Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Акушерство және гинеколгия пәні бойынша 4 ші курсқа арналған тесттер 2 страница



шүйдемен жатудың алдыңғы түрі //

шүйдемен жатудың артқы түрі //

+ алдыңғы баспен жату //

маңдаймен жату //

бетпен жату

***

25 жастағы жүкті әйел К.мерзімі жеткен жүктілікпен, қалыпты жамбас өлшемдерімен әйел іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, жиі зәр шығаруға, шырышты тығынның кетуіне шағымданып перзентханаға түсті. Іштің айналымы-100 см, жатыр түбінің биіктіні-35 см. Нәресте ұзынша орналасқан, кіші жамбас кіреберісіне нәресте басы қондырылған. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 136 рет. Жатыры қозбаған.

Қынаптық тексеру: жатыр мойны «жетілген», цервикалдық канал 1 көлденең саусақ өткізеді. Қағанақ қуығы бүтін, кіші жамбас кіреберісіне нәресте басы қондырылған. Мүйіске қол жетпейді.

Диагноз қойыңыз: //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың І кезеңі. //

Мерзімі жеткен жүктілік. Прелиминарлық кезең.//

Мерзімі жеткен жүктілік. Патологиялық прелиминарлық кезең.//

+ Мерзімі жеткен жүктілік. Босану ізашарлары. //

Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың ІІ кезеңі.

***

Салмағы 4350,0 нәрестені босанғанан кейін босанған әйелде жыныс жолдарынан қан ағу басталды. Бала жолдасының бөліну белгілері оң. Бала жолдасы дефектісіз бөлінді. Жатыры тығыз. Жоғалтқан қан көлемі 300,0 және жалғасып жатыр. Жатыр мойнын айнамен қараған кезде жатыр мойнының сол жақтық күмбезге ауысқан жыртылуы анықталды

Диагноз қойыңыз: //

Бала жолдасы мен босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағулар. Жатыр мойнының ІІ дәрежелі жыртылуы. //

+ Ірі нәрестені мерзімімен босану. Бала жолдасы мен босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан ағулар. Жатыр мойнының ІІІ дәрежелі жыртылуы.. //

Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі атониялық қан ағу.//

Мерзімімен босану. Жатыр мойнының І дәрежелі жыртылуы. //

Мерзімімен босану. Гипотниялық қан ағу.

 

***

 

35 жастағы жүкті әйел К. жүктіліктің 36-37 аптасында қағанақ суы кеткеннен 10 сағаттан кейін және реті босану әрекеті басталғаннан 7 сағаттан кейін перзентханаға түсті. Қараған кезде дене қызуы 36,70 С. Нәресте көлденең орналасқан. нәресте жатырмен тығыз қамтылған. Нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Толғақтар 2-3 минут сайын 40 секундқа дейін, күші жақсы.



Қынаптық тексеру: жатыр мойны ернеуінің ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ, иығы анықталады.

Диагноз қойыңыз:

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану әрекетінің әлсіздігі. Нәрестенің көлденең орналасуы. Нәрестенің интранаталдық өлімі. //

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану әрекетінің әлсіздігі. Нәрестенің көлденең орналасуы. Қолының түсіп кетуі. Нәрестенің антенаталдық өлімі. //

+ Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі.

Босанудың ІІ кезеңі, нәрестенің көлденең орналасуы. Қолының түсіп кетуі. Нәрестенің интранаталдық өлімі. //

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Қолының түсіп кетуі. Нәрестенің антенаталдық өлімі. //

Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босанудың ІІ кезеңі. Қолының түсіп кетуі.//

***

36. Босанушы әйелде күшенулер әрбір 1-2 минут сайын, 55 секундтан, күші жақсы. Нәрестенің жүрек соғысы тұйықталған, минутына 110 рет.

Қынаптық тексеруде: жатыр мойны ернеуінің ашылуы толық. Қағанқ суы жоқ. Нәресте басы жамбас түбінде орналасқан, төбе жігі кіші жамбастың шығаберіс жазықтығының тік өлшеміне сәйкес келеді, кіші еңбегі қасаға астында орналасқан.

