Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Көздік артерия ненің соңғы тармағы болып есептеледі? 3 страница



А) Бехчет ауыруы. Увеит, қасаң қабықтың дистрофиясы, катаракта.
Б) Стилл ауыруы, увеит, қасаң қабықтың дистрофиясы, катаракта

В) Рейтер синдромы, увеит, стоматит, жыныс мүшелерінің және терінің жаралары.
Г)+ Марфан ауыруы, бұршақтың орнынан таюы, сүйек-бұлшықеттік жүйенің зақымдануы
Д) көк склера ауыруы, сүйектердің сынғыштығы, көк склера

 

137. Біріккен жарақат деп атаймыз:

А) көз алмасының ішіне бөгде дене енген көзді тесіп өткен жарақат
Б) гемофтальммен, бұршақтың таюымен асқынған көз алмасының контузиясы
В) +көру мүшесінің жарақаты болғанда, басқа да ағзалардың зақымдануы
Г) көздің күйігі және көз ішінде бөгде дене
Д) көз алмасының тұйық жарақаты және конъюнктиваның күйігі

 

138. ++Оң көзінде жастық бастапқы катарактасы (көру жітілігі 0,8) және сол көзінде жастық жетілген катарактасы бар (көру жітілігі – жарықты сезі, бағытын дұрыс анықтайды) науқасқа катарактаның экстракция отасы жоспарлануда. Бұл науқасқа түзетудің қандай түрін ұсынуға болады?

А) (10-12Д) линзалармен көзілдіріктік түзету
Б) (18-20,0Д) линзалармен көзілдіріктік түзету
В) эксимерлазермен түзету
Г) жанаспалы линзамен түзету
Д) +интраокулярлы түзету

 

139. Емханадағы дәрігерге 50 жастағы науқас оң көзінің көру кеңістігінде төменгі- ішкі жақтан қара перденің жауып бара жатқанын айтты. Бұның алдында осы көзінің алдынан жарық ұшқындар байқалған. Науқаста миопия бар, екі көзіне

-5,5Д көзілдірік тағады. Объективті: оң көзінің көру жітілігі түзеткенде 0,1, сол

көзі 0,8. Офтальмоскопия: көз түбінінің жоғарғы- сыртқы квадрантында сұр-көк

түсті ірі қатпарлары бар, шыны тәрізді денеге шығып тұрған төмпешік

байқалады. Оның үстінен иректелген қан тамырлары өткен. Диагноз қойыңыз,

ұсынатын еміңіз?

А) ретинобластома, энуклеация, химиотерапия
Б) хориоидеяның меланомасы, эвисцерация
В) +тор қабықтың ажырауы, динамиялық циркляж салу
Г) хориоидит, консервативті ем
Д) пигментті дегенерация, консервативті ем



 

140. Диабеттік ретинопатияның сатыларын атаңыз:

А) +пролиферативті емес, пролифератив алды, пролиферативті
Б) пролифератив алды, жалқықты, геморрагиялық
В) пролиферативті емес, пролифератив алды, васкулярлы
Г) пролифератив алды, пролиферативті, геморрагиялық
Д) пролиферативті емес, геморрагиялық, тыртықты

 

141. 35 жастағы науқас қараңғыда нашар көруіне шағымданады. Көру жітілігі OU – 0,3-0,4 түзетілмейді. КІҚ OU – 19мм.сын.бағ. Диагнозды нақты қою үшін науқасқа қандай зерттеу тәсілдерін жүргізу керек? Бұл кезде тор қабықтың қандай элементтері зардап шегеді?

А) кераторефрактометрия, жарықтық адаптация. Таяқшалар зардап шегеді.
Б) бинокулярлы көру, қараңғылық адаптация. Сауытшалар зардап шегеді.
В) +көру кеңістігі, қараңғылық адаптация. Таяқшалар зардап шегеді.
Г) түсті ажырату, жарықтық адаптация. Сауытшалар зардап шегеді.
Д) бинокулярлы көру, жарықтық адаптация. Сауытшалар зардап шегеді.

