Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Қазақстан Конституциясындағы демократия принциптері 2 страница



8. Кеңестік кезеңдегі цензура

Ресейде алғаш 16 ғ-да діни Цензура дүниеге келді. Оны 1721 жылдан бастап Синод жүзеге асырды. 19 ғ-да Цензура ны жүзеге асыру тәртібі арнаулы жарғылармен айқындалды. Ресей тарихында 1848 — 55 ж. кезеңі цензуралық террор дәуірі ретінде енді. Бұрыннан қолданылып жүрген алдын ала Цензура мен қатар жазалау Цензура сы да қолданылады. Онда шығармалар жойылып, авторлар қуғындалады. 1865 ж. Ц. мен баспасөз туралы уақытша ережелер шығарылды. Кеңес өкіметі жылдарында Коммунистік партияның бақылауымен КСРО республикаларында қатаң Цензура жүзеге асырылды. ОЛарды біз алаш зиялыларының шығармаларынан байқай аламыз. Алаш арыстарының бүркеншік ат пайдалануы да сол кеңестік цензураның әсері болды деп айтуымызға болады.

9. «Айқын» газетіндегі құқықтық мәселелердің жазылуы

«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны - 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жылы газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Еліміздегі белді де беделді басылымға айнала отырып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеңістігінде өз орнымызды таптық. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. «Айқын» газетінің негізгі тақырыбы саясат, экономика, мәдениет, спорт және қоғамдағы әлеуметтік мәселелер. Күнделікті таралымы 40517. Ал апталық таралымы 202585. Бейсенбі күні 32 беттік «Айқын-апта» қосымшасы жарық көреді.

10. Авторлық құқық объектісі болып табылатын және табылмайтын туындылар?

7-бап. Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындылар

1. Мыналар авторлық құқық объектiлерi болып табылады:

1) әдеби туындылар;

2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

3) сценарий туындылары;

4) хореография және пантомима туындылары;

5) мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар;

6) дыбыс-бейнежазу туындылары;



7) кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары;

8) қолданбалы өнер туындылары;

9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнерi туындылары; Z010242

10) суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған

туындылар;

11) карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография

мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар; Z020332

12) ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

13) өзге де туындылар.

8-бап. Авторлық құқық объектiлерi болмайтын туындылар

Мыналар авторлық құқық объектiлерi болмайды:

1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешiмдерi, заң әкiмшiлiк, сот сипатындағы және

дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтiндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;

2) мемлекеттiк нышандар мен белгiлер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгiлерi

және өзге де мемлекеттiк нышандар мен белгiлер);

3) халық шығармашылығы туындылары;

4) оқиғалар мен фактiлер туралы ақпараттық сипаттағы хабарлар

11. Журналистің сөз еркіндігі

20-бап

1. Сөз бен шығармашылық еркiндiгiне кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады.

2. Әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мәлiметтер тiзбесi заңмен белгiленедi.

3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiненұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.

12. Құқық мәселесіне арналған салалық басылымдар?

Сақшы – республикалық газет. 1933 ж. На страже – Сақшы алғашқы саны жарық көрген. 1935 жылға дейін Ішкі істер мин-нің органы ретінде Орынборда шығып тұрған. 1957 – 1960 ж. аралығында Казахстанская милиция болып аталды. 1990 жылдан На страже деген атпен орыс тіл«Сақшы-На страже» газеттерінің жарық көргеніне 2011 жылы 78 жыл толды. Басылым 1933 жылдан бастап орысша шығып тұрған. 50-жылдары газет «Казахстанская милиция» деген атпен аталды. 60-жылдардан бастап «Сақшы-На страже» деген атпен жарық көріп келеді. Ішкі істер министрлігінің төл газеті осы жылдар ішінде бірнеше мыңдық таралымы бар үлкен басылымға айналып, ішкі істер органдарындағы көптеген буындардың ажырамас көмекшісі бола білді. Алғашқы редакторлары С.Телешов, И.Ильченько, Г.Сармурзин газеттің басылымға айшықты жол салып берді.

