Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Жер құқығының қағидалары, түсінігі мен түрлері. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге басым құқығы 6 страница



2. Жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда, кентте тұратын азаматтар шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскесiн алуға басым құқықты пайдаланады.
3. Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарының құрамынан шығатын азаматтарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн аталған оның ұйымдардың жерiнен жep учаскелерi берiледi, оларды кадастрлық бағалау шаруашылық бойынша (алқаптар бойынша) орта деңгейде болуға тиiс.

4. Өздерiне тиесілi жер учаскелерiне құқықтарын, оның iшiнде шартты жер үлестерiне құқықтарын шаруашылық серiктестіктердің жарғылық капиталына салым ретiнде немесе өндiрiстiк кооперативтерге жарна ретiнде берген азаматтар шаруа немесе фермер қожалығын ұйымдастыру үшiн қатысушылар құрамынан шыққан кезде үлесiн немесе пайын, жер учаскесiн қоса алғанда, нақтылы бөлiп шығаруға не өздерiнiң қалауы бойынша жер үлесiнiң немесе пайының құнын төлетiп алуға құқылы.

5. Үлестiк меншiкке қатысушы болып табылатын және шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн қатысушылар құрамынан шығатын азаматтарға жер учаскелерi үлестiк меншiкке) қатысушылардың жалпы жиналысында бекiтiлген, үлестiк меншiктегi жер учаскесiн пайдалану тәртiбiне сәйкес берiледi.

6. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн алған және ауылда тұрғын үйi бар азаматтардың үй жанындағы жер учаскесi меншiк құқығымен сақталады, ол шаруа немесе фермер қожалығы жер учаскесiнiң құрамына кiрмейдi.

7.Ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлерi болып табылмайтын азаматтарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн жер учаскелерi арнайы жер қорының жерiнен және босалқы жерден берiледі.

34. Елді мекендер жерлерінің құқықтық жағдайы. Елді мекендер жерлерін бір санаттан екінші санатқа ауыстыру тәртібі.

Елді мекен дегеніміз — республика аумағының халык жинакы орналаскан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылык және баска коғамдык кызметі нәтижесінде калыптаскан, занда белгіленген тәртіпте есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және аткарушы органдар баскаратын бір бөлігі.



Елді мекен белгілері:

• Міндетті түрде ресми тіркелуі тиіс;

• Түракты түрде тұратын адамдардын саны 50-ден кем бол- мауы тиіс.

Казақстан Республикасы аумағындағы елді мекендер калалык және селолыкелді мекендерге бөлінеді.

Калалык елді мекендерге республикалык, облыстык және аудандық маныздағы қалалар, сондай-ак олардын әкімшілік ба- ғыныстылығынын аумағындағы поселкелер; селоларға - олар­дын әкімшілік бағыныстылығына карамастан калған барлык елді мекендер жагады.

Халкьіның саны 400 мың адамнан асатын облыстык маңызы бар каладағы, республикалык маңызы бар каладағы, астанадағы аудан каладағы аудан болып табылады.

Калалар және баска елді мекендер:

1) республикалык маңыздағы калаларға бөлінеді, бүларға ерекше мемлекеттік маңызы бар және бір миллион адамнан ас- там халкы бар елді мекендер жаткызылуы мүмкін;

2) облыстык маңызы бар калаларға бөлінеді, бүларға саны 50 мың адамнан асатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік иңф- ракүрылымы бар, ірі экоңомикалық және мәдени орталыктар бо­лып табылатын елді мекендер жаткызылуы мүмкін;

3) аудандык маңызы бар калаларға бөлінеді, бүларға аума- ғында өнеркәсіп орындары, коммуналдык шаруашылығы, мемле­кеттік түрғын үй коры, оку және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерініңдамыған жүйесі, кемінде 10 мыңадам халкы бар, оның халкының жалпы санының үштен екісінен астамы жүмыс- шылар, қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері болып табы- латын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

