Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сорттар, будандар және өсімдіктердің жаңа түрлерін шығарумен айналысатын ғылым-селекция деп аталады. (латын тілінен « Selectio» деген сөз 1 страница



К І Р І С П Е

 

Сорттар, будандар және өсімдіктердің жаңа түрлерін шығарумен айналысатын ғылым-селекция деп аталады. (латын тілінен «Selectio» деген сөз «сұрыптау» немесе «тандау» деп аударылады).

Селекцияның қазіргі жүргізілуі тек оның классикалық әдістері – сұрыптау және будандастырумен ғана шектелмейді. Көптеген дақылдардың селекциясында полиплоидия мен гаплоидияны, мутагенез бен гетерозисті және т.б. әдістер кеңінен қолданылуда. Селекционерлердің жоғарғы мамандықтарын қажет ететін генді инженерия мен тіршілік технологиясы (биотехнология) сияқты әдістерді пайдалану қазіргі күні басты бағытқа айналуда.

Сондықтан селекционерлер клетканың ішкі құрылысын (цитологияны), тұқым қуу құбылысын (генетиканы), жалпы селекцияны және тұқым шаруашылығын, өсімдікте болатын ішкі құбылыстарды (физиологияны), алынған өнімді сақтау, өндеу технологиясын жақсы білулерімен қатар, сорттарға қойылатын шарттармен талаптар көрсету жұмыстарын жете игерулері қажет.

Осы ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап, елдің көптеген аймақтарында селекционерлер классикалық іріктеу (жекелеп және жаппай іріктеу, кейініректе бұлармен үйлестіре отырып жыныстық будандастыру, әсіресе алыстан будандастыру) әдістерін пайдаланып АШ-ғы дақылдарын сорт-сортарын шығару ісінде үлкен де жемісті жұмыс жүргізгені мәлім. В.С. Пустовойт іс жүзінде дәншіктерінің құрамында 50-60 процент май болатын күнбағыс буданының жоғары құрамын сақтай отырып, П.П.Шехурдин,В.Н.Мамонтова, И.Г.Калиненко, В.Г.Кириченко, Р.А.Оразалиев шығарған бидай сорттарының өнімділігі екі есе өсірілгені белгілі.

Қазақстан күшті және қатты бидай дәнін өндіретін ең ірі республика болып саналады. Қазақстан бидай егістігінің көлемі, жалпы өнімі жағынан басқа елдерге қарағанда алдыңғы орында. Мұнда барлық егіс көлеміне жергілікті жерге бейімделген әрі жоғары өнім алынатын сорттар ғана егінеді. Мұндай сорттарды шығаруда көрнекті селекционерлеріміз Р.А.Оразалиев, Т.Г.Зусманович, Н.Л.Удольская, А.Н.Гольбек, А.Ф.Марков, В.К.Мовчан, В.И.Кондауров,А.С.Ермилов, В.П.Кузьмин, О.Е.Хариков т.б. еңбектері аз емес



Қазақстанда күріш дақылы да жақсы өнім береді, себебі да барлық егіс көлемі Маржан, үштөбе сияқты жоғары өнім беретінсорттармен қамтамасыз етілген. Мундай сорттар-Ким Хван Су,Хван А.И. сияқты селекционерлеріміздің еңбегінің нәтижесі.

Қазақстанда мол шаруашылығы жақсы дамыған. Оның себебі-малға керкті мол азығы теткілікті. АРПА, сұлы, жүгері сияқты тағамдық, мал азық және өндірістік-техникалық дақылдар егіліп, олардан мол өнім алынады. Осы дақылдардың талапқа сай сорттарын шығаруда көрнекті селекционерлеріміздің еңбегі зор, олар: С.Б.Байтуғанов, М.В.Лукьянова, Н.К.Потапова, В.М.Денисова, Т.Н.Сидорова, З.Л.Совунова, Е.В.Писарева, А.К.Ходжиков, Э.Сейфуллин.

