Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мемлекеттік жастар саясаты.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ | Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын өткізудің кестесі мен мазмұны | Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі | Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде. | Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы. | Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде. | Кіметтік емес ұйымдардың бағдарламары мен мақсаты | Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі | Мүмкіндігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыс. | ОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР |


Читайте также:
  1. Атысатын мемлекеттік органдарының құзыреті
  2. Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде.
  3. Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде.
  4. Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі
  5. Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.
  6. Жылжымайтын мүлік мәмілесін мемлекеттік тіркеудің құқықтық мәні.
  7. Мүмкіндігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыс.

Кез келген ұйымның, кәсіпорынның дұрыс, тиімді қызмет етуі және қабылданған шешімді ойдағыдай жүзеге асыруы үшін қайшылықты, шиеленісті жағдайларды алдын ала болжай білуі қажет. Мұндағы басты мақсат – шиеленістердің алдын алу, егер бастала қалса, оларды шешудің жолдары мен әдістерін білу. Шиеленестердің алдын алу дегеніміз, оларды туғызатын басты себептерді анықтау және оларды жою. Бұл істе кәсіпорын немесе мекемедегі психиологиялық қызметтің маңызы зор. Мәселен, Батыс елдерінде соңғы жылдары әр мекемедегі адам ресурстарын басқару бөлімінің шеңберінде арнайы құрылым қызмет атқарады. Мұндай құрылым еңбек ұжымы шеңберінде қақтығысты жағдайлардың алдын алу, ұжым мен әкімшілік арасында келіссөздер жүргізу сияқты істермен шұғылданады. Бұл істе ұжым мүшелерін психиологиялық біліммен қаруландырудың да маңызы үлкен.

Қазіргі кезде Ресейдің көптеген фирмалары мен мекемелерінде әлеуметтік-психиологиялық пікір алысу (тренинг), психиологиялық кеңестер ұйымдастыру кең таралған.

Қорыта айтқанда, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, еңбек процесінде психиологиялық қызметті пайдалану жақсы нәтижелер беруде. Коллективтің табысқа қол жеткізуінің басты шарты – онда қолайлы моральдық-психиологиялық жағдайдың болуы. Адамның басқалармен өзара түсінікте, келісімде өмір сүріп, қызмет ете білуі – тұтас алғанда қоғамның да тұрақтылығына, тұтастығына ықпал ететіндігін естен шығармауымыз қажет. Сондықтан да, осы жұмысымыздың мақсаты қазіргі кездегі жастарға әлеуметтік жағынан көмек көрсету орындары мен олардың міндеттері жөнінде қысқаша тоқталып өтеміз.

Қоғамдағы әлеуметтік мәселелер.

Мемлекеттің жастар туралы саясаты

Қазақстан Республикасында жүріп жатқан түбегейлі өзгерістер қоғам өмірінің бас саласын қамтуда. Нарықтық экономикамен демократиялы саяси жүенің қалыптасуында ғылым мен білімнің маңыздылығын өмір дәлелдеп отыр. Бүгінгі күнгі басты мақсаттардың бірі білім беруді қоғамның, жастардың қажеттіліктеріне лайықтап құру. Жастарға әлеуметтік психиологиялық көмек беруде қоғам дамуының жалпылама заңдылықтары қоғам өмірінде болып жатқан әлеуметтік мәні бар оқиғалар мен процестерді, құбылыстарды терең түсінуге мүмкіндік бере отырып, жастардың саналы өмір сүруіне ықпал ету.

Әлеуметтiк орталықтар көп мазмұнды кең ұғым ең кең мағынада алғанда, бұл ұғым жеке адамдар мен топтардың әрекет ету тәсiлдерiнiң жүйесiн, әлеуметтiк бақылау құралдары мен институттардың әpeкeтiн, қоғaм мүшелерiнiң әлеуметтiк өмipiн реттеп, қамтамасыз eтeтiн, өмiрде орын алып отыратын конфликттер мен проблемаларды шешiп отыру жүйесiн бiлдiредi.

