Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неврология пәні бойынша тесттер 3 страница



 

168. Жалған бульбарлық синдромға тән симптом?

А. Бабинский

Б. Россолимл

В. Бехтерев

Г. Мариенеску- Родович

Д. Квеккендштет

 

169.Басын оңға бұру және иығын көтере алмау қандай нерв зақымданғанда кездеседi?

А. сол жақтан кiшi жiлiншiк нервi

Б. сол жағында қосымша нерв

В. оң жағында қосымша нерв

Г. кезбе нервi

Д. бет нерві

 

170. Дизартрия төмендегi бас нервтердiң қайсысының зақымдануына тән?

А. кезбе нерв

Б. тiл-жұтқыншақ нервi

В. тiл асты нервi

Г. үшкiл нерв

Д. бет нервi

 

171. Тіл асты нерві ядросы зақымданғанда болатын симптомдар:

А. тілдің жартылай босаң салдануы

Б. тілдін жартылай орталықтан салдануы

В. Белл симптомы

Г. тіл бұлшық еті қуатының (тонусының) артуы

Д. назолалия

 

172. Бульбарлық синдром белгісі:

А. жұтқыншақ рефлексі жоғары

Б. таңдай рефлексі төмен

В. оральды автоматизм симптомы

Г. зорлана күлу

Д. тілдің алдынғы 2/3 гипогевзия

 

173. Тіл асты нервінің орталықтан салдану белгісі:

А. тілдің сыртқа ауытқуы

Б. тілдің фибрилляциясы

В. тілдің атрофиясы

Г. тілдің алдынғы 2/3 гипогевзия

Д. тілдің артқы 1/3 гипогевзия

 

174. Қосымша нерв зақымданғанда болатын симптомдар:

А. зақымданған жағында жұмсақ таңдайдың салбырап қалуы

Б. зақымданған жаққа тілдің ауытқуы

В. трапеция тәрізді және төс-бұғана-емізіктік бұлшық еттердің семуі

Г. жұтыну рефлексінің жойылуы

Д. қол ұшында қимылдың шектелуі

 

175. 40 жастағы әйел клиникаға келгенде шағымданған жүйттер:оң жақ қол-аяғы әлсізденіп, қимылы шектелген, көзін жұма алмайды. Жүрісі гемипарездік.Оң көзі ішке қарай қитарланған.Сол көзін жұма алмайды.сол жақ ұртын бұлтита алмайды.

Сол қасын жоғары қарай қозғалта алмайды.Аталған симптомдар қандай альтернативтік синдромда кездеседі?

А. Джексон синдромы

Б. Вебер синдромы

В. Велленберг-Захарченко синдромы

Г. Фовилл синдромы

Д. Мийяр-Гублер синдромы

 

176. Сырқат екі жұма бойы жоқ иістерді елестетеді. Соңынан эпилептикалық талма пайда болды. Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

А. мидың самай бөлігінің ішкі жағы



Б. мұрынның шырышты қабығы

В. мидың жоғарғы төбе бөлігі

Г. мидың маңдай бөлігінің асты

Д. ат басты теңіз балығы тәрізді ирелең

 

177. Жалған бульбарлық синдром белгісі:

1). тілдің фибрилляциясы

2) жұтқыншақ рефлексі төмендейді

3) оральдық автоматизм рефлексі

4) жұмсақ таңдайдың салбырауы

5) назолалия

 

178. Сырқатта оң жағында птоз, оң көзі қимылсыз, мидриаз және қарашықтың жарыққа әсері жойылған. Қандай синдром болуы мүмкін:

А. оң жағында толық офтальмоплегиялық синдром

Б. сол жағында толық офтальмоплегиялық синдром

В. бульбарлық синдром

Г. жалған бульбарлық синдром

Д. Горнер синдромы

 

179. Сырқатта төмен қарағанда қосарланып көру байқалады. Қандай нерв зақымданаған?

А, көру

Б. көз-қимыл

В. шығыр

Г. әкеткіш

Д. бет нерві

 

180. 55 жастағы сырқат бетiнiң жартысындағы ұстамалы ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну бетке жанасу кезiнде, шайнағанда, жұтқанда көбейедi. Мұрын үстiндегi нүктеге басқанда ұстамалы ауырсыну пайда болады. Қандай бас сүйек нервi зақымданған?

