Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

!Науқас П, 29 жаста, қабылдау бөліміне кеуде торының оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен 2 күн бұрын 3 страница



* Плевра қуысының пункциясы;

* Компьютерлі томография;

* Плевра қуысының УДЗ;

 

!Науқас М., 33 жаста жедел түрде кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, қақықырықты жөтелген, температураға, әлсіздікке шағымданып түсті. Ананмнезінде 10 күн бұрын жоғарыдан құлап кеуде торымен соғылған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

* Плевра эмпиемасы;

* Іріңді плеврит;

* Ұйыған гемоторакс;

*+ Жарақаттан кейінгі пневмония;

* Жабық клапанды пневмоторакс;

 

!Науқас П., 22 жаста стационарға кеуде торының сол жағындағы ауру сезіміне, ентігуге, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Сорт жаттығулары кезінде осы шағымдар мазалай бастаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ортопное. Кеуде торының сол жағын перкуссиялағанда қорап тәрізді дыбыс естіледі, аускультация кезінде сол жақтан тыныс алу жоқ. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

* Гемопневмоторакс;

* Жедел пневмония;

* Кеуде тоырың соғылуы;

* Жарақаттан кейінгі миозит;

*+Спонтанды пневмоторакс;

 

!Науқас П., 22 жаста стационарға кеуде торының сол жағындағы ауру сезіміне, ентігуге, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Сорт жаттығулары кезінде осы шағымдар мазалай бастаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, ортопное. Кеуде торының сол жағын перкуссиялағанда қорап тәрізді дыбыс естіледі, аускультация кезінде сол жақтан тыныс алу жоқ. Рентгенографияда плевра қуысында ауа, өкпенің тоатльді коллапсы. Осы жағдайда қандай емдеу әдісі анағұрлым орынды?

* Бақылау;

* Торакотомия сол жақтан;

* Плевральді пункция ауа аспирациясымен бірге

* Торакоскопия плевра қуысын дренаждаумен бірге;

*+ Плевра қуысын дренаждау белсенді аспирациямен бірге;

 

!Диафрагманың оң жақтан кеуде мен қабырғалық бөліктерінің арасындағы кеңістік қалай аталады?

* Ларрей саңылау

*+ Морганье үшбұрышы

* Бохдалек үшбұрышы

* Гессельбах үшбұрышы

* Диафрагмальді үшбұрыш;

!Қандай мерзімде жиірек көкбауырдың капсула асты гематомасы жарылып ішіндегі төгіліп, құрсақ қуысына қан кетеді?



* Жарақаттан кейін 1-тәулік

*+Жарақаттан кейін 3-7-тәулік

* Жарақаттан кейін 7-10-тәулік

* Жарақаттан кейін 10-20-тәулік

* Жарақаттан кейін 1 ай өткенде

 

!Науқас А., 36 Жаста жол көлік апаты орнынан жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Науқастың айтуы бойынша жол көлік апаты кезінде кеуде торының тұйық жарақатын алған. Кеуде торындағы ауру сезімге, ентігуге, тыныс алудың қиындауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Объективті: тері жамылғылары боз, АҚ 80 ⁄ 60 мм. С.б.б., суық жабысқақ тер. Шолу рентгенограммасында- 6-7 қабырғалардың сынуы, плевра қуысында сұйықтық, бос ауа. Жергілікті: гематома, крепитация, кеуде торы аймағында ауру сезімді. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

* Гидроторакс;

* Пневмоторакс;

* Өкпе абсцессі;

* Кеуде торының соғылуы;

*+ Гемопневмоторакс;

 

!Науқас А., 36 Жаста жол көлік апаты орнынан жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Науқастың айтуы бойынша жол көлік апаты кезінде кеуде торының тұйық жарақатын алған. Кеуде торындағы ауру сезімге, ентігуге, тыныс алудың қиындауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Объективті: тері жамылғылары боз, АҚ 80 ⁄ 60 мм. С.б.б., суық жабысқақ тер. Шолу рентгенограммасында- 6-7 қабырғалардың сынуы, плевра қуысында сұйықтық, бос ауа. Жергілікті: гематома, крепитация, кеуде торы аймағында ауру сезімді. Қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

* Жедел лапаротомия;

* Жедел торакотомия;

*+ Плевра қуысының пункциясы;

* Плевра қуысының дренаждау;

* Қабырғалардың суны орнына блокада жеткілікті;

 

!Жабық кернелген пневмотораксы бар науқасқа біріншілік медициналық көмек қалай көрсетіліу тиіс?

