Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Көздік артерия ненің соңғы тармағы болып есептеледі? 5 страница



 

265. Тор қабықтың орталық артериясының түйілуінде жедел беріледі:

А) қабынуға қарсы дәрілер
Б) ауырсыздандыру дәрілері
В) гемостатиктер
Г) дигидратациялық терапия
Д) +қантамырларын кеңейтетін терапия

 

++266. Науқас сол көзінің ауырсынуына, қызаруына, көру жітілігінің төмендеуіне шағымданды. Ол ревматизмнің буындық түрімен сырқаттанады. Бір жыл бұрын тура осындай шағымдармен дәрігерге көрінген. Визус ОД – 1,0 /OS – 0,1 түзетілмейді. КІҚ OU – 21мм.сын.бағ. Объективті: OS – көз алмасының аралас инъекциясы, алдыңғы камерада экссудат, артқы көптеген пигментті тыртықтар, қасаң қабықтың эндотелиінде көптеген, әртүрлі калибрлі, көбінесе майда шөгінділер, нұрлы қабық қанға толы, түсі күңгірт. Шыны тәрізді денеде айқын деструкция анықталды және ол бұлыңғыр. Көз түбі нақты көрінбейді. Диагноз қойыңыз. Ем тағайындаңыз.

А) кератит, антибиотиктер беру

Б) иридоциклит, миотиктер беру
В) эндофтальмит, антибиотиктер беру
Г) +иридоциклит, мидриатиктер беру
Д) глаукома, миотиктер беру

 

++267. 50 жастағы инженер офтальмологқа сол көзінің көру жітілігінің төмендегеніне шағымданды. Бұл шағым екі ай бұрын пайда болған, ештемемен байланыстыра алмайды. Объективті: Визус ОД – 1,0, КІҚ – 24мм.сын.бағ.; Визус OS – 0,1 түзетілмейді; КІҚ – 24мм.сын.бағ. Сол көз тыныш, алдыңғы бөлікте патология жоқ. Тар қарашықпен офтальмоскопия жүргізгенде - көздің төменгі-ішкі квадратында күңгірт түсті түзілім көрінеді. Қарашықты кеңейтіп қарағанда, сол аймақта үлкен, шекарасы анық, түсі күңгірт, шыны тәрізді денеге томпайып тұрған, қан құйылған ошақтары бар, түзілім анықталды. Тор қабықтың және макуланың тұсы ісінген. Оң көз тыныш. Алдын – ала диагноз?

А) гемофтальм
Б) +хориоидеяның меланомасы
В) шыны тәрізді дененің цистицеркі
Г) тор қабықтың алдына қан құйылу
Д) Коатс ретиниті

 

268. 60 жастағы науқас сол көзінің және сол жақ жарты басының ауырсынуына, көру жітілігінің төмендеуіне, жүрегінің айнуына, құсуына шағымданды. Бұл шағымдар түнде пайда болған. Бұдан бірнеше күн бұрын науқаста қатты эмоциялық күйзеліс болған. Көзі бұлай алғаш рет ауырып отыр. Объективті: Визус ОД – 0,5 sph+2,0Д=1,0; КІҚ – 19мм.сын.бағ.; Визус OS – 0,04 түзетілмейді; КІҚ – 47мм.сын.бағ. Сол көз – көз саңылауы тарылған, көз алмасының айқын іркілісті инъекциясы, қасаң қабық бұлыңғыр, алдыңғы камера саяз, қарашық кең 5мм., пішіні дұрыс емес сопақ, көз түбінен рефлекс әлсіз қызғылт, көру нерві дискі көрінбейді. Оң көз – қалыпты. Диагноз таңдаңыз:



А) гипертониялық криз
Б) +глаукоманың жедел ұстамасы
В) жедел конъюнктивит
Г) жедел иридоциклит
Д) ісінген катаракта

 

++269.65 жастағы науқас екі көзінің көру жітілігі жәйлап төмендегенін айтады. Мұны ол бір жыл бұрын байқаған. Объективті: Визус ОД – 0,1 sph+2,0Д=0,7; КІҚ – 19мм.сын.бағ.; Визус OS – 0,06 түзетілмейді; КІҚ – 19мм.сын.бағ. Сол жақ – қасаң қабық мөлдір, дөңес, алдыңғы камераның тереңдігі орташа, ылғалы мөлдір. Нұрлы қабықтың түсі өзгермеген, бұршақтың түсі сұрғылт. Қарашықты кеңейтіп қарағанда, бұршақтың ортаңғы және төменгі бөліктері дифузды бұлыңғыр, қалған бөліктердін рефлекс жақсы көрінеді. Көздің көрінетін бөлігінде патология жоқ. Оң көз тыныш. Сіздің диагнозыңыз?

