Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неврология пәні бойынша тесттер 5 страница



А. энцефалит

Б. субарахноидальды қан құйылу

В. ишемиялық инсульт

Г.жедел гипертонилық энцефалопатия

Д. жедел спинальды инсульт

 

343. 65 жастағы науқас таңертең сол жақ аяғын баса алмай құлаған.

Объективті: науқас орнықсыз, ұстау рефлексі анықталады, оң жақ аяғының спастикалық парезі. Бас миының КТ – оң жақ гемисфераның ишемиялық инсульті. Қай қан тамыр бассейіні зақымдануы мүмкін?

А. ішкі ұйқы артериясы

Б. вертебро – базилярлы бассейнде

В. ортаңғы милық артерия

Г. алдыңғы милық артерия

Д. артқы милық артерия

 

344. 60 жастағы науқаста таңертең жүрек тұсында ауыру сезімі пайда болып, оң жақ аяқ – қолындағы қимыл – қозғалыс шектелген. Объективті: АҚҚ=80/50 мм.с.б.б. Беттің мимкалық бұлшық еттерінің, тілдің оң жақтық орталық парезі. Оң жақтық спастикалық гемипарез және гемигипестезия. ЭКГ – коранарлы қан айналымының бұзылысы. Ми қан айналымы бұзылысының мүмкін болатын себебін атаңыз

А. қант диабеті

Б. гипертониялық ауру

В. васкулит

Г. Жүрек – қан тамыр жеткіліксіздігі

Д. өкпе жеткіліксіздігі

 

345. 40 жастағы науқаста кенеттен аяқ – олдарындағы қозғалыс жоғалды. Объективті: спастикалық тетраплегия. Сезімталдықтың спинально-өткізгіштік тип бойынша бұзылысы С3 деңгейінен бастап. Зәр шығарудың тежелуі. Ликворлы ксантохромия. Қысымы 300 мм.су б.б. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүкін

А. бас миы қарыншаларына қан құйылу

Б. жұлынға қан құйылу

В. бас миының инфаркты

Г. миелит

Д. субарахноидальды қан құйылу

 

346. 60 жастағы науқаста АҚҚ 220/120 мм.с.б.б. жоғарылау фонында оң жақ аяқ – қолында әлсіздік пайда болды. Объективті: сұрақтарға жауап бермейді, бірақ мағынасын түсінеді. Оң жақтық мимкалық бұлшық еттердің және тілдің орталық парезі. Оң жақтық спастикалық гемипарез және гемигипестезия. Ликвор – түссіз, мөлдір. Қысымы – 180 мм су б.б.. цитоз 3 лимфоцит. Патологиялық ошақтың қай ми артериясы қандандыратын аймақта орналасқанын анықтаңыздар



А. Адамкевич артериясы

Б.ішкі ұйқа артериясы

В. ортаңғы милық артерия

Г. алдыңғы милық артерия

Д. артқы милық артерия

 

347. Науқас, К, 59жаста. Біртіндеп сол жақ аяқта және қолда әлсіздік пайда болған, оң жақ көзі жабылмай қалған. Объективті: АҚҚ= 200/100 ммс.б.б., лагофтальм, «желкен», «леп» белгісі оң жақтан, сол жақтық сіреспелі гемипарез, Бабинский белгісі сол жақтан. Ликвор – түссіз, қысымы – 150 мм су б.б., лимфоцит клеткалары – 3. Болжамалы диагноз

А. геморрагиялық инсульт

Б. атеротромботикалық типтегі ишемиялық инсульт

В. кардиоэмболикалық типтегі ишемиялық инсульт

Г. ми қан айналымының келмелі бұзылысы

Д.кіші инсульт

 

348. Ишемиялық инсульт қай ауруда жиірек дамиды

А. бас миы қан тамырларының аневризмасында

Б. гемофилии

В. қант диабетінде

Г. бас миы ісіктерінде

Д. ми қан тамырлары атеросклерозы

 

349. Геморрагилық инсультта жұлын сұйықтығында анықталады

А. ликворлық қысымның төмендеуі

Б. ақуыз - клеткалық диссоциация

В. эритроциттер

Г. клеткалық-ақуыздық диссоциация

Д. нейтрофилдер

 

350. Субарахноидальды қан құйылу кезінде байқалады

А. менингеальдық белгілер

Б. ошақты симптомдар

В. ликвор түссіз

Г. ликворда ақуыз - клеткалық диссоциация

Д. біртіндеп дамуы

 

