Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 5 страница



Жалақы төлеу мерзімдері.

Республикада тұратын халықтың көпшілігі үшін жалақы кірістің негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан оны көтеру адамдардың қалыпты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету үшін аса маңызды.

Жалақы төлеу мерзімі ҚР ЕК-ң 134 бабымен реттеледі. Осы бапқа сәйкес жалақы бір айда кем дегенде бір рет төленеді. Жалақыны төлеу күндері жеке еңбек ұжымдық шарттарында қарастырылады.

жалақы төлейтін күн демалыс немесе мереке күндеріне тура келген жағдайда, оны төлеу олардың қарсаңында жүргізіледі;

жұмыс берушінің кінәсінен жалақы, ал қызметкер мен жеке еңбек шарты бұзылған кезде оған тиесілі басқа да төлемдер белгіленген мерзімдермен салыстырғанда кешіктірілген кезде жұмыс беруші қызметкерге берешек пен өсімақы төлейді. Өсімақының мөлшері жалақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау күніне ҚР-ң Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша белгіленеді және төлем жүргізілуге тиіс болған күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеліп төленген күнмен аяқталады.

жеке еңбек шарты бұзылған жағдайда қызметкерге тиесілі барлық соммаларды төлеу соңғы жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ ҚР-ң заң актілерінде көрсетілген жағдайларда жүргізіледі.

Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу. Кепілдемелік төлемдер.

ҚР ЕК-не сәйкес жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) сақтай отырып, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыстан босата алады.

Кепілдемелік төлемдер еңбек міндеттерін орындаумен байланысты емес, олар жұмыскердің қалыпты жалақысын сақтауда заңмен қарастырылған, егер де өздерінің қоғамдық міндеттері мен мемлекеттік орындаулармен байланысты себептер бойынша еңбектік міндетті орындау.

Кепілдер. Еңбек кодексінің 149 бабына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерді мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына жұмыс орнымен лауазымын сақтай отырып босата алады.



Кепілдік төлемдер жұмыс міндеттерін орындаумен байланысты емес, олар заңмен орташа жалақысын сақтай отырып себепті жағдайлар болып табылатын мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындау уақытына төленетіндігін көрсетеді.

ҚР ЕК-де кепілдемелік төлемдердің түрлері берілген:

мерзімді әскери қызметін өтеп қайтқан қызметкердің нақ сол әскерге шақырылған кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады.

мерзімді медициналық тексеруден өту кезінде жұмыс берушінің есебінен осындай тексеруден өтуге міндетті. Қызметкердің жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберу кезіндегі.

Жұмыс беруші қызметкерді өндірістен қол үзіп, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген кезде оның жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталады.

Өтемақылар төлеу.

Өтемақылар – жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысты орындаған кездегі қызметкердің шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты ақшалай төлемдер ҚР ЕК бойынша өтемақы түрлері мынадай: 1.Басқа жердегі жұмысқа ауыстыру бойынша іссапар; 2.Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау; 3. Жүктілігі немесе босану бойынша әлеуметтік жәрдемақы мен бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтік жәрдемақы тағайындау.

 

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

 

8 тақырып. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

Қазақстан Республикасында еңбек пен денсаулық мемлекетпен қорғалады. Еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлы-гигиеналық, емдеу-профилактикалық, реабилитациялық және басқа да шараларды қосатып жұмыскердің еңбек ету процесінде өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі.

Қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету басты рөлін ойнайды.

Қауіпсіз еңбек жағдайы – жұмыскерлерге әсер ететін зиян заттардың жоқтығы немесе арнайы нормаға сәйкестігі еңбек жағдайы болып табылады.

Құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлы-гигиеналық, емдеу-профилактикалық,реабилитациялық және басқа да шараларды қосатын жұмыскерлерді еңбек ету процесінде өмір мен денсаулығын сақтау жүйесі ретінде еңбек қорғауды айқындау мемлекет пен және жұмыс берушілерді үлкен әрекеті ретінде қарауға болады. Келітірілген айқындау еңбекті қорғауды шаралар жүйесі ғана емес өнідірсте пайда болатын сұрақтарды шешетін жетекшілердің ұйымдық әрекеттерінің жүйесі ретінде қарауға болады.

Еңбек жағдайын айқындау жұмыскердің әрекет қабілеттілігі мен денсаулығын жасартуға, жұмыс берушінің жұмыскерлердің жұмыс істеу ортасын жақсарту олардың еңбек еңбек процессінің қалпына келуіне әкеледі.

