Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі 2 страница



Бақылауға арналған сұрақтар

  1. Қоршаған орта және адам денсаулығы
  2. Етістіктің шақтары.
  3. Су – тіршілік көзі, шөл және шөлейт зоналар.

4. Етістіктің райлары.

  1. Географиялық қабық және биосфера.

5. Шылаулардың түрлері..

  1. Қазақстанда қаоыптасқан экологиялық жағдайлар.
  2. Үстеу және оның түрлері.
  3. Қазақстан қорықтары.
  4. Іс-әрекеттің өту сипаты.
  5. Қазақстан Республикасының географиялық орны, мемлекеттік шекаралары.
  6. Сөз тіркестері.
  7. М.Қашқари – ұлы географ.
  8. Сөйлем мүшелері.
  9. Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі.
  10. Жай сөйлемдер.
  11. Әлемге таралған Қазақстан қызғалдағы.
  12. Жай сөйлем түрлері.
  13. Солтүстік Қазақстан аймағы.
  14. Құрмалас сөйлем.
  15. Оңтүстік Қазақстан аймағы.
  16. Болымды, болымсыздықтың берілуі.
  17. Гидрология дегеніміз не?
  18. Мезгілдік ұатынастардың берілуі.
  19. Гидрологиялық ғимараттар.
  20. Қарсылықты қатынастардың берілуі.
  21. Қазақстанның жер бедері.
  22. Мекендік қатынастардың берілуі.
  23. Шоқан Уалиханов – зерттеуші ғалым.

 

Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

Білім алушылар кәсіби қазақ тілінен берілген өздік жұмыстарында мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде түрлі тапсырмаларды орындайды. Өздері оқыған кәсіби тақырыптарына байланысты танымдық сұрақтарға жауап беріп, мамандығына қатысты лексиканы игерту ауқымында салалық терминологияны меңгереді. Мәтінді мазмұндау, өзара ой бөлісіп, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қоры молайып, жетік сөйлеуге дағдыланады. Тақырыпқа қатысты түрлі реферат, мәлімет, ақпараттар дайындау олардың өз бетінше ізденуіне, қазақша ойлау қабілетін ұштауына көмектеседі. Сонымен қатар мамандығына қатысты тақырыптар арқылы жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына көмектеседі.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған өздік жұмыстары олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.



Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тақырыптары мен тапсырмаларының жоспарлануы:

БӨЖ тақырыптары мен

тапсырмалары

БӨЖ

сағат саны

БӨЖ

ұйымдастыру формасы

 

Таза ауа – тіршіліктің кепілі

 

БӨЖ – 4 сағат

ауызша

 

Судың ластануына әсер ететін факторлар

БӨЖ – 4 сағат

жазбаша

 

Жер – Ананы аяла

 

БӨЖ – 4 сағат

жазбаша

 

Ауасы ең таза емес қалалар туралы мәлімет жинау

БӨЖ – 4 сағат

жазбаша

 

Аққу ұшып, қаз қонған мекен» деген тақырыпта эссе жазу.

 

БӨЖ – 4 сағат

жазбаша

 

«Қазақстан – киелі мекен» эссе жазу

БӨЖ – 4 сағат

жазбаша

 

Ұлт болашағы – жақсы денсаулықта» пікір алысу.

 

БӨЖ – 4 сағат

 

 

Үй маңына тал өсір, балама деп тағы өсір» сөзінің мағынасы туралы әңгіме

 

БӨЖ – 4 сағат

ауызша

 

Көктемнің алғашқы гүлдері туралы мәліметтер жинастыру

БӨЖ – 4 сағат

ауызша

 

Бурабай – ел мақтанышы» тақырыбына шығарма жазу.

 

БӨЖ – 4 сағат

жазбаша

 

Қазақстанның көне қалалары туралы реферат жазу

БӨЖ – 4 сағат

жазбаша

 

«Су– тіршілік көзі» Пікір алысу.

 

БӨЖ – 4 сағат

ауызша

 

Су қоймаларының маңызы туралы пікір алысу.