1) көру нерві

2) үшкіл нерв

3) шығыр нерві

4) әкеткіш нерв

5) бет нерві

 

181. Алдынғы орталық ирелең тітіркенсе байқалады:

1) ошақтық талма

2) парестезиялар

3) көру елестері

4) сіреспелі парез

5) сезімталдық бұзылысы

 

182. 25 жастағы сырқатта лагофтальм, «желкен», «Шарко леп белгісі» симптомы анықталды. Қандай нерв зақымданаған:

А. кәрі жілік нерві

Б. бет нерві

В. шынтақ нерві

Г. ортаңғы нерв

Д. шығыр нерві

 

183. Сырқат бас айналуға, сол құлағында естудің төмендеуіне шағымданды. Обьективті: нистагм, гипоакузия, Ромберг кейпінде тұрақсыздық, саусақ- мұрын сынағын қиналып орындайды. Қандай нерв зақымданаған?

А. бет

Б.кіреберіс

В. көз- қимыл

Г. әкеткіш

Д. үшкіл

 

184. 45 жасар сырқаттың сол жақ бетінде талмалы түрде болатын ауырсынулар, оң жақ мимикалық бұлшық ет парезі, естудің төмендеуі анықталды. Қандай бас-сүйек нервтері зақымдануы мүмкін?

А. иіс сезу, көру, көз-қимыл

Б. иіс сезу, көру, шығыр

В. есту, бет, үшкіл

Г. кезбе, тіл- жұтқыншақ

Д. көз-қимыл, әкеткіш, шығыр

 

185. 40 жасар сырқатта мына симптомдар пайда болған: құлағында есту төмендедi, оң жақ бетiнде ауырсыну және ым бұлшық еттерiнiң парезi. Ошақ қайда орналасқан?

А. ми қырытысы

Б. қыртыс асты түйіндер

В. ми аяқшасы

Г. көпір- мишық бұрышы

Д. варолии көпірі

 

186. 48 жастағы сырқатта кенеттен мынадай симптомдар пайда болды: жұтынудың қиындауы, гипофония, назолалия, дизартрия. Болжамалы диагноз туралы ойлар едiңiз?

А. эпидемиялық энцефалит

Б. менингит

В. ми ісігі

Г. ми жарты шары инсульті

Д. ми бағаны инсульті

 

187. Сырқатта птоз, көздің сыртқа қарай қылилануы, оң жағында сіреспелі гемипарез анықталды. Ошақ қайда орналасқан?

А. оң жақ ми көпірі

Б. сол жақ ми аяқшасы

В. мишықтың жарты шары

Г. ми бағаны

Д. ішкі капсула

 

188. 40 жастағы сырқат оң қол-аяғындағы әлсіздікке шағымданды. Обьективті: гемипарездің жүріс, сол көзін жұма алмайды, ұртын үре алмайды. Қандай алмасушылық синдромы туралы ойлайсыз?

А. Джексон синдромы

Б. Вебер синдромы

В. Валленберг- Захарченко синдромы

Г. Фовиль синдромы

Д. Мийяр- Гублер синдромы

 

189. Сырқатта сол жақ бет нервінің шеткі салдануы, көздің ішке қарай қитарлануы, гемипарездің жүріс. Ошақ қайда орналасқан?

А. сол жақ көпір мишық бұрышы.

Б. мишықтың оң жақ жарты шары

В. сол жағында варолии көпірі

Г. ми бағаны

Д. ішкі капсула

 

190. Сырқат сол жақ аяқ- қолының әлсіздігіне және сөзінің бұзылуына шағымданды. Обьктивті: тілі оң жағына ауытқыған, оң жағынығ атрофиясы, сол жағында сіреспелі гемипарез. Ошақ қайда орналасуы мүмкін?

А. Ішкі капсула

Б. Варолии көпірі

В. Ми бағаны

Г. Ортаңғы ми

Д. Мишық

 

Вегетативтік нерв жүйесі

 

191. Симпато-адреналдық кризге қандай симптом тән?

А. тахикардия

Б. брадикардия

В. апноэ

Г. Т* төмендеуі

Д. диарея

 

192. Симпато-адреналдық кризде қандай сезімдер пайда болады?