351. 55 жастағы науқаста бас айналуы, жүру кезіндегі шайқалу, бас ауыруы, көз алдында екеу болып көріну пайда болған. Объективті: Ақыл – есі анық. АҚҚ=175/100 мм.с.б.б. Көз алмаларының қозғалысы шектелмеген, шетке қараған кезде горизонтальды нистагм. Беті симметриялы, тілі ортаңғы сызық бойында. Рефлекстер жоғарылаған, аяқ-қолдардағы тонус төмендеген. Координаторлы сынамаларды орындау кезінде екі жақтан да атаксия. Ромберг қалпында тұрақсыз. Зақымдану ошағын қай бассейн қандандырады?

А. ішкі ұйқы артериясы бассейні

Б. сыртқы ұйқы артериясы бассейні

В. орталық ми артериясы бассейні

Г. алдыңғы ми артериясы бассейні

Д. вертебро-базилярлы бассейн

 

352. 68 жастағы науқаста біртіндеп оң жақ аяқ-қолында жансыздану, әлсіздік және сөйлеудің бұзылысы пайда болды. Объективті: АҚҚ=180/100 мм.с.б.б. Ақыл – есі анық, оң жақ мұрын – ерін қатпарының тегістелуі, тілі оңға ауытқыған, дизартрия. Оң жақ аяқ – қолда тонус және рефлекстер жоғарылаған, Бабинский белгісі оң жақта. Мүмкін болатын клиникалық диагноз?

А. ишемиялық инсульт

Б. паренхиматозды субарахноидальды қан құйылу

В.бас миы тамырларының эмболиясы

Г. диапедезді қан құйылу

Д. вентрикулярлы қан құйылу

353. Ишемиялық инсультта тағайындалады

А. викасол

Б. контрикал

В. гепарин

Г дицинон

Д. аминокапроновую кислоту

 

354. Клиникағы 48 жастағы сырқат бас айналуына, бас аурына және бас ауры шегінде

құсуына, сол жақ аяқ- қолының әлсіздігіне шағымданып түсті. Обьективті: АҚ 205/ 105 мм. сын. бағ.Желке бұлшық етінің сіресуі, Керниг симптомы, сол жағында гемипарез. Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді

А. мидың КТ-сы

Б. РЭГ

В. қан анализі

Г. зәр анализі

Д. биохимиялық анализ

 

355. 56 жастағы сырқат бас айналуына, бас аурына және әлсіздікке шағымданды. Обьективті: АҚ 205/ 105 мм. сын. бағ., менинигиальдық синдром, ликворда эритроциттер анықталды. Қандай синдром диагнозды дәлелдейді

А. Белл симптомы

Б. Керниг симптомы

В. «желкен» симптомы

Г. ошақтық синдром

Д. Шарко симптомы

 

356. Клиникағы 48 жастағы сырқат бас айналуына, бас аурына және бас ауры шегінде

құсуына, оң жақ аяқ- қолының әлсіздігіне шағымданып түсті. Обьективті: АҚ 170/ 95 мм. сын. бағ. Желке бұлшық етінің сіресуі, Керниг және Мендель симптомы оң, Ликворда қандай өзгеріс байқалуы мүмкін

А. ликвор өзгеріссіз

Б. «ет жуындысы «тәрізді

В. нейтрофильдік плеоцитоз

Г. белок- клеткалық диссоциация

Д. лимфоцитарлық плеоцитоз

 

357. Тор қабық астына қан құйылғанда ликвор түсі қалай өзгереді?

А. «ет жуындысы» тәрізді

Б. жасыл- сары

В. сарғыш

Г. түссіз мөлдір

Д. қоңыр

 

358.Науқас 35 жаста. Кенеттен бас ауыру сезімі, қайталамалы құсу пайда болып, оңжақ аяқ-қолының қозғалысы жоғалған. Объективті: Кома. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Брудзинский,Керниг симптомдары екі жақтан оң. Мимикалық бұлшық еттердің және тілдің оңжақтық орталық парезі, оң жақтық гемиплегия. АҚҚ=200/120 мм.с.б.б. Ликвор қанмен боялған, көп мөлшерде эритроциттер. Ликвор қысымы 300 мм.су б.б. Қай препаратты тағайындау маңызды

А. кавинтон

Б. стугерон

В. Дицинон

Г. инстенон

Д. гепарин

 