 

БӨЖ – 4 сағат

ауызша

 

Таулы, орманды, өзенді аймақтар туралы әңгіме.

 

БӨЖ – 4 сағат

ауызша

 

Ш.Уалиханов еңбектерінің маңызы туралы әңгіме.

 

 

БӨЖ – 4 сағат

ауызша

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқаулық

 

 

Білім алушылар кәсіби қазақ тілі пәнінен мамандықтарына сәйкес кәсіби мәтіндер негізінде берілген тапсырмаларды орындайды. Білімгерлердің кәсіби тақырыптарына байланысты мамандықтарына қатысты лексиканы меңгеру негізінде салалық лексиканы меңгереді. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау, өзара пікірлесу, сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорлары молайып, жетік меңгеруге дағдыланады.

Сонымен бірге мамандығына қатысты тақырыптар негізінде түрлі жазба жұмыстарын орындау, өз ойларын еркін жеткізе отырып, жазылым дағдысының қалыптасуына, сауатты жазуларына ықпал етеді.

Кәсіби қазақ тілінен білім алушыларға арналған семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу арқылы олардың күнделікті сабақ барысында алған тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

 

 

1-САБАҚ

Қоршаған орта және адам денсаулығы.

Етістіктің шақтары

Мақсаты: Студенттердің қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту, салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етуге, табиғатты сүюге баули отырып, өз ойын еркін жеткізуге үйрету.

 

1. Сөздікпен жұмыс:

Табиғи орта – природная среда, табиғи орта

өнеркәсіп – промышленность

қалдықтар – отходы

адам ағзасы – организм человека

күн сәулесі – солнечный лучь

күкірт қышқылы – серная кислота

улы заттар – ядовитые вещества

қатерлі ауру– опасная болезнь, неизлечимая болезнь

улану – отравится

сутек – водород

 

2. Ойтүркті сұрақтар:

1. Қоршаған ортаны кімдер ластайды?

2.Лас ауа адам ағзасына қалай әсер етеді?

3.Ауаның ластануы қауіпті ме?

4.Қазіргі кезде қандай аурулар көп?

 

  1. Мәтінді оқыңыз.

 

Айналадағы орта мен адам денсаулығы

Табиғат –адамзаттың тіршілік ететін ортасы. Сондықтан оның көптеген сұраныстарын қамтамасыз ететін шикізат көзі болып отыр.

Айналадағы ортаның табиғат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетінің түрін анықтайды. Қазақстанның шөлейтті, далалы жерлерінде мал шаруашылығымен айналысса, ал өзен бойларында суармалы егіншілікпен айналысқан.

Адамдардың түрлі шаруашылықпен айналысуы қазіргі кезде биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады.

Осы қалдықтардағы әртүрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам ағзасына келіп түседі.

Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады.

Табиғи ортаны ластаушы заттар әртүрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам ағзасына әсер ету уақытына қарай түрлі нәтижелер туғызады. Аз ғана уақыт әсер етуінің өзінен адамның басы айналып, құсуы, жөтелуі мүмкін. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, адам қатты уланып, есінен тануы, тіпті өліп кетуі де мүмкін.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі бар. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Мысалы, улы заттар ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналып, адамдар мен жануарлардың тыныс жолдарына, терісіне әсер етеді және жүйке ауруын туғызады. Ауадағы фторлы сутек те өте улы. Адамға жағымсыз әсер етіп, қатерлі аурулар туғызады. Ол пластмасса жаққан кезде пайда болады. Қоңыр көмірді жаққан кезде ауаға күл бөлініп шығады да, көкөністерге, жеміс-жидектерге зиянын тигізеді. Ластанған өсімдіктерді жеген адамдар мен жануарлардың ағзасында физиологиялық өзгерістер болады.

Адам ағзасының осы сияқты улы заттарға төзімділігі әр адамның өзінің жеке басының гигиенасына, ең алдымен денсаулығына, жасы мен жынысына байланысты. Улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар адамдар өте сезімтал болып келеді.