* ЖВЛ ауыстыру;

* Трахеостомия жасау;

* Оттегіні «ауыздан ауызға» жұтқызуВдыхание кислорода «рот в рот»;

* Жедел торокотомия жасау;

*+ Плевра қуысына дренаж қою

 

!Ашық пневмотораксы бар науқасқа біріншілік медициналық көмек қалай көрсетіліу тиіс?

* Жараны біріншілік хирургиялық өндеу;

* Кеуде торының жараларын тігу;

*+ Герметикалық таңғыш салу;

* Жүректің жабық жарақаты;

* Жасанды тыныс;

 

!Науқас 28 жаста төс артындағы ауру сезіміне шағымданып түсті: бұғана ортаңғы сызық бойынша сол қабырға астында жаншылған жара бар. Кеуде торының рентгенограммасында – жүрек көлеңкесінің үлкеюі және сол синуста аз мөлшерде сұйықтық.. Лапароскопия кезінде зақым анықталған жоқ. Жүрек жарақатына күмән туды. Осы жағдайда хирургтың әрі қарайғы тактикасы қандай?

*ЭКГ қадағалаумен бақылау;

* Перикард пункциясы;

* Жараны ревизиялау;

* Жедел торакоскопия;

*+Жедел торакотомия;

 

! 48 жастағы науқас дәрігерге бір айдан бері тек құрғақ жетел мазалайтынын айтып келді. Науқаста қандай ауруды күмәндануға болады?

*+ Өкпе қатерлі ісігі;

*Өкпе туберкулезі;

* Созылмалы трахеит;

* Созылмалы бронхит;

* Созылмалы пневмония;

 

!48 жастағы науқас дәрігерге бір айдан бері тек құрғақ жөтел мазалайтынын айтып келді. Осы жағдайда бірінші rезекте қандай зерттеу әдісін жасауға болады?

* Торокоскопия;

* Кеуде қуысының КТ;

* Кеуде қуысының УДЗ;

*+ Кеуде қуысының рентгенографиясы;

* Биопсиялы бронхоскопия;

 

!19 жастағы науқас оң жақ кеуде қуысының ауыратынына, ентігуге шағымданып келді. Анамнезінде бір апта бұрын жарақат алған. Дәрігер перкуссия кезінде кеуде аралығының сау жағына ығысқанын байқайды. Осы жағдайдың себебі не?

*+ Гемопневмоторакс;

* Кеуде қуысының зақымы;

* Туа біткен жүрек ақауы;

* Бронхоэктазды ауру;

* Жарақаттан кейінгі пневмония;

 

! 69 жастағы науқас дәрігерге оң жақ кеуде қуысының ауыратынына, ентігуге шағымданып келді. Дәрігер қарап болған соң кеуде қуысына рентгенография жасауды тағайындады. Рентгенограммада оң жақ өкпесінде ортанғы бөліктік синдром байқалады. Төменде келтірілген әдістердің қайсысы диагноз қоюға септігін тигізеді?

* Торокоскопия;

* Кеуде қуысының КТ;

* Кеуде қуысының УДЗ;

*+ Биопсиялы бронхоскопия;

*Кеуде қуысының томография;

 

! 74 жастағы науқас дәрігерге екі жақ кеудесіндегі аздап, кейде ауыратынына, ентігуге шағымданып келді. Дәрігер қарап болған соң кеуде қуысына рентгенография жасауды тағайындады. Рентгенограммада өкпесінің екі жағында тотальді жарықшақтану байқалады. Өкпенің қандай патологиясында осындай рентгенологиялық суретті байқауға болады?

* Екі жақты пневмотораксте;

* Өкпе туберкулезінде;

*+ Өкпе эмфиземасында;

* Бронхоэктаз ауруында;

* Созылмалы пневмонияда;

 

!17 жастағы жас жігіт военкоматқа жолдамамен дәрігерге тексерілуге келді. Анамнезінде бір жыл бұрын хирургиялық бөлімшеде пневмоторакс бойынша емделіп. Дәрігер қарап болған соң кеуде қуысына рентгенография жасауды тағайындады. Рентгенограммада өкпесінің оң жақ жоғарғы бөлігінде шектелген жарықшақтану көрінеді. Өкпенің қандай патологиясында осындай рентгенологиялық сурет көруге болады?

