Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Көздік артерия ненің соңғы тармағы болып есептеледі? 1 страница



+

1. Көздік артерия ненің соңғы тармағы болып есептеледі?

А)+ ішкі ұйқы артериясының

Б) көзжас артериясының

В) алдыңғы цилиарлы артерияның бір тармағы

Г) сыртқы ұйқы артериясының

Д) артқы ұзын цилиарлы артерияның бір тармағы

 

2. ++Бұршақтың дислокациясының белгілері:

А) гифема, иридодиализ

Б)+ иридоденез, алдыңғы камераның біркелкі болмауы

В) қарашықтың пішіні дұрыс емес, қасаң қабық ісінген

Г) көз түбінен сұр рефлекс, қарашықтың эктопиясы

Д) нұрлы қабықтың бомбажы, нұрлы қабықтың қарашықтық жиегінің жыртылуы

 

3. ++Нұрлы қабықтың қанмен қоректенуіне не қатысады?

А) артқы қысқа цилиарлы артерия

Б) артқы ұзын цилиарлы артерия

В)тор қабықтың орталық артериясы

Г)+алдыңғы цилиарлы артериялар

Д) Көздік артерия

 

4. Көз шарасының төменгі қабырғасы немен шекараласады?

А) самай шұңқырымен

Б)торлы лабиринтпен

В)+ гаймор қойнауымен

Г) фронтальді қойнаумен

Д) ортаңғы бассүйек шұңқырымен

 

5. Көздің жасты түзетін аппаратына не жатады?

А)+ жас безі; Краузе- Вольфринг бездері

Б) жас безі; Мейбомий бездері

В) жас безі; Молль бездері

Г)жас безі; конъюнктиваның бокал тәріздес бездері

Д)жас безі; Цейсс бездері

 

6. Жоғарғы қабақтың құрылымына не кірмейді?

А) тері

Б) +жоғарғы қиғаш бұлшықет

В) леватор

Г) шеміршек

Д) конъюнктива

 

7. Орбитаның ең осал қабырғасы болып саналады?

А) жоғарғы

Б)төменгі

В)сыртқы

Г)+ішкі

Д)орбитаның шыңы

 

8. ++Көру анализаторының шеткі бөлігіне не жатады?

А) сыртқы иінді дене

Б) көру нерві

В) көру жолы

Г) +тор қабық

Д) бас ми қыртысының шүйде бөлігі

 

9. Рефракциясы эмметропты ересек адамның көз алмасы білігінің орташа ұзындығы қанша?

А) 20мм

Б) 25мм

В) 23мм

Г) +24мм

Д) 22мм

 

10. ++Көздің қандай құрылымдары алдыңғы цилиарлы артериялармен қоректенеді?

А) склера конъюнктивасы, қасаң қабық, нұрлы қабық

Б) склера конъюнктивасы, нұрлы қабық, цилиарлы дене

В) цилиарлы дене, қасаң қабық

Г) нұрлы қабық, цилиарлы дене, қасаң қабық



Д) +склера конъюнктивасы, қасаң қабық, нұрлы қабық, цилиарлы дене

 

11. ++Көру нерві дискі немен қоректенеді?

А) алдыңғы ұзын цилиарлы артериямен

Б)артқы ұзын цилиарлы артериямен, тор қабықтың орталық артериясымен

В)алдыңғы цилиарлы артериямен, тор қабықтың орталық артериясымен

Г)+ тор қабықтың орталық артериясымен, артқы қысқа цилиарлы артериямен

Д) артқы қысқа цилиарлы артериямен

 

12. ++Экстрабульбарлы бұлшықеттердің қимылдық иннервациясы қандай нервтермен қамтамасыз етіледі?

А) әкететін нерв; шығыршық нерві; үшкіл нерв

Б) шығыршық нерв; үшкіл нерв; көзді қимылдатқыш нерв

В) +көзді қимылдатқыш нерв, әкететін нерв, шығыршық нерві

Г) көзді қимылдатқыш нерв, маңдай нерві, шығыршық нерві

Д) әкететін нерв, шығыршық нерві, мұрын-кірпікті нерв

 

13. ++Көздің алдыңғы камерасын қандай құрылымдар түзеді?