Улы заттар адам ағзасына біртіндеп әсер етіп жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның мынадай белгілері бар: адам тез шаршағыш болады, ұйқышыл немесе ұйқысы қашуы, бейжай, ұмытшақ, көңіл-күйі құбылмалы болып, зейіні төмендеуі мүмкін.

 

  1. Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары.......................................................................................

2. Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың.....................................................

3. Аз ғана уақыт әсер етуінің өзінен.........................................................................

4. Осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе,......................................................

5. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен бір-бірімен..........................................

6. Адам ағзасының осы сияқты улы заттарға төзімділігі.................................................................................................................................................................................

7. Улы заттарға.............................................................................................................

өте сезімтал келеді.

 

6. Мәтінде кездесетін етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын анықтаңыздар.

Үлгі: болып отыр - нақ осы шақ.

Есте сақтаңыздар!

Қазақ тілінде де іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын, сөйлеп тұрған кезде болып жатқанын, сөйлеп жатқан кезден кейін болатынын білдіретін шақ категориясы бар. Олар өткен шақ, осы шақ, келер шақ деп үшке бөлінеді.

Өткен шақ

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болып кеткенін білдіреді: бардым, айтқан, келген емес, бартынмын.

Өткен шақтың үш түрі бар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ.

Жедел өткен шақ

Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне – ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады: бардым, бардың, барды, бардық.

Жедел өткен шақтың болымсыз түрі етістіктің - ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарынан кейін -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: бармадым, бармадың, бармады.

 

Бұрынғы өткен шақ

Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен әлдеқашан бұрын жасалғанын білдіреді. Бұрынғы өткен шақтың жұрнақтары:

  1. -ған,-ген, -қан,-кен тұлғалы етістіктің жіктеліп қолданылуы арқылы жасалады: айтқан, келген.
  2. - ып, - іп,-п жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: барыпты, келіпсің.
  3. -ған,-ген, -қан,-кен тұлғалы етістіктің еді көмекші етістігімен және емес, жоқ сөздерінің тіркесіп келуінен де жасалады: барған еді, барған емес, барған жоқ.
  4. -ып, - іп, -п тұлғалы етістікке еді көмекші етістігінің тіркесіп келуінен де жасалады: айтып еді, барып еді, көріп еді.

 

Ауыспалы өткен шақ

Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын/-етін, -йтын/-итін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында жұмсалады: болатын, баратын, келетін, сөйлейтін

 

7. Іс-ірекеттің қашан болғанын айтыңыздар.

Атам көп ағаш отырғызатын. Қоршаған ортаны қорғау туралы оқытушы ескерткен. Бізге ешкім айтқан емес. Сіз тауға баратын едіңіз. Үнемі бақшаға баратынсыңдар. Айгүл қашан келетінін айтқан. Өткенде сенбілікке қатысыпты. Ерте айтқанда келетін едім.

 

8.Көп нүктенің орнына өткен шақтың тиісті жұрнақтарын қойып жазыңыздар.

Біз таза ауада демал.... Олар бүгін ағаш егуге барма.... Бұл туралы өткенде сен айт.... Табиғат туралы ғылыми еңбектер жаз.... Ол кезде ауа таза бол.... Ешкім маған айт... жоқ. Сіз табиғатты қорғау туралы жиналысқа бар... емес.... Бақшаға ағаш отырғыз... еді.

Ауа таза болмағаннан адам денсаулығы нащарлай.... Машиналар ауаны ластай....

 

9.Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлем құрап жазыңыздар.

Кім? Не

Кімге? тікті Қайда? сайрады

Не Қашан?

 

Осы шақ

Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты іс-әрекеттің болып жатқанын білдіреді. Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:

1. Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді: болып жатыр, сөйлеп тұр.

2. Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекетті білдіреді: ұшады, айтады.

Нақ осы шақ

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді:

а) отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктерінің жіктелуі арқылы

жасалады.