А. қорқыныш сезімі

Б. көру елестері

В. құлақ шуылы

Г. көз қарауытуы

Д. бас ауруы

 

193. Симпато-адреналдық криз белгілері:

А.қалшылдап дірілдеу

Б. саусақ дірілі

В. тартулар

Г. фибрилляциялар

Д. фасцикуляциялар

 

194 Симпато-адреналдық кризде қандай несеп бұзылыстары болады?

А.полиурия

Б. анурия

В. несеп ұстамау

Г. несеп жүрмеуі

Д. зәр шығарудың қиындауы

 

195. Вагоинсулярлық кризде тамыр соғуы қалай өзгереді?

А. брадикардия

Б. тахикардия

В. экстрасистолия

Г. тахиаритмия

Д. брадиаритмия

 

196. Вагоинсулярлық кризде қандай сезім пайда болуы мүмкін?

А. өлім қорқынышы

Б. құмырсқа жыбырлағандай

В. күйдіргендей

Г. саусақтары үлкейген

Д. қалшылдап дірілдеу

 

197. Вагоинсулярлық кризде АҚ қалай өзгереді?

А. АҚ төмендейді

Б. АҚ жоғарылайды

В. АҚ қалыпты

Г. АҚ асимметриясы

Д. АҚ өзгермеген

 

198. Вагоинсулярлық кризде тері жабындысы қалай өзгереді?

А. бозарған

Б. қызарған

В. цианоз

Г. акрацианоз

Д. күлгін

 

199. Аралас кризде қандай симптом кесдесуі мүмкін?

А. қорқыныш

Б. гипертония

В. арефлексия

Г. патологиялық рефлекс

Д. амблиопия

 

200. Вегетативтік жүйке жүйесін қандай әдіспен тексереді:

1) жергілікті дермографизм

2) перметрия

3) көз түбін тексеру

4) көз көргіштігін тексеру

5) қабақ үсті рефлексін тексеру

 

201. Симпато-адреналдық криз белгілеріталма

1) талма

2) артериальдық гипотония

3) тахикардия

4) брадикардия

5) эпилепсиялық ұстама

 

202. Жоғарғы мойын түйінінің зақымдану белгісі:

1) Аргаил Робертсон

2) Барре

3) Горнер

4) Мацкевия

5) Бабинский

 

203 Вегетативтік нерв жүйесінің сегмент үсті құрылымдары:

А. қызыл ядро

Б. сүйелді дене

В. торлы формациясы

Г. боз шар

Д. қара зат

 

204. Күнгей өрім зақымдану белгілері:

А. экзофтальм

Б. құрсақтың ұстамалы ауруы

В. энофтальм

Г. зәр ұстамауы

Д. диплопия

 

205 Сырқатта талмалы түрде тынысы тарылу, бас айналу, кекіру, суық тер, ішінің ұстамалы тырыспалы ауруы пайда болған. Талма кезінде қан қысымы төмендейді, брадикардия,ЭКГ-да экстрасистолия. Бұл қай синдром?

А. мишық атаксиясы

Б. симпатико-адреналдық криз

В. ваго-инсулярлық криз

Г. вегетативтік полинервит

Д. таламустық синдром

 

206. Сырқатта қалшылдап-дірілдеу, бас ауруы, тынышсыздық, жиі-жиі кіші дәретке отырғысы келуімен қатар жүрегі аса жиі соғатындығынан мазасы кететіндігі байқалады. Ол есінен танбайды. Бұл қай синдром?

А. вегетативтік полинервит

Б. симпато-адреналдық криз

В. ваго-инсулярлық криз

Г. қалқан-таңдай түйіні невралгиясы

Д. гипоталамикалық синдром

 

207. Сырқаттың қол ұшында үнемі ауырсыну мен жансыздану байқалады. Тексеріс кезінде: қол ұшында акроцианоз, акрогипергидроз, алақанында гиперкератоз, тырнақтары сынғыш,"қолғап"тәрізді гипестезия.Бұл қандай синдром?