4) поселкелерге бөлінеді, бүларға онеркәсіп орындарының, күрылыстардың, темір жол стансаларының және басқа эконо- микалық манызды объектілердің жанындағы, кемінде 3 мың ада- мы бар, оның кемінде үштен екісі жүмысшылар, кызметшілер және олардың отбасы мүшелері болып табылатын елді мекендер жатқызылуы мүмкін;

5) ауыл (село) — саны кемінде 50 адам болатын, халкының кемінде жартысын ауыл, орман және аңшылык шаруашылығын- да, бал ара шаруашылығында, балык аулау мен балык өсіру ша- руашылығында жүмыс істейтін кызметкерлер, олардың отбасы мүшелері және денсаулык сактау, әлеуметтік камсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары күрайтын елді ме- кен;

6) халкының саны кемінде 50 адам шаруа және баска да коныс- тар еңжуықелді мекеннін күрамына енгізіледі.

Калалар және баска да елді мекендерді жоспарлау және салу кезінде оларды санитарлыктазарту, өндіріс пен тұтыну калдық- тарымен қауіпсіз жүмыс істеу козделуге және жүзеге асырылуға, шектеулі табиғат пайдалану режимі колданылатын орманды-сая- бакты, жасыл және корғау аймақтары қүрылуға тиіс.

 

35.Рекреациялық мақсаттағы жерлер түсінігі. Олардың құқықтық тәртібі. Рекреациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі. Рекреациялық мақсаттағы жер дегеніміз -Халықтың ұйымдасқан түрдегi жаппай демалысы мен туризмiне арналған және сол үшiн пайдаланылатын жер рекреациялық мақсаттағы жер деп танылады. Рекреациялық мақсаттағы жер құрамына демалыс үйлерi, пансионаттар, кемпингтер, дене шынықтыру және спорт объектiлерi, туристiк базалар, стационарлық және шатырлы туристiк-сауықтыру лагерьлерi, балықшы және аңшы үйлерi, орман парктерi, туристiк соқпақтар, трассалар, балалар және спорт лагерьлерi, осы сияқты басқа да объектiлер орналасқан жер учаскелерi кiруi мүмкiн. Рекреациялық мақсаттағы жерге қала маңындағы жасыл аймақ жерлерi де жатады. Рекреациялық мақсаттағы жердi пайдалану тәртiбi мен режимiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар белгiлейдi. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен және жер пайдаланушылармен келiсiм бойынша белгiленген туристiк соқпақтар мен трассаларды пайдалану сервитуттар негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Рекреациялық мақсаттағы жерде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн қызметке тыйым салынады.

36. Жерге ақы төлеуді құқықтық реттеу түсінігі. Олардың түрлері мен мазмұны. Жердің материалдық құны.