ә) нақ осы шақ - ып,-іп,-п тұлғалы көсемшемен отыр, жатыр, тұр, жүр қалып етістіктерінің көмекші етістік қызметінде тіркесуінен жасалады: барып отыр, тыңдап тұр, оқып жатыр, тыңдап жүр.

Ауыспалы осы шақ

Ауыспалы осы шақ іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді де,

-а,-е,-й тұлғалы көсемшенің жіктеліп елуі арқылы жасалады: жазады, күлемін.

Келер шақ

Келер шақ іс-әрекеттің әлі болмағанын, сөйлеп тұрған сәттен кейін іске асатынын білдіреді. Келер шақтың болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ деп аталатын түрлері бар.

 

Болжалды келер шақ

Іс-әрекеттің болатынын нақты көрсетпей, болжай ғана айтылуын білдіреді де,

1. -ар,-ер,-р тұлғалы есімшенің жұрнағы жалғану арқылы;

2.Болымсыз етістіктен кейін - с жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеледі.

 

Мақсатты келер шақ

Мақсатты келер шақ іс-әрекеттің келешекте мақсат етіле орындалатынын білдіреді де,

етістіктің түбіріне -мақ /-мек, -пақ / -пек, -бақ / -бек жұрнақтарының жалғанып жіктелуі арқылы жасалады: бармақ, қайтпақ;

етістіктің түбіріне -мақ /-мек, -пақ / -пек, -бақ / -бек жұрнақтарынан кейін

- ші,-шы жұрнақтары жалғанып барып, жіктелуі арқылы да жасалады: оқымақшы, сөйлемекші.

Ауыспалы келер шақ

Ауыспалы осы шақ ауыспалы осы шақ сияқты –а,-е,-й жұрнақты көсемшенің жіктелуінен жасалады: көрмеймін, барайын.

10.Жақшаның ішіндегі етістіктерді нақ осы шаққа айландырып, сөйлемді аяқтаңыздар.

Мен тамақ (дайында)..........................................

Айман сабақ (оқу)................................................

Сен университетте (оқы)...................................

Айнаш пен Ажар бақшада шөп (жұл)................

Арман қазақ тілін (үйрен)..................................

 

11Ауыспалы осы шақта тұрған нұсқасын тауып жазыңыздар.

 

Мен қазір мектепте оқып жүрмін/ оқимын. Аспанда құстар ұшып

барады/ұшады. Менің інім спортты жақсы көреді / көріп жүр. Суда балықтар жүзіп жүр / жүзеді. Балалар ойнайды / ойнап отыр. Бізге әңгіме айтасыз / айтып отырсыз.

 

12.Сұрақтарға жауап беріп, сөйлем құраңыздар.

 

Кім? Нені?

Қайда? оқып жүр. Кімдер? жейді.

Қалай? Қалай

13.Бір-біріңнен не істегендерің, не істеп жатқандарың, не істейтіндерің туралы сұраңдар. Сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыздар.

 

Сен не істедің? Мен не істеп жатырмын?

Мен не істедім? Сен не істеп жатырсың?

Ол не істеді? Ол не істеп жатыр?

Біз не істедік? Сіз не істеп жатырсыздар?

Сіздер не істедіңіздер? Олар не істеп жатыр?

 

Мен не істеймін?

Сендер не істейсіңдер?

Сіз не істейсіз?

Ол не істейді?

 

14. Сұрақтарға жақшаның ішіндегі етістіктерді пайдаланып, жауап беріңіздер.

 

Біз не істеп отырмыз? Біз... отырмыз (тамақ ішіп, кітап оқып, ойнап).

Олар не істеп тұр? Олар... тұр (ойнап, жазып, күтіп, сөйлесіп).

Сіз не істеп жатырсыз? Мен... жатырмын (сабақ оқып, кино көріп, ойланып).

Сен не жүрсің? Мен... жүрмін (жұмыс істеп, үй жинап, ән айтып).

 

15. Осы шақта, келер шақта және өткен шақта айтылып тұрған сөйлемдерді бөлек-бөлек жазыңыздар.

