Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Әріптестік қатынас ұстанымы (субъект-субъекті).Әріптестік немесе

СИЛЛАБУС | Тренинг түсінігі. Тренинг алдан ала қаланған өзгеріс әдісі ретінде. | Психологиялық тренинг жөнiнде жалпы түсiнiк. | Практикалық сабақ 4 сағ. | Жұмыстың топтық формасының көп функционалдылығы. | Згеру мәселесіне философиялық келіс. | Згеру мәселесі жөнінде батыс және шығыс философиясы. | Згеру мәселесіне психологиялық келістер. | Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы | Тренингке қатысушылардың мінез-құлық принциптері . |


Читайте также:
  1. II. Глоссарий
  2. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. ГЛОССАРИЙ
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий

Әріптестік қатынас ұстанымы (субъект-субъекті). Әріптестік немесе субъект-субъекті қатынасында ең бастысы топ мүшелерінің арасындағы өзара әрекетке деген қызығушылығы, сондай-ақ олардың сезімі, көңіл-күйі, мазасыздануы ескеріледі,басқа адамның жеке құндылықтары құпталынады.

Әрдайым сабақтар - аптасына бiр екi рет (1-2), күнiне үш-төрт сағат (3-4 сағ.) жүргiзiледi. Олар системалық және еөгертулердi шығаруға мүмкiндiк бередi. Сабатың басында - өткен кездесудi еске түсiруге және қысқаша талкылауға уакыт бөлу керектiгi аса маңызды.

Әлеуметтік психологиялық тренинг – қарым-қатынастағы компетенттілікті дамыту мақсатында топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін қолдануға бағдарланған практикалық психологияның облысы болып табылады.

Бихевиоральдi бағдарланған топтар. Мiнез-құлық тренингтегi сабақ тұлғаның дамуы немесе адамның потенциалды реализациялау бойынша үлкен мiндет коймайды. Олардың міндетi - қатысушыларды нақты мәселелерді шешуге және белгiлі бір өмiрлік жағдайларға бейiмделе алу ептiлiктерiн дамыту.

Белсенділік ұстанымы. Тренинг топ мүшелерінің белсенділігі ерекше мәнге ие, оны кітап оқушы немесе лекция тыңдаушы адамның белсенділігімен салыстыруға болмайды. Тренинг барысында адамдар арнайы талқылаған іс-әрекеттерге белсенді араласады.

Гуманистiк бағыт. Классикалық гуманистiк бағытының негiзгi ерекшелiгi - топты басқарудың максималды директивтi емес стилi, қатысушылардың белсендiлiгiн оятатын және болып жатқан жағдайға жауапкршiлiкті өз мойнына алу. Бұл стилъ топпен жұмыс iстеудiң алғашқы этаптарының фрустрация ситуациясының және негативті эмоцияның пайда болуына әкеледi.

Гештальт — модель. Бұл бағытта Ф.Перлз және өкiлдерi ұсынды. Гештальт терапияда тұтас психикалық құрылымның қалыптасуына әкелетін ағзаның өзiн-өзi реттеу процесiнде үлкен көңiл аударады. Теорияның орталық моментi - барлығы да осы жерде және қазiр жасалынады.

Гомогенді және гетерогендік мәселесі мынандай параметрлерді қосады: 1) жынысы, 2) жасы, 3) білімі, 4) интеллект деңгейі, 5) әлеуметтік статус, 6) тұлға типі және мінез-құлық стильі, 7) психологиялық мәселелер, 8) наным-сенім және құндылықты бағдарлар, 9) топқа қатысушылардың мақсаты.

Даму (жеке қасиеттер) түсiнiгi де психологиялық тренинг түсiнiгiн толық көрсетпейдi. О.П.Кондоурованың көрсетуiнше, тренинг барысында психологиялық қасиеттер дамып қана коймай, сондай ақ тежәлуi де мүмкiн, ал кейбiр дағды және ептiлiктер қайта қалыптасуы мүмкiн.
Интенсивтi курс - сабақтарды өткiзудi күнде қажет етедi (3-8 сағат күнiне) және үш күннен екi аптаға созылуы мүмкiн. Интенсивтi тренинг әсер ету және тұлғаның өзгеруiнiң аса күштi құралдары болып табылады.

Зерттеулік (шығармашылық) ұстанымы. Бұл ұстанымның маңыздылығы тренинг барысында топ мүшелері психологияда белгілі ойлармен заңдылықтарды сезініп, анықтап, ашумен қатар, өзінің бойындағы жеке мүмкіншіліктерімен ерекшеліктірін де сезіне түсетіндегінде болмақ.

Мінез-құлықты нысаналау (түсіну) ұстанымы. Оқыту процесі барысында қатысушылардың мінез-құлқы импульсивтіліктен біртіндеп нысаналық деңгейге ауысады, бұл тренингті өзгеріске ұшыратады. Осы сәтте екі жақты байланыс мінез-құлықты нысаналаудың әмбебап құралы болмақ. Топта екі жақты байланыс орнатуға тиімді жағдай тудыру – жаттықтырушы жұмысының басты міндеті.

Кері байланыс психологиялық тренингтің маңызды элементі болып табылады, ол қатысушылардың сәтті өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуды анықтайды.

Қарым-қатынас тренингі -топ мүшелерін қарым-қатынастын түрлі ситуацияларда тиімді мінез-құлықты үйретуге, оларда сәйкес дағдыларды дамытуға арналған.

