Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 6 страница



Ø облыстық, аудундық, қалалық, ауылдық, поселкілік әкімшіліктерде басқару лауазымдары мен олардың орынбасарлары қызметін атқара алмайды.

Шетел азаматтарының еңбек қатынастарымен байланысты міндеттеріне мысал ретінде Қазақстан заңдарымен бекітілген салықты төлеу міндеттілігін атауға болады. Заңмен белгіленген салымдар, алымдар және басқада міндетті төлемдерді төлеу әркімнің міндеті әрі борышы болып табылады. Табысқа салықты төлеуші жеке тұлғалардың қатарына заң тек Қазақстан Республикасының азаматтарын ғана емес, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардыда жатқызады.

Шетел қатысуындағы кәсіпорындарда шетел азаматтары жұмыскерден бақылау кеңесі мүшесіне дейін белгілі бір орындарда қызмет атқара алады. Олардың еңбегіне ақы төлеу, зейнетақымен қамтамсыз ету мәселелері әр қайсысымен жеке еңбек шартында шешіледі. Олар еңбек ақыларын шетел валютасында алуға және сәйкес міндетті алымдар менсалымдарды төлегеннен кейін шетелге еркін түрде аударуға болады.

Нақты еңбек қатынастары екі жақты контрактілермен шешіледі.

Қазақстанда шетел азаматтарының еңбек іс әрекетін бастау үшін алдын ала Қазақстан Республикасына келуге рұқсат алу және шетел еңбек күшін тартуға лицензия талап етіледі.

Шетел мемлекеттеріне өту сол мемлекеттің заңдылығымен реттеледі. Көптеген мемлекеттер өтуді шектейді, шетел азаматтарын мемлекетке өткізу оның жұмысқа қабылдануға алған рұқсатына байланысты болады.

Осындай рұқсаттар Германия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания және т.б. елдердің заңнамасымен бекітіледі.

Біздің елдің заңнамасы бойынша келесідей норма бекітілген, егер ҚР-ның тиісті тараппен келісімінде өзгеше тәртіп белгіленбеген болса, шетел азаматтары қолданыстағы паспорт немесе оны алмастыратын құжаттар бойынша ҚР-на келе алады.

ҚР-на келу шетел азаматына мына жағдайларда:

1. мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамсыз ету, қоғамдық тәртіпті қорғау немесе халықтың денсаулығын сақтау мүдделеріне бола;



2. егер ол ҚР-ның егемендігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақыратын болса;

3. егер ол мемлекетаралық, ұлтаралық және діни дұшпандықты өршітетін болса;

4. егер ол ҚР-сы азаматтарының және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғау үшін қажет болса;

5. егер ол террористік әрекеті үшін сотталған болса немесе сот оны аса қауіпті рецидивист деп таныған болса;

6. егер ол бұрын Қазақстан Республикасынан қуылған болса;

7. егер ҚР-да бұрын болған кезінде Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңдарды, республиканың кедендік, валюталық немесе өзге де заңдарын оның бұзу фактілері анықталған болса;

8. егер келу туралы өтініш жасалған кезде ол өзі жайында жалған мәліметтер хабарлаған болса немесе қажетті құжаттарды тапсырмаған болса, рұқсат етілмеуі мүмкін.

Келу визаларын немесе оларға сәйке келетін басқа құжаттарды ҚР-ның дипломатиялық және консулдық өкілдіктері немесе жекелеген жағдайларда ҚР-ның бұған арнайы уәкілдік алған өкілдері береді.

Қабылдаушы тараптардың шақырулары және егер ҚР-ның халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ҚР-ның бұған уәкілдік алған органдарының рұқсаттары виза беру үшін негіз болып табылады.

Ішкі еңбек рыногын қорғау мақсатында ҚР-ның Үкіметі ҚР-ның аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жыл сайын квота белгілейді.

Еңбекті қорғау және еңбектік зақымданудың нәтижесіндегі тиген жұмыскерге зиянның орнын толтыру аумағында шетелдіктер үшін ішкі заңдылық нормалары әрекет етеді. Яғни, әркімнің қауіпсіздк пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына құқығы бар (Конституцияның 24 бабы). Еңбекті қорғаудағы ұлттық саясат келесі қағидаларға негізделеді:

Ø меншік нысаны мен шаруашылық түріне қармастан барлық кәсіпорындар үшін еңбекті қорғау аумағында біртұтас талаптар қою;

Ø еңбекті қорғау тұрғысындағы кәсіпорындардың іс әрекетін лицензиялау;

Ø еңбекті қорғау мәселелерін шешудегі халықаралық ынтымақтастық.

