Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Қазақстан тас ғасырында. Тас ғасырының хронологиясы. 5 страница



Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.

Салдары:
-3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.
-161-і каторгаға айналды.
-Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:

1. Көтеріліс бытыраңқы болды.
2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.
4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.
5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.
6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Салдары: қазақтардың саны:
- Қазақ өлкесінде – 446 мыңға;
- Орта Азияда – 121,7 мыңға;
- Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға;
- Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.

Көтерілістің тарихи маңызы
1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

Билет №11

1) Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы

2) 1822 жылғы Сібір қырғыздары туралы Жарғы

3) 1959 жылғы Теміртау оқиғалары

1) Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жерлеріне бағытталған. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар ханда өзін Шыңғыс ханның жақтастарымыз деп таныды. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта бастады. Ол жеке басы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуді өзіне қарату үшін оған Жебе Ноян бастаған әскер тобын жібереді. Жетісуді Шыңғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алады. Монғолдардан қорқып қашып кеткен Күшлік ханның зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс ханға бастарын иеді, ал Күшлікті монғолдар Шығыс Түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басын алды. Шығыс Түркістан мен Жетісуді басып алғаннан кейін монғолдарға Оңт. Қазақстаг мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге “Отырар опаты ” деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс хан Орта Азияға өзінің сауда керуенін жібереді, 450 адамы 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді тыңшы деп айыптап, оларды өлтіруге бұйрық береді. Шыңғыс хан Ғайыр ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мұхаммед бұл талапты орындамай, Шыңғыс хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге бұйрық береді. Осының өзі Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай бет алды.Шағатай мен Үгетей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды жаулап алуға бет алды. Ал Сырдарияның жоғарғы бөлігін Шыңғысхан өзі жаулап алып, өзінің кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет алды. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах 2 Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа-Хаджибтің Суфи ханы қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана қақпа арқылы қалаға кірді. Қараджа-Хаджиб өлтірілді. Алайда, моіңолдар Отырарды жаулап алу үшін тағы бір ай керек болды. Қала 1220 жылы ақпанда алынды. Сырдария бойындағы басқа қалаладың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан терісіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақты да жаулап алады. 1219-1220 жылы арасында бүкіл Сырдария бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қолына өтті. Шыңғыс хан ұлан ғайыр жерін өзінің 4 ұлына бөліп берді. Қазақстан жерінде: Жошы ұлысы – Қазақстанның орталығы, солтүстік-батыс Сырдария мен Арал теңізінің аумағы. Шағатай ұлысы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Үгедей үлысы – Жетісудің солтүстік – шығысы. Ал кенже баласы Төлейге Монғолия жерін мұраға қалдырды.



 

2) “Сібір қырғыздары туралы Жарғы” – қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр 1 1822 жылы 22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енді. Авторы: Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский, көмекшісі – Г.С.Батеньков. Жарғының басты мақсаты:

- Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту;

- Рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету;

- Орта жүздегі хандық әкімшілік құрылымы.

 

Орта жүздің әкімшілік құрлымы:

Округ (15-20 болыс)

Басқарушысы – округтік приказ немесе аға сұлтан

 

Болыс (10-12 ауыл)

Басқарушысы – болыс сұлтаны

 

Ауыл (50-70 шаңырақ)

Басқарушысы – ауыл старшыны.

Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3 жылға сайланды. Болыс сұлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен беріледі. Егер мұрагер болмаса, інісі немесе облыс басқарма бекіткен туысы сайланады. Болыстық сұлтан ресейлік 12-класстық дәрежедегі шенеунікке теңестірілді. Старшындар Ресейдегі селолық старостарлармен теңестірілді. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлап, майор әскери шені, 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Жарғы бойынша Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігінің териториясы “Сібір қырғыздарының облысы ” деп аталады.

 

3) 1958 жылы 1 тамыз –Теміртаудағы әлеуметтік жағдайдың ауырлығында қарсы ашық наразылық. Себептері:

- Тұрғын үймен қамтамасыз етілмеуі;

- Жаңа табиғи ортаға үйрену қиындығы;

- Ауыз судың жетіспеуі;

- Азық-түлікпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер.

Жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобы пайдаланып, 3 күндік тәртіп бұзушылыққа ұластырды. Бұзақылықты басуға әскер шақырылып, жастар арасынд мерт болғандар, әскер мен милиция қызметкерлері қатарынан жаралағандар, мертіккендер болды. Теміртаудағы оқиға басшылықтың қоғамның келешегі туралы қалыптасқан көзқарастарын өзгерте алмады.

