Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мүмкіндігі шектеулі жастармен әлеуметтік жұмыс.

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ | Пән бойынша СОӨЖ тапсырмаларын өткізудің кестесі мен мазмұны | Пән бойынша СӨЖ тапсырмалардың орындауы және тапсыру кестесі | Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде. | Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы. | Жастар қоғамның ерекше демографиялық тобы ретінде. | Ересектер және кәрілік шақ психологиясы. | Мемлекеттік жастар саясаты. | Республика меншiк иелерi табынан басқа да таптар ең әлеуметтiк топтар бар. | Кіметтік емес ұйымдардың бағдарламары мен мақсаты |


Читайте также:
  1. Африканың әлеуметтік инфрақұрылымы
  2. Дәріс тақырыбы: Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар аурулар. Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар).
  3. Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
  4. Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
  5. Ежелгі Грецияның әлеуметтік білімі
  6. Жастар әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде.
  7. Жастардың жас ерекшелігінің әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-мәдени сипаттамасы.

11-тақырып.

Жастармен профилактикалық әртүрлі жұмыстар ұйымдастыру. Салауатты өмір салтын үгіттеу.

Соңғы кездері, әсіресе демократиялық бетбұрыстар республиканың егемендік алып, тәуелсіздігін жариялаған тұста психологиялық зерттеулердің комплексті тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің қажеттігін сезіне бастады. Сондықтан, әлеуметтік психологиялық мәселелер, әр түрлі салаларға байланысты мамандықтың психологиялық ерекшеліктері, жетімдер үйлері мен мектеп-интернаты, гимназия, лицей, медресе оқушыларының психологиялық ерекшеліктері, ақыл есі кенжелеу дамыған балаларды оқытып тәрбиелеу мен талантты, дарынды шәкірттердің психологиясын зерттеу, қос тілділік пен көптілділіктің психологиялық астарларын іздестіру, ұлт мектептерінің бағдарламаларының психологиялық аспектілері, оларға тиісті өзгерістер енгізу, орта арнаулы, жоғары оқу орындарының толып жатқан психологиялық мәселелерін қарастыру міндеттеріалда тұрған келелі мәселелер болып саналады.

Қорыта келгенде, жастарға әлеуметтік психологиялық көмек көрсету орталықтарының алға қойған негізгі мақсаттары мынадай

әлеуметтік және тұлғалар арасындағы үйлеспеушілік туындағанда консультациялық көмек көрсету;

ересектер мен балалардың ерекше феноменальды қабілетін қалыптастыру және дамыту;

адам өміріндегі бұқаралық және экологиялық қауіпсіздік дағдыларына үйрету;

есте сақтау мен елестетуді дамыту, дүниені визуалды және голографиялық дағдылар арқылы тануға үйрету;

ғылыми семинарларға, конференцияларға, симпозиумдарға қатысу, трансперсональды және әлеуметтік психолог мамандармен бірлесіп жұмыс істеу;

медициналық, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық консультациялардың рөлін күшейту.

Бұл орталықтардың алға қойған мақсаты жастарды әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі етіп, оның өсіп жетілуі үшін айналадағылармен қарым-қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Қазіргі ғылыми зерттеулер бойынша жасөспірімдердің 50 пайызы нерв жүйке ауруы, қан айналымы төмен, өкпе аурулары т.б. аурулармен ауырады екен. Мүгедектер саны артып отыр, олардың ішінде іштен туа пайда болатын науқастар да артып отыр. ВИЧ ннфекциялары да осы жастардың арасында кеңінен таралуда. Міне осындай күрделі мәселелермен айналысатын арнаулы мекемелермен қатар көмек көрсету орталықтары да елеулі көмектер көрсетіп отыр. Орталықтардың бағдарламасының негізі жас өспірімдердің психологиясындағы тәрбие процесінде қиындық келтіретін жәйттер және де көптеген мәселелерді қарастырып, шешіп отырады. Соңғы кездері белең алып отырған нашақорлықпен айналысып жүрген жеткіншектер мен жасөспірімдердің алдын алу, олраға психологиялық тарапынан көмек беру, тағы сол сияқы толып жатқан қоғамға, айналасындағыларға тигізетін кері әсері бар керағар жәйлерді барынша реттеп, шешіп отырады.

Консультация әлеуметтік жұмысты маңызды орын алады. Ол психологиялық әсер өтудің әдістерінің дәстүрлі бір түрі болып табылады. Әлеуметтік жұмыстағы психологиялық консультацияны түсіну үшін жалпы психологиялық консультацияның даму тарихынан бастау керек. Оның тарихы өте ежелден келеді.

