Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Қазақстан Конституциясындағы демократия принциптері 5 страница



БҰҰ жүйесіндегі және аймақтық халықаралық ұйымдардың шешімдерін айтпағанда, тек БҰҰ-ның өзі адам құқықтары бойынша 60 жуық декларациялар мен конвенциялар құрастырып, қабылдады. Адам құқығы халықаралық қатынастардың анықтаушы факторы ретінде 1948 ж. желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қабылдануынан кейін қалыптаса бастады. 1950 жылдан бастап әр 10 желтоқсанда Адам құқықтар күні атап өтіледі. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы алғашқы халықаралық әмбебап құжат ретінде адам құқықтарының қазіргі заманғы тұжырымдамасының негізін салды және оның халықаралық қатынастарда таралуына ықпал етті. Декларацияның баптары қазіргі халықаралық құқықтың және әлемнің барлық мемлекеттерінің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы халықаралық келісім-шарт еместігіне қарамастан, соның негізінде БҰҰ-ның басқа барлық құжаттары қабылданатын ереже ретінде қалыптасты.

1946 жылы құрылған БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комиссиясы Декларация негізінде адам құқығы саласында маңызды халықаралық құжаттар құрастырды. Сонымен қатар, Бас Ассамблея 1950 ж. БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссар Басқармасын құрды. Басқарма өз қызметін 1951 ж. 1 қаңтардан бастады. Биполярлық әлем жағдайында азаматтық-саяси немесе әлеуметтік-экономикалық құқықтардың басымдылығы жөнінде сөз таластыру болғанын айта кету керек. АҚШ бастаған Батыс елдері адамның азаматтық және саяси құқықтарын қорғау тетігі жөнінде халықаралық құжатты құрастыруды ұсынды. Өз кезегінде социалистік елдер экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтар туралы Халықаралық пакт құрастыруды ұсынды. БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша Комиссиясы екі жақтың мүддесін ескере отырып, екі құжат даярлады. Нәтижесінде 1966 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактті (1976 ж. 23 наурызда 35 мемлекет бекіткеннен кейін күшіне енген) және Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактті (1976 ж. 3 қаңтарда күшіне енді) қабылдады. Осы пакттерде Декларацияға қосылмаған өз табиғи байлықтары мен ресурстарын еркін қолдану құқығы мен халықтардың өзін-өзі билеу құқықтары қосылды.



Комитет по правам человека ООН — организация, занимающаяся надзором за исполнением Международного пакта о гражданских и политических правах в странах-участницах пакта. Учреждён согласно части 4 Пакта. Состоит из 18 экспертов, избираемых на срок в 4 года Комитет оценивает доклады об исполнении Пакта, представляемые странами-участницами, составляет комментарии к Пакту («замечания общего порядка») и высказывает по жалобам государств и частных лиц о нарушении Пакта (кроме статьи 1) странами, ратифицировавшими Первый факультативный протокол к Пакту, соображения. Члены комитета имеют право высказывать особые мнения, прилагаемые к соображениям. Правовое значение соображений Я. Мёллер и А. де Заяс (англ.) оценивают так: «несмотря на тот факт, что формально соображения Комитета не являются юридически обязывающими, набирает силу мнение, что государства-участники обязаны обеспечить жертву нарушения, констатированного Комитетом, эффективным правовой защиты в соответствии с ч. 3(а) статьи 2 Пакта»

46. Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларацияның 19-бабы нені көздейді?

Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ Декларация мен Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакт ой-пікір еркіндігі құқығына кепілдік береді. Екі құжатта да 19-бап осыны көздейді. Сонымен қатар көпшілік мойындайтын тағы бір шындық – сөз бостандығы жеке-дара ғана маңызды емес, ол басқа құқықтардың орындалуы үшін де маңызды. Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ Декларация тұңғыш рет сөз бостандығына ерік беріп, ол кең түрде мойындалды. Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттердің ынтымақтастықта, адамның құқы мен негізгі бостандықтарының сақталып, құрметтелуіне қол ұшын беруге бел буғанын ескере отырып, осы жолдағы міндеттемені толық жүзеге асырудың ұшан-теңіз маңызы бар деп есептейді. Сөйтіп Бас Ассамблея осынау жалпыға бірдей Декларацияны жариялайды. Адамзат әулеті ұрпағының бәріне тән ар-абыройын әрі олардың терезесі тең ажырамас құқы бостандық пен әділеттіліктің, баршаға бірдей бейбітшіліктің негізі болып табылатынын ұдайы назарда ұстап, міндеттемелерін орындауға барша халықтар мен мемлекеттер, әрбір адам мен қоғам талпынуы тиіс.Әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қол сұғылмайтын дербестікке құқы бар. Әрбір адам нәсіліне, түсіне, жынысына, дініне, саяси және басқа сеніміне, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, дүние-мүлкіне, атақ-дәрежесіне қарамастан осынау Декларацияда жарияланған барлық құқықтар мен бостандықты пайдалануы тиіс. Оның үстіне саяси, құқықтық немесе елдер мен аймақтардың халықаралық мәртебесі арасында ешқандай айырмашылық ескерілуге тиіс емес. Барлық адам заң алдында тең. Ешкім де азаптауға, қатыгездікке, ар-намыс аяққа тапталатындай жәбірлеу мен жазалауға тап болмауы тиіс. Әрбір адам қуғындалған жағдайда басқа елдерден пана сұрап, қорғануына құқы бар. Декларацияның 19 бабында былай делінген: «Әрбір адамның ой-пікір бостандығы мен оны еркін жеткізуге құқығы бар; бұл құқық оларға мемлекеттік шекараға қарамастан кез-келген құралдармен еш кедергісіз өз ой-пікірін ұстануға, ақпаратты іздеуге, алуға және таратуға еркіндік береді». Декларация талапратын орындау міндетті емес, бірақ ол көпшілік мойындаған құжат болғандықтан, 19 бап халықаралық аренада қолданылатын қарапайым құқықтың нормасына айналған. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (ағылш. Universal Declaration of Human Rights, UDHR) — адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жария еткен бірден-бір халықаралық-құқықтық құжат. 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 217 А (III) жарғысымен қабылданған және жарияланған. Құжатта белгіленіп, бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының жалпыға бірдей мойындалуын, сақталуын және тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бұл құжаттың негізгі міндеті.Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы ерекшелігі мен маңыздылығы адам құқықтары мен бостандықтарын алғашқы болып халықаралық дәрежеге көтергендігінде жатыр. Декларацияның міндеттілігі, заңдық сипаты жоқ, яғни бекітілген нормалар сөзсіз орындалуға тиісті емес. Дегенмен құжатта белгіленген адам құқықтары мен бостандықтары жөніндегі қағидалардың маңыздылығына байланысты Декларация жалпыға бірдей акт ретінде танылады және оны қабылдауға дауыс берген мемлекеттердің барлығы бірдей орындауға тырысады.

47. Америка құрама штаттарындағы баспа ісі мен бақ-қа қатысты заңдар мен басқа да құжаттар?

Жер жүзіндегі ең ірі капиталистік ел Америка Құрама Штаттарындағы баспа істерін мысалға алып қарасақ, олардың барлығы да ірі капиталистердің қолында шоғырландырылған.

АҚШ-та алғашқы типография Гарвард коллежінің Бостогға жақын жерінде 1639 жылы ашылды. Алғашқы американдық типографтар Стивен мен Мэтью Дей «Клятва свободного человека», «Альманах на 1639 год» және «Книга псалмов»(1640) кітаптарын шығарды.АҚШ-тың баспа орталықтары НЬЮ-ЙОРК-те 80% кітап өнімі шығарылады.Сонымен қатар, Бостон,Филадельфи,Чикагода ірі баспалар орналасқан.

АҚШ-та сөз бостандығы бірінші толықтырылған Конституциясымен қорғалады. АҚШ-та ешқандай жеке баспаға немесе БАҚ-қа арналған заң жоқ.

По всеобщему мнению, пресса США является одной из самых свободных в мире. Однако существует целый ряд факторов, которые говорят о сознательном ущемлении этой свободы. Среди таких факторов необходимо назвать самоцензуру (особенно корпоративную), требования рынка, влияние и нажим на журналистов со стороны владельцев и издателей СМИ, правовые ограничения и многое другое. США не имеют законодательно закрепленной системы регулирования отношений в сфере массовой информации, т.е. там нет, например «Законов о СМИ», каковые существуют во многих странах. Лишь отдельные федеральные акты и законы штатов затрагивают различные аспекты деятельности прессы.Конечно, как уже отмечалось, пресса на общих основаниях является объектом регулирования со стороны законодательства о собственности. Первая поправка к Конституции США воспринимается как защита от принятия каких-либо актов, направленных исключительно против прессы. В отличие от печатных средств массовой информации электронные СМИ являются объектом специального нормативного регулирования, в том числе по вопросам собственности. Это различие в подходах объясняется государственной монополией на эфир и ограниченностью эфирного пространства. Опосредованно и печатные СМИ испытывают влияние норм о праве собственности, относящихся к электронным СМИ, поскольку к ним относится запрет на одновременное владение одним лицом газетами и телевизионными станциями в одном городе или на одном информационном рынке.США не имеют законодательно закрепленной системы регулирования отношений в сфере массовой информации, т.е. там нет, например «Законов о СМИ», каковые существуют во многих странах. Лишь отдельные федеральные акты и законы штатов затрагивают различные аспекты деятельности прессы. Как отмечал Джон Мэррилл, «американская пресса свободна в обыденном смысле этого слова. Это не вседозволенность, а законно контролируемая, социально ответственная свобода, разрешенная Первой поправкой к Конституции. Естественно, что свобода журналистов не является абсолютной, так как на средства информации давят различные социальные факторы. Но СМИ могут публиковать все, что угодно, без предварительной цензуры со стороны правительства. Это и есть то, что мы в США считаем свободой слова. Ее ядром является «журналистская автономия». Редакционная политика и ее задачи не имеют отношения к свободе печати, однако они влияют на свободу рядовых журналистов. Первая поправка охраняет свободу прессы, а если свободу нужно охранять – значит, она существует».

