Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Қазақстан тас ғасырында. Тас ғасырының хронологиясы. 6 страница



 

2. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы

Қазақстанда кеңес билігінің орнауы 2 жолмен жүрді:

1. Темір жолға жақын жұмысшылардың басымы онт-солт бейбіт жолмен басымен

2. Сібір, Орал, Жетісу казактары, офицерлер контрреволюциялық күш басым жерде қару- күрес жолмен

Қазақстан өлкесінде кеңес билігі алдымен темір жол бойындағы қалаларда орнады:

Ақмола, Ертіс бойындағы шайқастарды басу үшін Семей большевиктеріне көмекке Новосибирден өкілдер келді. 1917ж қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық көтеріліс жасап, өкімет билігі казактардың яғни әскери үкіметтің қолына көшті. 1917ж атаман Дутовтың казактар тобы Алашорда үкіметі, меньшевиктерге қарсы бірікті. Оларға қарсы күрес жүргізді. 1918ж Қостанайдағы кеңес съезінде бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. ТОрғайда кеңес үкіметі орнады. 1918ж Жетісуда орнады. 1917-1918ж Кеңес үкіметі бүкіл өлкеде орнады. Большевиктердің шаралары: Бүкілресейлік төтенше комиссия органы құрылды. Контрреволюцияға іш тартқаны үшін бас бостандығынан айыру, лаңкестік жасап, кепілдерді ату. 1918ж наурызда Кеңестің Ақмола уездік съезі Алашорда үкіметін теріске шығарған қарар қабылдады. Қазақ газеті жабылды. 1918ж 20 сәуір- 1мамыр Ташкентте Түркістан өлкелік кеңесінің 4 съезі өтті. Қаралған мәселелер: Түркістан автономиялы кеңестік соц. Респ жариялануы. Респ.құрамына Сырдария, Жесағтісу обл кірді. Қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөнінде коммисия жұмыс істеді. 8сағ жұмыс уақыты енгізілді, 3,5 десятина жер кедейлерге берілді. 1918ж Торғайда кеңестер съезі өтті. Онда жеке саудаға тыйым салу, саудагерлер тауарларын тәркіленді. Қазақ АКСР құруға әзірлік жұмыстар жүргізіліп, Жангелдин Қазақстанда Кеңес Құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда ол шетел инвестициясы мен Азамат соғысының әсерінен тоқтап қалды.

3.Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы

1991ж 16 қарашада Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа енуі басталды. 1991ж соңына дейін 18 ел таныды: Туркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкістан. 1992ж 2наурызында БҰҰ мүшелікке қабылданды. 1992ж 25мамырда Мәскеуде Ресеймен достық, көмек туралы шарт жасасты. Қытаймен 50шақты келісім шарттар жасалды. 1996ж 26сәуірде Шанхай келісіміне қол қойылды. 1999ж желтоқсанда Қазақстан – АҚШ келісімі бойынша Болашақ бағдарламасымен АҚШ, Франция қазақ студенттерін оқуға қабылдай бастады. 1996ж БҰҰ мүшесіндегі 129 ел ядролық қару таратпау туралы келісімге қол қойды. Қазақстанның сыртқы саясатында басты үш мәселе ерекше назар аударды:



-ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

-Мәдени - экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

-Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүниежузілік соғысты болдырмау. Қазақстанның сыртқы саясатында назар аудартатын мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен, солт- Ресеймен, шығ - Қытаймен ойдағыдай қарым қатынас орнату.

 

№16 билет

1. XVI-XVII ғ тарихи шығармалар

Тарих- и Рашиди. Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541-1546ж Кашмирде парсы тілінде жазған еңбегі Тарих- и Рашиди Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде жазылған құнды шығарма. Онда орта ғасырлардағы қазақ тарихы, Дешт Қыпшақ оқиғалары, Моғолстанның құлауы туралы мағлұматтар берілген. Бұл шығармада Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептерін тұңғыш рет айтылады. Мұхаммед Хайдар Дулати араб, парсы жетік білген.

Жылнамалар жинағы. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің 1600- 1602ж жазған еңбегі. Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде Борис годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінді. Шығарма құрылымы мен мазмұны жағынан 3бөлімге бөліп қарауға болады. 1бөлімі Борис годунов патшаға арналған. 2бөлімі Жамиғат – тауарих атты еңбегінің негізі бойынша жазылған. 3бөлімі қазақ халқының тарихына арналған.

Шыңғыснама. XVI ғ орта шенінде жазылған шығарма. Бұл тарихи шығарманын авторы Өтеміс қажы. бұл еңбектегі кездесетін аса бір құнды хабар- өлімі аңызға айналған Жошы хан туралы дерек. Бұл шығарма Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көш і қон мәселесіне назар аударылған.