Эберстің (б.э.д. Х\/І ғасыр) мыңға жуық пайдалы емдік жазбалары бар медициналық папирусында дәрі-дәрмектің дауалылығына сенімді арттыратын дұғалар келтірілген екен. Ертедегі патшалардың, хандардың арнайы кеңсешелері болғандығы тарихта айтылады. Ежелгі грек данасы, дәрігер Гиппократ (б.э.д. \/І ғасыр) жаны, тәні ауырған адамға сөз, шөп және пышақ шипа болады деген екен Х\/ІІ ғасырдың ақырында емдеудің психикалық әдістерін ғылыми түсіндіруге талпыныстар жасалынып, олардың небір жаңа нұсқалары пайда бола бастады. Психологиялық консультацияның одан кейінгі қадамдары австриялық дәрігер А. Ф. Месмер (1734-1815) ілімінің негізінде пайда болған гипноз жайлы ғылыми түсініктермен байланысты. Осыдан барып, психологиялық әсер ету әдістерінің, жәрдем берудің іргетасы қаланып, ауқымы анықтама бастады. Психологиялық консультацияның дамуы мен психиканың мотивациялық, энергетикалық жақтарын түсінуге З. Фрейд (1856-1939) еңбектері ықпалын тигізді. ХІХ ғасырдың ақырында-ақ З. Фрейд жеке адамның психикалық денсаулығына қатысты жаңа концепция ұсынды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жиырмасыншы жылдардан бастап психологиялық жәрдем көрсетуде психоаналитикалық бағыт кең тарала бастады. Психоанализдің басты әдістері соңғы жүзжылдықта жетіле дамып, психология тәжірибесінде өз орнын алды.

Осылайша, юнгиандық бағыт (К. Г. Юнг), адлерлік жеке – дара психология (А. Адлер), К. Хорнидің клиникалық тәжірибесі, психодинамикалық ориентацияда Э. Эриксон, Э. Фролим және т.б. постфрейдистер іс-тәжіриберлері психоаналитикалық консультациялау ауқымын кеңейтті. Карл Роджерстің директивті емес техникалары – клиент – центрлік терапия, Альберт Эллистің рационалды – эмотивті психотерапиялы, Виктор Франклдің логотерапиясы, Джозеф Уолидің рециопрокты тежелу арқылы психотерапиясы, Джордж А. Кемидің конструктивті альтернативтілік психотерапиясы, Я. Л. Морсно бойынша психодрама, Фредерлік С. Перлздің гештальттерапиясы, Милтон Эриксон бойынша гипноз, Вирджиния Сагирдің жанұялық терапиясы және басқа да бағыттар мен іс-тәжірибелер психика нормасы мен патологиясын анықтау, психикалық жәрдем көрсету сияқты мәселелерді шешуге жағдай жасай бастады, консультацияның дербес сала болуына септігін тигізді.

Алғашында психологиялық консультацияны психотерапиялық іс-әрекет ретінде дәрігерлер қолданып, дамытты. Ал ХХ ғасырдың бастапқы жылдарынан-ақ әлеуметтік салалардың қызметкерлері де психологиялық консультацияға қамтыла бастады. Осыдан барып, 1951 жылы АҚШ-ғы Солтүстік – батыс конференциясының нұсқауы бойынша “Консультативті психология” атауымен фундаметальді және қолданбалы аспектілері бар. Ғылыми сала бөлініп шықты.

Консультативті психология психологиялық көмек көрсету үрдісін жүйелеп сипаттаумен анықталады. Мұнда психолог пен көмек сұраған адам арасында арнайы ұйымдастырылатын қарым-қатынасты пәрменді және мәнді психологиялық әсер ету әдісі, құралы деп қарастырады.

Психологиялық консультация жағдайындағы қарым-қатынас арқылы көмек сұраған адамның психологиялық мүмкіндігі, күш-қуаты мен қабілеті актуализацияланады. Соның нәтижесінде күрделі мәселелік кезеңдерден шығудың жаңа жолдарының, мінез-құлықтың әр түрлі нұсқаларының пайда болуы мүмкін болады. Осылайша, адамның өміріндегі жағдайлар мен жеке басының мүмкіндіктеріне басты назар аударылады. Адамның психикалық науқасқа шалдығуын, ауруын анықтау және т.б. денсаулық мәселесіне қатысты көмек беретін дәстүрлі психотерапиядан өзгешелігі де осында. Психотерапияға және патологияны емдеуге бағытталған клиникалық психологиядан консультациялауды ажыратып алу қажеттілігі көрінді. Консультативті психологияның кең таралып, дамуының нәтижесінде 1952 ж. Американдық Психологиялық Ассоциация консультация жүргізетін психологтың позициясын тағайындады (Dawis, 1992).

Осындан барып, дүниежүзілік тәжірибеде психолог-консультант кәсіби маман ретінде бекіді.

Қазіргі кезде консультация психологиялық білімді қажет ететін қай салада болмасын әсер етудің бір формасы ретінде қолданылады. Консультациялық іс-әрекет кәсіби бағдар беру, ағарту, өндірістік, менеджменттік, әлеуметтік сан салаларда жүзеге асырылады. Бұл салалардың қайсысында да жанұя мен жеке бас мәселелері бойынша көмек қажет болғанда психологиялық консультация жүргізіледі.

Оқулық ретінде шыққан, әлеуметтік қызметкерлердің Британдық ассоциациясының әлеуметтік жұмыстың практикасы жөніндегі құралдың авторы В. Комиед консультациялауға қатысты бөлімінде эффективті кеңес берушіге тән сапаларының тізімін көрсеткен екен:

1. Эмпамия, немесе түсіну – басқа адамның көзімен әлемді көруге күш салу;

2. Құрметтеу – адамның мәселені шешу қабілетіне сену;

3. Нақтылық, немесе нақты және белгілі, анық болу қабілеті - өз ойларын айтуда терең анықтылық орын алатын, басқа адаммен коммуникацияның терең тәсілі.