Дәрігерлік тактика: //

нәрестенің вакуум-экстракциясы //

босануды жылдамдату үшін окситоцин енгізіп бастайды //

+ шығаберістік акушерлік қысқыш салу //

қуыстық акушерлік қысқыш салу //

шұғыл түрде кесар тілігін жасау//

***

Қайта босанушы әйел жүктіліктің 42-43 аптасында, босанудың басталғанына 6 сағат болған, сусыз кезеңнің ұзықтығы 10 сағат.. Акушерлік статус: іштің айналымы - 110 см, жатыр түбінің биіктігі - 39 см. нәрестенің ұзынша орналасуы, басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне басы қондырылған. Нәрестенің жүрек соғысы минутына 140 рет.

Қынаптық тексеру кезінде: жатыр мойны тегістелген, жатыр мойны ернеуінің ашылуы 2 см, қағанақ қуығы жоқ. Басымен жатыр, кіші жамбас кіреберісіне бас ықондырылған. Мүйіске қол жетпейді.

Диагноз: //

Жүктіліктің 42-43 аптасы. Босанудың І кезеңі. Ірі нәресте.//

+ Жүктіліктің 42-43 аптасы. Босанудың І кезеңі. Қағанақ суының босануға дейін кетуі.Босану әркетінің бірінішілік әлсіздігі. Ірі нәресте.//

Жүктіліктің 42-43 аптасы. Қағанақ суының босануға дейін кетуі.Босанудың I кезеңі. Ірі нәресте. //

Жүктіліктің 42-43 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босанудың I

кезеңі. Ірі нәресте.//

Жүктіліктің 42-43 аптасы. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану әркетінің екіншілік әлсіздігі.Ірі нәресте.

***

20 жастағы әйел әйелдер консультациясына 2 ай көлемінде етеккірінің кідіруіне шағымданып келді. Анамнезінде: 13 жасында ревматизммен ауырған, 18 жасқа дейін дсипансерлік есепте тұрды. Баспамен ауырғаннан кейін 5 ай бұрын ревматизммен ауырған, стационарлық ем қабылдаған. Объективті: көзге көрінетін шырышты қабықтары мен тері жабындылары бозғылт, пульсі минутына 90 рет, АҚҚ 90/50 мм с.б.б.б. екі қолында. Аускультацияда жүрек ұшында дөрекі систолалық шуыл естіледі.. Бимануалды зерттеу кезінде жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін үлкейген, жұмсақ, ауру сезімсіз.

Диагноз қойыңыз: //

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.//

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Жүректің туа пайда болған ақауы. //

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Ревматизм, Ревмокардит.//

Жүктіліктің 6-7 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы.//

+ Жүктіліктің 6-7 аптасы. Митралдық қақпақшаның жетіспеушілігі.

 

***

 

 

51 жастағы науқас жиі терлеуге, бас ауруына, жүрек тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: гипертониялық ауру. Соңғы етеккірі 2 жыл бұрын келген. АҚҚ 140/80 мм с.б.б.

Гинекологиялық тексеру кезінде патология анықталмады.

Сіздің диагнозыңыз: //

НЦД кардиалдық түрі бойынша//

+ Климактерлік синдром//

НЦД гипертониялық түрі бойынша//

Пременопауза//

Постменопауза

 

***

10 жастағы қыз балада екіншілік жыныс белгілері пайда бола бастады және бір рет жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бөлінді.Қарап тексергенде: сүт безінің үлкейгені, қасаға мен қолтық астында түктенулер анықталды. Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ-де жатыры мен сол жақ жатыр қосалқылары жасына сай, ал оң жақ аналық безде көлемі 5×4 см, гипоэхогенді түзіліс анықталды.

Сіздің диагнозыңыз: //

Орталық генезді мерзімінен бұрын жыныстық жетілу//

+ аналық бездің гормонотүзуші //

адреногениталдық синдром//

оң жақ аналық бездің эндометриоидтық кистасы //

оң жақтық аналық бездің дермоидтық кистасы

***

 

31 жастағы науқас Н.,гинекологиялық бөлімшеге іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, дене температурасы 39ºС дейін көтерілген, қалтырау, құсуға шағымданып келді. Анамнезінде: мерзімімен босану - 2, медициналық жасанды түсік - 3. ЖІС – 6 жыл. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабықтары бозғылт. Пульс 110 рет минутына, АҚҚ 90/60 мм с.б.б. Дене температурасы 39ºС. Тілі құрғақ, іші кепкен, төменгі бөлігінде ауру сезімі байқалады.