Көп жылдық шөптің жоңышқа, еркекшөп, эспарцет, бетеге (овсяница) соттарын шығаруда Г.П.Мейірманов, В.С.Петчунова, Е.Ш. Шаханов, В.С.Шевочник, А.М.Голубев сияқты селекционерлеріміздің еңбегі өте зор.

Картоп - аса маңызды, «екінші нан» аталған Адам, мал азығы, және өнеркәсіптік имкі зат ретінде кеңінен қолданылатын дақыл.

Бұл дақылдың рак ауруына төзімді сорттары шығарылды. Зауральский, Рекорд, Алатау, Шортандинский сияқты соттары В.Е.Мохов, В.И.Морозова, В.А.Кулибаева, И.С.Сур, т.б. атақты селекционерлеріміздің еңбектерінің жемісі.

Алайда, басқа да көптеген елдердегі секілді бізде де АШ өндірісі қоршаған ортаның әр түрлі қатерлі құбылыстарының әсеріне ұшырауда. Астық дақылдарына бүгінгі уақытта үлкен қауіп төндіретін: тамыр шірігі, фузариоз, септориоз, гельминтоспориоз, әр алуан баздану түрлері өріс алуда.

Кейбір аймақтарда фузариоз эпифитопиясы пайда болуда. Оны тек толерантты сорттар шығару, ауыспалыегіс пен себу мерзімін қатан сақтау, әрі тұқым мен егістікті осы заманғы қорғау құралдарымен уақтылыбаптау арқасында еңсеруге болатындығына көз жетті. Осындай жағдай ескеріліп, еліміздің сұрыптау жөнінде батыл қадамдар жасалып отыр. Бұл бағытта қазірдің өзінде жүзеге асырылған азды-көпті дүниелер бар.

Төзгіштік белгісі бойынша бірнеше ондаған жаңа сортты, алдымен астық дақылдарының сорттарын, төзімді топқа жатқызуға болады. Жаздық бидай сорттарының ішінде Альбидум 28, Сар. 55, Цел. 26, Цел. 60, Цел.юб., Светлана, Оренбург. 10 өзінің құрғақшылыққа мейлінше төзімділімен, жигулевская, родина, Новосиб. 67, Без. 137, Горденформе 53 кейбір патогендерге төзімі қасиеттерімен ерекшеленеді.

Күздік бидай мен тарының күйеге төзімді сорттары тұңғыш реет шығарылды. Интенсивті технологияны енгізуге, минералдық тыңайтқыштардысіңіру мөлшерін көбейтуге, сыармалы жерлердегі егістік алқабын ұлғайтуға байланысты зиянкестер мен аурулардың етек жаюына жағдай туып отыр. әлемнің агрометеорология орталықтары құрғақшылық күшейеді деп болжауда, демек құрғақшылықтың әлемнің әр түрлі аймақтарын, соның ішінде біздің аймақтағы көлемді аумақты қамтымай қолмасы анық. Мұның бәрі сайып келгенде құрғақшылыққа төзімді сорттар шығарудың жаңа тәсілдерін табанды түрде іздестіруге мәжбур етері анық өнімділігі жоғары әрі құрғақшылыққа төзімді түрлердің жоқтығынан, бұл бағытта тез арада жетістіктерге жете қоюдың мүмкін еместігін тәжірибе сөрсетті. Мәдени өсімдіктерді бойына төзімділікті гендері мығым жабайы түолермен будандастыру көбіне, сәтсіз аяқталып жүр, кейде сұрыптаушының күллі ғұмыры жетпейтіндей ұзақ жұмыс жүргізуді талап етеді.

Сұрыптаудағы осындай осал тұстарды ескеру, сұрыптаушылардың күш-жігерін, дәстүрлі әдістерді тиімді пайдалануға әрі жаңа әдістерді іздестіруге жұмылдыруды қажет етеді.

