Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Жер құқығының қағидалары, түсінігі мен түрлері. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге басым құқығы 2 страница



8. жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларын мемлекеттік қолдау;

9. жерге залал келуін болдырмау немесе оның зардабын жою;

10. ҚР аумағының тұтастығы қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

Жер құқығының жүйесі үш бөлім: Жалпы, Ерекше, Арнайы

Жалпы бөлім мынадай институттарды қамтамасыз етеді:

1. жерге меншік құқығы;

2. жер пайдалану құқығы;

3. жерді қорғау мен пайдалнуды мемлекет тарапынан реттеу;

4. жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауакершілік;

Ерекше бөлім жеті санатты қамтиды:

1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер:

2. елді мекендердің жері;

3. өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауышаруашылығына байланысты емес жерлер;

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, тарихи мәдени, сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлер;

5. орман қорының жері;

6. су қорының жері;

7. босалқы жері;

Арнайы бөлім шетелдердің жер заңдарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің Қазақстан жерін пайдалану мәселелерін зерттейді.

Жер құқығының өзге құқық салаларымен байланысымен қарым-қатынасы. Жер құқығы басқа салалармен тығыз байланыста болса да, ол бұл жүйеде ерекше орын алады. Себебі, жер құқығы жекеленген кешенді құқық саласы болып табылады.

Кешенді деп жер құқығының кешенді қарым қатынастарын реттейтінін білдіреді. Яғни жер құқық қатынастары біркелкі құқық қатынастарына жатпайды. Бұлардың қатарына: мүліктік, саяси, экологиялық, әкімшілік сипаты бар саяси орын алады. Оларды реттеу үшін біркелкі тәсілдер жоқ. Сондықтан мемлекет керек кезде басымдық көрсетеді. Тыйым сала алады немесе рұқсат беріп тараптардың тепе теңдігін қамтамасыз етеді.

Белгілері:

Реттейтін құқық пәні.

Мемлекеттің қалыптастыратын зер заңдарының жүйесі.

Жер құқығының өзіндік қағидалар жүйесінің болуында.

 

2.Жер құқығының азаматтық, экологиялық, аграрлық және де басқа да құқық салаларындағы байланысы және ара қатынасы. Жер құқығының басқа құқық салаларымен ара қатыныасының ерекшеліктері.



Жер құқығы, бір жағынан, өз құрамында экологиялық нормаларға ие; екінші жағынан, оның нормалары аталған құқық салаларының нормаларына ауысады. Сол себепті, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 129-бабы мынадай ережені бекітеді: орман қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттігі үшін пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық алқаптары жеке жəне заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сəйкес ауыл шаруашылық мақсаттарында берілуі мүмкін. Осыған ұқсас ереже Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 134-бабында да су қорғау аймақтары мен белдеулеріне енгізілген жер учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасының су заңдарының талаптарына сəйкес жүзеге асырылады деп көрсетілген. Жер құқығы экологиялық құқықпен де тығыз байланысты,себебі, ол, жоғарыда атап өткеніміздей, бұл құқықтың құрамының саласы ретінде белгілі. Жер құқығының нормаларында жерді қорғаудың экологиялық нормалары толығымен көрініс табады — жер-құқықтық нормалар экологиялық талаптарға сəйкестендірілген. Бұл жер қатынастарын құқықтық реттеудің мынадай бағыттарынан байқалады: жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлауды реттеуден, жер қорын пайдалануды болжау мен аймақтарға бөлуден, жерге орналастыру процесінен, жерлерді жеке меншікке жəне жер пайдалануға беруден жəне олардан алып қоюдан, жерді басқару, бақылау жəне қорғауды жүзеге асырудан. Жер құқығы аграрлық құқықтан мына жағдайлар бойынша ажыратылады: жер құқығы ауылшаруашылық өндіріс пен өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін тиісті алғышарттарды туындатады (жерді пайдалануға беру, ауыл шаруашылық жерлерін қорғау мен ұтымды пайдалану режимін орнықтыру, ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің артықышылығы жəне т.б.), ал аграрлық құқық тауарлық ауыл шаруашылықтық өнімдер саласында туындайтын ауыл шаруашылық өндірістік қатынастарды ретейді. Сондықтан да, аграрлық құқықтың объектісі болып барлық жер емес, тек ауыл шаруашылығында еңбек жəне өндіріс құралы болып табылатын немесе осы мақсаттарғажарамдыжер бөлігі ғана табылады. Жер құқығы Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының нормаларымен де тығыз байланыста. Өйткені, жер тек меншік объектісі ғана емес, азаматтық айналымның да (жер учаскесін сату-сатып алу жəне сыйға тарту) объектісі болып табылады.