* Өкпе абсцесінде;

* Өкпе туберкулезінде;

* Өкпе эмфиземасында;

* Созылмалы пневмонияда;

*+ Бронхоэктаз ауруында;

 

!36 жастағы науқас дәрігерге сол жақ кеуде қуысындағы ауру сезімге, жөтелге, ентігуге шағымданып келді. Дәрігер қарап болған соң кеуде қуысына рентгенография жасауды тағайындады. Рентгенограммада сол жағында өкпенің төменгі бөлігінде ателектаз суреті көрінеді. Өкпе ателектазының себебі не?

* Өкпе абсцесі;

* Пневмосклероз;

* Өкпе эмфиземасы;

*+ Бронх обтурациясы;

* Өкпеде кистаның болуы;

 

!Кеуденің рентгенологиялық зерттеуі бойынша, плевра қуысындағы минимальді сұйықтық көлемі қанша екенін қалай диагностикалауға болады?

* 30-50 мл;

* 50-100 мл;

*+ 150-200 мл;

* 200-300 мл;

* 300-400 мл;

 

!Кеуде қуысының рентгенограммасы мен жауырын бұрышындағы сұйықтық көлемі анықталады. Куприянов гидротороксінің биіктігі қандай?

* Кіші;

*+ Орташа;

* Үлкен;

* Тотальді;

* Минимальді;

 

!Науқаста төменгі бөлік лобэктомия және жоғарғы бөлік тілше сегментінің резекциясынан соң екінші күні жоғарғы бөлігінің қалған жағында ателектаз басталды. Осы жағдайда осы науқасқа қандай емдеу әдісін қолдану керек?

* Торокоскопию;

* Ингаляциялық оттегі;

* Ингаляциялы бронхолитиктер;

*+ Санационды бронхоскопия;

* Желдену көлемін жоғарылату;

 

!Клапанды пневмотораксте келесілер шұғыл көмек ретінде қарастырылған:

* Шүғыл трахеостомия;

* Вагосимпатикалық бөгеме;

* Қабырға аралық нервтерге бөгеме;

*+ Плевра қуысын дренаждау;

* Кеуде қуысына шұғыл түрде карсет салу;

 

!Өңеш рагінің ең жиі гистологиялық түрі болып табылады:

* Дифференцияланбаған;

* Коллоидты;

*+ Аденокарцинома;

* Жалпақ жасушалы;

* Базальді жасушалы;

 

!Өңеш рагінде ең негізгі диагностикалық әдіс:

* Кеуде аралық томография мен эзофагоскопия;

*+ Рентгенография мен биопсиялы эзофагоскопия;

*Пневмомедиастинография мен УДЗ;

* Радионуклеидті зерттеу;

* Кеуде аралық УДЗ мен рентгеноскопия;

 

!Өкпе абсцесі бар науқаста пиопневмоторакс клиникалық көрінісі пайда болдыа. Сіздің әрі қарайғы тәсіліңіз?

* Массивті антибиотикотерапия;

* Емдік бронхоскопия;

*+ Плевра қуысын дренаждау;

* Торакотомия және плевра қуысын санациялау;

* Абсцеске алып баратын бөлік резекциясы

 

!Бронхқа ашылмаған өкпенің жедел абсцесіндегі емдік әдіс қандай?

* Плевра қуысын дренаждау;

* Абцес қуысын дренаждау;

* Плевра қуысының пункциясы;

* Өкпе бөлігінің резекциясы;

*+ Консервативті ем;

 

 

!Төменде келтірілген зақымданулар мен аурулардың қайсысы операция алды кезеңнің максимальді қысқартылуын талап етеді?

* Сирақтың ашық сынығы мен шоктың II сатысы;

*+ Ашық пневмоторакс, шоктың II сатысы;

* Тізе арты артериясының эмболиясы;

* Асқазанның антральді бөлігінің рагі;

* Иықтың көлемді флегмонасы;

 

! Операциядан кейінгі 3-ші тәулікте науқаста жағдайы нашарлап, әлсіреп, хирургиялық асқынусыз тежелу болды. Науқастың жағдайын қандай лабораторлы көрсеткіш бойынша түсінуге болады?