 

 

Билет №12

1) Алтын Орда

2) 1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы Жарғы

3) 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары

1) XII ғ. – Алтын Орда мемлекеті құрылды. Негізін салушы – Батый хан. Аумағы: Алтай тауы – Дунай өзені аралығы. Астанасы – Сарай Бату(Еділ бойы), кейіннен Сарай-Берке. Алтын Орда Жошы ұлысының орнына қүрылған алғашқы мемлекет. XIIғ. 60 ж. дербес хандық болып бөлінді. Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:

- Оң қанат – Батый хан билігі.

- Сол қанат – Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен баласы).

Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді. Басқару құрылымы:

Сұлтандар – ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы.

Құрылтай – ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы. Құрылтайда хан жариялау және таққа отырғызу рәсімдері жасалды.

Диуан – ең жоғарғы атқаруш орган. Қаржы, салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды.

Беклербек – әскери істерді басқарушы.

Уәзір – азаматтық істі басқарушы.

Мәлік – азаматтық басқару билігін жүргізушілер (түрік әулетінен).

Даруғалар – салық жинады, халық санағын өткізіп, әскер жинады, байланыс қатынастарын ұйымдастырды.

Басқақтар – басқару қызметін атқард, әскери бақылау жүргізді, салық жинады.

Білікшілер, хатшылар – іс қағаздарын жазушалар.

Нояндар, бектер,әмірлер,баһадүрлер – әскербасылар.

Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік (ұйғыр) жазуымен жүргізді. XIV ғ. – Алтын Ордда мұсылмандық мемлекетке айнала бастады. XIII – XIV ғ. Алтын Орда күшті мемлекет болды.

 

2) 1824 жылы – “Орынбор қырғыздарының жарғысы” қаблданды. Авторы: Орынбол генерал-губернаторы П.К.Эссен.

Кіші жүздің әкімшілік құрылымы

Бөліктер (батыс, орта, шығыс)

Басқарушысы – сұлтан.

 

Дистанция (54, 1831 жыл)

Басқарушысы – ру шонжарлары.

 

Ауыл

Басқарушысы – ауыл старшыны.

Реформаның салдары:

- Орталық басқару нығайтылды.

- Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүміндік туды.

1824 жылы – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақрылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.

1845 ы – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.

 

3) 1986 жылы 16 желтоқсан – Қазақстан компартиясының Орталық Комитетінің V пленумында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Сол жылы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, онын орнына Г.В.Колбин келді. Бұл жағдайдың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп соқты. 1986 жылы 17 желтоқсан – Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына таралды. Алматы толқуының себептері:

- Қордаланып қалған келеңсіздіктер.

- Қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамтығмн өрескел кемшіліктер.

- Ұлт мәселесінің қатты шиеленісуі.

Әміршіл басшылық саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Алматы гарнизонн жауынгерліік дайндыққа келтірілді. 18 желтоқсанда сағат 13-те әскери училищенің жеке құрамасы енгізіліп, Орталық Комитет үйі қоршауға алынды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінін шекара училищесінің курсанттары ерекше қатыгездік көрсетті.

“Бұқарасын-86” атты құпия жедел жоспар жасалды. КОКП Ішкі істер министрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдап, заң бұзушылыққа жол берді. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды. Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді:

- 8,5 мыңға жуық адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.

- 1720 адам жарақат алды. Ұсталған жастарды аязда бірнеше сағат бойы қар үстінде жатқызды.Жастарды қаладан алысқа әкетіп жұқа және су киімдерімен түнгі аязда ұстады.

- 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырдыы (46-сы кейін ақталды)

- 2 адам ату жазасына кесілді.

- 83 адам – 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас-бостандығынан айырылды.

- 52 адам партия қатарынан шығарылды.

- 787 адам комсомол қатарынан шығарылды.

- 1138 адам комсомолдық сөгіс алды.

- 246 студент оқудан шығарылды.

- Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды.

Желтоқсан құрбаны – Қайрат Рысқұлбеков. Оған “жасақшы С.Савицкийді өлтірді” деген айып тағылды. Қайраттың өлім жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды. 1988 жылы оған берілген ату жазасы 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. 1988 жылы мамырда қайтыс болды.

 

 

Билет№13

1) Моғолстан

2) Қазақ хандығының құрылуы

3) 1989 жылғы Жаңа Өзен оқиғалар

 

 

1) XIV ғ. ортасы – Шағатай ұлысы ыдырады:

- Ұлыстың шығысында Моғолстан мемлекеті құрылды.