Әлеуметтiк орталықтардың қызметi eкi тәсiлмен iске асады: формальды және формальды емес тәсiлмен. Формальды әлеуметтiк орталықтар жұмысы тиісті қоғамдық мекемелер тағайындаған ережелердi, құқықтық тәртiптi сақтау жолымен реттеледi, Формальды eмеc орталықтар күнделiктi өзара әрекеттесу барысында туып, қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ауытқымалы мiнез-­құлық нормаларын орындудан көрiнедi. Бұндай орталықтар әлеуметтiк топта қоғамда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді қорғау жөнінде, олардың өздігінен білім деңгейлерін тереңдетуге көптеген жағдайлар жасалуда, оқып білім алуға басқа елдерге шығып әдіс алмасуына, ақпаратты технологиялармен қамтамасыз етуде барынша жағдайлар жасалып отыр

Қоғамда орнатылған тәртiп бұзылмау үшiн, ауытқымалы мiнез-құлықтарды болдырмау үшiн әлеуметтiк бақылау жасалады, яғни тағайындалған мiнез-құлық нормалары мен ережелер жиынтығын орындату ұйымдары әрекет етедi. Бұл үшiн үгiттey, сендiру әдiстерiмен қатар зорлау әдiстерi де колданылады.Дамыған елдер жүзжылдықтың басында-ақ өз адамдарына қауіп төнген жағдайда, жұмыс орнынан қысқарған cәттe, жұмыссыздық қауласа қаржылай жәрдем мақсатында әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн енгiзген.

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейманханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа да өзгерістер бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес дәуіріндегі таптар мен әлеуметтік топтардың өздері де біршама өзгеріп кетті. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдестері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда, негізінде табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде Қазақстанда ауқатты, дәулеті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерiнiң бұлайша жiк­телуiне меншiк формасының өзгеруi, жалпы нарық қаты­настарының орындалуы ықпал еттi.

Көпшілікке мәлім, нарықтық экономика меншiктiң алуан түрлiгiн қажет етедi. Ал, осы жағдай Қазақстанның әлеуметтiк құрылымына зор әсер eттi, өйткенi меншiк нысанның алуан түрлiлiгi жалпы экономиканың одан әpi бөлшектелiнуiн күшейттi, яғни қоғамдық меншiктi жекеше­лендiру процесi басталды. Осыларға сәйкес меншіктің жаңа типтерi қалытасуда. Олар: жеке, корпоративтiк, акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік т.б. Орта, кiшігірім мекемелерге, сауда үйлерiне, мeймaнxaнa­ларға, дүкендерге, әр түрлi акционерлiк қoғaмдapға қожалық eтетiн иелер пайда болды.

Республикада меншiк иелерi табы елi қaлыптасу үстінде болғандықтан оның көлемін санмен көрсету әзірге қиын.

Сонымен Қазақстан ірі орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасып келеді..

Кәсiпкерлiк - бұл заңды әлеуметтiк-экономикалық құбылыс. Кәсіпкерлік немесе бизнес қоғамның ілгерілеп дамуына елеулі ықпалын тигізеді. Сондықтан еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік тұрақтануында ірі, орта және шағын бизнестің рөлі зор.

Академик К. А. Сағадиевтің пікірі бойынша, Қазақстан Республикасындағы бизнесмендерді 4 топқа жіктеуге болады.

1 – топқа: номенклатуралық бизнес жатады, яғни бизнесмендердің бұл тобы өздерінің жоғары билікпен байланыстарын пайдаланып, мемлекеттік, несиелер алудың арқасында байлыққа, меншікке ие болған;

2 – топқа: табиғатын бизнеске жақын адамдар жатады. Олардың бизнес өздерінің жинақтаған қорларының және сауда-саттықпен айналысудағы тәжірибелерінің негізінде қалыптасқан;

3 – топқа: кәсіби бизнестің өкілдері жатады. Бұлар өз күштерiмен бастапқы кезден бастап қaжымай-талмай еңбектену нәтижесiнде қалыптасқан бизнестi нeгiзгi кәсiпке айналдырған адамдар;

4 – топқа жаппай бизнес жатады. Бұл топaғы адамдар қолда бар кез келген мүмкіндігі бизнес жасауға пайдаланады. Бұл топтағы адамдардың бастапқы капиталының болмауы бизнесте көптеген қиындықтарды тудырып отыр. Соған байланысты олардың таыстарының көлемі де айтарлықтай емес.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ересектер және кәрілік шақ психологиясы.| Республика меншiк иелерi табынан басқа да таптар ең әлеуметтiк топтар бар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)