Әбілғазы шежірелері. Әбілғазы еңбегінің алғы сөзінде үш түрлі өнерді меңгергендігі жазылады. Біріншісі әскери өнер, екіншісі ақындық өнер, үшінші тарихшы.

 

2.Аңырақай шайқасы

1729ж көктемде Балқаш көлінің оңтүстігінде Әбілқайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрыста Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Тарихи маңызы; Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгел азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Алайда Болат ханның қазасынан кейін Әбілқайыр пен Барақ сұлтан хандыққа таласып, алауызыдық пайда болады. Нәтижесінде Әбілқайыр өз әскерін Кіші жүзге, ал Барақ сұлтан өз әскерін Орта жүзге алып кетеді. Осыған байланысты Ұлы жүз әскерлері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Сондықтан жеңіліп Оңтүстік Қазақстан жоңғар өктімдігінде қалып қойды.

 

3.Жаңа экономикалық саясат

Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. ЖЭС тің белгілері: азық - түлік салығы; сауда еркіндігі; жерді жалға беру; еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.

 

№17 билет.

1.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары. Әмір Темір – барлас тайпасынан шыққан Тарагай бектің баласы. Ол 1336-1405ж аралығында өмір сүрген. 1370ж Мауараннахрды басып алады. Алдымен ол Ақ орданы басып алуды көздейді. 1380ж Ақ орданы жаулап алып Тоқтамысты билеуші етіп жариялайды.Енді Тоқтамыс Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Оны жазалау үшін Әмір Темір 1391ж 200мың әскермен оған қарсы жорыққа аттанады. Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерлерін қирата жеңеді. Бірақ ұрыста Тоқтамыс қашып құтылады.1395ж ТОқтамысқа қарсы тағы жорық жасайды. Бұл шайқаста Тоқтамыс жеңіліп, Темір қаланың байлығын тонайды. Алтын Орданың экономикасы қатты ойрандалды.

Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары. Әмір Темір 1371-1372ж Моғолстанға жорыққа аттанды. ОЛар Алмалықтың жанына жетіп, қалаларды тонайды.Моғолстанға 1372 жылдан 1390 ж дейін он шақты жорыққа шықты. Моғол әмірінің Темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпады. Ақ орда мен Моғолстан билеушілері Темірге карсы 1380ж одақ құруға әрекет жасайды. Бұл одақтан нәтиже шықпады, өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір 1384-1391ж Алтын орда мен Моғол жеріне бірнеше жорық жасайды.1390ж жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толықтәуелділікке түсті. Темірдің жорықтарының зардабы: елдер арасында байланыс үзілді. Мәдениеттің дамуына зардабын тигизди.

 

2.Әскери коммунизм (1918–1921 жж.)

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.

 

3.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру

Компартия 1927ж өткен 15съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Негізгі ұстанымдары: еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік, ұжымдастыру сатыларына кезең кезеңмен өту. ҚАКСР – де ұжымдастыруды 1932ж көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929ж екінші жарт бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер (машина – трактор станциялары) құрылды. (жымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 жиырма бес мыңдықшылар жіберілді. Ұжымдастыру даярлықсыз, көбіне әкімшілік – күштеу арқылы жүргізілді. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: қатал жаппай қуғындаумен террорға негізделді; даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілмеген жүргізілді.; шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер, мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап, 1930-1932 ж аштық жарияланды. Ұжымдастыру қарсаңында -40,5 млн.мал болса, 1933 ж 1 қаңтарда 4,5млн.мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды

 

 

№18 билет.

1.Әбілқайыр хандығы

Әбілқайыр 1428ж хан сайланады. Жошы ханның 5 ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Ұлыстың басым көпшілігі қыпшақтар болғандықтан Қыпшақ хандығы деп аталаған. Бірақ Әбілқайырдың 40жылдан астам хан болуына байланысты Әбілқайыр хандығы деп атаған. Әбілқайыр хандығы 92 ру – тайпадан тұрған. Әбілқайырды көптеген ру – тайпалар қолдаса да, хандықтың ішінде әлі де жер үшін, ел үшін талас тартыстар күшейді. 1431ж Тоқа – Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеди. Көптеген дүние мүлік олжалайды. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда – Базарды бағындырып, өзінің астанасы етеді. 1446ж Әбілқайыр Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етеді. Әбілқайыр 1456-1457ж Сығанақ түбінде Үз – Темір тайшы бастаған ойраттармен жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болады. 1568ж Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлдем әлсірейді.