А) қасаң қабық, нұрлық қабық, цилиарлы дененің жазық бөлігі

Б)+қасаң қабық, нұрлы қабық

В)қасаң қабық, цилиарлы дененің жазық бөлігі

Г)қасаң қабық, нұрлы қабық, шыны тәрізді дене

Д)қасаң қабық, нұрлы қабық, бұршақ.

 

14. ++Көздің айналмалы бұлшықетінің салдану белгілері:

А) птоз

Б) +лагофтальм

В)экзофтальм

Г)энофтальм

Д)эктропион

 

15. Ересек адамның қалыпты орталық көруінің төменгі шекарасы неге тең?

А) 0,7

Б) 0,8

В) 0,9

Г) +1,0

д)1,5

 

16. Жоғарғы көздік саңылаудан аталғандардың ішінде қайсысы өтеді?

А) көзді қимылдатқыш, әкететін және шығыршық нервтері; көздік нерв; жоғарғы көздік вена

Б) көзді қимылдатқыш, әкететін және шығыршық нервтері; көздік артерия; үшкіл нервтің тармағы

В) көздік нерв; жоғарғы көздік вена; әкететін және шығыршық нервтері

Г) +жоғарғы көздік вена; көзді қимылдатқыш, әкететін және шығыршық нервтері; үшкіл нервтің тармағы

Д) көзді қимылдатқыш, әкететін және шығыршық нервтері; көздік артерия; көздік нерв

 

17. Қандай нерв көзді сыртқа бұрады?

А)көздік

Б)әкететін

В)+көзді қимылдатқыш

Г)шығыршық

Д)үшкіл

 

18. Көру нервінің каналы не үшін керек?

А) көру нерві және көздік артерия өту үшін

Б)көру нерві, көздік артерия және вена өту үшін

В)+көру нерві және көздік артерия өту үшін

Г)көру нерві, көздік артерия және үшкіл нерв өту үшін

Д) көру нерві, көздік вена және үшкіл нерв өту үшін

 

 

19. ++ Қабақтардан қан қайда бағытталады?

А) +көз шарасы мен беттің веналарына

Б)бет және мойын веналарына

В)көз шарасы және мойын веналарына

Г)көз шарасы және құлақ веналарына

Д)бет және мұрын веналарына

 

20. Перикорнеалді инъекция ненің дәлелі?

А) конъюнктивиттің

Б) көз іші қысымының жоғарлауының

В) тамырлы қабықтың қабынуының

Г) дакриоаденттің

Д)склериттің

 

21. Склераның ең жұқа жері?

А)лимбтің тұсы

Б)экватор тұсы

В)көру нерві дискінің тұсы

Г) А және Б дұрыс

Д)А және В дұрыс

22. Қасаң қабық немен қоректенеді?

А) шеткі шумақты қантамырлар жүйесімен; көзжас артериясымен; алдыңғы камера ылғалымен

Б) көзжас үлдірімен (пленка); шеткі шумақты қантамырлар жүйесімен; алдыңғы камера ылғалымен

В) артқы қысқа цилиарлы артериямен; көзжас үлдірімен; тор қабықтың орталық артериясымен

Г) шеткі қан тамырлар жүйесімен, алдыңғы камера ылғалымен; тор қабықтың орталық артериясымен

Д) шеткі шумақты қантамырлар жүйесімен; артқы қысқа цилиарлы артериямен; көзжас үлдірімен

 

23. Алдыңғы камерадан сұйықтық қалай ағады?

А) қарашықтың маңы арқылы

Б) бұршақтың қабы арқылы

В) трабекула арқылы

Г) вортикозды веналар арқылы

Д) В және Г дұрыс

 

24. Көру нерві орбитадан қалай шығады?

А) жоғарғы көздік саңылау арқылы

Б) foramen opticum

В) төменгі көздік саңылау арқылы

Г)foramen rotundum

Д)foramen etmoidalia

 

25. Жедел дакриоциститке тән емес белгілерді атаңыз?

А) төменгі қабақтың ісінуі

Б) көзжас қапшығы аймағы терісінің ісінуі және қызаруы, ауыру сезімі

В) көру жітілігінің әжептеуір төмендеуі

Г) ауырған көзден жас ағу

Д) көзжас қапшығы аймағын пальпацияланғанда, жас нүктелерінен іріңді бөлініс ағу

 

26. Көз шарасы тіндерінен қан қалай ағады?