 

142. Гипофиз ісігіне тән белгілер:

А)+ битемпоралді гемианопсия
Б) орталық нақты скотома
В) көру кеңістігінің концентрациялық тарылуы

 

Г) биназалді гемианопсия
Д) гомонимді гемианопия

 

143. Науқас 55 жаста. Ол оң көзінің көру жітілігінің төмендеуіне және ауырсынуына шағымданады. Қарап тексергенде: ОД – аралас инъекция, қасаң қабықтың артқы бетінде шөгінділер, қарашық тар, артық шеткі синехия, нұрлы қабықтың бомбажы (томпаюы). Көру жітілігі ОД – 0,5, түзетілмейді. КІҚ ОД – 35мм.сын.бағ., OS – 21мм.сын.бағ. Көру кеңістігі OU өзгермеген. Сол көзі сау. Сіздің диагнозыңыз? Еміңіз?

А) екіншілік факомориялық глаукома, 1% пилокарпин
Б) +екіншілік увеалді глаукома, 1% атропин
В) ашық бұрышты глаукома, 0,5% тиммал
Г) екіншілік факолизистік глаукома, 0,5% бетоптик
Д) екіншілік факотопиялық глаукома, хириргиялық ем

 

144. Салюс-Гунн симптомы тән:

А) диабеттік ретинопатияға
Б) +жүкті әйелдердің ретинопатиясына
В) гипертониялық ангиопатияға
Г) тор қабықтың жедел қан айналымының бұзылысына
Д) уытты (токсический) хориоретинитке

 

 

145. Диабеттік ретинопатияның пролиферативті сатысында не болады?

А) терең қан құйылулар
Б) қан тамырларының өткізгіштігінің артуы
В) +жаңадан қантамырлары түзіледі
Г) мақта тәрізді жалқық (экссудат)
Д) макро және микроаневризмалар

 

146. Науқас оң көзінің тар бұрышты глаукома диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. КІҚ 36мм.сын.бағ. Көру жітілігі 0,01 түзетілмейді. Көз түбінде Э/Д 8/10 терең экскавация, көру нерві дискі сұр түсті. Көру кеңістігі фиксация нүктесінен алғанда самай жақтан 15º тарылған. Глаукоманың кезеңін анықтаңыз, КІҚ қалыпты.

А) бастапқы, қысым айқын жоғары

Б) дамыған, қысым жоғары
В) алысқа өршіген, қысым жоғары
Г) терминалді, қысым жоғары
Д) +алысқа өршіген, қысым жоғары

 

147. ++Егде жастағы гипертониямен ауыратын науқас оң көзінің көру жітілігінің саусақты санауға дейін төмендегеніне шағымданады. Мұның алдында, кейде осы көзінің көру жітілігі аз уақытқа төмендейтінен байқаған, бірақ ол тез қалпына келетін. Көз түбінде көру нерві дискінің шекаралары көмескі, тор қабық ісіңкі. Макулярлы аймақта тор қабық бозғылт, ортасында «шие сүйегі» сияқты домалақ аймақ көрінеді. Артериялар тар. Сіздің диагнозыңыз?

А) +тор қабықтың орталық артериясының жедел түйілуі
Б) тор қабықтың ажырауы
В) тор қабықтың орталық венасының тромбозы
Г) жедел орталық хориоиретинит
Д тор қабықтың астына қан құйылу

 

148. ++Глаукоманың кезеңдері келесі көрсеткіштер арқылы бағаланады:

А) көру жітілігі және КІҚ деңгейіне
Б) +көру кеңістігі және көру нерві дискінің экскавациясына
В) көру нерві дискінің экскавациясына және ағып кету жіңілдігіне
Г) ағып кету жеңілдігі және көру кеңістігінің жағдайына
Д) көз іші сұйықтығының көлеміне және көру жітілігіне

 

149. Науқаста бір жақты птоз, көз алмасының қимылы шектелген, экзофтальм, қабақтар ісінген, оның терісінің сезімталдығы бұзылған, мидриаз, аккомодация салданған. Патологиялық процесс қайда жатыр?

А) көру нерві каналының ішінде
Б) домалақ тесікте

В) төменгі көздік саңылауда
Г)+ жоғарғы көздік саңылауда
Д) төменгі көздік тесікте

 

150. ++Науқас көзінен бұршағын тесіп өткен жарақат алған, 1 ай өткен соң бұршағы сарғыш-жасыл түсті күнбағыс тәрізді бұлыңғырланған. Диагноз:

А) сидероз
Б) асқынған катаракта

В) халькоз
Г) бұршақтың сублюксациясы
Д +эндофтальмит

 

 

151Жоғарғы қиғаш бұлшықеттің қимыл иннервациясын қандай нерв қамтамасыз етеді?