А) біріншілік ашық бұрышты глаукома
Б) жастық катаракта
В) шыны тәрізді дененің бұлыңғыры
Г) тор қабықтың сылынуы
Д) +жетілмеген катаракта

 

++270. Диабеттік ретинопатияда көз түбіндегі тамырлардың өзгерісі?

А) Салюс- Гунн белгісі
Б) Гвист белгісі
В) +қантамырлардың өткізгіштігінің артуы
Г) «күміс сым» белгісі
Д) «мыс сым» белгісі

 

271.Жедел ретробульбарлы невритке тән емес белгі:

А) жиі тек бір көзде ғана кездеседі
Б) +диск, және тор қабық тіндеріне қан құйылу
В) көру жітілігінің бірден төмендеуі
Г) көзін қимылдатқанда ауырсыну
Д) орталық жэәне орталық маңайлық скотома

 

272.Тор қабық венасының тромбозында не қолданбайды?

А) тромболитиктер
Б) антикоагулянтт ар мен антиагреганттар
В) +миотиктер
Г) лазерлік терапия
Д) глюкокортикостероидтар

 

273.Гипертониялық ауруға тән көз түбіндегі өзгерістер:

А) тор қабықтың ісінуі, макулярлы аймақтың қатпарлануы
Б) вена артерияға қарағанда тар, жаңадан қантамырлары түзіледі
В) +артериялар тарылған, «мыс сым» белгісі
Г) қатты экссудаттар
Д) микро және макроаневризмалар

 

++274.Көру нерві дискінің іркілісіне тән белгілер:

А) офтальмоплегия және экзофтальм
Б) экзофтальм және көру нерві дискі шекарасының көмескіленуі
В) +көру нерві дискі шекарасының көмескіленуі және шығыңқылығы
Г) көру нерві дискінің қызаруы және шекарасының көмескіленуі
Д) артериялардың тарылуы, КНД қан құйылу

 

275.Қандай дәрі қарашықты кеңейтпейді?

А) 1% мидриацил
Б) 1% атропин сульфат
В) +0,25% ветоптик С
Г) 0,25% скополамин гидрохлорид
Д) 1% мезатон

 

276.50 жастағы науқас жақсы көрген. Бірақ, сол көзінің көру жітілігі біртіндеп 3 жылдың ішінде төмендеген. Қазір сол көздің көру жітілігі – 0,1 түзетілмейді. Объективті: нұрлы қабықтың субатрофиясы; көз түбінде экскавацияның КНД қатынасы (Э/Д) 0,8-0,9. Көру кеңістігінде жоғарғы-ішкі квадранттың шеткі шекарасы көзді тігу нүктесінен 10 градусқа тарылған. КІҚ – 25-26мм.сын.бағ. Гониоскопия: алдыңғы камера бұрышының барлық элементтері көрінеді. Сіздің диагнозыңыз:

А) а/б глаукома ІІІс
Б) а/б глаукома Іб
В) +а/б глаукома ІІІа
Г) ж/б глаукома ІІІа
Д) глаукоманың жедел ұстамасы

 

277. Көздің гидродинамикасын анықтайтын тәсіл:

А) тонометрия
Б) +тонография
В)гониоскопия
Г) оптикалық когерентті томография
Д) тәуліктік тонометрия

 

278.Көз шаралық эмфизема.... зақымданғанда кездеседі?

А) көз шарасының жоғарғы қабырғасы
Б) +торлы сүйек
В) көз шарасының сыртқы қабырғасы
Г) маңдай сүйек
Д) көз шарасының төменгі қабырғасы

 

279.Науқасқа гониоскопия жасағаннан кейін жабық бұрышты глаукома диагнозы қойылды. Тексеру барысында мынадай дәрі берілді. Қатесін табыңыз?