Қауіпсіз жағдай мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету міндеттілігі жұмыс берушіге жүктеледі.

Жұмыскер қамтамасыз етуге міндетті:

Ø ғимаратты, құрылысты эксплуатаиялау кезінде, технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде және де өндірісте құралдармен, шикізатты және материалдарды қолдану кезінде жұмыскерлердің қауіпсіздігін; ғимаратты құрылысты эксплуатациялау кезінде технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде және де өндірісте құралдар мен шикізатты және материалдарды қолдану кезінде жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз айтылған процестер еңбекті қорғау талаптарына сәйкес болу керектігін айтады;

Ø жұмыскерлерге зиян заттардың тоқтату үшін немесе азайту үшін, кірден қорғау үшін жұмыскерлерге жұмыс беруші есебінен жеке қорғау және ұжымдық қорғау заттарын беру керек. (арнайы киімнен, арнайы аяққиімдермен және басқа да жеке қорғалу құралдары)

Ø еңбек қорғау талаптарына сәйкес әр жұмыс орнында еңбек жағдайын; Жұмыс берушілердің еңбек қорғау талаптарына сәйкес болуы керек дегеніміз олардың орындары мен ұйымдары сонымен бірге құрылғылары мен құралдары «ауасыә т.б) қауіпсіз болу керек және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына зияны болмауы тиіс. Жұмыс орындары жұмыс істеуге ынтайлы болуы керек, технологиялық негізінен, адынала қорғаушы құрылғылармен және басқа да денсаулық пен қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ететін құралдар, құрылғылар, көмекші кесуші, өлшеуші және көмекші құралдар, материалдар толықтыратын және дайын бөлшектер, өнімдер мен жұмыс орнын күтуі қауіпсіз жұмыс үшін жағдай жасалу керек;

Ø еңбек пен демалыс тәртібі заңға сәйкес болу керек;

Ø өз есептеріне жазылатын және зараздандыратын арнайы киім, арнайы аяқ киім жұмыс нормаларын сәйкес берілуі керек;

Ø қауіпсіз әдістерге және тәсілдерге үйрету еңбек қорғау бойынша және өндірісте қайғылы жағдай болған жағдайда бірінші мен көмек көрсету, еңбек қорғау талаптарын білуін тексеру, жұмыс жасаудың қауіпсіз әдіс тәсілмен жүзеге асуы;

Ø белгіленген тәртіпте еңбек қорғау бойынша оқу мен инструктаж өтпегендерді, еңбек қорғау талаптарын тексеруден өтпегендерді жібермеу;

Ø жұмыс орындарында еңбек жағдайының жағдайын бақылайтын ұйым, және де жеке және ұжымдық қорғау құралдарын жұмыскермен дұрыс қолдануын қадағалау;

Ø жұмыскерлерді арнай медициналық тексеруден өтпей және егер медициналық қарсы көрсетулер болған жағдайда жұмыскер кіргізбеу;

Ø жұмыскерлерді жұмыс орындарында еңбек қорғау мен жағдайы туралы денсаулыққа зиян келуі мүмкіндігі және берілетін компенсация және жеке қорғау құралдары туралы ақпараттандыру;

Жұмыс беруші жұмыскерлерді жұмыс істеу орындарының жағдайы туралы ақпараттандыру керек: өндіріс пен еңбек процестерінің факторы туралы денсаулыққа зиян келу мүмкіндікті және оларға берілетін компенсаия және жеке қорғау құралдары туралы ақпаратталуы керек. Мұндай ақпарат жұмысқа тұру алдынан және кейін де беріліп отыруы керек. Мысалы, егер жұмыскер жұмысқа алынар алдында зиян және қауіпті жағдайындағы еңбек ететін болса оған бұл туралы айтылу керек. Қандай жағымсыз жағдайда жұмыс істейтіні, қандай зиян келетіндігі, қандай компенсация төленетіндігі туралы алдын ала білу керек.

Жұмыс беруші авариляқ жағдайдың алдын алуы керек.

Бұл міндет еңбек қорғау инструкциясында жүзеге асырылады. Арнайы бөлімдердің жұмыскерлеріне авариялық жағдайларда қауіпсіздік талаптары туралы айтылады. Онда мүмкін авариалардың тізімі және себептері, жұмыскерлердің әрекеттері аварияға әкелетін, авариялық жағдайда зақым алған жарақаттанғандарға бірінші медициналық көмек көрсету және тағы басқа алдын алу мен жою шаралары арқылы жүзеге асыру қажет.

