Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ылмыс құрамының белгісі

Пән пререквизиттері. | Бағалау саясаты | Семинар сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулықтар | Тақырып «Қылмыстың түсінігі | Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары | СӨЖ – ның жалпы мақсаты мен әдістемелік нұсқаулықтары | Ылмыстық заңның мезгілдегі күші | Ылмысқа дайындалу түсінігі және белгілері | Атысушылардың түрлері | Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі |


Читайте также:
  1. Зиянсыздық нүктесін анықтау тәсілін белгісіздік жағдайына пайдалану.
  2. Тақырып «Қасақана қылмыс жасау сатылары
  3. Тақырып «Қылмыстың түсінігі
  4. Тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы
  5. Ші дәріс. Қылмыстардың көптілігі
  6. Ылмыс санаттары

Негізгі ұғымдары: факультативті элементтер, объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы.

 

Қылмыстың құрамы деп - Қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс - әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.

Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Қылмыс құрамының элементтерді деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатқызады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген 4 белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Әрбір қылмыс құрамының белгілері

Қылмыстық құқық теориясында тікелей объект негізгі, қосымша және факультативті тікелей объектілер болып бөлінеді.

Негізгі тікелей объект деп бұл қоғамдық мүддені қорғау үшін қылмыстық заң нормасы шығарылатын және осы басты белгісі бойынша Қылмыстық қодекестің тиісті тарауына орналастыруға негіз болатын объектіні айтамыз. Мысалы, қарақшылықтың негізгі тікелей объектісі - бөтен біреудің мүлкі болады.

Қосымша тікелей объект дегеніміз қ ылмыстық заң бойынша қорғалып, негізгі объектіге зиян келтіргенде немесе зиян келтіру қаупі болғанда жол-жөнекей оған да қауіп туатын, тағдыры негізгі тікелей объектімен байланысты объектіні айтамыз.

Факультативті тікелей объект дегеніміз Қылмыс жасалған кезде зиян келтірілу қаупі туатын, бірақ қылмыс құрамының негізгі элементіне жатпайтын қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатнастарды айтамыз. Мысалы, бұзақылықтың негізгі тікелей объектісі қоғамдық тәртіп болады. бірақ та бұзақылық әрекеті көп жағдайларда қоғамдық тәртіпті бұзумен қатар, қоғамды қадірлемейтін көріністерге, сонымен бірге қоғам мүшелеріне, оның меншігіне, жеке басқа қарсы әрекеттермен де ұштасады. Бұл қылмыстың факультативті белгілеріне жатады. Қосымша және факультативті объектілердің қылмысты саралауға әсері болмағанмен олар кінәліге жаза тағайындағанда еске алынады.

Қылмыстың объектісі.

Қылмыстық құқық бойынша қылмыс объектісінің түсінігі. Қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі туралы кылмыстық заң.

Қылмыс объектісінің түрлері. Қылмыстың жалпы объектісі. Қылмыстын топтык обьектісі және онын Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі жүйелендіруші маңызы, Қылмыстың тікелей объектісі және онын қылмысты саралау үшін маңызы. Қылмыстың объектісі және кылмыстың жәбірленушісі.

Көпобъектілі кылмыс. Негізгі, қосымша және факультативті объектілер.

Қылмыстың заты және оның кылмысты саралау үшін маңызы. Қылмыс объектісі мен кылмыс заты арасындағы катынас.

1. Кез келген қылмысты іс- әрекеттің мәнәі ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.

Әрбір істелген қылмыс белгілі бір объектіге қол сұғумен қатар оған белгілі бір зиян келтіру қаупін туғызады. Қылмыстық заң нормасымен қорғалатын объектіге қылмыстың қол сұқпауы мүмкін емес, сондықтан да қылмысты қол сұғушылықтың объектісін дұыс анықтаудың теориялық, практикалық маңызы ерекше.

Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір- бірімен, қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі. Өйткені қылмыстық- құқылық қорғау объектісіне әрқашан да өзінің мәнә мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объекті маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған орай оны қылмыстық- құқық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады.

2. Қылмыс объектісінің түрлері жалпы, топтық және тікелей объекті болып 3- ке бөлінеді.