«Заң және заман»-«Закон и время» - қазақ және орыс тілдерінде ай сайын (алғашында екі айда бір рет) шығатын республикалық қоғамдық-саяси, ғылыми-құқықтық журнал. Алғашқы саны 1996 жылы мамыр айында жарық көрген. Құрылтайшысы - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы. Журналдың басты мақсаты - жұртшылықты еліміздегі құқықтық реформаның нәтижелерімен таныстырып отыру. Прокуратура органдарының кадағалау қызметі, сот билігі және тергеу, салық, кеден, тағы басқа. Құқық қорғау салалары жұмысына да ерекше мән беріледі. Адам құқығын, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселесі - журналдың басты тақырыбы. 2004 жылға дейін А5 көлемде жарық көрсе кейін А4нұсқасына ауысты. 80 беттен тұрады, мұқабасы ішкі мұқаба жылтырақ қағазда. Журнал 1996 жылдан бастап Алматы қаласында шықты, 2009 жылдың желтоқсан айынан бастап Астанақаласына көшірілді. Таралымы – 3200 -5000 дана. Журналдың бас редакторлары: 1996-2004 жылдары Самат Бектенұлы Ибраим, 2004-2009 жылдары Шолпан Арапбайқызы Забих, 2010 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жанат Қабылдаұлы Қалықов.

Заң Газеті – қазақ тіліндегі республикалық апталық газет. Алғашқы саны 1994 жылы 3 қарашада жарық көрді. Тұңғыш редакторы – М.Тоқашбаев. Газетте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдері, халыққа Жолдаулары, Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет қаулылары жарияланады.[1] Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы мақалалары арқылы газет жұртшылықты құқықтық реформаның жүргізілу барысымен таныстырып келеді. Көлемі 4 баспа табақ. Таралымы 17000 дана.

Айғақ – республикалық газет, 1996 жылдан шығады. Республиканың барлық облыстарына тарайды. Газет жанынан «Айғақ – Оңтүстік», «Айғақ-ТВ», «Айғақ – Махаббат», «Айғақ – 18 мың ғалам» сияқты басылымдар жарық көріп келеді. Басылымның басшысы Дулат Назарбекұлы Әбіш ҚР Президенті жанындағы Бұқаралық ақпарат-құралдары жөніндегі кеңестің, Қазақстан Журналистер Конгресі атқару комитетінің мүшесі, «Медиа-Юг» қорының президенті, Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті.Басылымды дамыту стратегиясын дұрыс таңдау, редакция ұжымының кәсіби шеберліктері, материалдардың тәуелсіз және объективті сипатта жариялануы, Қазақстанда демократияның даму принциптерін ұстануы – «Айғақ» газетінің ақпарат тарату кеңістігіндегі орнын белгілеп, демократиялық бағыттағы басылымдардың біріне айналуына мүмкіндік туғызды. Газет Қазақстан Журналистер Одағының Саттар Ерубаев, Тұрар Рысқұлов атындағы сыйлықтарының, Қазақстан Журналистер Академиясының «Алтын Жұлдыз» сыйлығының лауреаты. Ал газет басшысы Қазақстан Республикасының 10 жылдығына байланысты Президент Н.Назарбаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталған. Газет журналистері жыл сайын өткізілетін Еуразиялық Медиа-форум, Қазақстан Журналистер Конгресінің, сонымен қатар, ОБСЕ, «Интерньюс», «Әділ сөз» сияқты мемлекеттік емес ұйымдардың түрлі семинар-тренингтеріне қатысып тұрады.Газет редакциясының өз баспаханасы бар, Ұлттық баспасөз клубы жұмыс істейді. Газет редакциясы Шымкент қаласында орналасқан.

«Егемен Қазақстан» — Қазақстан Республикасында жарыққа шығатын мемлекеттік ресми баспасөз құралы. Басылым негізінен ресми ақпаратты, жаңадан қабылданған құқықтық актілерді және басқа да ресми ақпаратты жариялайды. Газет 1919 жылдың 17 желтоқсанынанбастап аптасына 5 рет шығарылады. Алғашқы атауы "Ұшқын" болатын.

«Егемен Қазақстанның» алғашқы саны 1919 жылдың аяғында Орынборда жарыққа шықты. Содан бері ұжымдастыру кезеңі де, сталиндік қуғын-сүргін кезеңі де, соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі қиын кезең де газеттің тұрақты түрде жариялануына кедергі бола алмады. Тек атауы ғана «Ұшқын», одан кейін «Еңбек Туы», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» және соңғы жылдары «Егемен Қазақстан» болып өзгерді.

13. Авторлық құқық объектілері заңмен қаншалықты қорғалған?

Туынды және құрама шығармалар, өздерiнiң негiзге алынған немесе өздерiне енген туындылардың авторлық құқық объектiлерi болу болмауына қарамастан, авторлық құқықпен қорғалады. 7-бап АВТ құқық

14. Баспа ісіне қатысты қазақ жерінде қолданылған алғашқы заңдар?