Айнамен қараған кезде: жатыр мойны таза, бөлінділер іріңді,ЖІС жіпшелері шығып тұр. Қынаптық тексергенде: жатыр мойнының пішіні цилиндрлік, сыртқы ернеуі жабық, жатыр пішіні қалыпты ға сай, тығыз ауру сезімді.Жатырдың оң жағында шеті анықталмайтын, консистенциясы біркелкі емес, көлемі жобамен 10×15×6 см, ауру сезімді, қозғалысы шектелген түзіліс анықталады. Сол жақ қосалқыларының қалыңдығы 2 к/с, пальпация кезінде кенеттен ауырады. Күмбезі инфильтрацияланған, ауру сезімді.

Ваш диагноз: //

жедел пельвиоперитонит//

жедел параметрит//

жедел метроэндометрит, жайылған перитонит//

ЖІС фонында жедел метроэндометрит, оң жақтық созылмалы аднекситтің өршуі //

+ ЖІС фонында жедел метроэндометрит, оң жақтық тубоовариалдық түзіліс, преперфорация алдындағы бөлінділер

 

***

 

20 жастағы науқас гинекологиялық бөлімшеге етеккірдің 13 күні іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып түсті. АҚҚ 100/60 мм с.б.б. Пульсі минутына 90 рет. Тері жабындылары бозғылт. Іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауру сезімді. Ішперденің тітіркену белгісі жоқ.

Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөлінділер– шырышты –аздаған қан аралас.

PV: жатыр көлемі қалыптыға сай, алдыңғы құрсақ қабырғасындағы қатаюы мен ауру сезіміне байланысты қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең, ауру сезімді.

Сіздің диагнозыңыз: //

жатырдан тыс жүктілік//

+ аналық бездің апоплексиясы//

менструалдық цикл бұзылыстары//

аппендицит//

пельвиоперитонит

 

***

Егіздермен мерзімінде босанудың екінші кезеңі. Бірінші нәрестенің туылуынан кейін қынаптық тексеріс арқылы екінші нәрестенің көлденең орналасуын,басының оң жаққа қарай жатуы анықталынды. Ары қарай босануды жүргізу тактикасы қандай? нәресте қабын тесу, босануды консервативтік жүргізуді жалғастыру//

кесар тілігін жүргізу//

нәресте қабын тесу, нәрестені бөлшектеп шығару операциясын жүргізу//

нәресте қабын тескеннен кейін нәрестені аяғына қарай классикалық бұру//

+Амниотомиядан кейін нәрестені классикалық бұруын жүргізуден кейін аяғынан экстракция жасау//

***

 

Босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте 35 жасар босанған әйел іштің төменгі жағы мен бел аймақтарындағы ауыру сезіміне, қалтырауға, басының ауруына, дене қызуының 39ºС дейін көтерілуіне шағымданады. Босану кезінде плацентаның жартылай тығыз жабысуына байланысты бала жолдасын колмен бөлу және шығару жүргізілді. Анамнезінде- созылмалы пиелонефрит.Ең мүмкін болатың диагнозы қандай?

+ эндометрит//

Лохиометра//

жедел респираторлық ауру//

жатырдың субинволюциясы//

созылмалы пиелонефриттің өршуі

***

 

Босанғаннан кейінгі 4-ші тәулікте 30 жасар босанған әйел іштің төменгі жағындағы ауыру сезіміне, қалтырауға, басының ауруына, дене қызуының 389ºС дейін көтерілуіне шағымданады. Сүт бездері біршама қатайған. Босанудың ІІІ кезеңінде бала жолдасының кемістігіне байланысты жатыр қуысын тексеру мен қалып қалған бөліктерді шығару жүргізілді. Анамнезінде- 2 мед.аборт, созылмалы цистит, созылмалы пиелонефрит. Ең мүмкін болатың диагнозы қандай?

