Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Жер құқығының қағидалары, түсінігі мен түрлері. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге басым құқығы 1 страница



Сұрақтар

1. Жер құқығының қағидалары, түсінігі мен түрлері. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге басым құқығы қағидасы.

2. Жер құқығының азаматтық, экономикалық, аграрлық және басқа да құқық салаларымен байланысы және ара қатынасы. Жер құқығының басқа құқық салаларымен арақатынастарының ерекшеліктері.

3. Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқталуы. Жерге жеке меншік пен мемлекеттік меншік түріне жалпы сипаттама.

4. Жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою тәртібі. Оның ішінде алып қою жолымен алып қоюдың ерекшеліктерін түсіндерініз.

5. Ортақ бірлескен меншіктегі жер учаскесін бөлу тәртібі. Ортақ бірлескен жер пайдаланудағы жер учаскесін бөлу.

6. Сервитут түсінігі және түрлері. Оның пайда болу шешімдеріне анықтама берініз. Сервитуттың тоқтатылу ерекшеліктері.

7. Жер құқық қатынастарының түсінігі. Жер құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері.

8. Жер құқығының құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі. Жер құқығының кешенді құқық саласы ренінде дамуы.

9. Жерге меншік құқығының пайда болу, өзгертілу ерекшеліктері.Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқтатылуы.

10. Жерге мемлекеттік меншік құқығы.Объектілері мен субъектілері және жүзеге асыру ерекшеліктері.

11. Қазақстан Республикасы жер қорының құрамы мен түсінігі. Жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес санаттарға бөлінуі.

12. Жер құқығының қайнар көздерінің түсінігі және белгілері. Жер құқығы қайнар көздерінің жүйесі.

13. Жер мониторингінің түсінігі. Жер мониторингі ақпараттарын алу мен пайдалану әдістерінің түрлері.

14. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлер түсінігі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді берудің және пайдаланудың ерекшеліктері.

15. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да шаруашылыққа арналған жерлердің түсінігі. Олардың құрамы.



16. Ботаникалық бақтар, қорықтар, табиғи ескерткіштер үшін берілген жердің құқықтық жағдайы. Оларды пайдалану ерекшеліктері.

17. Елді мекен жерлер түсінігі. Елді мекендер жерлерінің шекарасын белгілеу және өзгерту негіздері.

18. Жер кадастрының түсінігі. Жер кадастрын жүгізу тәртібі. Мемлекеттік жер кадастрына жалпы сипаттама беріңіз.

19. Су қорлары жерлерінің түсінігі. Оның құрамы және құқықтық жағдайының сипаттамасы.

20. Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің түсінігі. Олардың құрамы және құқықтық жағдайының мазмұны.

21. Жерді қорғау және ұтымды пайдалануғы мемлекеттік бақылау жасаудың міндеттері. Олардың негізгі мақсаттары.

22. Ауылшаруашылық мақсатына арналған жерлерге меншік құқығы және өзге құқықтар, ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдалану субъектілері.

23. Жерге меншік құқығының түсінігі. Жерге меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылу негіздері.

24. Бірнеше пәтері және (немесе) кісі тұрмайтын үй-жайлары бар үйдің жанындағы кондоминиумның басқа да объектілеріндегі жер учаскелеріне құқық.

25. Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының міндеттері бойынша жер учаскесін немесе жер пайдалану құқығының... алу.

26. Жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік органдар функцияларының жүйесі. Олардың ерекшеліктері.

27. Сауықтару және рекрациялық мақсаттағы жерлердің құқықтық тәртібі ме табиғат ескерткіштері, тарихи және мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық тәртібі.

28. Жерге құқықты мемлекеттік тіркеуді құқықтық реттеу. Оның түсінігі мен жүзеге асырылу тәртібі.

29. Көлік жерлерінің түсінігі. Темір жол көлігі, олардың құрамының ерекшеліктері.

30. Қорғаныс қажеттігі үшін берілген жерлер. Қорғаныс қажеттігі үшін берілетін жерлерге меншік түрлері мен пайдалану тәртібі.

31. Орман қоры жерлерінің құқықтық жағдайы. Мемлекеттік орман қоры жерлері мен жекеше орман қоры жерлері.

32. Жер құқығының түсінігі.Оның пәні, жүйесі мен әдістерінің түрлері. Диспозетивтік және императивтік әдістерінің түсінігі.

33. Шаруа фермер қожалықтары. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін жер учаскелерінің берілу тәртібі.

34. Елді мекендер жерлерінің құқықтық жағдайы. Елді мекендер жерлерін бір санаттан екінші санатқа ауыстыру тәртібі.

