|
Билет 6.
1.Қыпшақ хандығы.(XI-XIIIғ.басы)
Сыртқы жауларының соққысынан құлаған Қимақ қағанатының жері XIғ.да жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшеді.Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып,батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі,солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып жатты.Қ.х күшейе бастаған кезінде оңтүстік жағындағы шекарасын кеңейтіп,Сырдарияның орта ж/е төменгі бөлігін,Арал мен Каспий өңірі далаларын өздеріне қаратқан.Қ.шонжарлары Сыр бойындағы қалалардың билеушілеріне айналған.Қ.этникалық құрамы VII-VIIIғ.да құрыла бастаған.Жалпы қ-дың э.құрамы 2бөліктен тұрған.1.қ.дың батыс бірлестігі-11тайпадан тұрады:елбөрілі,тоқсоба,йетиоба,дурут,т.б.2.қ-дың шығыс бірлестігі бұлар 16тайпадан тұрады.Олардың 8-інегізгі тайпалар,ал 8-і ұсақ тайпалық бөлімшелер.Ең беделді тайпасы бөрілер болған.Жалпы Қыпшақ бірлестігіне түрік тілдес қимақ,оғыз,құман,ежелгі башқұрт тайпалары да енген.XIIғ.дан бастап қ-тар Арал маңына билік жүргізген кезде олардың құрамында қаңлылар,қарлұқтар және жікілдер де болған.Қоғамдық құрылысы:тікелей Қимақ қағанатының қоғ.құрылысымен жалғасы болды.Хандық әкеден-балаға беріліп отырды.Бір ерекшілік,хан тағына елбөрілі тайпасының белгілі өкілдері ғана сайланып отырған.Хандық биліктің орталығы орда деп аталды.Әскери басқару жүйесі оң және сол қанат болып бөлінді.Оң қанат-ордасы Сарайшық(Жайық)күшті,беделді.Сол қанат-ордасы Сығанақ(Сырдария бойы) Ақсүйектер:хан,оның туыстары,тархандар,басқақтар,бектер,байлар,ру-тайпа көсемдері.Қарапайым халық:кедейлер,(жатақтар),құлдар(яланкуг).Саяси жагдайы:XIғ.бастап Жетісудан басқа жерлерді қ.тар иеленді.Оғыздарды жеңіп,Еділге дейінгі жерді иемденді.Оңтүстік далаларын,Кавказ,Қырым жерлерін басып алды.Ресей жеріндегі қ.тар половшылар(далалықтар) деп аталған.Дунай бойындағы қ.тар –кундар немесе командар деп аталған.1133ж.-қ.тар Хорезмдіктерден жеңіліп,екіге бөліне бастады.Хорезмдіктер саясаты:Қ.тардың ақсүйектерін қызметке тартып,олардан әскери топтар құру.Ислам дінін тарату.1195ж.-Хорезм билеушісі Текеш Отырар билеушісі Алып-Деректің әскерін өз жағына тартып,Сығанақты жаулады.XIIIғ.басы-Хорезм шахы Мұхаммед Қыпшақ хандығы мен Сыр бойындағы қалалар үшін шайқасты.Қ.тар мен хорезмдіктер арасындағы шайқасты тоқтатқан-монғол шапқыншылығы.Дешті қ.тағы қ.халқының қалыптасуына монғол шапқыншылығы зардабын тигізді.Шаруашылығы.1.Мал ш.Ауған,Иран,Египет,Үнді жерлерінде қ.жылқыларының құны 100-500 динарға жеткен.Қ.тардың қалыптасқан көшу бағыттары,тұрақты қыстаулары мен жайлаулары болған.Егіншілік:Еврей саяхатшысы Петахья(XIIғ.):қ.тар тары мен күріш өсірген.Әл-Омари (XIVғ.):қ.тар бидай,арпа,тары өсіреді,тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады.