А. ганглионит

Б. симпатико--дреналдық криз

В. вегетативтік полиневрит

Г. гипоталамиялық синдром

Д. Клод-Бернар-Горнер синдромы

 

208 Сырқатты тексерген кезде оның сол жағынан птоз және энофтальм анықталды,

сол жақ көз саңылауы тарылған. Бұл қайдай синдром?

А. Аргайль-Робертсон синдромы

Б. Вебер синдромы

В. Клод- Бернар-Горнер синдромы

Г. Джексон синдромы

Д. Мийяр-Гублер синдромы

 

209. Вегетативтік жүйке жүйесін қандай әдіспен тексереді:

1) көру аясын тексеру

2) периметрия

3) пиломоторлық рефлекс

4) көз көргіштігін тексеру

5) координациясын тексеру

 

210 Симптомдардың қайсысы Бернар-Горнер синдромына тән?

А. анизокория

Б. мидриаз

В. энофтальм

Г. экзофтальм

Д. көз саңылауының үлкеюі

 

211 Сол жақтағы артқы орталық ирелең тітіркенгенде байқалады?

А. оң жағында сіреспелі гемиплегия

Б. сол жағында сіреспелі гемиплегия

В. Гагарин- Джексон эпилепсиясы

Г. оң жағында гемиатаксия

Д. Кожевников эпилепсиясы

 

212. Оң жақтағы алдынғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі тітіркенгенде байқалады?

А. сол аяғында сіреспелі парез

Б. сол қолында сіреспелі парез

В. сол аяғында ұстама

Г. оң аяғында ұстама

Д. сіреспелі гемипарез

 

213. Оң жақтағы алдынғы орталық ирелеңнің ортаңғы бөлігі тітіркенгенде байқалады?

А. сол аяғында сіреспелі парез

Б. сол қолында сіреспелі парез

В. сол аяғында ұстама

Г. сол қолында ұстама

Д. оң қолында ұстама

 

214 Сырқатта клоникалық тырысу оң аяғының ұшы тартылуынан басталып, оң қолы мен оң жақ бетіне дейін таралады. Талма 1-2 минутқа созылады. Патологиялық ошақ қайда рналасқан?

А. оң жақ алдыңғы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі

Б. сол жақ артқы орталық ирелеңнің төменгі бөлігі

В. сол жақ алдыңғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі

Г. жоғарғы маңдай ирелеңі

Д. мидың маңдай бөлімі

 

215. Сол жақтағы артқы орталық ирелең зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. оң жағында гемигипестезия

Б. сол жағында гемигипестезия

В. оң жағында гемипарез

Г. сол жағында гемипарез

Д. оң жағында анестезия

 

216. Оң жақтағы алдынғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. сол аяғында анестезия

Б. сол қолында анестезия

В. сол бетінде анестезия

Г. сол жағында гемипарез

Д. оң жағында гемипарез

 

217. Алдынғы орталық ирелеңнің жоғарғы бөлігі зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. аяғында орталықтан салдану

Б. қолында шеткі салдану

В. аяғында анестезия

Г. қолында анестезия

Д. аяғында шеткі салдану

 

218. Алдынғы орталық ирелең зақымданғанда байқалауы мүмкін?

А. гемигипестезия

Б. сіреспелі гемипарез

В. аяғында ұстама

Г. орталықтан монопарез

Д. шеткі гемипарез

 

219. Сіреспелі гемипарез анықталады:

1) бел буылтығы

2) ішкі карсула

3) мойын буылтығы

4) артқы орталық ирелең

5) мишық

 

220. Гетеронимдік гемианопсияғы жатады:

1) квадранттық гемианопсия

2) сол жақтық гемианопсия

3) оң жақтық гемианопсия

4) биназальдық гнмианопсия

5) скатома

 

221. Кандай жағдайда астазия- абазия байқалады?

1) мидың маңдай бөлімі

2) мишық

3) мидың шүйде бөлігі

4) төбе бөлігі

5) жұлынның артқы мүйізі

 

222. Мидың маңдай бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

1) анестезия

2) астереогнозия

3) психикалық бұзылыс

4) гемианопсия

5) анакузия

 

223. Мидың төбе бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

1) гемипарез

2) моторлық афазия

3) сенсорлық афазия

4) төменгі парапарез

5) гемигестезия

 

224. Мидың төбе бөлігі зақымданғанда байқалады;

1) агнозия

2) анозогенозия

3) атаксия

4) анакузия

5) гемианопсия

 

225. Мидың самай бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

1) сенсорлық афазия

2) моторлық афазия

3) гипертонус

4) амнестикалық афазия

5) пластикалық гипертонус

 

226. Мидың шүйде бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

1) квадранттық гемианопсия

2) битемпоральдық гемианопсия

3) биназальдық гемианопсия

4) есту агнозиясы

5) астереогнозия

 

227. Мидың шүйде бөлігі зақымданғанда болатын симптомдар?

