Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 8 страница



Жел электрстансыларын жел жиі тұратын жерлерде, орталықтандырылған электрмен жабдықтау тораптарынан қашық орналасқан ауылдық мекендерде, далалық, шөлейтті, т.б. жерлерде қолданған тиімді. Жел энергетикасы қондырғысының қуаты 100 Квт-тан бірнеше МВт-қа дейін жетеді. Ең қуатты (3 МВт) жел энергетикасы қондырғысы Германияда салынған (1983 жылы.). Қазіргі кезде бірлік қуаты 15 МВт-қа дейінгі жел энергетикасы қондырғысын салу жобалануда.

Бүгінде еліміздің электр энергетикасы саласында жел энергиясының үлесі 0,5%, ал 2015 жылдың ағына дейін оның көлемі еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы аясында 1%-ға дейін жететін болады, яғни елдегі жел электрстансыларынан өндірілетін энергия көлемі 1 млрд Квт/сағ-қа дейін артады.

Елімізде жел энергиясын өндірудің келешегі зор. Жел энергиясы – қалпына келетін экологиялық таза, арзан әрі тиімді энергия көзі. Оны пайдалану табиғатқа зиян келтірмейді. 2011 жылы Жамбыл облысында екі бірдей ірі жоба – Жаңатас (400 МВт) және Шоқпар (200 МВт) энергетика кешенін іске асыру қолға алынды. Олардың құрылысына жұмсалған инвестиция қоры 1 млрд долларға жуық. 2014 жылы мемлекеттің қолдауымен Шелек дәлізінде қуаттылығы 51 МВт, Жоңғар қақпасында, Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданында (24 МВт) және өзге де өңірлерде жел энергетикасы құрылысын жүргізу басталды.

Жамбыл облысының Қордай кентінде қуаты 1,5 МВт және Солтүстік Қазақстанда Новоникольск ауылында қуаты 1,5 МВт жел электрстансыларының құрылысы басталып, Отар ауылында өнеркәсіптік көлемдегі жел электрстансысы іске қосылды.

Жалпы дүниежүзінде жел электрстансылары өндіретін қуат көзі электр энергиясының 1,5%-ын құрайды. Оның өсу қарқынының орташа көрсеткіші 30%-дай және де ол жыл сайын ұлғайып келеді. Елімізде жел әлеуетін пайдалану мүмкіндігі әсіресе оңтүстік облыстарда анықталған. Осыған орай, бірқатар шетелдік және отандық компаниялар жел энергетикасын дамыту бойынша жобаларға қатысуға ниет білдірген. Жел энергиясын пайдаланудың болашағы зор және ең бастысы – ол бізге керек шара. Өйткені Қазақстанда бұған қажетті мүмкіндіктер мол. Алайда осы энергия көзін пайдалану оған жұмсалатын қаржы мен алынатын өнімге байланысты болып отыр. Қазіргі таңда еліміздегі жел энергиясына қатысты жобалардың техникалық-экономикалық негіздерін жасау жұмыстары аяқталуға таяу. «GE Energy» компаниясы «Invenergy LLC» компаниясымен жел турбиналарын өндіруге арналған ең ірі (1 млрд долларға) келісім жасады. «GE Energy» компанияның өнеркәсіптің әртүрлі саласына арналған жабдықтары Қазақстанға сонау кеңестік кезеңде-ақ жеткізе бастаған болатын. Қазіргі таңда бұл компанияның Қазақстандағы кеңсесі Астана қаласында орналасқан. «Invenergy LLC» - дүниежүзі бойынша жел энергетикасы жобаларын жасап, оны жүзеге асырумен айналысатын америкалық ірі компания. Компания жобасын «GE Energy» жел турбиналарын жасауға қолдануда.



Биологиялық отын. Биологиялық отынды қолдану. Ауыл шаруашылығы өндірісі қалдықтарын қайта өңдеу есебінен жыл сайын 35 млрд кВТ·сағ электр энергиясын және 44 млн гигакалориялы жылу энергиясын алуға болады екен. Биогаз экологиялық, энергетикалық, агрохимиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Биогазды үй жылытуға, жарықтандыруға, тамақ пісіруге, көлік пен электр генераторларына қолдануға болады.

