Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

кіндік жарасы түбінде шырышты бөлініс пен саңырауқұлақты ісік// 2 страница



гиповитаминоз//

гипотрофия//

спазмофилия//

энцефалопатия

***

76. «Краниотабес» -ол://

бастың үлкен болуы//

басының деформациясы//

үлкен еңбегінің ерте жабылуы//

бас қаңқа сүйектерінің жұмсаруы//

+бас қаңқа тігістерінің жабылмауы

***

77.5 айлық бала. Қарау кезінде: шүйде сүйегі жазық келген, шаштары түскен, басы төмпешіктермен деформацияланған, кеуде клеткасының алдынғы бөлімі алдыға шығыңқы, қабырғалардың сүйек және сіңірлі бөлімінің шекаралары және білезік аймақтары қалыңдаған. Қаңқа рентгенограммасында қандай өзгерістер болады://

өсу аймақтарының үзіліп тығыздалуы//

сүйектердің қалыпты оссификациясы//

+өсу аймақтарының кеңеюі мен анық көрінбеуі//

басқа сүйек тіндерінен секвестрлердің бөлінуі//

сүйек тінінің деминерализирлерген бөліктері

***

78.5 айлық бала. Тершендікке, әлсіздікке, ұйқысының бұзылуына, қорқушылық сезіміне шағымданады. Анамнезінде ОНЖ перинатальді зақымдануы. Қарау кезінде: мандай, төбе және шүйде төмпешіктері айқындалған, шүйде бөлімі жазық, шаштары түскен. Кеуде клеткасы екі жақтан қысылған, білезік аймағында қалыңдау байқалады. Биохимиялық қан анализінде: кальций – 1,2 ммоль/л, фосфор - 1,5 ммоль/л, сілтілі фосфатаза – 700 Б/л, глюкоза – 4,0 ммоль/л, калий – 3,5 ммоль/л. Қандай асқыну болуы мүмкін://

спазмофилия//

эклампсия//

+гипокальциемиялық тырысулар//

гипогликемиялық тырысулар//

гипокалиемиялық тырысулар

***

79.10 жастағы бала дене қызуы 38-390 С дейін көтеріліп жедел ауырып қалды. Ауырғанына 3 күн болды. Қарап тексергенде тері түсі бозғылт, ылғалды жөтел мен кеуде қуысындағы ауырсыну мазалайды. ТАЖ – минутына 28 рет. Өкпесінде жауырын асты аймақта оң жағында өкпе дыбысы тұйықталған, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖЖЖ – минутына 122 соққы. Болжам диагноз қойыңыз?//

жедел бронхит//

обструктивті бронхит//

бронх демікпесі//

+ошақтық пневмония//

жедел бронхиолит

***

80.7 жасар балада өкпесінде: сол жақ жауырын аралық аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Өкпесінде везикулярлы тыныс әлсіреген, сол жақ өкпесінің төменгі бөлімдеріде крепитация мен тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде: Нв-120 г/л, эритроциттер-3,5х 1012/л, Л-13х109/л,ЭТЖ-25 мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында: өлшемдері 0,5-0,7 см болатын, дұрыс емес формалы қарауыту. Диагноз қойыңыз?//



жедел бронхит//

сегментарлы пневмония//

жедел бронхиолит//

+ошақты пневмония//

крупозды пневмония

***

81.7 жасар балада басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, ішінің ауырсыныуы, ылғалды жөтел, бес күн бойы дене қызуының 39-400С дейін жоғарылуы, кеуде қуысының оң жағынан ауырсынуы байқалады. Үйде пенициллинді бұлшық етке қабылдаған, бірақ оған аллергиялық реакция дамыған. Қарап тексергенде: бала тежелген, бетінің қызаруы байқалады, оң жағынан айқынырақ. Ернінде герпетикалық бөртпе. Оң жақ қолтықасты лимфа түйіндері ұлғайған, ТАЖ минутына 38 рет, ЖЖЖ минутына – 114 соққы. Оң жақ кеуде қуысы тыныс алу актісінде кешігеді. Өкпе үстінде жауырын бұрышынан төмен оң жақта өкпелік дыбыстың қысқаруы естіледі. Өкпенің төменгі бөліктерінде тыныстың әлсіреуі, крепитация естіледі. Осы балаға қандай препарат тағайындауға болады?//