* Қандағы белок концентрациясы - 74 г/л;

* Қандағы глюкоза концентрациясы - 5 ммоль/л;

* Мочевина концентрациясы - 5 ммоль/л;

*+ Калий концентрациясы - 2,2 ммоль/л;

* Натрий концентрациясы - 120 ммоль/л;

 

!Науқас С. 34 жаста, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 3 апта болған. Осы жағдайын суық тиюмен байланыстырады. Жағдайының нашарлауы 1 апта бойы. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 100/70, пульс 90 соғу 1 мин. ТЖ 24 рет 1 мин. Тынысы қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-19,0х109, эритроциттер-3,0х1012,гемоглобин-90г/л, СОЭ-39. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

* Жедел трахеобронхит

* Бронхоэктазды ауру

*+ Абсцесстеуші пневмония

* Сол өкпенің туберкулезі

*Жедел вирусты инфекция

 

!Науқас С. 64 жаста, қақырықпен жөтелге, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір ай бұрын пневмония бойынша емделген. Жағдайы соңғы 4 күнде нашарлаған. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 90/60, пульс 100 соғу 1 мин. ТЖ 26 рет 1 мин. Тынысы оң жақтан қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-29,0х109, эритроциттер-3,0х1012, гемоглобин-90 г/л, СОЭ-49. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым орынды?

* Санациялық бронхоскопия

* Ультрадыбыстық зерттеу

* Диагностикалық торакоскопия

*+ Кеуде торының рентгенографиясы

*Плевра қуысының пункциясы

 

!Науқас С. 64 жаста, қақырықпен жөтелге, 390С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бір ай бұрын пневмония бойынша емделген. Жағдайы соңғы 4 күнде нашарлаған. Қарап тексергенде: бет цианозы, АҚ 90/60, пульс 100 соғу 1 мин. ТЖ 26 рет 1 мин. Тынысы оң жақтан қатты әлсіреген. Қан анализінде: лейкоциттер-29,0х109, эритроциттер-3,0х1012, гемоглобин-90 г/л, СОЭ-49. Қосымша зерттеу жүргізгенде оң жақтан ауа және 5 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейінің бар екені анықталды. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

*+ Пиопневмоторакс оң жақтан

* Іріңді плеврит оң жақтан

* Оң өкпе абсцессі

* Оң өкпе гангренасы

* Спонтанды пневмоторакс

 

!Науқас С. 64 жаста, кеуде торының шолу рентгенографиясында оң жақтан өкпе тінінің инфильтрациясы, 6 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейінің бар екені анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактиканың анағұрлым бірінші кезекте жасалғаны орынды?

* Постуральді дренаж

* Санациялық бронхоскопия

* Шұғыл торакоскопия

* Антибактериальді терапия

*+ Плевра қуысының пункциясы

 

!Науқас М. 41 жаста, түсер алдында мас күйінде 6 сағат бойы ашық тереземен ұйықтап қалған. 3 күннен кейін жоғары температура, кеуде торындағы ауру сезімі, жөтел пайда болды. 2 аптадан кейін жөтел кезінде науқаста іріңді, жағымсыз иісті қақырық бөлінген. Науқаста анағұрлым ықтимал болжам диагноз қандай?

* Сол өкпе рагі ыдыраумен

*+ Сол өкпе абсцессі

* Жедел трахеобронхит

* Экссудативті плеврит

* Сол жақты пневмония

 

!Төмендегілердің қайсысы жедел плевра эмпиемасының анағұрлым жиі себебі болып табылады?

*+ Кеуденің ашық және жабық жарақаты

* Жедел нозокомиальді пневмония

* Жиі плевра қуысының пункциялары

* Бронхоэктазды ауру

* Экссудативті плеврит

 

!Плевральді тыртықты арқандар (шварталар) бар қалталы плевра эмпиемасын анықтау үшін төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы анағұрлым орынды?