Жерге акы төлеу дегеніміз - жер учаскесін пайдаланудың экономикалык нәтижесіне байланысты болмайтын, белгілі бір аймақта орналаскан, белгілі бір сападағы және шаруашылык құндылығы бар жер учаскесінің бірлік алаңы үшін белгіленген сома. Қазіргі қалыптаскан нарық жағдайында, жер учаскесінің азаматтык ай- налым объектісі ретінде танылған уакытта жер нарык қатынаста- рына мемлекеттің араласуы орынды болып отыр. Бүгінгі күнде мемлекет жер нарығын реттеуге келесі әдістер: жерге азаматтық кұкықтарды жүзеге асыру тәртібін занды түрде белгілеу арқы- лы; жер учаскелерінің шаруашылык айналым қабілетін құқықгық шектеуді белгілеу арқылы; жер учаскесінің айналымына рұқсат беру жүйесін енгізу аркылы; жермен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру зандылығын қадағалау, яғни, жер учаскесімен жаса- латын мәмілелерді міндеггі мемлекеттік тіркеуді орнату аркылы катысып отыр. Осыдан байкайтынымыз, Қазакстан Республика- сында жер катынастарын мемлекеттік реттеудің өте кушті, яғни жер ресурстарын экономикалыктәсілдер аркылы баскару, жер нарығын куру және мемлекеттік реттеу, жерді кепілге коюды калыптастыру, мемлекеттік жер кадастры жүйесін енгізу сиякты тетіктері калыптаскан. Осы тұрғыда, отандык заңгерлер: «Кдзак- станда жер нарығын мемлекеттік реттеу мәселесін толык калып­тастыру үшін келесі кағмдаларды үстану керек, яғни, ірі жер ла- тифундыктардын қүрылуына жол бермеу, шаруашылык кызмет ушін пайдалану барысында жерді табиғат сыйы ретінде эколо- гиялыкталаптардыңсакталуын камтамасыз ету, жерді өз сапа- сына байланысты негізгі максатына сай пайдалануды камтамасыз ету, жер учаскелерін алып сатарлыктыналдын алу максатында жер нарығын калыптастыруды реттеу кажет» — деғен болатын. Жер мәмілелері жердің нарыктык күны аркылы жүзеге асыры­лады. Қазакстан Республикасының зандарына сәйкес, жер учаскесінің нарыктык күны Қазакстан Республикасының «Баға- лау қызметі туралы» заңға сәйкес аныкталады. Накты зан мемлекеттін, занды және жеке тұлғалардың мәміле жасалатын бағалау объектісіне катысты бағалау кызметі катынастарын реттеуді жүзеге асырады. Жалпы бағалау дегеніміз — бағалау объектісінің нарыктык немесе өзге күнын анықтау болып табылады.

 

 

37.Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдерінің ерекшеліктері. Олардың түрлері. Егеменді тәуелсіз жер қатынастарының дамуына жеке тоқталыңыз.

 

1. Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдері, жалпы сипаттама.

2. Бірінші кезең. Қазақстанның Ресей құрамына кіргенге дейінгі кезең.

3. Екінші кезең. Ресей құрамындағы кезең.

4. Үшінші кезең. Социалистік кезең сипаттамасы.

5. Қазіргі кезеңнін сипаттамасы.

 

Бірінші кезең өз бетінше бірнеше кезеңнен тұрады:

1. Қазақстан аумағында Қазақ хандығының қалыптасуымен байланысты. Бұл кезеңнің ерекшелігі арнайы жер заңдарының жоқ болуында. Бұл кезеңде жер қатынастары Адат ережелерімен реттеліп отырған.

2. Шыңғыс ханның отаршыларының саясаты. Қазақстанда осы кезеңде жер жеке меншікке берілді ма әлде жоқ па? Бұл жөнінде екі түрлі көз қарас бар.

А) жеке меншік болғанын мойындамайды. Бұл кезде жерге жеке меншік қоғам меншігі.

Б) Жеке меншік болғанын дұрыс деп қарайды.

 

Екінші кезең. Қазақстан Ресей империясына кірген кезден басталады. Бұл кезең 1749 жылдан басталады. 20 жыл бойы Ресей империясы қазақ жерінде отаршылық саясатын жүргізіп отырып Ұлы және Орта жүздің жерлерін әскери күшпен басып алады.Өз билігін жүргізу үшін қазақ жерінде Ресей өз өкіметін құрады. Олар генерал губерниялар деп аталады. Жалпы алты генерал губерниялар болды. 1861 ж. орыс шаруаларның крепостное право деген құқығы жойылды. Орыс шаруалварын жақсы жерлермен қамтамасыз ету үшін Ресей Үкіметі көшіп қону саясатын жүзеге асырды.

 

Үшінші кезең. Социалистік кезең 1917-1990 ж.

1. билік тек халыққа берілуі тиіс.

2. жер тек халықтікі болуы тиіс және пайдалануы тегін болуы тиіс.

1917 ж. Ленин декретішығарылды.

1919 ж. жерді социализациялау заңы шықты.

1921-28 ж.ж. арасында жер су реформасыжүзеге асырылды.

1920 ж. Қазақ социалистік совет Республикасы құрылды. Оған дейін ол автономиялық Республика болып табылады. 1936ж Қазақ ССР ның тұңғыш конституциясы қабылданды.