Мұндай жағдайда барынша ынта қойып биотехнология әдістерін игерудің маңызы өте зор. өсімдіктерді өзгерту, олардың трансгенді формалын алу, теориялық, тұрғыдан алғанда өзіміз күткендегідей нәтиже беруге тиіс. Моногенді белгілер бойынша қысқа мерзімде елеулі табыстарға жетуге болады, бұған әлемдік тәжірибе дәлел. Астық пен басқа өсімдіктердің топырақ тұздануына төземді әрі гербацидтерге, антибиотиктерге, зиянкестер мен аурулардың жеке түрлеріне шыдамды формалары биотехнологиялық әдістермен қазірдің өзінде алынғаны белгілі. өкінішке орай, өсімдік төзімділігінің көптеген маңызды белгілері өзінің табиғаты жағынан полигенді болып келеді, осыған байланысты гендердың теңестіру, клондау және көшіру бүгінгі күні едәуір қиынға тусіп отыр. Демек, келешекте генді және клеткалы инженерия көмегімен құрғақшылыққа төзімді сорттар мен будандар, сонымен бірге ортаның қолайсыз факторларына Жан-жақты сорттар шығаруға жету үшін, бұл саладағы теориялық және практикалық зертеулерді барынша дамыта беру керек.

Биотехнология бойынша жүргізілетін жұмыстардың қазіргі кезеңі негізінен алғанда клеткалы және тканді инженерияны пайдалануға негізделген. Олардың негізінде қант қызылшасы, картоп, дәнді және басқа дақылдардың бағалы генотиптерін микроклональды көбейту бойынша технололгиялық желілер жасалған. Гаплоидия мен гаплопродюссер әдісімен арпаның, күздік және жаздық бидай, күріш, жоңышқа, беде және басқа дақылдардың бағалы желілері алынды. АРПА мен күріштің түрлі ауруларға (індетке) төзімді, өнімді әрі дәнінің сапасы ерекше жаңа сорттары тұңғыш реет, бар-жоғы бес жылдың ішінде шығарылып, аудандастырылды. Күріштің Биориза сорты топырақтың тұздануына, арпаның Одесская, 115 сорты-құрғақшылыққа төзімді. Қазірдің өзінде бұл сорт Украина мен Ресейдің 13 облысында аудандастырылған, картоптың фитофторозға, бактериялық дерттерге төзімді ондаған аса бағалы формалары-байқау сынағы мен мемлекеттік сынақтан өткізіліп жатыр. Беде мен жоңышқаның топырақ патогендеріне, тұздануға және топырақтың өте жоғары. Қышқылдығына шыдамды сорттары институттарда тексерістер мен сынақтардан өтуде. Сомаклональды нұсқалар алу, химиялық және радиациялық мутагенез әдісмен формаладың өзгеріштігін күшейту тамыр шірігіне төзімді бидай, соя, бұршақ сорттары мен будандардың, склеротиния мен ботритиске төзімді күнбағыс, вилтке төзімді мақта, құрамында эрук қышқыл мен глюкозинолаттар аз рапс сорттары мен будандарын шығару сияқты маңызды міндеттерді таяу жылдары шешугн нақты міндеттер туда.

Генді инженерия әдістерінің негізінде кортопқа байланысты ірі бағдарлама жасалып, іске асырулуда. Картоп клеткасына төрт генді-колорадо қоңызына, вирустарға, бактериоздарға, және саңырауқұлақ инфекциясына төзімді гендерді нысаналы түрде енгізу жүргізілуде.

Зиянкес организмдер мен қоршаған ортаның қолайсыз факторларына төзімді келетін будандар шығару мақсатында бидай, картоп, күріш, томат және басқа да дақылдардың соматикалық быдандарын алу технологиясы да жасалып жатыр.