* Торакоскопия

* Бронхоскопия

* Рентгенография

* Компьютерлі томография

*+ Ультрадыбыстық зерттеу

 

!Науқас У. 67 жаста, операциядан кейін 2 тәулікте оң өкпенің тотальді ателектазы анықталды. Осы жағдайда қандай емдеу әдісі анағұрлым нәтижелі?

* Антибиотикотерапия

*+ Бронхоскопия санациямен бірге

* Плевра қуысының пункциясы

* Торакоскопия дренаждаумен бірге

* Плевра қуысын дренаждау

 

! Созылмалы плевра эмпиемасы кезінде қандай емдеу әдісі анағұрлым нәтижелі?

*+ Торакопластика

* Ферменттерді енгізу

* Торакоцентез дренаждаумен бірге

* Плевра қуысының пункциясы

* Дренаждау белсенді аспирациямен бірге

 

!Науқас М. 45 жаста, қабылдау бөліміне ауырғаннан 2 аптадан кейін кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, 390С дейінгі жоғары температураға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: бет цианозы, тыныс алғанға қосымша бұлшықеттер қатысады, ТЖ 24 рет 1 мин. АҚ 120/70, пульс 110 соғу 1 мин. Кеуде торының 2 проекциядағы рентгенографиясында оң жақтан плевра қуысында сұйықтық деңгейі және ауа анықталады. Он жақты пиопневмоторакс анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

* Қосарланған антибиотикотерапия

* 2-қабырғааралықта дренаж орнату

* Жедел оң жақты торакотомия жасау

* Плевра қуысының күнделікті пункциясын жасау

*+ 2- және 7-қабырғааралықта дренаж орнату, лаваж жасау

 

!Ер адам 30 жаста, жедел ауырған. Ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: қабырғааралықтары кеңейген, аускультация кезінде оң жақтан тыныс естілмейді. Рентгенологиялық зерттеу тағайындалған. Науқаста төменде айтылған рентгенологиялық белгілердің қайсысы болады?

* Ортаңғы бөліктің шектелген қараюы

* Контуры тегіс анық домалақ көлеңке

*+ Өкпе суретінің тотальді ағаруы

* Өкпе суретінің тотальді қараюы

* Тұтас өқпе алаңында диффуздф ошақтар

 

! Ер адам 30 жаста. Ауруын сол өкпе жарақатымен байланыстырады. Ентігуге, жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде: кеуденің сол бөлігі тыныс алу актісінен қалып отыр, сол оқпеде тыныс естілмейді. Рентгенологиялық зерттеу өткізілген. Науқаста төменде айтылған рентгенологиялық белгілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

* Диффузды ошақты көлеңкелер

* Өкпе алаңының субтотальді қараюы

* Сол өкпе ұшы аймағының ошақты көлеңкесі

* Өкпе алаңының тотальді қараюы кеуде аралықтың ығысуымен

*+ Өкпенің төменгі бөлімінде субтотальді ағару мен қараю

 

! Емханадағы хирургке 48-жастағы науқас ентігу, көп қақырықты жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде: 3-апта бұрын крупозды пневмония бойынша емхана жағдайында ем қабылдаған. Жағдайының нашарлағанына 3-тәулік болған, жөтел кезінде көлемді, іріңді, иісті, қан жағындысы бар қақырық болған, содан соң жағдайы кішкене жақсарған. Науқасқа бірінші кезектегі қандай зерттеу әдісі көрсетіледі?

*+ Кеуде қуысының 2- проекциядағы рентгенографиясы;

* Қақырықты бактериологиялық зерттеу;

* Диагностикалық торокоскопия;

* Кеуде қуысының УДЗ-і;

* Кеуде қуысының КТ-ы;

 

! Емханадағы хирургке 48-жастағы науқас ентігу, көп қақырықты жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде: 3-апта бұрын крупозды пневмония бойынша емхана жағдайында ем қабылдаған. Жағдайының нашарлағанына 3-тәулік болған, жөтел кезінде көлемді, іріңді, иісті, қан жағындысы бар қақырық болған, содан соң жағдайы кішкене жақсарған. Ренгенографияда оң өкпенің төменгі бөлігінде кең көлемді сұйықтықты түзіліс байқалады. Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз қандай?

