9 ғасырда батысқа қарай ығысты. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік және Батыс Қазақстан аумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты. Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген ежелгі этностық топтар (негізінен, түріктенгендер) мен Жетісу, Сібірдің көшпелі және жартылай көшпелі рулары мен тайпалары енді. Оғыздар бірнеше тайпаға, тайпалар руларға бөлінді. Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан, кейін 22 тайпадан құралғаны айтылады. Олар: қынық, қайығ, байундур, йуа-йыуа, салғур, афшар, бәктілі, бугдуз, байат, йаз-ғыр, аймур, қарабөлук, алқабөлук, ігдір, урәгір-йурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәр-тігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы – қынық. Оғыздар бұзұқ (бузук), ұшұқ (учук) болып екіге бөлінді. Олар тиісінше оғыздар әскерлерінің оң және сол қанаттарына кірді. Осы топтардың әрқайсысы теңдей екі топқа бөлінген 24 тайпадан құралды. 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз мемлекеті құрылды. Мемлекет орталық Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқари оғыздардың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады. 11 ғасырдың ортасында шығыстан келген қыпшақтар оғыздар мемлекетін талқандады. Оғыздардың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті, салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздардың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті. Сырдария, Арал алқаптары мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздардың 11 – 13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзірбайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды..[1] Махмұт Қашқари О-дың Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, т.б. қалалары болғандығын айтады. 11 ғ-дың ортасында шығыстан келген қыпшақтар Оғыз мемлекетін талқандады. Оғыздың бір бөлігі батысқа кетіп, оңтүстік орыс далаларына қоныс тепті, салжұқтар басқарған басқа бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап алды. Оғыздың солтүстік-батыстағы бөліктері бертін келе Еділдің төменгі бойындағы татарлармен, оңтүстік Оралдағы башқұрттармен сіңісіп кетті. Сырдария, Арал алқаптары мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оғыздың 11 – 13 ғасырларда Кавказ бен Кіші Азияға өтіп кеткен оңтүстік тобы әзербайжан, түрік, гагауз халықтарының этногенезінде маңызды рөл атқарды.

23. Найман мемлекетіНайман ұлысы, Найман хандығы, ғасырларда Қазақстанның шығысында өмір сүрген. Негізгі аумағы Ертістен Орхонға дейінгіАлтай мен Хинган таулы өлкесін қамтыды.Батысында Ертіс өзеніІ бойындағы қаңлылар, солтүстігінде қырғыздар, шығысында Орхон, Селенга бойын алып жатқан керей, меркіттермен және оңт-ндеҰйғыр, Ся жұртымен іргелес тұрды. Жазба деректер бойынша алғашқы билеушілері 1143 жылдан бастап белгілі. Найман мемлекеті 12 ғасырдың аяғында билік еткен Инаныш Білге Бұқа хан тұсында нығайды. Ұлы Жібек жолында орналасқан. Найман мемлекетінің көрші елдермен саяси, сауда байланыстары жақсарды. Рашид әд-Дин “Наймандардың хандары қадірлі, қуатты, олардың халқының саны көп, әскері де қуатты болды” деп жазды. Найман мемлекетінің хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Белгілі тайпа билеушілері, батыр, қолбасшылары хан кеңесінің құрамына кірді. Хан ұлыс жасағының бас қолбасшысы болды. Ұлыста іс қағаздары жүргізіліп, хан жарлықтары хатқа түсіріліп, оған ханның төрт бұрышты алтын мөрі (таңба) басылған. 12 ғасырдың аяғынан бастап Найман мемлекетінің хандары “Бұйрық”, “Күшлік” деп аталды. Инаныш Білге өлген соң, оның екі ұлы Таян хан мен Бұйрық хан таққа таласып, Найман мемлекетін екіге бөлді. Екі иелікке бөлінген ұлыстың әрқайсысы өз алдына дербес әрекет етіп, өзара қырқысты. Бұл ішкі саяси дағдарыс Шыңғыс хан әскери күшінің артуымен тұстас келді. Шыңғыс хан және керейлер ханы Тоғрыл (Уаң хан) бастаған қол 1199 жылы Бұйрық ханның, 1204 жылы Таян ханның ұлысын басып алды. Олардың Жамұқа бастаған тайпалар одағының күшімен бірігіп, моңғолдарға қарсы тұрмақ болған әрекеттері нәтижесіз аяқталды. Жетісу жеріне келіп, Найман мемлекетін саяси-әлеум. жағынан қайта күшейтуге тырысқан Таян ханның ұлы Күшлік ханды Шыңғыс ханның Жебе бастаған қолы өлтірді.