норбактин//

ампициллин//

+азитромицин//

амоксициллин//

аугментин

***

82.Бала 10 жаста. Апта бойы ауырады. Бала төртінші күннен бастап дене қызуының тұрақты 390 С дейін жоғарылауына, мұрнынан шырышты бөліндіге, ылғалды жөтелге, бұлшық етінің ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: терісі таза, бозғылт. ТАЖ минутына – 32 рет, ЖЖЖ минутына – 110 соққы. Өкпесінде ылғалды әр түрлі калибрлы сырылдар. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суретінің күшеюі, біркелкі емес инфильтративті өзгерістер. Қан анализінде: Нв-125 г/л, эритроциттер-3,7х1012/л, Л-5,5*109 г\л, таяқша ядролы-1%, сегментоядролы-47%, моноциттер-3%, лимфоциттер-49%, ЭТЖ-35 мм\сағ. Жоғарыда аталған патологияның себебі қай қоздырғыш болып табылады?//

пневмококк//

стафилококк//

+микоплазма//

клебсиелла//

грипп вирусы

***

83.Бала 8 жаста. Жедел ауырған. Төрт күн бойы дене қызуы 39-400С дейін жоғарылаған, қалшылдау, қызыл-қоңыр түсті қақырықты қатты жөтел, бас ауруы, терең тыныс алғанда кеуде қуысының ауырсынуы мазалайды. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, есі бұлыңғыр. Терісінде мұрын ауыз ұшбұрышының көгеруі, оң жақ бетінің қызаруы байқалады. Еріндері құрғақ, тыныс алу актісінде кеуде қуысының бір бөлігінің қалуы, тыныс алғанда мойындырық ойысының ішке тартылуы байқалады. ТАЖ минутына – 38 рет, ЖЖЖ минутына - 116 соққы. Өкпе үстінде оң жағынан төменгі бөліктерінде өкпелік тыныстың қысқаруы, осы аймақта крепитация естіледі. Қан анализінде: Нв-120 г/л, эритроциттер-3,5х1012/л, Л-10,5*109 г\л, таяқша ядролы-5%, сегментоядролы-76%, моноциттер-1%, лимфоциттер-18%, ЭТЖ-47 мм\сағ. Диагноз қойыңыз.//

интерстициальді пневмония//

стафилококкты пневмония//

+крупозды пневмония//

ошақты пневмония//

жедел бронхиолит

***

84.Қыз бала 3 жаста. 4-шi күн сырқат. Дене қызуының соңғы екі күнде 370 - 380 С дейін жоғарлауына, тыныс алуының қиындауына, құрғақ және жиі жөтелге шағымданады. Қарап тексергенде: бала мазасыз, тынысы шулы, ысқырықты. Тері жабындысы бозғылт, мұрын ауыз ұшбұрышы көгерген. Кеуде қуысы ісінген, қабырға аралық кеңістіктіктің кеңеюі байқалады. Өкпе үстінен қораптық дыбыс анықталады. Өкпесінде қатқыл тыныс, таралған симметриялық құрғақ ысқырықты сырылдар, ТАЖ минутына - 48 рет. Өкпе рентгенограммасында: өкпелік суреттің күшеюі, өкпе ауалығының артуы. Сіздің диагнозыңыз?//

жедел бронхиолит//

жедел пневмония//

жедел бронхит//

рецидиверлеуші бронхит//

+обструктивті бронхит

***

85.Бала 5 айлық. Жедел ауырған. Анасының сөзінен дене қызуы 37°С дейін жоғарлаған, құрғақ жөтел, әлсіздік мазалайды. Бүгін жағдайы күрт нашарлаған: қиындаған ысқырықты тыныс пайда болды, жөтелі ылғалды. Қарап тексергенде жағдайы ауыр. Тері түсі бозғылт, ауыз аймағының көгеруі, мұрын қанаттарының керілуі байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қорапты сипаттағы дыбыс. Өкпесінде дем алғанда ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 70 рет. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ минутына – 146 соққы. Болжам диагноз қойыңыз?//