Аталмыш мәселелер халықаралық шарттар деңгейінде де реттеледі, мысал ретінде Қазақстан Республикасының Ресеймен, Монғолимен, Қытаймен отырған Келісімдерін айтуға болады.

Шетел азаматтарының еңбек қатынастары лицензияның мерзімі, контрактінің мерзімі аяқталса, белгілі бір жұмысты аяқтаса (мысалы мердігерлік шарты негізінде) тоқтатылады. Сонымен қатар, еңбек қатынастары, егер олар ҚР-ның заң нормаларын бұзса аяқталады.

ҚР-ң азаматтарының шетелдердегі еңбек құқықтары.

Қазақстан Республикасының Конституциясы (21 бап) әркімнің Республикадан тыс жерлерге кетуіне және республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығын бекітеді. Аталмыш норма ҚР-ның Азаматтық кодексінде де көрініс тапқан. Бұл дегеніміз, Қазақстан азаматтарының өздерінің еңбек құқықтарын шетелдерде жүзеге асыруға құқығын барын білдіреді.

 

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

 

11 тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы

Әлеуметтік қамсыздандырудың түсінігі, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қоғамдық қатынастардың жүйесі. Әлеуметтік қорғауға құқықты жүзеге асырудың нысандары, әлеуметтік қамсыздандырудың ұйымдық-құқықтық нысандарының негізгі белгілері. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығын басқа салалардан шектеу, ең алдымен еңбек, әкімшілік және қаржы құқығынан.

Әлеуметтік қорғау дегеніміз, күн –көріс деңгейі төмен азаматтардың материалдық қамсыздандыру құқығын иелену болып табылады.

Әлеуметтік қорғалу құқығы 1948 жылғы «Адамдардың жалпы құқығы» декларациясында бекітілгеніне қарамастан, 1960 жылға дейін еңбек, әлеуметтік құқықтары нормаларымен реттеліп келді. Алғашқы рет әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы - құқық саласының, дара саласы жөніндегі пікірді академик В.С.Андреев 1966 жылы Прагадағы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі симпозиумде айтты және әлеуметтік қорғау құқығының негізгі міндеттерін айқындады. Елдегі қоғамдағы мақсаты әлеуметтік қорғау құқығының экономикалық, саяси, демографиялық оңалту міндеттерімен айқындалады.

Әлеуметтік қамсыздандыру – белгілі жасқа келген, науқастанған жағдайларда және өзге де заңды негіздерді азаматтарға материалдық қолдау көрсету. Материалдық қолдау: зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы (азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың ақшалай түрі) түрінде ұсынылады.

Әлеуметтік көмек – көп балалы отбасыларына, жұмыссыздарға, кездейсоқ тұрмыс ауыртпашылығына ұшыраған қашқындарға және жаңадан қоныстанушыларға, экологиялық апаттардан зардап шеккендерге, Ұлы Отан соғысына қатысушыларға ұсынылатын атаулы көмек.

Пән үш бөлімнен тұрады: жалпы, ерекше және арнайы.

Жалпы бөлім – ол әлеуметтік қорғау түсінігі, пәні, әлеуметтік қорғау құқығы, құрлымы, құқықтық қатынастардың реттеу әдісін, қағидаларын, қайнар көздерді, заңдардың даму тарихын зерттейді.

Ерекше бөлім – азаматтардың заңмен бекітілген әлеуметтік қорғау құқығын анықтайды, зейнетақымен, жәрдемақы, төлемақымен қамсыздандыру, әлеуметтік қызмет, жеңілдіктер мен көмек ұсыну. Әлеуметтік қорғау құқығына ие болуға құқық беретін заңды деректер, қаржыландыру көздері және оны жүзеге асыратын мемлекеттік құрылымдар мәселелерін қарастырады.

