Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акушерство және гинеколгия пәні бойынша 4 ші курсқа арналған тесттер 3 страница



***

25 жасар ауруда аборт жасау барысында кюреткамен жатыр перфорациясы болды. Сіздің тактикаңыз?

бақылау, іштің төменгі жағына салқын қою, антибактериальдық және утеротоникалық терапия//

гистероскоп бақылауымен ұрық жұмыртқасы қалдықтарын алып тастау, одан кейін антибактериальдық және утеротоникалық терапия//

+ шұғыл түрде құрсақты кесу, перфорация болған тесікті тігу, құрсақ қуысы мүшелерінің ревизиясы//

консервативтік терапиядан нәтиже болмаған жағдайда, құрсақ ішілік қан кету белгілерінің өсуі жағдайда құрсақты кесу//

құрсақ ішілік қан кетуді жоққа шығару үшін лапароскопия жасау

***

Босанатын әйел босану бөлімшесіне әр 2 минут сайын пайда болатын ауыру сезімді толғақтарға шағымданып түседі. Жатыр мойнының ашылуы 2 см. 2 сағаттан кейін де ол ауыру сезімді жиі толғақтарға шағымдануын жалғастыруда, жатыр мойнының ашылуы әлі де 2 см. Диагнозы?

прелиминарлық кезең//

+босану әрекетінің дискоординациясы//

босану әрекетінің әлсіздігі//

босанудың белсенді фазасы//

босанудың латенттік фазасы

***

Босанатын әйел босану бөлімшеге әр 5 минут сайынғы ретті толғақтарымен түсті, жатыр мойнының ашылуы 3 см. 2 сағат өткен соң толғақтары әр 2-3 минут сайын, ашық қағанақ сулары кетті, ернеуінің ашылуы – 6 см. Диагнозы?

прелиминарлық кезең//

босану әрекетінің дискоординациясы//

босану әрекетінің әлсіздігі//

+босанудың белсенді сатысы//

босанудың латенттік сатысы

***

56 жасар ауру іштің төменгі жағында тартып ауыру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде – ірі нәрестемен екі рет босанған. Соматикалық патологиясы анықталынбады. Қарағанда: күшену кезінде вульварлық сақинадан тыс жатыр денесі анықталады, жатыр мойны элонгирленген, гипертрофияланған, гиперемияланған, қынаптың артқы және алдыңғы қабырғалары түскен, артқы өтісті көтеріп тұратын бұлшықеттердің ажырауы байқалады. Диагнозы?

жатырдың айналып кетуі//

жатыр мойнының элонгациясы, цисто- және ректоцеле//

қынап қабырғаларының түсуі, жамбас түбі бұлшықеттерінің дәрменсіздігі//



жатырдың толық түсуі емес, жатыр мойнының элонгациясы//

+жатыр мойнының толық түсуі, жамбас түбі бұлшықеттерінің дәрменсіздігі, жатыр мойнының элонгациясы

***

55 жасар ауру асқынбаған соматикалық анамнезі және анықталған диагнозымен: Жатыр мойнының толық түсуі, жамбас түбі бұлшықеттерінің дәрменсіздігі, жатыр мойнының элонгациясы. Цисто- және ректоцеле. Ауруды емдеу тактикасы қандай?

бандажды әрдайым киіп жүру, жамбас түбі бұлшықеттерін қатайту үшін бағытталған емдік жаттығу//

пессарияны қолдану//

құрсақты кесу, қосалқыларымен жатырдың экстирпациясы//

+жатырдың қынаптық экстирпациясы, алдыңғы және артқы кольпоррафия, леваторопластика//

жатыр мойнының ампутациясы, кольперинеоррафия

***

19 жасар ауру іштің төменгі жағында ауыру сезімі, дене қызуының 37,5ºС дейін көтерілуі, жыныс жолдарынан іріңді бөлінділер, ауыру сезімді зәр шығаруына шағымданып келді. Қараған кезде: үрпісі инфильтрацияға айналған, айналарда – жатыр мойны қызарған, эрозиясы бар, бөлінділер көп мөлшерде шырышты-іріңді. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр үлкеймеген, пальпация кезінде ауыру сезімді, қосалқылары екі жақтан да қалыңдаған, ауыру сезімді. Жағындылардың бактериоскопиясы – торша ішінде және сыртында гонококтар. Диагнозы?