Сондықтан да, мұндай жағдайларда жер қатынастарына азаматтық заңнаманың нормалары міндетті түрде қолданылады, яғни, бұл құқықтық қатынастар əрқашанда заңды фактімен тығыз байланысты болғандықтан азаматтық заңнамамен реттелетін өтпелі нормаларға айналады. Сол себепті де, біз кейбір авторлардың «жер қатынастарына азаматтық заңнаманың

нормалары кеңінен қолданыла бастағандықтан, бұл қатынастар біртіндеп өз ерекшеліктерін жоғалта бастады» деген пікірін қолдамаймыз. Бұл салалардың, соның ішінде, азаматтық заңнаманың, нормалары қазіргі кезде жаңа нарықтық жағдайларға байланысты текжер құқығын қалыптастыруға қатыса алады. Жер туралы заңнаманың нормаларына алғашқыда азаматтық

заңнаманың кейбір нормалары енгізілген болатын, кейіннен олар біртіндеп алынып тасталды. Ал қазіргі кездегі жер туралы заңнаманың нормалары жер учаскелеріне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығымен байланысты нормалармен күшейтілген. Жер құқығы саласының жүйесі жер құқығының ғылымы жүйесінен былай ажыратылады: жер құқығының ғылымы зерттейтін мəселелердің шеңбері жер құқығы саласын құрайтын нормалардың жиынтығына қарағанда кеңірек. Жер құқығы ғылымының жүйесіне жер құқығының нормалары мен институттарын, оның құрылымының негізгі қағидаларын зерттеу, жер құқығының даму тарихына талдау жасау, Қазақстан Республикасының жəне басқа да мемлекеттердің жер құқығындағы біртектес құқықттық нормалармен институттарға салыстырмалы талдаужасау кіреді. Бұл саладағы белгілі бір жетісттіктер осы оқулықтың мазмұнынан көрініс тапты. «Жер құқығы» оқулығының жүйесі жер құқығының құқық саласы ретіндегі құрылымын ғылыми- теориялық талдаудың, оның мазмұнына жүйелік тұрғыдан қараудың нəтижесінде қалыптасты; бұл оқулықтың жүйесі оны пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының жер заңдарының мақсаттарымен, міндеттерімен жəне мəнімен толығырақ танысуға мүмкіндік береді. Жер құқығының оқу пəні ретіндегі ерекшекліктері оның заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарында қолданылатын білім беру əдістемесін ескере отырып, оқу бағдарлмаларына негізделген.

 

 

3.Жерге меншік құқығының және пайдалану құқығының тоқталуы. Жерге жеке меншік және мемлекеттік меншік түрлеріне жалпы сипаттама.

Жерге меншік құқығы — жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі жер учаскесін заң актілерінде белгіленген негіздерде, жағдайлар мен шектерде иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік және жеке меншік нысандары заң жүзінде танылған және олар тең дәрежеде қорғалады. Жерге мемлекеттік меншіктің субъектісі мемлекет, яғни Қазақстан Республикасының өзі. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын заң актілерінде белгіленген ережелерге сәйкес оның атынан мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар субъектілер өздеріне тиесілі құқықтарды заң актілерінде көзделген негіздерде, жағдайлар мен шектерде қалаулары бойынша жүзеге асырады. Олардың қатарына азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жатады;

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке меншiкте болмайтын жер учаскелерiн қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскелерi азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке берiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншiгiнде

 шаруа немесе фермер қожалығын;

 өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу;

 орман өсiру;

 бағбандық;

 жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн;

 үйлердi (құрылыстарды, ғимapaттарды) oлардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерiн салуға берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.

Шаруа немесе фермер қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесiнiң меншiк иесi болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншiк құқығы иелiктен алынуға немесе Жер кодексінің 66-бабының нормаларына сәйкес қайта ресiмделуге тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғаларының жеке меншiгiнде

 тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу;

 орман өсiру үшiн;

 үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген (берiлетiн) немесе олар салынған жер учаскелерi болуы мүмкiн.

Жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке мынадай мөлшерде тегін беріледі:

 ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн – суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суармалы жерде 0,15 гектар;

 жеке тұрғын үй құрылысы үшiн – 0,10 гектар;

 бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн – 0,12 гектар.

Жер учаскелерінiң аталған мақсаттар үшiн қайталап тегiн беруге жол берiлмейдi.

4.Жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою тәртібі. Оның ішінде сатып алу жолымен алып қоюдың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

88-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сот шешімі бойынша алып қою

1. Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулымен келіспесе не алып қойылатын жер учаскесінің құны немесе басқа шарттар туралы онымен келісімге қол жеткізілмесе, жергілікті атқарушы орган жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
2. Жер учаскесінің меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарламаны алған сәттен бастап үш ай өткен соң, бірақ, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы қаулыда көрсетілген мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асыру мерзімінен (күнінен) кешіктірілмей жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыз келтірілуі мүмкін.
3. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыз бойынша азаматтық істер істі сотта қарауға дайындау аяқталған күннен бастап бір ай мерзімде қаралады және шешіледі.