А) әкететін нерв
Б) көзді қимылдатқыш нерв
В) +шығыршық нерві
Г) аталғандардың барлығы
Д) А және Б дұрыс

 

152.Көздің физикалық рефракциясы сипатталады:

А) +көздің оптикалық жүйесінің сындыру қабілетімен
Б) артқы бас фокустың тор қабыққа қатынасымен
В) көздің алдыңғы-артқы білігінің ұзындығымен
Г) көздің оптикалық күшінің көздің алдыңғы-артқы білігі ұзындығының байланысымен
Д) жақындағы нүктені анық көргендегі көздің оптикалық жүйесінің сындыру қабілетімен

 

153.Көз алмасының құрылымдарын қанмен қамтамасыз етеді:

А) тор қабықтың орталық артериясы
Б) артқы қысқа цилиарлы артерия
В) артқы ұзын цилиарлы артерия
Г) алдыңғы цилиарлы артерия
Д) +көздік артерия және оның тармақтары

 

++154.Жоғары дәрежелі гиперметропияға тән емес:

А) +көру нерві дискінің маңында артқы стафиломаның болуы
Б) аккомодативты астенопия, аккомодацияның түйілуі
В) бірікен қылилықтың дамуы мүмкін
Г)конъюнктива мен қабақтың қырларының созылмалы қабынуы
Д) көру нервінің жалған невриті дамиды

 

155.Түсті ажырату қызметі морфологиялық немен қамтамасыз етіледі?

А) таяқшалармен
Б) +сауытшалармен
В) биполярлы жасуша қабатымен
Г) ганглиозды жасуша қабатымен
Д) нервтік талшықтар қабатымен

 

156.Көздің қандай қызметі оның клиникалық жағдайы туралы толық мәлімет бере алады?

А) жарықты сезу
Б) +орталық көру
В) шеткі көру
Г) түсті ажырату
Д) бинокуялрлы көру

 

++157.Шеткі көрудің мәні:

А) заттардың көлемін, пішінін анықтайды
Б) заттардың түсін анықтайды
В) жоғары көру жітілігін береді
Г) +кеңістікте бағыт береді
Д) кеңістіктің тереңдігін береді

 

158.Түсті ажыратудың бұзылысын анықтай алмайтын тәсілді атаңыз:

А) науқастың шағымы, аурудың тарихы
Б) бақылау, болжау тәсілдері
В) полихроматты кесте
Г) адаптометрия
Д) +аномалоскопия

 

159.Аккомодацияның тыныш жағдайында бүршақтың орташа сындыру күші неше?

А) 60дптр.
Б) +30 дптр.
В) 19 дптр.
Г) 40дптр.
Д)7 дптр.

 

160.Көру кеңістігі морфологиялық немен қамтамасыз етіледі?

А) сауытшамен
Б) +таяқшамен
В) биполярлы жасуша қабатымен
Г) нервтік талшықтар қабатымен
Д) ганглиозды жасуша қабатымен

 

161.Төменде аталған организмнің қандай патологиялық жағдайында, көру кеңістігіндегі өзгерістер диагностикалық белгіге жатпайды?

А) бас миы тамырларының атеросклерозы
Б) гипертониялық ауру
В) бас миының ісігі
Г) +миокардтың инфаркты
Д)ми қантамырларының бұзылысы

 

162.Сауытша аппарат көздің қандай қызметін анықтайды?

А) көру кеңістігін
Б) жарыққа адаптациясын
В) көру жітілігін
Г)түсті ажыратуын
Д)+В және Г дұрыс

 

++163.Көздің төменгі тік бұлшықетінің қимыл иннервациясын қандай нерв қамтамасыз етеді?

А) әкететін нерв
Б) шығыршық нерві
В)+ көзді қимылдатқыш нерв
Г) үшкіл нерв
Д) А және В дұрыс

 

164.48 жастағы науқас оң көзі қабағының ісінгеніне, көзінің ашуына, көзінде бөгде дене тұрғандай сезімге шағымданды. Ол 20 минут бұрын көзіне қышқыл тамшысы түскенін айтады. Сіз қандай емді ұсынбайсыз?