+ несеп жыныс мүшелерінің төменгі бөлімінің балауса жедел созы//

балауса жедел жоғарлаушы соз//

жеделдеу жоғарлаушы соз//

несеп жыныс мүшелерінің төменгі бөлімінің созылмалы созы//

торпидтік соз

***

16 жасар кыз ювенильді қан кетумен қаралуда. ОК көмегімен гормоналді гемостаз жүргізілген. ЗМПР-ді 20 24 қаңтар аралығында өткен. Етеккірдің 5ші күнінде УЗИ өткен ТЭ 10мм. Дәрігер тактикасы: //

Гестаген 10 - 25 етеккір күнінде//

фемостон 1/10 етеккірдің 5ші күнінен бастап //

+ КОК контрацепті схемамен//

КОК во II фазасында

***

Қайта босанатын әйелде жүктіліктің 32 аптасында нәрестенің жамбаспен жатуы анықталынды. Әйелдер кансультациясының дәрігерінің тактикасы? //

нәресте жағдайын бағалау үшін эхография жүргізу//

+ түзету терапиясын орындауға ұсыныс жасау//

сыртқы бұруды жүргізу//

жүкті әйелді стационарға жатқызу

***

23 жасар ауруға біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жүргізілді. Көріністе: жатыр қуысы Т-тәрізді пішінді, жатыр түтіктері қысқарған, сіреспелі, ампулярлық бөлімдерінің түйреуіш тәрізді кеңеюмен, контрастық заттың құрсақ қуысына шығуы байқалмайды. Осы өзгерістер қандай ауруға тән? //

этиологиясы хламидиялық созылмалы сальпингит//

жатыр түтіктерінің аденомиозы мен эндометриозы//

жатыр түтіктерінің обыры//

+ жыныс мүшелерінің туберкулезі//

Жоғарыдағы көресетілгендердің барлығы

***

Кезекті етеккірінің 10 күнге кешігуіне шағымданады. Жыныстық қатынаста ретті тұрады, жүктіліктен сақтанбайды. Жағдайы қанағаттанарлық. Трансвагинальдық эхография кезінде үдемелі түтіктік жүктілік туралы күмәнданған. Әйелдер консультациясының дәрігерінің тактикасы? //

+ диагнозды анықтау үшін шұғыл түрде госпитализациялау//

ХГ титрін қан немесе зәрде анықтау//

Қынаптың артқы күмбезі арқылы құрсақ қуысының пункциясы. Пунктат болмаған жағдайда – 5 күннен кейін қайта келу.//

функциональдық диагностика тесттілері бойынша тексеру, бақылаулы УДЗ//

Д. гинекологиялық стационарға жоспарлы түрде госпитализациялау//

***

Әйел 1 жыл бойы метастатикалық гестациялық трофобластикалық неоплазияға байланысты химиотерапияны өтті. Тексерілуден кейін үш айдан соң ХГТ сынама теріс болды, өкпелердің рентгенологиялық тексерісі патологияны анықтамады. Осыдан кейінгі әр ай сайын ХГТ сынамалар теріс болды. Осы ауруға бірінші кезекте не көрсету керек? //

ай сайын ХГТ титрін анықтау//

+ кеуде мүшелерін рентгенологиялық зерттеу//

Химиотерапия//

кіші жамбас мүшелерінің УДЗ//

сандық ХГТ анықтау

***

55 жасар ауру асқынбаған соматикалық анамнезі және анықталған диагнозымен: Жатыр мойнының толық түсуі, жамбас түбі бұлшықеттерінің дәрменсіздігі, жатыр мойнының элонгациясы. Цисто- және ректоцеле. Ауруды емдеу тактикасы қандай? //