А) жоғарғы көздік және көз шарасы үсті венаға

Б) жоғарғы көздік және төменгі көздік венаға

В) көз шарасы асты венаға және көз шарасы үсті венаға

Г) көз шарасы асты венаға және төменгі көздік венаға

Д) төменгі көздік венаға және көз шарасы үсті венаға

 

27. Көз іші сұйықтығы көздің қандай құрылымында түзіледі?

А) шыны тәрізді денеде

Б) цилиарлы денеде

В) хориоидеяда

Г) нұрлы қабықта

Д) бұршақта

 

28. Ересек адамның қасаң қабығының қалыпты мөлшері?

А) 5х6мм

Б) 7х8мм

В) 8х9мм

Г) 11х12мм

Д) 13х14мм

 

29. Хориоидея нені қоректендіреді?

А) тор қабықтың сыртқы қабаттарын

Б) тор қабықтың ішкі қабаттарын

В) тор қабықтың барлығын

Г) тор қабық пен склераны

Д) тор қабық пен шыны тәрізді денені

 

30. Көру нерві тұрады?

А) жұмсақ қабықтан

Б) торлы қабықтан

В) қатты қабықтан

Г) жұмсақ, қатты және торлы қабықтардан

Д) А және Б дұрыс

 

31. Тор қабық түзіледі?

А) эктодермадан

Б) нейроэктодермадан

В) мезодермадан

Г) А және В дұрыс

Д) Б және В дұрыс

 

32. Көздің жарықты сезу қызметі не?

А) заттардың пішінін және бөліктерін анықтау

Б) әртүрлі қашықтықтағы жарықты қабылдау

В) әртүрлі ашық, қанықтықтағы және тондағы түстерді анықтау

Г) көзді бір нүктеге тіккенде кеңістікті анықтау

Д) аталғандардың барлығын анықтау

 

33. Анық көрудің алыстағы нүктесі көзден 50см қашықтықта орналасқан адамның рефракциясы қандай?

А) эмметропия

Б) гиперметропия

В) миопия

Г) астигматизм

Д) 1 диоптриялы гиперметропия

 

34. Қандай тәсіл орбитаның құрылымын зерттеуге жарамайды?

А) рентген

Б) ультрадыбысты зерттеу

В) биомикроскопия

Г) компьютерлі томография

Д) ядерлік – магнитті резонанс

 

35. Егер науқас 1 метр қашықтықтан көру жітілігін анықтайтын кестенің бірінші қатарын көрсе, оның көру жітілігі нешеге тең?

А) 0,1

Б) 0,05

В) 0,02

Г) 0,01

Д) 0,2

36. Егер науқас 3метр қашықтықтан саусақты санаса, оның көру жітілігі нешеге тең?

А) 0,2

Б) 0,3

В) 0,01

Г) 0,06

Д) 0,001

 

37. Қасаң қабықтың эпителиі зақымданғанда, оның регенерациялық қасиеті бар ма?

А) ие, регенерацияланады

Б) егер қасаң қабықтың стромасы зақымданбаса, регенерацияланды

В) егер қасаң қабықтың артқы эпителиі зақымданбаса, регенерацияланады

Г)артқы шекаралық мембрана (десцемет мембранасы) зақымданбаса, регенерацияланады

Д) регенерацияланбайды

 

38. Науқас жарықты сезбесе, ол ненің белгісі?

А) көздің оптикалық жүйесінің жартылай толық емес бұлыңғырлануы

Б) рефракция ақауының болуы

В) көру аппаратының зақымдануы

Г) нұрлы қабықтың патологиясы

Д) бұршақтың патологиясы

 

39. Көздің оптикалық жүйесі бұлыңғыр болғанда, тор қабықтың ажырауын қалай анықтауға болады?

А) көз ішіне жарық енгізу арқылы

Б) биомикроофтальмоскопиямен

В) офтальмоскопиямен

Г) ультрадыбысты зерттеу тәсілімен

Д)оптикалық когерентті томографиямен

 

40. Скотома деген не?