А) конъюнктивалді қуысты ағынды сумен жуу
Б) бір рет анестетик тамызу
В) бикарбонат натрий ерітіндісін тамызу
Г)+гидрокортизон ертіндісін тамызу
Д) сульфацил- натрий ертінісін тамызу

 

165.Қасаң қабықтағы патологияны анықтайтын тәсіл:

А) жанынан жарық түсіру және бифокалді жарықтандыру
Б) +биомикроскопия
В) сыртқы байқау
Г) офтальмоскопия
Д) көз ішіне жарық енгізу

 

++166.Нұрлық қабықты зерттеуге керек емес тәсіл:

А) жанынан жарық түсіру
Б) бифокальді жарықтандыру
В) +офтальмоскопия
Г) биомикроскопия
Д) сыртқы байқау

 

167.Гиперметропия көрініс сипатына қарай бөлінеді:

А) анық, жасырын, абсолютті
Б) жасырын, толық, жалған
В) абсолютті, жалған, анық
Г) +анық, жасырын, толық
Д) абсолютті, жасырын. Толық

 

168.Астигматизмді түзетпейді:

А) цилиндрлік шынылар
Б) сфера-цилиндрлік шынылар
В) торикалық жанаспалы линзалар
Г) рефракциялық ота
Д)+сфералық шынылар

 

 

169. 6,0 Д миопияны жатқызамыз:

А) әлсіз дәрежеге
Б) орташа дәрежеге
В) +жоғары дәрежеге
Г) В-ға, егер қылилықпен бірге кездессе
Д) А-ға, егер амблиопиямен бірге кездессе

 

170.Көздің физикалық рефракция тұрғысынан қарағанда, гиперметропия жатады:

А) +әлсіз оптикалық жүйеге
Б) күшті оптикалық жүйеге
В) А, егер гиперметропияның дәрежесі 2,0 дптр аспаса
Г) Б, егер гиперметропияның дәрежесі 2,0дптр аспаса
Д) Б, егер гиперметропияның дәрежесі 5,0 дптр аспаса

 

171.Қалыпты қасаң қабыққа тән емес белгі:

А) мөлдір
Б) дөңес
В) айнадай жылтыр
Г) +қасаң қабықтың тінінде өзіндік қантамырлар бар
Д) айқын сезімтал

 

172.Эмметропия болса, пресбиопия қандай шынылармен түзетіледі?

А) теріс сфералық шынылармен
Б) +оң сфералық шынылармен
В) оң цилиндрлік шынылармен
Г) теріс призмалық шынылармен
Д)сферапризмалық шынылармен

 

173.Жасқа байланысты аккомодация қабілетінің бұзылысы қалай аталады?

А) амблиопия
Б) артифакия
В) +пресбиопия
Г) астенопия
Д) аккомодацияның түйілуі

 

174.Пресбиопия кезінде бұршақтың қандай қабілеті бұзылады?

А) жарықты өткізу
Б) жарықты сындыру
В) +аккомодациялық
Г) диафрагмалді
Д) UV қорғау

 

175.Бұршақтың жақсы аккомодациялық қабілетін немен түсіндіруге болады?

А) мөлдірлігімен
Б) екі жақты дөңес пішінімен
В) +бұршақтың серпімділігімен
Г) қабының мықтылығымен
Д) иннервациясының жоқтығымен

 

176.Эмметроптың алыстан анық көретін нүктесі орналасады:

А) көзден 5м қашықтықта
Б) көзден 4 м қашықтықта
В) көзден 3 м қашықтықта
Г) +шексіздікте
Д) көздің артында

 

177.Көзді сыртқа қандай нерв бұрады?

А) +әкететін
Б) шығыршық
В) көзді қимылдатқыш
Г) көздік
Д) үшкіл

 

178.Жақыннан аккомодация механизмі қосылғанда, бұршақтың сындыру күші қалай өзгереді?