1969 ж. тұңғыш рет совет одағының жер заңдарының негіздері қабылданды. Осының арқасында әр бір республикда өзіндік жер заңдарын қабылдауға әрекет жасай бастайды.

1917-1971 ж. дейін Қазақстанның жерін пайдалану тәртібін Ресейлік заңдар реттеп отырды. Бұл кезеңде басшылыққа партия шешімдері ерекше орын алады.

Төртінші кезең қазіргі кезең. 1993ж. 28 қаңтардағы Конституция тек мемлекет меншігі деп таныды. 1995 ж. Конституция жерді жеке меншікке беру мүмкіндіктерін қарастырды. 90 ж. 16 қарашада Қазақ ССР ның Жер Кодексі қабылданды. Бұл Кодекс 95 жылдың соңына дейін жұмыс істеді.

1995 ж. бастап қазіргі күнге дейін егеменді Қазақстан тарихында үш жер заңы қабылданды.

1. 1995 ж. 22 желтоқсанпрезиденттің заң күші бар жарлығы жер туралы.

2. 24 қаңтар 2001 ж. жер туралы заңы қабылданды.

3. 2003ж. 20 маусымында жаңа жер кодексі қабылданды.

Бірақ басты шешім, бұл жер қатынастарын түпкілікті түрде өзгертуге мүмкіндік беріп және жерге жеке меншікті заңды түрде қабылдап, жерді нарықтық айналымға енгізу, жерді жеке меншік екенін Қазақстан Республикасының Конституциясында (1995ж.) және ҚР Президентінің бұйырығында 22 желтоқсандағы 1995 жылғы «Жер туралы» заңында күші бар, онда жер-құқықтық нормаларды реттейтін, жеке жер учаскелері мен жер пайдалану қатынастарын қадағалайды.

Қазіргі қабылданған шешімдер жер бөліктерінің үлестерін ауыл шаруашылық мекемелерінде қайта ұйымдастыру жұмыстардың жүргізілуіне рұқсат берілді. 1998 жылдың аяғында жүргізіліп дайындау және жер үлесіне 2259,3 мың азаматқа құқығы туралы куәлік берілді, солардың ішінде 1910,4 мың адам құқықтарын іске асырды. 2001 жылдың басында 2268,6 мың азамат жер үлесіне құқығы туралы куәлік алғандардың ішінен құқықтарын іске асырғандар, яғни 2168,9 мың азамат немесе 96% жер бөлігінің құқықтық шарт жасады.

1999 жылдың басында 28,9 мың учаскелер мемлекеттен жеке меншікке сатылды, бағасы 6017 млн. теңге, 3,2 мың учаскенің жер пайдалану құқықтары сатылды, бағасы 1425,8 млн. теңге, 3,2 мың учаскелер мемлекеттен жалға берілді, бағасы 569,8 млн. теңге, конкурстар мен аукциондардағы сатылған жер учаскелері 519 учаскелер бағасы 100,1 млн. теңге.

2857,4 мың жер учаскелері ауданы 357,8 мың га азаматтардың жеке меншігіне берілді. Ауыл шаруашылықтың көлемі 1991 жылғы 2,5 мыңнан және 31,1 мың 1995 жылғыдан 105,1 мыңға дейін 1 қаңтардың 2001 жылында өсті. Жер реформасының екінші сатысында (1995 жылдан кейін) жер учаскелердің жеке меншіктерінің саны өсіп, жер учаскелермен жүргізілетін шаралардыңсаны көбейді. 2001 жылға жер реформасының кеңілуі Қазақстанда жаңа сатыға шықты, республика Парламентімен ұзақ келісімнен кейін «Жер туралы» заңы шықты, онда 1990 жылғы жер қатынастарын реформалау ескертілді, маңызды өзгерістер енгізіліп, олар республикадағы жаңа жер қатарларының заңдық және нормативтік базалығының беріктігіне бағытталған.