Су әлеуеті. Қазақстанның су әлеуеті жылына 170 млрд кВт/сағ-қа жетеді. Солай бола тұрса да бай қуат көзі саналатын су электрстансыларының үлесі 12,3%-ды құрайды. Соңғы жылдары елімізде қуаты 300 МВт-қа тең Мойнақ, қуаты 49,5 МВт-ты құрайтын Кербұлақ, қуаты 68,2 МВт-ты құрайтын Бұлақ, Қарағанды облысында Ынтымақ суқоймасында қуаты 3,7 МВт энергия беретін су электрстансылары іске қосылды. Елімізде 2030 жылға дейін арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша жалпы қуаты 5700 МВт-ты құрайтын 564 СЭС салынбақ және 14 СЭС қалпына келтіріліп, жаңғыртылады.

Еліміз соңғы жылдары баламалы энергетиканы дамытуға барынша күш салуда. 2020 жылға қарай жаңартылған энергия көздерін 1040 МВТ-қа арттыруды жоспарлауда. Оның ішінде 13 жел электрстансасын (793 МВТ), 14 СЭС-ті (170 МВт), сондай-ақ 4 күн электрстансысын (77 МВт) іске қосу жоспарда тұр [45].

 

Сурет 4 - Еліміздегі қазіргі уақытта салынып біткен және жоспардағы Жел электр стансылары мен Күн электр стансылары [45].

 

3.3 Атомдық энергетиканы дамыту

 

Атом энергиясының табиғи ресурстары. Атом энергиясын игеру – адамзаттың ХХ ғасырда қолы жеткен ірі табыстарының бірі болып табылады. Қазір дүние жүзінің көптеген елдерінде атом электр станциялары жұмыс істеуде, ал олардың қуатын арттыру жылдан-жылға ұлғая түсуде. Жаңадан атом электр станцияларын салу, олардың орналасу географиясын кеңейту шаралары көзделуде. Міне осындай өндіріс салалары мен тұрмысымызға кеңінен ене бастаған атом энергиясын қандай шикізат түрімен қамтамасыз етуге болады, ондай шикізаттардың планетамыздағы қоры қанша және атом электр стансалары адам өміріне қаншалықты қауіпсіз деген сұрақтар туады.

Атом энергиясын дамытуға қажетті шикізат түрі негізінен табиғи уран элементі болып саналады. Уран элементі XVIII ғасырдың аяғына қарай ашылғанымен көпке дейін өндірісте қолданылған жоқ.

ХХ ғасырдың басында француз ғалымы А. Беккерель элементтердің радиоактивті қасиеттерін ашып, олардың бойында орасан зор энергия көзі бар екенін анықтады. Мысалы, 1 грамм радий элементі 20 мың жыл бойы үздіксіз ыдырау процесінде орасан мол энергия бөлетінін және оның қуаты 500 килограмм жанған тас көмірдің қуатымен бірдей екенін дәлелдеді. Радиоактивті элементтердің осындай қасиеттерін білгеннен кейін ғалымдар енді одан мол энергия алу жолын іздестіре бастады.

Атом энергетикасының негізгі шикізаттары уран, торий сияқты радиоактивті элементтер планетамызда едәуір мөлшерде кездеседі, алайда олар жер бетінде бірдей мөлшерде шоғырланбаған. Ғалымдардың болжауларына қарағанда, радиоактивті элементтердің жалпы мөлшері жер қыртысын құрайтын жыныстар құрамында көбірек те, ал планетамыздың ішкі қабаттарына қарай оның мөлшері азая түседі. Жер қыртысының өзінде де уран басқа элементтермен салыстырғанда өте аз. Мысалы, жер қыртысының бір текше километрінде оның орташа мөлшері алюминийден 300 есе, мыстан – 35, қорғасыннан – 5, ал алтынның өзінен – 1,5 есе кем екен. Сондықтан да уранның жер қойнауында кен орындарын түзу мүмкіндігі де жоғарыда аталған элементтермен салыстырғанда едәуір төмен екені белгілі. Соған қарамастан табиғатта уран кендері жиі кездеседі, олардың бүгінгі таңдағы айқындалған қоры келешектегі энергетика саласының дамуын мыңдаған жылдар бойы артық қамтамасыз етуге молынан жетеді.