А) в- блокатор
Б) миотиктер
В) +мидриатиктер
Г) нейропротекторлар
Д) антиметаболиттер

 

280.Ашық бұрышты глаукома патогенезінің негізі:

А) алдыңы камера бұрышының нұрлы қабықтың түбімен жабылып қалуы
Б) +көздің дренажды жүйесінің дистрофиялық өзегерістері
В) алдыңғы камера бұрышындағы мезодермалық тіннің толық сіңбей қалуы
Г) нұрлы қабықтың томпаюы (бомбаж)
Д) қарашықтың бітеліп қалуы

 

281.Жабық бұрышты глаукоманың клиникалық ағымына тән:

А) симптомсыз өтеді немесе көзінің толып тұрғандай сезімі, көзінің алды суланып тұрғандай, оқтын-оқтын көзінің және сол жақ жарты басының ауырсынуы
Б) +көзінің қарауытуы, жарық көзіне қарағанда кемпірқосақ тәрізді шеңбердің болуы, оқтын-оқтын көзінің және сол жақ жарты басының ауырсынуы
В) цилиарлы аймақтың ауыруы, қарашықтың тарылуы, жүрек айну, құсу
Г) жарықтан қорқу, көзден жас ағу, блефароспазм, асқазан тұсының ауруы
Д) көзде бөгде тұрғандай сезім, конъюнктивалық қызару, көзден жас ағу

 

282.Көздің күйігінің ІІ сатысына тән белгі:

А) қасаң қабықтың диффузды бұлыңғырлануы

Б) конъюнктива мен қасаң қабықтың терең шіруі
В) +конъюнктиваның айқын ишемиясы
Г) қасаң қабықтың сезімталдығының жоғалуы
Д) қасаң қабық «фарфор» тәрізді

 

283.Үш күн бұрын көз алмасын тесіп өткен жарақат алған 40 жастағы науқас, көзінің ауруына, қызаруына шағымданды. Көз алмасының аралас инъекциясы, қасаң қабықтың артқы бетінде шөгінділер, гипопион, артқы синехиялар. Мұны немен түсіндіруге болады?

А) жарақаттық катарактамен
Б) +іріңді иридоциклитпен
В) симпатикалық офтальмиямен
Г) эндофтальмитпен
Д тор қабықтың сылынуымен

 

284. Иридодиализ- бұл:

А) қарашықтық жиектің жыртылуы
Б) нұрлы қабықтың дірілдеуі
В) +нұрлы қабықтың түбінен ажырауы
Г) нұрлы қабықтың семуі
Д) нұрлы қабықта жаңадан қантамырларының түзілуі

 

285.40 жастағы науқас көзіне соққы тигеннен кейін, оң көзінің нашар көруін сезінді. Қарап тексергенде: оң көз алмасы конъюнктивасының астына қан құйылған, алдыңғы камера тереңдігі біркелкі емес, иридоденез. Қарашықтың тұсында жартылай бұлыңғыр бұршақтың шеті көрінеді. Сіз қандай диагноз қоясыз?

А) +бұршақтың жартылай орнынан таюы
Б) қасаң қабықты тесіп өткен жарақат
В) гемофтальм
Г) жарақаттық катаракта
Д) тор қабықтың сылынуы

 

286.26 жастағы науқас оң көзінен тұйық затпен зақым алған. Ол осы көздің көруінің бірден нашарлағанын байқаған. Қарап тексергенде: көру жітілігі - 0,04, түзетілмейді. Офтальмоскопия: көз түбінде үлкен емес қызыл дақ байқалады, оның қасында тор қабық сұр түсті. Сіздің диагнозыңыз? Науқасқа не ұсынасыз?

А) гемофтальм, сіңдіретін терапия
Б) тор қабықтың орталық артериясының түйілуі, офтальмологиялық бөлімшеге жатқызу
В) тор қабықтың орталық венасының тромбозы, офтальмологиялық бөлімшеге жатқызу
Г) +тор қабықтың жыртылуы, дереу көз бөлімшесіне жатқызу
Д) гипертониялық ангиоретинопатия, сіңдіретін терапия

 

287.Симпатикалық офтальмияны алдын-алу үшін ең ұтымды ем?

А) антибактериалды терапия
Б)+ дер кезінде зақымданған көзді алып тастау
В) дезинтоксикациялық терапия
Г) алғашқы хирургиялық өңдеу
Д) қабынуға қарсы ем

 

288.Түнгі кезекшілікте жұмыста болған егде жастағы әйелдің кенеттен сол көзі және сол жақ жарты басы ауырған. Науқас осы көзінің нашар көретінін айтады. Құсқан, жүрек қағасы жәй, АҚ 180/100мм.сын.бағ. Қарап тексергенде: сол көз саңылауы тарылған, қызарған, қарашық кең, жарыққа әсері жоқ. Көру жітілігі – жарықты сезеді. Науқас бұдан бірнеше күн бұрын жедел респираторлы аурумен сырқаттанған. Диагноз?