35. Рекрациялық мақсаттағы жерлер түсінігі. Олардың құқықтық тәртібі. Рекрациялық мақсаттағы жерді пайдалану тәртібі.

36. Жерге ақы төлеуді құқықтық реттеу түсінігі. Олардың түрлері мен мазмұны. Жердің материалдық құны.

37. Қазақстандағы жер қатынастарының даму кезеңдерінің ерекшеліктері. Олардың түрлері....тәуелсіз жер қатынастарының дамуына жеке тоқталыңыз.

38. Жерге меншің құқығының түсінігі. Олардың түрлері. Жерге меншік құығының объектілері. Жерге меншік құқығын табыстау.

39. Жер құқық қатынастарының түсінігі. Олардың құрылымы. Жер құқық қатынастарының объектілері мен субъектілері.

40. Мемлекеттік жер кадастрының түсінгі. Қазақстан Республикасының аумағын кадастрлық бөлінуі.

41. Қостанай облысының әкімі Ресейдің «МСК» фирмасына сол облысқа қарайтын Ы. Алтынсарыұлы ауданының жеріне қарайтын, қазір пайдаланылмай жатқан «Ласточка» лагерін қайта қалпына келтіру мақсатында 125 га жерді ұзақ мерзімді пайдалануға бөліп берді. Соның ішінде 30 га ауыл шаруашылық мақсатындағы жер болғандақтан экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша жергілікті аумақтық...... әсеріне қарсы прокурорға шағымданды. –шетелдік заңды және жеке тұлғалардың жер пайдалану құқығын жалға алу тәртібі қандай? – ауыл шаруашылық мақсатындаға жерді беру тәртібі қандай?

42. Шығыс Қазақстан облысының.... ауданының тұрғыны... өз учаскесіне отырғызған қайындары көршісі... А. К.-нің учаскесіне өтпей, алайда соны жағалай өсіп....(Ивановтың) үйіне және оның... күн түсірмегеніне байланысты...(Севченкоға) қырып тастау туралы ескертеді. Алайда Севченко ол қайындардың тек өз учаскесінде орналасқанын айтып қырқудан бас тартады. Иванов аудандық атқарушы органға шағыммен барады. – жер қатынастарын реттеу саласында аудандық атқарушы органның уәкілеттігі қандай?; – жер учаскесінің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттерін көрсетіңіз. – істі шешіңіз.

43. 1996 ж. «Еңбекке-Береке» шаруа қожалығы бақша өсіру үшін уақытша өтеусіз пайдалануға 57 га жер алады. Соынмен қатар, мерзімі... қарамастан пайдалануды әрі қарай жалғастыра береді. Маңғыстау облысының прокурорының жерді уақытша өтеусіз пайдалану құқығының мерзімі асып кеткені үшін ол шаруа қожалығына... жібереді. Ал шаруа қожалығының басшысыолар жерді уақытша пайдалануға алғанда жердің жағдайы тым құнарсыз тастақ және су көзінен өте шалғай жатқандығының себебінен 3 жылға жуық жерді тиісінше пайдалана алмағандығына және әлі күнге дейін оның құнарлығын арттыру мақсатында жұмыс істеп жатқанын айтады. – тозған және бұзылған жерлерді қалпына келтіру кезінде қойылатын талаптары және жағдайлары; - облыстық прокурордың және тиісті аудан әкімшілігінің құзіреті.

44. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс станциясының әкімі КСРО кезінде әскери база ретінде пайдаланып келген жерге елді мекендер тұрғызуүшін ол мәселені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі алдында көтереді. – Аталған жерге елді мекендерді тұрғызу жердің нысаналы пайдалану режиміне қарсы келе ме? – Бұндай шешім қабылдауға облыстық әкімнің уәкілеттілігі мен құзіреттілігін анықтағыз. Сті шешіңіз.

45. Түркістан «Керемет» фирмасы Алматы қаласы Медеу ауданына тиісті 1992 ж. наурызда 12 жылға жалға алады. 1998 ж. ол жер орман қорының жері болып табылатын жіне 1989жылға дейін орман қырының жері болып жағы санатты 1991 ж. жүргізе отырып ол жердің тиісінше тізімге белгісіз себептермен қайта енгізілмей қалғандығы жөнінде өкология жіне қошаған ортаны қорғау туралы тиісті аймақтық орган... хабар келеді. Алайда, құрылыс үйлерінсалып демалыс орнына айналдыру себебінен шығандалғаны үшін өз мерзімін толық пайдалануға әкімшіліктен рұқсат береді. 2004 ж. наурызда бұл мәселені қайта көтерген орган жердің нысаналы мақсаты бойынша пайдалануын талап етеді. Ал заңды тұлға бұған 3 ай мерзім бұрын мерзімді жер пайдалану құқығын табыстау актісіне сай өз міндеттемесін тиісінше орындағанын және уақытша өтеулі жер пайдаланғаны үшін әрі қарай 45 жылға созу туралы өтініш бергенін айтты. – жерді нысаналы пайдалануды шешуде қалалық әкімшіліктің уәкілеттігі қандай? – сот істі қарау барысында жердің жалға берілгенкездегі орман мақсаттағы жерлер тізімінде болмауы жөнінде қандай шешім шығарады.