А) +бұршақтың сындыру күші күшееді
Б) бұршақтың сындыру күші өзгермейді
В) бұршақтың сындыру күші азаяды
Г) бұршақтың сындыру күші күшееді, көздің жалпы рефракциясы азаяды
Д) бұршақтың сындыру күші азаяды, көздің жалпы рефракциясы күшееді

 

179.Ересек адамның физикалық рефракциясының қалыпты мөлшері:

А) 40,0 Д
Б) 50,0 Д
В) 60,0 Д
Г) +70,0 Д
Д) 80,0Д

 

180.Түзеткіш линзаның сындыру күші байланысты:

А) линзаның алдыңғы бетінің қисықтық радиусына
Б) +линзаның фокусты қашықтығына
В) көлеміне, оның кері фокусты қашықтығына
Г) линзаның артқы бетінің қисықтық радиусына
Д) линзаның қалыңдығына

 

181.Астигматизмнің типіне және түріне жатпайды:

А) іштен туа біткен, жүре пайда болған
Б) жәй, күрделі, аралас
В) қасаң қабықтық, бұршақтық, ретиналді
Г) +қасаң қабықтық, виртреалді, көру
Д) тік, кері, қиғаш біліктермен

 

182.Қандай тәсілмен рефракцияның түрін және дәрежесін анықтауға болмайды?

А) түзеткіш линзалардың көмегімен субъективті тәсіл
Б) +биомикроскопия
В) скиаскопия
Г) рефрактометрия
Д) кераторефактометрия

 

183.Анизометрия – бұл:

А) көздің екі бастапқы меридиандарында аметропияның әртүрлі дәрежесі
Б) көздің екі бастапқы меридиандарында әртүрлі аметропияның түрлері
В) көздің екі бастапқы меридиандарында аметропияның әртүрлі дәрежесі және түрлері
Г) +екі көзінде аметропияның әртүрлі дәрежесі және түрлері (1,0дптр көп)
Д) максималді көзілдірікпен түзеткенде, екі көздің әртүрлі көру жітілігі

 

184.Көзі ішілік сұйықтықты бөліп шығарады:

А) нұрлы қабық
Б) хориоидея
В) бұршақ
Г) +цилиарлы дене
Д) қасаң қабық

 

185.Науқас көзіне соққы тигеннен кейін заттардың қосарлануына, экзофтальмге, көздің жоғарыға қимылының шектелуіне, төменгі қабақ және бет терісінің сезімталдығының төмендеуіне шағымданды. Бұл көз шарасының қандай қабырғасының сынғанын сипаттайды?

А) көз шарасының жоғарғы қабырғасы
Б) +көз шарасының төменгі қабырғасы
В) көз шарасының ішкі қабырғысы
Г) көз шарасының сыртқы қабырғасы
Д)аталғандардың барлығы

 

186.Кератиттердің объективті белгілеріне жатады:

А) көздің перикорнеалді немесе аралас инъекциясы
Б) қасаң қабықта қабыну инфильтраты, жара, жалақтану
В) қасаң қабықтың сезімталдығының төмендеуі немесе жоғарлауы
Г) + перикорнеалді немесе аралас инъекция, қасаң қабықтағы инфильтрат, оның сезімталдығының өзгеруі
Д) дұрыс А және Б

 

187.«Перикорнеалді инъекция» түсінігіне мына төмендегі варианттардың қайсысы тура келеді?

А)+ көбінесе лимб маңындағы қантамырлар қызарады, олардың түсі қызғылт-көкшілтім
Б) көбінесе көз алмасы конъюнктивасының қантамырлары қызарады, олардың түсі ашық қызыл түсті
В) көбінесе қабақ конъюнктивасының қантамырлары қызарады, олардың түсі қызғылт-көкшілтім
Г) көбінесе қасаң қабықтың қантамырлары қызарады, олардың түсі ашық қызыл
Д) көбінесе склераның қантамырлары қызарады, олардың түсі қызғылт-көкшілтім

 

++188.Қасаң қабықтың қоректенуінің дұрыс емес жауабын таңдаңыз:

А) алдыңғы цилиарлы қантамырларының анастомоз тармақтарымен және конъюнктиваның қантамырларымен
Б) перилимбалық тамырлар жүйесінен диффузия арқылы
В) +қасаң қабық пен склераның өзіндік қантамырларымен
Г) алдыңғы камерадағы сұйықтықтан осмостық жолмен
Д) көзжас ылғалынан осмостық жолмен

 

189.Беткейлік ұшықтық кератитке жатады:

А) ағаш тәрізді кератит
Б) метагерпестік кератит
В) эпителилік және эпителий асты нүктелі кератит
Г) диск тәрізді кератит
Д) +дұрыс А және В