А) жедел иридоциклит
Б) көз алмасына қан құйылу
В) +глаукоманың жедел ұстамасы
Г) тор қабықтың орталық артериясының түйілуі
Д)тор қабықтың орталық венсының тромозы

 

289.30 жастағы науқас сол көзінің ауырсынуына, көру жітілігінің төмендеуіне шағымданды. 3 күн бұрын осы көзінен соққы алған. Объективті: OS- іркілісті инъекция, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера тереңдігі біркелкі емес, төменгі бөлігі саяз, ал жоғарғы бөлігі терең. Иридоденез. Қарашықтың пішіні сопақ. Терең бөліктер көрінбейді. Сіздің диагнозыңыз? Диагноз қою үшін қандай қосымша зерттеу тәсілдерін жүргізу керек?

А) факолизистік глаукома, иридоциклит, эластотонография
Б) факоморфиялық глаукома, иридоциклит, R- графия
В) факолизистік глаукома, иридоциклит, гониоскопия
Г) +факотопиялық глаукома, бұршақтың орнынан таюы, ультрадыбысты зерттеу
Д) факоморфиялық глаукома, биомикроскопия

 

290. Көру кеңістігінің жоғарғы шекарасы:

А) +50 градус
Б) 90 градус
В) 60 градус
Г) 15 градус
Д)100 градус

 

291.Қасаң қабықтың қай қабатының регенерациялық қасиеті жақсы?

А) боумен қабаты
Б) строма
В) эндотелий
Г) артқы шекаралық табақша
Д) +эпителий

 

292.Көз шарасының сыртқы қабырғасы түзілген:

А) +бет сүйегінің негізгі өсіндісімен, маңдай сүйектің бет өсіндісімен және негізгі сүйектің үлкен қанатымен
Б) маңдай сүйекпен және негізгі сүйектің үлкен қанатымен
В) жоғарғы жақтың шаралық бетімен, бет сүйектің шаралық бетімен және маңдай сүйектің шаралық бетімен
Г) маңдай сүйек, жоғарғы жақтың шаралық бетімен және негізгі сүйектің кіші қанатымен
Д) жоғарғы жақтың шаралық бетімен, маңдай сүйектің бет өсіндісімен және негізгі сүйектің кіші қанатымен

 

293.Склераның құрылысы:

А) склера барлық жерінде бірдей
Б) көру нервінің шығатын жерінде қалың
В) +көру нервінің шығатын жерінде торлы құрылысты
Г) көру нерві шығатын жерінде өзгермеген
Д) көзді қимылдатқыш бұлшықеттердің бекітілген жерінде торлы құрылысты

 

294.Қандай тәсіл глаукомаға диагноз қоюда аса маңызды емес:

А) гониоскопия
Б) +визометрия
В) периметрия
Г) оптикалық когерентті томография
Д) офтальмоскопия

 

295.Көзден жас ағу жолын ретімен атаңыз:

А) +жас көлі, жас нүктелері, жас өзектері, жас қапшығы, жасмұрын өзегі
Б) жасмұрын өзегі, жас нүктелері, жас қапшығы
В) жас қапшығы, жас көлі, жасмұрын өзегі
Г) жасмұрын өзегі, жас нүктесі, жас қапшығы
Д) жас қапшығы, жас өзектері, жас көлі, жас нүктесі, жасмұрын өзегі

 

296.Көз іші сұйықтығы түзіледі:

А) шыны тәрізді денеде
Б) нұрлы қабықта
В) хориоидеяда
Г) +цилиарлы денеде
Д) тор қабықта

 

297.Жоғарғы көздің саңылаудан не өтпейді?

А) шығыршық нерві
Б) әкететін нерв
В) көзді қимылдатқыш нерв
Г) көздік вена
Д) +көру нерві

 

298.Көзжасының бактерицидтік әсері қамтамасыз етіледі?

А) лидазамен
Б)+лизоциммен
В)химопсинмен
Г)фосфотазамен
Д)гиалуронидазамен

 

299.Қандай ота көзі іші сұйықтығын азайтуға бағытталған?

А) +циклокридеструкция
Б) гониопунктура
В)синустрабекулэтомия
Г) гониотомия
Д)вискоканалостомия

 

300. Метил спиртімен улану неге әкеледі?

А) асқынған катарактаға
Б) тор қабықтың жалқықты сылынуына
В) +көру нервінің семуіне
Г) екіншілік галукомаға
Д) жедел иридоциклитке

 

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>