 

Мұрат компьютер үйреніп отыр. Айнаш інісіне ертегі айтып берді. Мен сурет көремін. Самал тамақ істейді. Асан Ермекпен сөйлесіп тұр. Нұрбол ағасына хат жазады. Алтынай театрға бармақшы. Анар бұл кітапты оқыған. Тараз қаласына көп баратынмын. Үйді інім тазалады. Дүкенге бардық. Қаланы аралады. Достарына хат жазбақшы. Сабаққа дайындалып отырмын. Жазда суға шомылатынмын. Айгүл жуынып жатыр. Алтынай Алматыға бармақшы. Биыл ауылға барған жоқ. Балықтар тереңде жүзеді. Күзде құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

 

16. Берілген сөйлемдегі сөздердің қай шақта тұрғанын анықтап, көп нүктенің орнына тиісті жұрнақтарды қойыңыздар.

Біз қоршаған ортаны қорға...мыз. Улы заттардың әсерінен қазір табиғат ластан.... Ата-бабаларымыз жерді, елді, табиғатты көзінің қарашығындай сақта.... Өзендер мен көлдердің суын заводтар мен фабрикалар қалдықтарын төгіп ласта... жатыр.

 

БӨЖ тапсырмасы.

 

17.Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар.

Ұлт болашағы – жақсы денсаулықта

 

Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, айналадағы орта мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз болады. Айналадағы ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам табиғатты аялап, оның сақталуына өз үлесін қосуы керек. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған бұлақ адам денсаулығына игі әсер етеді. Біз қашан да ұрпақ болашағының бізге байланысты екенін ұмытпауға тиіспіз. Дені сау ата-анадан сау ұрпақ дүниеге келеді. Денсаулығы нашар ата-анадан ауру бала дүниеге келеді. Сол себепті ұлт болашағын ойлаған әрбір адам ең әуелі өз денсаулығына мән беруі тиіс.

 

18. Мақал-мәтелдерді есте сақтаңыздар.

 

Дені саудың жаны сау.

Таза ауа – дертке дауа.

Денсаулықтың ең басты кепілі – табиғат.

 

Ағымдық бақылау сұрақтары:

1. Биосфераны ластаушылардың негізгі көзі болып отырған не?

2. Улы заттар адам ағзасына қалай әсер етеді?

3. Табиғи ауаны растайтын улы заттарлың неше түрі бар?

4. Ауадағы фторлы газ қай кезде пайда болады?

5. Улы заттарға кімдер сезімтал болып келеді?

«Судың ластануына әсер ететін факторлар» тақырыбына реферат жазыңыздар.

 

 

2-САБАҚ

 

Су – тіршілік көзі, шөл және шөлейт зоналар

Етістіктің райлары.

Мақсаты: Сусыз тіршілік жоқ екендігіне тоқталып, суды үнемдеудің қажеттігін ұқтыру. Тақырыпқа сай сөздік жұмыстарын жүргізіп, студенттердің сөздік қорларын байыту.

 

  1. Сөздікпен жұмыс.

Жерасты суы – подземная вода

өзен торы – сеть реки

су көздері – источники воды

суармалы – поливной, орошаемый

құрлық – материк

құдық – колодец

минералды су – минеральная вода

тұщы су – пресная вода

ауыз су – питьевая вода

су тапшылығы – нехватка воды

 

2. Мәтінді оқыңыздар.

 

Су ресурстары

Қазақстанның су ресурстарына беткі судан (өзен, көл) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады. Қазақстанның климаты жағдайында өзен торы онша жиі болмағандықтан, халық шаруашылығы үшін жер асты суы ресурстарын пайдаланудың үлкен маңызы бар. Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады. Үлкен қалаларды, су тапшы аудандағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады. Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған. Мұнда Алмаарасан, Барлықарасан, Қапаларасан, Жаркентарасан, Сарыағаш сияқты сауықтыру орындары осы су арқылы емдеу орталықтарына айналған.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 42 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.043 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>