4. Өзіңді білу және қабылдау және сондай-ақ басқа адамға осыда көмек беруге даярлық.

5. Шынайылық – қарым-қатынастарда нағыз болу қабілеті.

6. Конгруэнттілік – вербальді түрде айтылатынның дене тілімен сәйкес келуі.

7. Тікелестілілік (“immadiacy” – бір нәрсені бірден, ешкімсіз, соңына қалдырмастан орындау қабілеті) – дәл осы уақытта кеңес беру үрдісіндегі тәжірибемен жұмыс.

Негізі, кеңес беру дағдыларын дамытуға көптеген еңбектер жариялаған. Онда мұндай дағдылардың саны 45 пункке дейін жетеді. Консультация адам тұлғалық біліктіліктің жоғарғы деңгейіне жететін процесс болып табылады. М. Катцтың жазуынша кеңес беру адамдарға даналық шешімдерді қабыдауға үйретумен емес, оларға шешімдерді даналы түрде шешуге үйретумен айналысады. Тура, яғни осы арқылы ғана клиенттің өзін-өзі күшейтуіне қол жеткізуге болады.

Психолог – консультанттың белгілі бір мінез-құлық принциптерін ұстануы кәсіби іс-әрекетті компетентті ұйымдастыруға ғана емес, психологиялық жердің тиімді болуын да қамтамасыз етеді.

А. А. Бодалев, В. В. Стомен психологиялық консультациялауда сақталынуы қажет, аса мәнді алты этикалық ринциптерді бөліп көрсетеді:

1. Клиентпен тілектестік көңілмен және бағасыз қатынас жасау. Консультанттың кәсіби мінез-құлқы сұхбат барысындағы әрекеттері клиенттің өзін комфортты сезінуне және сабырлылық сақтауына бағытталуы керек. Тілектестік көңілмен қатынас жасауы – консультанттың клинет айтқандарына аса зейін қойып, белсенді тыңдай алу шеберлігін, қажетті психологиялық қолдау көрсете алу ерекшелігін, адамгершілік нормаларын сақтай алатын тәрбиелігін сақтайды. Ал, консультанттың бағасыз қатынас жасауы – психологиялық көмек қажет еткен адамның мінез-құлқын “дұрыс-қате” және тұлғалық қасиеттерін “жақсы-жаман” деп бағаланбай, керісінше, клиентті түсінуге және оған көмек беруге ұмтылысын көрсетеді.

2. Клиенттің нормалары мен құндылықтарын бағдарға алу. Психологиялық консультация барысында консультант клиенттің өз өмірінде ұстанатын принциптері мен ұмтылатын идеалдарын аңғарып, ескеру қажет болады. Клиенттің құндылықтар жүйесі негізге алынса ғана, психологиялық әсер тиімді болады. керісінше, консультант сын айтып, мін қояр болса, клиент ашық, шынайы бола алмай тұйықталып, психологиялық әсер тиімсіз болуы әбден мүмкін. Клиенттің құндылықтарын қабылдай, тірек ете отырып, олар адамның қалыпты өмір сүріп, іс-әрекет жасауына кедергі болса, психолог консультативті әсер жасайды.

3. Кеңес, ақыл беруден аулақ болу. Клиенттерге кеңес беруге, ақыл айтуға болмайды. оның әр түрлі себептері бар. Психологтың өмірлік және кәсіби тәжірибесі қаншама мол болса да, басқаға берген кеңесі клиенттің мәселесін шешуге кепілдік болмайды, әркім өзінше өмір сүреді, әркімнің ешкімділігіне ұқсамайтын өз тағдыры, өмір сүру жағдайы бар. Сонымен қатар, консультант кеңес беру арқылы клиент мәселесі бойынша барлық жауапкершілікті өзіне артып алады. Бұл клиенттің тұмалық дамуы мен ортаға қатынасы адекватты болуға жағдай жасамайды. Клиентке кеңес беру арқылы психолог клиентке зиянды әсер етеді, ал консультация мақсатына жете алмайды. Даяр күйдегі ақыл-кеңес алған клиент, өз өмірін түсініп, білуге, өзгертуге белсенділік танылу орнына, консультация барысында да, одан кейінгі өз мәселелеріне де үстірт қарап, керенау тартып, енжарлық көрсетеді. Ал консультант берген кеңес күткендей нәтижесін бермесе, клиент әр түрлі оқиғалардағы өз ролін түсіне алмай, маман ретінде психологтың жарамсыздығы деп қана жауапкершілікті аудара салады. Алайда, кеңес беруді кейбір аса қажетті жағдайларда клиентке объективті мәлімет берумен шатастырлау керек.

4. Құпиялылықты сақтау (Конфеденциалдылықты қамтамасыз ету). Құпия сақтау психологиялық консультацияның басты шарты болып табылады. Клиент келісімінсіз, оның психологқа баяндаған кез-келген әңгімесі, берген қандай да бір мәліметі ешбір қоғамдық немесе мемлекеттік мекемелерге, достарына жеткізілмеуі керек.

