Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Қазақстан Конституциясындағы демократия принциптері 6 страница



63. Этика. Этикет. Эстетика және баспа ісі

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.

Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады. Қайта өркендеу дәуірі ойшылдарының, жазушыларының, суретшілерінің (Ф.Петрарка, Л.–Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, Бруно, Монтель, т.б.) еңбектерінде адамгершілік сипаттағы реалистік бағыттар дамыды.



Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі. А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған. Өнер — мәдениеттің маңызды саласының біріЭстетика этикамен өнер мен өнегелілік қалай байланысты болса, солай тығыз байланысты. Өйткені өнер адам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілік, ізгілікке тәрбиелейді. Көркемдікке сүйсіну, соны тамашалаған сәтте сезімге бөлену барысында жанымыз тазарады. Жан тазалығы—ар тазалығы. Олай болса, эстетикалык тәрбие — имандылық, ғибраттылық тәрбиесінің бір тарауы.

64. ҚР «Баспа ісі туралы» Заң жобасы туралы пікірің? Қандай мәселелер қамтылмаған деп ойлайсыз?

65. Баспагер, журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі

66. Ұлттық-халықтық салт-дәстүрдің баспа ісіндегі көрінісі

67. Журналист этикасы мен құқығы туралы жалпы түсінік

Журналист өзінің қызметінде кәсібі, сөз бен ақпарат бостандығы, ішкі саяси тұрақтылықты, конфессияаралық, этносаралық келісімді сақтау, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік пен қоғамдық адамгершілік ахуал мүддесі үшін қызмет жасайды.

Журналист қолы қойылған, бүркеншік немесе анонимді атымен, бірақ рұқсаты және келісімі бойынша таратылған кез келген хабарламаның сенімділігі үшін өзінің атымен және беделімен жауап береді.

Журналист қоғамның моральдық және этикалық қағидаттарының нығаюына ықпал етеді.

Журналист адалдық пен қасақанашылдық емес қағидаттарын ұстанады, кез-келген сырттан жасалатын қысымды жоққа шығарады. и

Бұқаралық ақпарат құралдары ту­ра­лы Қазақстан Республикасының 1999 жыл­ғы 23 шілдедегі №451-1 За­­ңының 20-бабында журналистiң құ­қықтары бел­гіленген. Журналистiң: 1) ақпаратты iз­дестiрудi жүзеге асыру­ға, сұратуға, алу­ға және таратуға; 2) мем­лекеттiк ор­ган­дарға, барлық мен­шiк нысанда­рындағы ұйым­дарға ба­руы­­на және өзiнiң қызмет ба­бындағы мiн­деттерiн жүзеге асыруға бай­ланыс­ты олардың лауазымды адам­да­рының қа­былдауында болуға, жабық шара өт­кi­зу туралы шешiм қа­был­дан­ған­нан бас­қа жағдайда өзiн тiркеген орган өт­­кi­зе­тiн барлық шаралар­ға қатысуға; 3) ҚР заң актiлерiнде тыйым салынған жағ­дай­ларды қоспағанда, жазбалар, со­ның iшiнде оларды дыбыс бейне тех­­ни­касын, кино-фото түсiру құрал­да­рын пайдалана отырып жасауға; 4) жур­налистiң куәлiгiн көр­сету арқылы дү­лей апаттар болған ау­дан­дарда, ми­тин­гiлер мен демон­стра­ция­ларда, сон­дай-ақ қоғамдық, топтық және же­ке мүд­де­лер мен наразылықтарды өзге де бiлдiру нысандарына қатысуға; 5) құ­жат­тар мен материалдардың мем­­ле­кеттік құпиялар болып табыла­тын мә­лiметтерi бар үзiндiлерiн қоспа­ған­да, олармен та­ны­суға рұқсат алу­ға; 6) алынатын ақ­па­­­раттың дұрыс­ты­ғын тексеруге; 7) алын­­ған ақпараттық ма­териалдарды тексеру кезiнде ма­ман­дарға жүгiнуге; 8) өзi да­йындаған хабарлар мен материал­дар­ға қолын қойып, шартты атын (бүр­кен­шiк атын) көр­сетiп тара­туға; 9) ма­те­риал­дың маз­­мұны редак­циялық тү­зе­ту­ден ке­йін журналистің жеке сені­мі­не қай­шы кел­се, оған өз қолы қойы­лып, жа­­рия­­ла­­нуынан бас тартуға; 10) автор­лық жә­не ақпарат көздерiнiң құпиясы сот­­тың талап етуiмен жарияланған жағ­дай­ларды қоспағанда, бұл құпия­лар­ды сақтауға құқығы бар.

68. Редакторлық шығармашылық кезеңдерін көрсет?

69. Қазақстан Республикасындағы баспалардың жай-күйі, өзекті мәселелері?

70. Демократиялық журналистиканың жауапкершілік этикасы

Демократияның негізсалушы қағидасы азаматтардың ақпаратты және білімді болуынан тұрады. Өз елінің қоғамдық өмірінде қарқынды роль атқару үшін адамдар дер кезінде ақпаратпен қамтамасыз етілуі қажет. Өз елінде үздік басшыны таңдап алуға талпынған және жалпы мемлекеттік, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі мәселелер бойынша жан-жақты негізделген шешім қабылдағысы келген азаматтар үшін тәуелсіз және жауапты бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өте маңызды ақпарат көзі қызметін атқарады. Бұқаралық ақпарат құралдарымен таратылатын ақпарат экономикалық мәселелерді саналы түрде шешуге, жеке шешім қабылдауда және дұрыс саяси таңдау жасауда тең дәрежелі қажет. Ашық бұқаралық ақпарат құралдары мен тәуелсіз экономикалық жүйелер арасында тығыз байланыста өмір сүреді. Дүниежүзілік банктің жүргізген кейінгі зерттеулері дамушы елдер үшін экономикалық прогресс табысты болу үшін тәуелсіз БАҚ-тың қажеттілігі дәлелденіп отыр. АҚШ үкіметі шет елдердегі ашық және жауапты бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуын қолдау саясатын жүргізеді және еркін баспасөз инфрақұрлымын қолдайтын заңшығарушылық базасын нығайтуға, қаржы жағынан тәуелсіздігіне, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарындағы анықтық пен оқиғаны объективті түрде жалтақтамай бейнелейтін журналист мамандарын дамытуды қолдайды. Тәуелсіз және жауапты БАҚ қалыптастыру бұл – әрқашан тоқтаусыз қадағалауды қажет етеді.

71. ҚР баспа ісін реттейтін заңдар мен шетелдің осы саланың құқықтық жағынан реттелуін салыстырмалы талдау

72. Жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрдің баспасөзде жазылуы

73. Демократия және авторитаризм жағдайындағы баспасөз

74. Баспа редакторының мәтінді редакциялау барысындағы негізгі ұстанымдары мен сөз әдебі, авторлық қолжазбалармен жұмыс тәртібі?

75. Плюрализм дегеніміз не?

Плюрализм, пікір алуандығы (ағылш. Pluralism; лат. pluralis; множествепиый, многообразный) Әздерінің мүдделері, көзқарастары мен пікірлеріи білдіру еркіндігін заңмен қамтамасыз ететін, қоғамда гүрліше саяси партиялар мен басқа қоғамдык ұйымдардын (кәсіподақ, діни, коммерциялық және т.б.) қатар өмір сүруі мен өзара әрекет тестігі. Плюрализм деп сондай-ақ түрлі пікірлерге төзімділік танытуды айтады.

76. Сөз Бостандығының ең айқын белгісі

«Ақпарат бостандығы» атты атау алған барынша жалпы құқықтың құрамдас бөлігінен тұратын азаматтың саяси құқықтары мен адамның негізгі жеке құқықтарының бірі. Өзінің пікірін (ойларын) жария түрде (ауызша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жазбаша) білдіру мүмкіндігі түрінде көрінеді.Демократиялық елдердің заңнамасы мен сот тәжірибесі, сөз бостандығын теріс пайдаланушылыққа жол бермеу мақсатымен оны шектеудің жүйесін жасап шыкты. Атап айтқанда, әлемнің көптеген мемлекеттерінде сөз бостандығын заңды билікті күштеп кетіруге, мемлекеттік құпияны жариялауға, қылмыс жасауға арандатуға, ұлттық, нәсілдік, діни және басқа араздасуды тоқтату үшін пайдалануға, басқа адамдарды қорлау және оларға жала жабу үшін пайдалануға, қоғамдық мораль мен адамгершілікке қастандық жасау құралы ретінде пайдалануға тыйым салады. Бұл тізімдер ауқымы ТЖ режимі әрекеті кезеңінде недәуір кеңуі мүмкін.Сөздердің белгілі мағынаны, ұгы ды жалпылап, топшылап барып ұғындыру қасиеті — оларды бойына біткен ең негізгі ерекшелігі.Жаңа ұғым бұрыннан бар белгілі байланысы арқылы дамып, байырғы сөзге ұқсас жаңа сөздер жасалып отырады. Сөйтіп, қоғамдағы адамдардың колдануы мен түсінігі^ретінде бейнеленді. Сондықтан да сөздер бір тілде сөйлеуші адамдарды бәріне бірдей түсінікті болады. Белгілі бір дыбыстық құрылымның бірлігіне ие болған сөздердің бәрі де белгілі бір мағанасын білдіреді:Фонема мен сөздің айырмашылығы сөзде белгілі мағана болады,ал фонемада еш магына жоқ, тек’сөз құрамында мағына ажырату ролі бар.Әрбір сөз сол тілдің граматикалық заңдарына бүтіндей бағынып, соған тән тұлғаларға ие болып солардың түр-тұрпатының біреуінде ғана көріне алады:Сондықтан да сөз грамма-Аханов. Тіл білімініц негіздері, 1973, 113-тикалық жағын біртұтас тұлғаланған единица деп есептеледі:Бұл жағынан сөз бен сөз тіркестерінің түбірлі айырмасы бар. Еркін сөз тіркесі де, тұрақты сөз тіркестср де біртұтас грам-атикалық тұлғаланған единица деп қаралмайды. Дербес сөз болу үшін оның құрылым құрылысына ешбір өзеріс ендіруге, басқаша өзгертуге келмейтіндей болуы қажет. Яғни сөздің кұрылымдық тұйықтығы тұтас сақталуы керек. Меселен, базар, базарлық, қазан, қазандық, құлақ, құлақшын, көз, көзілдірік, табан, табандау, табалдырық тәрізді сөздсрдің құрылымына басқаша бір дыбысқосылса, онда бұл сөздердіц дыбыстық қүрылымының бірлігіне нүқсан келіп, сөз үғымын өзгертіп жіберуі сөзсіз. Сөздің мағыналық бөлшектерінің аралығына бас артық ешбір дыбыс, ешбір сөз енбеуге тиіс. Еркін сөз тіркестерінде мұндай принцип сақталмайды. Мысалы: колхоз — колхоз мүшесі, колхоздың озат мүшесі, колхоздың озат қарт мүшесі,ат — жүйрік ат, жүйрік торы ат т. б.Еркін сөз тіркесі мен сөйлем ‘нақ сөйлеу үстінде құрастырылады. Ал сөз, керісінше, тілде бұрыннан бар даяр қалпында сөйлем мен еркін сөз тіркесінің құрамына кіреді. Сөздің даяр тұрған түтас единица ретінде жұмсалу қасиеті идиом мен фразага жақындасады. Алайда сөз бен фразеологиялық оралымдар дәл бірдей болмайтындығы, өзі-өзі-нен түсінікті болса керек.Сөздің тілдік табиғатына тән айырым-белгілер мен оны тіл-дегі өзге единицалардан ажырататын белгілер осы айтылған-дармең шектеледі.

77. ЕҰЫҰ-ға мүше-мемлекеттердегі БАҚ саласындағы заңдардың сөз бостандығының халықаралық стандарттарға сәйкестігін кім қадағалайды? БҰҰ қадағалайды.

Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың ЕҚЫҰ-ның атқарушы төрағасы ретіндегі сөз бостандығының бақ саласындағы заңдардың халықаралық заңдарының стандарттарына негіз жасайды. Сонымен қатар Нұрлан Бақытжанұлы Ұйымның өзі үшін де бірегей оқиға болып табылады. Алғаш рет, Қазақстан секілді 18 жылдық қана тәуелсіз тарихы бар елге әлемдегі қауіп­сіздік пен ынтымақтастықтың ірі аймақ­тық Ұйымын басқару мүмкіндігі беріліп отыр. Қазақстанның төрағалығына байла­нысты еліміздің және ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі БАҚ пен саяси, сондай-ақ қоғамдық-саяси орталардың ерекше назарында болуын бірқатар объективті факторлармен түсіндіруге болады. Осы орайда, Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының вице-президенті, Бельгия сенатының депутаты Пол Вилле Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне орай “Өкілеттік мерзімі шектеулі, әлеуеті шексіз” атты мақаласында: “Алғаш рет ЕҚЫҰ тарихында бұрынғы Кеңес Ода­ғынан шыққан, мұсылман халқы басым мемлекет аймақтық Ұйымның тізгінін ұстады. Барлығы таңданды. Бұл ел нені іске асырады? Ол зор жауапкершілік жүгін арқалап, толып жатқан замана сындары мен қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма? Ұйымның өн бойына қан жүгірте ала ма?” деп жазып, сіз қойып отырған сұрақтар төңірегінде ой бөліседі. Бұл арада бель­­гиялық сенатордың төрағалық мерзімінің шектеулі екендігі туралы айтқанына келіспеуге болмайды. Өзіміз куә болып отырғандай, еліміздің ЕҚЫҰ төрағасы ретіндегі нақтылы бағдарламасы қарқынды орындалуда. Сондықтан жылдың соңына қарай атқарылған істердің нақты нәтижелерін айта аламыз деп үміттенемін. – Нұрлан Бақытжанұлы, қаласақ та, қаламасақ та, әр уақыттың, әр дәуірдің адамзат алдына қоятын талаптары, қауіп-қатерлері болады әрі олар әркез күн тәр­тібінен түспейді.

78. «Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы» деп ҚР Азаматтық Кодексінің қай бабында айтылған?

ҚР Азаматтық Кодексінің 143- бап, 3- тарау, Азаматтық құқықта объектілері, параграф 3 Мүліктік емес өзіндік құқықтар.

79. Халықаралық қауымдастықта «адам құқығы» түсінігі қай уақытта пайда болды?

Алғашқы рет адам құқықтарының либералды концепциясы өзінің құқықтық бекітілуін 1789 жылғы американдық құқықтар жөніндегі Биллге негіз болған 1776 жылғы тәуелсіздік Декларациясында көрініс тапты. Сәл кешірек адамның негіз қалаушы құқықтары 1789 жылғы адам мен азамат құқықтарының франциялық Декларациясында бекітілді. Адамзаттың прогрессивті күштерінің адам құқықтары үшін күресі өзінің логикалық көрінісін БҰҰ Бас Ассамблеясымен 10 желтоқсан 1948 жылы қабылданған "Адам құқықтарының жалпылай Декларациясынан" тапты. Бұл адамзат тарихындағы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының тізімін бекіткен алғашқы халықаралық құжат. Бұл актінің қабылдану себептерінің бірі - БҰҰ Жарғысы нәсілі, жынысы, тілі мен дініне қарамастан барлығы үшін адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жан-жақты мадақтау және құрметтеу ісіне мемлекеттердің міндеттерін бекіте отырып, бұл құқықтардың тізімін белгілемеуінде. Адам құқығы Адам және азамат құқығын қарастыру алдында "адам", "жеке адам", "азамат" санаттарының арақатынасын білу маңызды. "Адам" ұғымы табиғи тұрпатта сипатталады, яғни арнайы физиологиялық қасиеттерді бойына сіңірген тіршілік әлемінің өкілі ретінде. "Жеке адам" ұғымы адамды әлеуметтік тұрғыда сипаттайды, яғни қоғамда өзінің рөлі мен орнын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуі (мүмкін болған жағдайлар, егерде адам әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты жеке адам бойында болатын касиеттерді иемденбесе, мысалы, психикалық аурудың салдарынан сот оны әрекет қабілеттілігі жоқ деп таныса). "Азамат" ұғымы адамды заңды тұрғыда сипаттайды, яғни адамның нақты бір мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыстылығын қарастырады.

80. Қандай жағдайда мерзімді басылымды тіркеу талап етілмейді?

12 -бап. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюдан босату.
Таралымы:
- жүз данаға жетпейтін мерзімді баспасөз басылымдарын;
- ресми, нормативтік және өзге де актілерді;
- сот практикасының бюллетеньдерін;
- кабелдiк желiлермен таратылатын теле-, радио-, бейне-,
кинохроникалық бағдарламаларды, егер қызмет көрсету аумағы бiр ғимаратпен немесе кешенмен шектелген болса, есепке қою талап етiлмейдi.

81. ''Қазақты еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған "Қазақ" газеті болатын", - деген кімнің бағасы? Мұхтар Әуезов

82. Публицистика дегеніміз не?

Көсемсөз, публицистика (лат. publіcus – қоғамдық) әдебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын саласы. Публицист сөзі «Публицистика» деп аталатын жанрға қатысты пайда болған. Публицист публицистикамен айналысатын адам. Публицистика- латынның «publich» - қоғамдық деген сөзінен шыққан, яғни өмірдің әлеуметтік, өндірістік, ғылыми, мәдени және бсқа құбылыстарын өмірдеректерін негіз ететін әдеби жанр. Публицистика белгілі бір күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзұарастарымен байланыстырады. Көсемсөз халықтың рухын көтеретін ұшқыр да уытты көркем тілмен жазылады, көпшілікті игі іске шақырады, бір мақсатқа жұмылдырады.

83. "Журналистiң ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға құқығы бар» деген тұжырым қай құжатта жазылған? БАҚ туралы заңда

84. Бұқаралық ақпарат құралдары азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың құқықтарына немесе занды мүдделеріне нұқсан келтіретін мағлұматтар жарияласа, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауаптарын тегін жариялауға құқылы ма? И ә, тегін жариялауға құқығы бар.

85. Мораль мен этиканың арасында қандай байланыс бар?

Мораль (латын moralіs – әдет-ғұрып) – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт. Мораль әлеуметтік шындықтың этикалық сапаларын (ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, т.б.) бейнелейтін қоғамдық сананың ерекше нысанына жатады. Моральдың бірқатар ерекшеліктері бар:

  • Моральдық ережелер мен талаптар қоғамның ғасырлар бойы қалыптасқан құндылық негізін құрайды және жалпылама сипатта болады;
  • Моральдық қағидалар мен сезімдер нормативті, міндетті, тиісті болып табылады;
  • Мораль әлеуметтік мұраттың бір түріне жатады, ол күнделікті тұрмыс қалыптарынан жоғары қойылады;
  • Мораль мемлекеттік күшпен танылмайды, ол адамның еркіндігі аясымен байланысты.
  • Мораль — тарихи кұбылыс, этиканың зерттеу объектісі. Мораль деп — белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалармен үйлесімді қарым-қатынаста болу кабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль — ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдык нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады. Мораль адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым-қатынас жолында туындап отырған қарама-қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасқан. Мораль өзінің түп-тамырымен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. “ Этизм” термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының (“Никомах этикасы”, “Евдем этикасы”, “Үлкен этика”) атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм – ілім мәнінде, мораль – оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның “Адамның табиғаты” туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>