2.Қимақ мемлекеті(Ixғ.соңы-Xiғ.басы)
Қимақтар туралы алғашқы мәліметтер Қытай деректерінде кездеседі.VIIғ.басы-Монғолияның солтүстік-батыс ын мекендеді. VIIғ.ортасы-Алтайдың солтүстігіне,Ертіс бойына қоныс аударды.766-840жж.-қ.тар Батыс Алтайға,Тарбағатай.Алакөлге қоныстанды.IXғ.соңы-қимақ тайпасының атымен Қимақ қағанаты құрылды.Астаналары-Қимақия(Ертіс бойында),Карантия (Алакөл жағасы).Қағанат Қазақстанның солт.-шығ.,орталық аймақтарын алып жатқан.Монғолияның солтүстігін мекендеген қ.тар арасында қыпшақтарда болған. (Сыма Цянь)Қ.тар құрамы 7 тайпадан тұрады. Ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар(парсы тарихшысы Гардизи).
Тайпалары: эймур, байандур, татар, ланиказ, ажлар, имек, қыпшақ.
Қоғамдық құрылысы
Билеушісі – қаған. Қағаннан екі саты төмен атақ – ябғу. Билік мұрагерлікпен берілген. Қағанның 11 іс басқарушысы болған.Жеке тайпаның көсемі – шад-түтік. Әскер үлестік-тайпалық жолмен басқарылған. Отырықшылар жатақтар деп аталған.
Саяси жағдайы
Қимақ қағандары тоғыз-оғыздардң Шығыс Түркістандағы қалаларына,Енисей қырғыздарына жорықтар жасап отырды. Әскери қызметкерлердің беделі күшті болған.Қимақ шонжарларының лауазымдары: ұлы қаған, кіші қаған, ябғу, шад. IX ғ. Қ.тар «тоғыз-ғұздар» жерінің бір бөлігін алды. Х ғ. Басы – тоғыз-ғұздардың Жамлекес қаласын басып алған. Сыр бойындағы оғыздармен бірде бейбіт, бірде соғыс жағдайында болған. Х ғ. Екінші жартысы – Қарахандықтардыңшабуылы басталған. ХI ғ. –қарахандықтар жорықтары жиіліген. Қимақ қағанаты құлауының себептері: Қыпшақ хандарының дара билікке ұмтылуы. Ішкі тартыстың күшеюі. Орталық Азиядағы көшпелі тайпалардың көптеп келуі. Көрші тайпалардың шапқыншылығы.
· Қыпшақтар қимақ мемлекетінің орнын басты.
Мәдениеті. Араб тарихшысы Әл-Идриси: қ.тарда 16 қала болған, 12-сі Ертіс өзені бойына орналасқан. Қ.тар қамыс қаламмен жазған. Қимақ зергерлері жасаған әшекей бұйымдарға басқа түрік тілдес тайпалардың жасаған әшекейлері сай келмеген.
Діні
Ата-баба аруағына сыйынған. Көкке, Тәңірге табынған. Кейде мәйітті өртеу ғұрпы кездесіп отырған. Х ғ. – қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған. Қимақ қағаны Жанақ – ибн Хакан әл-Қимақи атанды. Бұрынғы жерлеу рәсімі өзгерді.
