Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сорттар, будандар және өсімдіктердің жаңа түрлерін шығарумен айналысатын ғылым-селекция деп аталады. (латын тілінен « Selectio» деген сөз 8 страница



Будандастыру – бір немесе бірнеше белгілерімен қасиеттері бойынша бөлінетін бір немесе көптеген аналықтарды шағылыстыру.

Будандық көшеттік – будандық жадығатты егіп зерттейтін және селекциялық көшеттікке талдау жасайтын көшеттік.

Гомология – гүлде аналық пен аталықтың қатар пісуі.

Грунттық бақылау - өсімдіктер мен тұқымдардың бір сортқа жататынын және жерге егіп, одан соң өсімдіктерді талдай отырып анықтау.

Екі қатар линияаралық будандар – жәй екі линияаралық будандарды шағылыстырып алынған будандар.

Қос үйлі өсімдіктер – аналық гүлі бір өсімдікте, аталық гүлі екінші өсімдікте болатын болатын өсімдіктер тобы.

Диаллельдік шағылыстыру – бір топ сорттар немесе линиялар ішінде әртүрлі комбинацияларда будандар алу үшін жүргізілетін шағылыстырулар.

Стерильділікті бекітушілер – фертильді сорттар немесе линиялар андростерильді формалармен шағылыстырғанда аталық стерильді ұрпақ береді.

Өсімдіктер иммунитеті (фитоиммунитет) – қоздырғыштарға қолайлы жағдай туғанда өсімдіктердің зақымдалмауы.

Инбредтік линия – айқас тозаңданатын дақылдың линиясын бірнеше рет зорлап өздігінен тозаңдандыру.

Инбридинг – айқас тозаңданатын өсімдіктерді өздігінен тозаңдандырып алынған ұрпақ. Инцухт деуге болады.

Жеке сұрыптау – сұрыпталған элиталық өсімдіктерді ұрпақ бойынша жеке бағалауда негізделген сұрыптау.

Интродукция – бір елге немесе облысқа бұл жерде өспеген өсімдіктердің түрлері мен сорттарын әкелу.

Инцухт-депрессия – аллогамдық өсімдіктерді зорлап өздігінен тозаңдандыру негізінде ұрпақтардың өміршеңдігі мен өнімділігінің төмендеуі.

Инцухт-линия – инбредтік линия.

Бастапқы жадығат(материал) - өсімдіктердің жаңа сорттары мен будандарын алуға қолданылатын мәдени өсімдіктер және олардың жабайы туыстастары.

Гүлдерді піштіру – шағылыстырарда, тозаңдандырар алдында аналық гүлдерде піспеген тозаңдықты алып тастау.

Клон – аналық өсімдікті немесе бір бөлшектерін вегетативтік көбейтумен алынған генетикалық біркелкі ұрпақ.



Клондық сұрыптау – вегетативті көбейетін өсімдіктерде жеке сұрыптау.

Коллекциялық көшеттік – перспективалы формаларды бөлу үшін бастапқы материалды алғашқы зерттеу көшеттігі.

Конкурстық (негізгі) сортсынау – жаңа перспективалы сорттарды мемлекеттік сортсынауға берудің алдындағы ақырғы сынау.

Бақылау көшеттігі – селекцияның көшеттіктен кейінгі көшеттік. Бұл жерде бірінші рет өнімділікке бағалайды.

Көбею коэффициенті – өнімде кондициялық тұқымның массасының егілген тұқымның массасына қатынасы.

Ксенийлер – аналық өсімдікте дамыған будандық тұқымдарда аталықтың белгілері болуы.

Зертханалық сорттық бақылау – зертханалық талдау жүргізумен сорттық тазалығын және тұқымдардың белгілі сортқа жататынын анықтау.

Линиялық сорт – бір элиталық өсімдіктен басталатын және ұрпақ бойынша гомозиготтыққа тексерілген өздігінен тозаңдалатын дақылдың сорты.

Линия - өздігінен тозаңданатын дақылдарда гомозиготтық өсімдіктің ұрпағы.

Жалпы сұрыптау – сұрыпталған элиталық өсімдіктердің өнімін талдағаннан кейін біріктіріп ұрпақтарын бағаламай бір мөлдекте егіп сұрыптау.

Көп линиялық сорт – морфологиялық және шаруашылықта пайдалы белгілерімен біріңғай, бірақта аурулар қоздырғыштарының расаларына төзімділігімен айырмашылығы бар линиялар қоспаларынан біріктірілген сорт.

Мутант – жеке геннің мутациялануының немесе хромосомдардың қайта құрылуының әсерімен болған өзгерген белгісімен жаңа ағза.

Тұқым қуалаушылық – ағзалардың жалпы фенотиптік өзгергіштігіндегі генотиптікпен болған өзгергіштіктің мөлшері.

Негативтік сұрыптау – егістіктен нашар дарақтарды бөлу.

Жалпы комбинациялық мүмкіншілік – гетерозис селекциясын жүргізгенде будандық комбинациялардағы өздігінен тозаңдандырылған линиялар мен сорттардың орташа бағалылығы.

Тозаңдандыру – тозаңды аналық аузына салу.

Түр және туысаралық будандастыру - әртүрлі түрлер мен туыстарға жататын ағзаларды шағылыстыру.

