Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тарату материалы. ТҰНДЫРМАЛАРTincturae

Тарату материалы | Тарату материалы | Дайын өнімнің сапа бағасы | Шырындар | Тарату материалы | Тарату материалы | Таблеткалардың технологиясы |


Читайте также:
  1. V. Учебные материалы
  2. VI. Контролирующие материалы
  3. Как были собраны другие материалы для этой книги
  4. Контрольно-оценочные материалы, тестовые задания
  5. Контрольно-оценочные материалы, тестовые задания
  6. Магнитные материалы
  7. Материалы для акварельной техники живописи

ТҰНДЫРМАЛАР Tincturae

 

АНЫҚТАМАСЫ

 

Тұндырмалар – кептірілген өсімдік немесе жануар шикізаттарынан алынатын сұйық дәрілік заттар. Тұндырмаларды дайындау үшін экстракция алдында шикізатты алдын-ала өңдеуден өткізеді, мысалы ұсақтау, майсыздандыру немесе ферменттерді әсерсіздендіру.

 

Тұндырмаларды мацерация, перколяция немесе басқа сәйкес келетін валидирленген әдістермен қажет концентрациядағы спиртті қолдану арқылы дайындайды.

 

Тұндырмалар қажет концентрациядағы спиртте экстрактарды еріту немесе сұйылту арқылы да дайындалуы мүмкін.

 

Тұндырмаларды әдетте1 бөлік шикізат пен 10 бөлік экстрагентті қолданып немесе 1 бөлік шикізат пен 5 бөлік экстрагентті қолданып дайындайды. Тұндырмалар әдетте мөлдір болады. Егер құрамында айтарлықтай өзгерістер болмаса, сақтау кезінде азғантай тұнба түзілуіне рұқсат етіледі.

 

 

ӨНДІРІСІ

Перколяция әдісі. Егер қажет болса, шикізатты белгілі өлшемдегібөлшектеге дейін ұсақтайды және сәйкес мөлшердегі экстрагентпен экстракциялайды. Шикізатты көрсетілген экстрагент бөлігімен жақсылап араластырады және белгілі бір уақытқа қалдырады. Одан соң экстракторға салып, шикізаттың сәйкес экстрагент қабатымен толық жабылуын қадағалай отырып баяу перколяциялайды. Қалдықты сығып және алынған сұйықтықты перколяттпен қосуға болады.

 

Мацерация әдісі. Егер басқа нұсқаулар жоқ болса, қажет мөлшерде дайындалған материалды көрсетілген экстрагенттің сәйкес мөлшерімен экстракциялайды және жабық экстракторда белгілі бір уақыт көлемінде мацерациялайды. Қалдықты экстрагенттен бөліп аладыжәне қажет болса сығады. Одан соң екі сұйықтықты біріктіреді.

Экстракттардан дайындау. Экстракттарды еріту немесе сұйылту арқылы дайындау үшін спирттің сәйкес концентрациясын пайдаланады. Спирт пен әсер етуші заттар мөлшері немесе спирт пен құрғақ қалдық мөлшері, егер бұл жағдайлар қарастырылған болса, мацерация немесе перколяция әдістерімен алынған осындай тұндырмадағы көрсеткіштерге сай келу керек.

 

Құрамын реттеу. Егер қажет болса құрамындағы әсер етуші заттар мөлшерін концентрациясы сәйкес келетін экстрагентті қосу немесе тұндырманы қосу арқылы реттейді.

 

СЫНАУЛАР

 

Салыстырмалы тығыздығы (2.2.5.). Тұндырманың салыстырмалы тығыздығының мәні жеке бапта көрсетілген шекке сай болуы керек.

 

Этанол мөлшері (2.9.10.). Этанол мөлшері жеке бапта көрсетілген шекке сай болуы керек.

 

Метанол және 2-пропанол (2.9.11.). Жеке бапта басқа нұсқаулар болмаса метанол 0,05 %-дан (көлем/ көлем) және (көлем/ көлем) 2-пропанол 0,05 %-дан аспауы керек.

 

Құрғақ қалдық. Тұндырмада құрғақ қалдық мөлшері жеке бапта көрсетілген шекке сай болуы керек.

 

Диаметрі 50 мм және биіктігі 30 мм болатын өлшенген бюксқа 2.00 г. немесе 2,0 мл тұндырманы құйып, су моншасында құрғағанша буландырады және кептіргіште 100 оС-ден 105о С-ге дейінгі температурада 3 сағат бойы кептіреді. Бюксты эксикаторда фосфордың (V) тотығының Р үстінде суытады және өлшейді. Нәтижені салмақтық процентте немесе литрдегі граммен көрсетеді.

 

САҚТАУ

 

Тығыз жабылған контейнерлерде, жарық түспейтін жерде.

 

ТАҢБАЛАУ

 

Этикеткасында көрсетіледі:

-қандай материал қолданылған - өсімдік немесе жануар тектес;

-егер қажет болса, жаңа жиналған өсімдік немесе жануар тектес

материалдар қолданылғаны;

-дайындауға қолданылған спирт концентрациясы;

-тұндырмадағы спирт концентрациясы;

-әсер етуші заттың мөлшері және немесе бастапқы материалдың

экстрагент мөлшеріне немесе бастапқы материалдың алынған тұндырма

мөлшеріне қатынасы.

 

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 211 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ерітіндінің атауы және оның Этанол концентрациясы| Тарату материалы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)