Биотехнологияны дамытуда астық тұқымдастары мен басқа тұқымдастар өсімдіктерінде кездесетін нольдік тотипотенттікті жеңудің маңызы зор. Тұңғыш реет клеткалыдақылдан күріш пен жүгері өсімдіктері регенерацияланды. Бұл өсімдік шаруашылығында гендік инженерияны пайдаланудың мүлде жаңа мүмкіндіктерін ашады. Қытайда оның көмегімен күріштің пирикуляриозға төзімді формалары тұңғыш реет алынды.

Сұрыптаудағы биотехнологиялық зерттеулерді дамыту ТМД елдерінің әр түрлі аймақтарында орналасқан сұрыптау орталықтары мен арнайы осы үшін ұйымдастырылған 14 мемлекетаралық биотехнологиялықтарда іске асырылады. Бұл бағыттағы ірі теориялық зерттеулер ТМД елдері. Ғылым Академияларының жетекші институттарында жүргізіледі. Ұлттық ғылым академиялары мен АШ академиялары ғалымдарының бірлескен іс-қимылы практикалық маңызы зор трансгенді өсімдіктер шығаруды қолға алуға мүмкіндік берді. Бұл жұмыстар сонымен бірге, таяу уақытта, өсімдіктердің түпкілікті жаңа формаларын шығару мен оларды таяу Еуропа елдерінің АШ-да пайдалануға мүмкіндік береді, әрі бұрынғы Экономикалық Өзара Көмек (ЭӨК) кеңесіне мүше елдерің бірлескен бағдарламасына да енгізілген болатын. АШ биотехнологиясы саласындағы жұмыстар басқа елдер ғалымдарымен бірлесе атқарылып жатқан жайы бар. Сонымен қатар, сұрыптаудың дәстүрлі әдістері де дамытылу үстінде, олардың негізінде жаңа бағыттар жасалып, іске асырылып жатыр.

Бүгінгі күні сұрыптау мен тұқым шаруашылығын дамуын, бұл саладағы күрделі міндеттерді шешуді сұрыптау орталықтарының, ТШ-ның материалдық – техникалық базасының әлсіздігі, экономикалық ынталандыру жүйесінің тиіпсіздігі тежеп келеді. Республиканың эконмика және шаруашылық органдары сұрыптау орталықтарын, тұқым зауыттарымен, оларды қазіргі заманғы жабдықпен жабдықтау туралы шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуді қолға алуға тиіс. өнеркәсіп министрлігі сұрыптау мекемелер мен мемлекеттік сорт учаскелері әлі күнге дейін жұмыстың көп бөлігін қолмен атқарады, мұның өзі еңбек өнімділігін, сұрыптау процесінің қарқыны мен сапасын төмендетуге әкеліп соғып отыр.

Сұрыптаудың ғылыми өнімі-сорт, будан, желі, донорәлі күнге арзан. Мұндай жағдай сұрыаптаушылар мен сұрыптау орталықтарының өз еңбегінің нәтижесіне деген ынтасын көтермейтіні аян.

Жоғарыда аталған келелі мәселелер ең таяу уақытта шешілуге тиіс. Қазақ АШ ғылым академиясы осы мәселелер бойвнша тиісті ұсыныстарды зерттеп, дайындады және осы ұсыныстарды экономика мен басқару органдарына табыстады.

Егеменді ел болған соң, жас сұрыптаушылар даярлау мәселесін де шешуге тиіспіз. АШ жоғары оқу орындарында осындай факультеттер мен бөлімшелерді тезірек ашуды қолға алу қажет. Ең бастысы, қабілітті жас мамандарды тауып, оларға сұрыптаушылық дарынының ашылуы мен дамуы үшін, жақсы нәтижелерге қол жеткізулері үшін барлық жағдай жасалу керек.