3.XIXғ.50-ж-дағы Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
XIXғ.ортасы-антифеодалдық ірі көтерілістер болып өтті.Сырдарияның оңтүстігі мен Оңт.Қазақстанды Ресейдің отарлауына қарсы.Хиуа хандарының өктемдігіне қарсы.Көтеріліс себебі.Хиуа ханы Мұхаммед-Рахым Аллақұлдың Жаңадария мен Қуаңдария аудандарында қамалдар тұрғызуы.Көтеріліс жетекшісі-Жанқожа Нұрмұхамедұлы.Көтеріліске қатысушылар:кіші шектілер,шөмекей,төртқара,қарасақал.1843ж.-Ж.Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.1845ж.көктем-Жанқожа тобы хиуалық 2000әскерді жойып жіберді.1847ж.-Хиуа ханының Райым бекінісін жойып жіберуге тырысқан әрекеті сәтсіз аяқталды.1856ж.жазы-Жанқожаның жанына 2мыңдай қарулы топ жиналды.Жаңақала ауданы-көтеріліс ошағы.1856ж.желтоқсанның аяғы-көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды.Жанқожа әскерінің саны:1856ж.-1500;1857ж.-5000. 1853ж.-орыс әскерлері Ақмешітті алып,Сырдария әскери шебін құрды.1857ж. 9қаңтар-Арықбалық шайқасында Жанқожа батыр әскері Фитинговтың тобынан жеңілді.1860ж.-Жанқожа көтерілісі талқандалды.Патша үкіметінің отаршылдық саясатына,бекіністердің көптеп салынуына қарсы наразылық басқа аймақтарда да күшейді.Арал теңізінің солтүстігінде көтеріліс жалғасты.Көтеріліс жетекшісі-Есет Көтібарұлы.
Билет7.
1.Наймандар,керейіттер ж/е жалайырлар.
Бұл тайпалардың негізгі мекені-Монғолияның орта ж/е батыс ауданы.Xғ.-Қазақстанға қоныстана бастады.
Наймандар.Мекені-Орхон өзені-Алтай.Найман сөзінің мағынасы:сегіз тайпа бірлестігі.Секиз өзені бойында тұратын тайпалар.XIIғ.2жартысы-Найман мемлекетінің аты шыға бастады.Орталығы-Балықты(Орхон маңы).Билеушісі-хан.Наркеш Дайын хан(1160-1203жж.)саясаты:егін шаруашылығы дамыды.Отырықшы қалалық өмір салты орнады.Инанч-білге хан саясаты:елді өнерге,күнкөріске баулыды.Бейбіт өмірді насихаттады.Сауда қатынасын дамытты.Наймандар одағын біріктіріп,мемлекетті күшейтті.Қарақытайлар үстемдігінен құтылды.Білге хан атанды.Бұйрық пен Даян хандар(Білгенің ұлдары)саясаты:Билік үшін өзара таласты.Даян хан далалық өлкеде билік еткен.Бұйрық хан Қара Ертістегі Орүнгу маңын мекендеген.Соғыстары:Бұйрық хан Шыңғыс пен Ван хандардан жеңіліп,Енисей қырғыздарына қашты.1201ж-қырғыз,меркіт,наймандар құрылтайға жиналып,әскери одақ құрды.Соғақ суаты шайқасында одақтастар әскері Шыңғыс әскерінен жеңілді.1204ж.-Даян ханды Шыңғыс әскері жеңді.Күшлік(Даянның ұлы)хан Жетісуға қашады.
Керейіттер.Мекені:Орхон,Керулен,Селенга,Аргун өзендері.Керейіт сөзінің мағынасы:Керлин(Керулен)өзені атынан шыққан.Керейіт мемлекетінің аумағы:Долы өзені-Завхан аймағындағы Қазақ тауы.Мемлекеттің орталығы-Битөбе жері(Хантәңірі тауы,Улан-Батор маңы).Керейіт хандығының құрамына 8аймақ кірді(Xiғ.екінші жартысы):Керей.Жиркиы.Қоңқай.Сақай.Тутау.Албат.Тунхай.Қыркун.Керейіттер көне түрік жазуын пайдаланған.Монғол мемлекетінің хатшылары керейіттерден болған.X-XIIғғ.-Маркус пен баласы Құршақұз хандар тұсында мемлекет шарықтады.Орталық Қарақорымға ауыстырылды.XIIғ.соңы-мемлекет екіге бөлінді.1202жыл-Шыңғыс хан к.ді жаулады.Бір бөлігі Қазақстанның шығысына келіп қоныстанды.