А) көру кеңістігінің концентрациялық тарылуы

Б) +көру кеңістігіндегі шектелген ақау

В) көру кеңістігінің сыртқы жақтарының түсіп қалуы

Г) көру кеңістігінің біркелкі емес тарылуы

Д) көру кеңістігінің ішкі жақтарының түсіп қалуы

 

41. Катаракта кезінде электрофизиологиялық зерттеу не үшін керек?

А) +катарактаның экстракциясынан кейін көру жітілігін болжау үшін

Б) хирургиялық емнің тактикасын анықтау үшін

В) ота алдында жүргізілетін консервативті емді анықтау үшін

Г) отадан кейінгі емдеу тактикасын анықтау үшін

Д) ИОЛ моделін таңдау үшін

 

42. Көз алмасы зақымданғанда, көз шарасына рентген жасау керек пе?

А) +барлық жағдайда

Б) тек анамнезінде бөгде дене енгені туралы айтқан жағдайда

В) егер орбитаның қабырғалары сынса

Г) егер көздің артында бөгде дене орналасса

Д) Комберг – Балтин протезін қолдану мүмкін болмаған жағдайда

 

43. ++Конъюнктиваны зерттеу үшін жарамайтын тәсіл?

А) биомикроскопия

Б) сыртқы байқау

В) бифокалді жарықтандыру тәсілі

Г) +офтальмоскопия

Д) бактериологиялық, цитологиялық зерттеулер

 

44. ++Көру нерві мен тор қабықтың жағдайын бағалауға керек емес тәсіл?

А) оптикалық когерентті томография

Б) +көз ішіне жарықты енгізу тәсілі

В) тура және кері офтальмоскопия

Г) периметрия

Д)ЭФЗ

 

45. ++Көз іші қысымын зерттеудің қандай тәсілі субъективті?

А) +Маклаков тонометриясы

Б) палпаторлы тәсіл

В) тонография

Г) жанаспайтын тәсіл

Д) тәуліктік тонометрия

 

46. ++25 жастағы әйел кенеттен оң көзінің көру жітілігінің төмендегеніне, көру кеңістігінің орталық бөлігінде қара дақтың пайда болғанына шағымданады. Оң көз тыныш жағдайда, палпациялағанда ауырмайды, бірақ көз қимылдағанда ауырсыну бар. Көз түбінде көру нерві дискінің самай бөлігі бозғылттау. Сіздің алдын –ала диагнозыңыз қандай?

А) көру нерві дискінің іркілісі

Б) көру нервінің невриті

В) +ретробульбарлы неврит

Г) көру нервінің семуі

Д) көру нервінің глаукоматозды экскавациясы

 

47. Көздің төмендегі аталған қандай қабыну аурулары екінші көздің қабынуына әкелеуі мүмкін (симпатикалық офтальмияға)?

А) кератит

Б) екіншілік глаукома

В) кератоконъюнктивит

Г) +жарақаттан кейінгі увеит

Д) эндогенді увеит

 

48. Бинокулярлы көруді анықтау үшін қандай құрал керек?

А) Рот аппараты

Б) Сивцев кестесі

В) Орлов кестесі

Г) Рабкин кестесі

Д) +Төрт нүктелі түсті сынама

 

49. ++Қандай тәсілмен жарықты сезудің бұзылысын анықтауға болмайды?

А) адаптометр көмегімен

Б) Кравков- Пуркинье сынамасымен

В) ЭФЗ

Г) науқастың шағымына, ауру тарихына қарай

Д) +Е.Б.Рабкин полихроматты кестенің көмегімен

 

50. ++Науқас оң көзінің өте қатты ауырсынуына, ауырсыну оң жақ басының жартысына берілгеніне, жүрегінің айнуына және құсуына шағым айтады. Көзі кенеттен, нервтік күйзелістен кейін ауырған. Объективті: ОД – блефароспазм, іркілісті инъекция, қасаң қабық ісіңкі, кедір-бұдыр, алдыңғы камера саяз, қарашық кең, жарыққа әсері жоқ. Қасаң қабықтың ісінуінен көздің терең бөліктерін көру мүмкін емес. Оң көзінің көру жітілігі - жарықты сезуі дұрыс емес. ОД – КІҚ 41мм.сын.бағ. Сіздің диагнозыңыз? Консервативті емнің нәтижесі болмаса, хирургиялық емнің мерзімі?