Атом энергиясының дамуына байланысты уранды негізгі ядролық отын есебінде пайдалану өткен ғасырдың 40-жылдары ғана қолға алынды. Алғашқы кезеңде дүние жүзі елдерінде ашылған уран кен орындары мүлде аз болатын және олардың айқындалған көлемі де шамалы еді. Сондықтан көптеген дамыған елдерде уран кендерін іздестіру жұмысы кеңінен жүргізілді. Жаңадан ашылған кен орындарында аз уақыт ішінде рудниктер іске қосылып, уран рудаларын өндіретін комбинаттар мен зауыттар жұмыс істей бастады. Осылайша тау-кен өндірісінің тағы бір саласы уран өндірісі пайда болып, дами бастады. Уран өндірісінің даму тарихы өте қысқа болғанымен ол аз уақыттың ішінде күрделі кезеңдерді басынан өткізді.

Планетамыз бойынша алғашқы уран өндірісі Конгоның Шинколобве және Канаданың Большое Медвежье сияқты белгілі уран кен орындарының негізінде дамығаны белгілі. 1949 жылға дейін дүние жүзінде атом бомбасын жасаудың құпия сырларын жеке иемденген АҚШ уран рудаларын мол пайдаланатын мемлекет болды. Бірақ ол өз жеріндегі кішігірім кен орындарын пайдаланбай, Африканың аса бай Колорадо кеңінде уран өндіруді интенсивті түрде жүргізіп, энергетикалық атом ресурсының мол қорына ие болды. Кейіннен АҚШ-та, Канадада, Оңтүстік Африка Республикасында, Аустралияда, Францияда және басқа да елдерде уранның жаңа кендері ашылып, уран өндірісін жедел дамытуға мүмкіндік туды. Планетамызда уран өндіретін елдердің саны көбейіп, олардың территорияларында ірі зауыттар мен қуатты рудниктер іске қосылды.

Қазіргі дүние жүзі елдерінде өндірілетін уранның көлемі, АҚШ Энергетика комиссиясының мәліметіне қарағанда, 28 мың тонна деңгейінде. Соған қарамастан көптеген елдерде атом электр станцияларын көптеп салуды қолға ала бастауына байланысты уран өндіру де біршама ұлғайды [2].

Ядролық энергетика дегенде ең алдымен ойға оралатыны – өткен ғасырдағы Чернобыль апаты мен Фукусимадағы (Жапония) жарылыс. Бұл апаттар әлемді шошытып, «адамзат үшін атом энергиясы қажет пе? Оның қандай пайдасы бар?» деген тығырыққа тіреді. Атом жайлы пікірталастар біздің елімізде де қызу жүріп жатыр. Осы жерде әлемнің кейбір дамыған елдерінде электр қуатын өндіруде атом энергетикасы үлесінің 50 пайыздан асып отырғандығын білеміз. Мәселен, дүние жүзінде өндірілетін электр қуатының 17 пайызы АЭС-тардың үлесінде. Бір ғана АҚШ-та 104 ядролық реактор жұмыс істеп тұр. Бүгінде қырықтан астам мемлекет АЭС қуатын пайдаланып отыр. Әлемде күні бүгін 439 ядролық реактор жұмыс атқарып тұрса, мұның артында 136-сын іске қосу жобасы бар. Қазіргі уақытта ешбір дамыған мемлекет өз экономикасына орасан зор пайда әкелетін, экологиялық жағынан таза, экономикалық жағынан тиімді атом энергетикасынан бас тарта алмайды. Сондықтан, бұл салада АҚШ, Франция, Жапония сынды мемлекеттер көш басында келе жатса, алға қарай Қытай, Үндістан, Түркия, Болгария сияқты елдер өздерінің атом энергетикасын дамытып, АЭС-тар салу жөнінде кешенді жоспарлар жасап, сол саптан табылмақ. Аталмыш елдердің қатарына біздің Қазақстан да еніп отыр. Демек, бізге уранның мол қорының үстінде отырып оны экспорттай бергеннен гөрі, өз қажетімізге жаратқан тиімді.

Ендігі болашақ – атом энергетикасында. Бүгінгі таңда Қазақстан өзінің атом электрстансасын құру жолында ілгері басып келеді. «Ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек. Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз»-деді елбасы Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде [46].

Органикалық жанар маймен жұмыс істейтін жылу электр станцияларымен салыстырғанда АЭС-тің төмендегідей артықшылықтары бар:

• Қолданыстағы жанар майдың аз көлемділігі және оның қайта өндеуден кейінгі қайталанып қолдану мүмкіндіктері: 1 кг табиғи уран 20 т көмірді алмастырады. Салыстыру үшін: тек бір қуаттылығы 2000 МВТ Торялық ГРЭС күніне 2 вагон көмір жағады;

• АЭС жұмысы барысында атмосфераға иондалған газдың шамалы мөлшері шығарылып тасталады, бірақ тас көмірдің құрамындағы радиациялық элементтер себебімен, күнделікті жылу электр станциясы түтінмен бірге үлкен мөлшерлі радиациялық қалдықтар шығарылады;

• АЭС-тің бір реакторы (1000-1600 МВТ энергетикалық блокқа) үлкен қуаттылық өндіреді;

• Әсіресе жанар майдан, энергияның өзіндік құнының төменділігі.