ошақты пневмония//

+жедел бронхиолит//

жедел бронхит//

бронх демікпесі//

обструктивті бронхит

***

86.Бала 6 айлық. Жедел ауырды. Дене қызуының 370-380С дейін жоғарылауына, қатты жөтелге шағымданады. Келесі күні жағдайы күрт нашарлады: жөтелі күшейді, тыныс алуы қиындады. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, тынысы шулы, ысқырықты. Терісі бозғылт, ауыз мұрын үшбұрышының көгеруі байқалады. Кеуде қуысы керілген. Қабырға аралық кеңістіктің кеңеюі анықталады. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпелік дыбыс анықталады. Өкпесінде дем алғанда ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 70 рет. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ минутына – 136 соққы. Қан анализінде: Нв-128 г/л, эритроциттер-3,8х 1012/л, Л-15,5х109 г\л, ЭТЖ-27 мм\сағ. Аталған патология емінде көрсетілген препараттардың қайсысы қолданылмайды?//

метиндол//

+эфедрин//

аугментин//

эуфиллин//

контрикал

***

87.Бала 5 жаста. 4-ші күн ауырады. Мұрнынан шырышты бөліністердің болуына, әлсіздікке, жөтелген кезде күшейетін кеуде қуысының ауырсынуына шағымданады. Жөтелі қазір ылғалды бола түсті. Өкпесінде тынысы қатқыл, таралған, симметриялық, жөтелден кейін жоғалатын ылғалды, орташа көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына - 28 рет. Қан анализінде: Нв-124 г/л, эритроциттер-3,6 х 1012/л, Л-5,5*109 г\л, ЭТЖ-9 мм\сағ. Аталған патологияда қай препарат тағайындауға көрсетілген?//

амоксициллин//

+ацетилцистеин//

аугментин//

макропен//

цефуроксим

***

88.Бала 3 айлық. 2 күн ауырады. Ылғалды жөтелге, тәбетінің төмендеуіне, тыныс алуының қиындауына шағымданады. Қарап тексергенде бала әлсіз, шулы тыныс анықталады. Терісі боз, мұрын ауыз үшбұрышының көгеруі, мұрын қанаттарының керілуі байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы дыбыс анықталады. Өкпесінде дем алғанда естілетін екі жақты да өте көп ұсақ көпіршікті сырылдар. ТАЖ минутына – 75 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖЖЖ минутына – 158 соққы. Қан анализінде: Нв-127 г/л, эритроциттер-3,5х 1012/л, Л- 3,6*109 г\л, ЭТЖ- 19 мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында өкпе суретінің мөлдірлігінің жоғарылауы, диафрагманың төмен тұруы. Диагноз қойыңыз?//

ошақты пневмония//

+жедел бронхиолит//

жедел бронхит//

обструктивті бронхит//

бронх демікпесі

***

89.2 жастағы балада алғашқы екі күнде дене қызуының 370-380С дейін жоғарылауы, ылғалды жөтел байқалған. Сырқаттың 4 күні тыныс алудың қиындауы пайда болған. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, тыныс алуы қашықтан естіледі, ысқырықты тыныс. Терісі боз, мұрын ауыз үшбұрышының көгеруі байқалады. Кеуде қуысы керілген. Қабырға аралық кеңістіктің кеңеюі анықталады. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпелік дыбыс анықталады. Өкпесінде қатқыл тыныс, кеуде қуысының бүкіл бетінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 48 рет. Жүрек тондары аздап тұйықталған. ЖЖЖ минутына - 136 соққы. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суретінің күшеюі, өкпе алаңы мөлдірлігінің артуы. Төменде көрсетілген патологияның қайсысымен бұл ауруды салыстыру керек?//

бөгде зат//

көмей ісінуі//

+аспирация синдромы//

жедел бронхиолит//

эпиглоттит

***

90.Бала 6 жаста. 3 ай бойы таңертеңгілік уақытта шырышты-іріңді қақырықпен болатын ылғалды жөтел, мұрыннан шырышты бөлініс мазалайды. Анамнезінде аденоидит, созылмалы тонзиллит. Аталған аурулардың өршуі жылына 3-4 рет болады. Бұндай жағдай анасының айтуы бойынша 2-2,5 жыл шамасында орын алған. Қарап тексергенде тері түсі бозғылт, мұрынмен тыныс алу бұзылған. Өкпе үстінде өкпелік тыныс, жауырын аралық аймақта қысқарған тимпанит. Өкпесінде қатқыл тыныс, екі жақтан құрғақ және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Осы балаға төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс?//