Еңбек туралы заңдылық жұмысберуге ғана мұндай міндеттер жүктемей орныны мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарына жүктейді.

Жұмыс берушіге тағы да басқа еңбек қорғау саласында міндеттер жіктелуі мүмкін.

Қызметкердің міндеттері. Осылай еңбек қорғау саласында жұмысшы міндеттерін айқындауға болады. Жекелегенде, жұмысшы міндетті:

Ø еңбек қорғау талаптарын, заңмен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген, сонымен қатар ережелер мен инструктаждарды орындау;

Ø жеке және ұжымдық қорғау құралдарын дұрыс қолдану;

Ø еңбек қорғау жұмысын орындау қауіпсіздік тәсіл мен әдісін, өндірісте қайғылы жағдай болған ретте бірінші медициналық көмек көрсету, еңбек қорғау бойынша инструкциялау, жұмыс орнында стажировка мен еңбек қорғау талаптарын бойынша оқудың өту;

Ø өзінің тікелей немесе жоғары тұрған жетекшісін адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян туған жағдайда, әр қайғылы жағдай туралы немесе өзінің денсаулығының қатарлауына соның ішінде кәсіби аурудың белгілері болған жағдайда жұмыскер міндетті түрде хабарлауы керек;

Ø алдын ала және уақыттылы медициналық тексеру өтуі керек.

Мұнда «жұмыскер» түсінігі жетекшілерді де, мамандар мен басқа да қызметкерлерді және жұмыскерлерді қамтиды.

Сондықтан, түсіндірілген бүкіл міндеттер осыларға да тарайды. Олардың категориясы оларды мәртебесіне байланысты белгіленеді. Заңда белгіленген міндеттерін орындамаған немесе толық орындамаған кезде еңбек бұзу болып табылады және мұнда кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Заңда еңбек қорғау, талаптарын сақтауды қалыптасады. Бұл бақылауды асыру мемлекеттік еңбек инспекторіне жүктелген.

 

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

9 тақырып. Еңбек даулары

Еңбек дауларының түсінігі, түрлері және себептері.

Еңбек дауы. - жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбек заңының қолданылуын байланысты, жеке еңбек ұжымдық келісімі шарттардағы жағдайлардың орындалуына байланысты келіспеушілігі.

Көріп тұрғанды негізгі даудың себептері болып жұмыс беруші мен жұмыстар арасындағы жеке еңбек шарттардағы жағдайларды орындамаудын басталады.

Заңмен реттелмеген немесе басқа да еңбек туралы нормативтік құқықтық актілермен реттелмеген жаңа немесе еңбек жағдайын өзгертуден белгілеуден жұмыс беруші мен жұмыскер арасында еңбек дауы туындауы мүмкін. Егер келіспеушілік жұмыскер мен жұмыс беруші арасында органдар кірісуі мүмкін. Істі қарайтын орган жұмыскердің бұзылған құқықтарын қиынша келтіріп қана коймай, дауды тудырған себепті жоюға шаралар қолдату керек. Лауазымды тұлғаларға байланысты жұмыскердің құқықтарын бұзған жағдайда жауапкершілікке тартуы мүмкін.

Еңбек дауларын қараудың тәртібі

Еңбек даулары жақтардың келісімімен немесе сот тәртібімен жарамды және ҚР-ң заңымен айқындалады.

ҚР-сының Еңбек кодексінің 170-бабына сәйкес жақтардың келісуімен байланысты еңбек даулары бірінші келісімдік комиссиямен қаралуы мүмкін.

Екі жақтын шешуімен келісімдін комиссия жұмыс беруші мен жұмыскерлердің өкілдерінің бірдей саналып тұрады.

Жұмыскердің өкілдері келісімдік комиссияға жалпы ұйым жиналысымен алынады.

Жұмыс берушінің өкілдері ұйым жетекшісімен тағайындалады.

Ұйымдық - техникалық қамтамасыз ету жұмыс берушінен жүзеге асады.