359. 65 жастағы науқаста біртіндеп сол жақ аяқ-қолында жансыздану және әлсіздік пайда болды. Объективті: АҚҚ-170/100 мм.с.б.б., ақыл – есі анық, сол жақ мұрын – ерін қатпарының тегістелуі, тонус және рефлекстер сол жақтан жоғарылаған, Бабинский белгісі сол жақтан. Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді

А. ЭЭГ

Б. ЭМГ

В. жалпы зәр анализі

Г. жалпы қан анализі

Д. бас миының МРТ

 

360. Гипертониялық аурумен ауыратын 43 жастағы науқаста біртіндеп сол жақ аяқ – қолында әлсіздік және жансыздану пайда болған. Объективті: АҚҚ-180/100 мм. с.б.б. Ақыл – есі анық, сол жақтан мимикалық бұлшық еттер мен тілдің орталық парезі және сол жақтық гемигипестезия. Болжамалы клиникалық диагноз

А. ишемиялық инсульт

Б. геморрагиялық инсульт

В. менингитт

Г. энцефалит

Д. менингоэнцефалит

 

361. Бас миы тамырларының атеросклерозымен ауыратын 70 жастағы науқаста оң жақ аяқ – қолында әлсіздік және жансыздану пайда болды. Объективті: АҚҚ-170/90 мм.с.б.б. Есі анық. Оң жақ мұрын – ерін қатпары тегістелген, тілін шығарған кезде оңға қарай ауытқиды. Аяқ-қолдардың күші 3 балға дейін төмендеген. Тонус және рефлекстер жоғарылаған, Бабнский белгісі оң жақтан. Болжамалы клиникалық диагноз

А. әлсіз гемипарез

Б. сіреспелі тетрапарез

В. оң жақтық сіреспелі гемипарез

Г. оң жақтық мимикалық бұлшық еттер мен тілдің перифериялық парезі

Д. мишықтық атаксия

 

 

362. 45 жастағы науқаста АҚҚ 180/100 мм..б.б. жоғарылау фонында бас ауыруы,бас айналуы, жүрісінің бұзылысы пайда болды. Объективті: шетке қараған кездегі нистагм, тіл ортаңғы сызық бойында, рефлекстер жоғарылаған. Ромберг қалпында тұрақсыз. Кординаторлы сынаманы орындауда атаксия. 2 сағат өткен соң АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. төмендегенде жағдай жақсарды. Бас ауыруы мен бас айналуы қайтты. Рефлкстер екі жақтан бірдей. Ромберг қалпында тұрақты, координаторлы сынамаларды қанағатты орындайды. Мүмкін болатын клиникалық диагноз

А. ишемиялық инсульт, тромбоэмболиялық түрі

Б. ми қан айналымының келмелі бұзылысы

В. жедел гипертензиялы энцефалопатиясы

Г. миелит

Д. шашыранды склероз

 

363. Науқас, С, 20жаста, кенеттен есін жоғалттыОбъективті: Кома, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі, Керниг және Брудзиский белгілері екі жақтан оң. Рефлекстер жоғарылаған, Бабинский белгісі екі жақтан оң. Мүмкін болатын клиникалық диагноз?

А. субарахноидальды қан құйылу

Б. субарахноидальды қан құйылу

В. ишемиялық инсульт

Г. транзиторлы ишемиялық атака

Д. субарахноидальды – паренхиматозды қан құйылу

 

364. Гипертониялық аурумен ауыратын 49 жастағы науқаста жұмыстан үйге қайтқан кезде қатты бас ауыру сезімі, қайталамалы құсу пайда болған. Объективті: кома, қарашықтары кеңіген, қарашықтардың жарыққа реакциясы анықтлмайды. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі 2 көлденең саусаққа, Керниг, Брудзинский белгілері екі жақтан оң. Оң жақтық сіреспелі гемиплегия және гемигипестезия.Болжамалы диагноз

А. субарахноидальды қан құйылу

Б. паренхиматозды-субарахноидальды қан құйылу

В. ишемиялық инсульт

Г. транзиторлы ишемиялық шабуыл

Д. вентрикулярлы – паренхиматозды қан құйылу

 

365. Базилярлы артериялар қандандырады

А. маңдай бөлігін

Б. сопақша миды

В. төбе бөлігін

Г. самай

Д. самай бөлігінің ішкі бөлімдерін

 

366. Артқы ми артериясының қандандыратын аймағы

А. самай бөлігі

Б. ми бағанасы

В. шүйде бөлігі

Г. маңдай бөлігі

Д. иіссезу тркты

 

367. Ишемиялық инсульт кезінде сол жақ ортаңғы ми артериясы бассейнінде байқалады?