бандажды әрдайым киіп жүру, жамбас түбі бұлшықеттерін қатайту үшін бағытталған емдік жаттығу//

пессарияны қолдану//

құрсақты кесу, қосалқыларымен жатырдың экстирпациясы//

+ жатырдың қынаптық экстирпациясы, алдыңғы және артқы кольпоррафия, леваторопластика//

жатыр мойнының ампутациясы, кольперинеоррафия

***

58 жасар ауру жыныс жолдарынан қанды бөлінділеріне шағымданып келді. Постменопауза – 10 жыл. Қынаптық тексеру кезінде: сыртқы жыныс мүшелері мен қынабы жастық инволюцияға сай, қынаптың шырышты қабығы жеңіл жарақаттанады, жатыр мойны таза, қарашық симптомы «теріс», жатыр мойны каналынан аз мөлшерде қанды бөлінділер байқалады. Жатыр қалыпты мөлшерде, қосалқылары анықталынбайды, параметриялары бос. Диагнозды анықтау үшін сізге қандай қосымша зерттеу әдістері көмектеседі? //

+ даралап диагностикалық қырудан кейін қырындыны гистологиялық зерттеу//

Лапароскопия//

қынаптың артқы күмбезі арқылы құрсақ қуысынң пункциясынан кейін аспиратты цитологиялық зерттеу//

кеңейтілген кольпоскопия, жағынды-танбаларды цитологиялық зерттеу//

Жоғарыдағы көрсетілгендердің барлығы

***

Босанушы 19 жаста, жетілген жүктілікпен келіп түсті босану әрекеті басталғаннан соң 7 сағаттан және суы кеткен соң 2 сағаттан кейін. Ұрық тігінен орналасқан, басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Дәрігер саусақтарын қасағадан жоғары бағыттаған кезде ұрық басы симфиздан жоғары орналасқан. Жүрек соғуы анық, ретті 138 рет/ мин. жамбас өлшемдері: D.sp. 26cm, D.Cr.-26cm, D.Tr.-30cm, C.ext.-17cm.. Вастен белгісін анықтаңыз: //

Біркелкі//

Әлсіз оң//

Теріс//

+Оң//

Әлсіз теріс

***

Жүкті әйел 39-40 аптада, босануда 9 сағат. 1 сағат аралығында ұрық басының жылжуы анықталмайды. Босанушы мазасыз, ішінің төменгі жағында ауырсынуға шағымданады, пальпация кезінде төменгі сегмент ауырсынады. Вастен белгісі оң. Жүрек соғуы 130 рет/ мин. РУ: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Сагитальді тігіс көлденең өлшемде. Сіздің диагнозыңыз: //

+Жүктілік 39-40 апта. Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылу қауіпі. //

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатырдың басталған жыртылуы. //

Жүктілік 39-40 апта. Босанудың II кезеңі. Клиникалық тар жамбас. Жатыр жыртылуы. //

Беременность 39-40 недель. II -период родов. Анатомический узкий таз. Слабость родовой деятельности//

Беременность 39-40 недель. II -период родов, басының синклитикалық орнығуы, босану әрекетінің әлсіздігі

***

Босанушы М., 23 жаста. Жамбас өлшемдері: D.sp. 25cm, D.Cr.-28cm, D.Tr.-31cm, C.ext.-17,5cm. Жамбас өлшемдерін бағалаңыз: //

Жай жалпақ жамбас 1дәр. //

+Жай жалпақ жамбас 2дәр. //

Жай жалпақ жамбас 3дәр. //

Жай жалпақ жамбас 4 дәр. //

Жалпақрахитикалық жамбас 1дәр

***

 