48. Толенранттық дегеніміз не?

Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші. Толеранттылық бұл – біздің қоғамның адамгершілік нормалары.

49. Біріккен Ұлттар Ұйымы қашан құрылды? Негізгі мақсаты? Қазіргі қызметі?

Біріккен Ұлттар Ұйымы –екінші дү­ниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағ конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы алты басты органнан тұрады. Ол: Бас Ассамблея (БА), Қауіпсіздік Кеңесі (ҚК), Экономикалық және әлеуметтік кеңес, Халықаралық сот, Қамқорлық жөніндегі Кеңес және Секретариат. Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптері Жарғының 1-2 баптарында бекітілген. Осыған сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы мына мақсаттарды көздейді: • халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; • ұлттардың теңдігі және өзін-өзі басқару принципін құрметтеу негізінде халықтар арасында достық қарым-қатынасты дамыту;

50. Орта Азия мемлекеттеріндегі баспа ісі мен БАҚ-тың құқықтық жағынан реттелуі?

51. Омбудсмен дегеніміз кім?

Омбудсмен билік органы немесе мемлекеттік басқару органы да, сот органы да емес. Бұл лауазым парламентаризм шеңберінде әрекет етеді және оның әрекеті мемлекеттік органдардың қызметін бақылауға бағытталған. Оның қызметі жеке тұлғаның құқықтарын іске асырушы басқа органдармен салыстырып қарағанда қарапайым, әрі түсінікті. Бүкіл дүние жүзінде ол жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын әсерлі қорғайтын органдар жүйесінде маңызды орын алды. Әрбір елдің жағдайының ерекшелігі, оның мемлекеттік құрылысы омбудсмен институтының белгілі бір үлгісін қалыптастырды.

52. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Адам құқықтары және негізгі бостандықтары туралы Конвенция қай жылы қабылданды, негізгі мазмұны?

 

53. ҚР «Тіл туралы» Заңын бұзғаны үшін қандай жауапкершіліктер қарастырылған?

Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың бірінші басшылары не жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың бiрiншi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Лауазымды адамның мемлекеттiк тiлдi бiлмеу желеуiмен азаматтардың өтiнiштерiн қабылдаудан бас тартуы, сондай-ақ мемлекеттiк тiлде және басқа тiлдерде қызмет атқарылатын салада олардың қолданылуына кез келген кедергi келтiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкелiп соғады.

54. ҚР «Жарнама туралы» Заңын бұзғаны үшін қандай жауапкершіліктер қарастырылған?

20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына, тіліне қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады.
2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады.
4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.

 

55. Еуропа мемлекеттеріндегі баспа мен БАҚ саласының құқықтық жағынан реттелуі?

56. ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңындағы жарнамаға қатысты тыйымдар?

14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату

1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.

2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдiр ораммен буылып-түйiлген күйiнде және бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатуға жол беріледі, олардың орналасқан жері мен ондағы сату ережелерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнiмiнiң көрсетiлуiне, қатiгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады.

3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.

Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.

3-1. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радио бағдарламаларын ретрансляциялау телерадио хабарларын тарату арналары арқылы берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң: 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап елу процентiнен, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жиырма процентiнен аспауға тиiс.

Бұл талап кабелдiк және эфирлiк-кабелдiк теледидарлар тарататын хабарларға қолданылмайды.

4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.

 

57. Әр замандағы ойшылдардың тілге қатысты ой-пікірлері, ұлағатты сөздері?

