Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пән пререквизиттері.

Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар | Тақырып «Қылмыстың түсінігі | Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары | СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары | Ылмыстық заңның мезгілдегі күші | Ылмыс санаттары | Ылмыс құрамының белгісі | Сотталғандықтан арылу және жою | Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері | Атысушылардың түрлері |


Читайте также:
  1. Геоморфология пәнінен оқытушының студенттермен жүргізілетін өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
  2. Дәріс.Геоморфология пәні,оның зерттеу нысаны.Бедер туралы түсінік.
  3. Жалпы геоморфология» пәнінің глоссариі
  4. Оқу пәнінің сипаттамасы
  5. Пән бойынша интерннің білімінің жиынтықталған бағасы
  6. Пән бойынша СӨЖ орындау және тапсыру кестесі
  7. Пән бойынша тесттер 1 страница

Заң факультеті

Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор _________________ Л.Қ. Еркінбаева

 

«_____»__________________2014ж.

 

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәнінің

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандық: 5В030100 «Құқықтану»

 

Оқыту түрі: күндізгі

 

 

Талдықорған 2014 ж.

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін з.ғ.м, аға оқытушы

Д.Т. Нұрбек кұрастырған. _______________________

(оқытушының қолы)

 

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды

 

«____»______________20____ ж. № ____хаттама

 

 

Кафедра меңгерушісі___________ з.ғ.к. Б.А. Сериев

 

«_____»________________ 20____ жыл. №______ хаттама

 

Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

Әдістемелік бюроның төрайымы: ___________ А.Б. Жуниспаева

 

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2012 2 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-42
01.09.2012 ж.

Заң факультеті

Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

 

СИЛЛАБУС

 

 

ҚР Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім) пәні бойынша

5В030100 «Құқықтану» мамандығы үшін

Оқыту түрі: қүндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Кредит саны: 3

Барлық сағат саны: 135, соның ішінде:

Дәрістер: 30

Семинарлық сабақтар: 15

ОСӨЖ: 45

СӨЖ: 45

Емтихан: 3 семестр

 

 

Талдыкорған 2014 ж.


Оқытушы туралы деректер

Нұрбек Дана Тәсібекқызы - Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м.

Телефон: 87714046027, rufat.dana@mail.ru

Офис: қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы – 225 ауд.

Оқыту уақыты – сабақ кестесі бойынша

Консультация уақыты – кафедра кестесі бойынша

Пән: ҚР Қылмыстық құқық (ерекше бөлім)

Уақыт: Бекітілген бойынша

Кредит: 3

Пән пререквизиттері.

Осы курсты оқу үшін алдын-ала оқытылатын пәндер:

- Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

- Мемлекет және құқық теориясы

- Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары

- Қазақстан республикасының мемлекет және құқық тарихы

Пән постреквизиттері:

Осы курсты игергеннен кейін оқытылатын пәндер:

- Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы

- Криминология

- Криминалистика

- Прокурорлық қадағалау

- Сот дәлелдеу теориясы т.б.

Пәнге қысқаша сипаттамасы:

Курсты оқу барысында студенттер, қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыс дегеніміз не және іс-әрекеттің қоғамға зияндылығы, құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы қылмыс істеудің сатылары және одан өз еркімен бас тарту: қылмысқа қатысу, оған жанасушылық, қылмыстық жаза дегеніміз не; оның жүйелері мен түрлері; жазаны орындауды кейінге қалдыру, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату және оның түрлері туралы; Сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату, жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы; медициналық және тәрбиелік сипаттағы еріксіз шаралар туралы толық түсінік алады.

Қылмыстық құқық курсының бағдарламасына, қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде көзделген Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің тиісті баптарына сәйкес нақты іс-әрекеттерді дұрыс саралауға мүмкіндік беретін қылмыс құрамының түсінігі мен белгілері де кіреді.

Оқу пәннің мақсаты:

Студенттерге қылмыстық заң пәнінен тиянақты білім беру, қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, оның негізгі ұғымдары мен институттарын түсіндіру, сондай-ақ нақты қылмыс түрлерінің белгілерімен, олардың жазаланушылық шектерімен таныстыру қылмыстық заңның мезгілге және кеңістікке қарай қолданылуы, қылмыстың түсінігі және іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын жоятын мән-жайлар туралы толық түсінік беру болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

Студенттердің заң жөнінен ойлау қабілетін дамыту, қылмысты саралау мәселелерінде оны дұрыс қолдануға машықтандырып үйрету, жинақталған білімді басшылыққа ала отырып, өзінің қоғамға пайдалы қызметінің тиісті салаларында оны дұрыс пайдаланып, заңдылықтың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Құзыреттілігі: ӘР бір оқылатын тақырыптың мақсаты, міндеті, сабақтың типіне сай жүйеге келтіруді игеруі.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

Бақылау нысаны: аралық сынақ (эссе тапсырмалары)


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 183 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Расчет по сравнительному подходу| Бағалау саясаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)