46. Азамат Е.К. Қожыбаев Оңтүстік Қазақстан облысына тиісті Мақтаарал ауданынан мақта өсіру үшін 30 га. жерді жеке меншікке алды. Алайда, ол жерді Е.К. Қожыбаев фермерлік қожалықпен айналасу үшін үй-жай салып мал жаю мақсатында пайдаланған болатын. Жердің нысаналы пайдаланбай жатұаны туралы аудандық әкімшілік талап койды. Ол талапты жер иеленуші жердің құнарсыздығына және су көзінің тым алыс орналасқанына сілтеп ұанағаттандырудан бас тартты. – жерді нысаналы пайдаланудың талаптары қандай?; - жер иеленушінің өзінің жеріне байланысты құқықтары қандай?

47. Өмір бойы Шығыс Қазақстан облысындағы “Алып” зауытында жұмыс істеп мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шыққан Балабаева 1988 жылдан бері қызметтік жер телімі бойынша 1га жері бар тұратын үй пайдаланып келді. 1996 ж зейнеткерлікке шығып, 2001 ж жылы қайтыс болады. Алайда оның 14 және 16 жасар балалары сол жер пайдалану құқығын жалғастыра береді. 2001 ж оларға “Алып” зауытының атынан пайдалану құқығын тоқтату туралы талап келеді. Балалардың асыраушысы балалардың кәмелетке толмағандығына байланысты және Балабаева К. өмір бойы сол зауытта жұмыс істегенінің садарынан мүгедек болғанына және соның салдарынан 8 жылдан соң қайтыс болғанына жүгініп талапты қанағаттандырудан бас тартады? -істі шешіңіз? -сот зауыттың талабын қанағаттандыра ма? -қандай жағдайда қызметтік үй жай балалары үшін кәмелетке толғанға дейін сақталады?

48. Алматы облысы әкімінің орынбасары орман қоры жерінен өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыру үшін жер учаскесін беру туралы шешім шығарды. Алматы облысының прокуроры әкімге сотта қарсылық білдірді сот наразылықты қабылдамады.

- прокурор қандай әрекеттер жасау керек?

- орман қоры жерлерінің құқықтық жағдайы,....

49. Таудың етегінде орналасқан “Денсаулық” санаториясының жері арқылы ТОО “Достар” су каналын жүргізу үшін сервитут құқығы негізінде келісім шарт жасайды. 2002 ж наурызда қардың тез еру себебінен санаторидың жерінен өткен каналдан аққан су асфальттарды бұзып шығын әкелді. Санаторий басшысына шектеулі құқық пен пайдаланушыны сервитут пен байланысты келтірген барлық шығынның табиғат апатынан болғанына негіздеп шығынды өтеуден бас тартты. “Денсаулық” санаториясы сотқа арыз берді. -жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығының талаптары мен жағдайларын көрсетіңіз. Сотқа қандай жағдайларда жүгінеді.

50. «Ақсай» ауылының тұрғыны Абдирахманов аудандық жер ресурстарының басқармасына өтінішпен оның ішінде ол Құдайбергенов жер иеленушіге шара қолдануды сұрайды. Жер учаскесінің...... Құдайбергеновпен отырғызған талдар (қайың ағашы) қатты өсіп, күн сәулесін жеткізуге кедергі болады.....

 

51. “Эрте Қазақстан” АҚ Солтүстік-Шығыс облысының Манкей ауданында өзінің дәрі шығаратын лабараториясын салуға АҚ-нан 10 га жерді алған. Құрылысты салып болған соң олар лабораторияға техника мен технологияны әртүрлі тұрмыс заттардың сондай-ақ химиялық заттарды көлікпен бастайды. Жаман жолдардың кесірінен тасымалдау көлігі аунап, оның цестарнасынан сұйық зат төгіліп, төгілген жерде өсіп тұрған кейбір өсімдіктер қырылып, жер ластанып, бүлініп, уланды.

-істі шешіңіз

“Эрте Қазақстан” АҚ-ды қандай жауаптылыққа тартуға болады?