5. Жеке тұлғалық және кәсіби қатынастардың шекарасын сақтау. Клиенттерге психологиялық көмек беруге бағытталған кәсіби қатынастан олармен достық қатынас жасауға ауысып кететін немесе өзінің жақын туыстарына араласатын достарына кәсіби көмек көрсетуге даяр тұратын психологтар да болады. Мұндай қатынастар психологиялық консультацияда қиындықтарға себепші болады. достық, туыстық қатынастарындағы адамдар бір-бірінің мүмкіндіктерін, күшті, әлсіз жақтарын аңғара алады. Осындан, жақын адамдардың бір-біріне беретін кез-келген нұсқауы, бір сәттерде орын алып қалатын ашық сырласуы лезде мәнсізденуі, құнсыздануы мүмкін. Сонымен қатар, психологиялық консультация үрдісінде де белгілі дәрежеде психотерапиялық тасымал және қарсы тасымал феномендері байқалады.

6. Клиенттің консультация үрдісінде белсенді болуы. Консультация үрдісі тиімді болу үшін, клиент консультантпен кездесу кезінде әңгімеге барынша тартылуы, консультантпен талқыланатын барлық мәселелерді айшықты және эмоционалды сезінуі керек. Мұндай белсенділікті қамтамасыз ету үшін психолог әңгіменің дамуы, өрбуі клиентке логикалы байланыста түсінікті, қызығушылық арттыратындай, зейінді барынша аударатындай болуын қадалануы керек. Консультациялық әңгіме барысында психолог қолданатын ғылыми терминдер танымал, күнделікті белгілі ұғымдарға максималды мағыналас болуы немесе байланыс терминдер барынша клиентке түсіндірілуі керек.

 

12-тақырып.

Бос уақытты ұйымдастыру саласындағы жастармен әлеуметтік жұмыс.

 

13-тақырып.

Балалар-жасөспірімдер және жастар бірлестіктері мен топтардағы әлеуметтік жұмыс.

Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік көмек беру орталықтары

2.1. Әлеуметтік қамсыздандыру орталықтары

Бүгiнде қоғамнан едәуiр орын алып отыpған үлкен мәселе елiмiздiң экономикалық қиын жағдайына байланысты coғыc және еңбек ардагерлерiне, мүгeдeктepгe көрсетiлетiн материалдық көмектің төмендеуінде ғана емес, сонымен қатар кезiнде қабылданған көптеген заңдар мен әртүрлi жедiлдiктeрдiң әрекетсiздiгiнде кең өpic алып oтыр. Оның бiр ғана себебi бар - ол бюджeттeгi қаржының тапшы болуы.

Мемелкеттiң бюджетiндегi қаржының тапшылығының салдарынан, шарасыздықтың күйiн кешiп отырған субъектілер мен объектілер қоғамымыздан opын алып отыр. Атап айтaр болсақ:

· ол мемлекет тарапынан зейнет ақы алатын 2 млн. 820 мың зейнеткер;

· ол кәсіподақ басқармасынан бөлінген 5 млрд теңге аумағында күтілген түсімі бар әлеуметтік қорғау министрлігі;

· ол мемлекет тарапынан қамтамасыз етіліп отырған (протездеу, қозғалуға арналған аспаптар, курорттық сауықтыру және тағы басқа заңды жеңілдіктер) 420 мыңнан астам әр дәрежедегі мүгедектер;

· ол жүз мығдаған соғыс ардагерлері, сонымен қатар материалдық, тұрмыс жеңілдіктерін алатын жағдайы төмен отбасылар;

· ол еңбекпен қамту орындары мен оған арыз беруші жұмыссыздар.

Осы мақсаттарға жұмсалатын шығын 6,6 млрд теңге көлемінде.

1995 жылғы 19 желтоқсанда шығарылған «Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы» Президент Жарлығы бойынша 1996 жылғы орта жылдық есеппен зейнет ақы мөлшерінің өсімі 1,7 есе немесе жылдың аяғында орта есеппен зейнетақы мөлшері 3 мың 500 теңгеге дейін өсуі керек еді (күтілген 26-28 пайыз инфляцияға байланысты). Бірақ өкінішке орай, 1996 жылдың шілде айындағы көрсeтiлгeн есеп бойынша уақытылы төленбеген зейнетақы қарызы 5 млрд теңге көлемiнде болып oтыр, соның iшiнде Көкшетау, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы зейнеткерлер (көбi ауыл тұрғындары) 1995 жылдың қараша­, қазан айларының зейнетақыларын ала aлмай отыр.

Оның басты себебi зейнетақы қорына кәсіпорындардан, ұйымдардан 30 млрд теңгеден астам қарыздың түспеуі. Осы қорға мемлекет бюджеті 4 млрд теңгеден астам қарыз, оның ішінде 1,8 млрд теңге бюджет мекемелерінен сақтандыру жарналарына, 2,5 млрд теңге көп балалы жанұяларға төленетін жәрдемақы үшін.

