Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәжірибелік сабақтардың жұмыс жоспары 2 страница



Алынған табыстар шаруашылық субъектісі қызметінің түріне және бағытына байланысты негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен алынған табыстар болып бөлінеді. Негізгі қызметтен алынған табыстар мен негізгі емес қызметтен алынған табыстардың қосындысы оның жиынтық табысын құрайды.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Мәтіннен таныс емес сөздерді жазып алыңыз, аударыңыз.

 

3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз.

4-тапсырма. Берілген мақалдың мағынасын түсіндіріңіз. Орыс тіліндегі баламасын дұрыс орналастырыңыз.

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Того нет замка, бы устоял против который денег.

Ақшада көз жоқ.

Нет денег у глаз.

5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар:

Денежная единица, денежная масса, денежно-кредитное регулирование, денежно-кредитный кризис, денежное обращение, денежные знаки, денежный агрегат, денежный начет.

6-тапсырма. Мына сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз:

табыс, кіріс, пайда, кәсіпорынның жалпы табысы, өзіндік еңбек әрекетінен түсетін табыс.

7-тапсырма. Сөйлемдерден салалас құрмаласты тап.

Бұл күнде ел де өзгереді, адамдар да өзгереді. Көп уақытқа дейін ақшаның рөлін әр түрлі тауарлар атқарды. Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар. Ақша саясаты ақша айналымы заңын өмірге келтірген. Негізгі активті операцияларға банкаралық несие беру жатады.

 

8-тапсырма. Сөйлемдерден салалас құрмаласты тап, қалай байланысып тұрғандығын анықтаңыздар.

 

Сегіз жасынан бергі, өмірін теңіз бетінде өткізген оның талай қызықтыәңгімелері бар екен және дәмдендіріп айтады. Әсемгүл сәлем беріп еді, -ол қырын қарап кетті (Ғ.С.). Ректорат мынаны еске салады: студенттерді ерте бастан ғылымиеңбек жазуға төселдіру. Жаны шығып кете жаздады, өйткені оның қолына түскен ыдыс сау қайтқан емес. Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын. Біресе бір адым озып кетеді, біресе кейін қалып қояды.

 

4. СОӨЖ. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру.

Мәтінді аудару.

Кәсіпорынның табысы мен шығысының есебі қаржылық есептіліктің 18 «Табыс» халықаралық стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Табыстың дұрыс жіктелуі ақпаратты пайдаланушыға компанияның операцияларын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Табыс есебін дұрыс ұйымдастыру үшін операциялық қызметтен алынатын және операциялық емес қызметтен алынатын табыстарды бөліп көрсету қажет. Негізгі қызметтен алынған табысты есепке алғанда табысты тану мерзімі негізгі сұрақ болып табылады. Табыс қағидасына сәйкес, есепті кезең табысы өлшеніп танылғаннан кейін дәл осы кезеңнің шығысын өлшеп тану үшін сәйкес келу қағидасы қолданылады.



Сатып алушыларға жасалған сату шегерімдерінің барлық түрі шартта және басқа да құжаттарда айтылып, есеп айырысу-төлем құжаттарында көрсетілуі керек.

Кәсіпорынға тұтастай алғанда қызмет көрсетуге және оның өндірістік-шаруашылық қызметін басқаруға байланысты жалпы шығатын шығындар жалпы және әкімшілік шығындар болып табылады.

 

4. СӨЖ. Келісімшарт.


Бесінші сабақ

Лексикалық тақырып: Еңбек нарығы

Грамматикалық тақырып:

Күрделі сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтас.

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

- әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

- еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын және бірде - бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

- жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

 

2- тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттаңыз.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секілді тез суалар.

***

Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айрылмас азап.

***

Жұмысы жоқтық,

Тамағы тоқтық,

Аздырар адам баласын.

***

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық.

Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап,

Қор етеді, кулығын ішке сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

***

Ақылмен ойлап білген сөз,

Бойына жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз,

Бар тамырды қуалар.

(Абай)

***

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

(Төле би)

***

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.

3- тапсырма. Коп бағыныңқылы сабақтастардың қайсысы сатылы, қайсысы жарыспалы екендігін анықтап, схема түрінде көрсетіңіздер.