52. Алмабек деген азамат шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскесіне меншік құқыған табыстау тәртібімен алады. Жер құнан бірден төлеуге мүмкіндігі болмағандықтан, өтініш жазып, төлеу мерзімін 6 –жылға ұзарту арқылы төлей бастады және жерді жеңілдікті бағамен алады. Жер құнын 4 жылдан кейін төлеп бітіп, ол жерді сатқысы келді. Бірақ аудан әкімшілігі онда мұндай құқық жоқ деп, көрсетті. –Жеңілдікті бағамен сатылған жер учаскесімен құқықтық мәмле жасаудың тәртібін анықтаңыз. Істі шешіңіз.

53. “Строй сервис” құрылыс компаниясы тиісті рұқсатсыз “Ақсу-Жабағалы” ұлттық паркінің территориясында тұрғын үй салып оның қызметкерлердің демалысы үшін пайдалана бастады. Ұлттық паркінің әкімшілігі қалалық прокуротураға осы компанияны жауапқа тарту жөнінде шаралар қолдануды өтініп жолданады. -жерді өз бетімен алу және өз бетімен құрылыс салудың құқықтық салдары қандай? -осы жағдайда қолданылатын жауапкершілік шарасы.

54. 1997 ж. «Кең байтақ» ЖШС... Алматы облысы маңындағы орман қорларының жай күйін және пайдалануға берілмеген жерлердің кадастры туралы ақпарат беру бойынша Алматы облысының әкімдігіне өтініш береді. Өтініш қабылданып Талғар ауданынан 70 га. Жердің жай-күйін құнарлы, тастақ емес деп ақпарат беріп 20 жылға өтеулі жер пайдалану негізінде береді. Заңды тұлғаның 1997 жылы еккен ағаштарының біразы өте жай өсіп және басқа ағаштар мүлде өсуін тоқтатады. 2002 ж. жердің ұүнарлығын тексерген кезде, сараптама қорытындысы бойынша 1963 ж. улы қалдықтардың..... белгілі болады. ЖШС сотқа Алматы облысының әкімшілігіне қарсы жердің жай-күйі туралы ақпаратты дұрыс бермегені үшін және 6 жыл еңбектері зая... жерді өзгертуге және орманды күтуге... шығынын өтеу туралы талап береді. – Жері... қағидаларын атаңыз; - мемлекеттік басқару органдарының құқықтары мен міндеттері қандай? – атқарушы органның жерге байланысты уәкілеттігі.

55. Бір-біріне жанасып жатқан жер учаскелерін пайдаланушылар оларды жекешелендіріп алды. Бұдан кейін учаскелердің біреуінің меншік иесі басқасының меншік иесіне өз учаскесін жүріп өту мақсатында пайдалануға тиым салды. Басқа учаскенің меншік иесі жекешелендіруден бұрын екеуі келісе отырып пайдаланған құдыққа жолды бөгеп тастайды. Өз әрекеттерін олар жер учаскелерінің меншік иелері болғандықтан, оған ешкімді жібермеуге құқылы екенімен негіздейді. Жер ресурстары бөлімінде дауды қарастыру кезінде бір учаскені айналып өтіп, басқасына жету (үшін) өте қиын екені анықталады. Екі учаскені де құдықпен қамтамасыз ету талпыныстарын сәтсіздікке әкелді, өйткені бірнеше қайталап скважина қазылғанмен су жүрмей қояды. -пайда болған дауды қалай шешуге болады? -сервитуттың пайда болу талаптары қандай?

56. «Ақ бидай» ауыл шаруашылық кооперативінің ауыл шаруашылық мақсатындағы... жергілікті атқарушы органның шешімімен құрылыс компаниясына жол жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты саз, тас, құм алу үшін уақытша пайдалануға жер учаскесін береді. Жұмысқа кіріскен құрылыс компаниясы заңмен көзделген топырақтың құнарлы қабатын сақтау шараларын қабылдамады және ол жұмысның бір бөлігін немесе толығымен орындаған соң жерді қалпына келтіру жөніндегі міндеттері орындалады.- ауыл шаруашылығымен байланысты емес жұмыстарды жүргізген... жердің топырақ қабатын сақтау бойынша жер пайдаланудың міндеттері; - осы міндеттері орындамаудан келтірілген шығынды өтеу тәртібі.