Тәрбие басы – тіл.
Қашқари.
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл, бірақ өз тіліңнің қадір-қасиетін жоғалтып, өгейсітпе.
Көрінеді тілден түйсік білім де,
Біле білсек, жарылқаушы – тіліңде.
Жүсіп Баласағүн.
Тілі екеудің – діні екеу.
Әбубәкір Кердері.
Қазақ тілі – түркі тілінің ішіндегі ең бай тіл
Шоқан Уәлиханов.
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
Абай.
Адамдарды алдауға емес, оқытуға келген кісі олардың өз тілінде сөйлеуі керек.
К.Гельвеций.
Адамның бұзылуы оның тілінің шұбарлануынан басталады.
Р.Эмерсон.

Тіл – идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі.
Л.Толстой
Француз тілі Европаға қандай әсер етсе, қазақтың тілі түркі мәдениетіне дәл сондай әсер еткен.
Қазақ тілі – шығыстың француз тілі
.
В.Радлов
Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен, әсем ауыз әдебиетімен де даңқты.
С.Малов.

Қазақтар сөз өнеріне жетік келеді. Бұл – жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндерге де, байға да, жарлыға да тән қасиет.
А.Брем.
Тіл – ұлттық рухтың ең соңғы қорғаны.
Ш.Монтескье.
Ұлттың ұлттық қасиетін қайтару процесі тілден басталады... Өйткені ұлттың негізгі ұлттық көрсеткіші – тіл. Отарлаушы елдің басым тілі отарланған, соры қайнаған елдің ұлттық тілінің дамуына үлкен кедергі жасайды. Ұлттық құндылықтарға оралу процесінің аяғына тұсау болады. Сондықтан да постколониализм дәуірінде жаншылған ұлттар ең алдымен өзінің мәдениетін, тарихын қалыпқа келтіруге күш салуы керек.
Сандра Камбиселлис.

58. Ресейдегі баспа ісі мен БАҚ-тың құқықтық жағынан реттелуі?

59. ҚР «Тіл туралы» заңындағы негізгі ұғымдар?

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);

ономастика - тiл бiлiмiнiң жалқы есiмдердi, олардың пайда болуы мен өзгеруiнiң тарихын зерттейтiн бөлiмi;

орфография - дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн ережелер жүйесi;

топонимика - ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;

транслитерация - бiр графикалық жүйедегi мәтiндер мен жекелеген сөздердi басқа графикалық жүйенiң құралдарымен әрiппе-әрiп арқылы беру.

терминологиялық комиссия - экономиканың, ғылымның, техниканың, мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;

ономастикалық комиссия - географиялық объектiлердiң атауына және олардың атауларын өзгертуге бiрыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтiру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтiк-кеңесшi орган;

уәкiлеттi орган - тiлдердi дамыту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруға жауапты орталық атқарушы орган.

60. Қазақстан Республикасы Конституциясы мен «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңын басқа мемлекеттің осы саладағы заңдарымен салыстырмалы талдау

61. Баспа редакторының құқықтары мен міндеттері?

62. ҚР «Жарнама туралы» Заңындағы негізгі ұғымдар?

3 -бап. Негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) жарнама - адамдардың беймәлiм тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткiзуге жәрдемдесетiн кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегiмен таратылатын және орналастырылатын ақпарат;
1-1) сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама;
2 ) жөнсiз жарнама - мазмұнына, уақытына, таратылу, орналастырылу орнына және тәсiлiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуына жол берiлген жосықсыз, дәйексiз, әдепсiз, көрiнеу жалған және жасырын жарнама;
3) жарнама берушi - жарнама жасау, тарату және орналастыру үшiн жарнамалық ақпарат көзi болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
4 ) жарнама жасаушы - жарнамалық ақпаратты тарату және орналастыру үшiн дайын нысанға келтiрудi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
5) жарнама таратушы - мүлiктi, соның iшiнде радио және (немесе) теледидар хабарларын таратудың тexникалық құралдарын беру және (немесе) пайдалану жолымен және өзге де тәсiлдермен жарнамалық ақпаратты тарату мен орналастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
6) жарнама тұтынушылар - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлiм тобы;
7) жүгiртпе жол - жарнама таратудың теледидар бойынша, кино және бейнеқызмет көрсетуде берiлетiн тәсiлi, ол теледидар экрандарында, сондай-ақ дербес мониторларда - тұрақты орналастыру объектiлерiнде жиынтығымен белгiлi бiр ақпаратты құрайтын әрiптер, цифрлар, белгiлер тiркесiнiң тiзбектесiп алмасуымен (қозғалуымен) сипатталады;
8) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) туралы ақпарат - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және тауармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен), оның айырым белгілерімен және оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында сатып алушыға (тұтынушыға) жеткізілетін тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), дайындаушы, сатушы, жеткізуші туралы мәліметтер.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>