1) афазия

2) психикалық бұзылыс

3) гемианопсия

4) астазия- абазия

5) гемипарез

 

228. Маңдай бөлімі зақымданғанда байқалады:

1) астазия- абазия

2) гипотония

3) гемианопсия

4) гипорефлексия

5) астереогнозия

 

229. Мидың қандай құрылымы зақымданғанда астазия- абазия байқалады?

1) артқы баған

2) іщкі капсула

3) мидың төбе бөлігі

4) шүйде бөлігі

5) маңдай бөлімі

 

230. Мидың сол жақ маңдай бөлігі зақымданғанда қандай симптом байқалады?

1) сенсорлық афазия

2) моторлық афазия

3) анозогнозия

4) тотальды афазия

5) гемианопсия

 

231. Мидың маңдай бөлігінің зақымдануы кезінде қандай симптом байқалады?

1) психикалық бұзылыс

2) гемианестезия

3) семантикалық афазия

4) гемианопсия

5) амузия

 

232. Мидың маңдай бөлігі зақымданғанда қандай симптом байқалады?

1) сенсорлық афазия

2) моторлық афазия

3) амнестикалық афазия

4) семантикалық афазия

5) Янишевский рефлексі

 

233. Мидың төбе бөлігі зақымданғанда қандай симптом байқалады?

1) аносмия

2) алексия

3) көру елесі

4) акалькулия

5) афазия

 

234. Мидың оң жақ самай бөлігі зақымданғанда қандай симптом болуы мүмкін?

1) амузия

2) моторлық афазия

3) сенсорлық афазия

4) гемианопсия

5) анозогнозия

 

235. Мидың төбе бөлігі зақымданғанда қандай симптом кездеседі?

1) сіреспелі гемиплегия

2) атаксия

3) босаң салдану

4) астереогноз

5) көру агнозиясы

 

236. Оң жақтағы артқы орталық ирелең тітіркенгенде байқалауы мүмкін?

А. сол жағында гемигипестезия

Б. моноанестезия

В. сол жағында парестезия

Г. гиперпатия

Д. оң жағында парестезия

 

237. Мидың самай бөлігі зақымданғанда қандай симптом болуы мүмкін?

А. сенсорлық афазия

Б. моторлық афазия

В. көру елесі

Г. алексия

Д. анакузия

 

238. Мидың самай бөлігі зақымданғанда қандай симптом болуы мүмкін?

А. есту агнозиясы

Б. оң жағында анакузия

В. метаморфопсия

Г. сол жағында анакузия

Д. аносмия

 

239. Мидың ішкі самай бөлігі тітіркенгенде қандай симптом болуы мүмкін?

А. гипосмия

Б. метаморфопсия

В. көру елесі

Г. күрделі көру елесі

Д. есту елесі

 

240. Мидың самай бөлігі тітіркенгенде қандай симптом кездесуі мүмкін?

А. көру елесі

Б. көру агнозиясы

В. иіс сезу елесі

Г. аутотопогнозия

Д. анозогнозия

 

241. Вернике орталығы зақымданғанда байқалады:

А. есту елесі

Б. сенсорлық афазия

В. моторлық афазия

Г. дизартрия

Д. аносмия

 

242. Мидың шүйде бөлігі зақымданғанда қандай симптом кездеседі?

А. гомонимдік гемианопсия

Б. амблиопия

В. көру елесі

Г. анакузия

Д. гетеронимдік гемианопсия

 

243. Мидың шүйде бөлігі зақымданса қандай симптом байқалуы мүмкін?