Қылмыстың жалпы объектісі деп қылмыстың заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс- әрекеттің кез келгеннің барлық уақытта да қоғамдық қатынастардың барлық қылмыстардың жалпы объектісі екендігін көрсетеді.

Қылмыстық кодекстің 2-бабының 1-бөлімінде ең маңызды қоғамдық қатынастардың тізбегі берілген. Қылмыстың жалпы объектісі қылмыстық құқықтың әлеуметтік саяси мазмұнның, жалпы қылмыс атауының табиғатын дұрыс анықтауға, іс-әрекеттің, сонымен бірге қылмысты басқа құқық бұзушылықтан ажыратуға толық мүмкіндік береді.

3. Қоғамға зиянды зардаптарды анықтау үшін заң шығарушы әр түрлі терминдерді, түсініктерді, түсініктерді қолданады. Заң шығарушы қоғамға зиянды іс- әрекеттен келтірілетін зиянды анықтағанда «ауыр зардап», «едәуір зиян», «елеулі бұзу» деген түсініктерді қолданады, бұл түсініктер бағалау категориясы болып табылады және олар арнаулы түсініктерді қажет етеді.

Адамға күш қолдану немесе басқадай материалдық игіліктерге тікелей әсер ететін қоғамға зиянды зардабы көп жағдайларды материалдық түрде болуы мүмкін. Мысалы, кісі өлтірудің зардабы-кісі өлімі, денеге жарақат түсірудің зардабы - әр түрлі дәрежедегі дене жарақаты. Меншікке қарсы қылмысқа қол сұғылғанда одан мүліктік зардап туындайды. Тікелей мүліктік зиян немесе тиісті табыс көзінен айырылуы. Т.б.

Қылмыстық құқықта заң шығарушылықтың тиісті бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамының объективтік жағын белгілеуге байланысты құрам материалдық және формалдық деп екі түрге бөлінеді.

Объективтік жағы тек қана бір заңдылық белгіден қоғамға қауіпті іс- әрекеттен құралған қылмыс формалдық қылмыс құрамы деп аталады.

Объективтік жағы қоғамға қауіпті іс-әрекетпен қатар нақты белгілі бір қоғамға қауіпті зардапты көрсеткен қылмыс құрамы материалдық қылмыс құрамы деп аталады.

Қылмыстың объективтік жағы.

Қылмыстың объективтік жағының түсінігі және маңызы. Қылмыстың объективтік жағының белгілері.

Қоғамға кауіпті және құқыққа кайшы әрекет. Қылмыстық -жазаланушы әрекет және әрекетсіздіктің түсінігі. Күрделі, созылмалы жалғаспалы қылмыстар. Тойтарылмас күштің түсінігі, физикалық немесе психикалық мәжбүрлеу, оның қылмыстық - құқыктық маңызы.

Қылмыс салдарының түсінігі және түрлері. Қылмыстың формальді, материалды және қысқартылған кұрамдары. Қылмыстың косымша ауыр салдарлары. Қылмыс салдарының қылмыстық- құқықтық маңызы.

Қоғамға кауіпті әрекетпен (әрекет немесе әрекетсіздік) болған қылмыс салдары арасындағы себепті байланыс. Қажетті немесе кездейсок себепті байланыстар.

Тәсіл, орын. уақыт, жағдай. кару және кылмыс жасалған құралдар - қылмыстың объективтік жағының факультативті белгісі және оның кылмыстық- құқыктық маңызы.

1. Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес (9-бап) ондай мінез-құлық біріншіден қоғамға қауіпті, екіншіден қылмыстық заңға қайшы болуы керек.

Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілерінің жиынтығынан тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын заң корғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).

Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстын объективтік жағы-ның белгісі болып табылатын «қоғамға қауіпті зардап» деген ұғымды білдіреді.

Қоғамға қауіпті іс-өрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланысты атайды. Сонымен, қоғамға кауіпті іс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективті жағының белгілері болып табылады.