Мастит//

Лохиометра//

жедел респираторлық ауру//

+ эндометрит//

созылмалы пиелонефриттің өршуі

***

Қайта босанатын әйелде екінші кезең басталғаннан соң 30 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. АҚ 120/70 мм с.б.б. Толғақтар күші жақсы, әр 2-3 минут сайын 50 секундтан. Жатыр толғақтардан тыс уақытта баяу босаңсиды, пальпация кезінде төменгі сегменті ауыру сезімді, жамбас өлшемдері 26-27-30-18 см. Нәресте жүрек соғысы тұйық. Зәр қуығының катетеризациясын механикалық тосқауылға байланысты жүргізуге мүмкін емес. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр ернеуінің ашылуы толық, нәресте басы кіші жамбас кіру жазықтығына тірелген, басында үлкен босану ісігі бар. Жебе тәрізді жік алға қарай ығысқан, бір деңгейде орналасқан үлкен және кіші еңбектеріне қол жетеді. Ең мүмкін болатың диагнозы қандай?

қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі //

+клиникалық тар жамбас, жатырдың басталған жыртылуы//

клиникалық тар жамбас, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі//

жалпақ рахитикалық тар жамбастың ІІ дәрежесі, нәрестенің құрсақ ішілік жедел гипоксиясы//

жатырдың жыртылуы

***

 

Екінші кезең басталғаннан соң30 минуттан кейін клиникалық тар жамбас, жатырдың басталған жыртылуы анықталынды. Дәрігер тактикасы?

босануды акушерлік қысқыштар салу арқылы аяқтау//

Нәрестені бөлшектеп шығару операциясын жүргізу//

Шүғыл түрде Пфанненштиль бойынша құрсақты кесу, жатырдың төменгі сегментінде кесар тілігін жасау//

+Шүғыл түрде құрсақты кесу, төменгі орталық лапаротомия, кесар тілігі, жатыр экстирпациясы//

Пфанненштиль бойынша құрсақты кесу, жатырдың төменгі сегментінде кесар тілігін жасау, жатырдың түтіктерімен қынап үстілік ампутациясы

***

 

Перзентханаға босанатын әйел жеткізілді, онда нәресте қолының түсуі және қараусыз асқынған көлденең орналасуы анықталды. Нәрестенің жүрек соғысы естілмейді. Осы жағдайда қандай босандыру әдісі қолайлы?

классикалық акушерлік бұрудан кейін нәрестені аяғынан экстракция жасау//

Шүғыл түрде кесар тілігін жасау//

+ нәрестенің декапитациясын орындау//

босануды консервативтік жүргізуді жалғастыру//

краниотомияны жасау//

***

 

Перзентханаға эклампсияның үш ұстамасынан кейін ес түссіз жүкті әйел жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Жүктіліктің 32 апталық мерзімі. Жағдайы өте ауыр. АҚ 180/120 мм с.б.б. Нәресте жүрек соғысы тұйық, минутына 142 рет. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр мойны сақталған, каналы жабық. Жүкті әйелді жүргізу тактикасы?

+Шүғыл түрде кесар тілігі арқылы босандырып алу//

бірнеше уақыт ішінде қарқынды терапиядан кейін кесар тілігін жасау//

1 тәулік бойы қарқынды терапиядан кейін босандыру әдісі туралы сұрақты шешу//

өкпелердің жасанды вентиляциясы мен интубация арқылы бірнеше сағат бойы операция алдында дайындықтан кейін оперативтік жолмен босандыру//

Кешенді қарқынды терапия мен босану жолдарын дайындау

***

 

Қайта босанатын әйелде босануы 12 сағатқа созылған. Қағанақ сулары кетпеген. Кенеттен іште қатты кернеп ауыру сезімі, тері жабындылырының бозаруы пайда болды. Нәрестенің жүрек соғысы- брадикардия. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр ернеуі толық ашылған, нәресте қабы кернелген, нәресте басы кіші жамбас қуысында. Сіздің тактикаңыз?