2003 жылы қабылданған жаңа ҚР-дің жер кодексі, «Жер туралы» заңының заңдылықтарын негізінен сақтап қалды. Бірақ басты жаңалығы оның ішінде ҚР-дағы ауыл шаруашылық жерлерді жеке меншікке берілуге жөнделген нормалары енгізілген. Сонда да онда жерді жеке меншікке тек ҚР азаматтары және мемлекеттік емес заңды тұлғалар алатындығы сақталған, жер учаскелерін жеке меншікке сатып алуға жеңілдіктер жасалған, яғни жеңілдетілген баға базалық ставканың 75%-ын құрайды, жерді сатып алу 10 жыл ішінде жүргізілуі мүмкін.

38. Жерге меншік құқығының түсінігі. Олардың түрлері. Жерге меншік құығының объектілері. Жерге меншік құқығын табыстау.

Меншік немесе жер пайдалану кұкығын табыстау, беру және онын ауысуы жер учаскесінін нысаналы максаты ескеріле оты­рып жүзеге асырылуға тиіс.

Меншік немесе жер пайдалану кұкығы:

1) мемлекеттік органдар актілерінін;

2) азаматгық-қүқыктык мәмілелердің негізінде;

3) Казакстан Республикасынын зандарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.

Жерге меншік және баска да кұкықтар келесі негіздер аркы­лы пайда болу мүмкін:

1. Меншік немесе жер пайдалану кұкығын табыстау. Табыстау дегеніміз - жерді түлғаға тікелей мемлекет аркылы беруін білдіреді. Азаматтарға және занды түлғаларға жер пайдалану күкығын табыстау аткарушы органның жер учаскесіне құқык табыстау жөніндегі құзыретіне сәйкес оның шешімі негізінде жүргізіледі.

2. Меншік немесе жер пайдалану күкығын беру; Беру дегені­міз — тұлғага жерге кұкыктың баска бір тұлғамен азаматтык құкықтык мәміле аркылы беруін білдіреді.

3. Әмбебап, мирасқорлыктәртібі аркылы ауысуы. Әмбебап, мираскорлық дегеніміз — жерге құқықтың мүрагерлік аркылы пайда болуын білдіреді. Мысалы: мұраға калдыру, занды тұлға- ның кайта ұйымдастырылуы, т.б.

Жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беруді облыстардын (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстык маңызы бар қалалардың) жергілікті ат­карушы органдары, аудандык маңызы бар қалалардың, кент- тердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтер- дің әкімдері өздерінің белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асы- рады.

Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне қүқықтар алу. Жер учаскелерін алуға кұкығы бар азаматтардың және мемлекеттік емес занды тұлғалардың меншігіне мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін жеке меншікке беру өтеулі негізде жүзеге асыры­лады.

Жер учаскелері Казакстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

1) ауылдык жерлерде өзіндік косалкы шаруашылык (үй ма- ңындағы және егістік телімдерді коса алғанда) жүргізу үшін — суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гек­тар;

2) жеке түрғын үй кұрылысы үшін — 0,10 гектар;

3) бағбандык, сондай-ак саяжай кұрылысы үшін - 0,12 гектар.

20-бап. Жерге меншiк құқығының түрлерi
1. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
2. Меншiк құқығының субъектiлерi:
республика аумағындағы жерге мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi - Қазақстан Республикасы;
осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелерiне жеке меншiк құқығының субъектiсi - азаматтар және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.


39.Жер құқықтық қатынастарының түсінігі. Олардың құрылымы. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.

Жер Кодексінің 12-бабының 10-тармақшасында жер құқық қатынастарының түсінігі берілген. Ол жерге меншік құқығын, өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жер пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады.

Белгілері:

а) бұл қатынастар жер пайдалануды, қорғауды қамтамасыз етеді.

б) бұл қатынастар жерді меншік обьектісі, пайдалану обьектісі, аумақтық кеңістік ретінде және табиғат байлығы ретінде қарастырады.