Сұрыптау – капитал бөлу мен капитал айналысының тиімділігі өте жоғары ғылым саласы. Сондықтан сұрыптау жұмыстарын нарық жағдайында тұрақты түоде мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру жағын қарастыру керек. Сонымен қатар сорттар мен будандарды пайдаланғаны үшін, АШ кәсіпорындары тарапынан сұрыптау мекемелеріне төлем жасау тәртібін дәиектеу керек. Мұның өзі сұрыптаушылар жұмысын көтермелеуге және материалдық – техникалық базасын дамытуға, қаражат табуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары сұрыптау, генетика және ТШ-ғы саласында көптеген шешілмеген келелі мәселелер қордаланып қалды. Сұрыптау процесінің теориясы мен практикасын әрі қарай даярлау жолдарын терең және жанжақты талдау қажет.

 

 

1. Өсімдіктер селекциясының қысқаша даму тарихы

 

Селекция ғылымының даму тарихындағы негізгі кезеңдер

 

Өсімдіктер селекциясы егіншілік ісімен бірге мезгілде пайда болып, онымен бірге дамып келеді. Олардың даму тарихында жалпы заңдылықты байқауға болады, яғни өсімдіктерді баптауды жақсарту мен пайдалануға бейімді сорттарын шығару ісімен ұштастырылып келді. Н.И. Вавилов атап көрсеткендей, егіншілік және өсімдіктер мәдениеті жалпы адамзат мәдениетімен қатар дамыды.

Адамның өндірістік қызмет процесінде өсімдіктерді егуді жетілдіру үзбей жүргізіліп келеді. Бұл жаңа және үздік сорттарды шығару арқылы көрініс табуда. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару әдісінің даму тарихында төрт кезенді бөліп көрсетуге болады: қарапайым, халықтық, өнеркәсіптік және ғылыми селекция. Бұл жайында атақты ғалым Н.И. Вавилов: «Селекцияны ғалым ретінде, өнер ретінде және АШ-ғы өндірісінің бір саласы ретінде қарауға болады» деп айтқан еді.

Байырғы халықтардың қарапайым селекциясы.

Ертедегі адамдар өздеріне кездескен, жеуге жарамды өсімдіктерді тағам ретінде ғана пайдаланып, оларды сақтауға мән бермеді. Ал өсімдіктерді егіп, өсіруды үйренгеннен бастап оларды сұрыптап, тұқымын көбейте бастаудың қажеттігі туды.

Неолит дәуірінің өзінде-ақ Адам мәдени өсімдіктер мен үй жануарларын өсіруде сұрыптау тәсілін пайдаланғаны мәлім. Мәселен, егіншілік мәдениеті пайда болған алғашқы кезде-ақ жұпыны, қарапайым селекция түрлерін пайдаланған. Оның тарихы мыңдаған жылдармен есептеледі.

Қолдан сұрыптауды бірте-бірте жетілдіре отырып, осы заманғы мәдени өсімдіктердің түрлері жасалды. Ертедегі адамдардың тұрғын жайларын қазу кезінде байқалғандай, өсімдіктердің көпшілігі тас ғасыры дәуірінде өсірілген немесе шамамен біздің арамыздан 10 мың жыл бұрын пайдаланылған. Соңғы жылдары Египеттегі қазба жұмысы кезінде жер астында 17 мың жыл сақталған АРПА тұқмы табылды. Біздің арамыздан 4-5 мың жыл бұрын осы заманғы, мәдени өсімдіктердің көптеген түрлері өсірілген. Гртедегі селекционерлер бұдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын жеміс беретін өсімді, жүзім, бақша дақылдарының сорттарын шығарған. Жүздеген және мыңдаған жылдар бойы бидайдың көптеген түрлері мен сорттары себіліп келеді.

Бізге жеткен мәліметтерде көрсетілгендей, ертедегі адамдарға селекцияның кейбір тәсілдері белгілі болған. Мселен, Египетте біздің арамызға дейін бірнеше ғасыр бұрын финик пальмасын жасанда тозаңдандыру әдісімен өсіріп отырды. Индияда, Қытайда, Египетте; Рим империясында бірнеше мыңдаған жылдар бұрын өсімдік селекциясының қарапайым әдісін білген. Колумбия; Барон, Виргель, Теофоаст шығармаларында біздің арамыздан 2 мың жыл бұрын селекция ісін қалай жүргізу тәсілдері айтылған.