Тұлғалық өсу – бұл даму процесі. Осы арқылы жаңа өмірлік тәжірибе қалыптасады, жаңа дағдылар, мінез-құлықтың жаңа стильі қалыптасады. Тұлғалық өсу адамның дамуын қабілеттендіретін Өзіне барлығын қосады. Бұл процестің уақыты мен темпі индивидуалды және адамның жеке қалауына қатысты.

Оқыту - тренинггiң маңызды элементтерiнiң бiрi, алайда бұл термин психологиялық тренингтің кiлттiк мағынасын аша алмайды.

Оқиғалық принципі. Бұл принциптің мәні тренинг барысында психолог қозғалысты қатысушылар өздерінде және айналасындағыларда болып жатқан тұтастық, бірлік тәрізді бастарынан өткізетін бір-бірімен байланысты оқиғаларға айналдыруында, яғни тренинг әрбір қатысушы үшін өзінше бір оқиға болу керек.

Психотерапия дегенiмiз — эмоцияға,наным-сенiмге, көптеген психикаық, жүйкелiк және психосоматикалық аурулардағы адамның өзiн-өзi саналауына кешендiк, емдiк, вербальдық және вербальдық емес әсер ету.

Психологиялық тузету (коррекция) - толық қанды дамыту және тұлғаны функциялануын қамтамасыз ету мақсатында сол және басқа да психологиялық құрылымға психологиялық әсер көрсетуге бағытталған.

Психодрамалық бағыт. Психодрама топтың жұмыс әдiсi ретiнде, қатысушыларға тұлғалық мәнi бар өмiрлiк ситуацияларда моделденетiн белгiлi бiр рөлдерде ойнауын анықтайды. Бұл әдiстiн нәтижелiлiгi топтың өзара әрекеттiк эффектiсiне негiзделедi.

Ролдiк ойын кең ұғымда — бұл әдiс қатысушылардың әр турлi рөлдi бөлiп ойнауы.

Симболизм принципі. Егер адам басқа қатысушылар арқылы өзін танып, олармен бірлігін сезінсе симболизм принципінің жүзеге асқандығы осы.

«Тренинг» терминi (аылышнның аудармасы) бiрнеше мағынаға ие — «тәрбие, оқу, дайындық, жаттығу» топтық психологиялық тренинг осы түсiнiктерден шыға отырып, кең мағынада дамыту, психокоррекция, оу және диагностиқа мақсатында колданылады.

Тренингтi топ — қатысушылардың алуан түрлi психологиялық мәселелерiн шешуге, оларды өзiн-өзi жәтiлдіруге, сонымен қатар топты дамытуға және жалпы топтық мәселенi шешуге бағытталған, қатысушылардың жәтекшi-психологпен бiрге болатын интенсивтi қарым-қатынас жасайтын және өзара әрекеттесетiн арнайы құрылған кiшi топтарды айтуға болады.

Трансактiлi модель. Бұл бағытын негiзiнде «Меннiң» әртүрлi күйі бойынша Ә.Берннің концепциясы жатыр, оны «Ата-ана», «Ересек». «Бала» деп атады. Бұл концепция бойынша әр уақытта индивид осы бiреуiнде болады. Ол адам қалай ойлайды, сезiнедi және қалай өзiн көрсететiнiң анықтайды.

Транспектива принципі. Бұл принцип бойынша психолог тренингте қатысушылар өткен және болашақ оқиғаларды біріктіріп бастарынан өткізуге қажетті жағдай жасауға бағдар жасау керек. Уақыттың бірізділігі – шартты түсінік. Психологиялық уақыт мулдем басқаша жүреді.

Топтағы нормалар. Тренингтік топтарда өзіндік нормалар өнделген. Жетекші топты эффективті дамыту үшін нормалардың қажеттілігін түсіну қажет және сол нормаларды қатысушылардың қабылдауын, өндеуіне мүмкіндік жасай алу керек, сондай-ақ нормалар топтың мақсатына сай болуы тиіс.

Топтағы рөлдік позициялар. В.И.Сиободчикова «әлеуметтік рөл» және «ойын рөлі» түсініктерін бөлді. «Әлеуметтік рөл»-өзара әрекетте адамдарға жабыстыратын, байланыс және қатынасты талдау бірлігі, ойындық рөл-еркін, бірақ уақытша қауымдастықты талдау бірлігі. Топтағы қатысушылардың рөлдері жалпы талдаудың мәні болады немесе кері байланысты репрезентациялайды. Мұндай тәсілдер өзіндік сана-сезімді дамытуға және жабысқақ немесе конструктивті емес әлеуметтік рөлдерден босатуға мүмкіндік береді.

Топтық тұтастық түсінігі -топ мүшелерінің өзара эмоционалды тартымдылығын және топпен қанағаттанушылығын сипаттайтын топтағы тұлғаралық өзара әрекетті және өзара қарым-қатынастың беріктігінің, бірлігінің және тұрақтылығының көрсеткіші.

Тұлғалық өсу тренингі психотерапевтік топтарға жақын. Онда түрлі техникалардың көмегімен қатысушылар, олардың өмірлік және кәсіби міндеттерін шешуге кедергі келтіретін өзінің психологиялық мәселелерін ұғынуға және жеңуге ұмтылады.

Эизодтың кездесу - тренингтi ұйымдастырудағы басқа формаға қарағанда тым аса бостау. Сабақтар айына бiр-екi рет (1-2рет) болуы мүмкiн. Топтың ұйымдасуы эпизодтың кездесулердiң режимiнде клубтық форманы таңдай алады, бiрақ бұл тренингтiк топ принципiнде оның ‚ұйымдасуын мойындайды.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 282 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пәннің сипаттамасы| Психологиялық тренингке кіріспе.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)