 

2.XV-XVI, XVII-XVIII ғ қазақ жыраулары

Сыпыра жырау 14ғ. Қазақстанның батысында өмір сүрген жырау қазақ пен ноғайға ортақ тұлға. Жырау есімі Ер Тарғын, Едіге жырларында кездеседі.

Сүйінішұлы Қазтуған 1420ж Астраханьдағы Қызылжар деген жерде омирге келген. Жыраудың бізге жеткен үш жыры белгілі. Солардын бірі Алаң да, алаң, алаң жұрт.

Доспамбет 15ғ 90жылдарында Дон өзенінің төменгі ағысының Азау қаласында дуниеге келген. Жырларында жастарды батыр, батыл болуға, елін, жерін қорғауға шақырады. "Айнала бұлақ басы жоқ", "Тоғай, тоғай, тоғай су", "Азау, азау дегенің" тағы басқа жырларының мазмұны отанды қорғауға бірлік пен берекеге үндейді.

Шалкиіз 1465-1560ж Жайық өзенінің шығыс жағалауында дүниеге келген. Жырларында көбіне әскери жорықтар жайында жазылады.

Жиембет Бортоғашұлы 16ғ 17ғ аралығында өмір сүрген. Сақталған жырларының мазмұнына қарағанда Есім ханның әскербасы қызметінде және кеңесшілірінің бірі болған. Есім хан жайында "Әмірің қатты Есім хан" деген жыры бар.

Марғасқа жырау да Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған. Жыраудың туған өлген жылдары белгісіз. Есім ханға арналған "Еңсегей бойлы ер Есім" атты жеті мың жолдық тарихи жыры белгілі.

Ақтамберді Сарыұлы 1675-1768ж Оңтүстік Қазақстан Қаратау бойында дәулетті отбасынан шыққан. Орта жүздің ру басы ақсақалдарының бірі болды. Жырау 93жасында Семей өңірінде Жүректі деген жерде қайтыс болды.

Тәттіқара ақын Қостанай аумағының Сарыкөл маңында туып – өскен. Шаруа отбасы өзініңн жырларындаан шыққан. Абылай ханның жақсы көретін адамы болса керек. Жыраудың өзіне тән бір ерекшелігі ол өзінің жырларында қазақ батырларының қай рудан екенін баяндап отырады. Қамыстың Басы майда, түсі сайда атты жыры бар.

 

3.XX ғ 20-30ж қазақстандағы индустрияландыру бағыты

 

Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталған болатын. 1925ж желтоқсан- БК П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру жарияланды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері: өлкенің техникалық-экономикалық жағынан артта қалуын жою. Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру. Голощекин қазақ ауылдары Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші қазан төңкерісін жасау қажет деп ұсынды. Кіші қазан төңкерісінің бағыты: өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейін дамыту. Өлкені шиказат базасы ету. Индустрияландыру –өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. 1931ж Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. Индустрияландыру Қазақстанға тигізген теріс әсері: халық дәстүрі, қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. Лагерьлер жүйесі орнықты. Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды. Индустрияландыру ерекшеліктері: өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Білікті жұмысшы мамандар, инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізін Ресей мен Украинадан әкелді.

 

№19 билет.

1."Қазақ" атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы

Көптеген ғалымдар қазақ сөзінің шығу тегін б.з.б. VII-IV ғ өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынды. Ғылыми зерттеулер қазақ сөзі сақ, каспи, қас, қаз деген тайпа аттарымен байланыстырады. Берштам қазақ сөзін каспи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған. Кейбір ғылыми пікірде хазар мен қазақ сөздерінің төркіні бірдей. 1.қазақ сөзі ең алғаш қас пен сақ тайпаларының бірігуінен пайда болды, 2.қазақ сөзінің орта ғасырлардағы еркін адамдар деген мағынасы пайда болды. Радлов қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазды қазақ жүздерінің пайда болуы туралы нақты дерек жоқ жүз сөзі арабша басты бөлігі тармағы деген ұғым. Левшин өз кітабында үш жүз туралы жазды. Ақжол бидің есімі-Орта жүз, Бақтияр бидің есімі – Ұлы жүз, Алдияр бидің есімі – Кіші жүз ұранына айналған. Ұлы жүзде сарыүйсін, албан, дулат, шапырашты, жалайыр, қаңлы. Орта жүзде арғын, найман, қоңырат, керей, уақ. Кіші жүзде әлімұлы, байұлы, жетіру. Жүз – халқымыздың көшпелі шаруашылығына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория.