15. Қазақ басылымдарындағы құқық тақырыбы?

16. Авторлық шарттың ережелерi, нысаны, ол бойынша жауапкершілік?

32-бап. Авторлық шарттың ережелерi. Авторлық шарттың

нысаны. Авторлық шарт бойынша жауапкершiлiк

1. Авторлық шартта:

1) туындыны пайдалану әдiстерi (осы шарт бойынша берiлетiн нақты құқықтар);

2) құқық берiлетiн мерзiм мен аумақ;

3) сыйақы мөлшерi және (немесе) туындыны пайдаланудың әрбiр әдiсi үшiн сыйақы мөлшерiн белгiлеу тәртiбi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ тараптар осы шарт үшiн маңызды деп есептейтiн басқа да жағдайлар көзделуге тиiс.

2. Авторлық шартта құқықтың берiлу мерзiмi туралы ереже болмаған жағдайда, егер пайдаланушыға бұл жөнiнде шарттың бұзылуына дейiн үш ай бұрын жазбаша хабарланған болса, автор шартты ол жасалған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұза алады.

3. Авторлық шартта құқық берiлетiн аумақ туралы ереже болмаған жағдайда шарт бойынша берiлетiн құқықтың қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.

4. Туындыны пайдалануға авторлық шарт бойынша тiкелей берiлмеген құқықтар берiлмедi деп саналады.

5. Шарт жасалған кезде белгiсiз болған туындыны пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды.

6. Сыйақы туындыны тиiсiнше пайдалану әдiсiне сәйкес түсетiн табыс процентi түрiнде авторлық шартта немесе, егер мұны туындының сипатынан немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне байланысты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, шартта көрсетiлген сома түрiнде не басқаша түрде белгiленедi.

7. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер ол тек шартта тiкелей көзделген болса, басқа адамдарға түгелдей немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.

8. Осы Заңның 14 және 33-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автордың болашақта жасайтын туындыларын пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды.

9. Автордың болашақта белгiлi бiр тақырыпта немесе белгiлi бiр салада туынды жасауына шек қоятын авторлық шарт ережесi жарамсыз болып табылады.

10. Осы Заң ережелерiне қайшы келетiн авторлық шарт ережелерi жарамсыз болып табылады.

11. Авторлық шарт жазбаша түрде жасалуға тиiс. Туындыны мерзiмдi баспасөзде пайдалану туралы авторлық шарт ауызша түрде жасалуы мүмкiн.

12. Электрондық нысанда жасалған туындылардың, соның iшiнде ЭЕМ-ге және деректер базасына арналған бағдарламаның даналарын сату кезiнде, сондай-ақ көпшiлiк пайдаланушыларға оны пайдалануға рұқсат беру кезiнде оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де шарт нысандары мен оларды жасасу тәртiбiн қолдануға болады.

13. Авторлық шартта көрсетiлген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған тарап екiншi тарапқа келтiрiлген залалды, соның iшiнде алынбаған пайдасын өтеуге мiндеттi.

Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09. № 586 Заңымен.

33-бап. Тапсырыстың авторлық шарты

1. Тапсырыстың авторлық шарты бойынша автор шарт ережелерiне сәйкес туынды жасап, оны тапсырысшыға беруге мiндеттенедi.

2. Тапсырыс берушi шартта келiсiлген сыйақы есебiнен авторға аванс төлеуге мiндеттi. Аванстың мөлшерi, төлеу тәртiбi мен мерзiмi тараптардың келiсуiмен шартта белгiленедi.

3. Тапсырыс шартының ережелерiне тапсырыс туындысын табыс етпеген автор тапсырыс берушiге келтiрген нақты зиянды өтеуге мiндеттi.

 

17. ҚР «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы, негізгі ұғымдары мен қамтылған мәселелер?