Керейлер (Керейттер). Керейлер туралы жазба деректердегі ең ерте мәліметтер Х ғасырдың бас кезіне жатады. Керейлер конфедерациясының этникалық құрамы бір текті болмаған. Олар түрік тілді және моңғол тілді жұрттан құралады. Керейлердің батысында – наймандар, солтүстігінде -меркіттер, шығысында -татарлар, оңтүстігінде -таңғұттар тұрады.

Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағын қабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде ұйғыр мәдениетінің ықпалында болған.

ХІІ ғасырдың 50 – ші жылдарында керейлердің Қытаймен арадағы қатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресін бастаған Маргуз – хан тұтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Одан кейін елді Худжар Бұйрық – хан биледі. 1171 жылы хан тағы оның баласы Тоғырылға көшті. Тоғырыл хан тұсында Керейлер ұлысы солтүстікте – Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте - Хуанхеге дейінгі; Батыста – Хангай тауынан, Шығыста Халкин Голге дейінгі жерлерді жайлаған. Керейлер найман, қаңлы, ұйғыр, меркіт, моңғол, қарақытай, таңғұттармен тығыз саяси және этникалық – мәдени байланыс жасап тұрған.

Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері – Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха – тәрбие алып, саяси және елшілік өмірден хабардар болған. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан. 1180 жылдары Тоғырыл Тимучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса отырып, татар әскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл хан Қытайдың Ван титулын иеленді. Бұл егеменді құқығы ресми мойындалған патша дегенді білдіреді. Сондықтан Тоғырылды тарихта Ван – хан деп те атайды. 1203 жылы керейлер мен бұрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бұрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның ұлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік–Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің құрамына енді.

Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен әсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп–қонды. Моңғолдардан жеңілген наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті. Наймандардың қазақтар құрамындағы үлесі едәуір еді. Моңғол дәуірінде олардың басым бөлігі Сырдарияға, яғни қазақтың кең даласына көшті, сөйтіп қазақ этносының қалыптасуында белсенді роль атқарды. Ал керейлердің бір бөлігі батысқа, Еділ бойына ұмтылды, онда олар өздерінің керей этнонимін сақтап қалды, кейін осы атаумен олар өзбектер мен қырғыздар құрамына енсе, аз бөлігі қазақтар құрамына кірді. Олардың (керейлердің) көпшілігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына Керей (Қара – Керей, Абақ - Керей) атауымен енді, сөйтіп бұрынғы “Кереит” деген этноним атауындағы “т” жалғауы алынып қалды.

Керейлер мен наймандар әлеуметтік – саяси дамудың бір деңгейінде тұрған. Олар дербес мемлекеттік құрылым – ұлыстар болып ұйымдасып, ал ұлыстар болса, хандар әулеті бастаған бүкіл этносты біріктіріп, рулық – тайпалық институт атаулының бәрінен де жоғары тұрған. Әрбір ұлыстың өз территориясы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. Ұлыстарда хан қосының басқару орындары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жұмыс істеген. Сонымен туысқан тайпалардың әлеуметтік жіктелуі мен бірігуі ерте феодалдық мемлекеттердің, яғни Керейлер мен Наймандар ұлысының құрылуымен аяқталады.

24. Орта ғасырдағы қалалық мәдениет. Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. "Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,- Түркістан шекарасындағы Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар".

Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан II-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды. ХІ ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы – Тараз және Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70 -жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен.Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент,Сығанақ, Жент, Барлышкент және т.б. қалалар орналасқан. Орталық және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Нұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз қаланың орны табылды. Нұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейлінше ірі қала болған, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен Ұлыбағыр, Торғайдың төменгі сағасында – Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айша–бибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет ғана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі болған.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 54 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>