+бактрим//

гентамицин//

тобрамицин//

линкомицин//

норбактин

***

91.Бала 4 жаста. Басынан өткізген вирусты инфекциядан кейін екі апта бойы таңертең мазалайтын жөтелге шағымданады. Алғашқы үш күнде дене қызуы 37°С дейін көтерілген, басы ауырған, мұрнынан шырышты бөлініс, құрғақ жөтел болған. Анамнезінен: 3,5 жасынан балабақшаға барады. Осы уақыттан бастап респираторлы инфекциялармен жиі ауырады. Осы жылы аталған аурудың өршуі 5 рет болған. Қарап тексергенде терісі айқын бозарған, көзінен жас аққыш, мұрннынан серозды сипаттағы бөліністер. Өкпе үстінде перкуторлы шамалы қораптық сипаттағы өкпелік дыбыс. Өкпесінде таралған құрғақ сырылдар, тыныс алғанда орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. ТАЖ минутына – 28 рет. Болжам диагноз қойыңыз?//

облитерлеуші бронхит//

обструктивті бронхит//

+рецидиверлеуші бронхит//

созылмалы бронхит//

созылмалы пневмония

***

92.3 айлық балада ұзақ уақыт бойы тұтқыр, қиын бөлінетін қақырықты жөтел, тәбеті жақсы болғанымен физикалық дамуының артта қалуы, әлсіздік, бозару байқалады. Қарап тексергенде: жауырын аралық аймақта перкуторлы дыбыстың қысқаруы. Өкпесінде екі жақтан құрғақ және әртүрлі калибрлы ылғалды сырылдар естіледі. Үлкен дәреті иісі шірікті, мөлшері көп. Рентгенограммада: шашыранды цилиндрлік және қаптық бронхоэктаздар. Диагноз қойыңыз.//

картагенер синдромы//

+муковисцидоз//

созылмалы пневмония//

марфан ауруы//

глютенді ауру

***

93.Бала 5 жаста. Ерте көктемде мұрынның бітелуі, қышыну, түшкіру, мұрыннан мөлшерлі серозды бөлініс, жас ағу байқалады. Анамнезінен балада 3 жасына дейін экссудативті-катаральді диатез көріністері болған. Риноскопиялық қарауда мұрынның шырышты қабатының көгеруі, ісінуі байқалады. Барлық бұл өзгерістер бірнеше күн бойы сақталады. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын осы балаға ең алдымен тағайындау қажет?//

пиридоксин//

+ацеластин//

интал//

беклометазон//

элеутерококк

***

94.Бала 5 жаста. Мұрнының бітелуіне, мұрыннан аздаған серозды бөліндіге, ұйқысының бұзылуына, белсенділігінің төмендеуіне, тітіркенгіштікке шағымданады. Қарап тексергенде: мұрынмен тыныс алуы қиындаған, ауыз арқылы дем алады. Риноскопияда мұрынның шырышты қабаты боз, ісінген. Бұл патологияның өршуі ағаштар гүлдегенде байқалады. Бұл кезең қай маусымға тән?//

ерте күз//

жаз ортасы//

кеш күз//

+ерте көктем//

жаз басы

***

95.Бала 6 жаста. Ұстама тәрізді, қатты, дөрекі, жиі түнде мазалайтын, кеуде қуысын ауыртатын құрғақ жөтелге шағымданады. Аталған симптомдар бірнеше ай бойы мазалайды, итпен қатынаста болғанда пайда болады. Жалпы жағдайы қалыпты. Болжам диагноз қойыңыз.//

+аллергиялық трахеит//

бронх демікпесі//

аллергиялық фарингит//

аллергиялық бронхит//

обструктивті бронхит

***

96.Бала 8 жаста. Анасының сөзінен оны ұстама тәрізді құрғақ жөтел, айына1-2 рет түнгі мерзімде тыныс алу қиындау ұстамалары мазалайды. Ұстама түнде басталады, мазасыздана бастайды, төсекте отырады, жиі дем ала бастайды, тыныс алу қиынға түседі. Содан 20-30 минуттан соң ұстама қайтады. Жағдайы жақсарады, одан кейін қақырық бөлінеді. Қарап тексергенде бала тізесіне сүйеніп, басын иығына сүйеп отыр. Терісі бозғылт, ауыз аймағында көгеру байқалады. Кеуде қуысы керілген, қабырға аралық кеңістіктің жазылуы байқалады. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы дыбыс анықталады. Өкпесінде тынысы қатқыл, көптеген шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 38 рет. Болжам диагноз?//