2.Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылатын қауіпті іс-әрекет белгілері бір кеңістікте және уақыт-та орын алатын накты көрініс болып табылады. Қылмыстык, құкықта кеңістік деген ұғым нақты іс-әрекетгің істелген орны ретінде қарастырылады. Сондыктан да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғам-ға қауіпті іс-әрекет, істелген орын және уақыт та қосылады. Кейбір реттерде заң шығарушы нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтағанда қоғамға қауіпті іс-әрекеттің белгілі бір жағдайда істелетіні туралы да еске салады. Демек, мұндай жағдай қылмыстың объективтік жағының бір белгісі болып саналады. Кез келген қоғамға қауіпті іс-әрекет белгілі бір тәсілмен, кейбір реттерде нақты құралдар мен қаружарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылуы мүмкін кісіні өлтіру үшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдалану, адамды тұншықтыру, қылғындыру немесе автокөлікпен әдейі қағып кету арқылы да өлтіреді. Қылмыс жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге қиянат жасау (мысалы, алаяқтықта немесе салық қылмыстарында) болуы мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты қылмыс істеудің тәсілі, құрал және қару-жарақ деген ұғымдар да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашатын белгілер қатарына жатады. Кез келген жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның төрт элементтерінің бірі ғана.

3. Іс-әрекет кез келген қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі болып табылады.

Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның кұкыкка қайшы, саналы, белсенді немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез-құлқының сыртқы көрінісі болып табылады.

Кез келген қылмысты іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қаупін туғызу аркылы көрінеді. Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесін ең алдымен келтірілген зиянның мөлшері, қол сұғылатын объектінің құндылығы арқылы анықталады.

Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің міндетті белгілерінің бірі оның құқықка қайшылығы болып табылады. Мұндай белгінің болуы азаматгарды заңсыз қылмыстық жауапқа тартуға жол бермеуінің кепілі болады және зандылыктың катаң сақталуын қамтамасыз етеді.

Қылмыстың субъектісі.

Қылмыстың құқық бойынша кылмыс субъектісінің ұғымы және белгілері. Қылмыс субъектісі және кылмыскер тұлғасы. Қылмыскер тұлғасының кылмыстық-құқықтық маңызы.

Қылмыстық жауаптылық туындайтын жас мөлшері. Кәмелетке толмағандармен жасалатын кылмыстардың ерекшеліктері. Кәмелетке толмағандардың кылмыстық жауаптылығының ерекше жағдайларының жалпы сипаттамасы.

Есі дұрыстық - кылмыстық жауаптылықтың міндетті шарты. Есі дұрыс еместік және оны анықтаудың межелері. Шектелген есі дұрыстық. Есі дұрыстықты жоққа шығармайтын психикалық ауытқулардың кылмыстық жауаптылыққа әсері. Маскүнемдік жағдайдың қылмыстық жауаптылыққа әсері. Қылмыс жасағаннан кейін психикалық ауруға шалдыққан тұлғалардың жауаптылығы.

Қылмыстың арнайы субъектісінің ұғымы. Қылмыстың арнайы субьектісінің түрлері.

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауаптылығының проблемасы.

1.Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін кылмыстық жауаптылыкты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4, 6, 7-баптарының талаптарына сай Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасынын аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондайақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам азамат тартылады. Жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасакана дене жарақатын келтіргені үшін кылмыстық жауаптылық мәселесі карастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, кылмысты істеудің құралы болып табылады.Сондай ақ занды тұлғалар мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да занды ұйымдар қылмыстың субъектісі болып танылмайды. Қайсыбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Жаңа қылмыстық кодекстің 14-бабында (1-бөлігі) «есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана кылмыстык жауапқа тартылуға тиіс» деп тура айтылған.

1.Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін кылмыстық жауаптылыкты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4, 6, 7-баптарының талаптарына сай Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасынын аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондайақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам азамат тартылады. Жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немесе табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысалы, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасакана дене жарақатын келтіргені үшін кылмыстық жауаптылық мәселесі карастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, кылмысты істеудің құралы болып табылады.Сондай ақ занды тұлғалар мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа да занды ұйымдар қылмыстың субъектісі болып танылмайды. Қайсыбір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады. Жаңа қылмыстық кодекстің 14-бабында (1-бөлігі) «есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана кылмыстык жауапқа тартылуға тиіс» деп тура айтылған.