Шешімді қабылдау мен орындау. Келісімдік комиссия арызды берулген күннен бастап үш күн ішінде қарайды. Қараудың нәтижесінен келісімдік комиссияның шешімі арыз берушіге ьеріледі. Арыз берушінің талаптарын қамтамасыз ететін келісімдік комиссияның шешімін екінші жақ үш күн ішінде орындауы керек. Еңбек қатынастарға байланысты талаптармен сотқа арыз жазған жұмыскер сот шығындарын жазған жұмыскер сот шығынадрынан құтылады. (мемлекеттік баж және алым).

 

Қажетті қайнар көздерді негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен қарастырыңыздар. (5 пункітіндегі.)

10 тақырып. Халықаралық еңбек құқығы. Жақын және алыс шетелдерде еңбекті құқықтық реттеу.

 

Еңбекті халықаралық –құқықтық реттеу пәні, әдісі және қағидалары. Еңбекті халықаралық –құқықтық реттеудің субьектілері. Еңбекті халықаралық –құқықтық реттеудің қайнар көздері және олардың сипаттамасы(ББҰ, ХЕҰ, Еуропа Кеңесі, Еуропалық одақ, ТМД актілері).Халықаралық еңбек стандарттары(ББҰ, ХЕҰ стандарттары, еңбектің аумақтық стандарттары). Қазақстан Республикасының еңбек заңдылығын жетілдіру үшін халықаралық актілердің мәні. Халықаралық және ұлттық еңбек құқығы нормаларының коллзиясы.

Еңбек қатынастары әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы маңызды звенолардың бірі болып табылады.

Шетел элементінің қатысуындағы еңбектік қатынастарды құқықтық реттеудің маңыздылығы қазіргі белсенді миграциялық үрдістердің және экономикалық байланыстардың тереңдеуі уақытында әрдайым арту үстінде.

Тұрғындардың, оның ішінде еңбектік миграция Қазақстанның еңбек нарығында шетел еңбек күшінің кеуіне әкелсе, екінші жағынан Республика азаматтарының шетел жұмысберушілерінде шекарадан тыс жерде еңбек етуге жол берді. Сондықтан да қазіргі таңда еңбек қатынастары ішкі заңнамамен ғана емес, сондай-ақ халықаралық құқықтың немесе коллизиялық нормаларменде реттеледі.

Шетелдіктердің еңбектік қатынатарын реттеудің мәселелері әр елде өзінің ерекшеіктеріне ие. Бұл аумақта бегілі бір коллизиялық қағидалар қалыптасқан. Батыс елдерінің доктринасы мен сот тәжірбиесінде еңбектік қатынастарға құқықты қолданудың екі тұжырымын қарастырады: біріншісі жария құқықты, ал екіншісі жеке құқықты қолданумен байланысты. Бірінші тұжырым бойынша тек өзінің жұмыс орны мемлекетінің жария құқығын шетел құқығын қолданбай пайдаланады, екіншісі бойынша еңбек қатынастарында құқықты таңдауда аңдау еркінің автономдығын білдіреді, яғни шартқа отырған жердің және т.б. заңын қолдану. Көп елдер бірінші тұжырымды ұстанады.

Жұмыс орны мемлекетінің заңы қолданудағы коллизиялық қағидасы- бұл Австрия, Албания, Венгрия, Испания, Швейцарияның ХЖҚ туралы заңдылықтың негізгі қағидасы болып табылады.

Жұмыс орны эаңы дегеніміз- жұмыскерлер қызмет жасайтын кәсіпорынның орналасқан жерінің заңын білдіреді.

Еңбек қатынастары облысындағы коллизиялық немесе сілтеме жасаушы нормалар республиканың көптеген заңдары мен нормативтік актілерінде көрініс тапқан. Мысалы, еңбекті қорғау саласындағы коллизиялық норма ҚР-ның «Еңбекті қорғау туралы» заңында бекітілген: «ҚР-ның мекемелерінде жұмыс істеуші шетел азаматтары мен шетелде еңбек атқаратын ҚР-ның азаматтары үшін еңбек қорғау саласындағы қатынастарды реттеудің ерекшеліктері мүдделі тараптардың келісімімен орнатылады», сондай-ақ «Егер еңбекті қорғауға қатысты ҚР-ның заңдылығына қарағанда халықаралық шарттарда жоғары талаптар көздесе, онда халықаралық шарт ережелері қолданылады» делінген. Бұл жердегі халықаралық шарттар ҚР-сы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар туралы айтылып тұрғанын еске салған жөн.