 

190.Диск тәрізді ұшықтық кератитке тән емес:

А) ауру көбінесе қасаң қабықтың ортаңғы бөлігінде ісінуден басталады
Б) +көбінесе қасаң қабықтың беткей қабаттары зақымданады
В) қасаң қабықтың васкуляризациясы кейінірек болады
Г) ауру десцемет мембранасында қатпарлардың түзілуімен және ирициклитпен бірге жүреді
Д) кератиттің нәтижесінде көру жітілігін әжептеуір төмендететін қарауыту түзіледі

 

191.Қасаң қабықтың сезімтал иннервациясы қамтамасыз етіледі:

А) +үшкіл нервтің бірінші тармағымен және жоғарғы мойын симпатикалық түйіннің симпатикалық талшықтарымен
Б) үшкіл нервтің екінші тармағымен және жоғарғы мойын симпатикалық түйіннің симпатикалық талшықтарымен
В) үшкіл нервтің үшінші тармағымен және жоғарғы мойын симпатикалық түйіннің симпатикалық талшықтарымен
Г) үшкіл нервтің барлық тармақтарымен және жоғарғы мойын симпатикалық түйіннің симпатикалық талшықтарымен
Д) үшкіл нервтің екінші тармағымен және алдыңғы цилиарлы нервпен

 

++192.Науқас жарақаттан кейін, сіңбіргенде және түшкіргенде экзофтальмнің болатынын айтып шағымданды. Қабақтарын пальпаторлы тексергенде серпімді кернелу және нәзік крепитация байқалады. Сіздің алдын-ала диагнозыңыз?

А) тенонит

Б) пульсациялық экзофтальм

В) +көз шарасының эмфиземасы

Г) тромбофлебит

Д) көз шарасының флегмонасы

 

193.Кератитке тән емес:

А) көру жітілігінің төмендеуі

Б) +қасаң қабықтың беткей және терең қабаттарында фолликуланың болуы

В) қасаң қабықта жалақтану, ісіну, инфильтрацияның болуы

Г) қасаң қабық маңайлық немесе аралас инъекцияның болуы

Д) қасаң қабықтың сезімталдығының төмендеуі немесе жоғарлауы

 

194.Кератит жазылғанда болмайды:

А) қасаң қабықта бұлт, дақ тәріздес қарауыту және ноғала түзіледі

Б) қасаң қабақтың васкуляризациясы болады

В) қасаң қабықтың сындыру күші және қисықтығы өзгереді

Г) +қасаң қабықтық синдром айқын болады

Д) қасаң қабық өзінің барлық қасиеттерін сақтап қалады

 

++195. Ұшықтық кератитті басқа кератиттерден айыратын клиникалық белгі:

А) қасаң қабық маңайлық инъекция

Б) қасаң қабықтағы инфильтрациясы

В) +қасаң қабық сезімталдығының төмендеуі немесе мүлдем жоғалуы

Г) блефароспазм

Д) қасаң қабықтың васкуляризациясы

 

++196.Глаукомада көздің қандай қызметі ерте бұзылады?

А) орталық көру

Б) бинокулярлы көру

В) +шеткі көру

Г) түсті ажырату

Д) жарықты сезу

 

197.Көз ішілік қысымның тәуліктік деңгейі қалыпты жағдайда нешеден аспайды?

А) +5мм.сын.бағ.

Б) 8мм.сын.бағ.

В) 10мм.сын.бағ.

Г) 15мм.сын.бағ.

Д) 20мм.сын.бағ.

 

++198.Басырдың асқынуына жатпайды:

А) ксероз, қасаң қабықтың қарауытуы
Б) қабақтың ішке айналуы, трихиаз
В) конъюнктиваның тыртықтануы
Г) +созылмалы дакриоцистит
Д)көздің құрғақ синдромы

 

199.Көзжас-мұрын сынамасының авторы кім?

А) Ширмер
Б) Маклаков
В) Норн
Г) +Вест
Д) Дондерс

 

++200.Көз алмасының тамырлы қабығына жатады:

А) қасаң қабық
Б) көру нерві дискі
В) склера
Г) +цилиарлы дене
Д) тор қабық

 

201.Көз шарасының құрылымдарын зерттеу үшін керек емес тәсіл:


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 71 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>