57. Омаров жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру бөліміне үй салу үшін жер учаскесін бөліп беруді сұрап барады. Омаровтың жеткілікті тұрған үйі болғанын білмеген аудандық әкімшілік учаске бөлу жөнінде шешім қабылдайды. Сонан соң Омаров учаскеге өзі сатып алған құрылыс материалдарын жеткізіп, уақытша үй орнатып алады. Көп ұзамай Омаровтың тұрғын үйі бар екені белгілі болады да, соған байланысты Омаровтың үй салу үшін учаскеге беру туралы шарт жасасуға келісім бермейді. Ал оған дейінгі учаске бөліп беру туралы келісі жойылады. Одан басқа әкімшілік Омаровтың учаскені құрылыс материалдарынан босатып уақытша үйді бұзуды талап етеді. Омаров сотқа әкімшілікті шарт жасауға күштеу жөнінде талап арыз береді. Талап арызына негіздеме ретінде Омаров ересек қызына қалдыруға ниетті болғанын басқа тұрғын үйі болғанын жасырмағанын айтады. Құрылыс материалдарын сатып алуға, оларды тасмалдауға және уақытша үйді орнатуға ол материалдық шығындар, егер учаске тартылып алынса шығындар кез келген жағдайда өтелуі тиіс. -жер учаскесін берудің жалып талаптары қандай? -істі шешіңіз Сот қандай іс әрекет істеуі тиіс.

58. 1990ж. қыркүйекте «Ж...» ауылының жұмысшылары Көксу өзені арқылы плотинаны жөндеу кезінде өорғау аумағындағы мұнай құбырын жарып алды. Авария салдарынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен өзен суы.... 1992 ж.... Алматы облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы Алматы Облысының сотына талап арызын қойды. Онда жерді ластаудын келтірілген залалды өтеу бойынша «Ж...» ауылы мен мұнай газ өңдеу басқармасынан 235942 теңге өтеп беруін талап етеді. – талап қою мерзімі қандай? Жерді ластаудан қорғау шараларын атаңыз.

59. Облыстық әкімшілік шешімі бойынша Асыловтың иелігіндегі үй орналасқан жер учаскесі мемлекет қажеттеіліктер үшін тиіс болды. Асылов пен оның жанұясына үйдің орнына пәтер ұсынылады. Оның үстіне жер учаскесі берілетін ұйым Асыловқа үй ақысы мен учаскеде отырғызылатын жеміс жидектердің құнын өтеуге келіседі. Асылов әкімшілік шешіміне қарсылық білдіреді. Ол учаскесінің сатуға жатпайтын бөлігінде тұратынын айтады. Оның үстіне Асыловтың ойынша егерде учаске еріксіз алынатын болса онда оған тура сондый жер учаскесі Асыловқа басқа жерден бөлініп беріле алады дер сендіреді. Мердегерлік ұйым мен әкімшілік құрылыс материалдардың жоқтығынан әкімшіліктің Асыловқа жаңа үй салып беру мүмкіндігі жоқтығын айтады. Талаптар келісімге келмегендіктен Асыловтың үйі энергия және сумен қамтамасыз ету жүйесінен қиылып тасталынды. Асылов талап арызымен сотқа барады. -жер учаскесін мемлекеттік мұқтаждықтар үшін алудың жалпы шарттары қандай? -істі шешіңдер.

60. Азамат Сәрсенбаевтың «Барсакелмес» қорығында күзетші болып келгеніне 15 жыл болды. Оған қорықтың әкімшілігі осы қорық аумағындағы жерден 0,15 га жерді ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалануға берген. Сәрсенбаевтың ақылы негізде оқитын баласының оқу ақысы 100 000 теңге болғанын біледі. Оны төлеуге басқа қаражат таппаған ол өзінің қорық аумағындағы пайдалынып отырған жеріне құқығын «АТФ» бенкінен кредит алу үшін кепілге салады. Қорық әкімшілігі өз қызметшілерінің бұл әрекетін заңсыз деп қалалық сотқа талап арызын береді. Сәрсенбаев өз әрекетінде заңсыздықтың белгісі жоқ, бұл жер пайдалану құқығын қайтып алғандықтан, мұнда 15 жыл тұрғындықтан мұндай мәміле жасауға құқылы екендігін айтады. – қызметтік жер телімін пайдалану тәртібі. – жер пайдалану құжатын... салуды шектеу.

1. Жер құқығының қағидалары: түсінігі мен түрлері. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге басым құқығы қағидасы

Жер құқығының қағидалары деп жер құқық қатынастарынын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалар жиынтығы. Бұл бастамалар Жер Кодексінің төртінші бабында көрсетілген. Оларға:

1. жерді нысаналы пайдалану;

2. жерді ақылы пайдалану;

3. экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

4. жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

5. жерді табиғи ресурс, ҚР халқының өмірі мен жұмыстарының негізі ретінде сақтау;

6. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басмдығы;

7. жердің жай күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 239 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>