Арнайы бөлім – халықаралық әлеуметтік қорғау құқығын реттейтін заң, нормативтік актілерге арналған. Әрбір бөлім азаматтардың нақты қорғалу құқықтарын белгілейді.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

 

12 тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы жөніндегі шараларды қаржыландыру

Заң талаптарына сай еңбек зейнетақысы жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылуына байланысты, еңбек сіңірген жылдар үшін әлеуметтік пенсия тағайындалады, қаржыландыру пенсия қорымен республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Жеңілдік шартпен толық жұмыс күні бойынша зиянды және еңбек жағдайлары ауыр жұмыстарды істейтін жұмыскер, қызметкерлерге, экологиялық апат аймақтарда жұмыс істеген адамдарға, балалары бар әйелдерге, соғыс мүгедектеріне, соқыр азаматтарға, ерекше еңбек сіңіргені үшін авиация, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, театр ойын-сауық ұжым қызметкерлеріне зейнетақы тағайындалды. Зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдіктер санының көптігі көптеген адамдарға зейнеткерлікке ерте шығуға кейбір жағдайда әлдеқайда жоғарғы жеңілдікті зейнетақы алуға құқық береді. Зейнетақы жеңілдіктерін беру саясаты қазіргі кезде қайта құрылуда, мұндай жеңілдіктер еңбек жағдайы ерекше азаматтарға ішінара сақтауды ұсынылды.

Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес зейнетақы қорлары қызметінің негізгі салалары- ресурстары қызметкерлердің еңбек табыстарының жарна есептеу үшін белгіленген он пайыз көлемінде есептелетінміндетті сақтандыру жарналарының есебінен құрылатын зейнетақылар. Мұндай жарналар азаматтың өз қалауынша мемлекеттік жинақтаушы немесе кез келген мемлекеттік емес зейнетақы қорына аударылады.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

13 тақырып. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек өтілі, оның түрлеі, есептеу, растау тәртібі

Еңбек өтілі дегеніміз – зейнетақы алуға құқық беретін суммаралдық қызмет ұзақтығын айтамыз «Қазақстан Республикасы зейнетақынен қамтамасыз ету туралы» заңының 11 бабына сғйкес орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу кезінде есепке алынады:

1) физикалық жғне заңды тұлғалармен тµленетін еңбек шартымен жасалатын жұмыс;

2) ғскери қызмет;

3) құқық қорғау органдарының қызметі;

4) мемлекеттік қызмет;

5) кғсіпкерлік қызмет;

6) 1-ші группа мүгедегіке, 2-ші группа жалғыз жарым мүгедек, жғне басқаның кµмегіне тғуелді зейнеткер, сонымен қатар 80 – жасқа жеткен қартқа кеткен уақыт;

7) 16 жастағы мүгедекке, атом қолдану салдарынан, экологиялық апат немесе иммунодефицит вирусын, немесе СПИД ауырына шалдыққандарға;

8) ғрбір баланың жасы 3 тен кем болумауы керек, жалпы күрделілігі 12 жастан аспайтын жас балалары бар жұмыс істемейтін анаға кеткен уақыт;

9) бостандығынан айырылу орындарында жазасын өтеу, қамауда болу уақыты, дғлелсіз қылмыстық жауапкершілікке жғне репрессияға ұшырағап жер аудырылған азаматтарды, бірақ бұлар босатылғанда;

10) еңбек қабілетті бар азаматтарды тұлғаларды ССР территориясынан ¦лы Отан соғысы кезінде (жасына қарамай) басқа мемлекеттің территориясына уақытша, олар зорлықты түрде қайда болды, фашистік концлагерлерде ұсталынған (геттоларда);

11) жұмыс істеумеуші мүгедектердің және оларға теңестірілген мүгедектердің мүгедектікте болу уақыты;

12) Бұрынғы советтік мекемелердің, ҚР мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың жұмыскерлерінің жолдастарының, жалпы жиынтығында 10 жыл шетелде түру кезеңі;

13) Әскери құрам әйелдерінің күйеулерімен қоса еңбекке орналасға мүмкіндігі жоқ жерлерде тұрғанда 10 жылдан аспайтын мерзім;

14) Қазақстан Республикасының территориясының және одан тыс жерлердің жоғары және орта арнайы оқу орындарында, училищелерде, тәжірибені көтеру және қайта көтеруге кадрларды дайындау мектептерінде және курстарында, аспирантурада, докторантурада және клиникалық ординатурада, және де іштей жоғары және рухани орта оқу орындарында оқу;