Жалайырлар.Мекені:Селенга,Хилок,Орхон өзендері,Қарақорым таулы қыраттары.Жалайыр Мұқылай-Шыңғыс ханның ең жақын адамы,түменбасы.Жалайыр Жамұқа-1201ж.өзін гурхан деп жариялап,таққа отырды.Шыңғыс хан Жамұқаны жеңіп,жалайырларды бағындырды.Қазақ халқының құрамына енген жалайырлар Жетісуда орналасқан.Қоғамдық құрылысы:Басқару жүйесі-хандық билік.Басқару ұлыстық жүйемен жүргізілген.Хан билігінің ең басты басқару орталығы-Орда.Ұлыстардың ішкі істерін жүргізушілер-шербилер.Көршілес тайпалары-меркіт,таңғұт,монғолдар.Найман,керей,жалайырлар біріккен ірі мемлекеттік дәрежеге жете алмаған.
2.Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.
Ұлы Жібек жолы Қытайдан басталып,Римге барып аяқталған.Қытай деректері:Б.з.б. II ғ.ортасы-Жібек жолының халықаралық қатынас жағынан жандануы басталды.Б.з.б. 138ж.-Қытай императоры У-Ди жіберген елшілік Батысқа аттанды.Елшілік 13ж.кейін оралған.Б.з.б.II-Iғғ.-Үйсін мемлекеті Қытай өкіметімен сауда байланысын жасаған.Б.з.б.Iғ.ортасы-алғаш рет Қытайдан Батыс елдеріне жібек артқан керуен шықты.VIғ.-жібек матасы Еуразияға әйгілі болған.VIғ.-Батыс Түрік қағанаты және оның нөкерлері жібек шапан киген.568ж.-Түрік қағанаты мен Византия арасында келісім жасалған.Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған киімдер жіберілген.Ұлы Жібек жолы-Шығыс пен Батысты байланыстырып,Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі.Ұзындығы-7мың шақырымнан астам.Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтеді.
3.Түріктердің рухани және материалдық мәдениеті.
Оңтүстік Сібір,Алтай-Саян,Қазақстан жерлерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген.Олар түрік тілінде сөйлеп,көне түрік жазуымен жазған.Көне түрік әліпбиі 35әріптен тұрған.Т.дің әліпбиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған.Сондықтан да көне руналық жазу-түріктердің төл жазуы.Т.жазуы жерімізде біздің жыл санауымыздан бұрынғы 1-нші мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан.Соңғы 30-40ж.дың ішінде Талас,Іле,Сыр,Ертіс өзендері бойынан ежелгі түрік жазуларының көптеген ескерткіштері табылды.Сөйтіп,көне т.жазуы VIII-Ixғ.лар аралығында бүкіл халық игілігіне айнала бастаған.Т.жазуымен қоса елде соғды жазуы да кең қолданылды.Әсіресе бұл жазу қаған сарайында маңызды рөл атқарған.Жалпы көне түрік тілінде 200-ден астам жәдігерлер табылған.Жазу өнерінің дамуына байланысты VIIIғ.да т.дің жазба әдебиеті дүниеге келеді.Т.жазба әдебиетінің көне ескерткіштерінің бірі-Күлтегін ж/е Тоныкөк жазулары.Бұлар-нағыз тарихи дастандары.Мұнда т.дің құрылуы мен дәуірлері,ақырында күйреуі жайында айтылады.VIII-Ixғ.ға жататын әдеби шығармалар-Қорқыт ата кітабы мен Оғызнама дастаны.Бұл шығармалар алғаш VIIIғ.да ауызша айтылып,ел ішінде кең таралса,тек XIғ.дан бастап қағазға түсе бастаған.Қорқыт ата кітабы 12жырдың қосындысынан тұрады.Кітап жастарды тәрбиелі болуға,жерін,елін қорғауға,батыр да,батыл да болуға шақырады.Ертедегі орта ғасыр әдеби ескерткіштерінің бірі-Оғызнама.Біздің дәуіріміздің екінші ғ.дағы тарихи оқиғаларға байланысты туған бұл әдеби шығарма VIғ.да парсы тіліне, Ixғ.да араб тіліне аударылған.Оғызнаманың ескі нұсқасын XIIIғ.да бірінші жазып қалдырған-тарихшы Рашид ад-Дин.Одан кейін оны XVIIғ.да толық жазған-Әбілғазы хан.Шығарманың идеясы бірлікті,ерлікті уағыздайды.Ежелгі түріктердің діни сенімдері әртүрлі болған:Көкке-Тәңірге табыну;Жерге-Жер-Суға табыну;Ұмай анаға табыну;Отқа табыну;Тотемге табыну;Көк бөріге табыну.Оғыздар қойға табынған.Будда дінін таратуды соғдыларатқарды.Қазақстанның оңт.де.,Жетісу аймағында басқа да діни әдет-ғұрыптар болды.Олардың ішінде мұсылман дінін VIIIғ.дан бастап кең түрде етек жая бастады.Оның басты орталығы болған қалалар:Сайрам,Тараз,Отырар,Йасы.Бұл дінді Қарлұқ қағаны Сатұқ Боғра хан мемлекеттік дін есебінде қабылдаған.