Перзентханаға алғаш босанушы келіп түсті, 19 жаста, жүктілік мерзімі 39-40 апта, шағымдары ішінің асты толғақ тәрізді ауырсынуға. Босануда 2 сағат, су бүтін. Жамбас өлшемдері:25-28-31-17 см. Тамыр соғуы 80 рет/мин, АҚҚ 120/80 мм с.б. Ұрық басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Жүрек соғуы 132 рет/мин. РV: жатыр мойнының ашылуы 2 см, қағанақ қабы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіреберіске тірелген. Мүйіске саусақ жетеді. Диагональді коньюгата 10 см. Сіздің диагнозыңыз: //

Жүктілік 39-40 апта. Біркелкі тарылған жамбас 1 дәр. Босанудың 1кезеңі.//

Жүктілік 39-40 апта. Біркелкі тарылған жамбас 2 дәр. Босанудың 1кезеңі.//

Жүктілік 39-40 апта. Біркелкі тарылған жамбас 3 дәр. Босанудың 1кезеңі.//

Жүктілік 39-40 апта. Жай жалпақ жамбас 1 дәр. Босанудың 1кезеңі. //

+Жүктілік 39-40 апта. Жай жалпақ жамбас 2 дәр. Босанудың 1кезеңі

***

 

Жетілген жүктілік кезінде босанушы әйелде босанудың 2 кезеңінде ұрық басы кіші жамбас қуысында тұрғанда, босану әрекетінің тұрақты әлсіздігі пайда болса дәрігер тактикасы: //

Акушерлік ұйқы-демалу//

Кесар тілігі операция//

+Қуыстық акушерлік қысқыш салу//

Шығаберістік акушерлік қысқыш салу//

Перинеотомия

***

 

Алғаш босанатын әйел босануда 7 сағат, бел аймағындағы қатты ауырсынуға шағымданады, толғақтар 4-5 минут сайын 30-35 секунд, айқын ауырсынады. Қайталап вагинальді зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылу динамикасы жоқ (жатыр мойнының ашылуы - 5 см, қағанақ қабы бүтін). Босану ағымы немен асқынды: //

Босану әрекетінің біріншілік әлсіздігімен//

Босану әрекетінің екіншілік әлсіздігімен//

+Дискоординирленген босану әрекетімен//

Жатыр мойнының дистоциясымен//

Жатыр тетаниясымен

***

 

27 жастағы алғаш босанушы әйел, жүктілік жетілген, жамбас өлшемдері қалыпты, суы бүтін, перзентханаға босану әрекеті басталғаннан соң 9 сағаттан кейін келіп түсті. Ұрық бассы кіші жамбасқа тірелген. Вагинальді зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылуы - 5 см, қағанақ қабы бүтін. Келесі 4 сағатта толғақтар 6-7 минут сайын, 30-35 секунд, әлсіз. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойнының ашылу динамикасы жоқ. Бұл патологияны емдеудегі патогенетикалық препарат: //

+Окситоцин//

Метилэpгометpин//

Хлоpистый кальций//

эстpогендер//

В и С топтағы витаминдер

***

 

Қайта жүкті, алғаш босанушы әйел, 28 жаста. Анамнезінде 2 өздігінен түсік. босануда - 14 с. жатыр мойнының ашылуы 6 см. Ұрық басы мен әйел жамбасы толық сәйкес. Келген бөлігі - жамбасы. Сусыз уақыт 10 ч. КТГ – ұрық гипоксиясы. Толғақтар сирек, әлсіз. Келесі акушерлік тактика көрсетіледі: //

Антибактериальді терапия тағайындау//

Ұрық асфиксиясының алдын алуын жүргізу//

Босану әрекетін күшейте бастау//

+Кесар тілігі операциясын жасау//

Медикаментозды ұйқы беру

***

 