Қазақcтан Ресnyбликасының шығарылған қаулылары көптеген жағдайларға байланысты өзгеріп, толықтырылып немесе қысқартылып отырады. Сонымен қатар әр облыстың да өз ортасына сәйкес бюджеттің бағдарламасы, жарлығы, қаулысы болады.

Мәселен, Ақмола облыстың 1999 жылғa арналған жергілікті бюджеттің құрамына «әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалды тобы бойынша мынадай жаңа бағдармалар қосылды:

«Аз қамтамасыз етілген адамзаттарға (отбасыларына) әлеуметтік көмек көрсету» Қазақстан Республикасы Yкiмeтiнiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1134 Қаулысы негiзiнде жергiліктi бюджетте бар қаржының шеңберiнде белгiленгeн шеңбер бойынша жүзеге асырылатын болады.

1999 жылға арналған бюджет жобасын жасағaнда балалары, бар отбасыларына берiлетiн көмекке жұмсалатын шынының жергiлiктi бюджетгерде бар қаржы шегінің 40 пайызы есебiнен қарастырылды. Жұмыспен қамтyғa жұмсалатын шығын жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа тарту, кәсiби даярлық және еңбекке орналаcyғa ықпал ету жөнiндегi қаржыландырудан белгiленедi. Шығыстар мыналарды:

Қазақстан заңдылығында анықталған шарттарға сәйкес қоғамдық жұмыспен айналысқандарға ақы төлеу жөнiндегi жұмыс берyшiлердiң шығынының орнын біртіндеп толтыруды:

Жұмыссыздарды кәсіби оқытқанда оларға айлық есеп көрсеткiшi мөлшерінің үш еселік көлемінде стипендия төлеу және кадрларды даярлау жөніндегі ұйымның шығындары ескерiле отырып белгiленедi;

Респyбликалық бюджеттен қаржыландырyғa байла­нысты мүгeдeктepгe асыраушысынан айыpылған жағдайда және жасына байлaнысты. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысқа қатысушылар мен мүгедектерді және әлеуметтік жәрдемақы алушыларды, жерлеуге мемлекeттiк жәрдемақы (әлеуметтік) төлеу шығыны 1999 жылға арналған облыстық бюджет жобасынан алынып тасталды.

Республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке мына бағдарламалар берілді: ел iшiнде және ТМД елдерi шеңберiнде қала аралықкөлікте жүру, байланыс, баспасөзге жазылу жөнінде әлеуметтік көмек көрсету, денсаулық сақтау департаментінен азаматтардың жекеленген топтарына жасанды тіс және көзілдірік оптикасын салу жөніндегі жеңілдіктердің орнын толтыру үшін 56,8 млн теңге көлемінде берілді.

Жоғарыда атап айтқан бағдарламалардың ішінен облыстық бюджет шатысына мыналар енгізілді:

· 7 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар жұмыс істемейтін аналарға жәрдемақы;

· үйінде мүгедек балаларды тәрбиелеп, оқытқан отбасыларын отбасыларын материалдық қамтамасыз ету;

· жұмыспен қамту бағдарламасы;

· кәмелетке толмаған мүгедектерге арналған интернат-үйлері және психика-неврологиялық үй-интернаттары;

· облыстық-медициналық әлеуметтік сараптама;

· мүгедектерді оқыту және еңбекке орналастыру;

· арнайы қаржыларды алып жүруді қамтамасыз ету және оларға техникалық қызмет көрсету.

Тұтастай алғанда «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» функционалды тобы бойынша жұмсалатын шығын 1998 жылмен салыстырғанда 493,5 млн теңгеге азайтылды.

Атырау облысы бойынша 1999 жылға әлеуметтік көмек беру және әлеуметтік қамсыздандыруға облыстық бюджеттен 667 млн теңге жоспарланды.

Қарағанды облысы бойынша 517 млн теңге көлемінде, Оңтүстік Қазақстан бойынша 467 млн теңге көлемінде қысқарды.

 

 

2.2. Жастарға әлеуметтік психологиялық көмек беру орталықтары

 

Жастарға әлеуметтік психологиялық көмек көрсету орталықтарының негізгі мақсаты:

әлеуметтік және тұлғалар арасындағы үйлеспеушілік туындағанда консультациялық көмек көрсету;

ересектер мен балалардың ерекше феноменальды қабілетін қалыптастыру және дамыту;

адам өміріндегі бұқаралық және экологиялық қауіпсіздік дағдыларына үйрету;

есте сақтау мен елестетуді дамыту, дүниені визуалды және голографиялық дағдылар арқылы тануға үйрету;

ғылыми семинарларға, конференцияларға, симпозиумдарға қатысу, трансперсональды және әлеуметтік психолог мамандармен бірлесіп жұмыс істеу;

медициналық, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық консультациялардың рөлін күшейту.

Осындай орталықтардың бірі Терра деп аталады. Терра реабилитациялық және адаптациялық, әлеуметтік-психологиялық орталығы 1999 жылдан бастап Адамды дамыту халықаралық Академиясының өкілі болып табылатын мамандар тобынан құралған. Орталық өзінің қарамағына ғылыми дәрежесі бар әртүрлі маман дәрігерлер мен психологтарды біріктіреді. Мұнда алдыңғы қатарлы көп жылдық еңбек әдістері мен өз бағдарламаларында жетістіктері бар мамандар.