Билет8
1.Қарақытайлар мемлекеті(1125-1212жж.)
Қарақытайлар тарихында Орталық Азиядағы монғол тектес қидан тайпаларының орны ерекше.Қарақытайлар:Солтүстік Монғолия,Солтүстік Қытай,Маньчжурия,Уссури өлкесін мекендеген қидандар.(қытай дерегі).Xғ.батысқа жылжыған қидандардың бір бөлігі(мұсылман дерегі).Тілі:тұнгұс-монғол,түрік(араб,парсы дерегі).Қ.дың Жетісуға қоныс аударуының себептері:Орталық Азиядан жылжыған түрік тілдес тайпалардың қ.жерін жаулап алуы.Жетісудағы Қарахан ханының қ.ға шығыс шекарасын қорғауды тапсыруы.
Xғ.(924ж.)-қидандар Ляо империясын құрды.Аумағы.Тынық мұхит-Алтай аралығы.1125ж.Ляо империясы құлап,40мың отбасын басқарған Елюй Даши Жетісуға келіп қоныстанды.1125ж.-қидандар Жетісуға қоныстанып,Баласағұнды басып алды.Аумағы.Жетісу.Орталығы:Ғұз ордасы.Билеушінің титулы-гурхан(хандардың ханы).Қарақытайлар билік еткен аймақ:Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан.Түркістан мен Мәуереннахр.Сыртқы жағдайы:1137ж.-Ходжент маңында қарахандарды жеңді.1141ж.-Қатуан шайқасында қарахандарды жеңіп,Бұхараны,Мәуереннахрдың орталығын басып алды.Қарахандар қ.ға вассал болып қалды.Хорезмді жаулап,хорезмшах жылына 3000динар төлеуге міндеттенді.Гансу жеріндегі ұйғырларды бағындырды.1198-1204жж.-гурид тайпаларымен соғыста жеңілді.1210ж.-Хорезм шахымен соғысты.1212жылы-Қарақытайлар мемлекеті құлады.Қарақытайлардың жері наймандардың иелігіне айналды.Салық жүйесі:Жетісу аймағ.егіншілер өнімнің оннан бір үлесін төледі.Ірі қара әкімдері харадж(жер салығы)төледі.Әр үйден 1динар жиналған.Егістік жерлер халыққа беріліп,салық жиналып тұрған.Үлестік жер иелеріне арнаулы грамота берілді.Бұл-гурханның қамқорлығында екенін көрсететін белгі.XIIғ.екінші жартысынан салық салу күшейді.Халық наразылық көрсете бастады.Қоғамдық құрылысы:Қ.лар қарахандықтардың басқару құрылысын сол қалпында қалдырды.Гурхан әскер басқаруды жергілікті басқарумен ұштастырды:Жергілікті тайпалар шекараны қорғауға тиіс болды.Өз адамдарын шекаралық қызметтен босатты.Қ.дағы мұрагерліктің өзіндік ерекшелігі:Әйелдер мұрагер болған.Әйел жағының тегі хан тұқымынан болуы міндетті.1143ж.-Елюй Даши қайтыс болып,билікке әйелі Табуян ие болды.1155ж.-Иле қаза болып,билік Елюй Дашидың қызы Бұсұғанға көшті.