- Ұлыстың келесі бөлігі – Мәуереннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылды.

Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Поладшы. Билеушісі – Тоғылық Темір хан. Аумағы – оңтүстік-шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Астанасы – Алмалық. Орталық аймағы – Жетісу.Халқы: дулат, қаңлы. Керей, арғын, бұлғшы. Дулаттар –ең қуатты тайпа. Билеушісінің титулы – хан. Моғолстанның

алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. 1361 жылы Мәуереннахрды түгел басып алып, Ілияс Қожаны билеушісі етіп қойды. 1365 жыл – Ілияс Қожа Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңді. 1365 жыл 22 маусымда – Батпақ шайқасында Ілияс Қожа Әмір Темірді жеңді. Сол кездері өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді:

- Дулат әмірі Камарад-дин – Жетісуды.

- Шамс ад-дин – Іле мен Тарбағатайды биледі.

Қамар ад-дин билеушісі Қызыр Қожа отырды. XVI ғ. Моғолстан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақтың Ұлы жүзін қалыптастырды.

2) XV ғ. орта кезінде Әбілхайыр хандығының саяси дағдарысқа ұшырау себебінен қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр ханның қатал саясатына қарсы шығып, одан бөлініп Моғолстан жеріне қоныс аударады. Керей мен Жәнібек сұлтандарын Әбілхайыр хандығынан бөлініп кетудегі негізгі 2 себеп болды:

- Хандықтың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар;

- Жетісу жеріндегі қазақ тайпалары бірге отырып, дербес мемлекеттік құру мақсаты.

1465-1466 жылы Керейді Қазақ хандығының алғашқы ханы деп сайлайды. 1470 жылы Керей мен Жәнібек Оңт.Қазақстандағы Созақ, Сауран, Сығанақ қалаларын қазақ хандығына бағындырады. XVI ғ. Соңында Қазақ хандығымен Шайбанилер арасындағы Сырдария қалалары үшін болған 100 жылдық соғыс ақыр соңында Қазақ хандығының жеңісімен аяқталды. Қазақ хандығының Моғолстан мемлекетімен қарым-қатынасы XVI ғ. 1 ширегінде Таһир ханның тұсында нашарлай бастайды. Ал XVI ғ. 50 ж. бастап Хақназар (1548-1580) Қазақ хандығы өрлей бастайды. Қазақ хандығының күшейген кезі XVI ғ. соңы мен XVII ғ. 1 ширегі болып табылады. Бұл кезде Шығай ханның баласы Тәуекел (1583-1598) мен Есім (1598-1613) хандар билік жүргізген. Тәуекел хан жоңғарларға шабуыл жасап отырған. Алайда Тәуекел ханның 1594 жылы Мәскеуге жіберген елшлігі Қазақ хандығы нығайып алғандығын, Тәуекел ханның інісі Шах Мұхаммед қалмақтардың бір бөлігін билеп отыр деген хабары Қазақ хандығы қалмақтардан басым болғандығын көрсетеді.

 

 

3) Алматыдағы желтоқсан оқиғалары партия басшылығының жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешудің тәсілдері мен жолдарын іздестіруге мәжбүр етуі тиіс еді. Осындай шешімін таппаған түйінніә бірі – 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау олысының Жаңа Өзен қаласының ірі толқу. Толқудың себептері:

- Жергілікті тұрғындар арасындағы жұмыссыздық;

- Орталық ведомстволардың жұмыс қолдарын вахталық әдіспен сырттан әкелуі;

- Тұрғын үй алу және балабақшаға орналастыруда бұрмааушылыққа жол берілді;

- Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысындағы ірі кемшіліктер;

- Үй бөлудегі, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын бөлудегі әлеуметтік әділеттік ұстанымдарының жиі бұзылуы. Әлеуметтік жағдайлар шиеленісуі ұлтаралық қатынастарыныңшиеленісумен (жергілікті тұрғындар мен кавказдықтар) ұштасты. Бұл жанжал құқық қорғау орындары мен арнайы тапсырмалы әскерлердің көмегімен тоқтатылды. Бірақ көптеген мәселелер бұрынғысынша шешілмей қалды.

 

 

№14 билет.