Партенокарпия – тұқымсыз жемістер байлану.

Перспективті сорт – жаңа бағалы сорт, сынаудан өтіп жатқанда көбейтілетін, бірақ пайдалануға рұқсат етілмеген.

Қайталау – сыналатын сорттардың бір қайталамасы.

Қайталаулар – сортсынауда қайталамалар саны.

Поликросс – барлық бағалайтын үлгілерді еркін тозаңдандырып жалпы комбинациялық мүмкіншілігін анықтау әдісі.

Тұқымның егу сапалары – тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің жиынтығы.

Алшақ оңашалау - әртүрлі сорттар мен дақылдардың бір-бірімен тозаңданбау үшін алшақ егу.

Егістіктерді тіркеу – апробацияға бау алмай сорттық егістікті байқап шығып оны құжаттама жасау.

Тұқымдар - өсімдіктердің сортын молықтыру үшін пайдаланылатын генеративтік және вегетативтік органдары: тұқымның өзі, жемістер, күрделі жемістердің бөлігі, қосалқы жеміс, масақтар, көшеттер, жуашық, түйнек, қалемшелер, түзуші ұлпалар және басқалар.

Аралығын алшақтату - әртүрлі сорттар мен дақылдардың егістіктері бір-бірімен тозаңданбау үшін белгілі арақашықта орналастыру.

Егістіктерді тіркеу – сорттық егістіктерден апробацияға бау алмай қарап шығып оны тиісті жөнінде құжаттау.

Көбейтілген тұқымдар – элитадан кейінгі көбейтілген тұқымдар.

Селекциялық жадығат – барлық сорттық және будандық жадығат селекционермен сұрыпталып және селекциялық жұмыстың үрдісінде қолданылатын.

Селекциялық көшеттік – селекциялық жадығаттың будандық, коллекциялық және арнайы көшеттіктерден алғашқы салыстырмалы бағалауға және ең жақсы ұрпақтарын сұрыптауға арналған көшеттік.

Элиталық тұқымдар – а.ш. өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін тұқымдары.

Тұқымдық бақылау – тұқымның егу сапасын анықтау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттар талаптарының сақталуын бақылау.

Тұқым шаруашылығы – тұқымдарды өндіру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және пайдалану жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтитын қызмет, сондай-ақ мемлекеттік бақылау, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылау.

Семья – айқас тозаңданатын дақылдардың бір өсімдігінің ұрпағы.

Синтетикалық селекция – будандастыру әдісін қолдану негізінде әртүрлі сорттардың пайдалы гендерін генетикалық рекомбинациялау селекциясы.

Сорт-популяция – генотиптік айырмашылығы өсімдіктер сорты.

Сортқа тәнділік – айқас тозаңдандырылатын ауыл шаруашылық өсімдіктерінің сорттық тазалығының көрсеткіші.

Сорттық тазалық – негізгі сорт өсімдіктерінің немесе сабақтарының осы ауыл шаруашылық өсімдіктерінің немесе сабақтарының жалпы санына проценттік қатынасы.

Сорттық бақылау - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістіктерінің сорттық тазалығын анықтау және тұқымдардың белгілі бір сортқа жататындығын белгілеу жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын бақылау.

Тұқымдардың сорттық сапасы – тұқымдардың ауыл шаруашылық өсімдігінің белгілі бір сортына жататындығын сипаттайтын белгілер жиынтығы.

Сорт жаңарту - өндірісте пайдалану кезінде сорттық және биологиялық сапасы нашарлаған тұқымдарды сол сорттың жақсы тұқымдарымен ауыстыру.

Сорт ауыстыру – тұқым өсірушілердің өндірісте егіліп жүрген ескі сорттарды неғұрлым шығымды немесе ауыстырылатын сорттан шаруашылық-бағалылық белгілері мен қасиеттері жағынан артық жаңа, пайдалануға рұқсат етілген сорттармен ауыстыруы.

Спецификалық комбинациялық мүмкіншілік – бір комбинацияның гетерозис көлемімен анықталатын, линия немесе сорттың комбинациялық мүмкіншілігі. Диаллельдік шағылыстырумен анықталады.

Селекциялық жетістіктердің тұрақтылығы – бірнеше рет сортты көбейткеннен кейін негізгі белгілерінің өзгермеуі.

Суперэлиталық тұқымдар – бірегей тұқымдарға жататын, өсіріп-өндіру көшеттігінің өнімімен алынған, мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сай келетін және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқымдар.

Тестер - өздігінен тозаңдандырылған линиялардың жалпы комбинациялық мүмкіншілігін анықтауға қолданылатын сорт немесе будан, аталық ретінде қолданылатын.

Будандастыру мөлдектері – гетерозистік будандардың тұқымдарын өсіретін мөлдектер.

Таза линия – барлық гендерімен гомозиготты бір өздігінен тозаңдандырылған өсімдіктің ұрпағы.

Элиталық тұқымдар – ауыл шаруашылық өсімдіктерінің бірегей немесе суперэлиталық тұқымнан алынған және мемлекеттік стандарттар мен тұқым шаруашылығындағы саласындағы өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тұқымдары.

Элиталық өсімдіктер – жаңа сорт құрастыруға, селекционермен сұрыпталып, алынатын өсімдіктер.

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 294 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>