Қазіргі таңда тұтасымен өндірістік және еңбектік қатынастарҚР-ның еңбек заңдылығымен реттеледі. Мекеме әкімшілігі мен шетел жұмыскері арасындағы нақты еңбек қатынастарды реттеуші негізгі құқықтық акті еңбек шарты (контракт) болып табылады.

Еңбек қатынастары көп жақты Конвециялар деңгейінде де реттеледі. Оларға келесілерді мысал ретінде келтіруге болады «Күштеу еңбегі туралы» Конвенция (1930ж), «Ұжымдық шарттар ұйымдастыруға және отыруға құқық туралы» (1949ж), «Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы дискриминация туралы» (1958ж), «Мемлекеттік қызметтегі еңбек қатынастары туралы» (1978ж). Осы аталған конвенцияларды жұмысберуші мен қызметкерге білу өте қажет.

Еңбек қатынастары мәселелері сонымен қатар екі жақты халықаралық келісімдермен реттеледі, мысалы: ҚР-сы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995жылы 20 қаңтардағы шарт, 1994жылы 2 желтоқсандағы еңбек шарты бойынша Монғолия мен Қазақстанның азаматтарын еңбекке тарту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы екі мемлекетің Үкіметтері арасындағы жасалған Келісім шарт.

ҚР-ғы шетел азаматтарының еңбек құқығы.

ҚР-ның Конституциясының 21 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда арнайы көрсетілген басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты мекенді өөз қалауынша таңдап алуға құқығы бар» делінге. Бұл дегеніміз- шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адам ҚР-ның территориясы бойынша жүріп тұруға құқықтарын, сондай-ақ еңбек қызметінің белгілі бір түрлерімен айналысу мүмкіндігін білдіреді.

Шетелдіктердің еңбек қызметінің негізгі мәселелері ҚР-ның Конституциясымен қатар, «ҚР-ң Еңбек кодексі», «Халықты жұмыспен қамту туралы» және т.б. заңдармен және заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

ҚР-ғы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заңына сәйкес, шетел азаматтары ҚР-ның заңдары мен халықаралық шарттары белгілеген негіз бен тәртіпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметімен шұғылдана алады. ҚР-сы азаматтарының еңбек ету бостандығына конституциялық құқығын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында заң актілерімен шетелдік азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыруы жөніндегі шектеулер белгіленуі мүмкін.

Шетел азаматтары жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе осындай қызмет түрімен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты болса, шұғылдана алмайды.

Қзақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары еңбек қатынастарында ҚР-ның азаматтарымен бірдей құқықтарды майдаланады және сол сияқты міндеткелікте болады.

Қазақстан Республикасында жүрген шетел азаматтары ҚР-ның азматарымен ортақ негіздерде демалыс алуға құқылы.

1993жылғы 24 желтоқсандағы ТМД аумағында инвестициялық іс әрекет облысындағы ынтымақтастық туралы Келісімде былай делінген: «Инвестициямен кәсіпорындардағы Тараптардың еңбек қатынастары, оның ішінде еңбекке жалдау және одан шығару, жұмыс және демалыс режимі, еңбек ақы төлеу шарттары, кепілдіктер мен компенсациялар инвестициялау жеріндегі мемлекеттің заңына сәйкес реттеледі».

Жалпы тәртіп бойынша шетел азаматтары басқа мемлекеттің территориясында саяси құқықтарға ие болмайды және ұлттық қауіпсіздікпен байланысты белгілі орындарға тағайындалу немесе қызметті жүзеге асыра алмайды. Ресей Федерациясының территориясында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азамттарының құқықтық жағдайы және Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты тұратын Ресей Федерациясы азаматтарының құқықтық жағдайы туралы ҚР-сы мен РФ –ның арасындағы шартта бір Тараптың екінші Тарап территориясында тұрақты тұратын азаматтары келесі құқықтарға ие болмайды деп тікелей көрсетілген:

Ø тұрушы тараптар жоғары мемлекеттік органдарға және өкілді органдарға сайлуға және сайлануға;

Ø турушы тараппен өткізілетін бүкіл халықтық дауыс беруге (жалпы мемлекеттік референдум) қатысуға;

Ø тұрушы тараптың дипломатиялық қызметте, қауіпсіздік органдарында және ішкі істер органдарында лауазымды иеленуге;

Ø тұрушы тарапта орталық атқарушы билік органдарында лауазымды қызметші, судья, прокурор болуға;


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 41 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>