Алғаш босанатын әйел босануда 7 сағат, бел аймағындағы қатты ауырсынуға шағымданады, толғақтар 4-5 минут сайын 30-35 секунд, айқын ауырсынады, әйел өздігінен зәр шығармайды. Қайталап вагинальді зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылу динамикасы жоқ (жатыр мойнының ашылуы - 5 см, қағанақ қабы бүтін). Осы асқынудың патогенезінде роль атқарады: //

+Ритм жүргізушісінің локализациясының өзгеруі//

Ұрық басы мен әйел жамбасының сәйкессіздігі//

Жатырдың біріншілік гипотоникалық дисфункциясы//

Ацетилхолин концентрациясының төмендеуі//

Жатырдың екіншілік гипотоникалық дисфункциясы

***

 

Қайта босанушы 22 жаста, перзентханаға босану әрекеті басталғанннан соң 3 сағаттан кейін келіп түсті. Зерттеу кезінде ұрық басы оң жақтан мықын сүйегі қырынан жоғары орналасқан, жамбас бөлігі сол жақта. Жүрек соғуы анық, ретті 136 рет/мин. жатыр мойнының ашылуы 4 см. Сіздің тактикаңыз://

Сыртқы ұрықтың алдын алу бұрылысы//

Комбиниpленген сыртқы-ішкі ұрықтың бұрылысы//

+Жедел кесаp тілігі//

Кесаp тілігі босану кезінде қағанақ суы мезгілінен бұрын кетсе//

Ұрық бұзушы опеpация

***

К., 28 жаста босанудан кейін 5 тәулік. Жүктілік ағымы асқанусыз өтті. Босанудың І кезеңі 8 сағатты, ІІ кезең 1 сағатты, ІІІ кезеңі 3 минутты құрады. Босанушының жыныс жүйесінде ерте босанудан кейінгі кезеңде қандай өзгерістер болмайды: //

Жатыр инволюциясы//

Жатыр мойнының мойындырық каналының құрылуы//

Жамбас түбі бұлшықеті тонусының қалыптасуы//

Жатыр ретракция, контракциясы және плацентарлы алаңның тамырларының тромб түзілуі//

+Сүт секрециясы

***

Босанған әйел босанғаннан кейін 8 күні жағдайының нашарлауына шағымданады. Дене температурасы 38,9 градусқа дейін көтерілген. Тексерген кезде сол жақ сүт безі ұлғайған, пальпация кезінде сезімтал. Диагнозды таңдаңыз: //

+Жедел мастит//

Сүт безінің абсцессі//

Кистозды мастопатия//

Карцинома//

Гангpенозды мастит

***

Интоксикация симптомы, емізікте жарылудың болуы, емізіктің ісінуі, сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында тері гиперемиясы анықталады, пальпация кезінде жұмсару аймағынсыз ауырсынулы инфильтрат. Сіздің диагнозыңыз: //

Сүт безі абсцессі//

Сүт безінің қатаюы//

+Инфильтративті мастит//

Сүт безінің фиброаденомасы//

Емізік жарылуы

***

 

Интоксикация симптомы, емізікте жарылудың болуы, емізіктің ісінуі, сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында тері гиперемиясы анықталады, пальпация кезінде жұмсару аймағынсыз ауырсынулы инфильтрат. Берілген патологияда сіздің келесі тактикаңыз: //

Инфильтратты ашу//

Компресс қолданумен жергілікті емдеу//

+Антибактериалды терапия//

Сүтті сауу//

Физиоем

***

 

Сүт безінде керіп ауырсыну, пальпация кезінде ауырсыну, интоксикация симптомының, гиперемияның және флюктуация участкесінің болмауы симптомокомплексі тән: //

+Лактостаз//

Серознды мастит//

Инфильтративті мастит//

Флегмонозды мастит//

Гангренозды мастит

***

 