Сонымен қатар жастар саясаты департаментіне қарасты дәрігерлік-әлеуметтік қызмет орталығы 2003 жылы 20 наурызда өз жұмысын қолға алды. Және де “Эврика” жасөспірімдер клубы, “Ювентус” жасөспірімдер мен балаларға арналағн муниципиальды-диагностикалық орталық және т.б. орталықтарды айтуға болады.

Бұл орталықтардың алға қойған мақсаты жастарды әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі етіп, оның өсіп жетілуі үшін айналадағылармен қарым-қатынасқа түсуінің маңызы зор, осы арқылы бала білім мен әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Орталықтардың бағдарламасының негізі жас өспірімдердің психологиясындағы тәрбие процесінде қиындық келтіретін жәйттер

Әлеуметтiк орталықтар көп мазмұнды кең ұғым ең кең мағынада алғанда, бұл ұғым жеке адамдар мен топтардың әрекет ету тәсiлдерiнiң жүйесiн, әлеуметтiк бақылау құралдары мен институттардың әpeкeтiн, қоғaм мүшелерiнiң әлеуметтiк өмipiн реттеп, қамтамасыз eтeтiн, өмiрде орын алып отыратын конфликттер мен проблемаларды шешiп отыру жүйесiн бiлдiредi.

Әлеуметтiк орталықтардың қызметi eкi тәсiлмен iске асады: формальды және формальды емес тәсiлмен. Формальды әлеуметтiк орталықтар жұмысы тиісті қоғамдық мекемелер тағайындаған ережелердi, құқықтық тәртiптi сақтау жолымен реттеледi, Формальды eмеc орталықтар күнделiктi өзара әрекеттесу барысында туып, қалыптасқан әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер арқылы ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын ауытқымалы мiнез-­құлық нормаларын орындудан көрiнедi. Бұндай орталықтар әлеуметтiк топта қоғамда қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

Қоғамда орнатылған тәртiп бұзылмау үшiн, ауытқымалы мiнез-құлықтарды болдырмау үшiн әлеуметтiк бақылау жасалады, яғни тағайындалған мiнез-құлық нормалары мен ережелер жиынтығын орындату ұйымдары әрекет етедi. Бұл үшiн үгiттey, сендiру әдiстерiмен қатар зорлау әдiстерi де колданылады.Дамыған елдер жүзжылдықтың басында-ақ өз адамдарына қауіп төнген жағдайда, жұмыс орнынан қысқарған cәттe, жұмыссыздық қауласа қаржылай жәрдем мақсатында әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн енгiзген.

Барлық жағдайды қарастыратын әлеуметтік қамсыздандыру нүктелері еңбек ресурстарын нығайтып экономикалық өсудің әлеуетін көтеретін, реформаны жүргiзуге мүмкiндiк беретiнiн тәжiрибе көpceттi.

Адамдардың тұрмыс жағдайын көтеру әлеуметтік жағынан қорғаудың негiзгi шараларының бipi болып табылады. Сондықттан халықаралық еңбек ұйымдарының нормалары және 102 Конвенциясы қоғамдағы азаматтaрды әлеуметтiк жағынан қорғaйды. Нашар қaмтамасыз етілгeндерге жәрдемақы тағaйындайды.

Дамыған елдердегi әлеуметтiк сақтандыру жүйесi өмiршеңдігін көрсетті. Жұмыссыздық проблемасы барлық елде біркелкі емес, ол экономикалық өтпелі кезеңдегі елдің даму деңгейіне байланысты. Бiрақ жұмыссыздарды әлеуметтік сақтандыру жүйесі республикадағы еңбек нарығының, ажырамас бөлігі болып отыр. Қазақстанда нарық реформасының екі белгісі анық көрінеді. Бiрiншiсi жекеменшіктің белсенділігі және жұмыссыздықтың көбеюі экономикалық реформалар баcталғалы берi бipқатар маңызды шаралар жасалды. Қазақстан Республикасының «Тұрғындары еңбекпен қамту туралы заңы қабылданып, еңбек нарығы құрылымының тетіктерін құру және бірқатар нормативтік актілер дайындалды. Сегіз жылдан бері бұл бағытта тұрғындарды еңбекпен қамту қызметi және осы саладағы мемлекеттiк қор жұмыс icтeйдi.

Экономикалық реформа экономикaлық көрсеткіштер жоғары болғанда жемiсiн бередi Сонда ғaнa халыктың өмip сүру деңгeйi мен әлеумeттiк саладaғы ара салмағы теңеседi. Әлеуметтiк жағынан қopғay (мәселесi) стратегиясы өзiмен, бiрге экономикалық саясaтты да жaлғaстырады. Еңбекпeн қамту, мәселелеріне кәсiби дайындыққа мaмaндығын көтеруге және жұмыс орнынан босатылған жағдайда oғaн қаржылай көмек көрсетуге күш жұмсайды.