1.XV-XVIIIғ Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік құрылымы

XVғ хандар сайланып қойылатын болған. Хан –азаматтық, әкімшілік, сотық және әскери билікті қолына жинақтаған мем басшысы. Әскери құрылымы:

біріккен әскер, басқарушысы –жоғары қолбасшы –хан

ұлыс әскері,басқарушысы-ұлыс әскерінің басшысы

рулық –тайпалық жасақ, басқарушысы –жасақ басшысы, рубасы

қазақ хандығының әкімшілік құрылымы ірі ұлыстарға бөлінді. Ұлыс аумағы –жұрт. Ұлыстарды басқарушылар –сұлтандар. Қалаларды басқарушылар –уәзір, уәкіл, хакім, даруға. Қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды; 1.Ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар

2.Қарасүйектер –Мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.

Сұлтан –ұлыс бмлеушісі, хан болып сайлануға құқылы.

Билер –ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.

Батыр –қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар, кәсіби әскерилер, жаумен жекпе-жекке шығатын ержүрік адамдар.

 

2. Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі - дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы. Маньчжур –Цин әулетінің өктемдігіне қарсы 1862- 1877ж ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресіне қырғыз, өзбек, қазақтар қатысты. Көтеріліс барысында Қоқан хандығынан барған әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашқар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті құрылды (Жетішар). Көтеріліс басылғаннан кейін ұйғыр, дүнген халықтарына қысым көрсету кушейді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты. Ұйғыр, дүнген халықтарының тарихында ерекше орын алатын оқиға – 1881ж күзінен 1884ж дейінгі кезең аралығында басқа аймақтар мен Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашында 45мыңнан астам ұйғыр, 5мыңдай дүнгеннің басты орын тепкен аудандары – Жетісу өлкесі мен Солт.Қырғыстан өңірі болды. Жетісудағы ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылық өмірінде де көзге түсерлік құбылыстар қалыптасты. Мал шаруашылығымен көбіне бай ұйғырлар айналысты.

 

3. Қазақстан 1917ж Қазан төңкерісі.

1917ж 24-25 қазанда Петроградта большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп, Қосөкімет жойылды. Буржуазиялық Уақытша үкімет орнына, Кеңес үкіметі келді. Кеңес үкіметі алғаш рет Перовск қаласында орнайды. 1917ж 15-22 қараша Түркістанда "Түркістан халық комиссарлар кеңесі" орнады. Кеңес құрамына 14 өкілдер болды. Төрағасы – Ф.Колесов. 1917ж 22 қараша Қоқанда Бүкілтүркістандық төтенше 4 сьезд ашылды. Қаралған мәселе:

- Түркістан автономиясы құрылды. Президенті – М.Шоқай.

- Ислам мем,дін деп танылды.

 

№15 билет.

1. Ортағасырлардағы Қазақстан ұлы ғұламалары

Әбунасыр әл- Фараби (870-950)- философ, математик. Отырарда туып- өскен. Дамаск қаласында қаза болды. Әскери отбасынан шығып, Отырар медресесін үздік бітірді. Негізгі шығармалары: "Музыка туралы үлкен кітап", "Даналықтың жауһарлары". 150- ден астам трактаттар жазды.

Жүсіп Баласағұни (11ғ)

Құтты білік дастанын дайындауға 30 жылын арнап, жарым жылда жазып шығады (1069ж). Дастанда- өмір шындығы, қоғамдық түсінік пен саяси тұжырымдар берілген.

Махмұт Қашқари (11ғ)

1072- 1074 ж жазған "Диуани лұғат ат- түрік" атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Түркі халқының тұрмыс – тіршілігі, әдет – ғұрпы, тілі туралы дерек. Бұл еңбек А.Егеубаевтің аударуымен 1997- 1998ж қазақ тілінде жарық көрді.

Қожа Ахмет Иасауи (12ғ) Сайрамда туып, Йасыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан бабтан тәлім алып, уағыздаушы – сопы болған. "Диуани хикмет" шығармасы – тарихи, этнографиялық дерек. "Пақырнама" және "Мирет ул- Кулуб" еңбектері бар.

Сүлеймен Бақырғани (12ғ) Хакім ата болған. Ахмет Йасауидің шәкірті. 1104ж Йассыда туып, 1186ж Бақырғанда қайтыс болды. "Дүниенің ақыры" еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді.

Әбу Райхан әл – Буруни (10-11ғ) 973-1050ж өмір сүрген. Астроном, математик, географ, тарихшы, ақын. 150 еңбегі бар: "Астрономияның кілті", "Ежелгі халық хронологиясы" 600- ден астам қала координаталарын анықтады.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 100 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2025 год. (0.027 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>