Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Стр. 225 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

Стр. 214 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 215 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 216 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 217 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 218 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 219 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 220 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 221 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 222 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты | Стр. 223 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты |


Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
  2. Бап. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы
  3. В) Солдаты без веры
  4. Германские солдаты - свидетели против большевизма
  5. Германские солдаты взглянули на Советский Союз! Они никогда не забудут того, что увидели. И никто в Европе теперь не будет защищать большевизм.
  6. Глава 12. СОЛДАТЫ И ПРОСТИТУТКИ
  7. Русские солдаты армии Паулюса

Упрощенная HTML-версия

К полной версии

Содержание

Стр. 224

 

Стр. 226

 

Қазақстанның ашық кітапханасы

Бар.

Күйінішті Петр жыралармен жүгірген жоқ, жоғарғы окоптан қарғып кетіп, қорғанның

етегіндегі ескі орға барып түсті. Тайыздап қалған ескі орда бойтаса жасарлық сирек-сирек

шыралжың қарауытқан бірер түп қурай, селдір шыққан «кәріқыз» ғана бар. Танкі

күжілдеп жөнелгелі тұр. Жабық танкіге қылар айласы болмай, бергі бүйірінде ғана

булығып, долданып Петр жүр. Ар жағынан атқандардан Петрді танкінің өзі қорғап тұр.

Бірақ, қазір лақтыра қалса, өз гранатасының жарықшақ-жаңқаларынан Петрді сақтап

қалар түк қорғаныш жоқ.

Күте тұр!— дедім жоғарыдан.

Танкінің темір табаны жыбыр-жыбыр етіп қозғала бері бір байлам гранатасын қарш

еткізіп соғып жіберді де, Петр ескі орға құлай кетті. Танкі бір алға, бір артқа барып тоқтап

қалды. Бірақ, өртенген жоқ. Петр атып тұрып, танкіні жұдырығымен төмпештеп жатыр:

Шық, Шық, фашист! Бәрібір сені аман жібермеймін!..— дейді.

Петя, жат!— дедім жоғарыдан.

Қанша ызалы болса да соғыстық әмірді екі айтқызбайтын Петр қурайдың арасына

етпетінен құлай кетті. Арқасы бүлкілдеп, ашудан жылап жіберген сияқтанады.

Танкінің темір қақпағы көтеріле бастаса-ақ, саңлау байқалған жеріне оқ төгіп, Володя

қақпақты әлі аштырмай отыр. Басқа жауынгерлер арғы окоптармен атысып жатыр...

Капитан Мирошникті ортадағы бекініске әкеліп салып едік. Қазір қиналып дем алып,

ауырлай бастады. Дәл кеудесінен көлденең кесе тиген бірнеше оқ, үміт етер ешнәрсе

қалдырмаған сияқты. Тек жүрегі аман қалғандықтан ғана арпалысып жатыр. Дем алысына

сырыл кіре бастады.

Капитан!.. Андрей Денисович! — дедім, қасына келіп.

Одан арғы сөздерім айтылар емес, көмейіме көлденең Ұрып қалғандай кептеліп тұр.

Капитан үлкен қара кездерін әрең деп бұрып әкеп маған бір қарады да, еш нәрсе айта

алған жоқ. Көзі еріксіз жұмылып кетті де, қабағын бір ғана шытынып, тынып қалды.

Бұдан былай, аса бір үлкен жүректі, бар болашағы әлі алда тұрған ежет командирдің

артынан, біржола жабылған қақпадай, ең ауыр сөз — «марқұм» қосылатын болды...

Келе жатыр...— деді Самед ақырын ғана. Өлік үстінде қатты сөйлемейін деп

барынша ақырын айтқанмен көзқарасы айғай салып тұрғандай.

Тұс-тұсынан оқ тегін қорғанға қарай жау автоматшылары жақындап келеді. Алақаныңдай

алдыңда ғана жүгіріп келе жатқан әскердің бірталайын-ақ қырып тастауға болатын. Бірақ

біз барлық күшіміздің қанша екенін аңдатып алмауымыз керек. Жаудың он үш мыңын

қырғанша, өзіміздің он үш жауынгерді аман сақтап, арттан келер мол күшті тосуым керек.

Оның үстіне, әрі де, бері де кете алмай, танкінің тасасында Петр жатыр. Шабуыл беті

кейін бұрылғанша, ол басын көтере алмайды.

Үш қол пулеметіміздің аузын қарсы алдымызға қараттым да, жақындағанша атпаңдар деп

бұйырдым. Әшейінде айтылатын «бір оқ босқа кетпесін»—дейтініміз біздің қазіргі

жағдайымызда ысыраппен бірдей десең де болатын. Енді одан гөрі де қысаңырақ шек

қойылуға тиісті сияқтанады. Адам да аз, оқ та аз...


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 45 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Стр. 224 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты| Стр. 226 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)