Тез кесар тілігі операциясын жасау//

нәрестенің жедел гипоксиясының емін жүргізу//

амниотомия жасау//

+нәресте қабын тесу және акушерлік қысқыштарды салу//

амниотомиядан кейін окситоцинмен босануды ынталандыруды бастау

***

Алғашқы рет босанатын әйелде босанудың бірінші кезеңінде қынаптық тексерістен кейін 30 минуттан соң таза қағанақ сулары кетті. Сіздің тактикаңыз?

+ нәресте жүрек соғысының аускультациясын жүргізу//

үшінші және төртінші тәсілердін көмегімен сыртқы акушерлік зерттеуді жүргізу//

қайта қынаптық тексеруді жүргізу//

нәресте жүрек соғысы жағынан өзгеріс болмаса, қынаптық тексеруді жүргізбеу//

айналармен қарауды жүргізу//

***

 

Босанудың үшінші кезеңі 30 минут жалғасуда. Плацентаның бөліну белгілері жоқ. Қан шығыны-200 мл және қан кету жалғасуда. Сіздің тактикаңыз?

Босанатын әйелді бақылауын жалғастыру//

қан тамыр ішіне окситоцинді енгізуді бастау//

Креде-Лазаревич әдісі көмегімен бала жолдасын шығару//

+бала жолдасын қолмен бөлу және шығаруды жүргізу//

айналармен қарауды жүргізу

***

 

26 жасар алғашқы босанатын әйел перзентханаға үйде болған эклампсия ұстамасынан кейін жедел медициналық жәрдем бригадасымен жеткізілді. Жүктіліктің 36-37 апталық мерзімі. Есі тежелген. Тері жабындылары бозғылт, анасарка, АҚ 150/100 мм с.б.б. Жүргізу тактикасы?

+Шүғыл түрде кесар тілігі операциясы арқылы босандырып алу//

Жүктілікті созу, кешенді терапия жүргізу//

босануды қоздырудан кейін акушерлік қысқыштарды салу//

2-3 сағат кешенді қарқынды терапиядан кейін босандыру тактикасын анықтау//

2-3 сағат қарқынды терапиядан кейін кесар тілігі

***

 

36 жасар қайта жүкті әйел мерзіміне жеткен жүктілігімен қағанақ суларының кетуімен стационарға келіп түсті. Анамнезінде 2 жыл бұрын нәрестенің жедел гипоксиясына байланысты кесар тілігі жасалынған, операциядан кейінгі кезең эндометритпен асқынған. Дәрігерлік тактика?

босануды табиғи жол арқылы кардиомониторлық бақылаумен жүргізуді бастау//

Нәрестенің құрсақ ішілік гипоксиясының алдын алуын жүргізу//

жатыр-плацентарлық қан айналымының тексеруін жүргізу//

+Шүғыл түрде кесар тілігі операциясын жасау//

даму ақауларын жоққа шығарғаннан кейін кесар тілігі операциясын жоспарлы түрде жүргізу

***

 

26 жасар қайта босанатын әйелде нәрестенің аралас қуйрықпен жатуы анықталды. Босанудың екінші кезеңінде кіндік бауының ілмегінің түсіп кетуі, нәресте жүрек соғысының минутына 100 ретке дейін сиреуі және жүрек тондарының тұйықталуы байқалды. Қынаптық тексеру кезінде нәрестенің қүйрығы мен аяқ бастары кіші жамбас қуысында екендігі және қынапта түсіп кеткен кіндік бауының ілмегі анықталынды. Сіздің тактикаңыз?

Кіндік бауының ілмегін қайта кіргізіп, босануды консервативтік жүргізуді жалғастыру//

нәресте асфиксиясының емін жүргізу//

Цовьянов көмегі бойынша босануды консервативтік жүргізуді жалғастыру//

Жамбас жағы арқылы нәрестенің экстракциясын жүргізу//

+Шүғыл түрде кесар тілігі операциясын жасау//

***

 

21 жасар босанатын әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Нәресте басы кіші жамбас қуысының тар бөлігінде тұр. Күшену кезінде эклампсия ұстамасы болды. Ары қарай тактика қандай?