Бұл қатынастардың обьектісі ретінде жер танылады. Жер Кодексінің 12 бабының 14-тармақшасы мынадай анықтама берген: егемендігі белгіленген ілетін шектегі, аумақтық кеңістік, табиғи ресурс жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық шегі.

Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры жеті санатқа бөлінеді:

1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер:

2. елді мекендердің жері;

3. өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығына байланысты емес жерлер;

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, тарихи мәдени, сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлер;

5. орман қорының жері;

6. су қорының жері;

7. босалқы жері;

Жер құқығының қатынастарының субьектілері деп осы құқық қатынастар белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болып танылатын тұлғалар болып табылады.

1. мемлекеттік органдар;

2. жердің меншік иелері;

3. жер пайдаланушылар;

4. қазақстандық тұлғалар;

5. шетелдік тұлғалар;

6. халықаралық ұйымдар және т.б.

Түрлері:

1. мүліктік қатынастар;

2. әкімшілік бағыттағы қатынастар;

3. экологиялық болуы бар қатынастар;

4. процессуалдық қатынастар:

Әдістері деп - жер құқығы қатынастарын реттеп отыратын тәсілдердің жиынтығы. Олар:

А) императивті;

Б) диспозитивті;

40. Мемлекеттік жер кадастрының түсінгі. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлінуі.

Мемлекеттік жер кадастры - КР жерінің табиғи шаруашылык жай-күйі, жер учаскесінің орналаскан жері, нысаналы пайдалануы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалык сипаттамасы туралы, жер пайдаланушыларды есепке алу мен жер учаскесінің кадастрлык кұны туралы мәліметтердің, өзге де кажеті мәліметтердің жиынтығы.

Жер кадастрының негізгі максаты — жер қорын үтымды пай­далану мен корғауды камтамасыз ету. Жерге заттық құқықтар- дың азаматтык айналымы жерге меншік құқықжағдайында жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау.

Кадастрлык мәлімет шынайы объективті болуы үшін келесі кағидалар сақталуы тиіс:

Мемлекеттің жер корын түгелдей қамту;

Жер кадастрын жүргізудің үздіксіздігі;

Жер кадастрының әдістемелік негіз бірлігі;

Жер кадастрын жүргізу органдарынын бірыңғай жүйесінің болуы.

Жер кадастрының мәліметтері келесі жагдайларда колданы- лады:

• максатты тағайындауын ескеріп, жер учаскесін пайдалану тиімділігін аныктау;

• жер учаскесін жеке меншікке саткан кезде онын бағасын (жер учаскесін жалдау күқығын сату төлемін) аныктау;

• салык салу;

• жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін еріксіз алу кезінде және иеліктен айыру жағдайында сатып алу бағасы мен төлем мөлшерін сотпен аныктау максатында жүргізіледі.

• жер учаскесімен мәміле жасау;

• жерге телем мөлшерін аныктау;

• кұкыктық баска кадастрды жүргізу үшін.

Жер кадастры деген ұғымды күкыктык кадастр деген үғымнан белек карастыру керек.

Қүкыктык кадастрды жүргізу тәртібі Қазакстан Республика­сының 2007 жылғы 26 шілдедегі Жылжымайтын мүлікке күкык- тарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы № 310 Заңымен реттеледі.

Күкыктык кадастр дегеніміз — жерге меншік пайдалану және баска да күкыктары және олардың иелері сонымен катар, жер учаскесінде жасалатын мәмілелер, оларға берілген ауыртпалык- тар туралы мәліметтердің жиынтығы.

41.Қостанай облысының әкімі Ресейлік “МСК” фирмасына сол облысқа қарайтын Ы.Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазір пайдаланылмай жатқан “Ласточка” лагерін қайта қалпына келтіру мақсатында 125 га жерді ұзақ мерзімді пайдалануға бөліп берді. Соның ішінде 30 га ауыл шаруашылық мақсатындағы жер болғандықтан экология мен қоршаған ортаны қорғау бойынша жергілікті аумақтық орган әкімшіліктің шешіміне қарсы прокуратураға шағымданды.


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 90 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.026 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>