А. сіреспелі тетраплегия

Б. сіреспелі гемиплегия оң жақта

В. босаң тетрапарез

Г. ошақты белгі

Д. қолдың шеткі парезі және аяқтардың спастикалық парезі

 

368. Сол жақ ортаңғы бас ми артериясы бассейніндегі қан айналым бұзылысына қай белгі тән:

1) сіреспелі гемипарез сол жағында

2) сіреспелі гемипарез оң жағында

3) бе нервінің шеткі салдануы

4) босаң тетрапарез

5) қолда босаң салдану, аяғында сіреспелі салдану

 

369.Алдыңғы бас ми артериясы зақымданғанда қандай белгі дамымайды

1) монопарез

2) гемианопсия

3) гемиатаксия

4) вестибулярлық атаксия

5) сенсорлық афафзия

 

370. Сол жақ алдыңғы ми артериясы бассейніндегі инсультқа тән?

1) сыншылдықтың төмендеуі

2) сенсорлық афазия

3) гомонимді гемианопсия

4) диплопия

5) сол жақ мимикалық бұлшық еттердің шеткі парезі.

 

371. Ортаңғы ми артериясы бас миының қандай құрылымдарын қандандырады

А. ішкі капсуланың тізесін, артқы аяғын

Б. сүйелді денені

В алдыңғы отаңғы иірімнің жоғарғы бөлігін

Г.ішкі капсуланың алдыңғы аяқшасын

Д. мишықты

 

372. Ортаңғы ми артериясы бассейнінде қанайналымы бұзылғанда қандай белгі кездеседі

А. сенсорлы афазия

Б. шеткі моноплегия

В. биназальды гемианопсия

Г. иіс сезудің бұзылысы

Д. битемпоральды гемианопсия

 

373. Ортаңғы ми артериясы бассейніндегі ЖБҚБ тән

А. төменгі босаң парапарез

Б. Вебер альтернирлеуші белгісі

В. Джексон синдромы

Г. гемианестезия

Д. Мийяр-Гублер альтернирлеуші белгісі

 

374. Сол жақ ортаңғы ми артериясы бассейнінде инсульт дамығанда жиі пайда болады

А. сол жақ мимикалық бұлшық еттердің және тілдің орталық парезі

Б. сол жақ мимикалық бұлшық еттердің және тілдің шеткі парезі

В. моторлық және сенсорлық афазия

Г. жоғарғы квадрантты гемианопсия

Д. сол жақтан тілдің шеткі парезі және оң жақтық гемипарез.

 

375. Артқы ми артериясындағы жедел ми қан айналым бұзылысына тән

А. гемиплегия

Б. тетраплегия

В. гемианопсия

Г. гемианестезия

Д. Мийяр-Гублер альтернирлеуші белгісі

 

376. 74 жастағы науқас ауруханаға бас ауыруы, бас айналуы, көруінің нашарлауына шағымданып келген. Анамнезінен: ауырғанына 3 күн болған. Объективті: АҚҚ=165/105 мм.с.б.б., менингеальды белгілері теріс, оң жақтан көрі аймақтарының түсіп қалуы. Бас миы КТ – сол жақ артқы ми артериясында ишемиялық инсульт. Артқы ми артериясы бассейнінде ЖБҚБ тән белгіні атаңыз?

А. сенсорлы афазия

Б. Валенберг-Захарченко альтернирлеуші белгісі

В. квадрантты гемианопсия

Г. моторлық афазия

Д. Джексона альтернирлеуші белгісі

 

377. Геморрагиялық инсульттің себеті бола алады:

1) гипертониялық криз

2) вагоинсулярлық криз

3) жоғарғы температура

4) абсанстар

5) ұстамалар

 

 

378. Шынтақ нерві нейропатиясының көрінісі:

1) «салбыраған» қол ұшы

2) 1-2 саусақта сезімталдықтың бұзылуы

3) 4-5 саусақты бүге алмау

4) алағанның ангидрозы

5) 2-3 саусақта ауырсыну белгісі

 

379. Ортраңғы нерв нейропатиясының белгісі:

1) 5 саусақты бүге алмау

2) «салбыраған» қол ұшы

3) «маймыл алақан» симптомы

4) табанды бүге алмау

5) 4 саусақты бүге алмау

 