2.Қ. Ресейдегі 1905-1907жж.революция кезіңінде
XXғ.басында Қазақстан қалаларында жасырын құпия ұйымдар пайда болды.1902ж.-Орынборда тұңғыш маркстік құпия ұйымның бірі құрылды.Отарлық ұлт аудандарының ұйқыдан оянуына негіз болған оқиға-1905жылғыҚанды жексенбі(9қаңтар,Петербург оқиғасы).1905ж.ақпан-Түркістанда,Перовскіде,Жосалыда,Шалқарда алғашқы қарсылықтар болып өтті.1905ж.мамыр-Верныйда,Перовскіде,Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси ереуілдер өткізілді.Қарқарыладағы қарсылық жиынына Міржақып Дулатұлы белсене қатысты.Еңбекшілердің саяси көзқарасының өсуіне Бүкілресейлік қазан саяси ереуілі ерекше әсер етті.Перовскіде(Қызылордада),Қостанайда,Оралда,Успен кенішінде стачкалық комитеттер құрылды.17қазандағы патша манифесінің (Мемлекеттік тәртіпті дұрыстау туралы)халықты алдау екенін Алаш қозғалысы өкілдері әшкерелеп,сынады.Орынбордағы 18-19қазанда өткен шеру «Демократиялық республика жасасын»,»Самодержавие жойылсын» деген саяси ұрандармен өтті.25-қазан-Омбыдағы ұйымшылдықпен өткен саяси бой көрсету Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірді.Перовскідегі саяси шеру қазақ-орыс жұмысшыларының бірлесуімен өткізілді.Қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуінің ең бастысы-1905жылғы желтоқсанда 12күнге созылған,Успен(Нілді)кенішіндегі 360(265қазақ)жұмысшы қатысқан ереуіл.Кеніш француз президентінің жиені Карноның меншігі,іс басқарушысы-ағылшын Фелль.Ереуілге шығу себептері:1.Жалақының тапшылығы;2.Жұмыс істеу жағдайының ауырлығы;3.Ағылшын капиталистері Мессен,Гиббердің қатыгездіктері.Ереуілге «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы» ұйымы(П.Топорнин,Л.Байшағыров,С.Невзоров)басшылық етті.Талаптары:Азық-түлік бағасын төмендету;Жалақының 15,25%-ға көтеру;үш сыныптық орыс-қазақ училищесін ашу;жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту;Фельдшер Е.Костенконы,қызметкер М.Ивченконы жұмыстан шығару;жұмысшыларды су өтпейтін киіммен қамтамасыз ету.Кеніштің шетелдік иелері бұл талаптардың біразын орындауға мәжбүр болды.1905ж.16-28қараша-Семейдегі пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілін басу үшін облыс губернаторы Қарқаралыдан әскери күш шақыртты.1905ж.6-7қарашада Верныйда,21қарашада Жаркент гарнизонында әскери қарсылықтар болды.1905ж.,6желтоқсан-Өскемендегі жұмысшылар жиынында социал-демократ Крушеев патша үкіметіне қарсы күресте ынтымақтасуға шақырды.1905ж.13желтоқсан-Павлодарда Ертіс бөлімінің жұмысшыларының митингісі өтті.1906ж. басты саяси оқиға-Семейдегі шілде айында 500жұмысшы қатысқан жаппай ереуіл.Негізгі талаптары:Жұмыс күнін10сағатпен шектеу,балалар үшін-8сағат.Ауырган күндерге ақы төлеу.Жалақыны өсіру.Күштеп қосымша еңбек еткізуге тыйым салу.Әйелдер құқығын қорғау.1906ж.-Қарқаралы уезінде(Семей облысы),Жаркент уезінде(Жетісу облысы),Әулиеата,Шымкент уездерінде(Сырдария облысы),Орал,Торғай болыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.Қазақ шаруаларының қарсылығы туралы «Орынбор өлкесі», «Орал күнделігі», «Орал» басылымдарында жарияланды.