 

Аспан қаһарының ббарлығын жерге төгіп болған соң, күн жадырап, ауа шайдай ашылды. Мен үйге кіргенде, күн батып, үй іші қара көлеңке болып қалған еді. Машина жақындаған сайын, қала да қойнын ашып, көшелері кеңи береді. Баста бірін-бірі онша жақсы білмесе де, осында келгеннен кейін, семьялары қатты араласып, туыстай боп кеткен-ді. Максатты тыңдай отыра, оның сөздерінен көңіліне қауіп ала отыра, Айжанға көлденең, бір ой кеп кетті.

5. СОӨЖ. Еңбек шартын қалай жасасу керек?

Оқыңыз! Білініз!

Тіршілік пікір жоқ 307 рет оқылды

Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз үшін қуанышты сәт. Алайда жұмысқа қабылдану барысындағы нысандылықтарды

Сізді жұмысқа қабылдады. Сіз үшін қуанышты сәт. Алайда жұмысқа қабылдану барысындағы нысандылықтарды сақтауды естен шығармаңыз. Бүгінгі күні жұмыс беруші мен жұмыс алушы құқықтарының тең еместігін білу керек. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдауда басымдыққа ие еңбек шартын құрастыруда да, алдымен оның талаптары ескерілген. Алайда өзіңіздің негізгі құқықтарыңызды біліп, оларды қолдануға Сіздің мүмкіндігіңіз бар.

Жұмысқа қабылданғанда жұмыскерден бұрынғы жұмысынан анықтамалар, бұрын алған төлемақы туралы мәлімет, отбасылық жағдайы, бұрынғы жұмыстағы мінездемелері, т.б – осы документтерден басқасын талап етуге заңмен тыйым салынады.

Жеке еңбек шартын жасасу. Жұмысқа қабылдау барысында жеке еңбек шартын жасасу шарт (ары қарай – келісімшарт). Ол жазбаша негізде екі данамен Сіздің және жұмыс берушінің қолдары қойылып, әрқайсысына бір данадан қалады. Жұмыскер келісімшартының бір данасы алынғандығы туралы жазбаша негізде расталады. (Сіз жұмыс берушінің данасына өз данаңызды алғандығыңыз жөнінде белгі қоясыз).

Жұмыскердің іске кірісу күні, яғни жұмыстың басталуы келісімшартта көрсетіледі.

Келісімшарт жасалғаннан кейін, жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдауы жөнінде бұйрық шығарып, Сізге қолхат ретінде берілуі тиіс.

Тәжірибе көрсеткендей, келісімшарт мүлдем не дұрыс жасалмаған оқиғалар көптеп кездеседі. Келісімшартсыз жұмысқа қабылдануға келіссеңіз, онда Сіз өз құқықтарыңызды толықтай қорғай алмайсыз. Алайда бұл Сіз барлық құқықтарыңыздан айырыласыз деген сөз емес. Жұмысқа қабылдау бұйрығы мен жұмысқа кірісу фактісі келісімшарттың жасалғанын растайды. Алайда қарама-қайшылық туындаған жағдайда, Сіз төлемақы көлемін, қызмет міндеттемелерін тағы басқа жағдайларды дәлелдей алмайсыз. Өйткені олар ешқайда көрсетілмеген. Сондықтан, келісімшарттың жазбаша формасы Сіз үшін маңызды.

 

 

5. СӨЖ. Еңбек нарығына байланысты реферат жазыңыз.

Алтыншы сабақ

Лексикалық тақырып: Еңбекақының түрлері мен нысандары (формалары)

Грамматикалық тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлем.

 

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

 

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына төленеді. Негізгі еңбекақыға мыналар жатады:

1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.

2. Сыйлықтар мен сыйақылар.

3. Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға – еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Олар:

1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.

5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

6. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және да басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.

7. Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер жатады.

Өндіріс пен құрлыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімді деп аталатын екі нысананы (формасы) қолданылады.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердің жұмыс істеген уақытына, оның жұмыста болған уақытына төленеді

Мерземдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

Ø Жай мерзімді- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді;

Ø Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма

Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз

 

3-тапсырма. Мәтіннен таныс емес сөздерді жазып алыңыз, аударыңыз.