2. Қылмыстық заң қылмыстық жауаптылыққа өзінің істеген іс-әрекетіне есеп бере алатын және өзін-өзі баскаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде істесе,

- онда ол адамның іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны қасақаналык пен абай-сыздық жоқ деп есептеледі. Қоғамға қауіпті іс-әрекетін ұғынып, оның мағынасына жетіп, ақылмен, естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі деп танылады

3. Жалпы Ереже бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кұкығы бойынша кылмыстың субъектісі болып Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жок, адамдар (6, 7-бап) танылады. Арнаулы субъектілі қылмыстарды қылмысқа бірге қатысып істегенде оның орын-даушысы тек қана арнаулы субъект, ал басқа қатысушылары жай субъект болады.

4. Патологиялық мастыққа алкоголь ішімдігін, есірткі немесе басқа есеңгірететін заттарды үнемі пайдаланудың салдарынан дертке ұшырап, соның әсерінен өзінің іс-әрекеті туралы есеп беруден қалған, өзін-өзі басқару қабілетін жоғалтқандар жатады.Сот психиатриялық сарапшының корытындысына сәйкес, мұндай адамдар есі ауысқан деп танылуы мүмкін. Сондай адамдарға медициналық түрдегі еріксіз емдеу шаралары колданыла-ды. Ал айықаннан соң өзінің істеген қылмысы үшін жалпы тәртіппен жазалануы мүмкін. Жаза тағайындалғанда мас болудың себебі, мастықтың дәрежесі және оның қылмыс істеуге ықпалы есепке алынады. Қайсыбір жағдайларда сот адамның мас күйде қылмыс жасауын жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануы да, танымауы да мүмкін (ҚК 54-бабы, 1-бөлігі, «м» тармағы және 3-бөлігі).

Қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі және маңызы. Қылмыстың субъективтік жағының белгілері.

Кінә - қылмыстың субъективтік жағының негізгі белгісі. Есі дұрыстық проблемасы және ерік бостандығы. Субъективтік есі дұрыстық - қылмыстық жауаптылықтың алғышарты. Кінә мазмұны және оның нысандары. Кінә нысандарының қылмыстық-құқықтық маңызы. Қылмыстық жауаптылық мүмкін болатын абайсыз әрекеттердің заңмен шектелген аясы.

Қасақаналық және оның нысандары. Қасақаналықтың интеллектуалдық және еріктілік сәттсрі. Тікелей қасақаналық. Жанама (эвентуалды) қасақаналық. Қасақаналықтың өзге түрлері.

Абайсыздық және оның түрлері. Қылмыстық менмсндік. Менмендіктің жанама қасақаналықтан айырмашылығы. Қылмыстық немкұрайдылық. Немкұрайдылықтың объективтік және субъективтік өлшемдері. Оқиға (казус) - қоғамға қауіпті салдар тигізетін жазықсыз зиян келтіру.

Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс үшін жауаптылық.

Ниет, мақсат - қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілері, олардың қылмыстық-кұқықтық маңызы. Қылмыстың субьективтік жағындағы эмоционалдық мезеттің маңызы.

Заңды және деректі қателер, олардың кінәға, қылмыстық жауаптылықка және қылмысты саралауға әсері.

1. Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жак қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды қылмыстың объекътивтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады.Сондыктан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау қажет.

Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.

2. Қылмыстың субъективтік жағының белгілері — кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада:біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекеттен ажыратуға мүмкіндік береді. Екіншіден, қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады.

3. Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.

Қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.

Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын айтамыз.

Қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.

Қылмыстық құқықтың ең маңызды қағидаларының бірі қылмыстық

жазаға және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адам ғана тартылатындығы болып табылады. Бұл қағидат Қылмыстық кодекстің арнаулы бабында атап көрсетілген.

Қате дегеніміз адамның істелетін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне байланысты факт немесе заң туралы мән-жайлары жөніндегі теріс түсінігі болып табылады.Қылмыстык құқыктағы мұндай қате заң туралы қате және фактілік қате болып екі түрге бөлінеді.

Заң туралы қателік деп адамның іс-әрекетінің қылмыс қатарына жататыны немесе жатпайтыны, оның саралануы, осы іс-әрекеті үшін тағайындалатын жазаның түрі, мөлшері жөніндегі теріс ұғымын айтамыз.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 429 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ылмыс санаттары| Сотталғандықтан арылу және жою

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)