Қазіргі уақытта Қазақстан уранның әлемдік барланған қорының 19%-ын иеленіп, әлемде уран өндіруден 1-ші және қорлар көлемі бойынша 2-орында. Уран қорының 65%-ға жуығы ерекше үдемелі, экологиялық қауіпсіз және экономикалық мақсатты жерасты сілтісіздендіру әдісімен өңдеу үшін табиғи болып табылады. Салыстырмалы түрде Қазақстан қысқа мерзімде атомдық энергетика саласын дамудың жоғарғы деңгейіне көтере алады. Қазақстан аумағында уранның 129 кен орны және кен пайда болған ошақтары белгілі.

Қазіргі таңда АЭС ең таза экологиялық энергия өндірушілердің бірі. Ядролық энергетика өндірілген энергия көлемін, экологиялық тепе-теңдікті бұзбай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл атмосфераны зиянды заттардан тазартуға және жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі қабылданған халықаралық міндеттемелерді қамтамасыз етуге алып келеді. Ядролық энергетиканың маңызды артықшылықтары – тарифтің экономикалық тартымдылығы және бағаның электр энергияға ұзақ мерзімді тұрақтылығы.

2012 жылдың наурыз айында Сеулде саммит өтті. Оған 53 елден жоғары дәрежелі меймандар қатысты. Саммитке арнайы қатынасқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қауіпсіздік саласында атқарылған елеулі оқиғаларға тоқтала отырып, Қазақ елінің 210 тонна ядролық отынды қауіпсіз сақтау орнына тасымалдаудың бұрын-соңды болмаған жобасын жүзеге асырғандығын, бүгінде елімізде реакторды төмен байытылған отынға ауыстыру, ядролық қауіпсіздік жөніндегі өңірлік оқу орталығын құру жұмыстарының жалғасып жатқандығын мәлімдеді. Сондай-ақ, ел Президенті Қазақстан Мемлекетінің МАГАТЭ-мен бірлесіп, табиғи уранды есептеу, бақылау және физикалық қорғаудың автоматтандырылған ерекше жүйесін жасақтау үстінде екендігін баяндап өтті. Қазақстан басшысы адамзат қауымына бұдан былайғы уақытта қауіпсіздіктің абсолюттік кепілдігі мен ядролық энергетика жұмысының төмендегідей үш басты қағидаты қамтамасыз етілген жағдайда ғана дамытуға болатындығын мәлімдеді. Ол - әмбебаптық, транспаренттілік және жеделділік, теңдік пен сенім қағидаттары. Бұдан шығатын қорытынды - барлық мемлекеттерге бейбіт ядролық технологияға қолжетімділіктің тең құқығы, сондай-ақ төменгі байытылған уранның халықаралық банкінің кепілді қорларын пайдалану мүмкіндігі берілуі керек. Қазіргі уақытта осындай банкті Қазақстанда орналастыру жөніндегі МАГАТЭ-мен жұмыс өзінің практикалық сатысына көтеріліп отыр. Бұл біздің таратпау режимін нығайту мен ядролық қарусыздануға қосар нақты үлесіміз болып отыр [47].

Бүгінде Қазақстан мен Ресей президенттерінің бастамасымен әлемде тұңғыш рет уран кенін байыту жөніндегі халықаралық орталық құрылып отыр. Осыған орай, «Росатом» мен «Қазатомөнеркәсібі» компаниялары арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Бұл Қазақстанда АЭС салына қалса, Ресей қолдау көрсетеді деген сөз. Соңғы жылдары Ресейде шығарылып жатқан ядролық реакторлардың дүниежүзіндегі осы тектес реакторлардан әлдеқайда қауіпсіз екендігін әлем ғалымдарының мойындап отырғанын ескерсек, «Росатоммен» арадағы келісімге қуануға болады.