ҚР 03.05.01 ж. N 181-II Заңымен 1-бап толықтырылды

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) бұқаралық ақпарат - тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;

2) бұқаралық ақпарат құралы - мерзiмдi баспасөз басылымы, радио және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны;

3) мерзiмдi баспасөз басылымы - тұрақты атауы, ағымдағы нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;

4) теледидар, радио, бейне, кино хроникалық бағдарламасы - толық атауы бар және кемiнде жарты жылда бiр рет эфирге шығатын мерзiмдi дыбыс-бейне хабарлары мен берiлiмдерiнiң жиынтығы;

5) эфирге шығу - ұқсас және цифрлық электромагнитті жүйелердi пайдалана отырып, теледидар, радио бағдарламаларын, дыбыс-бейне жазбаларын тарату;

6) бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi - мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио, теледидар, кино хроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;

7) ресми хабар - бұқаралық ақпарат құралдары арқылы одан әрi тарату мақсатымен мемлекеттiк органдар беретiн ақпарат;

8) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату - мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио, теледидар бағдарламаларын эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру;

9) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы - жеке тұлға не бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;

10) бас редактор (редактор) - бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;

11) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) - еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға;

12) таратушы - меншiк иесiмен, баспагермен шарт бойынша немесе өзге де заңды негiздерде бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

13) цензура - бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын және материалдарын мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап ету бойынша немесе өзге де негiздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөлiктерiн таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келiсу;

14) эротикалық сипаттағы өнiм - тұтас алғанда және үнемi секске әуестенушiлiктi қаузайтын баспасөз басылымы немесе теледидар радио бағдарламасы;

16) ретрансляция - техникалық құралдарды пайдалануға қарамастан, басқа бұқаралық ақпарат құралының теле- немесе радио бағдарламаларын (теле- немесе радио хабарларының жиынтығы) қабылдау және бір мезгілде не жазып алып толық және өзгеріссіз тарату;

17) кешен - бір бірімен ортақ мақсаттарымен байланысты және бірыңғай құрылым құрайтын ғимараттар жиынтығы;

18) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы;

19) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган).

18. Оқырман хаттарын қысқартуға, редакциялауға бола ма?

17-бап. Авторлық туындылар мен хаттар

1. Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, оның ішінде интеллектуалдық меншікке авторлық және өзге де құқықтарды сақтауға міндетті.

2. Оқырмандар хаттарын жариялау кезінде олардың мәтінін қысқартуға және оның мазмұнының мағынасын бұрмаламай редакциялауға жол беріледі.

3. Егер заңда өзгеше көзделмесе, бұқаралық ақпарат құралы редакциясын ол қабылдамай тастаған материалды жариялауға ешкімнің де міндеттеуге құқығы жоқ.

19. Журналистердің жазуына тыйым салынатын құжаттар мен тақырыптар?

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олар­дың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпа­ратты тарату, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсор­ларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгіттеу, порногра­фиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгіт жүргізу, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халық­аралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлау­да белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгітке тыйым салынған кезеңде оны жүргізу, ереуілге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақ­стан Республикасының бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бір жыл ішінде қайталап бұзу заңда белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

14-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін тарату

1. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.

2. Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдарын тек қана мөлдiр ораммен буылып-түйiлген күйiнде және бөлшек саудада соған арнап әдейі бөлінген тұрақты үй-жайларда сатуға жол беріледі, олардың орналасқан жері мен ондағы сату ережелерін жергілікті атқарушы органдар белгілейді.

Порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнiмiнiң көрсетiлуiне, қатiгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады.

3. Алкоголь өнімдерін жарнамалауға 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тыйым салынады.

Темекі және темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салынады.

3-1. Шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радио бағдарламаларын ретрансляциялау телерадио хабарларын тарату арналары арқылы берiлетiн хабарлардың жалпы көлемiнiң: 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап елу процентiнен, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жиырма процентiнен аспауға тиiс.

Бұл талап кабелдiк және эфирлiк-кабелдiк теледидарлар тарататын хабарларға қолданылмайды.

4. Заңды негіздерде жүзеге асырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға жеке немесе заңды тұлғалар, сол сияқты мемлекеттiк органдарды лауазымды адамдары тарапынан кедергі жасауға, заңсыз тәркілеуге, сондай-ақ таралымын немесе оның бiр бөлiгiн жоюға заңды күшіне енген шешімi негiзiнде болмаса жол берiлмейдi.

20. Авторлық құқық қанша жылға дейін сақталады?

1. Авторлық құқық автордың бүкiл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.

2. Авторлыққұқығын, оның есiмнiң құқығын және автордың беделiн қорғау құқығын қорғауға шеек қойылмайды.

4. Жасырын немесе бүркеншiк атпен жарияланған туындыға авторлық құқық ол туынды заңды түрде жарияланған күннен кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды. Егер аталған мерзiм iшiнде жасырын немесе бүркеншiк атпен шығарылған туындының авторы өзiнiң шын есiмiн немесе оның кiм екенi ендiгi жерде күмән туғызбаса, осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылады.


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 155 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>