 

Халықтық селекция

 

Егіншіліктің дамуы мен мәдениеттің өсуіне байланысты қолдан сұрыптау әдістері бірте-бірте жетілдіріле түсті. Мәдени дақылдардың формалары арасындағы өзгешеліктер туралы түсінік барған сайын айқындалып, оларды пайдалану мүмкіндіктері кең өріс алды. Маңызды нәтижелер Берген қолдан сұрыптау әдәсі жаппай сипатқа ие боды. Осылайша халықтық селекцияның өмірдегі өз жолы саралана түсті. Оның тарихы көптеген ғасырларға кеткенімен, толық сипатталып жазылмаған.

Халықтық селекция бірсыпыра елдерде едәуір нәтижелер бергені анық. әсірісе, ол ресей жерінде табыспен жүргізілген. Орыс шаруалары көптеген дақылдардың бірнеше орыс жерінің әр аймағында шағарған бұл сорттар жергілікті немесе байырғы сорттар деп аталған. Олардың көпшілігі қолдан және жасанды сұрыптау әдістерімен шығарылғандықтан, ауа райының қолайсыз жағдайларына жақсы бейімделген. Ресей жеріндегі халықтық селекция құрғақшылыққа төзімді жаздық бидайдың Полтавка, Гирка, Русак, Улька, Белотурка, Кубанка, Гарновка, Арнаутка, Черноуска сияқты сорттарын шығарды.

Бидайдың жоғарыдағы көрсетілген жергілікті сорттары селекциялық сорттар шығару үшін біздің елімізде де және шетелдерде де кенінен пайдаланылды. Канададан шығарылған бидай сорттарының көптеген түрлеріне орыстың халықтық селекция сорттары негіз қолады. Ресейден әкелінген тұқымның Канада жерінде жақсы жерсінгенін атақты Канадалық селекционер старктын өзі мойындаған еді. Бұрын Америкада шығарылған аса көрнекті Маркиз, Гаркет, Китченер және басқа жаздық бидай сорттары. Ресейден алып барған жергілікті сорттарды пайдалану арқылы алынған.

Қарайып кетуге қарсы тұрарлық қасиеті бар күнбағыстық Зеленка деген сортының шығу тарихы өз алдына бір төбе, Воронеж губерниясының шаруалары күнбағыс егістігінің қарайып кету ауруына шалдлыққанылан, олардың кейбірі қара күзге дейін көгеріп тұрғанын байқайды. Күнбағыс егістігінің көпшілік бөлігі құрап қалғанымен, оның бірқатары Аман қалған. шаруалар Аман қалған күнбағыстық дәнін жинап, бұл әдісті жыл сайын қайталай отырып, қарайып кету ауруына шалдықпайтын сортын шығарған.

Жергілікті сорттар өзінің маңыздылығы және бағалылығы жағынан біздің еліміздегі селекциялық сорттармен теңесе алады. Олар селекцияның алтын қоры болып табылады. Үздік, жергілікті сорттар әр бір топырақ-климат аймағында, АШ ғылыми-зертеу институтының коллекциясында орын алуы тиіс. Кейбір жағдайда оларды сақтау үшін арнайы қорықтар жасаған абзал. Бұл жұмыстар біздің елімізде табиғатты қорғау жөніндегі шаралар кешенінің маңызды бөлігі болуы тиіс.

 

Өнеркәсіптік селекция

 

Селекцияның даму кезеңдері қоғамдағы өндіріс күштердің дамуымен тікелей байланысты. Селекция үшін 18-ғасырдағы батыс еуропалық селекционер-тәжірибешілер: Галлеттің, Локутердің, Ширефтің жұмыстары өте үлкен маңызға ие болды. Олар бидайдың бірнеше сорттарын шығарып, жасау жолдарын көрсеті.