 

89-бап. Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн мемлекеттiк жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою

Мемлекеттiк қажеттiктер үшiн мемлекеттiк жер пайдаланушыдан жер учаскесiн алып қою оны алып қоюды жүзеге асыратын атқарушы органның бiржақты шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Мұндай шешiмге жоғары тұрған органға не сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. Шағым беру алып қою туралы шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.

5.Ортақ бірлескен меншіктегі жер учаскесін бөлісу тәртібі. Ортақ бірлескен жер пайдаланудағы жер учаскесін бөлісу.

56-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi немесе ортақ үлестiк жер пайдаланудағы жер үлесiн айқындау тәртiбi

1. Егер учаскеге ортақ үлестiк меншiкке (ортақ үлестiк жер пайдалануға) қатысушылардың жер үлестерiнiң мөлшерiн Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде айқындау мүмкiн болмаса және оның барлық қатысушыларының келiсiмiмен белгiленбесе, жер үлестерi тең болып есептеледi.

2. Ортақ үлестiк меншiкке (ортақ үлестiк жер пайдалануға) барлық қатысушылардың келiсiмiмен олардың әрқайсысының ортақ жер учаскесiн сатып алуға және игеруге қосқан салымына қарай олардың жер үлестерiн айқындау мен өзгерту тәртiбi белгiленуi мүмкiн.

57-бап. Ортақ үлестiк меншiктегi (ортақ үлестiк жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлісу және одан үлестi бөлiп шығару

1. Ортақ үлестiк меншiкке (ортақ үлестiк жер пайдалануға) қатысушылар ортақ жер учаскесiн бөлудiң әдiсi мен талаптары жөнiнде келiсiмге келе алмаған жағдайда, әрбiр қатысушы ортақ жер учаскесiнен өзiнiң жер үлесiн нақтылы (белгiлi бiр жерде) бөлiп шығаруды талап етуге құқылы, бұған осы Кодекстiң 62-бабының 2-тармағында көзделген жағдайлар және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген басқа да жағдайлар қосылмайды.

2. Егер жер үлесiн нақтылы бөлiп шығаруға Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде жол берiлмесе немесе жер учаскесiне және онымен тығыз байланысты нәрсенiң бәрiне өлшеусiз залал келтiрмей жасауы мүмкiн болмаса, бөлiнiп шығатын меншiк иесiнiң (жер пайдаланушының) ортақ үлестiк меншiктiң (ортақ жер пайдаланудың) басқа қатысушыларына өзiнiң жер үлесiнiң құнын төлетуге, не оны осы Кодекстiң 55-бабының 2-тармағында белгiленген ережелерге сәйкес басқa тұлғаға сатуға құқығы бар, бұған жер үлесi кондоминиум объектiсiнiң құрамында болатын жағдай қосылмайды.

58-бап. Ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлiсу

1. Ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлу әрбiр қатысушының жер үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.

2. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе қатысушылардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлесiп жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлу кезiнде қатысушылардың әрқайсысының үлесi тең болып есептеледi.

3. Ортақ бiрлескен меншiктегi (ортақ бiрлескен жер пайдаланудағы) жер учаскесiн бөлудiң шарттары мен тәртiбi, қатысушылар арасындағы қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамайтындықтан, осы Кодекстiң 56 және 57-баптарына сәйкес айқындалады.

6. Сервитут түсінігі және түрлері. Оның пайда болу шешімдеріне анықтама берініз. Сервитуттың тоқтатылу ерекшеліктері.

Сервитут деп заңда көрсетілген жағдайда бөтен меншіктегі пайдаланудағы жер учаскесін мүдделі жеке және заңды тұлғалардың шектеулі нысананы пайдалану болып табылады. Сервитут келесі негізде туындайды:

· тікелей нормативтік құқықтық актіден;

· мүдделі тұлғалардың меншік иесі немесе жер пайдаланушылар;

· жасасқан шарт негізінде;

· жергілікті атқарушы органдардыңактісі негізінде;

· сот шешімі негізінде;

· заңда көзделген өзге де жағдайларда;

Тікелей НҚА негізінде мысалы, ЖК 68б; Орман кодексінің 42 б; Су кодексінің 52б;

Шарт негізінде 69б; Шарт негізінде сервитут көрші ер учаскесіне өту немесе ол арқылы әр түрлі коммуникациялар өткізу үшін туындайды. Бұл сервитуттың бір ерекшелігі:

1. жердің иесі сервитутты беруге міндетті болып табылады;

2. бұл міндет екі жағдайда туындайды:

Бұл сервитут жекеше сервитут деп аталады. Яғни бір немесе бірнеше аадамдардың мүдделерін қамтиды.