А) +глаукоманың жедел ұстамасы, 24сағ.

Б) жедел иридоциклит, 12сағ.

В) глаукоманың жедел ұстамасы, 78сағ.

Г) жедел кератоувеит, 24сағ.

Д) ашық бұрышты галукома 1сат., 12сағ.

 

51. ++Науқас, таңертең көзінің алды оқтын-оқтын тұмандануына шағымданады. Объективті: ОU- қасаң қабықтың ісінуі әлсіз, алдыңғы камера саяз, нұрлы қабықтың стромасының субатрофиясы, қарашық домалақ, көлемі 3,0мм. Көз түбінде көрінетін патология жоқ. КНД ашық-қызғылт, шекаралары анық. Э/Д экскавациясы – 4/10. ОU- көру кеңістігі қалыпты. КІҚ ОД – 32мм.сын.бағ., ОS – 35мм.сын.бағ. Гониоскопия ОU алдыңғы камераның барлық көрінетін аймақтары көрінеді. Сіздің диагнозыңыз?

А) +ОД – ашық бұрышты глаукома Ів, ОS – ашық бұрышты галукома Іс

Б) ОД – а/б глаукома ІІІв, ОS – а/б глаукома ІІІс

В) ОД – ж/б глаукома Ів, ОS – ж/б глаукома Іс

Г) ОД – ж/б глаукома ІІІв, ОS – ж/б глаукома ІІІс

Д) ОU-гипертензиямен иридоциклит

 

52. Жарықты сезу қызметі морфологиялық немен қамтамасыз етіледі?

А) биполярлы жасушалармен

Б) нервтік жасушалармен

В) сауытшалармен

Г) +таяқшалармен

Д) ганглиозды жасушалар қабатымен

 

53. ++Алдыңғы увеиттің қабыну сипаты бойынша жіктелуінің дұрыс емес жауабы?

А) шырышты және іріңді

Б) жалқықты

В) фибринозды-пластикалық

Г) +грануляциялық

Д) геморрагиялық

 

54. Қарашықтың орташа мөлшері:

А) 1,5мм

Б) 2,5мм

В) 6мм

Г) 5мм

Д) +3мм

 

55. Жасты әкету жолының ретімен бөліктерін атаңыз?

А) жас нүктелері, мұрынжас өзегі, жас түтікшелері, жас қапшығы

Б) жас көлі, жас нүктесі, жасмұрын өзегі, жас қапшығы

В) жас түтікшелері, жас көлі, жас қапшығы, жасмұрын өзегі

Г) +жас көлі, жас нүктесі, жас түтікшелері, жас қапшығы, жасмұрын өзегі

Д) жас қапшығы, жас түтікшелері, жас көлі, жас нүктелері, жасмұрын өзегі

 

56. ++Көздің қандай органикалық ауруларында көру кеңістігінің концентрациялық тарылуы болмайды?

А) тамырлы қабықтың және тор қабықтың шеткі қабынуларында

Б) +нұрлы қабықтың ауруында

В) глаукоманың кеш сатыларында

Г) тор қабықтың пигментті дистрофиясында

Д) көру нервінің невритінде және семуінде

 

57. Қалыпты жағдайда көру кеңістігінің шекарасы қандай түске тар?

А) +жасыл түске

Б) көк түске

В) қызыл түске

Г) ақ түске

Д) көгілдір түске

 

58. Увеит кезінде көздің тіндерінде антиген-антидене бірге немен жүреді?

А) +қабынумен

Б) гемолизбен

В) пигменттің жиналуымен

Г) липидтің жиналуымен

Д) аталғандардың барлығымен

 

59. ++Төмендегі аталған көздің және организмнің ауруларында түсті ажыратудың жүре пайда болған бұзылысы кездеспейді?

