Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Таблеткалардың технологиясы

Тарату материалы | Ерітіндінің атауы және оның Этанол концентрациясы | Тарату материалы | Тарату материалы | КРЕДИТ 6 | Мырыш жақпа майы өндірісінің технологиялық және аппаратуралық сызбалары | Дайын өнімнің сапа бағасы |


Читайте также:
  1. Бюретқалық жүйені қолдана отырып сұйық дәрілік препараттарды (микстуралардың) даярлау технологиясы.

Аталған дәрілік түрді өндіру процесі келесі сатылардан тұрады:

1. Бастапқы материалдарды ұсақтау.

2. Ұнтақтың бөлшектерін мөлшерлері бойынша айырып алу.

3. Жекелеген құрамдас бөліктерін араластыру.

4. Орау және ыдысқа салу.

Бастапқы материалдарды ұсақтау. Ұсақтау кезеңінде ұсақтайтын машиналарды дұрыс таңдап алу маңызды болып табылады: материалдың физикалық-химиялық қасиеттері, бастапқы материалдың және соңғы өнімнің өлшемі, ұсақталуға тиісті материалдың жалпы мөлшері ескеріледі.

Ұнтақтың бөлшектерін мөлшерлері бойынша айырып алу. Медициналық тағайындалуына және қолданылу тәсіліне байланысты ұнтақтарға дисперсиялыққа қатысты әр түрлі талаптар қойылады. Аурулар қолданар алдында ерітуге арналған кристалл ұнтақтарды (магний сульфаты, бор қышқылы және басқалары) әдетте орташа ұсақ, орташа ірі және тіптен ірі ұнтақтар (0,2-0,3 мм) түрінде шығарады, терінің немесе кілегейлі қабықтардың алуан түрлі зақымдануын емдеуге арналған себілетін ұнтақтардың дисперсиялық дәрежесі, осы заттардың бөлшектерінің қосынды бетін үлкейту және жарақат әкелетін әсерін азайту мақсатында, жоғары болуы керек (0,090-0,093 мм).

Күрделі ұнтақтарды завод жағдайында алған кезде қоспаның құрамына кіретін әрбір затты жеке-жеке ұсақтап, тиісті елек арқылы елейді. Қоспаларды електің тесіктері арқылы өткізген кезде ең алдымен ұсағырақ және үлес салмағы көбірек бөлшектер өтеді. Одан соң жеңілірек және ірірек бөлшектер електен өтеді. Осының нәтижесінде өткен заттар сапасы әртүрлі қабаттардан тұратын масса болып табылады.

Жекелеген құрамдас бөліктерін араластыру. Ұнтақтарды араластыруды араластырғыштарда жүргізеді. Араластырудың ең қарапайым және оңай тәсілі – барлық компонеттерді араластырғышқа салып, біртекті қоспа алғанға дейін араластырады. Егер көрсетілген тең жағдайларда араластырылатын ұнтақтардың үлес салмағы әр түрлі болып шықса, араластыру ұзақтығы арттырылады.

Егер қоспаға аздаған мөлшердегі құрамдас бөлік кіретін болса, оның бөлінуінің бірқалыптылығын арттыру үшін оның бөлшектерін қосымша ұсақтау қажет болады. Бұл ретте, оның қоспадағы концентрациясы неғұрлым азырақ болған сайын, осы ингредиенттің бөлшектері де соғұрлым ұсағырақ болуы керек. Жекелеген құрамдас бөліктердің бөлшектерінің мөлшеріндегі айырмашылықтар айтарлықтай болған кезде, бірқалыптырақ қоспа алу мақсатында, ірі бөлшектерді ең кішкентай бөлшектердің мөлшеріне дейін азайтқан жөн болады.

Егер де заттардың көп мөлшеріне улы немесе күшті әсер ететін ингредиенттің шамалы ғана мөлшерін қосу керек болса, онда ең алдымен соңғы затты ингредиенттердің біреуімен немесе индифферентті ұнтақ тәрізді затпен мұқият араластырып шығу керек. Алдымен араластырғышқа ең көп мөлшерде бар болатын затты салып, кейін оған улы немесе күшті әсер ететін зат бар дайындалған қоспаны қосады да, мұқият араластырады.

Кейбір жағдайларда қоспа құрамына азғантай мөлшерде кіретін заттарды еріткен ұтымдырақ болады. Алынған ерітіндіні қалған материалмен араластырады.

Азғантай мөлшердегі эфир майларын ұнтақтарға улы және күшті әсер ететін заттар секілді дерлік қосады, яғни оларды ұнтақтың кішкентай мөлшерімен араластырады немесе спирт ерітіндісін дайындайды.

Таблеткаларды орау және ыдысқа салу. Фармацевтика өндірісі қарапайым және күрделі ұнтақтарды, әдетте, көп мөлшерлі (бөлінбеген) орамдармен шығарады. Ұнтақтарды ыдысқа салып, орау негізінен алғанда көлемдік принцип бойынша жұмыс істейтін шнекті және вакуумды арнайы мөлшерлегіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Көлемдік мөлшерлегіштер құрылысы бойынша қарапайым, пайдалануда күрделі емес және 2-3% салыстырмалы дәлсіздік кезінде минутына 300 мөлшерге дейінгі өнімділікті қамтамасыз етеді. Препарат мөлшерінің азаюымен және мөлшерлеу жылдамдығының артуымен бірге дәлсіздік өсе түседі.

Шнекті мөлшерлегіштің жұмыс істеу принципі 2-суретте көрсетілген.

Ұнтақты бункерге 1 салады. Реттегіштің көмегімен ол бағыттаушы араластырғышпен 3 дроссельді қақпақ 4 арқылы төменге, тиеу шұңқырына 2 беріледі, мұнда ұнтақтың деңгейі бір қалыпта ұсталып отырады. Мөлшерлеу процесі тік мөлшерлегіш шнектің 5 дайындалған құтыға 6 бұрылысымен жүзеге асырылады.

Камералы вакуумды мөлшерлегіштің жұмыс істеу принципі 3-суретте көрсетілген. Ыдысқа салынатын ұнтақ тиеу шұңқырына 1 беріледі. Тиісінше тік және көлденең өзектердің айналасында айналатын 2 және 3 араластырғыштар ұнтақтардың толтыру камерасында 4 бірқалыпты бөлінуін қамтамасыз етеді. Толтыру камерасының төменгі жағын тұйықтап тұрған роторда 5 сегіз мөлшерлегіш тесік 6 орналасқан. Дөңгелектің ортасынан осы тесіктерге оймада толтырылу көлемін анықтайтын мөлшерлегіш поршеньдер 7 орнатылған. Ротор мезгіл-мезгіл, әрбір циклден кейін, оның көлемінің 1/8 бөлігіне бұрылады, мөлшерлегіш тесіктер толтыру камерасының астында орнатылады, бұл ретте ұнтақ вакуум астында тұрған тесіктерге сорылады. Екі циклден кейін толтыру дөңгелегінің сыртқы бетін ракель 8 тазартады, ал ұнтақтың шамадан тыс бөлігі сорылып алады. Одан кейінгі екі циклде ротор дайындалған құтының 9 мойнының тесігімен сәйкес қалыпқа келтіріледі. Ұнтақ сығылған ауаның қысқа импульсінің әсерімен құтыға құйылады.


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 222 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тарату материалы| Тарату материалы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)