Қауымдық сервитут көпшіліктің мүдделерін қамтитын сервитут. Кодекстің 4 тармақшасында көрсетілген. Сот шешімі негізінде дау болған жағдайда тіркеуден өтуі тиіс.Заң бойынша сервитут мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеу жылжымайтын мүлік департаменті органдары жүзеге асырады. Сервитут жерге жасалған ауыртпалықтардың бір түрі болып табылады.

Сервитут ормандардың жер учаскесі сатылған, жалға берген және басқа да мәселе жасаған кезде ауыртпалықтарымен бірге беріледі.

Сервитутты тоқтату шарттары (Жер Кодексінің 74):

1. Сервитут пайдаланатын тұлғаның бас тартқан кезінде;

2. Сервитутты көп жылдар бойы пайдаланбау;

3. Сервитуттың мерзімінің өтуімен байланысты;

4. екі жақтың келісімі негізінде;

5. жергілікті атқарушы органдардың сервитутты тоқтату жөніндегі шарт қабылдайтын кезінде;

6. сот шешімі негізінде.

 

7.Жер құқық қатынастарының түсінігі. Жер құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру, тоқтатылу негіздері.

Жер құқығы ғылым саласы ретінде көптеген ғылыми теориялардың, тұжырымдардың ой пікірлерінің жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты ғылыми тұрғыда жер құқығының пайда болуын түсіндіріп беру, оның әрі қарай даму жолына болжам жасау.

Жер құқық қатынастары. Жер Кодексінің 12-бабының 10-тармақшасында жер құқық қатынастарының түсінігі берілген. Ол жерге меншік құқығын, өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субьектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жер пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады.

Белгілері:

а) бұл қатынастар жер пайдалануды, қорғауды қамтамасыз етеді.

 

б) бұл қатынастар жерді меншік обьектісі, пайдалану обьектісі, аумақтық кеңістік ретінде және табиғат байлығы ретінде қарастырады.

Бұл қатынастардың обьектісі ретінде жер танылады. Жер Кодексінің 12 бабының 14-тармақшасы мынадай анықтама берген: егемендігі белгіленген ілетін шектегі, аумақтық кеңістік, табиғи ресурс жалпыға ортақ өндіріс құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық шегі.

Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры жеті санатқа бөлінеді:

1. ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер:

2. елді мекендердің жері;

3. өндіріс, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығына байланысты емес жерлер;

4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, тарихи мәдени, сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлер;

5. орман қорының жері;

6. су қорының жері;

7. босалқы жері;

Жер құқығының қатынастарының субьектілері деп осы құқық қатынастар белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болып танылатын тұлғалар болып табылады.

1. мемлекеттік органдар;

2. жердің меншік иелері;

3. жер пайдаланушылар;

4. қазақстандық тұлғалар;

5. шетелдік тұлғалар;

6. халықаралық ұйымдар және т.б.

 

Түрлері:

1. мүліктік қатынастар;

2. әкімшілік бағыттағы қатынастар;

3. экологиялық болуы бар қатынастар;

4. процессуалдық қатынастар:

 

Әдістері деп - жер құқығы қатынастарын реттеп отыратын тәсілдердің жиынтығы. Олар:

А) императивті;

Б) диспозитивті;

 

Жер құқығының қағидалары деп жер құқық қатынастарынын реттеуде басшылыққа алынатын негізгі заңды түрде бекітілген бастамалар жиынтығы. Бұл бастамалар Жер Кодексінің төртінші бабында көрсетілген. Оларға:

11. жерді нысаналы пайдалану;

12. жерді ақылы пайдалану;

13. экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

14. жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

15. жерді табиғи ресурс, ҚР халқының өмірі мен жұмыстарының негізі ретінде сақтау;

16. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің басмдығы;

8. Жер құқығының құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу пәні ретінде түсінігі. Жер құқығының кешенді құқық саласы ренінде дамуы.

Жер күнделікті өмірде келесі қызметтерді атқарады:

1. Саяси қызмет. Мемлекет ауылшаруашылығы болып табылады.

2. Экономикалық қызмет. Жер елдің байлығы.

3. Экологиялық қызмет.

4. Әлеуметтік қызмет. Жер адамдардың өмір сүру негізі.

Жер құқығы құқық саласы ретінде - жер құқық қатынастарын реттеуге бағытталатын құқық нормаларының жиынтығы болып табылады. Жер құқығы мемлекет және құқық қалыптасуына байланысты сала.


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>