1774 жылы Париж маңайында селекцияның алғашқы дамуына көп әсерін тигізген «Вильморен» атты атақты селекциялық фирманың негізі қаланды, Вильморендықтар бірінші болып сұрыпталған өсімдіктерді олардың тұқым қуалаушылығы бойынша жұмыс жүргізіп, баға берді. Бұл фирманың селекционерлері қант қызылшасының сортын жақсарту бағытында көп жұмыс жүогізді. Олар бастапқы тұқымға қарағанда қанттылығы 3 есе көп қызылша сортын шығарды. Бұл табыс өсімдік табиғатын адамға қажетті жағына бағыттауға мүмкіндік беретін селекцияның ролін ашық көрсетті.

Еуропада 18-ғасырдың аяғы мен 19-ғасырдың басында капитализмнің даму кезеңі басталуына байланысты селекциялық тәжірибе үлкен қарқын алды. Еуропада және Америкада өнеркәсіптік тұқымдық фирмалар және ірі селекциялық –тұқымдық кәсіпорындар құрыла бастады. Бұл кезде өнеркәсіптік селекция кеңінен даму жолына шықты. 18-ғасырдың екінші жартысында ағылшын дақыл өсірушілері мен мал өсірушілері қолдан сұрыптау әдісін қолдана отырып, өсімдіктердің көптеген жаңа сорттарын шығарды, жануарлар тұқымын асылдандырды. өсімдіктердің дән байлау кезіндегі жыныс және жыныстық процесінің анықталуы, өсімдіктердің қолдан ұрықтандыру және жаппай будан процесін зерттеу селекциялық тәжірибе үшін аса маңызды болды.

 

Ғылыми селекцияның пайда болуы.

 

Ч.Дарвиннің ілімі ғылыми селекцияның дамуында шешуші роль атқарды. Ол өзінің еңбектерінде өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару және жануарлардың жаңа тұқымын өсіру жөніндегі тәжірибелік жұмыстарды қорытындылады. Дарвин өзінің «Үй жағдайында жануарлар мен мәдени өсімдіктердің өзгеріске түсуі атты еңбегінде селекция ісін өнер ретінде дәлелдеді. Сондай-ақ ол ұсынған органикалық дүниенің эволюциясы туралы ілім селекцияның ғылыми базасы және оның алғашқы негізі болып қаланды. Селекция туралы барлық ғылым эволюциялық ілімге негізделген. Н.И.Вавилов жазып кеткендей, селекция дегеніміз, өсімдіктер мен жануарларды қалыптастыруға адамның араласуы болып табылады.

И.В.Мичуриннің еңбектері өсімдіктер селекциясының теориясы мен практикасы үшін аса маңызды болды, ол 1874-1875 жылдардан бастап, жеміс ағаштарының селекциясымен айналысып, бірқатар жаңа әдістерді қолдану нәтижесінде көптеген сорттар шығарды және өсімдіктер селекциясына алшақ будандастыру проблемасын ұсынды.

И.В.Мичурин өсімдіктердің табиғатқа бейімделу тәсілдерін ұзақ уақыт бойы зерттей келіп, аса маңызды қорытынды жасап, өсімдіктердің жаңа түрін будан және сұрыптау жолымен жасауға болатыны тұралы пікірге келді. «Тек будандастыру тәсілімен ғана, шетелдік өсімдік түрлерін жергілікті табиғатқа бейімдеу арқылы табысқа қол жеткіздім» деп жазды ол. И.В. Мичуриннің бұл қорытындысы-өсімдіктерді табиғатқа бейімдеу тәсілінің бастамасы ғана болатын.

Осы мезгілде АҚШ-та (Санта-Роза, Колифорния) көрнекті американ селекционері Л.Бербанк өзінің селекциялық жұмыстарын бастаған еді.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 305 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>