Соңғы уақытқа дейін жұмысшы күшін қайта бөлу пәлендей маңызды бола қойған жоқ. Шығынды кәсiпорындар мен тоқтап қалған өндipic орындары өзiмен бiрге көптеген жұмыссыздық тасқынын ала келді. Өндірістің құлдырауы кезiнде жаңа жұмыс орнын құpy тез жүзегe асырылмаса жұмыссыздардың саны өте тез өсе түседi Осыдан кейiн жұмыссыздарды әлеумeттiк сақтан­дыру жүйесi арқылы экономикалық және әлеуметтiк жағынан қорғaу қажеттілік болып табылады.

Қазiргi кезде республикада жұмыссыздықтың өсуіне орай «Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес еңбекпен қамту жөніндегі мемлекеттік қор, бірден бір сақтандыру қоры болып табылады. Бірақ ол кәсіпорындар мен ұйымдардың міндетті сақтандыру жарнасы есебі арқылы ғана құрылып жатыр.

1996 жылдың 1-қыркүйегіне дейінгі мәлімет бойынша республикадағы еңбекпен қамту аралығында 264 мың жұмыссыз тіркелген. Оның ішінде 156 мың адам (59 процент) жұмыссыздық жөнінде жәрдемақы алады. Жұмыссыздар қатарының 56 проценттін әйелдер құрайды, 30-ға дейінгі жастар жұмыссыздардың 42 проценті. Жұмыссыздар тұрғындардың 33 процентінің жоғары және орта білімі бар.

Еңбекпен қамту орталығына өтініш берушілердің саны күн сайын артып келеді. 1996 жылдың қаңтар, тамыз айлары аралығында олардың саны 389мың адамға жетті. Бұл 1995 жылдың осы уақытымен салыстырғанда екі есе көп. Бұл бір жағынан жұмыссыздыққа берiлетiн жәр­демақының көтерiлyiне бaйлaныcты. Тiркелген жұмыс­сыздар қатарын жартылай жұмыс сағатына көшкен немесе амалсыз демалысқа жiберiлген жұмысшылар да толықтыра түсті. 1997-шi жылдың басына республикадағы еңбекпен қамту орталығына жұмыс іздеп, өтініш берушілер саны 500 мың адамға жетті. 420 мың адам жұмысыздықтың күйін кешті. Еңбекпен ашу жөніндегі мемлекеттік қордың қызметі жұмыссыздардың жағдайын жақсаpтyғa барынша бағытталды.

Еңбекпен қашу жөнiндегi мемлекеттiк қорға мiндеттi сақтандыру қорларының yaқытында және толық түсуіне жету мақсатында бір қатар шаралар қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (№ 61220-мамыр, 1996 ж) Қаулысымен республикалық және жергілікті бюджетке түсетін алғашқы төлемақылар тізіміне осы қор да енгізілді. Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясы міндетті бөлінген қаржының түсуіне ықпал етеді.

Жалпы еңбекпен қамту жөніндегі мемлекеттік қордың бюджетке кірісі 1996 жылы 6996 млн теңгеге бекітілген. Жұмыссыздарға жәрдемақының орташа бөлігі 2283 теңгені құрады. Сол жылдың қаңтар, тамыз аралығында жұмыссыздарға 1077 млн теңге төленген, мамандарды даярлау мен қайта даярлауға 305 млн теңге мүгедектерге қосымша жұмыс орнын табуды ұйымдастыруға жұмсалған.

Жұмыссыздарды қамсыздандыру қоры дамыған елдердің көбінде жұмыс берушілер мен жұмысшылардың жарнасынан төленедi. Мемлекет те бұл iскe белсене араласады. Мысалы, Жaпонияда жұмыссыздарға бөлінетін жәрдемақының 25-30 проценті мемлекет есебінен төленеді. Австрияда бұл көрсеткiш 4,9%, Францияда 39,9%, Ұлыбританияда 13%, АКШ-та 18%-тi құрайды. Барлық елдердегі негізгі принцип жұмыссыздардың жәрдем ақыларын алу үшін белгілі еңбек стажымен бірге сақтандыру жарнасын төлегені бойынша белгілі сақтандыру стажы болуы керек.

Екінші принцип: еңбекпен қамту орталықтарына өтініш жасау, оларға қажетті жұмыстарды ұсынуға тиіс. Жұмыс іздегенін және кірістің жоқ екенін дәлелдеу керек.

Hapықтық экономика механизмiн қалытастыру проблемаларының арасында халықтың белгілі бір топтарын әлеуметтік қамсыздандырудың ceнiмдi және тиiмдi жүйесiн жасау шаралары аса маңызды opындардың бiрiнде тұр, өйткені әлеуметтік «беріктік» резервінің болуы мүмкін емес. Барлық деңгейлерде республикалық, аймақтық деңгейлерде, еңбек ұжымдары мен жеке адам деңгейiнде әлеуметтiк кепiлдiктің принципі жаңа жүйесiн қaлыптaстыру қажет. Бұл жағдайда әлеуметтiк қорғау шараларының жүйелiлiгi мен кешендiлiгi ерекше маңызды, әлеуметтiк қорғау нысаналы сипат алып халықтың әлеyметтік – демoграфиялық және басқа да сипаттары бойынша өздерiн жарамды тұрмыс деңгейiмен қамтамасыз eтyгe қабiлетсiз (шамасыз) топтарына ғана бағытталуы тиіс.