* Тыныс алу гимнастикасы мен физио ем тағайындау;

* Көк тамырға антибиотик енгізу;

*+ Хирургия бөлімшесіне жатқызу;

* Плевра қуысына пункцию жасау;

* Терапия бөлімшесіне жатқызу;

 

! Емханадағы хирургке 48-жастағы науқас ентігу, көп қақырықты жөтел, дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде: 3-апта бұрын крупозды пневмония бойынша емхана жағдайында ем қабылдаған. Стационарға жолдама беріліп, науқас жатудан бас тартқан. 1-ші тәулікте науқастың жағдайы нашарлап, оң жақ кеуде қуысында ауру сезімі, ентігу мен ауа жетіспеушілігін байқайды. Қарау барысында: айқын цианоз, қарапайым ентігу, терісі құрғақ, өзіне ыңғайлы жағдай жасайды. Оң жақ өкпесінде тынысы естілмейді, жүрек тондары естілмейді. Науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы;

*+ Пиопневмоторакс;

* Плевра эмпиемасы;

* Өкпе ателектазы;

* Өкпе ісінуі;

 

!Асқазанның обырына ота жасалған науқаста өкпенің шолу ретнгенограммасының екі проэкциясында да екі жағында да бір текті майда ошақтар анықталды (3-4мм). Сызықтық томографияда: Окпе түбірінің тамырлыры кеңейген, тубірінің лимфа туйіндері ұлғайған, бронхтар өткізгіштігі бұзылмаған. Фибробронхоскопия: Бронх откізгіштігі сақталған, лимфа түйіндерінің улғаю белгілері бар. Биопсияда: Созылмалы бронхит. Белгілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

* Лимфа түйіндердің саркандозы
* + Өкпенің канцероматозы. Метастатикалық өкпелік лимфангит
* Деформацияланған бронхит
* Лимфогрануломатоз
* Туберкулез

! 38 жастағы науқастың өкпенің екі жақты шолу рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің екінші сегментінің ателектазы анықталды. Сызықтық томографияда: Екінші сегменттік бронхтың «ампутациясы». Фибробронхоскопия: канық қызыл түсті беті тегіс патологиялық дөңгелек пішінді түзіліс екінші сегментарлы бронхтың саңылауын жауып тур. Түзілістен қан кетуі жоғары болғандықтан биопсия жүргізілмеді. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
* Өкпенің орталық обыры
* Бронхтағы бөгде зат
* Бронхолитиаз

* Деформацияланған бронхит;
*+ Бронхтың аденомасы

! 45 жасағы науқастың өкпесінің екі жақты шолу рентгенограммасында оң жақта өкпенің тотальды караюы мен көкірекаралықтың қарама-қарсы жағына қарай ығысуы. Науқасқа қандай зерттеу әдістерін жүргіземіз?
*Бронхография

* Томография
* Бронхоскопия
* Ультрадыбысты зерттеу
*+ Компьютерлі томография


! 50 жастағы науқастың өкпенің екі жақты шолу рентгенограммасында оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің массивті инфильтрациясымен көлемінің кішіреюі (гиповентиляциясы), көптеген абсцестелген аймақтар бар. Томографияда: жақ өкпенің түбірі инфильтрацияланған,құрылымы анық емес, бронхтың өткізгіштігі сақталған. Фибробронхоскопия: Іріңді эндобронхиттің белгілері бар. Биопсия: іріңді эндобронхит. Бұл жағдайдағы науқастағы диагноз?

*Өкпенің орталық обыры
* Инфильтративті туберкулез
*+ Жедел деструктивті пневмония
* Бронхоэктатикалық ауру

* Өкпе абцессі

! 52 жастағы науқас емханаға кеудесінің ауырсынуына, қиын құрғақ жөтелге, ентігуге шағымданды. Қақырықтың шығуы қиын, тұнық емес, кейде қан аралас. 2 айдан бері ауырады.Сол уақыт аралығында күші кетіп,әлсіреген, дене температурасы алғашқы аптада жоғарылаған, қазырғы уақытты қалыпты. Объективті зерттеу барысында өкпеде везикулярлы тыныс, оң жақта қатаңдау тыныс. Рентгенографиялық зерттеу барысында қарқынды түрде үшбұрышты қараю оң жақ өкпенің төменгі бөлігіне сәйкес келеді. Науқасқа қандай зерттеу әдістері қолданылады?


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 88 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2025 год. (0.04 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>