 

4-тапсырма. Сөйлемді аударыңыз.

Есеп менеджері салымшыға банк басшысының атына алғаш өтініш жаздырып, келісім-шартқа отыруы қажет. Осы құжаттарды толтыру арқылы бақылаушы салымшыға кіріс ордерін толтырып, кіріс кассасына нақты ақшасымен, яғни салымын қабылдауға жібереді.

4-тапсырма. Сөйлем құраңыз.

Жинақ кассасы, салымшы, қабылдау, банк қызметкері, есеп ашу.

 

5-тапсырма. Сөйлемнен сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

 

6-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерін аударыңыздар.

 

Ақы, жалақы, еңбекақы, төлем, еңбек құны, жекелей тұтынуы, көрініс, ақшалай көрініс, мерзімді, кесімді, нақты, жалақы жүйесі, көтермелеу, сыйлық беру, фактор жүйесі, номиналды жалақы, нақты жалақы.

 

7-тапсырма. Мына сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құрастырыңыздар.

Ақы, жалақы, еңбекақы, төлем, еңбек құны, жекелей тұтынуы, көрініс, ақшалай көрініс, мерзімді, кесімді, нақты, жалақы жүйесі, көтермелеу, сыйлық беру, фактор жүйесі, номиналды жалақы, нақты жалақы.

 

6. СОӨЖ. Жалақы, оның түрлері.

Мәтінді мазмұндаңыз, аударыңыз.

Жалақы дегеніміз-жұмысшының өндіріске жасаған еңбегіне алатын ақысы. Жалақы-еңбек құны. Жалаққы еңбекке қарай бөлудің түрі. Қажетті еңбек шығынын толтырады. Жалақы-қызметкердің қоғамдық өндірісте жұмсаған еңбегінің саны мен сапасы сәйкес олардың жекелей тұтынуына келіп түсетін, қажетті өнімнің негізгі бөлігінің ақшалай көрінісі.

Жалақының екі түрі бар: мерзімді жалақы және кесімді жалақы. Мерзімді (күндік, айлық) жалақы мөлшері нақты істелген жұмыс уақытының ұзақтығына және жұмысшының мамандығына, ал кесімді жалақы сапалы шығарылған өнімнің көлеміне байланысты болады.

Жалақы жүйелері: көтермелеу, сыйлық беру, факторлар жүйесі (техниканыжақсырақ пайдалануға, материалдарды үнемдеуге, т.б.). Жалақы номиналды және нақты жалақы болып бөлінеді. Номиналды жалақы дегеніміз – жұмысшының ақша түрінде алатын жалақысы. Нақты жалақы – бұл номиналды жалақыдан салықтарды және басқа төлемдерді ұстап қалғаннан кейін оның қолында қалатын ақшалай ақысы.

 

6. СӨЖ.Сенімхат

Жетінші сабақ

Лексикалық тақырып: Бухгалтерлік есеп.

Грамматикалық тақырып: Біріңғай мүшенің тыныс белгілері.

1-тапсырма. Мәтінді мазмұндаңыз.

Ұлттық экономика нарықтық жолдармен қалыптасып, өз ақшамыз өмірге еніп, саяси экономикалық үрдістер өтпелі кезеңде тұрған шақта бухгалтерлік есеп пен есеп қисап жұмыстарының атқаратын міндеттері өте зор.

Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жасауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығынын да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:

болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай- ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;

қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер) арқылы ұйымды басқару барысыңда түрлі шешім қабылдайды.

Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты – кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайым әрі түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.

Сөздерді есте сақтаймыз:

айналым қаражаттары – оборотные средства

бағыт – направление

басшы – руководитель

есеп – учет, задача

жалдау – нанимать

жауапты – ответственный

жауап береді – отвечает

көшуде - при переходе

өтпелі кезең – переходное время, переходный период

нұсқау – указание

пайдалылық – прибыльность, рентабельность

тиімді – эффективный, рациональный

 

 


Лексика-грамматикалық тапсырмалар

2-тапсырма. Сөйлесім үлгілерін жалғастырыңыздар.

1.- Бухгалтерлік есеп дегеніміз не?

- Бухгалтерлік есеп дегеніміз кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметтерінің нәтижелерін есепке алу жүйесі.

2. – Бас бухгалтер нені қадағалайды?

- Бас бухгалтер шаруашылықты жүргізі жөнінде көптеген нұсқаулардың сақталуын қадағалайды.

3. Бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына не жатады?

-..........

4. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында қандай қызмет атқарады?

-.......

 

3-тапсырма. Мына сұрақтарға ауызша жауап беріңіз.

1. Бас бухгалтер дегеніміз кім?

2. Кассир нені қадағалайды?

3. Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін кім өндейді?

4. Бухгалтерлік есептің негізі дегеніміз не?

4-тапсырма. Сөйлемдегі сөздерді дұрыс орналастырыңыз.

1. Басқару түрлі қабылданады ұйымды барысыңда шешім.

2. Керек уақытына мәліметін ұйымның қаржылық-ақпараттық дейін сақтайды.

3. Ақпараттық есеп қарастырады басқарушылық тек қана мәліметтерді.

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғаңыз.

1. Белгіленген заңға сәйкес, дұрыс жасалын.... қаржылық ақпарат... мәліметтерді дер кезінде пайдаланушылар... жеткізіп беріп отыру кез келген кәсіпорында... бухгалтер... кәсіби міндет.... болып табылады.

2. Бухгалтерлік есеп ғылымы... шығ... тарихы ерте.... басталған. Ол бұдан көпгеген жұзжылдық... бұрын пайда бол..., бүгінгі күн... дейін әрбір кезеңдердің уақыт талаптары.... сәйкес дамып келеді.

3. «Бухгалтер термині» XV ғасырда Австрия қаласын... пайд... болған.

Кез келген ұйымда бухгалтер... есеп жұмысын жүргіз... экономика... мәселелер... негізгі және басты қажеттіліг... болып табылады.

6-тапсырма. Біріңғай мүшелердің тыныс белгісін түсіндіріңіз.

Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімді есепке алуға, сатып-өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де ұқыпты етіп бөліп жасауға, яғни кәсіпорындағы шаруаптылық үдерістердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық үдерістердің, сондай-ақ шаруаптылық операқияларының барлығынын да есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады.

Белгіленген заңға сәйкес, дұрыс жасалықған қаржылық ақпараттық мәліметтерді дер кезінде пайдаланушыларға жеткізіп беріп отыру кез келген кәсіпорындағы бухгалтердің кәсіби міндеті болып табылады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - барлық кәсіпорындарда орындалатын операқиялардың уақтылы есепке алынып, олардың қазіргі күнгі уақыт талаптарына сай орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау.

7-тапсырма. Біріңғай мүшелерді ажыратып, тыныс белгілерін қойып, тексті көшіріңіз.

Қара қошқыл кілегей бұлттың жоғарғы шетін ала кірген ай бір көрініп сүңгіп,... дәл жасырынбақ ойнағандай құбылды. Әрі сұлу әрі сенімді мықты үміт. Ұйымнын бухгалтерлік балансы ілгеріде айтылғандай белгілі бір уақытқа яғни айдың тоқсаннын немесе жылдың басына жасалынады.

Бұдан шығатын қорытыңды бухгалтерлік шоттың бастапқы қалдығы баланстын есепті кезеннің басындағы сомасы деп аталатын бағанынан алынады да керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстын есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады.

8-тапсырма. Жұмбақты аударып шешімін табыңыздардар.

 

1. Есть он в банке, ресторане,

И на фабрике, и в бане.

Он деньгам ведет учет:

Где расход, а где приход.

Математику он знает,

Цифры быстро сосчитает,

Здесь расход, а здесь приход –

Ничего не пропадет!

2. В фирме прибыль он считает,

Всем зарплату начисляет.

И считать ему не лень

Все налоги целый день.

3. Расчет зарплаты – знать пора –

Проводят в срок.....


7. СОӨЖ. Материалдардың бухгалтериядағы есебі

Мәтінді мазмұндаңыз.

Материалдардын бухгалтериядағы талдамалық есебі сан-дық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудын көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұгымды жаңа түрлері еңгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсартылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолданылуда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардын талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардын әр номенклатуралық нөміріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардын айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 118 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>