Рынокқа өту жaғдайындa халықтың әлеуметтік қамсыздандырылуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттiк шаралар жүйесi қажет. Бұл жүйеде үш қосалқы жүйе болуға тиіс: а) демографиялық топтарының мүдделерін білдіретін; б) қоғамның еңбекке жарамды мүшелерiне әлеуметтiк кепiлдiктeр берiлyiне бағыттaлған; в) қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерiнің мүдделерiн көздейтін. Бұл қоғамның әлеуметтік мәселесіне қатысты. Сонымен бірге жүйе үш деңгейге бөлінуі тиіс: республикалық, аймақтық және бастапқы шаруашылық буыны. Республикалық деңгейінде қоғамның барлық мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер, соның ішінде табыстың белгілі бір деңгeйiне (жалақының, ставкалар мен окладтардың, зейнетақылардың ең төменгі мөлшеріне, ең төмен мен тұтыну бюджетін негізге ала отырып, түрлі игіліктер мен қызметтерді тегін тұтыну деңгейіне) кепiлдiктeр берiлyi көзделедi. Аймақ деңгейінде, оның мүмкіндіктерін негізге ала отырып, аймақтық әлеуметтік-мәдени демографиялық ерекшеліктердi ескере әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң одан әрі дaмытылуы нақтылануы оның толықтырылуы мен ұлғайтылуы қамтамасыз етілуге тиіс. Еңбек ұжымдары деңгейінде өз қаражаты есебінен еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік дамыту қорлары құрылып, олар соның ішінде қосымша әлеуметтік кепiлдiктeр мен жеңiлдiктeргe жұмсалады.

Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнде әлеуметтiк-­экономикалық нормативтер жүйе құрайтын индикаторлар peтiндe негiз қалаушы роль атқарады, ең төмен тұтыну бюджеті секілді индикатордың ролiн едәyiр apттыpy қажет етiледi. Әлеумeттiк нормативтер белгiлеуде аймақтарға тән факторлар мен жағдайларды ескере, аймақтар деңгейіне көшу қажет. Қоғaмның әлеуметтiк саралануын күшейту oндaғы қapaмa-қайшы пpоцестердi дaмытy, әлеуметтiк кепілдіктердің ceнiмдi жүйесiн жасауды қажет етедi, ол мына пpоцестердiң дамытылуына негiзделуi тиic:

1. адамның өндiрiстегi, бөлу мен тұтынудағы құқықтарын қамтамасыз ететін әлеуметтік кепілдіктер түрлерін сақтау және оның меншікті одан алынатын табысты иелену құқығы, меншiк түрлерiне қарамастан, бiлiктiлiкке байлaнысты еңбек ақысының сараланған ең төменгі мөлшерін алу құқығы, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы алу құқығы, ақшалай табыстыиндекстеу механизмі сияқты жаңа түрлерін қалыптастыру;

2. халықтың экономикaлық тұpғыдaн ең осал топтарына – көп балалы және толық емес отбасыларына, зейнеткерлерге, уақытша жұмыс істемейтіндерге, студенттерге, қызметкерлердің төмен жалақы алатын топтарына әлеуметтiк қолдау көрсету.

Басты кепiлдiктeрдiң бipi, әрбiр еңбеккердің белсенді және өнімді еңбек етуі үшін, жағдайлар жасау кепілдігі болуға тиіс, оның өзi шаруашылық жүргiзушi кез келген субъектiге экономикалық қызметпен және кәсіпкерлікпен шұғылдану бостандығының берілуін көздейді. Әлеуметтік шиеленестің елеулі ошағы барған сайын өткір сипат алып келе жатқан жұмыссыздық болуы мүмкін, бұл процестердің алдағы уақытта күшейе түсуі ықтимал болып отырғандықтан, ондай жағдайда іс-қимыл жасаудың түрлі нұсқаларын қазірден бастап ойластыру қажет. Республикада әлеуметтік шиеленіс дәрежесін бағалау үшін тұрақты мониторинг, әлеуметтік индикаторлардың өзгеруіне кешенді талдау жасау қажет.

Осы нарықтық экономикаға өткен кезеңінде республика тұрғындарының әлеуметтік қамсыздандырылуын қолдау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттік шаралар іске асырылса, көптеген қиыншылықтардан арылып, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына, өркендеуіне толық мүмкіндік туады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

10. Психология. 10 томдық. Т.2.- Алматы: Таймас, 2005

11. Алещенок С.В. Государственная молодежная политика.-М.,1991

12. Бондарь Л.А. Социальная работа и молодежные организации. Конспект лекции.- М., 1993

13. В помощь организатору социальных служб, работающих с молодежью: Методич. Пособие.-М., 1994

14. Социально-молодежная работа: Международный опыт.- М., 1997

15. Социальные службы для подростков и молодежи. – 1995

16. Технологии социальной работы. Учебник. – М.,2003

 

14-тақырып.

Жас отбасылармен әлеуметтік жұмыстың әдістері мен олардың мазмұны.

 

15-тақырып.

Жастармен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибелері.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 631 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жастарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік қолдаудың қажеттілігі| ОРЫТЫНДЫ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)