380. Шонданай нерві нейропатиясына тән:

1) Вассерман симптомы

2) ахилл рефлексі анықталмайды

3) тізе рефлексі анықталмайды

4) санның алдынғы бетінде гипестезия

5) Мацкевия симптомы

 

381. Иық өрімінің жоғары салы – Эрба салы, зақымданғанда дамиды

А. С3 –С4

Б. С1 –С2

В. С5 –С6

Г. С7 –С8

Д. С8 –Д1

 

382. Иық өрімінің төмен салы – Дежерин – Клюмпке салы, зақымданғанда дамиды

А. С3 –С4

Б. С1 –С2

В. С5 –С6

Г. С7 –С8

Д. Д2- Д3

 

383. Кіші жілінлік нервінің зақымдануына тән:

1) табанды жазатын бұлшық етінің салдануы

1) толарсақта гипестезия

3) ахилл рефлексі төмен

4) Вассерман симптомы

5) тізе рефлексі анықталмайды

 

384. Сан нервіінің сыртқы тармағы нейропатиясының белгісі:

1) тізе рефлексі анықталмайды

2) санның сыртқы жағында гипестезия

3) төрт басты бұлшық еттің әлсіздігі

4) ахилл рефлексі төмен

 

385. Тізе асты шұңқырында кіші жіліншік нерві қысылу синдромына тән

А. аяқ басы табан бүккіштерінің әлсіздігі

+Б. перонеальды бұлшық ет топтарының гипотрофиясы

В. жіліншік сыртқы аймағының гипалгезиясы

Г. ахилл рефлексінің жоғарылауы

Д тізе рефлексінің жоғарылауы

 

386. Қандай нерв зақымданғанда өкшемен жүру мүмкін емес

1) шонданай нерві

2) үлкен жіліншік нерві

3) кіші жіліншік нерві

4) сан нерві

5) шеткі нервтер

 

387. Қандай нерв зақымданғанда аяқ ұшымен жүру мүмкін емес

А. шонданай нерві

Б. үлкен жіліншік нерві

В. кіші жіліншік нерві

Г. сан нерві

Д. полинейропатиялар

 

388. Сан нервінің зақымдануына қандай симптоматика тән?

А. ауру сезімінің санның алдыңғы бетімен берілуі

Б. ахилл рефлексінің анықталмауы немесе төмендеуі

В. ауру сезімінің санның артқы бетімен және жіліншік бойымен берілуі

Г. ахилл рефлексінің төмендеуі

Д. "шұлық" тәрізді сезімталдық бұзылысы

 

389. Сан нервінің нейропатиясында сезімталдық бұзылысы қай аймақта анықталады

А. санның алдыңғы бетінің төменгі үштен екі бөлігінде

Б. санның артқы бойында

В. жіліншгіктің алдыңғы бетінде

Г. жіліншіктің артқы бетінде

Д. өкше аймағында

 

390. Науқас 22 жаста, кеше арақ ішкен, ұйықтап тұрған соң сол қол басының жансыздануын сезді, қол басын және саусақтарын жаза алмады. Үлкен саусақты әкету, амандасу мүмкін болмады. Карпорадиальды рефлекс төмендеген, үлкен саусақ сыртында гипальгезия. Ауру диагнозын атаңыз?

А. ортаңғы нерв ишемиялық нейропатиясы

Б. кәрі жілік нерві ишемиялық нейропатиясы

В. Дежерин-Клюмпке төменгші иық плекситі

Г. шынтақ нервінің ишемиялық нейропатиясы

Д. токсикалық полинейропатия

 

391. Шонданай нервінің зақымдануына қандай симптоматика тән

А. ауру сезімінің сан және жіліншіктің алдыңғы бетімен берілуі

Б. ауру сезімінің шап аймағына берілуі

В. ахилл рефлексінің төмендеуі

Г. тізе рефлексінің анықталмауы немесе төмендеуі

Д. "шұлық" түрінде сезімталдық бұзылысы

 

392. Көру нерві невриті кездеседі

А. бруцеллезде

Б. бас миы қантамырларының атеросклерозында

В. инсультте

Г. бас миы ісіктерінде

Д. бас миы жарақатында

 

393. Екі басты бұлшық етті нервтендіреді:

1) кәрі жілік нерві

2) шынтақ нерві

3) ортаңғы нерв

4) қосымша нерв

5) тері- бұлшық ет нерві

 

394. Үш басты бұлшық етті нервтендіреді:

1) шынтақ нерві

2) кәрі жілік нерві

3) ортаңғы нерв

4) қосымша нерв

5) тері- бұлшық ет нерві

 

395. Үшкiл нерв невралгиясына тән

1) бетте созылмалы ауырсыну

2) ым бұлшық еттерiнiң парезi

3) бетте ұстамалы ауырсыну

4) тілдің артқы бөлігінде ауырсыну

5) тілдің алдынғы бөлігінде ауырсыну

 

396. Тіл- жұтқыншақ нерві невралгиясына тән:

1) тіл түбі мен жұтқыншақты ұстамалы ауырсыну

2) тілдің алдынғы бөлігінде дәм сезбеу

3) шүйде аймағында ауырсыну

4) С3-С7 паравертеральдық нүктелерде ауырсыну

5) тіл түбінде үнемі ауырсыну

 

397. Үшкіл нерв невралгиясының патогенетикалық емі:

1) анальгетиктер

2) спазмолитиктер

3) антидерпессанттар

4) транквилизаторлар

5) антиконвульсанттар

 

398. Кәрі жілік нерві нейропатиясының көрінісі:

1) «тырнақты табан» қол ұшы

2) алақанды жаза алмайды

3) 5 саусақта сезімталдықтың бұзылуы

4) 4-5 саусақты бүге алмау

5) «маймыл алақан»

 

399. С1-С4 деңгейіндегі миелитке тән:

1) жоғарғы шеткі парапарез

2) сіреспелі парапарез

3) дәретін ұстай алмау

4) сіреспелі тетрапарез

5) төменгі орталықтан апрапарез

 

400. Сан нерві нейропатиясына тән белгі:

1) Ласаг симптомы

2) төрт басты бұлшық ет әлсіздігі

3) ахилл рефлексі төмен

4) сирақ бұлшық етінің атрофиясы

5) тізе буынында ауырсыну

 

401. Науқас В., 25 жаста, бетінің сол жағындағы ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі кенеттен, күйдіргіш, ұстама ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін. Ауру сезімі жоғарғы еріннің сол жағынан басталған, шайнау кезінде, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімімен қатар гиперемия, сол жақтық жасаурау анықталады.

Клиникалық диагнозын қойыңыз

А. варолиев көпірінің ісігі

Б. үшкіл нерв ІІ тармағының сол жақтық невралгиясы

В. қанат-таңдай түйінінің невралгиясы

Г. бет нервінің нейропатиясы

Д. үшкіл нервтің І тармағының сол жақтық невралгиясы

 

402. 400. Сан нерві нейропатиясына тән белгі:

1) Ласаг симптомы

2) Нери

3) Секап

4) Мацкевия

5) Боне

 

403. Гийена-Барре полирадикулонейропатиясы ның анықтамасы:

1) тұқым қуалайтын ауру

2) жедел аутоиммундық қабыну полинейропатиясы

3) дегенеративті ауру

4) инфекцялық ауоу

5) созылмалы полинейропатия

 

404.Диабеттік полинейропатияда басым:

1) қимыл бұзылыстары

2) терең сезімталдық бұзылыстары

3) үстірт сезімталдық бұзылыстары

4) вестибулырлық бұзылыстар

5) терең рефлекстер жоғары

 

405. Біріншілік Гийена- Барре полирадикулонейропатиясының клиникалық көріністерін атаңыз

А. мимикалық бұлшық еттердің орталық парезі

Б. сіреспелі тетрапарез

В. сіреспелі монопарез

Г. орталық сіреспелі гемипарез

Д. ликвордағы ақуыз-жасушалық диссоциация

 

406. Біріншілік Гийена- Барре полирадикулонейропатиясының дамуында негізгі роль атқарады

А. қан аурулары

Б. вирусты инфекция

В. артериальды гипертензия

Г. атеросклероз

Д. жүрек аурулары

 

407 Біріншілік Гийена- Барре полирадикулонейропатиясы кезінде патологиялық үрдіс басталады:

А. қолдардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

Б. аяқтардың проксимальды аймақтарының зақымдануынан

В. аяқтардың дистальды аймақтарынан

Г. бас миы қыртысының зақымдануынан

Д. ішкі капсула зақымдануынан

 

408. Гийена – Барре полирадикулонейропатиясында сезімталдық бұзылысының қай типі байқалады

А. церебральды – қыртыстық

Б. церебральды – капсулярлы

В. церебральды – бағандық


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.072 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>