15) Ведомстволық бағыныштылыққа және арнайы немесе әскері білімнің болуына байланыссыз арнайы байланыс және тауқорғау бөктер органдарында әскерилендірілеген күзет қызмет;

Еңбегін өтілін анықтаудың женілдік тәртібі бар екенуігін білген жон, яғни жоғарылатылған коэффициенттерді қолдану. Еңбек өтілін жеңілдікесептеу кезінде Орталықтан сонымен бірге зейнетақы тағайындауға есептеледі:

1) Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындауы кезінде осы қызметтің мерзімінің есептелуі мына тәртіпке бекітеледі - әскери әрекеттер кезінде әрекет етуші армияның қурамындағы әскери қызмет, соның ішінде әскери міндетті атқару кезінде, сонымен қатар партизаңдық отрядтарда және әскери әрекеттер кезінде біріде болу, сонымен қатар әскери жарақат салдарынан емдеу мекемелерінде емделгенде болған уақыты;

2) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы – 2есе молшерде 1-ші тармақшада көрсетілгендей, әскери қызметтен басқа қызмет және әскерибөлімдердің қурамындағы еркін жолданушы ретіндегі жұмыс;

3) Ұлы Отан соғысы жылдарындағы 1941ж 8 қыркүйектен 1944ж 27 қантарға дейінгі Ленинград қаласындағы жұмыс – үш есе мөлшерде;

4) 1941ж 8 қыркүйегінен 1944ж 27 қантарға дейінгі кезеңде 12 жастағы және жоғары жастағы азаматтардың Ленинград қаласының қоршалуы кезінде болып – екі есе мөлшерде;

5) Ұлы Отан соғысы кезеңінде адамдардың басқамемлекеттер территориясында мәжбүрлі түрде әкетілген уақыты, сонымен қатар, егер де осы кезенде отанына қарсы қылмыстар жасамаған болса, фашистік концлагерлерде болу уақыты (соғыс кезеңіндегі гетто және басқа да мәжбүрлі жерлерде устау) – екі есе мөлшерде;

6) Ақтап шығару салдарынан репрессияға ушырағандарды, заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтарда психиатриялық мекемелерге мәжбүрлі емдеу және орналастыру, бастануығын шектеу мәжбүрлі еңбекке тарту, жер аудару, бас бостануығынан атпру орындарында жазама өтеуді күзетте ұстау уақыты – уш есе мөлшерде;

7) 1949ж 29 тамыздан 1963ж 5 маусым кезеңінде – үш есе мөлшерде, ал 6 маусым 1963ж – 1992ж 1 қаңтар арамығында – жартылай мөлшерде Семей сынақ полигоны ауданындағы әскери қызмет және жұмыс;

8) чума ауруына қарсы мекемелерде жұмыс істеу;

9) Толық теңізде жүзү кезеңінде су көлігіндегі жұмыс бір жыл жұмысқа саналады;

10) Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген, - тізбе бойынша, - өндірістің салалық маусымында кәсіпорындардың толық маусымындағы жұмыс, олардың ведомстволық бағыныш байланыссыз стажина жылдық жұмыс болып саналады. Орталықтан 1998ж 1 қаңтарына дейінгі кезеңге зейнетақы есептеу үшін еңбек стажы ең кітапшасымен анықталады. Еңбек кітапшасының немесе сәйкесінше жазбалар болмаған кезде еңбек стажы жұмысы туралы немесе сот шешімі негізінде мәліметтерді дәлелдейті қужаттар негізінде бектіледі.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

14 тақырып. Орталықтан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыдандыру

Орталықтан зейнетақылық төлем алуға құқықтары бар азаматтар шеңбері. Еңбек стажының ұзақтығын анықтау кезінде есепке жататын кезеңдер. Бір-жарым, екі және үш өлшемінде стажды анықтау ережелері, Еңбек стажын растайтын құжаттар тізімі, Зейнетақыны аудару. Зейнетақылық төлемдерді тағайындау. Жасына байланысты зейнетақы.

Жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз ету шаралары ол мемлекеттік жинақтау қорындағы зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет кепілдік береді. Қазіргі кезде азаматтардың қаражатын сақтайтын мекемелер жұмыс атқаруда.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті шарттар болып жас мөлшері, еңбек стажы танылады. Жас мөлшері еркектер үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас белгіленген.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығын иеленудің келесі шарты еңбек стажы, еркектерге 25 жыл, әйелдерге 20 жыл көлемінде белгіленген.