астматикалық статус//

аллергиялық трахеит//

+бронх демікпесі//

обструктивті бронхит//

аллергиялық бронхит

***

97.Бала 12 жаста. Жиі құрғақ жөтелге, тыныс алудың қиындау ұстамасына шағымданады. Бұл шағымдар аптасына 1 реттен аспайды, түнгі тыныс алудың бұзылуы айына 1-2 рет болады. Анамнезінен: бала кезінде атопиялық дерматитпен ауырған, 6 жасынан бастап көктемгі уақытта мұрынның қышуы мен көп мөлшерде серозды бөлінді, жас ағу мазалайды. Қарап тексергенде терісі боз, ауыз аймағында көгеру байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы дыбыс. Өкпесінде тынысы қатқыл, шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 24 рет. Бұл аурудың ағымын көрсетіңіз?//

жеңіл интенкуррентті//

+жеңіл интермиттирлеуші//

жеңіл персистерлеуші//

орташа персистерлеуші//

ауыр персистерлеуші

***

98.Бала 10 жаста. Жиі құрғақ жөтел, тыныс алудың ұстама тәрізді қиындауы, нашар ұйқы мазалайды. Бұл симптомдар күнде мазалайды, атровентпен қайтарылады, түнгі ұстамалары аптасына 1-2 рет болады. Қарап тексергенде терісі боз, ауыз аймағында көгеру байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпе дыбысы. Өкпесінде қытқыл тыныс, тыныс шығарғанда естілетін шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ минутына – 30 рет. Бұл аурудың ағымын көрсетіңіз?//

жеңіл интенкуррентті//

жеңіл интермиттирлеуші//

жеңіл персистерлеуші//

+орташа персистерлеуші//

ауыр персистерлеуші

***

99.Бала 8 жаста. Қабылдау бөліміне мына диагнозбен түсті: ауруханадан тыс пневмония. Тыныс алудың қиындауы, ауа жетпей қалу сезімі, жөтел мазалайды. Қозғалса ауыз аймағының қызаруы байқалады. Қарап тексергенде: бала мазасыз, төсекте отыр. Терісі боз. Өкпесінде оңжағынан төменгі бөліктерде өкпелік дыбыстың қысқаруы, өкпесінде қатқыл дыбыс, ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 34 рет, ЖЖЖ - 102 соққы минутына. Қанның газдық құрамы: оттегімен қанығуы 90%. Тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз://

+I дәреже//

II дәреже//

III дәреже//

IV дәреже//

V дәреже

***

100.Бала 2 жаста. Дене қызуының алғашқы екі күнінде 370-380С дейін жоғарлауына, ылғалды жөтелге, тыныс алуының жиілеуіне шағымданады. Сырқаттың 4 күні тыныс алуы қиындаған, отырған кезде де ауа жетпеу сезімі мазалаған. Қарап тексергендежағдайы ауыр, тыныс алуы қашықтан естіоіп тұр, беткей. Тері түзі боз, ылғалды, мұрын ауыз үшбұрышының, бетінің, қолдарының көгеруі. Кеуде қуысы керілген. Қабырға аралық кеңістіктің жазылуы байқалады. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпе дыбысы. Өкпесінде қытқыл тыныс, шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ТАЖ минутына - 48 рет. Жүрек тондары аздап тұйық. ЖЖЖ минутына - 140 соққы. 50% оттегімен тыныс алғанда тері түсінің көкшіл реңі сақталады. Қанның газдық құрамы: оттегімен қанығуы 70%. Бұл патологияның дәрежесін анықтаңыз://