А. көру агнозиясы

Б. амблиопия

В. есту ангозиясы

Г. битемпоральдық гемианопсия

Д. биназальдық гемианопсия

 

244. Маңдайлық психика белгісі:

1) астазия- абазия

2) гемианопсия

3) педантизм

4) есерсоқтық

5) буын-буынға бөліп сөйлеу

 

245. Брока орталығы зақымданғанда байқалады:

А. моторлық афазия

Б. семантикалық афазия

В. амнестикалық афазия

Г. сенсорлық афазия

Д. дизартрия

 

246. Сырқатта мидың төбе бөлімі зақымдану белгісі бар. Қандай симптом байқалады:

1) сіреспелі гемипарез

2) астереогнозия

3) сол жақтық гемипарез

4) иіс сезу елесі

5) көру елесі

 

247. Оң жағында гемипарезі бар сырқатқа нейропсихологиялық тексеру

жүргізгенде, оның заттардың атын сөзбен атай алмайды анықталды.

Cырқатта сөйлеу қабілетінің бұзылуы қалай деп аталады?

А. алалия

Б. моторлық афазия

В. буын-буынға бөліп сөйлеу

Г. сенсорлық афазия

Д. амнестикалық афазия

 

248. Тырыспалы талмасы бар сырқат көз алдында найзағайдың ұшқынын,

түрлі-түсті дөңгелектер елестетеді. Кейде заттар оған аса үлкен не

месе кіші болып көрінетіндей болады. Ми қыртысының қай бөлігі тітір

кенген?

А. маңдай бөлігі

Б. самай бөлігі

В. шүйде бөлігі

Г. төбе бөлігі

Д. төбе-самай бөлігі

 

249. Сырқатта мидың төбе бөлімі зақымданған. Қандай симптом байқалады:

1) амузия

2) сенсорлық афазия

3) гемипарез

4) астереогнозия

5) моторлық афазия

 

250. Сырқатта мидың сол жақ бөлігінде ошақ анықталды. Қандай клиникалық белгі болуы мүмкін?

А. оң жағында салдану

Б. алмасушылық синдром

В. босаң парапарез

Г. сол жағында салдану, моторлық афазия

Д. гипотония, гипорефлексия

 

251. Мидың сол жақ төбе- шүйде бөлігі зақымданғанда қандай симптом кездесуі мүмкін?

А. семантикалық афазия

Б. сенсорлық афазия

В. амнестикалық афазия

Г. моторлық афазия

Д. астазия- абазия

 

252. Ми қыртысының зақымдануына байланысты сөйлеу қабілетінің өзгеруі

қандай болмақ?

А. дизартрия

Б. агнозия

В. афазия

Г. алалия

Д. апраксия

 

253. Сырқат қарапайым сөйлемдерді түсінеді, бірақ мақал мәтелдерді, салыс

тырмалы сөйлемдерді ұқпайды.Сырқатта сөйлеу бұзылысының қандай түрі?

А. моторлы афазия

Б. тотальдық афазия

В. сенсорлы афазия

Г. дизартрия

Д. семантикалық афазия

 

254. Мінез құлқының өзгеруі, эйфория, сыртта болып жаттқан өзгерістерге

немқұрайлық, сыншылдықтың азаюы, есерсоқтық мидың қай бөлігі зақым

данғанда кездеседі?

А. маңдай бөлігі

Б. самай бөлігі

В. төбе бөлігі

Г. шүйде бөлігі

Д. алдыңғы орталық ирелең

 

255. Есту агнозиясы мидың қай бөлігі зақымданғанда кездеседі?

А. маңдай бөлігі

Б. самай бөлігі+

В. төбе бөлігі

Г. шүйде бөлігі

Д. жоғарғы самай ирелеңі

 

256. Сенсорлық афазия белгілері:

1) дислалия

2) сұрақтарды естісе де жауап бере алмайды

В. жауабын сөзбен жеткізе алмайды

Г. заттардың атын атай алмайды

Д. дизартрия

 

257. Мидың сол жақ төбе- самай бөлігі зақымданғанда кездеседі?

А. амнестикалық афазия

Б. сенсорлық афазия

В. семантикалық афазия

Г. моторлы афазия

Д. астазия - абазия

 

258. Сырқат естіген сөзін ұғады, бірақ жаужабын сөбен жеткізе алмайды. Афазия түрін атаңыз:


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 81 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.09 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>