Кешенді қарқынды терапияны жүргізу және консервативтік емді жалғастыру//

+акушерлік қысқыштарды салу//

Шүғыл түрде кесар тілігін жасау арқылы босануды аяқтау//

ганглиоблокаторларды енгізу фонында аралықты кесу арқылы босануды консервативтік жүргізумен жалғастыру//

нәрестенің вакуум-экстракциясын жүргізу

***

31 жасар ауру стационарға жыныс жолдарынан жағынды тәрізді қанды бөлінділер мен іштің төменгі жағында тартып ауыру сезімдеріне шағымданып келіп түсті. Етеккірі 2 айға кешігуде. Анамнезінде – үш өздігінен түсік. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр мойны сақталған, цианозды, сыртқы ернеуі саусақ ұшын өткізеді, жатыр консистенциясы қамыр тәрізді, жүктіліктің 8-9 аптасына дейін ұлғайған, қосалқылары патологиясыз, күмбездері терең. Арықарай тактиканыз?

+жүктілікті сақтап қалуға бағытталған гормональдық және спазмолитикалық терапияларды бастау//

ұрық жұмыртқасының қалдықтарын инструментальдық жолмен алып тастау//

Шүғыл түрде құрсақты кесу, жатыр түтігін алып тастау//

антибактериальдық және утеротоникалық терапияларды тағайындау//

гормональдық гемостаз жүргізу

***

38 жасар әйелде кольпоскопиядан кейін жатыр мойны шырышты қабығының биопсиясының нәтижесі патологиялық өзгеріссіз болып шықты (биопсияның нәтижесі теріс); ал цервикальдық каналдың қырындысында атипиялық торшалар анықталынды (оң нәтиже). Қандай іс әрекет қажет?

Пап-жағындыны үш айдан кейін қайталау керек//

кольпоскопиялық тексеруді үш айдан кейін қайталау керек//

+жатыр мойнының конизациясын жүргізу керек//

вагинальдық гистерэктомия жүргізу керек//

ары қарай бақылауды қажет етпейді

***

30 жасар ауру стационарға іштің төменгі жағында қатты ауыру сезіміне, құсуға, зәр шығаруының жиілеуіне шағымдануына байланысты жеткізілді. Қараған кезде: іші сәл кепкен, Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Пульсі минутына 90 рет, дене қызуы 37,0ºС. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр ұлғаймаған, тығыз, қозғалмалы, пальпация кезінде ауыру сезімді. Жатырдың оң жағы мен алдынан өлшемі 5х6 см, консистенциясы тығыз эластикалық, ығыстыру кезінде ауыру сезімді құрылым пальпацияланады, сол жақтан қосалқылары анықталынбайды, күмбездері бос, бөлінділері шырышты. Болжамалы диагнозы?

ішектің түйнелуі//

жатырдан тыс жүктілік//

аналық безінің апоплексиясы//

+аналық безі ісігі аяқшасының бұралуы//

оң жақтан тубоовариальдық құрылыммен қоса жатыр қосалқыларының жедел қабынуы

***

28 жасар ауру стационарға іштің төменгі жағында қатты ауыру сезіміне, құсуға, зәр шығаруының жиілеуіне шағымдануына байланысты жеткізілді. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр ұлғаймаған, тығыз, қозғалмалы, пальпация кезінде ауыру сезімді. Жатырдың оң жағы мен алдынан мөлшері 5х6 см, консистенциясы тығыз эластикалық, ығыстыру кезінде ауыру сезімді құрылым пальпацияланады, сол жақтан қосалқылары анықталынбайды, күмбездері бос, бөлінділері шырышты.

Болжамалы диагноз қойылды - аналық безі ісігі аяқшасының бұралуы.

Ауруды емдеуде ең рациональдық тактика қандай?

іштің төменгі жағына салқын қою, антибактериальдық, инфузиондық және спазмолитикалық терапия//

+шұғыл құрсақты кесу, жатырдың оң жақ қосалқыларын алып тастау//

шұғыл құрсақты кесу, оң жақ аналық безінің резекциясы//

консервативтік терапиядан нәтиже болмаған жағдайда жоспарлы түрде құрсақты кесу//

трансвагинальдық эхография бақылауымен патологиялық құрылымның пункциясынан кейін аспиратты цитологиялық тексеру


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.036 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>