Бастың ауыруы, ұйқының бұзылуы, тәбетінің болмауы, ішінің төменгі жағында ауырсыну, тахикардия, дене температурасының 38 градусқа дейін көтерілуі, лейкоцитоз 11х109/л, жатыр айқын контурмен, лохиялар іріңді симптомокомплексі тән: //

Сальпингоофорит//

+Эндометрит//

Метроэндометрит //

Пельвиоперитонит //

Босанудан кейінгі параметрит

***

 

Босанудан кейін 4 тәулікте босанған әйелде дене температурасы 39 градусқа дейін көтерілген. Шағымы ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға. Қараған кезде пульс 112 рет минутына, қанағаттанарлық толумен, ҚҚ 110/70 мм.с.б.. Жатыр түбі 4см кіндектен төмен. Жатыр айқын контурмен, ауырсынусыз. Дұрыс диагнозды таңдаңыз: //

Босанудан кейін метрит//

+Босанудан кейінгі эндометрит//

Пельвиоперитонит//

Метротромбофлебит//

Босанудан кейінгі параметрит

***

 

Эндометрит фонында адекватты емге қарамастан 2 аптадан соң дене температурасы 38-39 градус болып қалуда, қалтырау жалғасуда, пульс жиі, температураға сәйкес емес. Шағымы басының ауырсынуына, ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға, жатыр нашар жиырылады, ауырсыну жатыр қабырғасы бойымен тексергенде. Босанудан кейінгі қай инфекция туралы ойлауға болады: //

Эндометрит//

Параметрит//

Пельвиоперитонит//

+Метротромбофлебит//

Сальпингит

***

 

Босанған әйелде босанудан кейін 5 тәулікте дене температурасы 38-39 градусқа көтерілген. Шағымдары басының ауыруына, әлсіздікке, пульс 110 рет минутына. Іші жұмсақ, пальпация кезінде сезімтал. РҮ: жатыр мойны қалыптасқан, өзек 1к/с өткізеді. Жатыр консистенциясы жұмсақ, қабырғасы аймағы ауырсынады, лохия іріңді, жағымсыз иіспен. Анализінде: Нв 96 г/л, лейкоциттер 15х1012/л, солға ығысқан, лимфо- и моноцитопения. Босанудан кейінгі инфекцияның қандай формасы туралы болжауға болады//

+Жедел эндометрит //

Эндометриттің айқын емес түрі//

Эндометриттің абортивті түрі//

Метротромбофлебит//

Параметрит

***

 

Босанған әйел Р., 23 жаста, асқынусыз өткен, бірінші уақытында босанудан кейін 4 тәулікте кешкі дәрігердің қарауында қалтырауға және дене температурасының 39 градусқа көтерілуіне шағымданды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, беті гиперемиялы. Пульс минутына 92 рет. Дене температурасы – 39 градус. Сол жақ сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 6х7см инфильтрат бар, пальпация кезінде ауырсынады, терісі гиперемияланған. Сол жақ емізікте беткейлі жарылу. Оң жақ сүт безі ерекшеліксіз. Жатыр түбі қасағадан 4 саусақ жоғары, жатыр ауырсынусыз. Бөліністер қанды-серозды, иіссіз. Сіздің диагнозыңыз. //

Серозды мастит//

Инфильтративті мастит//

+Инфильтративті - іріңді мастит//

Флегмонозды мастит//

Гангренозды мастит

***

 