Орталықтан зейнетақы төлемдері өмірбойына тағайындалып ай сайын үкімет белгілеген тәртіппен төленіп отырады.

Егер де еңбек стажы туралы құжаттар болмаған жағдайда жұмыс істеген кезеңі куәләрдың көрсетуі бойынша зейнетақы тағайындау жөніндегі комисиялар тағайындайды. Жеке еңбек қызметімен айналысатын, соның ішінде жеке аренда, кәсіпкерлік жағдайында келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндерге шын мәніндегі табысы, яғни зейнетақы қорына төлейтін жарнаны белгілеуге арналған сомалар алынады.

Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш зейнетақы төлемдерін есептей үшін тұрғылықты жері бойынша орталық филиалдарына беріледі. Өтінішке қажетті жас шамасын стажы мен табысын растайтын құжаттар қоса тапсырылады. Олар: жеке бас куәлігі, еңбек кітапшасы, табысы туралы анықтама, әлеуметтік жеке код және салық органдарының тіркеу номері, мекен-жай туралы анықтама.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

15 тақырып. Жинақтаушы зейнетақы қорларынан еңбекке қабілетсіз азаматтарды зейнетақылық қамсыдандыру

Жинактаушы зейнетақы қорларын ұымдастыру тәртібі мен қызметі, зейнетақылық шартқа отыру тәртібі. Зейнетақы шотты алу. Жүргізу процедурасы және оларда сақталатын құралдар туралы мәліметтер тізімі. Жинактаушы зейнетақы қордың зейнетақылық активтерін басқару. Зейнетақылық аннуитет шарты.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдері жеке есеп шаттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар азаматтарға жеке басын куәләндыратын құжаты болған жағдайда және жас шамасы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның талаптарында көзделген жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырылады.

Әскери қызметте ішкі істер, мемлекеттік тергеу, ұлттық қауіпсіздік комитеттеріндегі қызметте 25 жыл еңбек сіңірген жылы бар, осы қызметтерде тұрудың шекті жасына жеткен немесе 25 жыл еңбек стажы бар азаматтар – штаттық қысқартылуы немесе денсаулығына байланысты босатылған жағдайда төленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының үкіметі белгілейді және оны халыққа жариялайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларына түскен қаржы салымшылардың жеке есеп шотында сақталынады. Жеке зейнетақы шоттарының және азаматтарды бірдейлендіру, әлеуметтік рәсімдерді жүргізу және бақылау мүмкіншілігін қамтамасыз ету үшін әрбір азаматқа жеке әлеуметтік код беріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір азамат бойынша жеке шоттарда жинақталған қаражатпен оның санына есеп жүргізу, төлемшілерден міндетті зейнетақы жарналарының түсуін есепке алу, алушыларға есеп жүргізу, ақпараттық база құру үшін пайдаланылады. Әлеуметтік жеке код беруді жүзеге асыратын орган жергілікті жердегі аймақтық бөлімшелермен бірге зейнетақы орталығы болып табылады.

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

7. Семинарлық сабақтар жоспары

Тапсырма: Семинар сабағының сұрақтарына ауызша жауап дайындау

1 тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі

Семинар сабақтарының сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының түсінігі
  2. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының пәні
  3. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының әдістерінің ерекшелігі
  4. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының жүйесі
  5. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының басқа ұқсас құқық салаларынан ажырату

 

Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі № 1 дәріс сабағының берілісінде ұсынылады.

 

2 тақырып. Қазақстан Республикасы еңбек құқығының қайнар көздері және қағидалары

Семинар сабақтарының сұрақтары:

1. ҚР-ның еңбек құқығының қайнар көздерінің ұғымы және жүйесі

2. ҚР-ның еңбек құқығының қайнар көзі ретіндегі халықаралық актілер. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру

3. ҚР-ның еңбек құқығының қайнар көзі ретіндегі заңдардың жалпы міндеттемесі

4. ҚР-ның еңбек құқығының қайнар көзі ретіндегі заңға бағынышты құқықтық нормативтік актілер

5. ҚР-ның еңбек құқығының салалық қамидалары


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 38 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.021 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>