I дәреже//

+II дәреже//

III дәреже//

IV дәреже//

V дәреже

***

101.Бала 8 жаста. Жедел ауырды. 4 күн бойы дене қызуының 39-400С дейін жоғарылауына, басының қатты ауырсынуына, қызыл-қоңыр түсті қақырықты қатты жөтелге, кеуде қуысының ауырсынуына, ауа жетпеу сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, есі бұлыңғыр. Терісі мәрмәр реңді, ылғалды, жабыспақ, ауыз аймағының көгеруі. Сол жақ кеуде қуысының тыныс алу актісінен кешігу байқалады. ТАЖ минутына – 46 рет, ЖЖЖ минутына 130 соққы. Өкпе үстінен сол жағынан төменгі бөліктерде өкпелік дыбыстың қысқаруы, өкпесінде әлсіз тыныс, сол жағынан төменгі бөліктерде крепитация естіледі. 100% оттегімен тыныс алғанда тері түсінің көкшіл реңі сақталады. Қанның газдық құрамы: оттегімен қанығуы 70% төмен. Қан рН 7,2 төмен. Тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз.//

I дәреже//

II дәреже//

+III дәреже//

IV дәреже//

V дәреже

***

102.Бала 10 жаста. Жедел ауырды. Үш күнде дене қызуы 39-400С дейін жоғарылаған, темір тотығы түстес қақырықты қатты жөтел, басының ауырсынуы, кеуде қуысындағы ауырсыну сезімі, ауа жетпеу сезімі мазалайды. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, бала әлсіз. Тері түсі боз, мәрмәр сипатта, ылғалды, жабысқақ, шырышты қабаттарының, еріннің көгеруі байқалады. Оң жақ кеуде қуысының тыныс алу актісінен кешігуі анықталады. ТАЖ минутына 46 рет, ЖЖЖ минутына - 130 соққы. Өкпе үстінен оң жақтан төменгі бөлікте өкпелік дыбыстың қысқаруы., өкпесінде әлсіреген тыныс, оң жақта төменгі бөлікте крепитация естіледі. 100% оттегімен дем алғанда тері түсінің көкшіл реңі сақталады. Қан рН 7,2 төмен. Берілген науқаста қанның оттегімен қанығуы қалай өзгереді://

ра О2=4,33 кПА//

а О2=5,33 кПА//

ра О2=6,33 кПА//

ра О2=7,33 кПА//

ра О2=8,33 кПА

***

103.2 жастағы балада дене қызуы үш күн бойы 370-380С дейін жоғарылаған, ылғалды жөтел, тынысының жиілеуі, дем жетпей қалу сезімі мазалайды. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, бала әлсіз, тыныс алуы беткей. Терісі бозғылт, ылғалды, мұрын ауыз үшбұрышының, бетінің, қолдарының көгеруі байқалады. Кеуде қуысы керілген. Қабырға аралық кеңістіктің жазылуы байқалады. Өкпесінің үстінде қораптық сипаттағы өкпелік дыбыс. Өкпесінде қатқыл тыныс, өкпенің барлық бетінде көптеген құрғақ, ысқырықты сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 48 рет. Жүрек тондары шамалы тұйықталған. ЖЖЖ минутына - 140 соққы. 50% оттегімен дем алса да денесінің көкшіл түсі сақталып тұр. Қанның газдық құрамы: қанның оттегімен қанығуы 70%. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы төмендеген. Бұл патология немен түсіндіріледі?//

+ ра О2 төмендеуімен//

ра О2 жоғарылауымен//

ра С2 төмендеуімен//

ра СО2 жоғарылауымен//

раС2 жоғарылауымен

***

104.7 жасар балада қарап тексергенде анықталды: бала әлсіз, адинамиялық, тыныс алуы беткей. Жағдайы ауыр. Тері түсі бозғылт, бетінің, қолының көгеруі байқалады, суық тер басқан. Кеуде қуысы керілген, қабырғааралық бұлшық еттердің, мойындырық ойысының жазылуы байқалады. Аускультация кезінде тыныс шулары әлсіреген. Пульсі жіп тәрізді, аритмиялы; артериальды қан қысымы күрт төмендеген. Жүрек тондары тұйық. Зерттеу барысында өкпенің тіршілік сыйымдылығы 25% аса төмендеген. Баланың бұндай жағдайында қандай асқынулар болуы мүмкін?//

гипергликемиялық кома//

+гипоксемиялық кома//

гипероксемиялық кома//

гипогликемиялық кома//


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 249 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.03 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>