Атомнан табыс табуға жол ашу еліміздің жарқын болашағы үшін қажет. Осыған орай, Қазақстанда бейбіт атом саласын дамыту еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шешуші салаларының біріне айналып отыр. Ендігі кезекте атом саласында отандық кадрларды оқытып-үйрету міндеті тұр. Ядролық технология саласын айтпағанда, қазір уран кеніштерінде де ұлттық кадрлар жоқтың қасы. Сондықтан, біздің алдымызда білікті кадрлар мәселесін шешу және ғылымды дамыту міндеті тұр [47].

 

 

3.4 Қазақстанның ең ірі жобасы – «Expo-2017»

 

Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2015 жылы 164 жыл толыпты.

Экспо көрмесінің тарихы

Ең алғашқы ЭКСПО көрмесі 1851 жылы Лондон қаласында өткізілген.
Екінші көрме 1889 жылы Парижде өткізіліп, ол әйгілі Эйфель мұнарасының дүниеге келуіне жол ашқан.

Тарихта Барселона, Вена, Брюссель, Амстердам, Сент-Луис, Турин, Филадельфия көрмелері есте қаларлық болып қызықты өткен.

2005 жылғы көрме Жапонияның Аичи қаласында өткізілді.

2008 жылы көрме Испанияның Сарагоса қаласында өтіп, ол «Су және тұрақты даму» тақырыбын қамтыған [48].

Энергетика мен экология проблемасының ерекше маңыздылығын ескеріп, Қазақстан 2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» дейтін өзекті тақырыпқа бүкілдүниежүзілік мамандандырылған ЕХРО көрмесін өткізеді.

Осынау жаhандық шараны өткізу Қазақстанды бұдан әрі жаңғыртуға септігін тигізіп, біздің индустриялық-инновациялық дамуымызды тездететініне күмән жоқ. Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия өңірі мен ТМД елдерінде тұңғыш өткізілетін халықаралық көрме болады. Астана ең үздік дүниежүзілік жасалымдар мен трендтерді әйгілеудің алаңына айналып, әлемдік ғылым мен бизнестің көшбасшыларын жинайды. Көрме елге ірі инвестициялар, жаңа технологиялар мен инновациялар тартуға көмектеседі, барша республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандырады. Елдің өзі «Болашақтың энергиясына» көшу бейімділігінің идеясын көрсетуі тиіс. Алдағы екі жылда Қазақстан жаңа қуат түрлерін жасау мен енгізу саласында жаңғыртушылық қарқын танытуы керек. ЕХРО-2017 «Болашақтың энергиясы» тақырыбы қуат сақтаудың және қайталанбалы, баламалы қуат көздерін, соның ішінде күннің, желдің, ыстық сулардың және басқалардың қуатын енгізудің проблемаларын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді [36].

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша:

Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше мемлекеті дауыс берген.

Бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған.

Бұл халықаралық шараны өткізуге үміткер мемлекет экономикалық және әлеуметтік мүмкіндігі бар, әлемдік саяси аренада мойындалған ел болуы шарт. Осынау халықаралық шараны өткізу мүмкіндігіне дейін Қазақстан Халықаралық көрмелер бюросына 1997 жылы мүшелікке қабылданып, 2005 жылдан бастап EXPO көрмелеріне белсенді катысып келді (EXPO-Аичи, EXPO-Сарагоса, EXPO-Шанхай). Енді, осы халықаралық көрмені Орта Азия және ТМД елдері арасында тұңғыш болып өткізу мәртебесіне қол жеткізіп отыр [48].

Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып – Future Energy (Болашақ қуаты). Логотип күн сәулелерінің таралуын энергия көзі және энергия нышаны ретінде белгілейді. Тегiс және әдемi формалары бар дөңгелек гүл жапырақшалары қозғалыс және энергияны суреттей отырып айналмалы түрде симметриялы орналастырылған. Сары және ашық-көгiлдiр түстер басым, олар кемпiрқосақтың түстерiн еске салады. Логотип жарқын, көркем және интерактивті формада жаңа энергияны білдіреді [48].

Бұл көрме бұрынғы Кеңес Одағына кірген мемлекеттер аумағында, яғни, ТМД елдерінің ішінде тұңғыш рет өткізіліп отыр. Ресей Федерациясының өзі ЭКСПО-2020-ны Екатеринбургта өткізуден дәмелі.