Босанған әйел Р., 25 жаста, қағанақ суының уақытынан бұрын кетуімен өткен (сусыз кезең 8 сағат 30 минут) бірінші уақытында босанудан кейін 4 тәулікте кешкі дәрігердің қарауында қалтырауға және дене температурасының 39 градусқа көтерілуіне шағымданды. Анамнезінде созылмалы тонзиллит, пиелонефрит. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, беті гиперемиялы. Пульс минутына 92 рет. Дене температурасы – 39 градус. Сол жақ сүт безінің жоғарғы-сыртқы квадрантында көлемі 6х7см инфильтрат бар, пальпация кезінде ауырсынады, терісі гиперемияланған. Сол жақ емізікте беткейлі жарылу. Оң жақ сүт безі ерекшеліксіз. Жатыр түбі қасағадан 4 саусақ жоғары, жатыр ауырсынусыз. Бөліністер қанды-серозды, иіссіз. 3 күннен кейін жүргізілген терапияға қарамастан босанған әйелде температурасы қайта көтерілді, қалтырау пайда болды, сол жақ сүт безінде ауырсыну мазалайды, әлсіздік. Пульс — 100 уд/мин. Сүт безі гиперемиялы, ісінулі, жоғарғы-сыртқы квадранты ауырсынулы, ортасы жұмсарған. Осы аурудың дамуына қандай себептер әкелуі мүмкін: //

Лактостаз, себебі сүт безі босамаған//

+Емізік жарылуы, себебі инфекция үшін «кіру қақпасы» болып табылады//

Экстрагенитальді патологияның өршуі, инфекцияның таралу көзі ретінде//

Қағанақ суының босанудан бұрын кетуі, ұзақ сусыз кезең ынталандырушы фактор болуы мүмкін //

Иммунореактивтіліктің төмендеуі, себебі жүктілік екіншілік иммуножетіспеушілік болып қарастырылады

***

 

Босанған әйел 32 жаста босанудан кейін 3 тәулікте ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға, қалтырауға, басының ауырсынуына, дене температурасының 39 градусқа дейін көтерілуіне шағымданды. Босануда плацентаның жартылай тығыз жабысуына байланысты плацентаны қолмен ажыратып және бала жолдасын шығару жүргізілді. Анамнезінде бір босану және екі жасанды түсік, созылмалы пиелонефрит. Сүт бездері сәл қатайған. Қандай диагноз дұрыс? //

Лактостаз//

Созылмалы пиелонефриттің өршуі//

+Эндометрит//

Мастит//

Лохиометра

***

 

26 жастағы тексерілмеген жүктіәйел іштегі кесіп ауыратын ауру сезіміне, суық терге, жыныс жолдардан бөлінетін бөлінділерге шағымданып түсті. Үйде өте айқын босану әреккеті болған. Түскен кезде – жүкті апатиялы, сұрақтарға қиындықпен жауап береді, босану әрекеті жоқ. Тері жабындары боз, тахикардия. Іші дұрыс емес формалы. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Щеткин- Блюмберг симптомы оң. Сәйкес келетін диагнозды таңдаңыз://

+Болған жатыр жыртылуы//

Жедел аппендицит//

Уақытынан бұрын плацентаның ажырауы//

Қауіп төндіруші жатыр жыртылуы//

Босану әрекетінің дискординациясы

***

 

29жастағы алғаш босанушы 2минутты интервалдағы ауырсынулы толғақтарға шағымданып түсті. Қарағанда: жатыр мойны 2см ашылған. 2сағаттан кейін ол жиі ауырсынулы толғақтарға шағымдануды жалғастырды., жатыр мойнының ашылуы сол 2см-де. Болжам диагнозыңыз://

Патологиялық прелиминарлы кезең//

Босану әрекетінің әлсіздігі//

Босанудың белсенді фазасы//

Босанудың латентті фазасы//

+Дискоординацияланған босану әрекеті

***

 

Қайталап босанушыда мерзімі жеткен жүктілікпен ашық түсті ұрық маңы суы кетті. Ұрықтың орналасуы тігінен, басымен келген, кіші жамбасқа кіреберісінде бастың аз ғана бөлігі анықталады. Ұрықтың жүрек соғысы анық 140соққы минутына. Қынаптық тексеру: мойны тегістелген, ашылу 4-5см, ұрық қапшығы жоқ. Басы сегізкөз ойығының жоғарғы үштен бірін жабады. Строловидті тігіс оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек артта оң жақта. Дұрыс диагнозды атаңыз://


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 83 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.043 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>