А) тор қабықтың ауруларында

Б) көру нервінің ауруларында

В) +нұрлы қабықтың және цилиарлы дененің ауруларында

Г) ОНЖ (ЦНС) функциялық және органикалық өзгерістерінде

Д) улануда және интоксикацияда

 

 

60. Көздің жаңа болған тұйық жарақатында болмайтын объективті белгі:

А) тері астына қан құйылу, қабақтардың ісінуі, тері асты эмфиземасы

Б) лимб бойы қасаң қабықтың жыртылуы немесе склераның жыртылуы, ішкі қабықтардың және шыны тәрізді дененің жараға қыстырылуы

В) алдыңғы камераға және шыны тәрізді денеге қан құйылу

Г) +алдыңғы камерада іріңнің болуы

Д) нұрлы қабықтың түбінен жыртылуы, мидриаз, көру жітілігінің айтарлықтай төмендеуі

 

61. Көру кеңістігін зерттеуді келесі тәсілмен тексеруге болмайды?

А) +визометрия

Б) периметрия

В) кампиметрия

Г) ЭФЗ

Д) болжап тексеру (ориентировочно)

 

62. ++Тамырлы қабықтан түзілетін көз іші ісіктерін қандай құралмен анықтауға болады?

А) альгезиметрмен

Б) экзоофтальмометрмен

В) саңылаулы шаммен

Г) +диафаноскоппен

Д) кератометрмен

 

63. Факотопиялық глаукома болады?

А) +бұршақ орнынан тайғанда

Б) бұршақ ісінгенде

В) бұршақтың қабынан еритін ақуыздар сыртқа шығып, трабекула жүйесіне түскенде

Г) бұршақ склерозданғанда

Д) афакияда

 

64. ++Ширмер сынамасын жүргізгенде қалыпты жағдайда 5 минуттың ішінде сорғыш қағаз неше см.ге сулануы керек?

А) 0,5см

Б)1см

В)+1,5см

Г)3см

Д)2,5см

 

65. Қалыпты жағдайда көлемі 5мм ақ түске көру кеңістігінің ең тар мөлшері қай жақтан болады?

А) самай жақтан

Б) +мұрын жақтан

В) жоғарыдан

Г) төменнен

Д) жоғарғы-самай жақтан

 

66. Афакияға тән емес белгі:

А) алдыңғы камераның терең болуы

Б) иридоденез

В) +рефракцияның 10-12дптр күшеюі

Г) бұршақтың болмауы

Д) рефракцияның 10-12дптр әлсіреуі

 

67. Көру мүшесінің патологиясы жоқ ересек адамның, көру кеңістігінің сыртқы шекарасы ақ түске фиксация нүктесінен неше градуста болады?

А) 70º

Б) 80º

В) 85º

Г)+ 90º

Д) 100º

 

68. Көру мүшесінің патологиясы жоқ ересек адамның, көру кеңістігінің ішкі шекарасы ақ түске фиксация нүктесінен неше градуста болады?

А) 30º

Б) 40º

В) +55º

Г) 60º

Д) 65º

 

69. Оптималді көру жітілігін беретін миопияны дұрыс түзету үшін, қандай шыныларды береміз?

А) ең күшті теріс шынылар

Б) ең күшті оң шынылар

В) +ең әлсіз теріс шынылар

Г) ең әлсіз оң шынылар

Д) пациентке субъективті жақсы болатын аталаған шынылардың бірі

 

70. ++Гемофтальм – бұл:

А) +шыны тәрізді денеге қан құйылу

Б) алдыңғы камераға қан құйылу

В) тор қабыққа қан құйылу

Г) конъюнктиваға қан құйылу
Д) ретробульбарлы қан құйылу

 

71. Аккомодацияның физиологиялық механизмі мүмкіндік береді?

А) көзден өте алыс орналасқан заттарды тор қабыққа фокустайды

Б) заттарды тор қабықтың алдына фокустайды

В) тек қана көзге өте жақын орналасқан заттарды тор қабыққа фокустайды

Г) +көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттарды тор қабыққа фокустайды
Д) рефракцияның қандай да бір ақауларына қарамастан, алыстан да жақыннан да жақсы көру

 

72. Көздің химиялық күйіктерінде көрсетілетін жедел көмек:

А) көзге түскен бөгде денелерді алып тастау, антибиотиктер тамызу

Б) +көзге түскен бөгде денелерді алып тастау, көзді ұзақ уақыт ағынды сумен жуу


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 84 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.072 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>