Саяси толқулардың жиілеуінен шошынған патша өкіметі шаралар қолдана бастады.1906ж.10қаңтар-ішкі істер министрі Дурнов өлкедегі қарсылықтарды жаныштауға арнайы тапсырма берді.Қазақ еңбекшілерінің заңды мүдделерін қорғауда,талаптарын түсіндіруде аянбай күрескен ұлттық демократиялық қауым өкілдер:Әлихан Бөкейханов-Семей облысы.Ахмет Байтұрсынұлы-Торғай облысы.Б.Қаратаев-Орал облысы.М.Тынышбайұлы,Б.Сыртанов-Жетісу.Саяси топтардың,партиялардың арасындағы өзара талас,патша үкіметіне қарсы күрес екінші Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде күшейді.Бұратана(түземдік)халық арасынан депутаттыққа сайланғандар:Ақмола облысынан-молда Ш.Қосшығұлұлы;Жетісудан-федералист М.Тынышбайұлы;Оралдан-кадет А.Бірімжанұлы;Семейден-бай Х.Нұрекенұлы.Семейден сайланған «Семипалатинский листок» газетінің редакторы,қазақ өлкесінің тарихы туралы еңбектің авторы Н.Я.Коншин уәдесінен бас тартып,Сібірдің дербес дамуын жақтаған топқа қосылып кетті.1905-1907ж.ж алғашқы революцияның жеңілу себептері: Қазақ жұмысшыларының аздығы.Қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы.Революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тәжірибесінің жеткіліксіздігі.Жұмысшылар мен шаруалар одағының болмауы.Революцияның тарихи маңызы:
Отаршыл саясатқа қарсы тәжірибе жинақталды. Ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін түзетілді. Күрес барысында революционерлер тобы тәрбиеленді. Қазақ еңбекшілерін «ғасырлық ұйқыдан» оятып,революциялық күреске шақырды.
3.1870ж.Маңғыстаудағы көтеріліс.
1870ж.-Маңғыстаудағы шаруалар көтерілісі.Көтеріліс жетекшілері-Досан Тәжіұлы,Иса Тіленбайұлы.Көтерілістің себебі:40мыңдық шаңырақтан тұратын Адай руы екі жылда 160.000сом салық төлеуге тиіс болды.Көтеріліске түрткі болған оқиға:Жазалаушылардың адайлықтардың мекендеріне жақындауы.1870ж.16наурыз-Маңғыстау приставы подполковник Рукин тобы «Ережелерге» қарсылық білдіріп көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты.Бозащы түбегінде 200-ге жуық көтерілісші жазалаушыларды қоршап алып талқандады.Рукин атылып өлді.Қозғалыс бүкіл Маңғыстауға таралып,Николаевск станицасы мен Александровск фортының балық аулау кәсіпшіліктеріндегі жұмысшылар қосылып,көтерілісшілер тобы-10.000-ға жетті.1870ж.5сәуір-көтерілісшілер Алексанровск фортына шабуылдады.1870жылғы мамыр-Маңғыстауға Кавказдан әскери топ жеткізіліп,көтеріліс талқандалды.Әскери министр Милютиннің «бұларды келістіріп жазалау керек» деген нұсқауына сәйкес Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский көтерілісшілерді 3ай бойы қудалады.1870жылғы желтоқсан-И.Тіленбайұлы,Д.Тәжіұлы,И.Көлұлы бастаған 3000-ға жуық шаңырақ Хиуа хандығына өтіп кетті.Салдары:Маңғыстау қазақтарынан 57.901сом салық хиналды.Адайлықтар соғыс шығыны ретінде 90мың қой өткізді.Тарихи маңызы:Тұңғыш рет қазақ жұмысшыларының күреске қатысуы.Көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархаттық құбылыс сақталды.
Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 96 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |