Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Символикалық интеракционизм өкілдерінің пікірінше қоғамдағы тұлғаның не істей алмауы оның ақыл-ой қабылетінің дамуына



5B020300-Тарих

Этнология

2 курс күндізгі

4 жыл

қаз

Жакин М.С.

Символикалық интеракционизм өкілдерінің пікірінше қоғамдағы тұлғаның не істей алмауы оның ақыл-ой қабылетінің дамуына кері әсерін тигізеді:

A) Ортаға бейімделіп, мықтыларға еліктей алмауы.

B)& Басқаның рөлін қабылдап, өзін басқаның көзқарасымен көре алмауы;

C) Не үшін туса, сонымен ғана айналса алмауы.

D) Жағдайға қарамй, өзінікіне жетуге тырыспауы.

E) Басқалар онымен қалай қатынас жасаса, соған орай әрекет ете алмау.

*****

А.П.Садохиннің пікірі бойынша қазіргі кездегі этнологияның (әлеуметтік/мәдени антропологияның) ғылыми дүниетанымының негізгі сипаттарының біріне:

A) Теориялық этномәдени құрылымдар сипаттап отырған объектісіне толығымен сәйкес келуі тән.

B) Ғылыми зерттеулерде қоғам және оның мәдениетінің тұтас теориясын жасау міндеті тән.

C) Адамзаттың өмір сүруі мен дамуын тұтас және жаһандық масштабта сипаттау міндеті тән.

D)& Адам өмірінің бәр қыр-сырын, әртүрлілігін түсіндіріп бере алатын жалпы әмбебап антропологиялық теорияны жасауға күмәндану тән.

E) Қоғам, мәдениет, адамның қалыптасу кезеңінен осы күнге шейінгі өткен жолын шегіне жетіп, толық түсіну мақсаты тән.

*****

Этнология (әлеуметтік/мәдени антропология) концепциясының гносеологиялық ролін қазіргі кезең тұрғысынан түсіну, теориялық этномәдени құрылымдардың:

A) Сипаттап отырған объектісіне тек жартылай ғана сәйкес келетінін көрсетеді.

B) Мәдени жүйенің қызмет ету механизмдерін өзіне сай түрде (адекватно) бейнелейтінін көрсетеді.

C) Сипаттап отырған объектісіне сай келмейтінін көрсетеді.

D)& Сипаттап отырған объектісінің моделі және таным құралы ғана екенін көрсетеді.

E) Сипаттап отырған объектісіне толығымен сәйкес келетінін көрсетеді.

*****

Неоэволюционизм америкалық этнологияда (әлеуметтік/мәдени антропологияда) қай жылдары жетекші теориялық бағыт болып қалыптасты:

A) 70 - 80-ші ж. XX ғ.

B) 20 - 30-шы ж. XX ғ.

C)& 50 - 60-шы ж. XX ғ.



D) 30 - 40-шы ж. XX ғ.

E) XX ғ басында.

*****

Неоэволюционизм идеялары қай елде кең тарап, қай ғалымның еңбегінде ең толық қарастырылды:

A) Францияда, М.Мосс еңбектерінде.

B) Германияда, М.Вебер еңбектерінде.

C) Англияда, Э.Тайлор еңбектерінде.

D)& АҚШ-да, Л. Уайт еңбектерінде.

E) Италияда, А.Грамши еңбектерінде.

*****

«Көпбағытты эволюция теориясының» авторы:

A) Э.Тайлор.

B)& Дж.Стюард.

C) П.Сорокин.

D) К.Поппер.

E) М.Вебер.

*****

Ағартушылар дәуірінің қандай идеялары неоэволюционизм өкілі Дж. Стюард еңбектерінде қайта жаңғырып, әрі қарай дамытылды.

A) Еркіндік идеялары.

B) Секіру (скачок), революция идеялары.

C) Даму, эволюция идеялары.

D)& Географиялық детерминизм идеялары.

E) Әр мәдениеттің ерекшелігі идеялары.

*****

Бір-бірінен алшақ жатқан, қатынаспайтын қоғамдардың даму үрдісінің сәйкес келіп жатуын Дж.Стюард немен түсіндіреді:

A) Биологиялық түрдің бірлігімен.

B) Мәдени диффузия концепциясымен.

C) Географиялық ортаның ұқсастығымен.

D)& «Параллель­ді эволюция» феноменімен.

E) Қоғамның даму деңгейімен.

*****

Дж. Стюардтың көзқарасы бойынша қандай да бір мәдени қалыптардың шығу тегін анықтау үшін үш құбылыстың өзара байланысын талдау керек. Олар:

A) Этникалық төңірек, мәдениеттің даму деңгейі және дәстүрлі институттардың қызметі.

B) Әлеуметтік орта, қоғамның технологиялық даму деңгейі, қоғамның қызмет етуі.

C) Әлеуметтік орта, қауым дамуының деңгейі, дәстүрлі институттардың қызметі.

D)& Қоршаған табиғи орта, қоғамның технологиялық даму деңгейі, қоғамның қызмет етуі.

E) Саяси орта, мәдениет ерекшелігі, экономиканың қызмет етуі.

*****

Мәдениеттің даму заңдылықтарын зерттеуде қай теория бәр халықтардың мәдениеті бір заңдылық бойынша дамиды деген идеяға сүйеніп, айырмашылығын тек осы дамудың сатыларынан ғана көреді:

A) Мәдени релятивизм.

B)& Бірбағытты эволюция.

C) Циклдік.

D) Көпбағытты эволю­ция.

E) «Параллель­ді эволюция».

*****

Мәдениеттің даму заңдылықтарын зерттеуде қай теория бойынша әр халықтардың мәдениетінің арасындағы сапалық айрмашылықтарға ерекше көңіл бөлінеді:

A) Циклдік.

B) Көпбағытты эволю­ция.

C)& Мәдени релятивизм.

D) «Параллель­ді эволюция».

E) Бірбағытты эволюция.

*****

Мәдениеттің даму заңдылықтарын зерттеуде қай теория бойынша жекелеген мәдениеттердің дамуы әртүрлі жолдармен жүре алады, өйткені ол табиғи орта жағдайына бейімделу моделдеріне тәуелді деп есептейді:

A) Бірбағытты эволюция.

B) Циклдік.

C) Мәдени релятивизм.

D) Формациялық.

E)& Көпбағытты эволю­ция.

*****

Мәдени өзгеріс үрдістерін теориялық тұрғыдан түсіндіру үшін неоэволюционизм өкілі Дж.Стюард енгізген «мәдени экология» ұғымының мазмұнына қандай мағына беріледі:

A) Қоршаған ортаны сақтау технологиясын жетілдіру үрдісі.

B) Биологиялық фактордан мәдени фактордың үстемдігі.

C)& Мәдениеттің қоршаған ортаға бейімделуі мен қарым-қатынасы.

D) Әлеуметтіліктің биологиялық фактордан үстемдігі.

E) Мәдениеттің табиғатқа ықпалының күшею үрдісі.

*****

Мәдениет дамуының әртүрлі бағыттарының болу себебін анықтағаннан кейін Дж.Стюард қандай қорытындыға келді:

A) Тудырған мәдениеттің ерекшелігін нәсілдік қасиеттер анықтайды,

B) Мәдениеттің қалпы мен мазмұнын әлеуметтік құрылым анықтайды.

C) Мәдениет ерекшелігінің қалыптасуына шарушылық әсер етеді.

D)& Қоршаған ортаның әр түрі өздеріне бейімделудің әртүрлі қалыптарын талап етеді.

E) Мәдениеттің ерекше тұрпатының қалыптасуына әсер ететін негізгі фактор -психологиялық қасиет.

*****

Дж.Стюардтың «мәдени экология» концепциясының басты міндеті не:

A) Қоғамның назарын экологиялық мәселелерге аудару.

B) Мәдениет дамуының шешуші факторларын анықтау.

C) Экономикалық факторлардың мәдениет дамуындағы шешуші ролін негіздеу.

D)& Бейімделудің артынан эволюциялық үрдістер жалғасатын/жалғаспайтындығын анықтау.

E) Әлеуметтік факторлардың мәдениет дамуындағы шешуші ролін негіздеу.

*****

М. Салинс, Д. Беннет, Р. Неттинг, Марвин Харрис этнологияның (әлеуметтік/мәдени антропологияның) қай теориялық бағытының өкілдері:

A) Функционализм.

B) Структурализм.

C)& Неоэволюционизм.

D) Релятивизм.

E) Диффузионизм.

*****

Этнологияның (әлеуметтік/мәдени антропологияның) XXI ғасырдағы даму жолдары туралы қазіргі кездегі пікірсайыстар барысында батыс зерттеушілері қандай бағыт басымдыққа ие болады деп ойлайды:

A) Функционализм.

B)& Герме­невтикалық антропология.

C) Неоэволюционизм.

D) Структурализм.

E) Позитивизм.

*****

Мәдениеттерді зерттеуде субъект ролі батыс зерттеушісіне беріліп, европадан тыс қоғамдар тек объект ролін орындайтын қандай принциптен герменевтикалық антропология бағытының өкілдері толығымен бас тартты:

A) Отырықшылыққа табынушылық.

B) Өзімшілдікке табынушылық..

C) Сциентизм.

D)& Европаға табынушылық.

E) Бір орталыққа табынушылық.

*****

Этнологиядағы қандай бағыт басқа мәдениеттерді жәй зерттеу объектісі деп қарастырмай, оларды мәдени-тарихи үрдістің теңқұқылы мүшесі деп қабылдайды. Бөтен өмір қалыптарын, құндылықтар жүйесі мен ой бейнесін түсінуге басымдылық мән беріп, әлеуметтік және мәдени өзара байланыстарды түсіндіруді екінші орынға қояды:

A) Неоэволюционизм.

B) Объективистік антропология.

C) Диффузионизм.

D)& Герменевтикалық антропология.

E) Модернизм.

*****

Ғылым тарихын зерттеушілердің пікірінше интерпретативті антропология этнологияның қай бағытының логикалық жалғасы мен дамуы деп есептеледі:

A) Структурализмнің.

B) Диффузионизмнің.

C) Психологиялық антропологияның

D) Модернизмнің

E)& Символикалық антропологияның

*****

Интерпретативті антропологияның дамуы қай бағыттардың пайда болуымен тығыз байланысты:

A) Неоэволюционизм және объективті антропология.

B) Экзистенциализм және білім социологиясы.

C) Модернизм және сциентистік антропология.

D)& Герменевтика және түсінуші социология.

E) Релятивизм және психологиялық антрополигия.

*****

Халықтардың мәдениетін зерттегенде объективтілік бағыттын ұстанған антропология неге ұмтылды:

A) Жаратылыстану ғылымдарына еліктемей, максималды түрде өзінің теориясын жасауға.

B) Қарастырып отырған мәдениеттің өкілінің де, зерттеушінің де субъективті түсініктерін өздеріне сай бейнелеуге.

C) Заңдылық емес, мән мен мағынаны анықтауға.

D)& Ғылыми зерттеудің нәтижесіне субъективті фактордың ықпалын максималды түрде шектеуге.

E) Мәдениетті зерттеудің басты назары субъективті түсініктерді талдауға көңіл бөлді.

*****

Герменевтикалық антропологияның негізгі идеяларының сипаты мен мазмұнына кімнің философиялық көзқарастары елелулі әсер етті:

A) Позитивизм негізін қалаушы О.Конттың.

B) «Позитивистік лингвистика» өкілі Витгенштейннің.

C)& «Өмір фолософиясы» өкілі В.Дильтеядің.

D) «Түсінуші социология» өкілі М.Вебердің.

E) «Ғылым философиясы» өкілі К.Поппердің.

*****

Қай ұғым Дильтей философиясында ең басты орын алып, адамның болмыс тәсілі, мәдени-тарихи шындық ретінде түсініледі. Осыған байланысты ол «түсіну» әдісін белгілі бір рухани тұтастықты тікелей тану (тұтас қабылдау) ретінде ұсынады.

A) «Сана»

B) «Тіл»

C)& «Өмір»

D) «Идея»

E) «Зерде»

*****

Этнологиядағы қай әдіс адамның іс-әрекетіндегі реакция мен стимулдың ортасында ылғида интерпретация, басқаша атқанда, бұл символ нені көрсетіп тұр, қандай салдардың болатынын меңзеп тұр деген қағидаға сүйенеді:

A) Функционалдық.

B) Релятивистік.

C) Эволюционистік.

D)& Герменевтикалық.

E) Психологиялық.

*****

Интерпретация дегенді, бұрын, эмпирикалық материалды қорытудың, түсінудің шеберлігі немесе өнері деп келдік. С.В.Лурьенің айтқанындай, қай кезден бастап ол шығу тегі жаратылыстанудан өрбитін, эмпирикалық зерттеулер тәжірибесіне сүйенетін антропологияға қарсы теориялық альтернативаға айналды:

A) XX ғ. 90-шы ж. басынан бастап.

B) XX ғ. 70-ші ж. аяғынан бастап.

C) XX ғ. 80-шы ж. ортасынан бастап.

D)& XX ғ. шамамен 60-шы ж. бастап.

E) XX -ХХI ғ. тоғысында.

*****

Қандай бағыт интерпретация әдісін этнологиядағы басым әдіске айналуына себеп болды:

A) Релятивизм.

B) Диффузионизм.

C) Функционализм.

D)& Символизм.

E) Модернизм.

*****

Мәдениет құбылыстарын зерттеуде қолданатын төмендегі қай тезис символикалық және интерпретативті антропологияның арасындағы тығыз байланысты көрсетіп тұр:

A) Символикалық қалыптарды жіктеу және интерпретациялау.

B) Символикалық әлемнің әмбебап заңдылықтарын ашып, оларды ғылыми тұрғыдан интерпретациялау.

C) Мәтінде, объективті шындықты, өзіне сай бейнелеу және оны интерпретациялау.

D)& Символдық қалыптағы берілген (воплощенный) мәнді интерпретация арқылы түсіндіру.

E) Символдардың эволюциялық өзгерістері мен өзара тәуелділіктерін көрсететін, ғылыми талдау мен жіктеуге сүйенетін сипаттама.

*****

Интерпретацияның нәтижесінде қалыптасатын түсініктер «объективті шындық пен оған деген субъективті көзқарастар арасындағы компромисті» көрсетеді. Қай кезден бастап мұндай зерттеудің нәтижелерін этнологтар тәжірибе немесе ақылмен ойтүюге негізделген позитивті зерттеуден гөрі, интерпретация мен герменевтикалық түсіндірулерінің жемісі деп қабылдай бастады:

A) XX ғ. 20 - 30-шы ж.

B) XX ғ. 30 - 40-шы ж.

C) XX ғ. 40 - 50-ші ж.

D) XX ғ. 50 - 60-шы ж.

E)& XX ғ. 70 - 80-ші ж.

*****

Қай әдісті қолданғанда этнолог зерттеп отырған мәдениет өмірін бейтарап күйде - өзінікімен араластырмай қарастыруға тырысады және олармен эмоционалды байланысты екінші орынға қояды:

A) Эмпатия әдісі.

B)& Кірігіп бақылау әдісі.

C) Индивидуализация әдісі.

D) Бақылай отырып қатысу әдісі.

E) Қалдықтар әдісі.

*****

Қай әдісті қолданғанда этнограф «өзі мен басқалардың этнографиялық үрдістегі біріге қатысуын басынан кешіре отырып бақылайды». Ал, бұл жағдай ғылыми этнографиялық материалдың мәтінде бейнелену сипатының өзгеруіне себеп болады: «Басты кейіпкері этнографтың өзі болған этнографиялық мемуарды, немесе зерттеу объектісі басқалар болған стандартты монографияларды жазудың орнына – бәр көңілін этнографиялық диалогтың үрдісі мен сипатына ден қоятын тұтас этнографиялық баяндаудың ішінде - өзі мен басқалар бөлініп қаралмайды»:

A) Қалдықтар әдісі.

B) Генерализация әдісі.

C)& Бақылай отырып қатысу әдісі.

D) Кіріге отырып қатысу әдісі.

E) Эмпатия әдісі.

*****

Қай ғалымдарды этнологиялық (әлеуметтік/мәдени антропологиялық) зерттеудің герменевтикалық бағытының негізін қалаушы деп есептейді:

A) Эванс Притчард пен Клод Леви-Стросты.

B)& Клиффорд Гирц пен Виктор Тер­нерді.

C) Радклифф Браун мен Бронислав Малиновскийді.

D) Альфред Щюц пен Макса Веберді.

E) Питер Бергер мен Томас Лукман.

*****

Қай ғалым үшін әлеуметтік үрдісте белсенді күш ретінде іс-әрекет ететін символдың прагматикалық аспектісі бірінші кезекте қызықтыратын мәселе болды:

A)& Виктор Тернер.

B) Эрнст Кассирер.

C) Клод Леви-Строс.

D) Клиффорд Гирц.

E) Эванс Притчард.

*****

Қай ғалым үшін этнографиялық зерттеудің міндеті символдардың әлеуметтік өмірдегі рөлін және адамның қабылдау, сезу және ойлауына тигізетін әсерін анықтау болды:

A) Эдуард Тайлор.

B) Виктор Тернер.

C) Франц Боас.

D)& Клиффорд Гирц.

E) Бронислав Малиновский.

*****

Қай ғалым мәдениетті мәндердің жабық жүйесі - деп, сондықтан, этнологтың міндеті - ол жүйені мәтін ретінде оқу, талдау және түсіндіру – деп, қарастырады:

A) Карл Поппер.

B) Дж.Стюард.

C) Франц Боас.

D)& Клиффорд Гирц.

E) Эванс Притчард.

*****

Қай ғалым этнологтар (әлеуметтік/мәдени антропологтар) эмпирикалық деректі сипаттап жазумен шектелмеуі керек, олардың міндеті – сол мәдениет өкілінің іс-әрекеті мен ойлауының негізінде жатқан «тереңдегі мәндерді» аршып, алып шығуы керек деген қағиданы ұсынды:

A) Бронислав Малиновский.

B) Радклифф Браун.

C)& Клиффорд Гирц.

D) Фридрих Ратцель.

E) Лео Фробениус.

*****

С.В.Лурье қай ғалым туралы: «Оның символикалық тұғырнамасы негізінен символдар жүйесі мен күнделікті өмірдің арасында болатын, мәндерді тудыратын қабатты сипаттап жазуға бағытталған. Осылай, мәдениеттің барлық аспектісі - туыстық қатынастар, дін және саясаттан бастап, эконмикаға дейін, - саналы және бейсаналық күйдегі ақыл-ойдың әлеуметтік акциясы аясында қарастырылады» - деп жазады:

A) Эрнст Кассирер.

B)& Клиффорд Гирц.

C) Клод Леви-Строс.

D) Радклифф Браун.

E) Питер Бергер.

*****

Қай ғалым: «мәдениетті талдау, яғни, этнологтардың этнографиялық сипаттап жазулары –адамдар өздері ылғи да сипаттап және түсіндіріп отыратын - өздері тудырған әлемді екінші рет қайталап интерпретациялау, интерпретацияның интерпретациясы» - деп түсіндіреді:

A) Франц Боас.

B) Дж.Стюард.

C) Марсель Мосс

D)& Клиффорд Гирц.

E) Рут Бенедикт.

*****

Қай зерттеу әдісін қолданғанда зерттеушімен келесідей метаморфозалар болуы мүмкін: Этнолог Д. Хейэно этнографиямен айналысып жүріп, Калифорниядағы покер ойнайтындардың субмәдениетін зерттеу ісіне берілгендігі сонша, біршене жылдың ішінде ол, өзі зерттеп жүргендердің бірі болып шыға келді. Ал, Л.Долби, Жапониядағы гейшалардың әлеуметтік мәдениетін сонда жүріп зерттеуінен кейін: «гейша сияқты ойлау мен өзін ұстауды үйреніп алған соң, тәнімен де, жанымен де өзін өзі гейша деп сезінетіндігін» мойындайды:

A) Индивидуализация әдісі.

B)& Интерпретация әдісі.

C) Қалдықтар әдісі.

D) Генерализация әдісі.

E) Бақылау әдісі.

*****

Ғылым тарихын зерттеушілер кімді ХХ ғасыр соңындағы этнологиядағы (әлеуметтік/мәдени антропологиядағы) психоанализ бағытының ең белсенді өкілі деп санайды:

A) Дж. Деврёні.

B) Карл Юнгті.

C) Геза Рохеймді.

D)& Г. Стейнді.

E) У. Ла Барені.

*****

Қай ғалымның пікірі бойынша психоантропологияның міндеті - «бейсаналық құрылым мен саналы түрде көрініс табатын мазмұнның арасында болатын қарым-қатынасты және бұлардың (сыртқы, әлеуметтегі) шындыққа қатынасын зерттеу»:

A) К.Леви-Стростың.

B)& Г.Стейннің.

C) К. Гирцтің.

D) Р. Бенедикттің.

E) Э. Фроммның.

*****

Мазмұнын - топқа шынайылық деп қабылдау сезімін беретін және оның тарихи іс-әрекеттерінің негізі болатын, символикалық қалыпта бейсаналық жағдайда бәрі қабылдайтын қағидалар жиынтығы - деп сипаттаған қандай ұғымды Г.Стейн өзінің теориялық концепциясының орталық ұғымы деп ұсынады:

A) «Тобыр сезімі».

B) «Массаның идеологиясы».

C) «Қоғам идеясы».

D)& «Топ фантазиясы».

E) «Индивид санасы».

*****

Қай ғалым этникалық концепциясы қиял деп есептейді. Оның себебін: этникалық тамырды тануға тырысу дегеніміз, «ылғи да балалықта болғысы келетін... нарцисстік талпыныста» болумен бірдей» деп түсіндіреді:

A) К.Юнг.

B) Э. Фромм.

C)& Г.Стейн.

D) З. Фрейд.

E) Р. Бенедикт.

*****

Қай ғалым адамды тану - психо­анализ, этнология және социология өзара әрекеттескенде сәтті болады деп ойлайды және осы түсінікті өзінің «Реальность и сон» (1951), «Терапевтическое, образование» (1956), «Этнопсихоанализ» (1978), «Основные проблемы этнопсихиатрии» (1980) деген теориялық еңбектерінде іс жүзіне асырады:

A) Л. Долби.

B)& Дж. Деврё.

C) Геза Рохейм.

D) У. Ла Барре.

E) К.Юнг.

*****

Психоаналитикалық бағыттағы этнологтардың қайссының теориясының негізгі тезистерінің бірі: «индивидтерді писхиатриялық тұрғыдан сипаттау саласынан алынған клиникалық категорияларды мәдениетті этнологиялық тұрғыдан сипаттауға экстраполяциялау (көшіру)» болды және оның: «Человеческое животное», «Призрачный танец: происхождение религии» және «Поющая голова» атты ғылыми трилогиясы кеңінен танымал деген атаққа ие.

A) Г.Стейннің

B) К.Юнгтің.

C)& У. Ла Барренің.

D) Геза Рохеймнің.

E) Дж. Деврёнің.

*****

Психоаналитикалық бағыттағы этнологтардың қайссы діннің пайда болуында писхотерапевтикалық қызмет атқарған ғұрыптардың әртүрлі типін, сонымен бірге, оның пікірінше, осы құбылыста белегілі бір рөл ойнаған алкоголь, наркотик, галлюциногендерді қарастырды:

A) Геза Рохейм.

B) Дж. Деврё.

C) Г.Стейн.

D)& У. Ла Баре.

E) Эрих Фромм.

*****

Психоаналитикалық бағыттағы этнологтардың қайссы діндердің шығу мәселесін қарастыра отырып, кей ғұрыптардың ерекшелігін галлюциногенді өсімдіктерді пайдаланумен, сонымен бірге, адам биологиясымен байланыстыра зерттеуге тырысады:

A) Геза Рохейм.

B)& У. Ла Баре.

C) Г.Стейн.

D) Дж. Деврё.

E) Эрих Фромм.

*****

Психоаналитикалық бағыттағы этнологтардың қайссының шығармашылығының ең басты міндеті: биология мен психологияны адамның әлеуметтік ерекшелігімен байланыстыру болды және осы себептен ол психологиялық антропологияда, адам этологиясында этологиялық тұрғының негіізін қалаушылардың бірі деп орынды аталады. Оның «Этология және этнология» деген еңбегі кең танымал болды.

A) Геза Рохейм.

B) Эрих Фромм.

C) Г.Стейн.

D) Дж. Деврё.

E)& У. Ла Баре.

*****

Дж. Клиффорд этнография бойынша жазылған очерктер жинағының бірінде: «мәдениетті – растығына күмандануға болатын кодтар мен санаға ойша келтіретін еслестерден (представление) тұрады деп елестетеді» - деп кімдер туралы жазды:

A) Структуралистер.

B) Модернистер.

C) Экзистенциалистер.

D)& Постмодернистер.

E) Функционалистер.

*****

Сынаушылар постструктурализмді: ғылымның ағартушылық құндылығы мен демократияны жеккөретін постмодернизмнің философиялық көрінісі – дейді. Оның пайда болған нақты датасы қай жылдар. Дәл осы кезде социологиялық теория, әдебиеттану, философия және мәдениеттанудың синтетикалық өрісі пайда болып, оны біртұтас терминмен атау қажеттілігі туды. Ол мәртебеге «постструктурализм» ұғымы ие болды.

A) 1979- 1980 жылдар.

B) 1970- 1971 жылдар.

C) 1978- 1979 жылдар.

D)& 1975- 1976 жылдар.

E) 1973- 1974 жылдар.

*****

Зерттеу әдебиеттерінде кімдерді бірде постмодернистер, бірде постструктуралистер деп атайды:

A) Э.Фромм, Г.Рохейм, К.Юнгтерді.

B) Э.Притчард, Р.Браун, К.Леви-Стростарды.

C)& Р. Барт, М. Фуко, Ж. Лакандарды.

D) К.Гирц, Х.Медик, А.Людткелерді.

E) К.-С. Крэмер, X. Мозер, Р. Браун және Г. Баузингерлерді.

*****

Алғашқы кезде постмодернизм, немесе постструкту­рализмге кімдердің теорияларында дамытылған негізінен фолософиялық-мәдениеттанулық бағытты жатқызды Вначале к постмодернизму, или постструкту­рализму, относили в основном философско-культурологическое направление, развиваемое в теориях:

A) Э.Притчарда, Р.Брауна, К.Леви-Строса.

B)& Ж. Делеза, Ж.-Ф. Лиотара, Ж. Бодрийяра, Ж. Деррида,

C) Р. Барта, М. Фуко, Ж. Лакана.

D) К.-С. Крэмера, X. Мозера, Р. Брауна и Г. Баузингера.

E) К.Гирца, Х.Медика, А.Людтке.

*****

Қазіргі заман мәдениетіндегі қалыптасқан ахуалды «постмодернистік жай-күй» деп атаған Ф. Джеймисон мен Ж.-Ф. Лиотардың еңбектерінің арқасында «Постмодернизм» ұғымы қай кезден бастап мәдениеттанулық, социологиялық концепцияларда жетекші ұғымға айналды. Бұл сөз «XIX ғасырдың аяғынан бастап ғылым, әдебиет және өнердегі «ойын ережелерін» ауыстырған өзгерістердің жалғасы деп түсінілетін мәдениеттегі қазіргі жай-күй» деген мағынаны білдіреді:

A) ХХ ғ. 70-ші ж. ортасынан.

B)& ХХ ғ. 80-ші ж. басынан.

C) ХХ ғ. 60-шы ж. соңынан

D) ХХ ғ. 50-ші ж. басынан.

E) ХХ ғ. 90-шы ж. соңынан.

*****

«Жоғары дамыған қоғамдағы білім жағдайын» сипаттау үшін Ж.-Ф. Лиотар қандай сөзді қолданады:

A) «Экзистенция»

B) «Виртуальды»

C)& «Постмодерн»

D) «Интерпретация»

E) «Модерн»

*****

Этнологиялық зерттеулердегі қандай тұрғы өзгермелі, шекаралық, екіұшты, босаң күйде құралған мәдени құбылыстарды зерттеуге ерекше көңіл бөлетіндігімен ерекшеленеді:

A) Функционалистский.

B) Психологический.

C)& Постмодернистский.

D) Структуралистский.

E) Модернистский.

*****

Постмодернизм әлеуметтік құбылыс ретінде алдымен қай салада пайда болады:

A) Дінде.

B) Ғылымда.

C)& Көркем мәдениетте.

D) Саясатта.

E) Философияда.

*****

Қазіргі заманды этнологиялық тұрғыдан зерттеу тәжірибесінде «қосымшалық принцип» дегеніміз нені білдіреді:

A) Ақиқатпен қатар жалпымаңыздылық та білімнің критерийі ретінде есепке алыну керек дегенді.

B) Өзгермелі, шекаралық, екіұшты, босаң күйде құралған мәдени құбылыстарды зерттеуге ерекше көңіл бөлу қажеттігін.

C) Зерттеудегі субъекті мен объектіні нақты ажыратумен қатар, зерттеу құралдарын да бөліп қарастыру қажеттілігін.

D)& Зерттеушінің өзі зерттеу барысына ықпал етуші факторлардың бірі өзі екенін мойындап сезіну қажеттігін.

E) Әлеуметілік пен жалпылықтың индивидуалдылық пен жекеліктің алдында басымдылығын.

*****

Мәдени құбылыстарды зерттеудегі қай әдіснаманың аясында бұрын қолдану қажет емес деп есептелетін түйсікке (интуицияға), эмоционалды реакцияға көңіл аударуға жол беріледі:

A) Структурализм.

B) Функционализм.

C) Неоэволюционизм.

D)& Постмодернизм.

E) Неомарксизм.

*****

Қай әдіснаманың аясында іргелі мәдениеттанулық категорияларды: тілді (оның ұғымдарының нақты мәнін белгілеу мүмкін еместігіне байланысты), сананы (оның тіршілік етуі мен белгілі бір шындықты бейнелеуі мағынасында ештеңеге сүйене алмайтындығына байланысты), адамды және оны қоршаған ортаны (олардың үйреншікті шекара мен орталықтан айырылуына байланысты) түсіну түбірінен, приципиалды түрде, өзгеріске ұшырайды:

A) Структурализмде.

B)& Постмодернизмде.

C) Неоэволюционизмде.

D) Функционализмде.

E) Неомарксизмде.

*****

Элитарлы мен массалық мәдениеттің арасындағы, нақты мен ирреалдының арасындағы шекараны алып тастау мәселесін қойған, жиі хрестоматиялық постмодернистік мәтін деп есептелетін «Ордан өтіңдер, шекараны көміңдер» («Пересекайте рвы, засыпайте границы» (1969)) атты еңбектің авторы:

A) Ж. Лакан.

B) М. Фуко

C)& Л. Фидлер.

D) Ж.-Ф. Лиотар

E) Р. Барт

*****

Постмодернистік бағыттың аясында енгізілген қандай ұғым автордың бірмезгілде екіжаққа бірдей: массаға да, кәсіпқойларға да жүгіну мүмкіндігі мағынасын береді;

A) «Қосымшалық принципі».

B) «Коллаж техникасы».

C) «Нарратив».

D)& «Қосарлы кодтау».

E) «Топ фантазиясы»

*****

Постмодернизм өкілдерінің қайссы «Зұлымдықтың ашықтығы: экстремалды құбылыстар туралы эссе» («Откровенность зла: эссе об экстремальных феноменах» (1990)! атты еңбегінде қазіргі заман мәдениетін өткір тілмен сынап, оны «симуляциялық жағдай» деп бағалайды. Мұнда «біз барлық сценарийлерді қайталап ойнауға мәжбүрміз, өйткені оның бәрі бір кезде ойналған – бәрі бір - нақты ма, әлде потенциавлды түрде ме» - дейді:

A)& Ж. Бодрийяр.

B) Р. Барт

C) М. Фуко

D) Ж.-Ф. Лиотар.

E) Ж. Лакан.

*****

Постмодернизм өкілдерінің қайссы қазіргі заман мәдениеті шегіне жетіп, арнасынан асып, тасып кетті, сондықтан адамзат қордаланып қалған қоқысты тазартуға шамасы келмейді деп есептейді. Осының нәтижесінде көптеген мәдени құбылыстар қатып қалған, жансыз жағдайда – транс жағдайында – деп, осыған сай өз еңбегінің тарауларын: «Трансэстетика», «Транс­сексуальдылық», «Трансэкономика» - деп атайды:

A) Г.Стейн.

B) Ж.-Ф. Лиотар.

C) Р. Барт

D) Х.Медик

E)& Ж. Бодрийяр.

*****

Постмодернизм өкілдерінің қайссы қазіргі заман мәдениеті қуатсыз, ал, адамзат өзінің әрі қарай дамуына қандай болсын, әйтеуір бір тиімді импульсті тауып алуға қабылетсіз. Құндылықтар шашырап кетті, оның салдары - «тотальды конфузияға» ұшырауға ұласты» -дейді:

A) Х.Медик

B) Р. Барт

C)& Ж. Бодрийяр.

D) Ж.-Ф. Лиотар.

E) Ж. Лакан.

*****

Постмодернизм өкілдерінің қайссы қазіргі зама өнері симуляция кезеңіне аяқ басты, өйткені ол енді шындықты өзіне сай бейнелеуге тырыспайды, керісінше, оны бұрмалайды. Көркем қалыптар қайтадан тудырылмайды, тек әр нұсқада қайталана береді – дейді:

A) Х.Медик

B)& Ж. Бодрийяр.

C) Р. Барт

D) Ж.-Ф. Лиотар.

E) Г.Стейн.

*****

Постструктурализмнің ең көрнекті өкілдерінің бірі:

A) Эванс Притчард.

B) Клод Леви-Строс.

C)& Жак Деррида.

D) Клиффорд Гирц.

E) Радклифф Браун.

*****

Постмодернизм өкілдерінің қайссы жиі деконструктивизм деп аталатын оригиналды философиялық, мәдениеттанулық концепцияны жасап және осы концепцияның көмегімен бүкіл батысевропалық философия мен мәдениеттану дәстүрін сыни талдауға алады:

A) Ж.-Ф. Лиотар.

B) Ж. Лакан.

C) Г.Стейн.

D)& Жак Деррида.

E) Р. Барт

*****

Бұл стратегияның бастапқы нүктесі – зерттеуші, қарастырып отырған мәтінге сырттан қарайтын позицияны ұстана алмайды - деген қағидаға сүйенеді. Зерттеуші мәтінге бойлағандай (ішіне енгендей) болады деп есептеледі, ал, ондағы басты міндет - мәтіндегі «отралықтандырылған» құрылымды анықтау; бұл анықтау - негізгі, «орталық» және «шекаралық», яғни, басылып, еленбей қалатын мағыналық жиекті тауып алуға мүмкіндік береді. Мәтінге қолданатын осы ерекше зерттеу стратегиясын қандай ұғыммен атайды:

A) Коллаж техникасы.

B) Эмпатия.

C)& Деконструкция.

D) Интерпретация.

E) Ризома.

*****

Постмодернистік ойлауда бар әлем қандай күйде көрінеді (түсініліп қабылданады):

A) Бір руһты тұтас әлем ретінде.

B) Екі қарама-қарсы жаққа бөлінген түрінде.

C) Шексіз, шетсіз космос бейнесінде.

D) Субъект-объектілі қатынас түрінде.

E)& Шексіз, шетсіз мәтін ретінде.

*****

Постструктуралистер құрылымдық реттеуге тырысу әрекеттерінің орнына өсу, өзгеріс, даму үрдістеріне ерекше көңіл адудара отырып, өздерінің өсуді түсінуін бейнелі түрде паш ететін қандай ұғымды қолданады:

A) Коллаж.

B) Деконструкция.

C) Шизоанализ.

D)& Ризома.

E) Детерриторизация.

*****

Этнологиядағы қай бағытқа классикалық «Мен» ұғымының субъект ретіндегі мәнінің жойылуы тән. Индивидаулды «Мен» орнына онда субъект ретінде коллективті сана ұғымын қолданады:

A) Структурализм.

B) Релятивизм.

C)& Постмодернизм.

D) Диффузионизм.

E) Когнитивизм.

*****

Этнологиядағы қай бағыт аясында мәнге деген жаңа көзқарастағы тұрғы қалыптасып, мәтін мәнге ие деген ұғымды жоққа шығаруға бағытталған «деконструкция» термині арқылы көрініс тапты:

A) Структурализмнің.

B) Релятивизмнің.

C) Символизмнің.

D)& Постмодернизмнің.

E) Когнитивизмнің.

*****

Этнологиядағы қай бағыт аясында ең басты міндеттердің бірі – билікті символикалық құрылымдармен байланыстылықта зерттеу - деп есептеледі:

A) Структурализмнің.

B)& Постмодернизмнің.

C) Диффузионизмнің.

D) Релятивизмнің.

E) Функционализмнің.

*****

Этнологиядағы қай екі бағытқа кеңістік пен уақыттық шекараны өшіру тән. Бойына өткен мен болашақты бірдей сіңіре отырып, мәдениеттегі бұл екі бағыт алдындағы тәжірибемен үнемі сабақтастықты үзбей, өзінің табиғаты жағынан мозаикалы-цитаталы, интермәтінді (гипермәтінді) болып келеді. Қазіргі заман адамының әлемі ешқандай біріктіруші принципке саюға келмейтін плюралисті күйде:

A) Функционализм мен структурализмге.

B) Неоэволюционизм мен неопозитивизмге.

C) Релятивизм мен құндылықтар тұрғысына.

D)& Постмодернизм мен постструктурализмге.

E) Этнопсихология мен диффузионизмге.

*****

Этнологиядағы қай бағыт өзіне әдіснамалық негіз ретінде мәдениеттің ағартушылық бейнесін алады. Оның басты элементі – адамға қоршаған ортасын тануға мүмкіндік беретін – ойлау:

A) Релятивизм.

B)& Когнитивті антропология.

C) Структурализм.

D) Функционализм.

E) Символикалық антропология.

*****

Этнологиядағы қай бағыттың көзқарасы бойынша мәдениет - адам іс-әрекетін құрастырушы және шектеуші ережелердің жиынтығы ретінде ұйымдастқан символдар жүйесі - деп түсініледі:

A) Неоэволюционизмнің.

B) Постмодернизмнің.

C) Релятивизмнің.

D) Структурализмнің.

E)& Когнитивті антрополо­гияның.

*****

Этнологиядағы қай бағыттың көзқарасы бойынша мәдениет – индивидтер үнемі іске асырып отыратын түсініктер мен өзін ұстауының (мінез-құлықының) қалыпқа түсу үрдісі, іс-әрекет пен өзара әрекеттестік жоспарының қалыптасуы, ақпаратпен алмасу – деп түсініледі:

A)& Когнитивті антрополо­гияның.

B) Постмодернизмнің.

C) Неоэволюционизмнің.

D) Структурализмнің.

E) Релятивизмнің.

*****

Этнологиядағы қай бағыттың көзқарасы бойынша әлем туралы түсініктің әртүрлілігі және белгілі деңгейдегі адамдар арасындағы өзара түсінбеуі мәдени тәртіптің сақталуына қызмет етеді - деп түсініледі:

A) диффузионизмнің.

B) Постмодернизмнің.

C)& Когнитивті антрополо­гияның.

D) Структурализмнің.

E) Неоэволюционизмнің.

*****

Рационалды жағы эмоциялармен тығыз байланысты алғашқы қауымдық ойлау туралы кімнің еңбегі когнитивті антрополо­гия аясындағы бірінші және ең маңызды зерттеу деп бағаланады:

A)& Леви-Брюльдің.

B) Ж. Пиаженің

C) Леви-Стростың

D) М.Мидтің.

E) Э. Сепирдің.

*****

Кімнің көзқарасы бойынша ойлауда мәдениетаралық өзгешеліктер болуының негізгі себебі -дәстүрлі қоғам адамының абстрактілі ойлауға қабылетсіздігі. Оның теориясы бойынша мәдениетті игеру үрдісі – интеллектінің дамуы, біртіндеп қисынды операцияларды игеру арқылы іске асады:

A) М.Мидтің.

B)& Ж. Пиаженің

C) Д.Т. Кемпбеллдің

D) М. Херсковицтің

E) М. Коулдың

*****

Балалық шақтың ерекшелігіне байланысты М.Мид мәдениеттің үш типін бөліп алып қарастырады (қай нұсқа дұрыс):

A) Префигуративті – мұнда балалар алдыңғы буыннан үйренеді; кофигуративті – мұнда балалар да, ересектер де алдыңғы буыннан үйренеді; постфигуративті – мұнда ерексетер өздерінің балаларынан да үйренеді.

B) Постфигуративті - мұнда балалар да, ересектер де замандастарынан үйренеді; кофигуративті - мұнда балалар алдыңғы буыннан үйренеді; префигуративті - мұнда ерексетер өз тәжірибесінен, сонымен бірге балаларынан да үйренеді.

C)& Постфигуративті - мұнда балалар алдыңғы буыннан үйренеді; кофигуративті - мұнда балалар да, ересектер де алдыңғы буыннан үйренеді; префигуративті - мұнда ерексетер өздерінің балаларынан да үйренеді.

D) Кофигуративті - мұнда ерексетер өздерінің балаларынан да үйренеді; префигуративті - мұнда балалар алдыңғы буыннан үйренеді; постфигуративті - мұнда балалар да, ересектер де алдыңғы буыннан үйренеді.

E) Префигуративті - мұнда ерексетер өз тәжірибесінен, сонымен бірге балаларынан да үйренеді; постфигуративті - мұнда балалар алдыңғы буыннан үйренеді; кофигуративті - мұнда балалар да, ересектер де замандастарынан үйренеді.

*****

«Лингвистикалық шарттылық принципі» басқаша қалай аталады. Бұл принцип бойынша біздің ойлауымыздың бейнесінің (ерекшелігінің) қалыптасуы тілдік қалыптан тәуелді. Балалық кезде бойға сіңірілген тіл әлемді көру мен оны санада құрастырудың ерекше тәсілін анықтап береді:

A) Мид-Бенедикттің.

B)& Сепир - Уорфтың.

C) Коул-Скрибнердің.

D) Витгенштейн-Соссюрдің.

E) Салинз-Стюардтың.

*****

Адам санасы қоршаған ортамен тұрақты байланысты не арқылы ұстап тұрады:

A) Ғылыми білім.

B) Сенім.

C)& Символикалық қалыптар.

D) Философиялық ақиқат.

E) Жинақталған тәжірибе.

*****

Символикалық өзараәрекеттестік теориясы кең тараған символдардың қандай мәнін ашуға мүмкіндік береді: (Қай нұсқа қойылған сұраққа мағынасы жағынан ең нақты дұрыс жауап болады):

A) Іс-әрекет субъектісінің шын ниетін жасырып тұратынын.

B) Шындықты объективті түрде бейнелейтінін.

C)& Іс-әрекет мотивтерінің күрделі араластығын ынталандыруын.

D) Жекелеген индивидтердің субъективті ниеттерін объективтендіретінін.

E) Шындықты алдамшы елес тудыру мақсатында бұрмалайтынын.

*****

Қоғамдық тірліктің әртүрлі салаларындағы символикалық өзараәрекеттестіктің қарапайым мысалдары (қай салада, не арқылы көрініс табады):

A) Экономикада - ғұрып, саясатта - ақша, дінде – митинг.

B)& Экономикада - ақша, саясатта - билік, дінде – ғұрып.

C) Экономикада - забастовки, саясатта - жалау, дінде – ғұрып.

D) Экономикада - жалау, саясатта - крест, дінде – ұран.

E) Экономикада - митинг, саясатта - ұран, дінде – дұға.

*****

Э.Кассирэр үшін адам табиғатының кілті неде. Адам неге соншалықты беріліп кеткен және олсыз ол ештеңені көре де, біле де алмайды:

A) Білім.

B)& Символ.

C) Теория.

D) Тәжірибе.

E) Идея.

*****

ХХ ғасырдың екінші жартысынан гуманитарлы ғылымдарда қолданыла бастаған символикалық тұрғының қалыптасуында ерекше рөл атқарған мәдениет феноменологиясының оригиналды концепциясы қай неміс философының «Символикалық қалыптардың философиясы» («Философия символических форм») атты еңбегінде баяндалады:

A) Эрнст Трельчтің.

B) Макс Вебердің.

C)& Эрнст Кассирердің.

D) Вильгельм Дильтейдің.

E) Раймонд Аронның.

*****

Леви-Стростың аңыз бен ритуалдарды талдауында қандай ұғым маңызды әдіснамалық рөлді ойнайды. Ол мәдениеттің генезисі мен даму механизмін немен байланыстырады:

A) Зерде. Танымға қабылеттілігімен.

B) Тәжірибе. Еңбек үрдісіндегі жасампаздық қабылетпен.

C)& Символ. Ойлаудың символға айналдыру қабылетінің күшімен.

D) Сенім. Қайғыға ортақтасу қабылеттілігімен.

E) Идея. Алдын болжай алу қабылеттілігімен.

*****

Неоэволюционизм идеясы кімнің еңбектерінде ең толық қарастырылған және қай елде кең тараған:

A) Дж. Стюардтың, Францияда.

B) М. Салинстің, Германияда.

C)& Л. Уайттың, АҚШ-та

D) Д. Беннеттің, Италияда.

E) Р. Неттингтің, Англияда.

*****

Л.Э. Уайт философия, социология, саяси ғылымдарды, мәдени антропологияны Луизиана мен Чикаго университеттерінде, Колумбия университетінде оқыды. Оқып жүрген кездерінде кімдердің және қай жердегі мәдениетіне далалық зерттеулер жүргізді:

A) Майя үндістерінің, АҚШ-тың оңтүстігіндегі.

B) Тамилдердің, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы.

C) Пигмейлердің, Оңтүстік Африкадағы.

D)& Пуэбло үндістерінің, Оңтүстік-Батыс АҚШ-тағы.

E) Кечуа үндістерінің, Латын Америкасындағы.

*****

Адам мен қоғамның пайда болуына байланысты эволюционистік көзқарасты берік ұстанғаны үшін Мичиган университеті орналасқан Анн-Арбора қаласындағы католиктік шіркеу кімді шіркеуден аластады:

A) Дж. Стюардты.

B) Д. Беннетті.

C) Р. Неттингті.

D) М. Салинсті.

E)& Л. Уайтты.

*****

Ғылымға «мәдениеттану» терминін енгізген және тұтас ғылым аясында мәдениетті зерттеудің негізін қалаған - деп танылған ғалым:

A) Дж. Стюард.

B) Р. Неттинг.

C)& Л. Уайт.

D) М. Салинс.

E) М. Харрис.

*****

Кейінде «Уайттың заңы» деген атақа ие болған Л.Уайттың қағидасы қандай мағынаны білдіреді. Бұл қағида бойынша мәдениеттің дамуы ненің ұлғаюынан көрінеді:

A) Табиғаттан алшақтаудың.

B) Қоршаған орта туралы білімнің.

C)& Адамның қолданатын энергияның көлемінің.

D) Мәдениеттің өзіне сіңіріп алып жатқан кеңістіктің.

E) Табиғат пен де, қоғамдар арасындағы да қақтығыстардың.

*****

Л. Уайттың пікірінше мәдениеттің тамыры адамдардың еркін түрде заттарға (символикалық) мән беру қабылетінде. Ол мән нені білдіреді:

A) Заттың ақиқат мәнін бейнелейді.

B) Заттың мазмұнын түрлендіріп өзгертеді.

C) Заттың негізігі мағынасын ашып көрсетеді.

D)& Заттың өзіне тән еместі.

E) Заттың нақты бейнесін қайтадан жасайды.

*****

Л. Уайттың мәдениеттанулық концепциясында қайссына орын табылмады::

A) Табиғатқа.

B) Экономикаға.

C)& Адамға.

D) Қоғамға.

E) Зердеге.

*****

Әр символда бір-бірінен ажырамайтын байланыста болатын екі жақ:

A) Саналылық пен бейсаналылық.

B) Ішкі және сыртқы.

C)& Физикалық қалып пен мән.

D) Сезім мен рационалдылық.

E) Ашықтық пен жабықтық.

*****

Символикалық өзараәрекеттесу барысында индивид қоғамда түзіліп шыққан нені игереді:

A) Идеи мен теорияны.

B) Тәжіірибе мен әдісті.

C) Білім мен дағдыны.

D)& Бейнелер мен мағыналарды.

E) Норма мен ережелерді.

*****

Символикалық өзараәрекеттесу барысында индивид қоғамда түзіліп шыққан бейнелер мен мағыналарды игереді. Мұндай игеру арқылы әр нақты адам басқа адамдардың мотиві мен талпынысын қабылдайды және өзінің мотиві мен талпынысын қалыптастырады. Нәтижесінде тізбектелген байланыс пайда болады. Төмендегі қай нұсқада осы тізбектің реті дұрыс берілген:

A) Мотив - белгі - стимул - өзіндік сана.

B) Өзіндік сана - белгі - стимул - мотив.

C)& Стимул - белгі - мотив - өзіндік сана.

D) Белгі - стимул -мотив - өзіндік сана.

E) Өзіндік сана - мотив - белгі - стимул.

*****

«Интеракционисттердің ең маңызды сіңірген еңбегі нелердің арасындағы өзара қатынасты зерттеу болды:

A) Мәдениет дамуы үрдісіндегі диахрония мен синхронияның.

B) Қоғамдық дамудың құрылымдық және тарихи негіздерінің.

C)& Әлеуметтік үрдістегі символикалық және функцио­налдық қырларының.

D) Мәдени құбылыстардың қалпы мен мазмұнының.

E) Қоғамдық даму деңгейінің сандық және сапалық сипаттамаларының қоғамдық дамудың.

*****

Символикалық интеракционизм теориясын жасаушы деп қай америкалық зерттеушіні айтады:

A) А. Халлерді.

B) Л. Уайтты.

C)& Дж. Мидті.

D) В. Оствальдті.

E) Ч. Кулиді.

*****


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 172 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
2) Этнос – это основное, базовое понятие в этнологии (этнографии). Оно употребляется в научной литературе вместо названия «народ». Например: русский этнос, татарский этнос (для сравнения - русский | Вопрос №1 Объект и предмет этнологии

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.186 сек.)