«EXPO-2017» - біз әлемге не ұсынамыз:

«Жасыл энергетика» саласындағы жетістіктер паш етілетін осы жаһандық көрме үшін Астана қаласы жанында арнайы қалашық бой көтермек. Мемлекетіміз ЭКСПО өткеннен кейін оны қалай пайдаланатындығын ендігі айқындап қойыпты. «Онда тұрғызылғанның бәрі бізде қалады», - деді Н.Назарбаев. Бұл жаңа, «жасыл» технологияларды бүкіл Қазақстанда өндіруге қызмет ететін зертхана-лабораторияға, ғылыми паркке айналады. Өйткені бүкіл әлем осы жолмен ілгері жылжитын болады».

Қазақстан көшбасшысы «алдағы бес жыл бойы бүкіл әлемнің Қазақстан туралы айтатындығын» нықтайды. «Мен мұның айрықша маңыздылығын атап өткім келеді, - деді президент. - Біздің елордамызда ғылым мен техниканың барлық ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылады. Біздің өз халқымыз, көптеген қазақстандықтар болашақтың экономикасын өз көздерімен көруге мүмкіндік алады». Әлемнің осыншама елінің Қазақстанды «ең лайықты» деп тануының өзі өте маңызды,-дейді Н.Ә. Назарбаев.

«EXPO-2017» Қазақстанға қандай пайда бермек:
1) 100-ден астам ел Астанада өз павильондарын салу үшін келеді;
2) ЭКСПО - 2017» көрмесіне біз ұсынған «Болашақтың қуаты» ұраны негізінде елордамызға жаһандағы мемлекеттер өздерінің жаңа технологияларын жеткізеді, паш етеді.

ЭКСПО -2017 көрмесінің Қазақ елінде, Астананың төрінде өтуі қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш және тарихи оқиға болмақ. Көрменің өтуі мемлекетіміздің сыртқы саясатының салмақтылығын танытады. Себебі, көрмені өткізуге «таласқан» мемлекеттер арасынан Қазақстанның көп дауыс жинауы осыны дәлелдейді. Тәуелсіздіктің 25 - жылын жағымды жаңалықпен бастап отырған еліміз бұған дейін де бүкіл әлем назарын аударатын шараларды өткізді. Атап айтсақ, ОБСЕ-гe, ШЫҰ-на төрағалық, Астана саммиты, Азияда ойындары, БҰҰ адам құқықтары бойынша кеңесіне мүшелік.

Астана қаласында өтілетін Экспо-2017 халықаралық көрмесі Қазақстан Республикасына болашақта әлем елдеріне танылуына өзіндік үлесін қосады. Сонымен қатар, Халықаралық көрме арқылы елордамыз Астананың көркеюіне ықпалын тигізіп, дамуына әсерін тигізеді. Осындай дүниежүзілік деңгейде өтілетін іс-шаралар мемлекетіміздің дамыған 50 елдің алдыңғы қатарынан көрінуіне септігін тигізеді. ЭКСПО көрмесі - ел дамуына жол. «Іс жүзінде ІІІ-индустриялық революция «жасыл энергетикадан» басталмақ. Бұл ретте қай елде «жасыл энергетика» болса, соның қолында жаңа технологиялар бар. Ал жаңа технологияларсыз енді даму жоқ. Яғни «ЭКСПО - 2017» Қазақстан үшін экономикалық дамудың түбегейлі жаңа бетін ашудағы бетбұрыс бекетіне айналмақ [49].

EXPO алаңы. EXPO-2017 халықаралық көрмесiн өткізу үшін алдын ала белгіленген аумақ: Шәмші Қалдаяқов көшесі мен Гольфклуб ауданындағы К-1 шығыршықты жолының қиылысындағы Астана қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аумақ. Аумақтың ауданы - 113 гектар. EXPO орталығының көрме кешені қаланың бас жоспары мен бөлшекті жоспардың жобаларында жетілдірілген жоспарлау құрылысына жатады. EXPO Орталығының орналасқан жері қол жетімді, яғни Қазақстанның қалааралық жолдары желісімен байланысы бар, атап айтқанда К-1 шығыршықты жолы, ол қалааралық хабарламаның барлық бағыттарынан жылдам жетуін қамтамасыз етеді. Көрмеге арналып таңдалған орын EXPO Орталығын қаланың орталық бөлігімен байланыстыратын көшелердің желісіне ие, оның ішінде, қаланың әкімшілік және көліктік орталықтарына қол жетімділікті қамтамасыз ететін 4, 6, 8 жолақты қозғалысы бар магистралды көшелер (Халықаралық Әуежай, ТЖ Вокзалы, Әкімдік және т.б.) [49].


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 43 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>