 

2. XV-XVIIIғ қазақ халқының өнері

Музыка өнері. Қазақ халқының бұл өнері халық болып қалыптасқанға дейінгі негізгі ру-тайпалардың музыкалық өнерінің тікелей жалғасы деп айтуға болады. Г.Потанин "Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді"деген болатын. А.В.Затаевичтің "Қазақ халқының 500 ән-күйі" және "Қазақ халқының 1000 әні" атты кітаптарын шығарған болатын. Айтыс. Айтыстың мәні зор. Ол жастарды шешендік, зеректілік, тапқырлыққа баулиды. Айтыс бірнеше түрге бөлінеді: сүре, түре, қыз бен жігіт, жұмбақ, бәдік айтысы. Халқымыздың ән өнерінде кең тараған бір түрі- терме. Терме әуені,ырғағы бір сарынды, тыңдаушыға жеңіл. Терме қобыз, домбыра, сырнаймен суйемелденіп айтылады. XV-XVIIғ күйлер "Бозінген", "Аққу", "Ақсақ құлан ", "Бозайғыр", "Әншінің зары". Музыкалық аспаптар. Бақсы балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобыз пайдаланады. Өлең –жыр, ән айтқанда домбыра, сырнай, сыбызғы, қыл қобыз сияқты шекті аспаптар қолданылады. Үрмелі муз аспаптар: сазсырнай, сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней. Ішекті муз аспаптар: жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыра, қобыз, Шалып ойнайтындар: шаңқобыз, Соқпалы аспаптар: даңғара, дауылпаз, дабыл, асатаяқ.

Қазақ шеберлері – ағаш, металл, суйек, мүйіз, тері, темір ұсталары болған. Ағаш ұсталары ағаш үйдің қаңқасын, ат әбзелдерін, түрлі жиһаздар жасаған. Сүйектен ағаш төсек, киіз үйдің есігі, кебеже, сандық, асадал әсемдеуге қолданған. Сүйекті кесіп, өңдеп, жонып, тегістейтін құрал- бастырық немесе қысқы. Мүйізден тарақ, қамшының сабын, қымыз құятын ожау, қасық жасаған.

 

3.Қоғамдық саяси жағдай. XX ғ 20-30ж Қазақстан мәдениеті.

1924 ж сәуір – "Сауатсыздықты жойылсын" қоғамы құрылды. 1921-1927ж 200мыың адам оқып сауатын ашты. 1926ж мамыр – Қ.АКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды. Қыздарға арналған мектептер Шымкент, Алматы, Түркістан; Оралда ашылды. 1931ж желтоқсан- 15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру енгізілді. 1930-1932ж аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді. Республикада сауатсыздықты жою қарқынының баяу жүру себептері: ұжымдастырудың асыра сілтеу зардаптары, 1930-1932ж аштық пен күйзеліс. Өлкеде ашылған жоғары оқу орындары: 1928ж тұңғыш педагогикалық институт ашылып, Абай есімі берілді. 1931ж Алматыда медицина инс ашылды. 1931-1932ж Орал мен Қызылордада пединституттар ашылды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды. Ұлы отан соғысы қарсаңында әдебиет ерекше орын алады.

Прозалық шығармалар: тар жол, тайғақ кешу-С.Сейфуллин 1927ж

Азамат Азаматыч –Б.Майлин

Қартқожа-Ж.Аймаутов

Жұмбақ жалау –С.Мұқанов

Өмір мен өлім –Ғ.Мүсірепов

Қазақ драматургиясына туындылар қосылды: Айман-Шолпан,Түнгі сарын –М.Әуезов

Жалбыр-Б.Майлин

Қыз Жібек, Қозы Көрпеш-Баян сұлу-Ғ.Мүсірепов

Мансопқорлар, Ел қорғаны –Ж.Аймауытов

 

Билет №20

1) Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары

2) Қарахан мемлекеті

3) Саяси репрессиялар мен халықтар депортациясы

1) Ұлт дегеніміз – белгілі бір аймақта тарихи қалыптасқан адамдар тобының әлеуметтік-этникалық бірлестігі. Қазақ ұлты қалыптасқанға дейінгі ұлттық құрамның негізгі арқауы болған қаңлы, үйсін,керей, найман т.б. ру-тайпалардың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері дамып, жалғасып бізге жетіп отыр. Халқымыздың шаруашылыққа, отбасына, үйлену тойына, бала тәрбиелеу мәселесіне, ұлттық ойын-сауыққа, наным-сенімдерге, т.б. байланысты көптеген ұлттық әдет-ғұрыптары бар.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.029 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>